Арнайы киімдер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Арнайы киімдер

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған Әдебиеттер

І. Кіріспе

Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады.

Заң әдебиетінде еңбекті қорғау ұғымы, маңызы мен мазмұны мәселесіне аз көңіл бөлінбеген, бірақ әлі де болса бұл мәселені толықтай шешілді деп есептеуге болмайды.

Техникалық үдерістердің дамуы қызметкерлердің денсаулығына теріс әсер ететін еңбектің жаңа технологияларының және құралдарының пайдаланылуына алып келеді.

Теория мен практика өзара тығыз байланысты. Бір-біріне үнемі ықпал ете отырып, олар өзара өз мазмұндарын өзгертулері мүмкін.

Соған сәйкес, еңбекті қорғаудың мазмұны туралы мәселе даму үстінде қарастырылуы тиіс. Жасалған жұмыстың мақсаты - еңбекті қорғау ұғымын мазмұндау.

Бұл аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді орындау қажет:
- еңбекті қорғауға түсінік беру;
- еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді реттейтін нормалардың қайнар көздерін көрсету;

ІІ. Негізгі бөлім

1 . Арнайы киімдер

Арнайы киім жұмысшыларды қоршаған ортаның әркелкі зиянды әсерлерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Арнайы киім «Арнайы киім, арнайы аяқ киім және сақтандырғыш құралдардың төлемсіз берілуінің типтік салалық нормаларына» сәйкес 740 түрлі өндірістер, 40 түрлі өнеркәсіптің салалары жұмысшыларына, оның ішінде машина жасау, металлөңдеу, электрэнергетикалық, гидролиздік, ағашты-химиялық, жеңіл, тамақ, таулы, металлургиялық, химиялық, газ және т. б. өнеркәсіптер жұмысшыларына беріледі. Арнайы киімнің қорғау қасиеттері «Арнайы киім. Қорғау қасиеттері бойынша таңбалаумен» анықталған, осының негізінде арнайы киім:

-жалпы қолданыстағы арнайы киім;

-судан қорғау (су өткізбейтін, су тебетін, су тіреуіш) киімі;

-радиоактивті ластанулар әсерінен қорғайтын, жоғары концентрациялы қышқылдардан (80 пайызға дейін күкірт қышқылына есептегенде) орташа концентрациялы қышқылдардан (50 пайызға дейін күкірт қышқылына есептегенде) және аралас қышқылдардан (18 пайызға дейін күкірт қышқылына есептегенде) қорғайтын қышқылдан қорғау;

-минералды майлар және мұнай өнімдерінен қорғайтын мұнайлы-майдан қорғау киімі;

-токсинді емес шаң-тозаңнан, шыны-талшықты шаң тозаңнан қорғау киімі;

-органикалық еріткіштерден қорғау киімі;

-балқыған металдың ұшқындарынан, отқабыршықтарынан және шашырандыларынан, сәулелі жылудан, конвекциялық жылудан, төмен температуралардан қорғайтын термоқорғау киімі;

-айрозольді токсинді заттардан, сұйық токсинді заттардан және шаң-тозаңды токсинді заттардан қорғайтын улыхимиялық заттардан қорғау киімі;

-сілті сұйықтардан, шоғырланған сілтілерден, балқымалы сілтілерден қорғайтын сілтіден қорғау киімі;

-электростатикалық зарядтардан, магнитті өрістен, жоғары жиілікті тоқтан қорғайтын электр тогынан қорғау киімі болып жіктеледі.

Салалы киім - сәйкес министірліктер бойынша формалық киім ретінде құрастырылады . Мысалы, теңіз және азаматтық авиация, теміржол көлігі жұмысшылары үшін, қоғамдық тәртіп қауіпсіздік және басқа сала жұмысшыларына арналған киімдер.

Технологиялық киім - жоғары дәлдікті өндіріс жұмысшылары үшін арналған.

Жұмыскерлерге арналған өндірістік киім өнеркәсібінің барлық салаларында келесі түрлердің жобалық және бекітілген құжаттамасы бойынша шығарылады: костюмдер, күртешелер, шалбарлар, нымша шалбарлар, жартылай нымшашалбарлар, жадағайлар, жартылай жадағайлар, ішкиім, көкірекшелер (нымша, жилет), настенники, халаттар, алжапқыштар, биялайлар, бас киімдер, жартылай пальтолар, жеңқаптар (жеңселер), иықбаулар, бахилалар.

http://www.rusnauka.com/12_KPSN_2014/Tecnic/13_166849.doc.files/image002.jpg

Сур. 1 Қолданыста бар арнайы киімдер
Көптеген салалар және өндірістер өзіне тек берілген өндірісте ғана кездесетін ерекше мамандықтардан басқа, өнеркәсіптің әртүрлі салаларына арналған жалпы мамандықтарды қосады, мысалы аппаратшы, жүк тасушы, газбен пісіруші, бақылаушы, зертханашы, машинист, монтер, шебер, механик, балташы (ағаш шебері), престеуші, слесарь, ажарлаушы, электромонтер және басқа. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында бұл мамандықтың жұмысшыларына арнайы киімдердің әркелкі түрі берілуі мүмкін, сондай-ақ жыл мезгіліне байланысты жылытылған және жылытылмаған жұмысшы және арнайы киім беріледі.

Әртүрлі климаттық белдеулерде аттас өндірістердің жұмысшылары әркелкі киілу мерзіміне берілетін, әртүрлі арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі. Жұмысшы киім мен жалпы қолданыстағы арнайы киім ластанулардан да, механикалық зақымдаулардан да қорғаныстың бір түрімен қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің адамның тіршілік қарекетін қамтамасыз ету рөлі және адам физиологиялық кейбір мәселелері
Киімнің негізгі түрлері
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы
Тұрмыстық киімдердің жіктелуі
Қазақ халқы ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімі
Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар туралы мәлімет
Киім дүкендерінің түрлері
Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар. Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары
Денені қорғау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz