Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы


Мазмұны
Кіріспе
Тәрбие - бұл қоғамдық өмірдің құбылысы. Ол адамның және адамзат қоғамының дүниеге келгенінен бастап пайда болды. Бала тәрбиесі адамзат қоғамының дамуымен байланысты жалпы мәңгілік ұғым болып табылады. Қоғам бар жерде тәрбие де болады. Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты. Ол ұрпақтар арасында сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Аға ұрпақ әруақытта өз білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беріп отырады.
Тапсыз қоғамда ру, отбасы болмағанда адамдардың негізгі айналысатын кәсіптерінің түрі балық аулау, аңшылық болды, балалар ерлермен бірге аңшылық және балық аулаумен ерте айналысты, ал қыз балалар аналарына үй жұмыстарына, тамақ дайындауға көмектесті. Адамдардың еңбек қажеттіліктерінің негізінде тәрбие еңбек үдерісімен байланысты өрбіді.
Адамзат қоғамы дамуының алғашқы сатысында тәрбиенің мақсаты еңбекке араласқан балаларға үлкендер қарапайым еңбек құралдарын қалай дайындау және пайдалану керектігін үйретеді және түсіндіреді. Еңбек түрлерінің қиындау деңгейіне қарай адамдар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан кезде ру пайда болды, тәрбиенің рөлі арта түсті және оның түрлері өзгерді. Еңбек үдерісінің өзінде оқта-текте айтылатын нұсқаулардан балаларды бірте-бірте еңбекке даярлауға, оларды еңбектен бос уақыттарында әртүрлі дағдылар мен ептіліктерге оқытуға көшу іске асырылды. Сонымен қатар балаларды рудың дәстүрлерімен, діни түсініктерінің ережелерімен таныстырды.
Алғашқы қауымдық құрылыста отбасы болмаған кезде, балалар руға ортақ болды. Балаларды тәрбиелеу мәселесімен ру мүшелерінің ерекше тәжірибелі, құрметті адамдары, ақсақалдар айналысты. Кейіннен моногамдық отбасы пайда болғанда, балаларды тәрбиелеу мәселесімен өзі айналысты. Бірақ оның тәрбиесінің нәтижелерін ру, тайпаның ақсақалдары бақылап отырды. Бұл кезде тәрбие тапсыз сипатта болғандығы өзінен-өзі түсінікті. Барлық бала бірдей дәрежеде кеңінен қамтылды.
Қоғамның дамуының алғашқы сатысында, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың өмір жағдайлары өте ауыр болды, сондықтан да олар өмір сүру үшін бәрі бірге, тек ұжымдық қатынас түрінде еңбек ету қажет болды. Әлеуметтік теңсіздік, тап деген болмады, адамдар ортақ үйлерде тұрды және бала тәрбиелеу ісі де барлық руларға ортақ болды. Тапсыз қоғамда барлық бала бірдей өздеріне лайықты іс-әрекетке ерте қалыптасты. Жас кезінен бастап олар қоректік азықты өндіруге қатысты - жеуге болатын өсімдіктерді, жемістерді жинады. Жас шамасына қарай олардың үлкендермен бірлескен еңбекке қатысу дәрежесі өсіп отырды. Үлкендермен бірге және олардың басшылығымен балалар мен жеткіншектер өмірге қажетті еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгерді. Қыз балалар мен ер балалардың тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер болды.
Эволюциялық-биологиялық теорияның өкілдері алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдардың тәрбиелік іс-әрекетін жоғары сатыдағы жануарлардың тұқым қалдыру туралы инстинктивті қамқорлығымен байланыстырады.П. Монро негіздеген психологиялық теория бойынша тәрбиенің пайда болуын балалардағы санасыз инстинктің үлкендерге еліктеуінің байқалуы деп түсіндіреді. Екі теорияда бір-біріне ұқсас тұжырым қалыптасты: алғашқы тәрбиенің пайда болуын оның ортаға бейімделуі деп түсіндірді.
Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады.
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру.
Әлеуметтендіру - мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет.
Адамдардың мінезі-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл үдерісінің объектісі ғана емес, суьектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф. Г. Гиддингс, (1887 ж. ) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Тәрбие аясындағы жеке тұлға және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары
- Педагогикадағы жеке тұлғаның даму мен тәрбие ісінің мәселесі.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын, жетілуін қамтамасыз ету болып табылады. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы, өркендеуі қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал, әсер білумен байланысты.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі «жеке тұлға» мағанасының, түсінігінің өзін айқындап алу. Шынында да тәрбие аясы «жеке тұлға» нені білдіреді? Бұл түсініктің «тұлға» түсінігімен арақатынасы қандай?
Бұл сұрақтардың жауабын генетикалық тұрғыдан берген жөн деп санаймын. Ең алдымен ескертетін жәйт: адамның дамуына, өркендеуінде бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күннен бастап оның дамуы мен қалыптасуында бір талай рөл бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және адам болып қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру процесі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, танылып, осыдан балалық, жасөспірімдік, ересектік және қариялық табиғи бітірістерін ажыратамыз. Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды әрі сан алуан, көптеген әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып, күшейіп барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды таны, күлімсіреуі, кейін уақыт өте келуе тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т. б. өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеуге ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, «тұлға» түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал «жеке тұлға» түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке тұлғалық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен «жеке тұлға» дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. Жеке тұлғалық сапалар өмір барысында қалыптасқандық тан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады.
С. Л. Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке тұлға өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі - жеке тұлғаның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В. П. Тугаринов жеке тұлғаның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді айтады:
- саналық;
- жауакершілік;
- еркіндік;
- жеке басының қадірі;
- даралық;
Осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағытты қосады. Жеке тұлғалықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеуімен В. П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырады. Егер жеке тұлға өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен ойластыра алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан «тұлға» және «жеке тұлға» түсініктерінің сипаттамасы «даралық» түсінігімен толықтырылады. Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (салмақты, сабырлы), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністермен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлығы мен еңбектегі жасампаздығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді.
Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін «индивид» түсінігін де білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша «жекелік» дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатынасынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс адам «индивид» бола алады. «Жеке тұлға» түсінігі және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осындай.
Ал жеке тұлғалық сапалар адамның өмiр барысында дамуы жəне қалыптасуынан педагогика үшiн «даму» жəне «қалыптасу» категорияларының мəнiн ашып беру өз алдына маңызды. Сонымен бұл түсiнiктер ненi бiлдiредi? Даму - бұл жеке тұлға сапалары мен қасиеттерiндегi сандық өзгерiстер жүйесi. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен əртүрлi мүшелерi ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздiк қоры молая түседi; көптеген əлеуметтiк-тұрмыстық жəне рухани ептiлiктер мен еңбектiк дағды жəне əдеттердi игередi. Бiрақ адамның жеке тұлға болып дамуындағы басты белгi, ондағы сапалық өзгерiстер. Оны мына мысалдардан түсiнуге болады: тiлдiк қызметтiң жiктелуi адамның танымдық қабiлетiн арттырады, сезiмдiк аймағын кеңейтедi. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмiрге деген көзқарас пен наным-сенiмдер орнығады.
Елiктеушiлiк мiнез-құлық бiрте-бiрте белсендi жасампаз, шығармашылық iске ауысады, өзқылық-əрекетiн басқара алу мен өзiндiк билiк қабiлетi көркейедi. Бұл өзгерiстердiң бəрiнен адамның анатомиялық-физиологиялық кемелденуiндегi, жүйке жүйесi мен психикасының жəне танымдық пен шығармашылық iс-əрекетiнiң жетiлуiндегi, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси көзқарастары мен нанымдарындағы бiр-бiрiне кiрiге байланысқан сандық жəне сапалық өзгерiстер үрдiсiн бiлемiз. Қалыптасу түсiнiгiне келетiн болсақ, ол жеке тұлға дамуының нəтижесi ретiнде оның кемелденуi мен тұрақты сапалар мен қасиеттердi иемденуiн бiлдiредi.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуы жөнiндегi теориялық көзқарастар. Тұлға жөнiндегi басқа ғылымдардағыдай педагогика үшiн де ең басты мəселе - жеке адамның дамуы жəне сол дамудың көзi мен ықпал күштерi. Идеалистiк жəне материалистiк ағымдар бұл туралы əртүрлi тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бiр-бiрiне қарама-қарсы келе жатқан теориялық пiкiрлердiң дұрыс-бұрыстығына баға берудi оқырманның өзiне қалдырып, оларға тек қана объектив сипаттама берудi өз мiндетiмiз деп есептеймiз.
Идеализм өкiлдерi, қай бағыттағы болмасын, жеке тұлғаның қалыптасуын алдын-ала болжастырылған бағдарламаға телiп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз бетiнше өрiс алатынын уағыздайды. Ал тəрбие олардың ойынша, жəрдемшi рөл атқарып, сол бағдарламаныңiске асуына көмектесушi ғана құрал.
Қазiргi заманғы иедалистiк философия, психология мен педагогика əлеуметтiк төңкерiстермен күйзелiстерге толы қоғам жеке тұлғаның тозуына себепшi, сондықтан да тұлға өзiнiң шын кемелiне жету үшiн қоғаммен байланысын үзу қажеттiгiн дəрiптейдi. Бұдан шығатын қорытынды: адамдық мəн рухани жəне əлеуметтiк бостандықты алу үшiн күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тəңiрлiк кемелге жақындау (неотомизм) .
Идеалистiк педагогикада жеке тұлға дамуы жөнiндегi пiкiр-сайыста бiрнеше теориялық концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: тұлғаның дамуы оның табиғи (биологиялық) жетiлуiмен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттерi қалыптасады. Адамдар арасындағы моралдық қатынастар биологиялық негiзде орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Ш. Летурно, Ч. Ломброзо) . Психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Тұлғаның дамуы мен оның мiнез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тəуелдi (З. Фрейд) . Прагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, əрбiр адамды тұрақты нəсiлдiк қасиеттердi сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке тұлғалар мен əлеуметтiк топтардың қоғамдағы орнын иеленуi олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиiс, себебi əртүрлi халықтар мен нəсiлдердiң бiрi табиғатынан дарынды, ал екiншiлерi - кемiрек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Л. Торндайк) . Материалистiк бағыттағы философия жəне оның көрнектi өкiлдерi жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуы туралы:
- ежелгi грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының əртүрлi болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан;
- француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нəсiлдiк жəне тəрбиеге байланысты бiртұтас əсерлердiң нəтижесiнде қалыптасады. Соның iшiнде аса маңыздысы - тəрбие;
- В. Г. Белинский: адам табиғаттан, бiрақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;
- Н. Т. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтiретiн табиғат не олардың нəсiлдiк кемiстiгi емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тəрбие.
Осы күнгi педагогикада жеке адам дамуы жөнiнде қалыптасқан ой-пiкiрлер төмендегiше:
- Адамның қоғамдық тұлға ретiнде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи қабiлетi аса маңызды. Əр адам iс-əрекеттiң түрiне негiз болар нышанмен дүниеге келедi, сондықтан да адамның биологиялық жəне əлеуметтiк даму мүмкiншiлiгi бiр-бiрiмен тығыз байланыста, бiрақ əлеуметтiк фактордың рөлi басымдау. Жеке тұлғалық дамудың ықпалды көзi - тəрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекшi фактор.
Жеке тұлғаның дамуындағы өзiндiк белсендiлiктiң маңызы .
Тұлға дамуында тəрбиенiң ықпалды күш екенiн айта отырып, оның қоршаған орта мен нəсiлдiк əсерлердiң енжар объектiсi деп тануға болмайды. Бұл үдерісіне жеке адамның өз белсендiлiгi мен шығармашыл-жасампаздық iс-əрекетiнiң маңыздылығын ескеру қажет.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы əсерлер екi топқа бөлiнедi: iшкi жəне сыртқы. Қоршаған орта жəне тəрбие - сыртқы əсерлер: табиғи икемдiлiк пен құмарлықтар.
Сыртқы тəрбие орта əсерлерiнен пайда болатын сезiмдер мен толғаныстардың жиынтығы - iшкi əсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың байланысынан болады. Тəрбие адамның iшкi жан дүниесiне ұнамды қозғау салып, (өзiне бағдарланған) өзiндiк өңдеу белсендiлiгiн арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметiн орныдай алғаны.
- Тәрбие міндеттері мен қызметтері, тәрбие үдерісінің ерекшеліктері
«Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие беру керек. Тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат əкеледі», - дейді Әбу Насыр Әл-Фараби. Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- əлеуметтік мағынада - бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т. б. нормалар.
- педагогикалық мағынада - бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты үдеріс.
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы - тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тəрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік үдеріс .
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
- «мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік үдеріс» мəні -үдеріс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.
- «əлеуметтік үдеріс» мəні - тəрбие əрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.
- «тұлға қалыптастыру» мəні - бұл тəрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, əкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс) . Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.
- «арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-əрекет үдерісінде қандай да жалғыз əдіс, тəсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады.
- «тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні - тəрбие үдерісі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz