Бауыр ауруларының түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК
042-18-24.7301-2016

Жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен
ІІІ пәнінің студенттерге арналған оқу әдістемелік бағдарлама кешені
№ 1 басылым
08 09 2016ж

5В120100 Ветеринариялық медицина мамандығына арналған
Жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен
ІІІ пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей
2016

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы:
Біләлов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Ветеринариялық медицина кафедрасының доцент м.а 26 08 2016ж
Тойкина Г.Н. ветеринария ғылымдарының кандитаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры м.а. 26 08 2016ж

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Ветеринариялық медицина кафедрасының отырысында 29 08 2016 жыл, №1 хаттама.

Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. С.Тусупов

2.2 Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
01 09 2016 жыл, № 1 хаттама

Төрайымы А. Тлеубаева

3. БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. 08 09 2016 жыл, №1 хаттама

ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова

АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны

1.ГЛОССАРИЙ
2.ДӘРІСТЕР
3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
4. БІЛІМ АЛУШЫЛЫАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Глоссарий
Анамнез - ауру жайлы мәлімет (ауырған малды емдеу, сауықтыру мақсатында алдын ала жиналатын мәліметтер.
Анамнестикалық реакция - иммундалған немесе инфекциялық аурудан жазылып, антителаны сақтау қабілетін жоғалтқан организмде болатын реакция.
Аритмия - жүрек ырғағының бұзылуы.
Абиотикалық факторлар - сыртқы ортадағы бейорганикалық факторлардың организмге әсер етуі.
Анафилаксия - организмнің бөгде белокты ерекше сезінуі. Анафилаксияның дамуы кезегімен үш процесстен тұрады: а) сенсибилизация (әзірлік); б) анафилактикалық талықсу (шешілу) және в) десенсибилизация
Абсцесс - іріңдік бітеу жара. Абсцесс (abscess), терінің терең қабатында немесе ішкі органдарда жұқпалы бактериялар тудырған қандағы лейкоцит ұлпаларының бұзылуы салдарынан пайда болатын ірің. Ағзалар мен тканьдерде қабыну салдарынан іріңнің шоғырланып жиналуы.
Авитаминоз - жануарлар оргнизміндегі витаминдердік ұзақ уақыт жетіспеуінен болатын дерт.
Агалактия - сүт шықпау.
Агаммаглобулинемия - қан сары суында гаммаглобулиндердің болмауы немес жеткіліксіздігі.
Агония (Agonia - күрес)- жанталас, жантәсілім, агония. Мидың жоғарғы бөліктерінің, әсіресе мидың жарты шарлары қыртысының қызметі терең бұзылуымен қатар сопақша ми орталықтарының қозуы тән өлер алдында болатын ақырғы (терминальды) сәт.
Адаптация - бейімделу.
Адинамия - бүкіл организмнің немесе жеке органның ерекше әлсіздігі.
Адреналин - бүйрек үсті безінің гормоны, ол организмде зат алмасуды күшейтіп, қан қысымын арттырады.
Азотурия - азотты заттардың несеппен көбірек бөлінуі.
Аклиматизация - жерсіндіру, бейімделу.
Алкалоз - организмде қышқыл-сілті тепе-теңдігі бұзылып, сілті катиондары мөлшерінің көбеюі.
Анабиоз (гр. anabіosіs - жандану, қайта тірілу) - қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік қабілетінің уақытша жойылып, не мүлдем әлсіреп кету құбылысы немесе эволюциялық даму жолында организмнің тіршілік ортасына физиологиялық бейімделуі; уақытша күй, мұнда өміршендік процесстердің баяулатылғандығы соншалық тіршіліктің барлық құбылыстары толығымен байқалмайды.
Акобальтоз - күйістілердің созылмалы ауруы, жылқы мен шошқаларда жие кездеседі, асқорытудың бұзылуымен сипатталатын (іш өту, жалау), анемия және кахексиямен жалғасатын.
Альбинизм - реңсіздік (лат. albus -- ақ) -- организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбинизм -- рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі. Бұл ген гомозигота кезінде меланин, хлорофилл пигменттері синтезін тежейді.
Альтеративтік қабыну турлі химиялық заттардың және бактериялардың уының әсерінен дамиды. Кейде ол организмнің сезімталдығы артуының жедел типін бейнелеуі мүмкін.
Алиментарлық дистрофия - арықтау, аштық, жеткіліксіз азықтанғаннан немесе азық құрамында нәрлі заттардың жетіспеуінен болады, зат алмасудың бұзылуымен сипатталады, фермонтопатия, организмде атрофия және дистроция процесінің дамуымен, мал салмақ тастауымен және арықтауымен сипатталады.
Алиментарлық анемия - бұл жануарлар мен адамдардың ауруы, қан аздық болады, бойдың өсуі бұзылады және ауыл шаруашылық төлдердің өсуі бұзылады.
Алиментарлық остеодистрофия - ересек жануарлардың созылмалы сүйек матасының зақымдалуымен сипатталады.
Актиома - тамырларда немесе клеткалық элементтерде дамитың ісік.
Ангиосаркома . Қан жүйесі аркылы тарайтын қан тамырының қатерлі ісігі.
Атрофия (грек, atropheo; а -- жоқ; trophe -- қоректік зат, тамақ) -- қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан жөне лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді.
Аденома. Негізінде біртекті безді эпителийден құрылатын залалсыз ісік. Әдетте құлақ тұсындағы сілекей бездері ауырады.
Анемия - бозару атау ретінде алынады.
Апноэ - тыныс орталығындағы тітіркендіргіштің жетіміздігінен малда тыныс алудың уақытша тоқтауы.
Апатия (селқостық), немесе енжарлық, көніл-сіздік.
Атаксия жүріс тұрысының өзгеруі.
Аффинитет - әртүрлі жасушалар мен тіндердің организмге түскен немесе сонда пайда болатын белгілі бір химиялық элементтерді сіңіру және байланыстыру қабілеті.
Базофилдер - цитоплазма түйіршіктері қара-күлгін түске боялатын түйіршікті лейкоциттер тобының бірі.
Барорецепторлар - қуыс органдар (ішек, тамыр т.б) кенересінің механикалық созылуын қабылдайтын, оның ішіндегі сұйыққа қысым түсіретін интерорецепторлар.
Билирубин - өт пигменті, негізінен бауыр, талақ және емдік жасушаларында гемоглобин ыдырағанда түзіледі.
Биопсия - микроскоп арқылы зерттеу мақсатында тірі мал денесінен тін не ағзасынан зерттеуге кішкене ет кесіп алу.
Биологиялық өлім өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм тіршілігінің тоқтауын білдіреді.
Бұлшық ет ағаруы - ішек-асқазан, тыныс алу жолдарының, буындарының қабынуы немесе зақымдануы, тері аурулары, жүрек және сүйек бұлшық еттерінің ағаруымен сипатталады. Көбінесе төлдерде кездеседі.
Бластома (Вlastoma -- өркеннан өскен ісік) -- бластома. Пісіп жетілмеген клеткаларды реттелуге көнбейтін, тоқтаусыз кобею негізін құрайтын қатерлі ісік.
Бүйрек инфарктісі - жаңа туған 7 күндік жануарларда болады, кейін жоғалып кетеді.
Меланоз (МеIаn - қара қоңыр - патологиялық күй) - Мүшелер мен тканьдерде меланин пигментінің түйінді немесе жайылма жиналуы.
Миокардит - жүрек бұлшық етінің абынуы
Мастит (грек. mastos -- емшек) -- сүт безінің қабынуы.
Менингит -- бұл көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы.
Миелома (плазмоцитома) - плазмалык торшалардың бүкіл организмге таралуы.
Мукоидты ісіп - кебу - коллогенді талшықтардың ісіп кебуімен сипатталады,фибрильді құрылым жуылады.
Метаплазия (Меtарlаsіа - өзгерту) -- Тканнің бір түрінің екінші тектес түріне ауысуы. Мысалы, трахея мен бронхтардың призма тәрізді эпителиінің көп қабатты жайпақ эпителийге ауысуы.
Ваканттық гиперемия - барометрлік қысымның төмендеуі салдарынан қанның едәуір құйылуы, соның әсерінен тамырларды қан кернеп, тамырдың жарылуы және қан ағуы.
Ваканттық гипертрофия - мүшенің негізгі тіндік элементтері семген (трофия) кезінде дәнекер тіннің көбеюі. Мысалы, бұлшық еттегі май және талшықты дәнекер тіннің көбеюі.
Гидропиялық (сулы вакуольді) дистрофия жасуша цитоплазмасындасүйықтыкден толған вакуольдердің пайда болуымен сипатталады.
Габитус - мал денесінің сыртқы тұрпаты.
Гастрит - қарынның кілегей қабығының қабынуы.
Гастроэнтерит - қарын мен ішектің қабынуы.
Гемагглютинация - бактериялардың, токсиндердің және басқа да әсерден эритроциттердің желімделуі және тұнба түзуі.
Гематома - қан тамырларының жарақаттануынан қан құйылып жиналуы.
Гематурия - несеппен бірге қанның бөлінуі.
Гемиплегия - ми тамырларының бітелуі, онда қанның құйылуы мен ұйып қалуынан дененің бір жақ жартысындағы бұлшық еттерінің парличке шалдығуы.
Гемосидероз - тіндер мен органдар құрамында темір бар пигменттің - гемосдериннің (гемоглобиннің ыдырауының ақырғы өнімі) бөлінуі.
Гемоторакс - кеуде қуысына қанның құйылуы.
Гепатит - бауырдың дәнекер тінді стромаларының қабынуы;
Гепатоз - бауырда зат алмасудан болатын (белоктық, амилоидтық, углеводтық және майлық, сондай-ақ улы гепатодистрофия) ауру.
Гиалиноз - тінде немесе жасушада белок - гиалин түзілетін белоктық дистрофия түрі.
Гидремия - қандғы плазма еебінен оның жалпы көлемінің көбейіп, қанның сұйылуы.
Гиперергия - организм реактивтілігінің кенеттен көтерілуі, жалпы және жергілікті реакцияның аллергенге сезімталдығының күшеюі мен жиілеуі.
Гипоксия - оттегі жетіспеушілік, тіндерде оттегі мөлшерінің кемуі.
Гипосаливация - сілекей безінің фунциясы бұзылудан сілекей бөлінудің кемуі.
Гликемия - қанда глюкозаның болуы.
Глюкоген - бауыр мен бұлшық етте глюкозадан түзілетін мал крахмалы.
Гломерулонефрит - бүйректің қабынуы, нефриттің бір түрі.
Госсипол - мақта дәнінде болатын фенол тектес пигмент, активті антиоксидант, клетка, тамыр және нерв уы.
Гиперемия ауырғанда қызаруы - гиперемия немесе геморрагиялар атау ретінде алынады.
Ганглиома - ганглиозды клеткадан тұратын ісік.
Гипостаз - өлексенің тамырларында және ішкі органдарда қанның жиналық қалуы.
Глиома - неврология тор элементтерінің ісігі.
Глюкопротеид - құрамында күрделі углеводтар бар, күрделі ақуыздар
Гиперемия - қан айналым жүйесінің бір жерінде қанның толып, тұрып қалуы.
Гипертрофия - жануарлардың денесіндегі мөлшерлі органдарының немесе оның бөлімшелерінің көлемі артуы.
Гиперплазия - клеткалар санының немесе клеткаішілік ультрақұрылымдар санының көбею
Гемморагиялық қабыну - бұл қабыну түрі күрлеті септикалық індеттерде дамиды ( сібір жарасы, шошқа тілмесі, пастереллез, шошқа обасы және т.б), сондай - ақ қатты әсер ететін улардан (мышьяк, сурьма) және басқада улармен.
Гемангиома - ісіктің жалпы атауы,
Ірің(руоп) - денедегі қабынған жерлерде пайда болатын сары күрең немесе жасылдау түсті қою сұйықтық.
Іріңді қабынуларды көптеген патогенді және шартты- патогенді бактериялар, әсіресе көптеген жедел және жеделдеу іріңдеудерді кокктар (барлық іріңді аурулардың 70-80%) тудырады.
Гидроторакс - емізулі шеменнің айналасы
Гепатоз (Hepatosis - бауыр сыркаты)- Негізінен гепатоцит ішіндегі зат алмасудың бұзылуын (гепатоцит дистрофиясы) құрайтын бауыр ауруларының жалпы аты.
Гепатит (сары ауру) -- бауырды зақымдайтын вирустық инфекция.
Гиповитаминоз А - бұл жануарлардың созылмалы ауруы, организмде А витаминнің жеткіліктісздігі немесе мүлдем болмауынан болады.
Гиповитаминоз В - бұл ауру орназмде ватимин В1 ( тиамин) жеткіліксіз болғанда пайда боалыд.
Гиповитаминоз РР - жануарлар мен адамдардың созылмалы ауруы, тері және оның туындыларының зақымдалуымен, жүйке жүйесі және асқазан ішек жолдарының зақымдалуымен сипатталады.
Гиповитаминоз С - созылмалы ауру, гемморагиялық диатезбен сипатталады.
Гиповитаминоз Д - Д дәруменінің жетіспеушілігі мен күннің ультра күлгін сәулелерінің жеткіліксіз мөлшерде болуы салдарынан пайда болатын ауру. Рахит ауруы кезінде минералды зат алмасу процесі мен сүйектің түзілуі бұзылады
Гиповитаминоз К - сирек кездесетін ауру, гемморагиялық диатез, анемия және тері асты клеткаларының үйып қалуымен сипатталады.
Лейкодерма - Меланин түзілуінің жергілікті бұзылысы салдарынан теріде түссіз аймақтардың пайда болуы, себептері алуан түрлі
Липома - Май тканінен тұратын қатерсіз ісік
Лейомиома - асқазанның қатерсіз ісігі
Лимфангиома - Лимфа тамырларынан дамитын қатерсіз ісік.
Лейкоз лейкемия (грек. leukos -- ақ) -- қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады
Лимфасаркома - лимфаретикулярлы жабынның қатерлі ісігі.
Дистрофия - Зат алмасуының бұзылуына байланысты туындайтын жасушалар мен тіндердегі сапасы мен саны жағынан өзгерген зат алмасу өнімдері пайда болуы және жинақталуымен сипатталатын дерттік үрдіс.
Дивертикулдар тоқ ішектің бұлшықет қабатындағы дистрофиялық өзгерістер салдарынан, оның моторикасының бұзылысынан және дәнекер тінінің туа және жүре пайда болған әлсіздігінен , ішек қабырғаларындағы тамырлық өзгерістерге байланысты туындайды
Декальцификация -- ұлпа, ағза немесе организмде кальцийдің кемуі.
Диспротеиноз - белок алмасуының бұзылуы.
Дегидратация - жасуша аралық қуыстан сұйықтың шығуы, құрғау.
Диспноэ - демігу - тыныс алудың типі мен ырғағы, тереңдігі, жиілігі өзгеруімен жүретін қиындаған дем алумен сипатталады.
Диспепсия - жаңа туған төлдердің асқорыту және зат алмасу процестерінің өте жіті түрде бұзылуы салдарынан организмнің сусызданып, улануымен сипатталатын ауру.
Декомпенсция - ауру әсерінен организмде қалпына келу жағдайының бұзылуы.
Дефекация - ішектен нәжістің шығарылуының күрделі рефлекторлық актісі.
Дизурия - қуықтан несеп бөлінудің қиындауы. Несеп-жыныс мүшелерінің ауруынан және жүйке жүйесі (жұлын) зақымднуынан болатын сырқат.
Диурез - организмде несеп түзілу және бөліну үрдісі.
Дифтериялық қабыну - өлі ет пайда болып, кілегей қабығы қбынтын фибриозды қабынудың бір түрі.
Инфаркт - тіннің немесе органның бір бөлігінің қан айналымының бұзылуына байланысты некрозға ұшырауы.
Идиоинкразия - организмнің әртүрлі заттарғ ерекше сезімталдығы.
Импедан - мал оргнизмінің айнымалы электр тоғына жалпы қарсылығы.
Индиканурия - индиканның (индоксинді зиянсыздандыртын зат) несептен шамадан тыс бөлінуі. Белокты азықтарды тым көп бергенде, қарын жынының қышқылдығы кемігенде, сары ауруда притонитте байқалады.
Ихтиопатология - балықтар аурулрын зерттейтін ветеринария саласы.
Инспираторлы демігу - қиындаған дем алумен атау ретінде алынады
Қабыну деп ағзаның эволюция барысынада толық дамыған, патогенді әсерлерді жоюға және зақымдалған ағзалардың, тіндердің, жасушалардың құрылымдық өзгерістерін қайта қалыптастыруға бағытталған, қан айналымының ерекше бұзылуымен, қан тамырлары өткізгіштігінің асып кетуімен және жасушалардың пролиферациясымен (көбею) сипатталатын жергелікті реакциясын айтады.
Крепитация - дем алу кезінде естілетін бір текті ұқсас сытырлаған дыбыстар.
Каротин(лат.carota- сәбіз) - каротин. Қызғылт-сарғыш пигмент.
Каталепсия - бұлшық еттің қозғалы фукциясының бұзылуы.
Кахексия көтерем болу, жүдеу, арықтау.
Клизма - тік ішек арқылы ұйық жібер.
Коагулянт - қанды ұйытуға ықпал ететін зат.
Кома - талма.
Коллапс - орталық жүйке жүйесінің күйзелуінен, қан қысымының күрт төмендеуінен, қан айналысының кемуінен және зат алмасудың бұзылуынан жүрек жұмысының нашарлауы.
Крупозды пневмония көбіне жылқы, шошқа және ірі қарада болатын өкпенің жіті қабынуы.
Ксантоматоз - сары ісіктің денеге жайылуы.
Канкроид - эпителий тканьдерінің қатерлі ісігі - рак
Клиникалық өлім - Тіршіліктің негізгі қызметтерінің тоқталуы
Кетоз - организмде зат алсамасуыдың және энергия жиналудың бұзылуы,
Лапротомия - емдеу және диагностикалық мақсатта құрсақты жару.
Ларингостеноз - көмейдің трылуы не бітеліп қалуы.
Лизуха - жемір болу.
Лихорадка - қызба.
Макродентоз - тістің шамадан тыс өсуі.
Миокард инфарктысы - жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену (некроз) ошағының пайда болуы.
Медиаторлар (делдал) - жүйке ұштарынн бөлінетін және бір жүйке жасушасынан екіншісіне немесе жүйке ұштарынан жұмыс мүшелеріне қозуды немесе тежеуді беретін химиялық заттар (ацетилхолин, норадреналин, гистамин, адреналин, дофамин, серотонин, октонамин, аспарагин және глутамин қышқылдары, бірқатар амин қышқылдары).
Майлы дистрофия - Зат алмасуының бұзылуына байланысты, белоктардың липотроптық факторларының жетіспеушілігі нәтижесінде фосфолипидтер мен липопротеидтердің түзілуі бұзылып, бауырда көп мөлшерде бейтарап майлар жиналады.
Түйіршікті дистрофия - цитоплазмада табиғаты белок болып келген өте көп түйіршіктердің пайда болуымен сипатталады. Дистрофияның бұл түрі дистротейноздардың ішінде ең жиі байқалады. Түйіршікті дистрофия әсіресе бауырда, бүйректерде және жүректе айқын көрініс береді.
Меторизм - іш кебу.
Мильгия - бұлшық ет ауруы.
Миелит - жұлынның қабынуы.
Миосклероз - бұлшық еттердің қатайып өзгеруі.
Моноплегия - дененің бір жағының сал болуы.
Мутиляция - мүшенің шіріген жансыз жерінің жанды жерінен бөлінуі.
Некроз (гр. nekros -- өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі клетка мен тіндердің өлуі.[1] Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды.
Нефроз (Nephrosis - бүйрек ауруы) - Бүйрек өзекшелері эпителиінің дистрофиясы басым ауру. Оның ең ауыр түрі некрозды нефроз.
Неврома (Neuroma - жүйке ісігі) - Нерв талшықтарынан немесе ганглий клеткаларынан тұратын ісік.
Невроз - орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылудан болатын ару.
Нейтропения қандағы нейтрофильдер анының кемуі.
Неоартроз - жаңа буын.
Неотения - мүшелердің өсу қасиетінің тоқталуы.
Нефрогидроз - бүйрек шемені.
Нефролит - бүйрек тасы.
Нефропиелит - бүйрек түбегінің қабынуы.нефроптоз - бүйректің төмендеуі.
Нимфомания - ұрғшы малдардың қалыптан ты жыныстық қозуы.(бие, сиыр шршқада байқалады).
Остеодистрофия-бұл зат алмасу процесінін, бұзылуынан ішкі ағзалардың жеткіліксіз қоректенуінен және қалқан бездерінің ауруға шалдығуынан болады. Ол организмдеминералды тұздардың азаюынан сүйек қаттылығының нашарлауына соқтырады.
Остеомаляция -- фосфор - кальций алмасуының бұзылуына байланысты сүйек тканінің жұмсаруы.
Остеопороз -- организмдегі фосфор-кальций алмасуының бұзылуынан болатын пародоит және бет, жақ сүйек ауруында кездесетін тканьдерінің сиреуі.
Остеома-сүйек тінінде жетілген ісік.
Обтурация - ішек, тамыр т.б қуыстардың бітелуі.
Одонит - тістің қабынуы.
Олигемия - оргнизмде жалпы қан мөлшерінің кемуі.
Олигопноэ - тыныс алудың баяулауы.
Ортопноэ - ауыр ентігу.
Остеит - сүйектің қабынуы.
Остеобласт - сүйек құраушы жасушалар.
Остеоплазия - сүйек тінінің даму процессінің бұзылуы.
Остеодистрофия - мал организмінде фосфор кальций және витамин алмасудың бұзылуынан болатын сүйектегі созылмалы ауру.
Панкардит - жүректің барлық қабаттарының қабынуы.
Плегафония - кеңірдекті нұқу.
Панмастит - емшек шелінің іріңдеп қабынуы.
Перикардит-жүрек қабының қабынуы.
Перитонит (лат. perіtoneum -- іш перде) -- іш қуысын және онда орналасқан органдарды жауып тұратын сірі қабатының жедел немесе созылмалы қабынуы.
Паракератоз -- эпидермис клеткаларының мүйізгектену процесінің бұзылуы. Бұл жағдайда клеткалардың ядросы сақталып, түйіршекті қабаты жойылады.
Парабиоз - өмір мен өлім арасындағы жағдай.
Парапарез - шала сему.
Патокинез - пайда болған патологиялық үрдістің дамуы, клиникалық формасы мен анатомиялық өзгерістері.
Перигастрит - қарынның сірі қабығының қабынуы.
Плевра - көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабық.
Пневмосклероз - альвеолалардың кенересіндегі және бронхтар маңйындағы дәнекер тіндердің қатаюы, соның салдарынан өкпе қызметінің шектелуі.
Падагра - сирақ саусақтарының буынына несеп қышқылы тұздарының жиналуы.
Пойкилоцит - бұрыс пішінді эритроциттер.
Полидипия - шөліркеу.
Полицитемия - қандар эритроциттердің көбеюі.
Постит - күпек қабының қабынуы.
Рабдомиома - көлденең-жолақ бұлшық ет тінінде пайда болатын қатерсіз ісік.
Рентгеноскопия - рентген сәулесімен мүшені тексеру.
Репарация - патологиялық процесс орнында тіндердің қалпына келуі.
Ретинит - көздің тор қабығының қбынуы.
Руминит - қарынның кілегей қабығы мен кенереінің қабыны.
Сфигмограф - қозғалысты жазу үшін, сфигмотонограф - қысымды өлшеу.
Семиотика - ауру белгілері (симптомдары) және белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуі (синдромдары) туралы ғылым.
Сидероз - темір ұшқындарының тін мен мүшелерде қабатталуы..
Скиология - көзбен зерттеу ғылымы.
Ступор (қатып қалу) мылқау же мелшиіп қалуды айтады.
Сопор- терең ұйқыға кету, ми қызметі бузылып, үнемі ұйқыға кету.
Саливация - сілекей ағу.
Силикоз - малдың ұзақ уақыт бойы кремнезем тозаңын жұтудан болатын өкпе ауруы; пневмокониоздың бір түрі .
Симбиоз селбесу.
Симптом - ауру белгісі (патологиялық және компенсаторлық).
Синдром - белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуі.
Синостоз - сүйектердің қатайған шеміршек арқылы жіктесіп бірігуі.
Спленит - талқтың жіті және созылмлы қабынуы.
Стаз - іркілу, (түтікті органда қанның (гемостаз), нәжістің (копростаз), т.б.
Тендинит - сіңірдің қабынуы.
Тератома - төлдің іште дамуындағы кемістіктен болатын ісік.
Термоплегия - ыстық өту.
Тетания - жүйке жүйесін қоздырып, құрыстыратын ауру белгісі.
Тремор - дірілдеу, қалтырау.
Тромб - ұйыған қан.
Тромбопатия - қанның жеткіліксіз ұюы.
Тумор - ісік (жаңа өсін, бластома).
Уролит - несеп тастары.
Уроцистит - қуықтың кілігей қбығының қабынуы.
Фибография (вена пульсін жазу) - флебограф аспабы арқылы көк қан тамырының соғуын жазу.
Флатуленция : қарында немесе ішекте газдың көп мөлшерде жиналуы; газдың көп мөлшерде шығуы.
Физиологиялық өлім - табиғи өлім, қартаю құбылыстары нәтижесінде пайда болады.
Регенерация-жануарларда түгелдей не жарым-жартылай алып тасталынған, зақымданған не жойылған органның немесе оның бөлігінің (тіннің, ұлпаның) қайтадан қалпына келуі.
Рабдомиома (көне грекше: rhabdomyoma - ісік). Көлденең бұлшық еттің, қатерсіз ісігі. Тіл етінде өте жиі кездеседі, пайда болған соң ауырмай дамып, үлкейетін дерт.
Флюктуация - патологиялық орында (абсцесс, гематома, бурсит т.б) сұйықтың жингалу белгісі.
Халикоздар - жылқы өпесі мен бауырында кездеетін әк тұзды талшықтан құралған түйіршіктер.
Хилурия - лимфаның несеппен бөлінуі. Хилус - сөл, шырын: ішектің лимфа тамырларындағы сұйықтық, ммй тмшылары көп лимфа.
Химостаз - жынның онекі елі ішекте, кейде ащы ішекте ірілуінен болатын түйнеу.
Цианоз- көгеру атау ретінде алынады.
Цирроз - созылмлы ауру салдарынан мүше жаушаларының бүрісуі, органның деформациялнуы.
Чейн-Стокстық тыныс алу - жұлынға қан құйылғнда, уремияд (несеп зәрінің денеге жайылы), уланғанда, петехия қызбасында байқалатын патологиялық тыныс алу. Тыныс ритмі әртүрлі болды.
Штамм - бағана: морфологиялық және биологиялық қасиеттері, генетикасы біркелкі болып келетін микроб себіндіі.
Эзостоздар - жарақттың, сүйек ауруларының слдарынан сүйек үстінде өсіндер пайда болу.
Экламисия - буаз малдатөлдер алдында, сондай-ақ төлдегеннен кейін болтын тлықсу.
Эктазия - белгілі бір түтік тәрізді орган қуысының қалпынан анағұрлым ұлғаюы.
Эктопия - ішкі органның немесе тіннің қалыптан тыс ауытқуы.экхимоз - қанталау.ұрылудан, соғылудан жұмсақ тіннің шамалы қанталауы.
Эмеиз - құсу.
Эмпиема - іріңді қуыс. Табиғи қуыстарға жиналу.
Эмфизема - альвеолалардың кеңеюі.
Эндемия - белгілі бір жерде кейбір аурудың тұрақты түрде кездесуі.
Энтералгия - ішектің түйілуі
Эпителиома - эпителийде болатын ііктердің жалпы ты.
Этиология - аурудың ебептері және ипйда болуы туралы ғылым.
Эупноз - біркелкі жеңіл тыныс алу.
Эксудация-бір жерге сұйықтықтың жиналып,сол жердің ісінуі.
Эксудатты қабыну-бір жерге сұйықтықтың жиналып сол жер ісініп ол жерде қабыну процесінің пайда болуы.
Эндокардит-Жүректің ішкі қабының қабынуы (Endocarditis - эндокардит). Өтуі боййынша жіті (endocarditis acuta) және созылмалы (endocarditis chronica), орналасуы бойынша - қақпақшалардағы және қабырғалардағы, аурудың сипаты бойынша - сүйелді (endocarditis verrucosa) және жаралы (endocarditis ulceroan) түрлерге бөлінеді.
Энцефалит (грек. enkephalos - ми) - ауру тарататын микроорганизмдердің салдарынан мидың қабынуы.

2.ДӘРІСТЕР

5В120100 Ветеринариялық медицина мамандығына арналған
Жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен
ІІІ пәнінен №1 Дәріс

Модуль 1 Гастроэнтерит ауруы

Тақырыбы: Гастроэнтериттер. ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы.
Жоспары:
Ауруды ғылыми негізде тану.
Күйіс қайыратын малдардың төлдерінің ас қорыту жүйесінің анатомо- физиологиялық ерекшелктері.
Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы.
Бұзаулардағы жұқпалы емес ас қорыту жолдарының ауруларын анықтау тәсілдері және арнайы ветеринариялық іс шаралар

Гастроэнтериттер
Ішек-қарын қабықтарының қабынуы. Бұл ауру ішек пен қарынның тек қана кілегейлі қабығының ғана ауруы емес, онан да терең орналасқан қабаттарының қабынуымен сипатталады. Қарынның ащы және тоқ ішектердің барлық қабаттарының жарақаттануы гестроэнтероклит деп аталады.
Қабынудың түріне қарай катаральді, гемарагиялық, крупозды, дефтериялық болып бөлінеді. Бірақ олардың әрқайссын жеке-жеке тек өлексені тексергенде ғана ажыратуға болады. Бұл ауру бұзаулар мен торайларда сүтке қосымша басқа да тамақтар жей бастаған уақытта жиі кездеседі.
Себебі: Торайлар, қозылар және құлындар ерте баста аналық сүтіне жарымағандықтан қосымша тамақпен қоректенуге мәжбүр болуы. Қарыны аш малдың қосымша тамақты қомағайлана , ерте бастан пайдалануы ауруға шалдығуының бірден бір себебі. Бұл ауру аналық малды жиі жиі бұзылыған азықпен, ал жас төлдерді толық әзірленбеген азықпен қоректендіргенде пайда болады. Желіні қабынған аналық малдың сүтімен немесе бұзылған көк сүтпен төлдерді тамақтандырғанда өз әсерін тигізеді.Тіпті рационның құрамы өзгергенде де бұл аурудың болатынын байқауға болады. Ішек қарынның қабынуы әсіресе диспепсиямен қатты ауырып жазылған төлдердің арасында жиі кездеседі. Оған ондай ауруды дұрыстап емдемеу немесе емдеу жұмысын аяғына дейін жеткізбеу себеп болады.
Дамуы. Ас қорыту процесінің бұзылуының және ішектегі микрофлораның өзгеруінің салдарынан пайда болған немесе тамақпен бірге түскен улы заттар қарын мен ішектің кілегейлі қабығына өз әісерін тигізеді. Осының салдарынан қарын мен ішектің секреция және жиырылғыштық қызметтері бұзылады да, ол зат алмаудың өзгеруіне әкеп соғады. Қабыну реакциясы біліне бастайды; оның күшеюіне байланысты ауру малдың жалпы жағдайы да ауырлай түседі. Ішек қабырғасының сіңір қызметі бұзылып, оның кілегей қабығының тосқауылдық рөлі нашарлайды.Улы заттың ішектен қанға сіңіп, организмнің жалпы улану процессі басталады. Осыдан барып ішкі ағзалар мен нерв жүйесінің қызметтері бұзылады. Организмде зат алмасудың бұзылуының жалпы белгілері білінеді. арықтау, терінің сыртқы қабығының өзгеруі гиповитоминоздың белгілері, тәбеттің өзгеруі т.б жүрек жұмысы мен қан айналу процессі қанталап, оттегінің жетіспеушілігінен пайда болатын белгілер анықталады.
Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық. Жүннің сырты қылшығы былғанған. Қарында ұлтабарда толық алмаспаған иісі сасық тамақтың қалдығы және қоюланған жалқаяқ. Қарынның ұлтабар қабырғасы қалыңдаған, кілегей қабығы жиырылған, ісінген, әрбір жерлерінде қызарған, қан құйылған бөліктері бар. Ішектің іш қабығындағы өзгерістер әр түрлі болып келеді.
Катаральды гастроэнторитте ащы ішектің қабырғасы қалыңдаған, кілегейлі қабығы жиырылған, жалқақпен қапталған әр жерлері қызарған.
Геморрагиялық түрінде кілегей қабықтың ісінуі ғана ұлғая түсіп, түрі ақшыл қызылдан қара қошқылға айналып, көлемі жағынан әр түрлі көптеген қан құйылған жерлері байқалады.
Фибринозды түрінде ащы ішектің кілегейлі қабығы болбыр болып, бетінде фибрин пленкасы болады. Ал кілегей қабықпен біте байланысқан ұсақ бөлшектер кездессе ол дифтериялық түрінің белгісі. Егер ішектің кілегейлі қабығында формасы мен көлемі әр түрлі жаралар кездессе, ондай қабынуы жаралы қабыну деп атайды.
Шажырқайдың лимфа түйнектерінің инфильтрациясы құрсақ көк етінің висцеральды бөлігінің қызарғаны, кейде оның қабырғасының бетінде фибринді планканы байқауға болады.
Бауырдың көлемі үлкейген, балшық түстес, быжырланған, кескен кездегі суреті белгісіз болып келеді. Көкбауыр ісінген. Бүйрек пен жүрек еттерінде дегенеративтік өзгерістер байқалады.
Белгілері ауру жедел және созылмалы түрлерінде кездеседі. Мал әлсіреген t 40⁰ С-ке көтерілген. Егер өзгеріс тек қана қарында болса, онда қатпар пайда болады да, ол ішек жарақаттанған болса тұрақты іш өту болып - жалқаяқ, қан, фибрин пленкасы араласқан су бөлінді. Ішек микрофлорасы бұзылып малдың парқы солып не қампиып тұрады. Ішек-қарынның түйнегіне ұқсаған аурудың белгілері де уақ-уақ болып тұрады. Организм улануы басталады, сусызданады. Лейкоцит артады, тұтқырлығы жоғарлайды, ұюы жылдамдайды.
Зәр шығару азайуы, оның құрамынан белокты, ақ қан түйіршіктерін, бүйрекке тән эпителий клеткаларын табуға болады. Реакциясы қышқыл болып келеді.Аурудың созылмалы түрінде аурудың бұл белгілері біліне қоймайды. Ауруды дер кезінде емдеуге болады. Кейде зоогигиеналық жағдай дұрыс болса өкпе қабынуына мешел, тері аурулары т.б ауруларымен асқына түсуі мүмкін.
Анықтау. Аналық мал мен төлдің күтімі, азық құрамы, ауру белгілері, өлекседегі өзгерістерге көңіл аудару керек.
Саралау. Колибактериоз, сальмонеллез, стрептококкоз, пастереллез және басқа аурулардан лабораториялық зерттеулер арқылы ажыратуға болады.
Емі. Себептерін жою. Малды жартылай не толық ашықтыру керек, бірақ жылы таза суды үнемі береді. Торайларды6-18 сағ; қозы-6-8 сағат -18 сағат; бұзау 18-24 сағат ашықтырады. Шөп қайнатпасын, шайды беруге болады. Іш өткізетін дәрілерорта тұздар, клизма, майлар. Қарынды зондпен жуу. Күріш, зығыр, дәкі, сұлы не арпадан, картоп немесе крахмал дайындаған кілегейлі қайнатпалар береді. Микробтарға қарсы дәрілер қолданылады. Жүрек жұмысын қалпына келтіру үшін кофейн, комфари майын, наперстянка препараттарын жібереді.
Ішектегі микрофлораны жақсарту үшін ацидофильді препараттар (БК және ПАБК) ацидофильді сүт, ашытылған сүт.
Сақтандыру шаралары. Себептердің алдын алу. Зоогигиеналық, азық рационы т.б
Ас қорыту жүйесінің аурулары:
Жынның мес, тақия, жалбыршақ қарындарында кідірілуі мирофлора құрамын өзгертеді.
Улы заттар зат алмасуды бұзып ацидозды дамытады.
Организмнің улануы айқындала бастағанда мал жабығады.
Қанның морфологиялық құрамы қалыпты болады, регенеративті ығысқан түрде нейтрофильді лейкоцитоз жағына өзгереді.

Емі. Микробиалды үрдістерді қалыптастыру,
Улануды азайту
Мес қарынды 1% натрий сульфат немесе гидрокорбанат ерітіндісімен жуып-шаю 3040 литр
Тері астына КРС 0,001-0,003 карбохалин; МРС 0,002-0,0004 пилокарпин гидрохлоратын КРС-0,05-0,4, МРС 0,01-0,04 прозерин немесе физостетмин салицилатын
Холинэргиялық дәрілерді беруге- мес қарындағы бығып тығызданып қалған жынды жуып - шаю 5% натрий немесе мангий сульфат ерітінділерін КРС 400-700 г, МРС 40-80 г, беру арқылы сұйылтады.
Инфузория саны азайып, Гр+ бактерия түрі азаяды.
- Эмбринальдық жетілу
- Төлдер қоректенуіндегі қателіктер
- Қанда қоюланады, әсіресе капилярлардағы қан айналысы бұзылуы, ұлпаларда гипоксия дамиды. Эозонофильдер жоғалады, нейртрофилльдер көбейеді.
- Токсикалық диспепсия
Организімнен бөлінген судың орнын толтыру үшін физиологиялық ерітіндіні беру керек.
Ас қорыту процеснің қалыпты жағдайға келіп, су мен тұз алмасуының қалыптасуын, ішектегі микрофлораның қызметін түзеу.
Гастроэнтерит асқазан мен ішектердің бір уақытта, кілегей қабығы, кілегей қабығы асты, кей жағдайда бұлшық етті қабығы мен серозды қабаттарының қатар қабынуымен сипатталатын ауруды айтады. Сипатына қарай крупозды, дифтеритті, кілегейлі - мембраналы, геморрагиялық, флегмонозды, іріңді және басқа формаларын ажыратады.
Гастроэнтерит барлық жануарларда кездеседі, жиірек төлдерде, ірі жануарлардан жылқы жиі ауырады, сирек шошқа мен ірі қара малы ауырады. Гастроэнтерит өтуіне қарай жіті және созылмалы түрлерге бөлінеді.
Кейінгі гастроэнтериттер ішектердің бітелулерінде жиі кездеседі (химостаз, капростаз, обтурация, инвагинация, ішектердің тромбозы).
К.И. Вертинский дәлелдеуі бойынша, саңырауқұлақтар организмге түскеннен кейін асқорыту жүйесінің кілегейлі қабығын және басқа да безді органдардың қызметтерін бұзады. Ішектердің эпителийлерінің зақымдануы, алмасу қызметін атқарушы, ішекке токсиндердің келуін жылдамдатады. Микробтар мен белоктардың қан айналысына өтіп лимфа жүйесіне өтуіне қолайлы жағдай туады, дене температурасы көтеріледі. Токсиндердің организмде көбеюі қанның азаюына, нәтижесінде жүрек жұмысының, газ алмасуының, зат алмасуының нашарлауына, ұлпалардың трофикалық қаблетінің бұзылуына, соңында патологиялық процесстің дамуына әкеп соғады. [4,6]
Формасында қалың пленкалар немесе кілегей қабықтың бөліктері кездеседі, ал іріңді және флегмонозды формаларында - ірің, кілегей қабық бөлшектері, қан, және өлі еттенген ұлпалар кездеседі.
Өтуі және болжамдары. Гастроэнтерит шошқалар мен жылқыларда өте жылдам дамып, алғашқы үшінші күні летальды көрініс алады. Көп жағдайда ауру 7 - 15 күнге созылады. Гастроэнтерит гепатитпен, нефрозды нефритпен немесе миокардитпен дамыса көбінесе жануардың өлімімен аяқталады. Жіті гастроэнтерит кейде созылмалы гастроэнтериттке ауысады.
Диагноз. Аурудың кенеттен пайда болуы және жылдам дамуы, іш өту, шаншу құблысы, жалпы әлсіздік, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, және т.б. белгілері, катаральды асқазан қабынуы, жүйке жүйесі тарапынан ешқандай өзгеріссіз өтетін, жүрек - қан тамырлар жүйесінің және басқа органдардың қызметтерінің бұзылуларынсыз өтетін жай дамитын түріне қарағанда диагноз қою оңайырақ.
Дифференциальды диагноз. Екінші реттік гастроэнтеритті сібір жарасынан, пастереллезден, шошқа обасынан, сиыр обасынан, ит обасынан ажырату керек. Бұл аурулардан негізгі белгілеріне қарап, эпизоотологиялық факторлары мен зерттеу нәтижелеріне қарап ажыратамыз. Улануға күдік туған жағдайда азығы мен нәжәсін улы заттарға қарсы тексереміз.
Емі. Ауру жануарларды жалпы табыннан бөліп алып, жеке ұстайды. Алғашқы тәулікте ашықтырып ұстау қажет. Суды шектемейді. Асқазандағы улы заттарды шығару үшін тері астына апоморфин жібіреді. Жылқылардың асқазанын міндетті түрде 0,85% натрий хлориді ерітіндісімен жуу керек. Ішектерді улы заттардан тазарту үшін ішке магний сульфатының 4% ерітіндісін береді, жылқыларға 200 - 400 г, ірі қараға 300 - 700 г, шошқаға 25 - 50 г мөлшерінде немесе ірі жануарларға күнбағыс, зығыр майларын беруге болады.
Асқазан мен ішектердің кілегейлі қабықтарының қабынуларында зығыр дәнінің, күріш, арпа, бидай ұнының қайнатпаларын, глюкоза, ихтиол, салол немесе бензофтолды қосып берген, 2 - 3 тауық жұмыртқасын 1 л суға араластырып бергеннің де нәтижесі жақсы. Қайнатпаны ірі жануарларға 1,5 - 2,5 л, ұсақ жануарларға 100 - 400 мл мөлшерінде, күніне 3 - 5 реттен береді.
Егер гастроэнтериттің геморрагиялық формасы дамыса ішке 10% - ды кальций хлорид ерітіндісін береді. Тері астына немесе ішке күнделікті С витаминін еңгізеді,
Дозасы: ірі жануарларға 0,5 - 2,0, ұсақ жануарларға 0,02 - 0,05 мөлшерінде. Гастроэнтерит гепатитпен байқалса ішке немесе бұлшық етке викасол тағайындайды. Сульфаниламидтер мен антибиотиктерді кеңінен пайдаланады (фталазол, синтомицин, биоветин т.б.). Іштің өтуіне қарсы еммен тамырының қайнатпасын, танальбинді ішке тағайындайды. Жіті энтеритте диеталық азықтар маңызды роль атқарады.
Ауырсынғанды басу үшін қарын аймағына жылулық басу керек, электрожылытқыш қолдануға болады, ұсақ жануарларда соллюкс лампасын қолдануға болады. Геморрагиялық гастроэнтеритте жылулық қолдануға болмайды. Қысқа мерзімді ауырсынғандықты басу үшін қарын аймағына платифилин, атропин немесе анальгин жібереді.
Жүрек жұмысының нашарлауына қарсы камфора майын тағайындайды, кофеин препаратын, наперстян немесе строфант қолданылады. Қан қысымы төмендесе тері астына эфедрин немесе адреналин жібереді.
Интоксикациямен күресу үшін венаға глюкоза ерітіндісін, натрий гидрокорбанатын, 5 - 10% натрий хлор ерітіндісін қолданады.
Формасында қалың пленкалар немесе кілегей қабықтың бөліктері кездеседі, ал іріңді және флегмонозды формаларында - ірің, кілегей қабық бөлшектері, қан, және өлі еттенген ұлпалар кездеседі.
Өтуі және болжамдары. Гастроэнтерит шошқалар мен жылқыларда өте жылдам дамып, алғашқы үшінші күні летальды көрініс алады. Көп жағдайда ауру 7 - 15 күнге созылады. Гастроэнтерит гепатитпен, нефрозды нефритпен немесе миокардитпен дамыса көбінесе жануардың өлімімен аяқталады. Жіті гастроэнтерит кейде созылмалы гастроэнтериттке ауысады.
Диагноз. Аурудың кенеттен пайда болуы және жылдам дамуы, іш өту, шаншу құблысы, жалпы әлсіздік, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, және т.б. белгілері, катаральды асқазан қабынуы, жүйке жүйесі тарапынан ешқандай өзгеріссіз өтетін, жүрек - қан тамырлар жүйесінің және басқа органдардың қызметтерінің бұзылулурынсыз өтетін жай дамитын түріне қарағанда диагноз қою оңайырақ.
Дифференциальды диагноз. Екінші реттік гастроэнтеритті сібір жарасынан, пастереллезден, шошқа обасынан, сиыр обаснан, ит обаснан ажырату керек. Бұл аурулардан негізгі белгілеріне қарап, эпизоотологиялық факторлары мен зерттеу нәтижелеріне қарап ажыратамыз. Улануға күдік туған жағдайда азығы мен нәжісін улы заттарға қарсы тексереміз.
Емі. Ауру жануарларды жалпы табыннан бөліп алып, жеке ұстайды. Алғашқы тәулікте ашықтырып ұстау қажет. Суды шектемейді. Асқазандағы улы заттарды шығару үшін тері астына апоморфин жібіреді. Жылқылардың асқазанын міндетті түрде 0,85% натрий хлориді ерітіндісімен жуу керек. Ішектерді улы заттаран тазарту үшін ішке магний сульфатының 4% ерітіндісін береді, жылқыларға 200 - 400 г, ірі қараға 300 - 700 г, шошқаға 25 - 50 г мөлшерінде немесе ірі жануарларға күнбағыс, зығыр майларын беруге болады.
Асқазан мен ішектердің кілегейлі қабықтарының қабынуларында зығыр дәнінің, күріш, арпа, бидай ұнының қайнатпаларын, глюкоза, ихтиол, салол немесе бензофтолды қосып берген, 2 - 3 тауық жұмыртқасын 1 л суға араластырып бергеннің де нәтижесі жақсы. Қайнатпаны ірі жануарларға 1,5 - 2,5 л, ұсақ жануарларға 100 - 400 мл мөлшерінде, күніне 3 - 5 реттен береді.
Егер гастроэнтериттің геморрагиялық формасы дамыса ішке 10% - ды кальций хлорид ерітіндісін береді. Тері астына немесе ішке күнделікті С витаминін еңгізеді, дозасы: ірі жануарларға 0,5 - 2,0, ұсақ жануарларға 0,02 - 0,05 мөлшерінде. Гастроэнтерит гепатитпен байқалса ішке немесе бұлшық етке викасол тағайындайды. Сульфаниламидтер мен антибиотиктерді кеңінен пайдаланады (фталазол, синтомицин, биоветин т.б.). Іштің өтуіне қарсы еммен тамырының қайнатпасын, танальбинді ішке тағайындайды. Жіті энтеритте диеталық азықтар маңызды роль атқарады.
Ауырсынғанды басу үшін қарын аймағына жылулық басу керек, электрожылытқыш қолдануға болады, ұсақ жануарларда соллюкс лампасын қолдануға болады. Геморрагиялық гастроэнтеритте жылулық қолдануға болмайды. Қысқа мерзімді ауырсынғандықты басу үшін қарын аймағына платифилин, атропин немесе анальгин жібереді.
Жүрек жұмысының нашарлауына қарсы камфора майын тағайындайды, кофеин препаратын, наперстян немесе строфант қолданылады. Қан қысымы төмендесе тері астына эфедрин немесе адреналин жібереді.
Интоксикациямен күресу үшін венаға глюкоза ерітіндісін, натрий гидрокорбанатын, 5 - 10% натрий хлор ерітіндісін қолданады.
Ірі қара малында шіру процесстерін тоқтату үшін сумен ихтиол немесе креолин (15,0-20,0гр); нафталин немесе формальдегит ерітіндісі (15,0-25,0гр), скипидар (20,0-30,0гр) араластырып және тимпанол, (1-2литр) сүт т.б. ішке беруге болады. Хлоралгидраттың 10%-дық ерітіндісімен тамыр ішіне егкенде жақсы нәтиже береді. Месқарындағы газды жою үшін зонд қолданған және қарынды жуу, уқалау қолданылып жасалынады. Болмаған жағдайда руминоцентез - месқарынды тесу қолданылады. Алдыңғы қарыншақтардың қызметін жоғарлату үшін руминаторлық заттар, ал шектер мен қарынды ішіндегі заттардан босату үшін - іш өткізетін заттар тағайындалады.
Ветеринария ғылымы жануарлардың жұқпалы емес ішкі аурулардың туындау себептерін, өту ерекшеліктерін зерттей келе оған қарсы іс шараларды үнемі жетілдіруде.
Ауруды ғылыми негізде тану және емдеу үшін организмнің анатомиялық және физиологиялық құрылысы малдардың жасына байланысты өзгеріп отыратындығын нақты түсінуі қажет.
Жалпы ауруға тән құбылыстарды ғылыми сілтемелер арқылы дейектеме берер болсақ, И.В.Давыдовский пікірінше жануардың сыртқы ортаға қалыптасып үлгермеуі және өз микроорганизмінен инфекциялық үрдіске ұшырауы болады. Бұндай жағдайда колитәрізді бактериялар қалыпты жағдайға қарағанда 24 есе көп болады екен. Сонымен қатар Н.М.Носков., И.Н.Докторова пікрінше гастроэнтеритте зат алмасу өте күрделі бұзылады және негізгі үрдістің ассимилияциясы әлсірейді. Қан қоюланады және көлемі азаяды да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр циррозының клиникалық көрінісі
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Бауырдың майлы дистрофиясы
Паренхималық дистрофиялар
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағлұмат
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым
Бауыр аурулары жайлы
Пәндер