Мал шаруашылығы халқымыздың ата кəсібі, республика экономикасының басты саласы


ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ . . . 2
II. Негізгі бөлім . . . 4
- Тәжірибе өткен жердің сипаттамасы, табиғаты мен климаты . . . 4
- Ветеринариялық менеджмент . . . 6
- Паразитология және инвазиялық аурулар . . . 10
- Індеттану және жұқпалы аурулар . . . 12
- Ветеринария акушерлігі және гинекологиясы . . . 14
- Фармакалогия және токсикология . . . 16
- Ветеринария хирургия . . . 18
- Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балаумен . . . 20
- Еңбекті қорғау және табиғатты қорғау . . . 22
III. Қорытынды…… . . . 26
IV. Ұсыныс . . . 27
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Қосымшалар.
І . Кіріспе
Мал шаруашылығы халқымыздың ата кəсібі, республика экономикасының басты саласы. Сан ғасырлар бойы жинақталған тәжірбиенің нәтижесінде өлкемізде табиғатымен терең үйлескен ерекше бір жүйесі қалыптасқан. Сонымен бірге əртүрлі мал ауруларының алдын алып, емдеуде де халқымыздың қол жеткен жетістіктері айтарлықтай. Өйткені ұлтымыздың сан қилы заманыды бастан өткізіп, тарихи аренада сақталып қалуды да алдымен табиғи ортаға бейімделуінде, сол ортада ең тиімді кəсіп мал шаруашылығын дамыта білуінде еді. Қазақтың болмысының экономикалық негізі, матералдық мəдинетінің бастау көзі мал шаруашылығы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында мал шаруашылығы саласы да үлкен экспорттық əлеуетке ие. Қосымша шара ретінде ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру қажет. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан əрі шаралар қабылдауды тапсырамын. Шикізат өңдеуге айрықша назар аудару қажет екендігін айтты. Қазақстан өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі халықты азық - түлік өнімдерімен толықтай қамтамасыз ету. Ол үшін ауыл шаруашылығына жəне тамақ өнеркəсібіне инвестициялар таратуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық - түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді əрі экспорттық əлеуетке ие. Ауыл шаруашылық саласында: өндірісті бəсекеге сай сала ретінде бағыттау, отандық ауыл шаруашылық өнімдерін ішкі жəне сыртқы рынокқа өткізу аумағын кеңейту, ауыл экономикасын қаржылық сауықтыру, ауылда нарықтық реформаны одан əрі дамыту міндеттері тұр
Ветеринарияның басты міндеті - ауыл шаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғарғы сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті елдің қатарынан анық орын алу, сондай-ақ, қазіргі таңда, еліміз БСҰ - на кіруді жоспарлап отырғанда, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы барған сайын жұрт назарын аударып отыр. Мал өнімдерінің сапалық мәселесі халықтың денсаулығына нұқсан жеткізіп, тұтынушылардың мүддесіне зиян жасап қана қоймай, басты мал өнімдерінің базардағы бэсекелестік қуатына және экспорттық қуатына да әсер етіп, еліміздің халық арасында беделіне әсерін тигізеді. Сондықтан мал өнімдері элеуметтік сауда бәсекелестігіне және жоғарғы сұранысқа ие болуы керек. Ел басы өзінің халыққа жолдауында көрсеткендей ауыларуашылығын дамыту, мал басын көбейту сапалы мал өнім алу мен ауыл бағдарламасы азық - түлікпен қамтамасыз етуді басты мәселе етіп көрсетті. «Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса мыңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртартандыруды шешеміз. Сондықтан да біз тауарды - сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруды жалғастыру» - деп атап өтті. Міне осы тұрғыдан қарағанда алдынғы кезде елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Тек асыл тұқымды малдан және сапалы өнімдер алғанда ғана көптеген мәселе шешіледі. Осы тұрғыдан қарағанда біздерге көптеген міндет пен талап қойылуда.
Ауыл шаруашылығында ең басты мәселе күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру, малды түрлі аурулардан сақтандыру болып табылады уақытында дұрыс төл алу мен өнімін арттыру. Азықтандыру дұрыс болса көп ауруларды айланып өтуге және мал ауырмайтыны бәрімізге мәлім.
Мал ауыра қалса, ауру шыға қалса, аурудың алдын алу, дер кезінде ем қолдану - ауыл шаруашылықта аса маңызды жұмыстар. Осыған орай мал ауруларының пайда болуының жиі себептері - күтіп-ұстап, бағу әдістерін дұрыс игеру мен олар орналасқан қора-жайдың микроклиматын қалыпта ұстаудың маңызы зор.
IІ. Негізгі бөлім
2. 1. Тәжірибе өткен жердің сипаттамасы, табиғаты мен климаты
ШЖҚ «Семей қаласының ветеринарлық қызметі» КГП. Приречный ауылдық округінің ветеринарлық пункті. Меңгерушісі - Қабдолданов Ғалым. Сонымен қатар 2 мал дәрігер, 1 санитар жұмыс істейді. Приречный ауылдық округіне қарасты «ШҚ Жұлдыз» шаруақожалығы. Қожалықтың иесі-Асылбеков Қ. Н, шаруа қожалығының жалпы жер ауданы 1200 га: мұның ішінде шабындық жер ауданы, қыстаулық және жайлау жерлері кіреді. Бұл шаруа қожалықта 1 тұрғын үй, монша, жаздық бөлмелер, әр түрлі қоймалар 1 авто гараж және ұзындығы 36 метр, ені 6 метр, еңбиік нүктесі 3, 6 метр екі жаны 1, 80метрлік үлкен мал тұратын 3 баз және қой тұратын ашық қора ұзындығы 18 ені 16 метр орналасқан. Бұл шаруа қожалығы шаруашылыққа қажетті техникалармен барынша жабдықталған: МТЗ-82, Т-25, НИВА автокөлігі және қысқы шөп әзірлеуге арналған шөп шабатын құралдар мен тырма, волокшпен қамтылған. Шаруашылықтың малы қысы-жазы жайылымда болады. Жайлауы жайылымды алқапқа орналасқан, азық қорын жинау шабындығы жақсы. «Жұлдыз» шаруа қожалығының дамуына жер алқабы толық жарамды. Шаруа қожалық ауыл шаруашылық малдарын өсірумен айналысады. Бұл шаруашылықта 300 бас ірі қара, 250 бас саулық 120 бас қозы 14 бас қошқар және 33 бас жылқы 1есек бар. Мал азығына екпе шөп, ақтық, көк майса беріледі. Ал малдарды бордақылау үшін тартылған арпа, камбикорм, жмық беріледі.
Шаруашылық орналасқан жердің табиғаты мен климаттық жағдайы қоңыр жай. Қыста, қар жабыны қалың емес. Мал өрістен қалмайды. Ауа - райының орташа жылдық жазғы температурасы 25-30˚С болады. Жазы ыстық, қыс айлары аса суық емес. Қардың алғашқы түсуі қазан айының аяғында немесе қараша - желтоқсан айларының басында. Қыс айының орташа температурасы -15˚С, кейде 20-22˚С -қа дейін болады.
Малды бағу тәсілі - жыл бойы жайылымда бағу. Ауа - райының қолайсыз кезеңдерінде қосымша жем-шөппен азықтандырады.
Шаруашылық далалы-құмды аймақта орналасқан. Топырақ түрі -қоңыр құм түсті. Жайылым шөбі біртекті изен, жусан шөп болып келеді. Сондай-ақ, ақ тікен, кәдімгі жусан, мысыққұйрық, қамыс, қияқ шөп т. б. өседі. Улы өсімдіктердің популяциясы сирек кездеседі. Мал азығын дайындау табиғи жайылымда немесе арнайы шабындықтарда жүзеге асады. Қосымша азық ретінде пішен, арпа, жас төлдер үшін құнарлы ылғалды азық дайындалады.
Жаз айларында малдан бағалы ет өндіру үшін жайылымды кеңінен пайдаланады. Қой тұқымы - арқар-меринос биязы жүнді тұқымы. Малдар жайылым шөбін өз бетімен қажетіне пайдаланады. Мал шаруашылығынан түсетін пайда шаруашылық орналасқан жердің климатына, сумен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Аймақтың климаты қыста суық, жазда - ыстық, құбылмалы болғандықтан, мал шаруашылығы да осыған сай ұйымдастырылуы қажет. Бұл шаруашылықтың бюджетіне де әсерін тигізеді.
2. 2. Ветеринариялық менеджмент
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағыу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және адамдар қызметінің түрі.
Сурет 1. ИСЖ толтыру
Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инабациялау, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принцптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.
Мал шаруашылығын елімізде дамытуда ветеринарлық қызметті ұйымдастыру ісінің алатын орны ерекше. Ғылым саласы ретінде оның басты мақсаты- мал өсіруші шаруашылықтарда ет, сүт, мал өнімдері текті шикізат даярлаушы, өндіруші кәсіпорындарда, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринарлық мамаңдарының жұмыс атқару негізгі формалары мен әдістерін зерттеу .
Ветеринария ісін жүйелі түрде ұйымдастыру елдегі әлеуметтік- экономикалық реформаның дамуына да әсері мол.
Ветеринария ісін ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер- шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнімдердің сапасының төмендеуіне, мал басы санының кемуіне және әртүрлі індетті аурулардың ошақтарының пайда болуына әкеп соғады. Ветеринария ісінің төменгі деңгейде болуы мал ауруларынан орасан зор экологиялық зиян шегуге, індеттермен күресуге қомақты шығындар жұмсауға мәжбүр етеді.
Осы аталғандарды жоюда елімізде ветеринария ісін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының үкімет органдары мен мемлекеттік ветеринарлық басқарушы ұйымдар соңғы жылдары көптеген құқықтық- нормативтік құжаттар қабылдап, заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Соның бірі 1995 жылы 25 шілдеде «Ветеринария туралы» заңы қабылданып, бұл заңға қайтадан өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп 2002 жылдың 10-шы шілдесінде жаңа заң қабылданды .
Үкімет тарапынан мемлекеттік және меншік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің құрылымын жетілдіруде, мамаңдар даярлауда сапасын арттыру, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, мал шаруашылығында ветеринарлық- санитарлық шаралардың дұрыс атқарылуына қатан талап қою сияқты жұмыстар жүргізіледі
Ветеринарлық инспекторы маусымдық кезеңдерге бөлінген емдеу, алдын алу және эпизоотияға қарсы жұмыстардың жоспарын құрып отырады. Атқарылған шаралардың барлығы малдәрігерлік есептердің актілерінде жазылады. Осы іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуі малдәрігердің жауапкершілігінде.
Тәжірибе өту барысында малдәрігерлік - есептілік іс-қағаздарының жүргізілу формасымен таныстым: қауіпсіздік және табиғатты қорғау; ауру малдарды тіркеу журналы; эпизоотияға қарсы шаралар журналы; ветеринариялық анықтама беру т. б.
Сонымен қатар өндірістік практикадан өту барысында мен ветеринариялық паспорт жазуды; ветеринариялық іс-шаралардан кейінгі акт толтыру жұмыстарын; қан алу, вакцина егу барысында толтырылатын құжаттармен танысып толтыруды үйрендім.
2. 3. Паразитология және инвазиялық аурулар
Инвазиялық аурулармен барлық күрес жұмыстары инвазиямен күресте алдын алу шараларының жоспары бойынша жүзеге асырылады.
Профилактикалық жұмыстарды жүргізуде негізінен ивермек және альбен негізінде жасалған препараттарды қолданады. Практика барысында әртүрлі инвазиялық ауруларды болдырмау үшін алдын алу шараларын жүргіздік.
Инвазиялық аурулармен күресу мақсатында шаруашылық малдарына жоспарлы мынандай алдын алу шараларын жүргіздік:
- Ауылдық округтегі ірі қараға оқыраға қарсы ивермек егілді.
- Іш құрттарға қарсы ивермек егілді.
Инвазиялық аурулар үй хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде кездесетіндіктен, олар халық шаруашылығына қыруар зиян келтіреді. Көптеген инвазиялық аурулар, әсіресе протозойдтық және ішқұрт аурулары жануарларды жаппай өлім-жітімге ұшыратады.
Сурет 2. Ивермек препараты
Практика барысында Приречный ауылдық округінің барлық мал бастарын аталған гельминтологиялық және инвазиялық аурулардың алдын алу шаралары жұмыстарына ат салыстым. «Ивермек» препаратын 50 кг салмағына 1 мл дозасында тері астына егіп шықтым.
Тәжірибе барысында тауық аскаридозын көрдім. Емі ретінде Альбенгло 360 препаратын 15 тауыққа 1 таблеткадан жемге езіп күн ара 4-5 рет беруді ұсындым және қораны нәжістен тазартып каустикалық содамен залалсыздандыруды ұсындым.
Сурет 3. Тауық аскаридасы
Бірқатар инвазиялық ауруларда тікелей өлім-жітім болмағанымен жануарлардың өнімі төмендейді, сондай-ақ олардың қалыпты физиологиялық өсіп-жетілуі тежеледі.
2. 4. Індеттану және жұқпалы аурулар
Эпизоотияға қарсы және басқа да алдын алу шараларының негізгі міндеті - шаруашылықта инфекциялық ауруларды болдырмау және алдын алу болып табылады. Сондықтан эпизоотияға қарсы жұмыстардың жоспарына енетін шараларды түрлі жағдайлар мен қиындықтарға қарамастан толық әрі уақытында орындау қажет, өйткені шаруашылықтың жалпы тазалығы осыған байланысты.
Сурет 4. Сиырдан бруцеллезге серологиялық тексеруге қан алу барысы
Өндірістік тәжірибе өту барысында біз індеттік ауруларға қарсы жүргізілетін мынандай жұмыстармен танысып, қатыстым.
1. Шаруашылық малдарынан бруцеллезге серологиялық тексеруге мойын күре тамырынан, құйрығынан қан алдық;
2. Сібір жарасына қарсы малдарды 55-штамды вакцинамен;
3. 4 айдан 4 жасқа дейінгі ірі қара малдарын қарасан ауруына қарсы формальвакцинамен;
4. Пастереллез ауруына қарсы поливалентті вакцинамен;
Әрбір жасалынған вакцинация жұмыстарын екі данада Акт толтырылды.
Тәжірибе барысында туберкулин, сибирка, люмпивакс, ван шат ультра, сыворотка ектік.
Сурет 5. Ұсақ малға оспа және чумаға қарсы вакцина егу барысы
2. 5. Ветеринария акушерлігі және гинекологиясы
Ветеринария акушерлігі және гинекологиясының ауыл шаруашылығындағы маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырылған акушер-гинекологиялық жұмыстардың нәтижесінде шаруашылықта төл алудан жоғарғы жетістіктерге жетіп, мал тұқымын асылдандырып, мал басын көбейтуге мүмкіншілік бар.
Десек те, бұл мәселе шаруашылықта әлі қолға дұрыс алына қоймаған. Шаруашылықта акушер, гинекология және өсіп-өну биотехнологиясына байланысты барлық жұмыстар арнайы жоспар бойынша жүргізілмейді. Шаруашылықта малдарды табиғи жұптастырады, ешқандай қолдан ұрықтандыру жұмыстары жоспарланбаған.
Тәжірибе барысында ірі қара малдарының буаздығын тік ішек арқылы анықтауды үйрендім. Тік ішек арқылы сиырдың буаз немесе қысыр екенін күмәнсіз анықтап, буаздықтың мерзімін дұрыс анықтауға болатын ең сенімді тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен ішкі жыныс мүшелерінің орналасуын, пішінін, көлемін анықтап білумен қатар жатырдың жиырылуын, қантамырларының үлкеюі мен соғуын саусақ ұштарымен анық сезуге болады.
Тәжерибе барысында жаңа туған сиырдын шуы түспей қалу кездесті. Шу тоқталу - мал туғанда немесе іш тастағанда ұрық қабығының жатырда қалып қоюы. Бұл ауру малдың жыныс жолдары “камплибактер” деп аталатын қоздырғышпен зақымданғанда пайда болады. Қоздырғыштың ұзындығы 0, 5 - 0, 7 мм, ені 0, 2 - 0, 8 мкм, шапшаң қозғалады және спора түзбейді. Ол жыныс қатынасы және іш тастаған малдың шуымен сыртқа шығып, жемшөп пен судан жұғады. Шу түспеу сиыр, қой, ешкіде жиі, ал жылқы, шошқа, ит, мысық, т. б. жануарларда сирек кездеседі. Ол бруцеллез, вибриоз ауруларына ұшыраған сиырда жиі болады. Шу түспеу малдың күтімі кем, азығы құнарсыз болғанда, организм әр түрлі себептен әлсірегенде жатырдың жиырылуы нашарлап курункуладан бүртүкті қабықтың (харион) бөліну процесі бұзылады. Сиырдың шуы төлдегеннен кейін 5 - 6 сағатта, қой, ешкіде 3 - 5 сағатта, жылқыда 30 - 35 минутта, шошқада 2 - 3 сағатта түсуі керек. Одан кешіксе ем қолданылады.
Емдеу барысында:сепранол препаратын жатырына салдық. Шуы түспеген сиырға өзінің уызын (2 - 3 л), қант пен бал (400 - 500 г) ішкізеді. 10%-дық 150 - 200 мл хлорлы кальций ерітіндісін қанға жібередік. Аурудың алдын алу үшін малдың күтімін жақсарту, витаминді және минералды азықтар беру керек, мал тұратын орын жылы, таза болуы қажет
Броэкстрофан 2 мл ектік. Ол дұрыс тумаған сиырдын жатырын кішірейтуге көмектеседі.
2. 6. Ветеринариялық фармакалогия және токсикология
Фармакология - ауқымды кең ғылым, оны медицина, ветеринария, мал шаруашлығы, биология, фармация саласында жаңа дәрілік заттарды синтездеп, олардың табиғаттағы таралуын іздестіруге қолданады. Ветеринарияда фармакологияны тірі организмдегі дәрілік заттардың әсерінен болатын физиологилық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын зерттеп, осының негізінде бұл заттардың мал шаруашылығындағы қолданылуы, қолдану әдісі мен шарттарын зерттейтін ғылым деп қарайды.
Өндірістік тәжірибеден өту барысында түрлі ауруларға кездесіп, емдік шараларды, сонымен қатар, прафилактикалық шаралар ұйымдастырдық. Ауруларды емдеу барысында түрлі дәрілік препараттарды қолдандық. Жараларды жуып шаю үшін фурацилин 0, 02% ерітіндісін; өңдеу үшін йод 5% тұнбасын; антисептикалық аэразольдер чеми-спрей, септо-спрей, борглюканат кальций, детрим, ван шотультра, инфорце, броэкстрофан, нитокс, лютпивакс, инвазияға ивермек, альбенгло 360, мултикан-4, азинокст дәрілік препараттарын; макцивит дәрумендерін т. б. пайдаландық.
Сурет-. Қой күліне қарсы «НИСХИ» штамына дайындалған вакцина
Сурет-. Күйіс қайыратын ұсақ малдың обасына қарсы културалды құрғақ вирусвакцина
Токсикология - улы заттардың қасиетін, олардың организмге әсерін, организмде удың өзгеруін, мүшелер мен ұлпаларда жиналу және одан бөлініп шығу жолдарын зерттейтін, улануларды анықтап, алдын алу мен емдеуге негізделген ғылым саласы. Ауылшаруашылығы жануарлары арасында улану жағдайлары да жиі кездеседі. Жануарлар улы өсімдіктерден, жануар тектес улардан, сапасыз азықтардан, улы дәрілік заттардан т. б. улануы мүмкін. Жануарлар уланған жағдайда дер кезінде көмек көрсетудің маңызы зор.
Тәжірибеден өту барысында токсикологиялық уланулар кездескен жоқ.
2. 7. Ветеринариялық хирургия
Мал дəрігерлік саласындағы ветеринариялық хирургиялық маңызы зор. Ол ауруға алдын-ала шара қолдану жəне емдеу принциптеріне негізделген, ауруға алдын-алу шара қолдануды дұрыс ұйымдастыру жəне тамақтандыру технологиясын, оған жағдай жасау жəне дұрыс пайдалану ерекшеліктерін ескеру керек. Ветеринариялық хирургиялық аурулардың себептерін жəне дамуын жан-жақты зерттеп, оларға қарсы əрекетін жүзеге асырады. Оларға алдын-алу ауруға шара қолдану жарақаттан сақтандыру əдістері, іріңді инфекцияға қарсы əрекеттер жəне керекті операция жасау, белсенді дəрі қолданып емдеу əдістері жатады.
Хирургия - медицинаның негізінен операция жасау арқылы емделетін ауруларды зерттеп (алдын алу, диагностикасын қою, емдеу), операция жасау тәсілдері мен әдістерін, техникасын іздестіретін клиникалық саласы. Хирургия жалпы және аймақтық хирургия деп бөлінеді.
Сурет 9. Хирургиялық құрал-жабдықтар
Жедел жәрдем көрсететін малды тексерудің негізгі тәсілдері:
- Малдың жалпы жағдайы тексеріледі.
- Мал денесінің мүшелерін тексеру.
- Қалай жарақаттанғанын немесе ауру белгілерін баққан адамдардан сұрай отырып анықтау.
Өндірістік тәжірибе өту барысында Приречный ауылдық округінің малдарының арасында түрлі этиологиялы жаралар мен жарақаттар кездесіп отырады.
2. 8. Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балау
Приречный ауылдық округінде тәжірибеден өту кезінде мал дәрігерімен бірге бірнеше рет малдарды жоспарлы клиникалық тексеруге бардық. Бас мал дәрігерінің айтуы бойынша ішкі жұқпалы емес аурулар қысқы-көктемгі уақытта жиірек кездеседі, бұл осы кезеңдегі күтіп-бағу мен азықтандырудың нашарлауынан, сондай-ақ, төлдеу маусымында малдардың иммунитетінің төмендеуіне байланысты. Дегенмен, малдар арасындағы ішкі жұқпалы емес аурулардың басым көпшілігі асқорыту жүйесінің және тыныс алу ауруларына тиесілі болатыны белгілі, демек бұл аурулар жыл мезгілін талғамайды.
Сурет 10. Детрим антибиотигін егу
Тәжірибе кезінде бізге көбінесе бронхопневмонимен ауырған бұзаулар көптеп кездесті. Ондағы клиникалық белгілері мұрынын ақпа ағып жүрді, тыныс алулары барысында сырыл қатты естілді, температурасы жоғары болды. Детрим антибиотигін күніне 2рет 5млдан 1мл 10кг салмағына бердік. Борглюканаткалцийтері астына 4мл бердік. Витамин макцивит етке 1 апта 1 рет бердік.
Алдын алу шаралары ретінде йодты түтінді шашкалар қолдандық.
2. 8. Еңбекті корғау және табиғатты қорғау
Жануарларды ветеринариялық өңдеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шаралары туралы нұсқаулық.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528 Заңын, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 - 11 Заңын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 - V Еңбек Кодексін басшылыққа ала отырып: жануарларды ветеринариялық өңлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шаралары төмендегідей талап етілсін:
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz