Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 222 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті

Т. Ж. ӘБДІРАХМАНОВ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ АКУШЕРЛІГІ, ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ

КӨБЕЮ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ

(Оқулық)

АСТАНА 2007

УДК 619:618 (025. 8)

ББқ 48. 76. я 7

Ә. 14

Т. Ж. Әбдірахманов. «Ветеринарлық акушерлігі, гинекология және көбею биотехнологиясы»

Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) жанындағы оқу-әдістемелік секциясының ветеринарлық мамандықтар секторының шешімімен баспадан шығарылуға ұсынылды (хаттама №12, 25. 06. 2007)

ISBN 9965 - 868 - 56 - 5

Аталмыш оқулық 10 тараудан тұрады. Оқулықта көбею органдарының анатомиясы мен физиологиясы, малдарды ұрықтандыру әдістері, ұрықтану және эмбриондарды отырғызу, буаздылықтың, туу және туудан кейінгі мезгілдердің физиологиясы мен патологиясы, жаңа туған төлдердің аурулары қарастырылған. Акушерлік терапиядан, сүт безінің ауруларынан, үй малдарының гинекологиясы мен андрологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Аталмыш оқулықта қазіргі уақытың талабын ескере отырып оқу құрамында, әдістемеліктерде ескерілмеген ауылшаруашылық малдарының асырауы мен ұстауы кезеңдерінде кездестені аурулар, желінсауларды балау, төлдеуден кейінгі эндометриттер т. б. сұрақтарға көңіл аударылған. Сонымен қатар қазіргі уақытта акушерлік ауруларға қарсы қолданылатын дәрілік заттар жайындағы тың деректер берілген.

Оқулық жоғарғы оқу орындарының 051201 - «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша ҚР-нің білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес құрастырылған.

ББқ 48. 76. я 7

Пікір берушілер : Ауылшаруашылық министрлігінің «Ветеринария саласындағы референция, мониторинглеу, лабораторлық балау және әдістемелік» орталығының генералды директоры, в. ғ. д., профессор Ш. Ж. Тұрсынқұлов

Қазақ ұлттық аграрлық университеті акушерлік және хирургия кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент М. Н Жоланов.

С. Сейфуллин атындағы мемлекеттік агротехникалық университеті ветеринарлық санитария және мал өнімдерін сертификаттау кафедрасының биология ғылымдарының докторы, профессор

Б. С. Майқанов

БК Астана, 2007-210 бет.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің ғылыми кеңесінде қаралды.

3706

00 (05) - 07

ISBN 9965 - 868 - 56 - 5

©С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық универси-

теті, 2007.

Мазмұны

Алғы сөз
5
Алғы сөз: 1 Тарау. Әртүрлi малдар аналықтары мен аталықтары жыныс жүйесiнiң анатомо-физиологиялық ерекшелiктерi . . .
5: 10
Алғы сөз: 1. 1. Аналық малдардың жыныс органдарының анатомиясы . . .
5: 10
Алғы сөз: 1. 2. Аталық малдарының жыныс органдарының анатомиясы . . .
5: 15
Алғы сөз:

1. 3. Аталық және аналық малдар жыныс органдарының

физиологиясы . . .

5: 18
Алғы сөз:

1. 4. Әртүрлі малдардың жыныстық және физиологиялық

жетiлуi . . .

5: 18
Алғы сөз: 1. 5. Жыныс циклі . . .
5: 20
Алғы сөз: 1. 6. Әртүрлі малдардың жыныс циклдары . . .
5: 29
Алғы сөз: 1. 7. Жыныс акті . . .
5: 33
Алғы сөз: 1. 8. Жыныс актінің түр ерекшеліктері . . .
5: 36
Алғы сөз: 2 Тарау. Малдарды ұрықтандыруды ұйымдастыру технологиясы . . .
5: 38
Алғы сөз: 2. 1. Табиғи ұрықтандыру және малдарды шағылыстыру . . .
5: 38
Алғы сөз: 2. 2. Табиғи ұрықтандыру түрлері . . .
5: 40
Алғы сөз: 2. 3. Қолдан ұрықтандыру . . .
5: 41
Алғы сөз: 2. 4. Организмнің тыс жағдайда сыртқы ортаның ұрықтарға тигізетін әсері . . .
5: 46
Алғы сөз: 2. 5. Ұрық алудың әдістері . . .
5: 49
Алғы сөз: 2. 6. Ұрықты сақтау . . .
5: 57
Алғы сөз: 2. 7. Ұрықты тасымалдау . . .
5: 59
Алғы сөз: 2. 8. Малдарды ұрықтандыру . . .
5: 66
Алғы сөз: 3 Тарау. Ұрықтану және өскіндердi трансплантациялау . . .
5: 72
Алғы сөз: 3. 1. Ұрықтардың аналық малдың жыныс органдарымен жылжуы . . .
5: 72
Алғы сөз: 3. 2. Аналық клетканың жыныс жылжуы . . .
5: 75
Алғы сөз: 3. 3. Ұрықтану және өскіннің дамуы . . .
5: 76
Алғы сөз: 3. 4. Зародыштарды трансплантациялау . . .
5: 79
Алғы сөз: 3. 5. Донорларды таңдау . . .
5: 80
Алғы сөз: 3. 6. Суперовуляцияны тудыру . . .
5: 81
Алғы сөз: 3. 7. Донорларды ұрықтандыру . . .
5: 81
Алғы сөз: 3. 8. Зародыштарды алу . . .
5: 82
Алғы сөз: 4 Тарау. Буаздылыҝ . . .
5: 84
Алғы сөз: 4. 1. Ұрық оның қабықтары және плацента . . .
5: 85
Алғы сөз: 4. 2. Өскін мен ұрықтың дамуы . . .
5: 91
Алғы сөз: 4. 3. Буаз малдың организміндегі өзгерістер . . .
5: 93
Алғы сөз: 4. 4. Буаздылық пен бедеулік диагностикасы . . .
5: 95
Алғы сөз: 5 Тарау. Туу және туғаннан кейінгі кезең, төл мен туу жолдарының анатомо-топографиялық қарым қатынастары . . .
5: 101
Алғы сөз: 5. 1. Туу . . .
5: 104
Алғы сөз: 5. 2. Туғаннан кейінгі кезең . . .
5: 106
Алғы сөз: 5. 3. Туу бөлмелерін ұйымдастыру және тууға дайындау қалыпты туу кезіндегі көмек . . .
5: 107
Алғы сөз: 5. 4. Қалыпты туу кезеңіндегі көмек . . .
5: 108
Алғы сөз: 5. 5. Туу акті динамикасының түрлік ерекшеліктері . . .
5: 110
Алғы сөз: 6 Тарау. Буаз малдардың аурулары, буаздылық патологиясы . . .
5: 112
Алғы сөз: 6. 1. Іш тастаулар . . .
5: 116
Алғы сөз: 6. 2. Идиопаттық жұқпайтын іш тастаулар . . .
5: 122
Алғы сөз: 6. 3. Симптомдық жұқпайтын іш тастаулар . . .
5: 125
Алғы сөз: 6. 4. Жұқпалы және инвазиялық іш тастаулар . . .
5: 127
Алғы сөз: 6. 5. Қолдан болған іш тастау . . .
5: 129
Алғы сөз: 7 Тарау. Туу патологиясы . . .
5: 131
Алғы сөз: 7. 1. Акушерлік аспаптар . . .
5: 134
Алғы сөз: 7. 2. Тууды шешетін операциялар . . .
5: 141
Алғы сөз: 8 Тарау. Жаңа туған төлдердің аурулары және төлдеуден кейінгі мезгіл патологиясы . . .
5: 150
Алғы сөз: 8. 1. Төлдеуден кейінгі мезгіл патологиясы . . .
5: 150
Алғы сөз: 8. 2. Жаңа туған төлдің патологиясы және аурулары . . .
5: 159
Алғы сөз: 9 Тарау. Сүт безінің патологиясы. Желіннің қысқаша морфофункциональдық сипаттамасы . . .
5: 165
Алғы сөз: 9. 1. Агалактия және гипогалактия . . .
5: 171
Алғы сөз: 9. 2. Желінсаулар . . .
5: 179
Алғы сөз: 10 Тарау. Үй жануарларының гинекологиясы және андрология негiздерi …… . . .
5: 189
Алғы сөз: 10. 1. Жыныс органдарын зерттеу әдістері . . .
5: 193
Алғы сөз: 10. 2. Туа біткен бедеулік . . .
5: 196
Алғы сөз: 10. 3. Алиментарлық бедеулік . . .
5: 200
Алғы сөз: 10. 4. Климаттық бедеулік . . .
5: 202
Алғы сөз: 10. 5. Эксплуатациялық бедеулік . . .
5: 202
Алғы сөз: 10. 6. Қолдан жасалған бедеулік . . .
5: 203
Алғы сөз: Қолданған әдебиеттер тізімі . . .
5: 210
Алғы сөз:
5:
Алғы сөз:
5:
Алғы сөз:
5:
Алғы сөз:
5:
Алғы сөз:
5:
Алғы сөз:
5:

АЛҒЫ СӨЗ

Мал дәрігерлік акушерлік және гинекология пәні бір-біріне байланысты екі ғылымнан тұрады.

Мал дәрігерлік акушерлік пәні /франц. тілінен accoucher - босану/ - мал дәрігерлігінің клиникалық саласы болып саналады, ол жыныс процесстерінің қалыпты жағдайы және түр өзгерістері туралы сұрақтарымен айналысады. Бұларға ұрықтандыру, ұрықтану, буаздылық, туу, туудан кейінгі уақыт, сүт безінің және жаңа туған төлдердің аурулары сияқты сұрақтары жатады.

Өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде негізгі мақсат әрбір аналық малдан неғұрлым көп мөлшерде төл алып оны сақтау. Көп жағдайда бұл мақсатқа жету жолында аналық малдардың репродуктивті функциясының бірнеше ауытқулары, яғни аз ұрықтылық, бедеулік, іш тастаулар, өлі туған төлдер немесе туған төлдердің өмірсүргіштігінің төмендігі сияқты көріністер кедергі жасайды. Осы ауытқулар ұйымдастыру-шаруашылық және зоотехникалық кемшіліктер /малдарды асырау, ұстау және пайдалану, ұрықтандыру тәртіптерін бұзу т. б. /, сонымен қатар өндіру жұмыстарының тиісті мал дәрігерлік бақылауының болмауынан туады.

Аналық малдың тікелей көбею қабілетінің төмендеуіне немесе толығымен жойылуына буаздылық, туу, төлдеуден кейінгі уақыттарда пайда болатын патологиялық процесстер немесе жыныс органдарының аурулары себеп болуы мүмкін.

Мақсатқа байланысты акушерлік пәнінің алдында келесі мәселелер қойылады:

1. Ауру малдарды анықтау, кейін оларды емдеу.

2. Аналық малдардың буаздылық процессінің дамуын қадағалау

3. Төлдеу кезінде малдарға акушерлік көмек көрсету.

Мал дәрігерлік гинекология - аналық мал организімінде кездесетін жыныс және басқа органдарының төлдеу мезгілі аяқталғасын пайда болатын, соның салдарынан бедеулікке әкелетін патологиялық процесстер жөніндегі ілім.

Гинекология ғылымы акушерлік ғылыммен бір мезгілде дамиды.

Гинекология деген термин екі грек сөзінен тұрады dyne - әйел,

және lodos - ілім.

Гинекологияның акушерлік ғылымнан бір өзгешілігі, ол буаздылық

уақытынан кейін болатын ауруларды зерттейді.

Мал дәрігерлік гинекологияның басты мақсаты, аналық малдың жыныс органдарында кездесетін ауруларды зерттеу, осы аурулардың әсерінен болатын бедеуліктің алдын алу және емдеу әдістерін әрі қарай дамыту.

Мал дәрігерлік акушерлік көмектің қарапайым түрлері ерте заманнан дами бастаған. Кейіннен акушерлік тәсілдерді бірқатар адамдар жақсы меңгеріп өз тәжирбелерін ұрпақтан ұрпаққа беріп отырған.

Құл иеленушілік және феодализм дәуірлерінде атты әскерге, мал

шаруашылықтарына мал дәрігерлік мамандар қажет болды. Бірінші мал емдеу мамандарын даярлайтын мектептерде мал дәрігерлік хирургияның негізгі бөлімі ретінде акушерлік көмектің тәсілдерін меңеруге көп көңіл бөліне бастады. Дегенмен әлі де болса акушерлік көмек тәсілдерін қолдану кеңінен тарамады.

Капитализм дәуірінде мал дәрігерлік акушерлік жеке өзіндік ғылымы тәжірбелік пәнге ауыса бастады акушерлік көмек тәсілдерін көрсететін ғылыми енбектер, кітаптар пайда болды. Бұған мысал ретінде медициналық хирургия академиясының профессоры Г. М. Прозоровтың “Мал дәрігерлік жәрдем беретін ғылым және мал төлдерінің аурулары” деген еңбегін атауға болады. Оның бұл енбегі 1849 жылы жарық көрген. Осы еңбекте негізінен мал енелерінің денсаулығын, өмірін, олар өмірге әкелген тәлдерді сақтау үшін акушерлік көмектің тәсілдерін қалай қолдану керек екені көрсетілген. Мал шаруашылығының алға қарай дамуы патшалық Ресейде 1715 жылға дейін арнайы мал дәрігерін дайындайтын мектептер аз болды, бұл 1840 жылы Варшавада, 1848 жылы Дерпт қаласында, 1851 жылы Харьковте, 1873 жылы Қазанда малдәрігерлік институттарының ашылуына негіз болды. Біраз уақыттан кейін акушерлік сұрақтардың өсуіне байланысты, оқу орындарында арнайы курстар бөліне бастады және жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге кітаптар шығару қажеттілігі туды.

Көп уақыт бойы біздің мал дәрігер мамандары акушерлік пәнді Сен-Сира, Виоле (1875), Гармстың (1875), Франктың (1876), Штосстың (1928) еңбектері арқылы оқып келді, осы кітаптарда сол уақыттағы шетел ғалымдарының еңбектері жоғары бағаланып, ал Ресей ғалымдардың еңбектері шет қалып отырды. Тек 1931 жылы ғана профессор Н. Ф. Мышкиннің орыс тілінде жазған ең алғашқы оқулығы жарық көрді. Бұл кітап төрт рет түзетіліп, толықтырып қайта басылып шықты.

Ұлы Октябрь төңкерісінен кейін үлкен өзгерістер болды. Ресейде мал дәрігерлік оқу орындарында мал дәрігерлік акушерлік кафедралары құрылды 1919 жылы Мәскеудің мал дәрігерлік жоғарғы оқу орынында жеке акушерлік кафедрасы құрылды, ал 1922 жылы Қазанда және Ленинградта мал дәрігерлік оқу орындары ашылды. 1937 жылы Алматы малдәрігерлік зоотехникалық институтында, Семейде кейіннен Ақмола, Орал, Қостанай ауылшаруашылық институттарында акушерлік кафедралар ашылды.

Мал дәрігерлік акушерлік пен гинекология басқа пәндермен тығыз байланысты. Клиникалық пән ретінде ол физиология, зоология, фармакология, микробиология, хирургия, індеттану, паразитология, терапия және де басқа ғылымдармен тығыз байланысты.

К. А. Тимирязевтің, И. В. Мичуриннің, И. П. Павловтің еңбектері осы пәннің теориялық негізін құрды. Акушерлік ғылымның дамуына А. В. Квасницкийдің, А. И. Лопыриннің классикалық еңбектері де үлкен әсерін тігізді.

Акушер мамандармен бірге ірі биолог ғалымдар А. А. Машковцев /жыныс циклінің жүйке эмоционалдық теориясын құрушы/ және Е. Ф. Поликарпов тығыз байланысты жұмыс жүргізді.

Акушерлік індеттану пәнімен де байланысты, себебі профессор П. А. Волосков малдардың жыныстық жұқпалы аурулары мен бедеулігі деген кітаптардың авторы болып табылады. Осы ғалымның зерттеулерін ары қарай профессорлар А. А. Сысоев пен Н. Н. Михайлов дамытты. Ал профессор А. А. Сысоев болса “Індеттану және ауылшаруашылық малдарының жұқпалы аурулары деген кітаптың авторы болып саналады.

Оперативтік акушерлік бөлімі негізінен атақты хирургтер Б. М. Оливков, И. И. Магда, В. В. Мосиннің ғылыми еңбектерімен байытылды.

1931 жылы профессор Н. Ф. Мышкинның мал дәрігерлік акушерлік деген кітабі басылып шықты. Осы жылы профессор В. В. Контенің ауыл шаруашылық малдарының бедеулігімен күресу деген еңбегі, ал 1932 жылы мал дәрігерлік акушерлік курсы жарық көрді.

Мал дәрігерлік акушерлік кафедрасының клиникалық тәжірбелік жұмыстары біраз сұрақтарды шешуге жағдай туғызды. Профессор Н. Ф. Мышкин сиырлардың буыздығын анықтайтын клиникалық әдіс ойлап тапты және мал шуының тусуін қамтамасыз ететін тәсілдер мен сол уақытқа сай желін қабынуының жіктеуін ұсынды.

Профессор А. Ю. Тарасевич биелердің буаздығын анықтайтын жаңа клиникалық тәсіл тапты, және гинекологиялық ауруларды емдейтін біраз тәсілдер ұсынды /балшықпен емдеу, аналық жыныс безінің қуысына пункция жасау тағы да басқалары/. Ол ғылыми түрде күйіттеуші-айғырларды биелердін жыныстық күйлеуін білуге, және олардын жыныстық әсерін тигізетінін дәлелдеді: ең бірінші рет ішек арқылы овуляцияны қадағалап, биелерді қолдан ұрықтандыруды ұсынды. Осы ұсыныс Х. И. Животковтың, В. К. Кедровтың, П. И. Шаталовтың еңбектерінің нәтижесі ретінде қазіргі уақытта да кеңінен қолданылады.

Өзінің енбектерінің нәтижесін және бай тәжіребесін А. Ю. Тарасевич “Ауыл шаруашылық малдарының бедеулігі” (1936) деген монографиясында көрсетті. Профессор А. Ю. Тарасевич мал дәрігерлік акушерлік мектептерді ашудың негізін қалады. /И. А. Бочаров, Н. А. Флегматов және басқалар/.

Профессор И. А. Бочаров (1901-1975) өз шәкірттерімен мал бедеулігін зерттеп “Ауылшаруашылық малдарының бедеулігі” деген кітабын (1956) шығарды. Осы кісінің редакциясымен мал дәрігерлік оқу орындарына арналған мал дәрігерлік акушерлік кітабы 1967 жылы жарық көрді.

Профессор Н. А. Флегматов (1903-1986) есектердің буаздығын анықтайтын тәсіл ойлап тапты шу туспегенде қағанақ суларын пайдаланудың ықпалды нәтижелі жолын ұсынды. Өз әріптестерімен бірге мал көбеюінің физиологиясы мен патологиясы туралы біраз маңызды зерттеулер жүргізді. Осы зерттелген мәселелер “Ауылшаруашылық малдары» деген жинағына енді, ол (1959) жарық көрді.

Профессор Я. Г. Губаревич “Ұсақ малдардың акушерлігі” деген монография және техникумдарға арналған акушерлік кітап жазды.

Професор П. И. Шаталов жыныс циклы және биелердің төлдегеннен кейінгі уақыты жөнінде, кейбір бедеуліктің түрлеріне буаз биелердің қан сары суы (СЖК) мен қанды (КЖК) қолдану туралы маңызды зерттеулер жүргізді және отандық гравогормон деген синтез арқылы жаңа препаратты бөліп алды.

Акушерлік ғылымның дамуына атақты ғалым, ВАСХНИЛ-дың корреспондент мүшесі, профессор А. П. Студенцов көп еңбегін сіңірді. Осы кісі біраз ғылыми еңбектер, жолдамалар /жыныс цикл жөнінде, бедеулік, іш тастаулар, желінсаулар т. б. / сүт безіне және жыныстық органдарға жасалынатын операциялардың ыңғайлы түрлерін ұсынды, “Мал дәрігерлік акушерлік және гинекология” деген кітабын 1949 жылы жазып шығарды. Өз өмірінде осы оқу кітабы үш рет қайта басылып, 1952 жылы Мемлекет сыйлығына ие болды.

А. П. Студенцов өз еліміздегі акушерлік саласындағы бірінші ғалым

докторы (1937) . Оның көптеген еңбектері (300-дей) отандық мал дәрігер акушер санының өсуіне көп әсерін тигізді. Осылардың арасында мал дәрігерлік акушерлік Львов мектебін құрушы профессор Г. В. Зверева да бар. Ол сүт безінің аурулары жөнінде, акушерлік физиология мен патология, бедеулік және малдарды қолдан ұрықтандыру жөнінде маңызды зерттеулер жүргізді.

Г. В. Зверева біраз оқулықтар мен нұсқаулардың авторы. 1976 жылы “Сиырлардың гинекологиялық аурулары” деген кітабы, ал 1985 жылы мал дәрігерлік акушерлік анықтамасы жарық көрді.

Профессор В. А. Акатов (1909-1971) сиырлардың сүт бездерінің ауруларын ультрадыбыспен емдеу тәсілін ойлап тапты.

Профессор Д. Д. Логвинов желін қабынуында, шу түспегенде және сиыр бұзаулағаннан кейінгі уақытта кездесетін ауруларда новокаиннің патогенетикалық тәсілін ойлап тауып, оның іс жүзінде қолданылуына ықпал жасады. Жоғарғы оқу орындарының факультеттерінде сырттай оқитын студенттерге арналған “Сиыр емшегінің физиологиясы мен өзгерісі” (1971) “Буаздылық және сиырлардың бұзаулауы” (1975) деген кітаптар жазды.

Мал дәрігерлік гинекологияның дамуына РСФСР ға еңбегін сінірген мал дәрігері Х. И. Животков үлкен еңбек сіңірді. Осы кісінің жазған кітабі “Биелерді ұрықтандырудың негізі” (1952), әрбір мал маманының қолдан түсірмейтін басшылығы болып табылады.

Профессор И. И. Родин бұқалардың, қошқарлардың, қабандардың жыныстық рефлексі және ұрықты алу тәсілін дамытуда, қолдан ұрықтандыру тәсілдері жөнінде ерекше зерттеулер жүргізді.

Профессор А. О. Мапасян, М. П. Рязанский, И. С. Нагорный сиырлардың агалактиясы мен гипогалактиясы жөнінде маңызды зерттеулер жүргізді.

Мал дәрігерлік акушерлік пен гинекологияның дамуына профессор И. И. Иванов үлкен үлес қосты, өзінің жан-жақты зерттеулерімен ол ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандырудың көптеген сұрақтарын шешу жолдарының негізін салды. И. И. Иванов мал дәрігерілері мен зоотехниктердің мектебін құрды, осы мектеп өзінің зерттеулерін қазіргі уақытта да ары қарай жалғастырып жатыр.

Ветеринарлық акушерлік және гинекология пәнінің дамуына отандас ғалымдар да өз үлестерін қосып келеді.

Т. Ж. Әбдірахманов акушерлік ғылыми саласында еліміздегі бірінші ветеринарлық ғылымының докторы (2002) . Осы ғалымның жетекшілігімен 2005-2007 жылдары аралығында акушерлік мамандық бойынша үш кандидаттық диссертациялар (А. А. Муханбеткалиева, А. Н. Ахметов, Б. Р. Касеинов) қорғалды және бірнеше жұмыстар аяқталып қорғауға дайын. Қазіргі кезде елімізде акушерлік мектеп құрылды деп айтуға болады.

Т. Ж. Әбдірахманов, А. Н Ахметов (1999) желінсаудың жасырын түрін анықтау үшін жаңа диагностикалық тест диагмасты ұсынды. Бұл тест арқылы зерттелетін сүтте екі көрсеткіштер, айта кеткенде соматикалық клеткалардың «лейкоциттердің» көбеюінің және рН көрсеткіштерінің өзгеруін анықтауға болады.

Т. Ж. Әбдірахманов, К. М. Камсаев (1999) сиырлардың төлдеуден кейінгі іріңді катаральды эндометриттерін емдеу үшін гипериммунды антигистаминды қан сары суын ұсынды.

Т. Ж. Әбдірахманов, А. И. Бұлашева, Ж. О. Кемешов (2005) сиырлардың жасырын желінсауын және төлдеуден кейінгі эндометриттерін емдеу кезінде ұлпалы препараттарды қолданып жақсы нәтиже алды.

А. А. Мұханбетқалиева, Т. Ж. Әбдірахманов (2005) Saussurea Salsa экстрактысын өндірісте сиырдың төлдеуден кейінгі іріңді-катаральды эндометритін емдеуге, дәрілік препарат ретінде қолдануын ұсынды.

Акушерлік пәнін дамуына сонымен қатар келесі ғалымдар М. Н. Жоланов, Б. А. Құрманов, И. Т. Жақыпов өз үлестерін қосты.

М. Н. Жоланов сиырлардың желінсауларын оқып зертеді және өндіру жұмыстарымен айналысты.

Б. А. Құрманов інгендердің жыныс циклдарын Қазақстан бойынша оқып зертеді.

И. Т. Жақыпов ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру жөнінде, айта кеткенде маноцервикальдық әдістің модифицирленген үлгісін ұсынды. Сонымен қатар СЕЗЕҚ (сұйық емдік заттарды енгізу құралы) ұсынылған. Мұнымен қатар И. Т. Жақыповтың акушерлік машықтану мен ұдайы өндіру тәсілдерін меңгеруге арналған фантомын атаған жөн.

1 Тарау. Әртүрлi малдар аналықтары мен аталықтары жыныс жүйесiнiң анатомо-физиологиялық ерекшелiктерi

1. 1. Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы

Аналық малдардың жыныс аппаратының және жыныс процесінің эволюциясы.

Аналық малдың жыныс процессінің эволюциясы аталықтың эволюциясына ұқсас. Егер біз аталық жыныс клеткалары белсенді жылжу қасиеттерімен сипатталады десек, керісінше аналық гаметалар өз бетімен жылжу қасиеттерін жоғалтып, оның орнына барлық эмбриональды мезгілде немесе зародыштың дамуы мен өсуіне керек пластикалық заттар қорына ие болады.

Жыныс процесінің әрі қарай дамуы кезінде аналық пен аталық аралығында ерекше қарым-қатынас пайда болады. Осы көрініс аналық және аталық гаметалардың кездесуін жеңілдетіп, соның арқасында ұрықтану болады.

Ұрықтану ішкі және сыртқы түрге бөлінеді. Сыртқы ұрықтану амфибиялар мен балықтарда, ал ішкі ұрықтану сүт қоректілер мен құстарда және барлық дала жануарларында өтеді.

Ішкі ұрықтану кезінде ұрықтар аналық жыныс жолдарына түседі де, осы жерде ұрықтану процессі өтеді.

Аналық ұрық дамыған кезде жыныс өскінінен аналық жыныс безі, ал мюллеров каналының /жолынын/ краниальдық бөлігінен фаллопиев тұрбасымен үлкейткіш пайда болады, каудальды бөліктері несеп-жыныс синусіне құйылады. Каудальдық шеттерінің өсіп кетуіне байланысты жақын немесе едәуір қашықтықта қынап, жатыр мүйіздері денесі және мойыны пайда болады. Вольфов жолы жойылады.

Аналық малдың жыныс органдары сыртқы және ішкі мүшелерге бөлінеді. Сыртқы мүшелерге /Genitalia ecterna/ - сарпай, қынап кіреберісі және клитор, ішкі мүшелерге / Genitalia inlerna/ қынап, жатыр, жатыр түтікшелері, аналық жыныс бездері жатады.

Сиырдың жыныс органдары Сиырдың сарпайы /vulva / қатпарланған терімен жабылған. Жыныс еріндерінің дорсальдық /жоғары/ бұрышы дөңгелектенген, ал вентральдық /төменгі/ ұшы үшкір және сәл құйымшақтың дөңінен түсіп тұрады. Клитор екі ұзын каверналық денелерден құрылған /сиырда ұзындығы 2- см/ басқы ұшымен аяқталады.

Қынап кіреберісі шекарасыз қынапқа өтеді, өйткені күйіс қайыратын жануарларда несеп клапаны нашар дамыған. Қынап кіреберісі бүйірінің қабырғасында оң және сол шығаратын тармақтармен ашылатын үлкен бездер орналасқан.

Қынап кілегейі көп қабатты қатпар құрайды. Қынап қабырғасының вентральдық жағында гартнер өзектері /вольфов каналының рудименті/ орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Сыртқы ортаның ұрықтарға тигізетін әсері
Жұмыстың практикалық қажеттілігі
Жасанды бедеулік
Жануарлар биотехнологиясы пәнінен тіректік дәрістер жинағы
Овуляциядан өткен жүмыртқа жасушаны донордың репродуктивтік жолынан алып дайындау
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Мал азықтандыру
Қазақстандағы жануарлар биотехнологиясы
Ген инженериясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz