Шудың кешеуілдеуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ»
Курстық жұмыс
Пән:Ветеринарлық акушерлік және гинекология(ІІ)
Тақырыбы:Ірі қара малдарының шу кешеуілдеуі кезінде қолданылатын оперативтік әдістер және емдеу шаралары
Орындаған: Тексерген:Мухамадиева Н. Н
Топтың студенті:
Қолы: Қолы:
Тапсырған күні: Бағасы:
Күні:
Семей қаласы, 2018ж.
Жоспар:
І. Кіріспе . . . 3-4
ІІ . Әдебиетке шолу . . . 5
2. 1. Шудың кешеуілдеуі . . . 6-7
2. 2. Шудың кешеуілдеуінің этиологиясы . . . 8-9
ІІІ. Негізгі бөлім . . . 10
3. 1. Өзіндік зерттеу . . . 10-12
3. 2. Ауруға диагноз қою . . . 13
3. 3. Емдеу . . . 14-15
3. 4. Алдын алу шаралары . . . 16
ІV. Қортынды . . . 17
V. Қолданылғанәдебиеттер . . . 18
VI. Қосымшалар . . . 19
Кіріспе
Мал дәрігерлік гинекология - аналық мал организімінде кездесетін жыныс және басқа органдарының төлдеу мезгілі аяқталғасын пайда болатын, соның салдарынан бедеулікке әкелетін патологиялық процесстер жөніндегі ілім.
Мал дәрігерлік акушерлік пәні /франц. тілінен accoucher - босану/ - мал дәрігерлігінің клиникалық саласы болып саналады, ол жыныс процесстерінің қалыпты жағдайы және түр өзгерістері туралы сұрақтарымен айналысады. Бұларға ұрықтандыру, ұрықтану, буаздылық, туу, туудан кейінгі уақыт, сүт безінің және жаңа туған төлдердің аурулары жатады.
Ірі қара малдың ұдайы өндіру қызметіне кедергі болатын себептердің ішінде акушерлік және гинекологиялық патологиялар орын алады. Бұлар патологиялық төлдеу, шу түсуінің кешеуілдеуі, жатыр субинволюциясы, эндометриттер, аналық жыныс безінің ауруларымен дисфункциясы. Аналық мал басының туу және туудан кейінгі кезеңде патологиялардың кеңінен таралуы ұдайы өндіру қызметінің төмендеуінің негізгі жетекші себептері болып табылады. Отандық және шет елдік ғалымдардың зерттеу жұмыстары жатырдың жиырылуының бұзылуы, шу түсуінің кешеуілдеуі және төлдеуден кейінгі аурулар фетоплацентарлық жеткілісіздікке жататынын дәлелдеді .
Қазақстанда мал шаруашылығы, әрдайым, агроөнеркәсіп саласының ең негізгі бағыты болып есептелінді
Өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде негізгі мақсат әрбір аналық малдан неғұрлым көп мөлшерде төл алып оны сақтау. Көп жағдайда бұл мақсатқа жету жолында аналық малдардың репродуктивті функциясының бірнеше ауытқулары, яғни аз ұрықтылық, бедеулік, іш тастаулар, өлі туған төлдер немесе туған төлдердің өмірсүргіштігінің төмендігі сияқты көріністер кедергі жасайды. Осы ауытқулар ұйымдастыру-шаруашылық және зоотехникалық кемшіліктер /малдарды асырау, ұстау және пайдалану, ұрықтандыру тәртіптерін бұзу т. б. /, сонымен қатар өндіру жұмыстарының тиісті мал дәрігерлік бақылауының болмауынан туады.
Аналық малдың тікелей көбею қабілетінің төмендеуіне немесе толығымен жойылуына буаздылық, туу, төлдеуден кейінгі уақыттарда пайда болатын патологиялық процесстер немесе жыныс органдарының аурулары себеп болуы мүмкін.
Сиырлардың акушерлік-гинекологиялық патологияларын зерттеген көптеген ғалымдар, бұл патологиялар малды толық құнды азықтандырмағанда, дұрыс күтіп-бақпағанда, күйіті келген сиырларды уақытылы ұрықтандырмағанда және жыныс мүшелерінің ауруларына шалдыққанда байқалатындығын дәлелдеген. Сәтсіз факторлардың әсерінен аналық малдың жыныс жүйесінде регенеративті, гормоналды, секреторлы және моторлық қызметтердің нашарлауысияқты өзгерістер байқалып, бұл өзгерістердің арты малдың бедеу болып қалуына әкеп соғады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Шаруашылқыта ірі қара малдарының шуының кешеуілдеуінің себептерін анықтау
Курстық жұмыстың міндеті:
-шудың кешеуілдеуінің негізгі себебін анықтау
-емдеу, алдын алу шаралары.
2. 1. Шудың кешеуілдеуі
Ауыл шаруашылығының саласында ірі қара малды өсіру маңызды орын алады . Жекелеген шаруашылықтарда малдың жалпы басының өсуіне және ірі қара шаруашылықтарының ары қарай дамуына сиыр малында кездесетін жатыр аурулары кедергі келтіріп келеді. Бұл аурулардан келетін экономикалық шығын, мал шаруашылығында кездесетін көптеген жұқпалы емес аурулардан кем түспейді.
Туу және туудан кейінгі патологияларда алдын алу шараларының бірі, ол шудың кешеуілдеуін жаңа тиімді әдістерімен алдын - алу. Шудың кешеуілдеуі бедеулікке және сүттілігі жоғары сиырлардың мезгілінен бұрын жарамсыздыққа шығаруына әкеп соғады.
Кесте. 1. Шудың қалыпты түсу ұзақтығы
Бұл ауру ет бағытындағы сиырларға қарағанда сүт бағытындағы сиырларда жиітіркеледі . Шудың кешеуілдеуі туудан кейінгі асқынулардың ішіндегі ең негізгі себептерінің бірі болып саналады және де жыл сайынғы бұзаулау көрсеткішінің төмендеуіне, сиырлардың бедеулігіне, өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Қазіргі таңда сиырларда шу түсу кешеуілдеуін емдеу мен алдын - алу әдістері көптеп ұсынылған . Олардың барлығы буаздылықтың үшінші және соңғы кезеңінде дәрілік препараттарды қолданылуымен сипатталады. Шу кешеуілдеудің алдын-алуда Конопельцев И. Г., Попов А. И сиырлардың күре тамырына натрий хлоридінің озондалған ерітіндісін 1000, 0 дозада, 2, 2 мг озонмен қоса егеді. және бұлшық етке кг салмағына 50 бірлік окситоцинді төлдегеннен кейін 3 сағаттан кем емес уақыт ішінде егу қажет. Басқа ғалымдар сиырларға төмен минералды суын бергеннен кейін 5-8 сағатта туғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтетінін айтады. Борзенко Е. В зерттеулерінде сиыр бұзаулағаннан кейін 3-4 сағаттан соң асептика, антисептика ережелерін сақтай отырып, қантамырлар орналасқан кіндікті тауып, саусақтарды сырғаната отырып, түзілген тромбтар мен қанды сығып шығарады, ал кіндіктің тартылған жерін қайшымен қиып алады .
Сиырларда шудың кешеуілдеуін үш түрге бөледі:
- толық
- толық емес
- жартылай .
Шудың толық түспеуінде сыртқы жыныс органдарынан қызыл немесе қоныр-қызыл жіп тәрізді шылбыр салбырап тұрады. Сиырда сыртқы беткейі бұдырлы, биеде барқыт тәрізді.
Шудың жартылай түсуіне даигноз қою үшін оны мұқият зерттеу қажет. Плацентаны қарайды, пальпациялайды. Бөлінген шуды фанераның үстіне жайып байқайды. Толық түсуін анықтау үшін плацента тамырларын бағдар етеді.
Бұл аурудың клиникалық белгілері көзге тез байқалады. Айталық, шу түгелдей түспеген болса, онда оның сарпайынан қызарып шығып тұрады. Жалпы, шуы дер кезінде түспеген сиырлардың жанынан өткенде не жақындағанда сасық иіс шығады.
Шуы түспеген сиыр мазасызданады, жем-шөпке қарамайды. Дене қызуы көтеріліп, сүттілігі азаяды. Жатыр мойынын тұрақты түрде ашық тұруына байланысты жатыр қуысына микробтар еніп, оның қабынуына душар етеді. Ауру асқынған кезде малдың іші қабынып бүкшиіп қалады.
Туу жолдарындағы микробартардың тез көбеюі мен кері әсерлерінің күшеюі тек жергілікті қабыну процесстерін (эндометрит ) тудырып қана қоймай, сонымен қатар интоксикацияның және бүкіл организмнің ауыр реакциясы - акушерлік сепсистің пайда болуына әкеледі. Бұның барлығы шудың кешеуілдеуін тек қана жатырдың жеке ауруы ретінде ғана қарастыруға болмайтындығын көрсетеді. Бұл мал дәрігерінен ауру малды емдеудің және оның барлық жүйелерінің және мүшелерінің бұзылған функцияларын қалпына келтірудің сапалы және нәтижелі жақтарын қарастыруды талап етеді.
Шу кешеуілдеуінің клиникалық белгілері көріністердің комплекстерінен және мал күйінен және оның жыныс мүшелеріндегі өзгерістерінен түйінделеді. Олардың барлығы емделуге келіп түскен малға жалпы және арнайы зерттеулер жүргізгенде анықталады.
Сурет-1. сиырды арнайы зерттеу
2. 2. Шудың кешеуілдеуінің этиологиясы.
Акушерлік патологиялардың ішіндегі ең кең таралғаны, шудың кешеуілдеуі болып табылады. Көптеген авторлардың зерттеуінде аталмыш аурудың төлдеген сиырлар арасындағы шалдығу көрсеткіші 10-20% -дан40-80% аралығын қамтиды.
Туу актісі шудың түсуімен аяқталады. Әртүрлі малдың шуының түсуі белгілі мерзімдерде болады. . Бұл ауру көбінесе мал іш тастағанда, сондай-ақ бруцеллез ауруы белгілері бар малда жиі кездеседі. Қыс және көктем мезгілдерінде нашар күтіп-бағылған, сапасыз азықпен азықтандырылған сиырлар қиналып бұзаулайды. Шуы дер кезінде түспейді. Ал, шуы мезгілінде түспеген сиырлардың жатыры қабынады. Ондай малдың келесі құрсақ көтеруі кешеуілдейді мал қысыр қалады.
Шудың кешеуілдеуінің себептері ол тамырлы қабаттың жатыр карункулаларынан ажырау процесінің қалыпсыз тығыз байланысуы( хорион түктерінің гипертрофиясы, шудың қабынуы және түйілуінің дамуы, шу мен жатырдың кілегейлі қабатының тығыз байланысуы, хорион түктерінің домбығуы) ; шуды ажыратып болғаннан кейін жатырдан қалдықтарды, хорион тамырларынан аққан қанды шығару, Механикалық бөгеттер, ажыраған шудың жатыр қуысынан бөлініп шығуының қиындауы; құрсақ қуысының бұлшық еттерінің тым әлсіз жиырылуы; Шуға микрооргнизмдердің енуінен плацентарлық тіндерде патологиялық өзгерістердің басталып, гиперемиялық қабыну мен хорион бүрлерінің крипті мен карункулалардағы қысылуынан, хорион бүрлерінің криптілерге берік бекіп, ары қарай карункулаларда дәнекер ұлпа дамиды да, жатыр атониясына әкеп соғады. Осы бейімдеуші факторлардың шудың бөлінбеуіне әкеліп тірейтін малдың байламда ұсталуы, дұрыс азықтанбау мен суарылмауы, дәрумендер мен минералды тұздардың жетіспеушілігі мен індетті аурулардың болуынан туындайтын себептер.
Шудың кешеуілдеуінің тікелей үш себептері бар:
1. Туудан кейінгі күшенулердің және жатыр атониясының жеткіліксіздігі.
2. Төл плацентасы бөліктері анасы плацентасымен патологиялық үрдістерге орай өсіп кетуі.
3. Карункулдар тканьдері қысымының күштілігі.
Шу кешеуілдеуінің клиникалық белгілері көріністердің комплекстерінен және мал күйінен және оның жыныс мүшелеріндегі өзгерістерінен түйінделеді. Олардың барлығы емделуге келіп түскен малға жалпы және арнайы зерттеулер жүргізгенде анықталады
Сурет-2. Шуы кешеуілдеуі.
3. 1. Өзіндік зерттеу.
Шаруашылыққа сипаттама
Зайсан ауданы Қаратал ауылдық окургі -Шығыс Қазақстан Обылысының қиыр шығысында орналасқан. Құрамына Үлкен Қаратал, Жіңішкесу, Қосқора, Қабырғатал ауылдары кіреді. Тұрғыны 1066 адам (2009) . Орталығы - Қаратал ауылы. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Ауылдың таулы бөлігінің жазы қоңыржай салқын, ылғалды, қыста қар қалың, аязды. Қаратал аумағында қаңтардағы ауаның орташа температурасы-30 °С, ал шілдеде - жазықтан тауға қарай 30°С-тан 35°С-қа дейін төмендейді.
Зайсан ауданы облыс бойынша мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын аудандардың бірі. Аудандағы 1 қалалық және 8 ауылдық округтер бойынша 1313 шаруа қожалығы, 1-ЖШС, 2 ауылдық тұтыну кооперативі, 6 су пайдаланушылар кооперативтері бар.
Малды қолдан ұрықтандыру - ауылшаруашылық малдарының тұқымын зоотехникалық жолмен асылдандырудың негізі болып саналады. Қазір ауданда 9 малды қолдан ұрықтандыру пункттері ашылып, жұмыс істеуде. Атап көрсеткенде Айнабұлақта - 1, Дайырда - 1, Қараталда - 1, Көгедайда - 1, Қарабұлақта - 1, Кеңсайда - 1, Біржанда - 1, Шіліктіде - 1, Зайсанда - 1.
Қаратал округіне қарасты «Түкібай» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы шаруашылығы статусын алды. Сонымен қатар ауылдағы «Бота» шаруа қожалығы асыл тұқымды сүті бағыттағы ірі қара малын өсіріп отыр. Қожалықта жалпы саны 1030 бас ірі қара бар. Жыл соңына деиін 542 бас төл алынды.
Қожалықта 2 врач, 3 санитар, 10 жұмысшы, 5 сауыншы жұмыс жасайды.
Ауру тарихы:
Мал иесінің мекен жайы: Шығыс Қазақстан Обылысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық окургіне қарасты сүтті бағыттағы «Бота» шаруа қожалығы.
Мал түрі-мүйізді ірі қара
Жынысы-Ұрғашы
Лақап аты-Қара тоқал
Жасы-6 жасар
Тұқымы-асыл тұқымды сүтті бағыттағы
Түсі-қара ала
Салмағы-310 кг
Журналға тіркелген күні-05. 06. 2017ж
Шудың кешіккеніне-8 сағат болған
Мал иесі-Бейсембаев С. Е
Anamnesis vitae
«Бота» шаруа қожалығының иесінің айтуы бойынша Қара тоқал жұқпалы аурулармен аурмаған, бұрындары буаз болғанда бұндай көрністер байқалмаған, емдік мақсатта барлық вакциналарды қабылдаған.
Anamnesis Morbi
Қара тоқал осы « Бота» шаруа қожалығында өсіріліп отырған сүтті бағыттағы ірі қара, бастапқыда туу кезінде жағдайы жақсы болған, кеиінен бұзаулап болғасын шу түсудің кешеуілдеуі байқалған, марта мазасызданып жағдайы нашарлаған, сарпайдан қызарып қызыл-қоңыр түсті сұйықтық ағып тұрды.
Клиникалық белгілері:
Сиыр қатты жабырқаңғы, қоңдылығы нашар, мазасызданып бір орында тұрмайды, азық қабылдамайды, жүрек соғысын тыңдағанда минутына 85 рет соқты, тыныс алуыда нормадан асып кетті, танау қуысынан сұйықтық ағып тұр, жиі-жиі зәр шығаруға талпынады, кеңестікте өзін жайсіз ұстайды, яғни мал бүкшиіп қалған, жатыр мойынының ашық тұруына байланысты микробтар түсіп, ол жерде аздаған қабыну процесі байқалды, кілегей қабықтары қызарып-бозарған, сарпайдан қан аралас сұйық ағып тұр, шу толық түспеген, малға жақындаған кезде сасық иіс сезілді.
Сурет-3. Қара тоқалдың шуының кешеуілдеуі.
3. 2. Ауруға диагноз қою.
Диагнозды қою үшін сиырдың клиникалық белгілеріне қарап және айқын көрінетін патолгиялық өзгерістеріне қарап оперативті түрде шуды қынапқа қол салу арқылы шуды ажыратып алдық
Шудың кешігуінің түрі -толық түрі
Шудың кешігуінің негізгі себебі - туудан кейінгі күшенулердің және жатыр атониясының жеткіліксіздігі.
3. 3. Емі
Ветеринария саласында малдардың шуының кешеуілдеуін емдеудің консервативті және оперативті түрге бөлінеді. Оперативті емдеу әдісі кең етек алған.
Аулдың бас маманы Абзалбеков Нұрлан ағаның көмегімен жүргізілді. Ең алдымен қолымызды жылы сабынды сумен шайып алдық, пенициллиннің және стрептомициннің 500 мың ЕД мөлшерінде және ақ стрептоцидтің 5 граммын алақанына себіп, қолды жұмған күйінде сиырдың жатырына ептеп енгізіп, алақанды жатырдың ішін кіргенде қолымзды массаж жасай отрып жатырда орналасқан шуды бір-бірлеп карункулдардан қолымызбен ажыратып сол қолымызбен тартып шығардық. Шуды алып болғасын жатырда септикалық аурулардың алдын алу үшін, қабыну процестерін тудырмау үшін жатырды Эсмарх кружкасымен 1:1000 қатысындай Фурацилин ертіндісімен бірнеше қайтара жуып шайдық.
Сурет-4. Шуды қолмен ажырату.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz