Компанияның қаржылық саясаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ТАНЫСУ ТӘЖІРИБЕСІН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ЕСЕП
2-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН 0515000 - МЕНЕДЖМЕНТ МАМАНДЫҒЫ (САЛАЛАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЯСЫ БОЙЫНША)

Орындаған
Саят Али

АЛМАТЫ, 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ ( Отырар ЖШС МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Компанияға жалпы мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Жұмысшылардың қызметтік инструкциялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5 1.3 Бухгалтерлік есептік формалары мен әдісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ...6
1.4 Компанияның қаржылық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ (Отырар ЖШС МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8 2.1 Компанияның бухгалтерлік балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі ... ... ... ... ...10 2.3 Компанияның пайда мен зияндары туралы есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...11
3.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН ТАНЫСУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..12 3.1 Лицензия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13 3.2 Компания жарғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.3 Компания реквизиттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 16

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
КІРІСПЕ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Мен, Саятов Али танысу тәжірибесінде Мененджмент мамандығы бойынша 04-13 мамыр 2019 жыл аралығында өттім. Танысу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 0515000-Мененджмент (салалары бойынша) мамандығы бойынша дайындалды. Танысу тәжірибесін кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары арасында жасалған келісімшарттар негізінде әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы кәсіпорында өткізу орынды. Сәйкесінше мен Отырар ЖШС-інде оқу тәжірибесінде өттім. Отрар қонпқ үйі; Бизнес орталығын, Конференс зал, Дүкендер, Валюта ауысымы, Сән салоны, Сэйф, Спутникті теледидар, Бар, Бассейн, Казино, Түнгі клуб,Ресторан, Тазарту бөлмесі, Сауна, Киім жуу бөлмесін ұсынады.

1.КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ
1.1 Компанияға жалпы мінездеме

Жоғары класстағы Отырар қонақ үйі 1981 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Шетелдік туризм басқармасының тапсырмасы бойынша шетел қонақтарын қабылдау үшін салынған. 1969 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың бастамасы бойынша жаңа қонақ үй салу туралы шешім қабылданды, Алматы қаласының астаналық мәртебесі инфрақұрылымдық нысандардың белгілі бір жиынтығына ие болуға міндеттеді. 1970 жылы қонақ үйді жобалауға тапсырыс "Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Шетел туризмі жөніндегі бас басқарма жоба авторы және "Отырар" қонақ үйінің бас сәулетшісі Қабылбаев, Мәдениет Рапихұлы болды.
Отырар ЖШС-нің құрылу мақсаттарына, шығаратын өніміне немесе көрсететін қызметі мен жұмысына сипаттама.
Қызмет - тұтынушының тілектерін қанағаттандыратын,ұсынушымен тұтынушының байланысы.
Қонақ үй қызметі - бұл қонақ үй персоналдары мен қонақтар Арасындағы ұйымдастырылған қонақтардың қалауын қанағаттандыратын қызметтер.Бұл жағдай қонақ үй арасында үздіксіз жүріп отырады. Барлық берілген қызмет түрлері маркетингтің спецификациясын анықтайды.
Қонақ үй қызметі әртүрлі комплекстерден тұрады,клиенттің тұтыну жағдайына қарай, қызмет көрсету пакетін ұсынады.
Қонақ үй құрылымы арнайы қонақ үй белгілері мен белгіленеді.Ол: орналастыру жағдайы,қонақтардың ерекшелігі және басқада фактормен белгіленеді.Бұл белгілер мекеменің өкілетті басшысымен және басқада қызметкерлердің тапсырыс алуы және міндеттері болып табылады. Қонақ үйдің негізгі қызмет түрлеріне төмендегідей қызмет түрлері жатады:
oo Қонақ үй қызметтері:
oo Тәулік бойғы қауіпсіздік қызметі;
oo Портье қызметі;
oo Бизнес орталық қызметтері;
oo Такси жалдау қызметі;
oo Орналастыру қызметі;
oo бөлімені брондау қызметтері;
oo Сұлулық салонының қызметі;
oo Әуекасса қызметтері;
oo Кір жуу қызметі;
oo Киім тазалау қызметі. Іскер адамдарға толық жайлылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жайлы конференц-зал ұсынылады: 120 адамға дейін қатысатын жеке кездесулер және іскерлік бас қосулар
1.2 Жұмысшылардың қызметтік инструкциясы
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау - мемлекет, жұмыс беруші, жұмысшылар тарапынан өзіне тұрақты көңіл бөлуді талап ететін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады.Еңбекті қорғаудың қалыптасуының мақсаты - жұмысшылардың денсаулығын және өмірін сақтау.
Адамдар - ең құнды ресурс болып табылады, сондықтан адам өміріне қамқорлық жасау және сақтау кәсіпорынның жұмыс берушілерінің (басшыларының), барлық меншік иесі нысандарының ұйымдарының басты міндеті болып табылады. Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі - адам денсаулығының және өмірінің сенімді кепілі.
Нұсқаулық Отырар ЖШС-нің барлық қызметкерлеріне лауазымына (мамандығына) және орындалатын жұмыстардың түріне қарамастан қолданылады. Кіріспе нұсқау алған, емтихан тапсырған, кәсіби дағдылары бар, қауіпсіз әдістермен және жұмыс әдістерімен оқытылған, және белгіленген үлгідегі жұмысқа тиісті рұқсаты бар адамдарға рұқсат етіледі. Өз бетімен жұмысқа қабылдау жұмыс орнындағы еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтан кейін жүргізіледі.
Нұсқау талаптары:
Директордың бұйрығымен бекітілген ішкі тәртіп ережелерін сақтаңыз, директормен бекітілген ережелер мен нұсқаулықтар Кәсіпорын үшін немесе осы мамандық үшін белгіленген мерзімде жұмыс орнында еңбек қорғау туралы үнемі нұсқаулар алыңыз;
Әр жыл сайын орындалатын жұмыстарға қатысты қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтарды білу үшін емтихан тапсырады;
Осы мамандық бойынша белгіленген мерзімде медициналық тексеруден өту;
Еңбекті қорғау туралы барлық нұсқаулықтар мен ережелердің талаптарын сақтаңыз (өндірістік және технологиялық нұсқаулар);
Өрт және электр қауіпсіздігінің талаптарын орындау;
Оқыс оқиға кезінде апат болған жағдайда зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетуге және қажет болған жағдайда дереу басшыға хабарлау.Осы нұсқаулықтың талаптарын орындамау және Отырар ЖШС қолданыстағы өзге де нормативтік-құқықтық актілер өндіріс тәртібін бұзушы болып табылады.

Сурет №1:Бөлімдердің болінуі

Сурет№1:шаруашалық бөлім

1.3 Бухгалтерлік есептік формалары мен әдісін ұйымдастыру

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу үшін кәсіпорында бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жүргізу, есеп беруді құрастыру және қаражат тәртібінің сақтауын бақылау міндеттейді. Бухгалтериялардың жұмысы министрліктерде, ведомстволарда, бірлестіктерде, министрліктердің бас басқармасында және басқа басқару оргындарында бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтер өз жұмысын бас бухгалтерлік жөніндегі Ережеге сәйкес іске асырады.
Бас бухгалтер есеп пен бақылауды, ақша қаражаттары мен материалдық игіліктердің толық сақталуын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Бас бухгалтерге өзіне жүктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік жасайтындай құқықтар берілген. Мысалы, бухгалтерлік есеп және есеп берумен айналысатын барлық қызметкерлер бұл мәселелер бойынша бас бухгалтерге бағынады.
Бас бухгалтердің ақша қаражаттарын, материалдық және басқа игіліктерді қабылдаудың, кіріске алудың, сақтаудың және жұмсаудың қолданыстағы заңдылықтарды және белгіленген тәртіптерін бұрмалайтын операциялар бойынша құжаттарды орындауға және хаттауға қабылдауға құқы бар.

Касса
Ақшаны есепке алу
Есеп беруші тұлғаларды есепке алу
Жалақы есебін жүргізу
Бухгалтер-кассир
Материалдық есеп бухгалтері
Бас бухгалтер

Қаржылық, статистикалық есептілікті қалыптастыру

Өндірістік есепке алу

Борышкерлермен және кредиторлармен есеп айырысуды есепке алу

Түгендеуді есепке алу

Активтерді есепке алу

1.4 Компанияның қаржылық саясаты
Қонақүйдің қаржылық саясаты және оның маңызды құралдары.Біртұтас қаржы саясатын әзірлеу және енгізу қонақ үй бизнесін басқарудың жалпы механизмінде маңызды орын алады. Қонақ үйдің орталықтандырылған басқаруындағы қаржы саясатының рөлі экономикалық қызметтің барлық аспектілеріне қолданылады: маркетинг, қызмет көрсету, логистика, сату - және көптеген ішкі және сыртқы факторлардың әсерін шоғырландырылған түрде көрсетеді. Басқарудың жоғарғы деңгейінде әзірленген бірыңғай қаржылық саясат шеңберінде қаржы ресурстарының көздері және олардың қонақүйде орналасуы анықталды.
Қаржылық саясатты жүргізудің нақты формалары мен әдістерін бірқалыпты анықтау өте қиын. Жеке қонақ үйлерде қаржылық саясаттың нақты формалары мен әдістерін пайдалануда елеулі айырмашылықтар бар болса да, оның жалпы сипаттамалары мен принциптері, сондай-ақ қаржы саясаты құралдары туралы айтуға болады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - пайда мен пайданы бөлу, бөлу және әртүрлі департаменттердің қызметін қаржыландыру және несиелендіру, отандық қаржы операцияларының құрылымы мен сипатын және олар бойынша есеп айырысуды анықтау.
Қазіргі заманғы жағдайда қонақүйлердің қаржылық саясатының басты ерекшелігі құралдарды кешенді пайдалану болып табылады және нақты жағдайларға байланысты белгілі бір кезеңде бір құралға басымдық берілуі мүмкін.

2.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ(Отырар ЖШС МЫСАЛЫНДА)

2.1 Компанияның бухгалтерлік балансы

Отырар ЖШС 1981-жылы ҚР Әділет басқармасына тіркеліп, ҚР-ның Азаматтық Кодексі және Жеке кәсіпкерлік қызметі туралы заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін құрылған болатын. ЖШС ҚР салық Кодексіне сәйкес толық қаржы және салық есебін жүргізеді.
Серіктестіктің ҚР есеп айырысу шоты, салықтық тіркеу нөмірі, өзінің жарғысы және балансы бар. Серіктестіктің негізгі қызмет мақсаты табыс табу болып саналады. Бұл серіктестіктің негізгі қызметі оның жарғысына сәйкес ЖШС заңды актілерге байланысты аталған қызмет түрлерінен тек берілген лицензия (рұқсат) негізінде айналыса алады.
ЖШС табысы материалды шығындарды өтеуге, салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеуге, ЖШС жұмыскерлерінің жалақысын төлеуге жұмсалады. Серіктестік дербес шаруашылық негізінде жұмыс істейді. ЖШС дербес контрагенттермен жасалған шарттар негізінде өзінің жұмысын жоспарлайды және даму болашағын анықтайды. ЖШС салықтарды ҚР-ның қазіргі кездегі күші бар заңдарына сәйкес төлейді.
Отырар ЖШС Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік қызмет туралы заңына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Серіктестік өз атынан келісім жасауға, сондай-ақ мүліктік және жеке мүліктік емес мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы. Ұйым өзіне тиесілі мүлікпен барлық міндеттемелеріне жауапты болады.
ЖШС атқарушы органдарының құзіреті, сондай-ақ, олармен шешімдер қабылдау немесе серіктестіктің атынан сөйлеу Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңмен, басқа да заңнамалық актілермен және серіктестік жарғысымен анықталады.
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді. Баланс термині латын сөздерінен bis - екі рет және lans - таразы табағы дегенді білдіреді, яғни теге-теңдік мағынасын (ұғымын) білдіреді. Кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен олардың көздерін жалпылау кесте көмегімен жүзеге асырылады, ол да баланс деп аталады. Сонымен қатар бұл әдіс бухгалтерлік қорытынды есеп жүйесіндегі негізгі форма. Шаруашылық операцияларын толық жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорындар белгілі бір көлем мен дәрежеде қорлар етеді. құралдардың қолдану көздерінің жалпы көлемі ақшалай өлшеммен жинақталып, белгілі бір мерзіміне қарай топтастырылып қортындыланады. Баланс екі бөліктен тұрады: активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Активте шаруашылық құралдарының құрамы және орналасуы көрсетіледі, ал пассивте бұл құралдардың пайда болу көздері көрсетіледі. Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең құралдар = капитал + міндеттемеле Мұндай теңдікті баланстық теңдеу деп атайды. Бұл теңдік кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты көрсетпейді, бірақ та балансты құруда қателіктер жіберілмесе әрқашанда сақталады. Актив пен пассив жекелеген баптардан құралады. Баланс бабы дегеніміз шаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары. Баланс активінде орналасқан баптар активті, он пассивінде орналасқандары пассивті деп аталады .Баланс активті мен пассивінің жиыны баланс валютасы деп аталады.

2.2 Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі

Кесте 1 Отырар ЖШС-ның қаржылық кіріс көздері:

Кірістер, млн. тг

2017
2018
Такси қызметі

1 260 000
1 350 000
Сән салоны

5 400 000
5 500 000
Кір жуу және химиялық тазалау қызметі

700 000
750 000
Бассейн және сауда қызметі

800 000
800 000
Мейрамханалар

80 000 000
90 000
Бөлмелер
Бөлме бағасы

2017
2018

Премиум
30 000
35 000
54 000 000
60000 000
Стандарт
20 000
22 000
50 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жоспарлау және болжау
Қаржылық жоспарлау әдістері
Компаниядағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы
Кәсіпорындағы дивидендтік саясатты басқару
ДИВИДЕНДТЕРДІ ТӨЛЕУ САЯСАТЫ
Компанияның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері. Жалған банкроттық қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Аралық қаржылық есептілік
Қалдықты дивиденд саясаты
Несиегердің банкпен несие қатынасы
Пәндер