Театр және музыка өнері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

БӨЖ

Реферат

Пәні: Қазіргі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі.

Орындаған: Баулы М. ПГС-13

Тексерген: Ерменбаева Г. К.

КІРІСПЕ

Қазақстанның көркем мәдениеті Кеңес өкіметі жылдарында әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан өткізді. Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халықының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңа пайда болу шағында немесе мүлде жоқ еді. Көркем интеллегенцияның шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және идеялық-саяси жіктелуін айқын бейнелейді, таптық принциптерді жалпы адамзаттық қазыналардан бағалы санады. Қазақстанның Орталық Азия аймағы елдерімен, Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды.

20ж екінші жартысында профиссионалды театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды. Әнші Ә. Қашаубаев Парижбен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шығарды. Ұлы Отан соғысынң қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемелекеттік акдемиялық драма театры, Республикалық орыс драма театры, Қазақтың мемлеткеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, Республикалық қуыршақ театры, Қазақстан суретшілері және жазушылар одағы жұмыс істеді. Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.

Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы

Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққа өріс ашты. Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар, халық үйлері пайда болды. Қазақ және орыс тілдерінде хор, драма, әдебиет үйірмелері, халық театрлары ұйымдастырылды. Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды. Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф және сазгер А. В. Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, “Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында - Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Оның бастауында Е. Өмірзақов, С. Қожамқұлов, Қ. Бадыров, Қ. Жандарбеков, Қ. Қуанышбаев, Ә. Қашаубаев, И. Байзақов т. б тұрды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М. Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын. Театр өмірінде Ғ. Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, М. Әуезов пен Л. Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға болды. Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н. Гогольдің “Үйлену” мен “Ревизорын”, В. Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды. Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді. 1930 жылдары Семейде, Ақтөбеде, Шымкенте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды. 1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды. Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды. “Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды. Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді. 1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі - “Амангелді” картинасын жасап шығарды. 1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А. Қ. Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды. Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп, толысқанын көрсетті. Онкүндікте “ Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді. Жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы, Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды.

Қазақ музыка өнері.

Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын», Е. Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ. Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е. Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б. Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж. Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз.

Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері классикалық, халықтың мәдени мұралардың барлығын игере, халық шығармашылығының сарқылмас қазынасын түгел пайдалана отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.

Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т. б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.

Қазақстандағы композиторлар

ХІХ-шы ғасырдың соңы мен ХХ-шы ғасырдың басында халықтың әнші композиторларының туындылары пайда бола бастады. Ондағы негізгі тақырып үстем таптың зорлық-зомбылығы, теңдік іздеген шаруалардың арман тілегі өзек болды. Қазан төңкерісінен кейін ұлттық музыка мәдениеті қайта туып өркендеді. Ол даму жолында халықтың бай ұлттық музыка шығармаларымен қатар, орыс және шетел классиктері дәстүрін кеңінен пайдаланды. Қазақстанда музыкалық қоғам өмірі жанданып, музыка көркемөнерпаздар үйірмелері мен хор ұжымдары ашылды. Музыка фольклорын жазып алу және оны зерттеу жұмыстары жүргізілді. Затаевич халық ән-күйлерінң жинағын құрастырып шығарды. Әншілердің, ақындардың, музыканттардың өнер сайысы алғаш рет 1919 жылы Верныйда қолдауын тапты. Халық музыкалық шығармашылығының жаңа жанрлары, музыкалық аспаптары сүйемелімен хор орындау қалыптасты. Орындаушылық өнердің түрі көбейді. 1934 жылы Алматы қаласында Бүкіл Қазақстандық халық өнерпаздарының бірінші слеті өтіп, оның артынша ҚазЦИК атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі (1944 жылдан Құрманғазы атындағы) ұйымдастырылды. 1935 жылы құрамында хор ұжымы ұлт аспаптар оркестрі би ансамблімен әншілер тобы бар Қазақ филармониясы ашылды. 1933 жылы Алматыда музыкалық студия ашылып, 1934 жылы Қазақтың музыкалық театры болып қайта құрылды. Музыкалық спектакльдерге әншілер: К. Байсейітова, Ж. Жандарбекова, Қ. Байсейтов, М. Ержанов, т. б. қатысты. 1934 жылы қазақ халық эпосы негізінде жазылған қазақтың тұңғыш операсы Брусиловскийдің «Қыз Жібек», одан кейін «Жалбыр» (1935ж. ) мен «Ер Тарғын» (1937ж. ) қойылды. 30-40 жж. Қазақтың көпшілік әндері, романстары, хор музыкасы қалыптасты. 1939 жылы Қазақтан композиторлар одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1942 жылы Брусиловскийдің Кеңес жау-фашист басқыншыларына қарсы «Гвардия алға» операсының қойылуы музыка өміріндегі елеулі табыстардың бірі болып табылды. 1944 жылы Алматыда қазақ консерваториясы ашылды. Соғыстан кейін қаһармандық-ерлік тақырыбына арналған жаңа опералар туды. Брусиловский мен Төлебаевтың «Аманкелді» операсы, халық композиторы Біржан Қожағұл жайындағы Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы елеулі оқиға болды. XX ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің А. Жұбанов қомақты үлес қоспаған, өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырмаған саласы кемде-кем. Ахмет Қуанұлының бүкіл саналы ғұмыры өз елінің музыка мәдениетін қалыптастыру және оны көркейту жолындағы белсенді қызмет үстінде өтті. Ол көптеген келелі істің басында болды, атап айтқанда: музыкалық фольклористика, қазақ музыкатану ілімі, Қазақстан Композиторлар одағы, кәсіптік музыкалық білім беру саласы. А. Жұбанов қазақ мәдениетіне музыкаландырудың тың формасын таныстырды. Ол - қазақ халық аспаптар оркестрі. Қазір жұртшылық бұл ұжымжы атақты Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі деп біледі. Ахмет Қуанұлы тамаша музыкалық туындылардың авторы, өңдеушісі және дирижері ғана емес, сонымен қоса оларды үйретуші, таратушы, насихаттаушы педогог-лектор болды, халық шығармашылығынан мыңнан астам ән мен күй жазып алып нотаға түсірді. Халық композиторлары туралы ел аузынан жинаған мәліметтер бірқатар ғылыми мақалалар мен шығармаларға арқау болды. А. Жұбановтың қазақ мәдениетіне қосқан теңдесі жоқ үлесі адам қабілетінің қандай құдіретті болатындығының шынайы көрінісі. . Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылдың 29 сәуірінде Ақтөбе облысында туды. Он үш жасында әкесінен айырылған Ахметтің саналы тәрбие, сапалы білім алуына ағасы Құдайберген Жұбанов өте үлкен ықпал етеді. Құдайберген Жұбановтың өзі де кейін ғылымның асқар биігіне шығып, қазақтың тұңғыш лингвист профессоры ретінде танылады. 1929 жылы оқуға жіберілген Құдайберген, Ленинградқа інісі Ахмет Жұбановпен бірге аттанады. Әлемдік білім мен ғылымның орталығы болған бұл қалада Ахмет танымал музыкатанушылардың, филологтардың, этнографтардың дәрістерін тыңдайды, Ленинград консерваториясының студенті атанады, кейіннен Өнер академиясының аспирантурасына түседі. Алматыда музыкалық драма техникумының ашылуына байланысты Ахмет Қуанұлы оқу бөлімінің бастығы қызметіне шақырылады. Бұл кезде Ахмет Жұбанов тек қазақ музыкалық фольклорын ғана емес, өзінің ең бірінші музыкалық-теориялық еңбегі «Музыка әліппесін» жаза бастаған еді. Техникумда А. Жұбанов қазақ музыкасы тарихындағы бірінші ғылыми шаңырақ - халық музыкасын үйрету кабинетін, халық аспаптарын жетілдіруші музыкалық шеберханасын ашады, музыкалық-драмалық театрдың 11 домбрашы-студентінен құралған ансамбльді ұйымдастырады. Осы ансамбльдің Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік халық аспаптар оркестрін құруда негізгі творчестволық ұйтқы болғаны бәрімізге аян. Дәстүрлі қазақ музыкасының Европаның, орыстың музыка мәдениетімен жақындасуының өзара ықпалдасуының басы осылай басталған еді. Соның нәтижесі - Қазақстанның қазіргі музыка өнері. А. Жұбанов өзінің шығармашылық дарындылығы, кемел білімі, ғажайып ұйымдастырушылық қабілеті арқылы қазақ музыка мәдениетіне өшпес із қалдырған дарын иесі. . Қазақ халық аспаптары оркестрі - А. Жұбановтың шығармашылық қызметінің аса елеулі, қайталанбас тұстарының бірі. Оның көп дауысты ұлттық оркестр құруы - ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениеті деген ұғымды нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдырды. Ахмет Қуанұлы оркестр репертуарын қалыптастыру, музыканттардың кәсіби деңгейін жетілдіру бағытында да аянбай еңбек етті. . А. Жұбанов композитор ретінде түрлі жанрда қайталанбас құнды туындыларды: аспаптық, вокалдық шығармаларды, хорлар мен музыкалық-драмалық шығармаларды (опера, драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге жазылған музыкаларды) дүниеге әкелді. А. Жұбановтың «Ария», «Романс», «Көктем» сияқты аспаптық шығармалары скрипкада, қобызда, виолончел және басқа да аспаптарда орындалады. Көптеген музыканттардың, әсіресе, жас пианистердің репертуарында міндетті түрде “Тәжік биі”, “Қазақ биі” шығармалары болады. А. Жұбановтың көпшілік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы
Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы
Қазақстанда театр өнері
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Қазіргі театр өнері
1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері
Дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты
Әрекетті вокал
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz