Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Сәбит Мұқановтың шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Шығармадағы Балуан Шолақ бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Әлеуметтік астарлы шығарманың жазылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ..8
2 С.Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасын әдеби-теориялық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 С.Мұқановтың Балуан Шолақ повесіндегі бір сөзінің қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 "Балуан Шолақ" шығармасының көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Біздің бітіру жұмысымызда белгілі ғалым, сыншы, кеңес әдебиетіне қатысты зерттеулері, негізгі концепциялары, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына Сәбит Мұқановтың тигізген ықпалы қарастырылады.
Тарих мерзімінен алғанда кеңес әдебиеті қысқа ғана ғұмыр кешті алайда үздіксіз өсіп, жаңа шығармалармен байып идеялық көркемдік жағынан шыңдалып отырған әдебиеттің зерттеуге лайық творчестволық теориялық мәселелері көп болды. Бұл жылдары әдебиет, қай жағынан болса да, зерттеушілер айтқандай кадр жағынан да, жанр жағынан өсті. Сондықтан С.Мұқановтың шығармалары өз заманы кезінде аты шыққан жазушылардың қатарынан болып, әдебиеттің дамуына идеология мен мемлекеттік саясаттың үлкен ықпалы болды. Сондықтан Сәбит Мұқановтың шығармашылығы бір жақты қарастырылып келді, тәуелсіздік алғаннан бері көп зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Бірақ Тұрсынбек Кәкішұлы, Мырзабай Кеңбейіл зерттеулерінде жаңаша ойлар айтылып талқыланды. Десекте әліде зерттеуді қажет етті. С.Мұқановтың шығармалары актуалдығын жоғалтты десек болады, себебі, бұл жазушының туындылары Кеңес өкіметі кезінде шыққандықтан, сол кезді дәріптеген шығармалардың қатарында болдықтан зерттелмей артта қалып отырды. Мысалы: С.Мұқановтың Ботагөз романы, сол сияқты тағы да басқа революция туралы шығармаларын қазіргі таңда ешкім оқымайды деуге болды, бірақ тарихи тұлға туралы жазылған Балуан Шолақ повесі бұрынғы өткен қазақ дәуірін, қазақтың нар тұлғалы батыр, балуан, өзінің ерлігімен, күшімен жас ұрпаққа насихаттау ретінде суреттелген бірден бір туынды ретінде қай уақытта болмасын оқылуы керек, авторы С.Мұқанов болғандықтан емес немесе қазіргі жазушылардың біреуі жазғаннан емес, ол тарихи тұлға ретінде қалыптасқаннан кейін оқылып, тереңірек зерттелуі керек. Сол кездегі зерттеулер кеңестік идеологиямен, солардың көзқарасына қарай қарастырылған болса, ал қазір біздің алдымыздағы міндет кезінде халыққа қалтқысыз қызмет еткен С.Мұқановтай жазушының еңбектерін бүгінгі уақыт пен жаңаша ойлау жүйесінің талабымен бағалап, сарапқа салу.
Курстық жұмыстың мақсат - міндеттері: Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ повесіне әдеби-теориялық талдау жасау. Осы басты мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- С. Мұқановтың шығармасының көркемдік-идеялық табиғатын тану;
- Балуан Шолақ бейнесінің сомдалу ерекшелігін айқындау, тарихи тұлға, оның әдебиеттегі көрінісін танып білу;
- шығарманың поэтикалық тілін талдау арқылы жазушы шеберлігін таныту;
- Балуан Шолақ повесіне композициялық талдау жасау;
- Жазушы шығармасының стильдік табиғатын пайымдау.
Курстық жұмыстың нысаны. Зерттеу жұмысының нысаны ретінде Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ повесі (Мұқанов С. Сұлушаш (Роман мен повесть) - Алматы: Атамұра, 2002. -288 б.) алынды.
Зерттеу әдістері. Ғылыми материалдарды жүйелеу, әдеби-теориялық талдау жасау.
Курстық жұмыстың ғылымилығы. Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ повесінің әдеби-теориялық жағынан талдануы, жазушының шығармашылығына қатысты ғылыми пікірлердің жүйеленіп зерттелуі жұмыстың ғылыми сипатын танытады.
Курстық жұмыстың теориялық - практикалық маңызы. Курстық жұмыстың негізгі нәтижелерін әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің теориясы курстарында дәріс, семинар сабақтарында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың ғылыми дерек көздері.
Мұқанов С. Сұлушаш (Роман мен повесть) - Алматы: Атамұра, 2002. -288 б.
Н. С. Исмагулова Сəбеңнің шағын прозалық шығармалары атты мақаласы.
Аупыбаев Ж. Балуан Шолақтың немересі. Егеменді Қазақстан, 1999, 30 шілде.
Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы. Алматы, Мектеп, 1983 ж.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
1.1 Сәбит Мұқановтың шығармашылығы

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған. Омбыдағы оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімін бітірген[1,37б.].
Сәбит Мұқанов әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір, заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағыбасқа сан-салалы кітаптар жазды.
Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері (Көңілім, 1917; Бостандық, 1919, т.б.) 1917 жылдан жариялана бастады.
Сәбит Мұқанов 40-жылдары Менің мектептерім романын, Балуан Шолақ повесін, Сырдария романын, Поэзия маршалы, Майданға хат, Жеңімпаз Қызыл Армия, Фашизмнің ажалы, тағыбасқа прозалық және поэзиялық шығармаларын жазды.
Сын, әдебиеттану саласына жазушы көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игеру мен бірге, поэзия теориясының қағиадалары мен ережелеріне, өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялары, сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып, олардың халық шығармындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау, зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты. [3,59б.]
Сәбит Мұқанов сонымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көркеюі, өсіп-өнуі жолында көптеген қазақ қаламгерлерінің қадамдарына қолдау көрсетіп, қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатты. Сәбит Мұқанов есімі қазақ әдебиетінің алыптар шоғыры қатарында аталады. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған. 1956-1966 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі болды. 2 - 8 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып сайланып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының 1-лауреаты атанған.
Сәбит Мұқанов өзінің творчестволық өмірінде әдебиетке қатысы болған мәселелердің бірінен де қалыс қалып көрген жан емес. Бүкіл қоғамдық өмірді, оның ішінде әсіресе әдеби тірлікті жіті бақылап, оның даму барысына белсене араласып отыру С.Мұқановтың бойына әлдеқайда дарыған әдет қана емес, оның өнегелі өмірінің дағдылы қасиеті болатын. Мұны жазушының толып жатқан көркем шығармалары ғана емес, қазақтың әдеби сыны мен ғылымын қалыптастыруға, өркендетуге септігін тигізген 400-ден астам сын мақалалары, том-том болып жарияланған күрделі еңбектері мен монографиялық зерттеулері дәлелдейді. Әдебиеттің идеялық нысанасы айқын, пікірі таза болуы үшін Сәбит Мұқанов аянбай күресті. Артық сілтегені де аз емес. Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қаласуға 1932 жылы шыққан XX ғасырдағы қазақ әдебиеті деген кітабы үлкен септігін тигізді. Рас, бұл күрделі еңбекте үлкен кемшіліктер, социологиялық көзқарас орын ала тұрса да, белгілі дәуірдің тарихын баяндаған тұңғыш зерттеу екенін ешкім жоққа шығара алмайды.
Қорыта айтқанда, ұлы дарынның өнегелі де жемісті өнерпаздық жолына қысқаша шолу жасағанда, Сәбит Мұқанов - қазақ совет әдебиетінің негізін қаласқан, оның өркендеуі үшін орасан еңбек сіңірген аса көрнекті сөз шебері, ел еңбекшілерінің бүгінгі өмірінен, ой арманынан нәр тауып, шабыттана жырлаған азамат ақын, дәуір шындығын эпикалық биік деңгейге көтере суреттеген халықтың жазушысы, сахна өнерінің өркендеуіне үлес қосқан драматург, қазақтың әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымын өрге сүйреген жауынгер сыншы, парасатты тұлға. Қазақ әдебиетінің мақтанышы Сәбит Мұқанов - өзінің өнегелі де өміршең шығармаларымен қазақтың жаңа ұрпағына рухани азық беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жасай беретін классик.

1.2 Шығармадағы Балуан Шолақ бейнесі

Балуан Шолақ бейнесі, ең алдымен, оның әдеби мұрасында айқын көрініс тапты. Ақынның дүниетанымы, ішкі бітім-болмысы, авторлық мені, өршіл мінезі, арман-аңсары, ол өмір сүрген орта мен кезең шындығы, тіпті батырлық іс-әрекеттерінің түпкі себеп-салдары да сонда ашылады. Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмірін өзек еткен ғұмырнамалық туынды авторларының ақын шығармасына ерекше ден қоюының сыры осында.
Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығын, адамгершілік қасиеттерін, жарқын бейнесін, күрделі тұлғасын тану үшін ақын жайында айтылған естеліктерге көңіл бөлген жөн. Кезінде Балуанмен қатар жүрген, араласқан дос-жарандары мен әнші, ақын шәкірттерінің Шолақ турасындағы ауызша тараған әңгімелері көп болған. Қазақ қаласы ежелден батырларға бай болған. Оған батырлардың ерліктерін баян еткен халықтың аңыз-әңгімелері дәлел. Халықты өзінің қара күшімен ғана емес, композиторлығымен де тәнті еткен Балуан Шолақ еліміздің мақтанышы, халқымыздың жарқын өкілі.
Оларда Балуанның туып-өскен ортасы, ұстанымы, ән өлеңдерінің жазылу тарихы, мінез-құлқы жайындағы қызықты пікірлер мол ұшырасады. Соларды іздестіріп, Балуан Шолақпен кездескен халық ақындарының әңгімелерін қағазға түсіруді ұйымдастырған, негізінен, С.Мұқанов болды. [4, 129б.].
Балуан Шолақ романы қат- қабат ізденістен соң дүниеге келген. Академик-жазушы аты аңызға айналған Балуан Шолақты саналы өмірінде ерекше қадір тұтқан. Өзінің Өмір мектебі романында қаламгер хан ордасына соққанын, одан қайтып келе жатқанда әрі батыр, әрі әнші Балуан Шолақты көргенін айтады. Балуан Шолақтың өнерін тамашалап, әншілік құдіретіне тәнті болған бала Сәбит сан қырлы талант иесіне еліктеп, ол сияқты үлкен нәтижелерге жетуді армандайды. Кәдімгі Сәбит Мұқанов атты естелік-кітабында Жамбыл атасы Балуан Шолақ атандырған Сәбеңнің жиын-тойларда Нұрмағамбет Баймырзаұлының Ғалиясын жиі орындайтыны, Балуан туралы аңыздарды көп білетіндігі жайында біраз мәлімет береді. Бұл жайттар, сөз жоқ, жазушының Балуан Шолақ тақырыбына көлемді шығарма жазуға жылдар бойы дайындалғанын көрсетеді. Алғаш Әдебиет және искусство журналында жарияланған Балуан Шолақ романы 1942 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Жазушы мұнда зорлық пен өктемдікке қарсы күрескен Нұрмағамбет Баймырзаұлының батырлық қырына ерекше мән береді. Өйткені Ұлы Отан соғысы қарсаңында ата- баба аруағын қадірлеу, батырлар мен қазақтың тарихи тұлғаларын ардақтау, мадақтау ісі қолға алынып, елдің, майданға аттанған қазақ жігіттерінің рухын көтеру жайы бірінші кезекте тұрған болатын.
Жазушының Балуан Шолақтың жанрын бірінші басылымында батырлық поэма атауының бір себебі осында болса керек. Дулат Исабековтің М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында сахналанған Жаужүрек пьесасының бас кейіпкері де - осы Балуан Шолақ. Белгілі драматургтің С.Мұқанов романындағы оқиғаларға интерпретация жасағаны байқалады. Екеуінде де қаһармандар жай ұрлық, мал алу, баю ниетін көздемейді, еттен өтіп, сүйекке жеткен кек, саналы әрекет көрініс береді. Әрине, дәуір тынысы, халық тұрмысы, кең суреттелетін кейіпкердің өмір белестері хронологиялық ретін сақтап, сатылап дамитын романды бірнеше көрініске негізделген драмалық туындымен салыстыруға болмайды. Дегенмен бас кейіпкерлердің тұлғасынан бастап, сөз саптасында, өжет мінезінде бірталай үндестік кездеседі. Біз мұны драматургтің өмір шындығына адалдығына, ұлттық, әлеуметтік мәселелерді, махаббат жайын бірінші кезекке шығарып көрсетуді басты нысана етіп алғандығына байланысты айтып отырмыз. Еңбекке ерте араласып, өмірлік тәжірибе жинақтаған, табиғатынан батыл, өткір Балуан Шолақтың тек тұлғасы ғана емес, істеген істері де ірі. Ол туған жерін орыс мұжықтарына берген патшаға кектеніп, орыс деревнясын өртейді, Түйе палуан мен Каронды жығады, Балқаш қызды алып қашып, соңынан түскен қуғыншыларды жайратып салады, ояздың қызын алып қашады, небір асауға бас үйретеді, т.б. осындай оқиғалар романдағы кесек қимылды Балуан бейнесінің романтикалық сарында жасалғанына толық дәлел бола алады. Балуан Шолақтың батырлық бейнесі мен оқыс істері, романның шым-шытырық қызықты мазмұны С.Мұқановтың ғұмырнамалық туындысын қазақ халқы сүйіп оқитын шығармаға айналдырды. Халық басты кейіпкерді әділет жолын ұстанғаны үшін жақсы көрді, сыйлады, күрескерлер санатына қосты. Мұндай қайтпас мінезді, ашынған адамдар тұлғасын жасау С.Мұқанов шығармашылығындағы жаңа биік белес болатын[5, 105б.].
Дегенмен Ғабит Мүсіреповтің Балуан Шолақ романы туралы айтқан: Балуанның ішкі дүниесінің жалаңаштаулығы, қоғамдық көзқарасының тұтасып, өрістеп отырмауы, Шолақты көбінесе қара күшке айналдырып жіберетін жақтары бар, - деген сыни пікірін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, С.Мұқанов туындысы өмір шындығына негізделген. Бұл - ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген, үш жүзге аты кең жайылған танымал тұлға Балуан Шолақ Баймырзаұлы жайындағы тарихи шығарма. Мұнда көркемделген тарих немесе тарихи-публицистикалық очерк сипаты басым. Соның бірі негізгі идеяға - халық мұраты үшін күрескен батыр тұлғасын ашуға жұмсалған. Аңыздар роман желісінде жеке өзіндік қызмет атқармайды. Автор сол тарихи аңыздардың бағытын ашуға ұмтылады. Романда ұлт тарихындағы елеулі деректерді саралай отырып, жазушы айтулы тұлғаның ғибратын оқырман алдына жайып салады. Атап өтерлік бір мәселе сол - романда қиял мен дерек бірлікте, көркем шындық деңгейіне көтерілген. Психологиялық талдаудан гөрі шолып айту жағы басым. Ең бастысы, қазақ әдебиетінде Балуан Шолақ бейнесі жасалды. Балуан өмірін өзек еткен роман да, драмалық туынды да халық көңілінен шықты. Д.Исабековтің Жаужүрегі әлі сахнадан түскен жоқ. С.Мұқановтың Балуан Шолағы бірнеше буынның сүйікті кітабына айналды. Бұл шығармалар замандастарымыздың рухани қажетін өтеп келеді. Дегенмен қазіргі қазақ әдебиетінің түрлі жанрларында Балуан Шолақтың әншілік, композиторлық, ақындық қырлары ашыла түсуге тиіс. Ол үшін ақын өмір сүрген уақыттың шындығын баяндайтын тарихи деректерге сын көзбен қарап, Балуан Шолақ туралы қолжазба мұраларды, архив материалдарын жариялап, зерттеу объектісіне айналдыру керек.

1.3 Әлеуметтік астарлы шығарманың жазылу тарихы

Әдеби шығармашылық - жазушының өмір тарихымен ұштасып жатқан процесс. Бала жасынан эпос жаттапөскен жазушының есте сақтау қабілеті ерекше болған. С.Мұқанов болашақ туындыларының кейіпкері Балуан Шолақпен 1913 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Марьевка деген жерде кездеседі. Осы кездесуден соң әнінтыңдап, өнерін қызықтаған бала Сәбиттің бойында өнерге деген құштарлық туады. С. Мұқанов Балуан Шолақ туындысына түрткі болар әсерді көбіне бала кезден санасында сақталған естеліктер негізінде тапқан. Балуан Шолақ - болашақ жазушы көңілінде айырықша әсер қалдырған түлға. Өмірлік материалдың негізгі көзі - жазушының жеке өмірбаяны. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың жас шағында санасында қалған Кавказ және Севастопольдік әсерлерінің, алған мәліметтерінің бай болғаны соншама, басқа шығармаларын былай қойғанда, бір ғана Соғыс және бейбітшілік роман-эпопеясына толық жеткен екен. Осындай жазушылық табиғатты қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов табиғатынан да көруге болатын еді. Жазушы С. Мұқановтың бала шағынан жаттап өскен жыр-қиссалары, естіген аңыз-әңгімелері, көзбен көрген жайлары шығармаларына үлкен арқау болған. Бұған бір сыпыра шығармаларын мысал етуге болады. Атап айтқанда, Өмір мектебі, Балуан Шолақ, Ұмсын сұлу - суреткер өмірінен туған тақырыптар. Бала шағында жүздескен әсермен Балуан Шолақ бейнесі көңілінде берік орнығады. Сегіз қырлы, бір сырлы Балуан Шолақты өнердің биік тұлғасы ретінде бағалады. Мемуарлық шығарма Өмір мектебінде халық әні мен енеріне сусындап өскен бала Сәбит бейнеленеді. С.Мұқанов жас шағынан Арқаның атақты өнер иелерімен жүздескен. Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сынды сал-серілер өнерін тамашалаған. Мемуарда баяндалған өмірбаяндық мәліметтердің деректік маңызы бар. Жазушы Балуан Шолақ бейнесін былай суреттейді: ...Кескіні бірсыдырғы көркем екен, имектеу зор мүрынды, қалың қабақты, қою қасты, үлкен қара көзді, ат жақты, қою, үзын қара мұртты, дөңгелектеу қою қара сақалды... Ерекше көзге түсетін киім-кешегі екен: сыртына желбегей салған ақ ботаның түбітінен тоқыған шекпен, астары батсайы, өңіріне жалпақтығы төрт елі қып құндыз үстаған, басында батсайымен тыстаған ақ бүйра тымақ, ішкі қара барқыт камзолының беліне жалпақ қып-қызыл жібек белбеу байлаған... Бұл сияқты киінген кісіні мен өмірде көрген емен. Жеке тұлғаның рухани, адамгершілік әлемі, гуманистік-эстетикалық мәселелер - жалпы адамзаттық мәңгілік проблемалар. [7.46 б]
С.Мұқанов та Балуан Шолақ туындысын жазуды мақсат тұтқан соң өнерпаздың өмірі мен шығармашылығын терең зерттегені сөзсіз. Балуан Шолақ туралы көркем шығарма жазу үшін суреткер бұрыннан білетіндерін ізденіспен толықтырып, көп еңбектенген. Балуан Шолақ (1942 жылы жарық көрген) - тарихи тұлғаның өмірі қазақ халқының тіршілігімен сабақтастырыла суреттелген туынды. Тарихи және көркемдік шындық арасындағы ара қатынасты ескере отырыптарихи тұлғадан қаһарман бейнесін сомдау - әдеби процестегі ежелгі дәстүр. Көркем шығарманың негізгі арқауы - қазақтың XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында өмір сүрген асқақ әншісі, ақыны, балуаны, өнерпазы Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмір жолы. Балуан Шолақ - сал-серілік дәстүрді жалғастырып, қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосқан тарихи тұлға. Белгілі өнер зерттеушісі, профессор Ахмет Жұбановтың Балуан Шолақ жайлы зерттеулері оқырманға белгілі. Өнер адамының бейнесін жасауда қаламгер үшін оның өмірбаяндық мәліметтерімен бірге өзі қалдырған әдеби мұраның маңызы зор. С.Мұқанов шығарманы жазу барысында тарихи дерек ретінде жиналған естелік, әңгімелермен бірге Балуан Шолақтың өз өлеңдеріне сүйенгені белгілі. Балуан Шолақ шығармаларының бір ерекшелігі - өмір-тарихы, шыққан тегі, өзінің табиғи бітімі, тұлғасы, мінез ерекшелігі өлеңдерінде көрініс тауып отыратындығы. Жазушы Балуан Шолақ өлеңдерін пайдаланғанда онда қамтылған өмір деректеріне сүйене отырып, ол шығарма арқылы әдеби тұлғаның эмоциялық көңіл-күйін, психологиясын ашады. Жинақтап айтсақ, Балуан Шолақ ғұмырнамасы Сәбит Мұқанов ойына тақырып ретінде өмірдің өзінен келген. Ал, тақырыпты көркем шығармаға айналдырып жазу жолында жазушы көптеген материалдар пайдаланған. Көркем шығарманың жаратылысына қарап отырып оны біз: 1) өзі көзбен көрген жайлар, 2) ел аузындағы естеліктер, 3) архивтік деректер, 4) әнші-ақынның өлеңдеріндегі, әндеріндегі психологиялық сәттерге бойлау деп төрт салаға жүйелей айтамыз. Жазушының Балуан Шолақ туындысында баяндалған эпизодтық оқиғалар, кейіпкерлердің табиғи болмысы мемуар деректерімен байланысып жатуы салдарынан Өмір мектебі шығармасымен өзара салыстырып қараймыз. Жазушы Сәбит Мұқановтың мемуарлық шығармасындағы мына бір сурет Балуан Шолақтың балалықшағыменүндескендей әсер қалдырады. Есенейдің ен дәулетін меңгеріп алғаннан кейін, Торсан ояздық және губерниялық әкімдерге алым беріп, дос болады да, өзі бұл елдің болысы болып сайланады. Өкімет қолына тиген соң ол қарсы жақтан кек алуға кіріседі. Сонда, оның қырына көбірек алғаны, Андабай-Отарбай аталатын біздің аталарымыз, өйткені Торсанның Біжікенге үйленуіне көбірек қарсылық білдірген солар екен. Торсанның тілегіне қарай осы кезде (өткен ғасырдың 90-шы жылдары) аштық және жерсіздік салдарынан ішкі Россиядан көшкен орыстар келіп жатады, соларға жер керек. Қолында үстемдік тұрған Торсан біздің ауылдың жерін переселендерге әпереді де, қыс ішінде мекенінен қуады. Суреткердің Балуан Шолақ туындысында осы жайтқа ұқсас көрініс беріледі. Халыққа ауыр тиген реакцияшыл саясаттың бірі - жер аударылған орыс келімсектеріне қазақтың құнарлы жерінің зорлықпен алып берілуі еді. Жер мәселесі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында қазақ халқы үшін ең бір ауыр, жанға тиген, арға салмақ салған әлеуметтік теңсіздік мәселелерінің бірі ретінде көрінгені мәлім. Ел үшін аса бір ауыр жағдайға айналған бұл мәселе - XIX ғасырдың өзінде Түркістан уәлаятының газеті, Дала уәлаятының газеті беттерінде кейде бүркемеленіп, кейде ашық көрініп отырды. Сонымен қатар бүл мәселе XX ғасыр басында Айқап журналы мен Қазақ газеті тарапынан халықтың жан айқайы ретінде жеткізіліп жазылғаны тағы да белгілі. Расында, бұл кезең қазақтың өз жеріне өзі ие бола алмай қалған, содан да мейлінше қорланған сәті. Қазақ халқы үшін әлеуметтік теңсіздіктің асқан көрінісі болған бүл мәселе жөнінде, кезінде Жер проблемасын елдік проблемамен сабақтастыра көтеріп, көкейкесті ойлар айтқан Телжан Шонанұлы мынадай пікір тербеген болатын: Қазақ жерінің отарлануын және қазақ даласының талануын тарихи мақсатына, уақытына, отарлаған еліне қарай екіге бөлуге болады. Әуелгі дәуір орысқа бағынғаннан бастап XIX ғасырдың 80 жылдарының басына дейін. Бүл - атты қазақтардың пайдасына, әскерлік кісілердің пайдасына деп жер алу дәуірі. Екінші дәуір - өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғынан патшашыл өкімет құлағанға дейінгі дәуір. Бүл қара шекпендер үшін жер алу дәуірі. Ел билеген би-болыстар патша әкімдерімен бір болып, кедейлердегі шұрайлы, құнарлы жерлерді көшіп келгендерге беріп, жергілікті халық тіршілікке қолайсыз, құнарсыз аймаққа ығыстырылды[9, 78 б.]. Осы жайларды көзбен көріп, біліп өскен Сәбит Мұқанов кейін жазушы болып қалыптасқанда өз шығармаларында оны айтпай, үндемей қала алмады. Өзінің Өмір мектебі мемуарлық шығармасында да, Балуан Шолақ романында дажер, переселен мәселелерін қайта-қайта оралып суреттейтін себебі де осыдан. Жоғарыда келтірілген эпизодтардан байқалғандай, ол шындық мемуарлық шығармада көзбен көрген оқиға ретінде сипатталса, ғұмырнамалық туындысында кейіпкерлер арасындағы тартысты өрістетін әлеуметтік теңсіздік оқиғасы ретінде суреттеледі. Айтылған жайларды Балуан Шолақ шығармасының жазылу тарихы тұрғысынан қарасақ, бұл жерде жазушы бала жасында көрген, естіген-білген өмір оқиғаларын көркем шығармада кейіпкерді тұлғалайтын жинақталған көркемдік шындық ретінде пайдаланғанына көз жеткіземіз. Еліміз тәуелсіздік алған кезеңге дейінгі тарихи туындылар мен ғылыми-зерттеу еңбектерінде Қазақ елінің Ресейге қосылуы, орыс шаруаларының Ресейден көшіріліп келіп қоныстандырылуы прогресшіл маңызды роль атқарды деп насихатталып келген болатын. Сөз зергері С. Мұқанов - өмірдің қат-қабат шындығын көркем шығарма өзегіне айналдырған жазушы. Тақырыпты ашуға автор үлкен дайындықпен келгендігін, ел аузындағы әңгіме, естелік материалдарды зерттегенін байқатады. Балуан Шолақ - әлеуметтік астарлы шығарма. Балуан Шолақ өміріне қатысты оқиға деректерін суреттей отырып, сол дәуірдегі қоғамдық жағдайлардың шындығын ашқан.

Начало формыКонец формы2 С.Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасын әдеби-теориялық талдау
2.1 С.Мұқановтың Балуан Шолақ повесіндегі бір сөзінің қолданысы

Қазақ тілі - дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген болатын. Қазақтың ақын-жазушылары тіліміздің шоқтығы биік, өзге тілдерден ерекше екенін өз шығармаларында айқын көрсетіп келеді. Солардың бірі - өзінің оқшау стилімен, нәзік сезімімен, жазушылық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал болған жерлес жазушымыз Сәбит Мұқанов. Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар жазушының шығармашылық еңбектері одан қалған мұра боп табылады. Сол еңбектерінде жазушы өз ойын оқырманына нақты, дәл көркем етіп жеткізуде шеберлігімен айқындалады. Проза саласындағы еңбектерінің ішінде Балуан Шолақтың өзіндік бағалы жақтары, тарихтық орны бар.
Қазақ тілінде бір сөзінің қолданысы - өзінше ерекшелігі мол құнарлы қолданыс. Осы сөздің сондай ерекшеліктерін Сәбит Мұқанов асқан шеберлікпен көрсетіп, сөйлемдердің мазмұнын аша түседі.Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ повесіндегі осы бір сөзінің қолданысына тоқталып өтейік:
Бір сөзі, ең алдымен, есептік сан есімі ретінде заттың санын, мөлшерін білдіреді. Мәселен, оны мына сөйлемдерден көруге болады: Сол ниетпен қалтасына бір қорап сіреңке салды. Бірақ ол өзіне ішінен ант етті: Алдағы жаз қолым қырқылып қалмаса, қосымша берсем де, ақыма бір тай алармын! -Қой, - деді біреулер, - Түйе балуанды туғызған ел сол сияқты бір ұлды тағы да туғызбады деймісің [10,37б.]. Осы сөйлемдердегі бір сөзі қорап, тай, ұл деген зат есімдерді сан жағынан анықтап тұр.
Сондай-ақ: - Әке, - деді Нұрмағамбет үйіне бір барғанда, - енді кісі есігіне кіріптар болуды қой. Келіншек Нұрмағамбетке қара көзінен нұр төге, төңкере бір қарады да, демін кеудесін кере алып, аяғын баяу басып жүріп кетті. Тізгінін менің қолыма біртигізші, қайтып тентектік мінез көрсетер ме екен? [10,59б.] - деген сөйлемдерде бір сөзі барғанда, қарады, тигізшідегенетістіктертің алдында келіп, бастапқы нақты сандық мағынасын көмескілеп, кейіпкердің әрекетіне күшейткіштік мағына үстеп тұр.
Астындағы асау тай бір жерде өлтіріп кетпесе, не қылсын! Андрейдің Мама, шам жақ! деген үрейлі дауысын естіп, біржамандықтың барын, бірақ не екенін білмеген шеше дірілдеген дене, қалтыраған қолмен қараңғы бөлмеде кәресін лампысын әрең жақса, ағаш кроваттың үстіне әлдекім сұлап жатыр. Осы сөйлемдерде бір сөзі жерде, жамандық сөздерімен тіркесіп, нақты қай жерде, қандай жамандықекенін көрсетпей белгісіздік мағына үстеп, белгісіздік есімдігі болып келген.
Жазушы бір сөзін сындық мағынаны күшейту мәнінде сын есіммен тіркестіріп қолданған: - Алып анадан туады, ат биеден туады деген қайда, - деді бір қартаң әйел. Ат үстінде ұзағырақ жүріп сусаған ол осы үйге түсерде бір сүйретпе қымызды жалғыз ішерліктей болған еді. Мұндағы бір сөзі қартаң, сүйретпе сын есімдерінің сындық мағынасын күшейтіп тұр.
Бір күні бесті шыққан тайын әкесінен сұрап мінді де, тұрымтайын алып аттанды. Бір уақытта Паң Нұрмағамбет төңірегіне қараса, аз ғана ақсақалдан басқа жан жоқ. Көптің дүрмегінен шауып келе жатқан Балуан Шолақ бір кезде жан-жағына қараса, әркімдер басып озып барады! [11,57б.] - деген сөйлемдерде бір сөзі күні, уақытта, кезде деген сөздермен тіркесе келе, әрекеттің қай мезгілде болғанын болжалдық мағынада білдіреді.
Жазушының осы повесінде бір сөзі жаңа сөздер жасап та қолданылғанын көруге болады. Олар синтаксистік тәсіл арқылы да, аналитикалық тәсіл арқылы да жасалған. Қосарланып, тіркесіп, бірігіп келіп, сөйлемнің керекті жерінде өз орайын тауып тұр.
Мысалы: Атсыз баланы сүндетке отырғызу-балаға өміріңде атсыз өт дегенмен бірдей. Бұл сөйлемде бір сөзіне - дей сөзжасамдық жұрнағы жалғануы арқылы бірдей сын есім жасалған. Барлық халық осылай біріксе, патшаның күлін көкке ұшырады. Бұл сөйлемде біріксе сөзі бір түбіріне - ік жұрнағының жалғануы арқылы жасалған туынды етістік болып тұр.
Бір өсектерге қарағанда, оның қатыны біреу емес, бірнешеу... және... бәрі де сұлу.... Бұл сөйлемдегі біреу сөзі бір сөзі мен -еу сөзжасамдық жұрнағы арқылы жасалып, сөйлемде жинақтық мәндегі сан есім болып келсе, енді бір сөйлемдерде белгісіздік мәндегі есімдік қызметін атқарады. Мысалы: - Мынаның былшылдап жоқты айтқаны несі? - деді екінші біреу ашуланып. Су толған шелекті Баймырза жоғары көтеріп еді, иығына біреу қаққан сияқтанды, қараса, саз балшықтан сырғанап, өгізі құдыққа құлап барады...
Сонымен бірге, біреу белгісіздік есімдігі септеліп, тәуелденіп, заттанып та қолданыла береді. Мысалы: Әуелі үлкенірек баланың біреуіне мінгізіп бастықтырып ал, өзің мінем деп құлап қап жүрме! - Кәне, біреуің мініп, бастықтырып беріңдерші, - деді ол. - Өзің не айтып тұрсың, апа! - деді бала кейіп, - тілеулі тайымды біреуге мінгізетін мен жынды ма?
Қасқыр бірде құрыққа ұмтылып, бірде жоғары шапшып жанталасты. Бір сөзіне жатыс септігінің - де жалғауы жалғанып, қасқырдың ұмтылып, жанталасып жатқан әрекетінің мерзімін білдіріп,мезгіл үстеуі болып тұр.
Урядникке сол Кургановтың сөзімен өшіккен Нұрмағамбет, үйін күйдіруге жиналғанда, түнде ұрланып барып, қамысты төбесіне сіріңке тұтатқанда, өзге крестьяндардың үйлері де, Кургановтың үйі де бірге кетеді деп еш уақытта ойлаған жоқ еді. Андрей мен Нұрмағамбет аса тату-тәтті боп, бірге туған адамдай болып өсті [8,30б.]. Барыс септігінің көнеленуі арқылы жасалған бірге сөзі алғашқы сөйлемде өрттің бір ғана үйді емес, басқа үйлерді қоса алатынын көрсету мәнінде қолданылса, екінші сөйлемде бірге туған, туысқандық мағынасында қолданылған.
Ол кезде орысша киім ауылға тараған жоқ еді де, бірен-саран орысша киінем дейтін жігіттер болса, ауылдың діншіл ақсақалдары шоқынасың деп тыйым салатын. Бұл сөйлемде бір сөзі арқылы жасалған күрделі қосарланған бірен-сарансөзі қолданылып тұр. Ол қосарлана келіп болжалдық, шамалық мағынасын көрсетеді.
Бір сөзі өзара бір-бірімен қосарланғанда үстеу, есімдік орнына жүреді: Осындай жайын көрген оны Қайрақтының байлары ақыны бірінен-бірі артық беріп, таласып жалдайтын болды. Бірін-бірі есін білер шақтан танитын олар сол шақтан бірге ойнайтын дос та болып кеткен еді . Полицейскийлерден ояздың қызы жоғалу туралы естіген-білгенін жиналған жұрт бір-біріне сыбырласып та, самбырласып та айтып жатты.
Бір санының әр түрлі сөздермен бірігуі арқылы жасалған сөздер біраз. Сондай сөздер туралы Қазақ грамматикасы оқулығында: Өңкей, келкі, сыдырғы, ыңғай, тұтас, түрлі, қалыпты сөздерімен бірігуі арқылы сын есімдер жасалған. Аз, жолата, сыпыра, шама, талайсөздерімен бірігуі арқылы бірде сын есім, бірде үстеу сөз табының орнына жүреді, - деп көрсетілген. Мысалы: Бірақ көлденең жұртқа көмескі нәрсе - ақша қылып, жамбасына басып жатса, өзі біледі де, ал басқа көзге көрінетін дүние жағынан пәлендей жарқырай қалған ештеңе жоқ, баяғы бірсыдырғы қоңыр дүрсін күйі. Бұрынғы шығарған әндері Ғалияға ғана арналған ол елінен, жерінен алыстаған сайын сағынып, бірталай әнді осы сағыныштарына арнап шығарды. Көкшетау қаласына біртүрлібалуандар кепті дейді, бәрі де аждаһадай кереметтер дейді, оларға адам пар келетін емес дейді!.. - деген сөйлемде бір сөзі мен сыдырғы, талай, түрлі сөзінің бірігуі арқылы жасалып, күй, ән, балуан сөздерінің сындық белгілерін анықтап тұр.
Төлебай бір байдың жылқысында еді, иесі оны: Шықсаң, біржола кет, әйтпесе, жібермеймін, - деп босатпады [12,45б.]. Олар бірқыдырууақыт жүрді. Бір сөзі жола, қыдыру сөздерімен бірігіп, біржола сын-қимыл үстеуі мүлдем, үзілді-кесілді мағынасын, ал бірқыдыру мөлшер үстеуі едәуір, біраз мағынасын білдіріп тұр.
Бір сөзіне неше, деме сөздерінің кірігіп кетуі арқылы белгісіздік есімдіктері жасалған: Оған ере, ауылдан бірнеше әйелдер, балалар жүгірді. Жүрегі қобалжи түскен ол, қамыс арасындағы алапқа шығып еді, түнді тескен көзіне ағараңдаған бірдеме көріне кетті. Бұл сөйлемдердегі бірнеше, бірдеме сөздері әйелдердің нақты нешеу болғанын, түн ішінде көзге ағараңдап көрінген не нәрсе екенін анық көрсетпей тұр. Яғни, бірінде - заттың саны, екіншісінде - заттың өзі анық аталмай, көмескі, белгісіз мәнде берілген.
Бір сөзінің осылармен бірге тұрақты тіркес жасайтындары да аз емес: бір ауыз сөз, бір сырлы, сегіз қырлы, бір сөзді, бір жасау, бір киер киім, бір сабақ жіп, бір табан жақын, бір тал шаш т.б.
Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдердің табиғатына ғылыми талдау жасаған ғалым Г.Қ.Рысбаева, кейбір сан есімдер ұйытқы болатынын да айтып кеткен. Бір саны соматизмдермен тіркесіп соңғы, қорытынды деген мағына береді. Мысалы: бір ауыз сөз соңғы сөз, бір ауыз сөзге келмеді үндемеді, бір беткей айтқанынан қайтпайтын (адам), бір ауыздан түгел, тегіс және т.б. [12,43б.]
Сәбит Мұқанов повесінде де осындай бір сөзінің тұрақты тіркестер құрамында қолданылуын кездестіруге болады. Олардың түсінген, білгені - алғаш келгенде қазақша бір ауыз сөз білмейтін ол қайда туғанын ауыл арасында тұра келе, қазақ тіліне судай болып алды. Мінезі ойнақы, қалжыңшыл ол әлдекімдерді сықақтап, бірерауыз өлеңді жанынан да шығарып жібереді . Көзге мақтанғанымыз емес, ел сені бір сырлы, сегіз қырлы деп аңыз қылады, ақындық, әншілдік, серілік, балуандық, күлдіргіштік, шешендік, өткірлік, тапқырлық - осы сегіз сипат бір бойыңнан табылады дейді. Бәйгіден бір сабақ жіп те алмаймын, ол көпшілік -сенің сыбағаң!.. Жазушы бір ауыз сөз, бір ауыз өлең - көп емес аз ғана сөз, бір сырлы, сегіз қырлы - өнерлі, талантты, бір сабақ жіп алмау - еш нәрсе алмау мағыналарында қолданып, оқырманына бейнелі, мәнерлі, айқын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С. Мұқанов шығармаларындағы омонимдердің қолданысы мен жасалу жолдары
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
ІЗГІЛІК ПЕН ІРІЛІК ИІРІМІ (Б. ШАЛАБАЕВ СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ РОМАНДАРЫ ХАҚЫНДА)
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Сәбит Мұқанов және эпистолярлық жанр
Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Балуан Шолақ тарихи деректерде
Пәндер