Инфляцияның негізгі себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Бет
КІРІСПЕ
3
1 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИНФЛЯЦИЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қонақ үй қызметіндегі инфляция және оны тудыратын себептер ... ...
4
1.2 Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеуде инфляцияның әсері ... ... ... ... .
7
1.3 Қонақ үй қызметіндегі инфляцияның шетел тәжірибесі ... ... ... ... ... ...
9

2 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТУДЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы қонақ үй қызметіндегі инфляция жағдайы ... ... ... ... ...
12
2.2 Қонақ үй қызметіндегі инфляцияны тудыратын мәселелерді талдау...
16

3 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИНФЛЯЦИЯНЫ БОЛДЫРМАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС
20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
25

КІРІСПЕ

Қонақ үй қызметіндегі инфляция мәселесі қонақ үй қызметіне қатты әсерін тигізеді. Инфляция - өте күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, сапалық талдауға және сандық өлшеуге өте қиын. Инфляция жалпы ішкі өнім және ұлттық табыстың натуралды-затты және құнды құрылымында диспропорциялардың өсудің терең макродеңгейлік процестерінің салдарына жатады. Осы диспропорциялар ақша айналысының бұзылуын, ақша көлемінің артық көлемінің пайда болуын тудырады.
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде инфляция өте шиеленіскен мәселе болып табылады.
Зерттеу құралы: Қазақстан Республикасындағы қонақ үйлердің инфляция бойынша статистикалық көрсеткіштерін зерттей отырып, оларды анықтап, талдау.
Зерттеу обьектісі: Қазақстан Республикасының қонақ үйлері.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы қонақ үй қызметіндегі инфляция жағдайын анықтау және қонақ үй қызметіндегі инфляцияны тудыратын мәселені талдау. Қонақ үй қызметіндегі инфляцияны болдырмау жолындағы ұсыныс жасау.
Жұмыстың міндеттері:
oo қонақ үй қызметіндегі инфляция мәселесінің теориялық негіздерін қарастыру;
oo қонақ үй қызметіндегі инфляция және оны тудыратын себептерін қарастыру;
oo қонақ үй қызметіндегі баға белгілеуде инфляцияның әсері анықтау;
oo қонақ үй қызметіндегі инфляцияның шетел тәжірибесін қарастыру;
oo қонақ үй қызметіндегі инфляцияны тудыратын мәселелерді талдау;
oo қазақстандағы қонақ үй қызметіндегі инфляция жағдайын бағалау;
oo қонақ үй қызметіндегі инфляцияны тудыратын мәселелерді талдау;
oo қонақ үй қызметіндегі инфляцияны болдырмау жолындағы ұсыныс жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлім өз кезегінде үшке бөлінеді. Ол бірінші теория бөлімі, талдау бөлімі және ұсыныс жасау. Теория бөлімінде біз қонақ үй қызметіндегі инфляция және оны тудыратын себептерін, қонақ үй қызметіндегі баға белгілеуде инфляцияның әсерін және қонақ үй қызметіндегі инфляцияның шетел тәжірибесін қарастырамыз. Талдау бөлімінде қазақстандағы қонақ үй қызметіндегі инфляция жағдайын және қонақ үй қызметіндегі инфляцияны тудыратын мәселелерді талдаймыз. Ал ұсыныс бөлімінде қонақ үй қызметіндегі инфляцияны болдырмау жолындағы ұсыныс жасаймыз.

1 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИНФЛЯЦИЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қонақ үй қызметіндегі инфляция және оны тудыратын себептер

Қонақ үй қызметіндегі инфляция - бұл қонақ үй сферасындағы ақшаның төлем қабілетінің төмендеуін сипаттайтын көрсеткіш. Инфляция - өте күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, сапалық талдауға және сандық өлшеуге өте қиын. Инфляция жалпы ішкі өнім және ұлттық табыстың натуралды-затты және құнды құрылымында диспропорциялардың өсудің терең макродеңгейлік процестерінің салдарына жатады. Осы диспропорциялар ақша айналысының бұзылуын, ақша көлемінің артық көлемінің пайда болуын тудырады. Нәтижесінде ұлттық валюта құнсызданады, оның сатып алушылық қабілеті төмендейді және бағалар өседі [1, 20 б.].
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. Инфляция термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция - бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі. Ал инфляцияның жалпы анықтамасы - бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.Бағалардың өсуі инфляцияның өте маңызды индикаторы болып табылады. Басқа индикаторларға ақшаның эмиссиясын, айналыстағы ақшаның өсуін, мемлекеттік бюджеттің дефицитін және т.б. жатқызуға болады. Объектісіне қарай тұтынушылық тауарлар бағаларының инфляциясы, шығындар, табыстар, сұраныс, банк пайызы және т.б. инфляциялар болады [2, 17 б.].
Қазіргі заманғы қонақ үй қызметінде инфляцияға келесі белгілер тән:
oo жалпылама сипаты бар (бүкіл экономиканы қамтиды);
oo хроникалық сипатта болады;
oo көпфакторлы (ақшалы және ақшалы емес факторлар әсер етеді) [3,176 б.].
Талдау дұрыс жасау үшін инфляцияның негізгі себептерін анықтау керек. Бұл себептерге келісіні жатқызуға болады:

Сурет 1. Инфляцияның негізгі себептері

Ескерту - мәліметтер [3] негізінде автормен құрастырылған

Бірақ, қонақ үй қызметіндегі кез келген баға өсімін инфляциямен байланыстыруға болмайды. Бағалар шығындар өскенде, тауар сапасы жоғарлағанда, жаңа тауар шығарғанда, сұраныс өзгергенде өсуі мүмкін және ол инфляцияға қатысы жоқ. Инфляцияның нәтижесіндегі бағалардың өсу себептері және белгілері мүлдем басқа. Оның сыртқы көріністері ретінде келесі болады: жаппай түрде болуы, яғни бағалар өсуі барлық дерлік тауарларға қатысты болады; бағалардың үздіксіз өсуі; өсу ұзақтығы.
Инфляция кезеңдері екіге бөліндеі, олар:
Бірінші - инфляция шамамен ақырын өседі. Оны шағын немесе әлсіз жылжитын инфляция деп атайды (2-3 % жылына). Егер ақша шығындары және еңбек ақы сәйкес өсіп жатса, халық бұл инфляцияға назар көп аудармайды. Бірақ, бұл инфляцияның кері жақтары бар. Кез келген фактор (тіпті кездейсоқ) инфляцияның қарқынын өсіріп, экономикалық өсуді азайтып, ҒТП төмендетеді.
Екінші кезең - бағалардың өсімі екі цифрмен өлшейді (20-200 %). Оны секірмелі инфляция деп атайды. Экономикалық өсім іс жүзінде тоқтайды. Әлеуметтік-саяси жағдай шиеленеседі. Экономика стагнация жағдайына айналады. Бұл кезеңде келісім шарттар бағаның өсімін ескеріп, немесе валютамен жасалынады. Ақшаны материалдық құндылықтарға салуға тырысады. Халықтың өмір сүру деңгейі күрт азаяды. Экономикада ақшадан қашу құбылысы кең өріс алады. Мұнда еңбек ақы мен бағалардың инфляциялы спиралі пайда болады. Кәсіпкерлер өз тауарына қандай баға қоюды білмей, тұтынушылардың бағалар жөнінде ақпараты азаяды. Ақша өзінің негізгі функцияларын орындай алмай қалады [4, 40 б.].
Инфляция, көбінесе, экономиканың тұтынушылық секторында басталады және одан кейін тез арада басқа экономика өрісіне жайылады (сұраныс инфляциясы). Монополистердің көп болуы шығындар инфляциясын тудыру мүмкін, өйткені олардың бағалары үнемі өседі, сәйкесінші олардың өнімін тұтынатын кәсіпкерлер өз тауарларына бағаны өсіруге мәжбүр болады. Сонымен, шығындар инфляциясының екі факторы бар: еңбек ақының өсуі және өндірістік құралдар мен шикізат бағаларының өсуі. Шығындар инфляциясының сұраныс инфляциясына қарағанда өсім қарқыны төменірек, бірақ, онымен күресі әлдеқайда қиынырақ. Инфляцияны келесі көрсеткіштер көмегімен есептейді:
- бағалар индексы және теңгенің сатып алушылық қабілеті;
- инфляция қарқыны, еңбек ақы, халықтың нақты табыстарының индекстері.

1.2 Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеуде инфляцияның әсері

Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеуде инфляцияның әсері - қонақ үй кәсіпорнының қызметіне және қонақ үйдің нарықтағы жалпы жағдайына тікелей әсер етеді. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді [4, 40 б.].
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада Танзи-Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді [20, 17 б.].

Кесте 1
Инфляцияның теріс әсерлері

1
Бағалардың инфляцияға байланысты өсуі номиналды табыстары тіркелген халық топтарының табыстарын төмендетеді (зейнеткерлер, студенттер, мемлекет қызметкерлері және с.с).
2
Табыстары тіркелмеген халық топтары инфляцияның арқасында қосымша табыс ала алады, яғни олардың табыстары инфляция қарқынынан жоғары болады.
3
Инфляция ақшалай жинақ қорларын құнсыздандырады.
4
Кредиторлар мен дебиторлар арасында табыстардың бөлінуін өзгертеді. Инфляцияға байланысты дебиторлар ұтып, кредиторлар ұтылады.
Ескерту - мәліметтер [9] негізінде автормен құрастырылған

Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Ең алдымен, бағалар өзінің түрлері бойынша, өндіріс және айналыс кезеңдері бойынша, уақытта бір қалыпсыз өседі. Нәтижесінде экономикаға кері ықпал жасалынады. Бағалардың әртүрлі дәрежеде өсуі жеке шаруашылық субъектілердің жоғалуына, басқа шаруашылық субъектілердің көбеюіне әкеледі. Бағаның өсімі ең алдымен, айналыстағы материалдық-затты элементтерге қатысты болады, ал қорда жатқан материалдық құндылықтар құнсызданады. Нәтижесінде шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс, негізгі өндірістік қорлар мерзім сайын қайтадан өлшену керек. Егер бағалардың өсу динамикасы бұл процестен тезірек өтсе, кәсіпорындардың қаржы жағдайы күрт төмендеуі мүмкін [2, 18 б.].
Инфляцияның әсіресе теріс нәтижесі ретінде табыстардың стихиялы, болжамсыз бөлінуін атайды.
Біріншіден, бағалардың инфляцияға байланысты өсуі номиналды табыстары тіркелген халық топтарының табыстарын төмендетеді (зейнеткерлер, студенттер, мемлекет қызметкерлері және с.с).
Екіншіден, табыстары тіркелмеген халық топтары инфляцияның арқасында қосымша табыс ала алады, яғни олардың табыстары инфляция қарқынынан жоғары болады.
Үшіншіден, инфляция ақшалай жинақ қорларын құнсыздандырады [9, 17б.].
Төртіншіден, кредиторлар мен дебиторлар арасында табыстардың бөлінуін өзгертеді. Инфляцияға байланысты дебиторлар ұтып, кредиторлар ұтылады.
Инфляция халық шаруашылығының ең маңызды экономикалық көрсеткіштерін нашарлатады, әсіресе несие пайызын және өндіріс рентабельділігін. Олардың байланысы нашарлап, қарама-қарсы жаққа өзгереді.
Инфляция жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық жағдайы күрт төмендейді, шаруашылық байланыстар бұзылады, төлемеушілік өседі.
Іс жүзінде баға анықтаудың келесі әдістемелері болуы мүмкін:
oo Шығындарға қарай (алдымен толық өзіндік құн, оған пайыздық қосылымдар). Бұл әдістеме бойынша мақсатты баға немесе мақсатты пайда деңгейі, шығынсыздықты қамтамасыз ету анықталады. Шығынсыздықты қамтамасыз ету формуласы: Баға*Көлем=Тұрақты шығындар + өзгермелі шығындар*Көлем.
oo Сұранысқа қарай (сұранысты анықтау әлдеқайда қиын және сандық мөлшерде көрсетуде кедергілер бар, өйткені сұранысқа әсер ететін факторлар өте көп). Бұл әдістеме бойынша көбінесе бағаны анықтаудың келесі әдістері қолданылады: дискриминация, тауарлардың ассортиментті тобы бойынша баға жасау[6, 115 б.].
Бұл бөлімді қорытындылай келе, экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Ең алдымен, бағалар өзінің түрлері бойынша, өндіріс және айналыс кезеңдері бойынша, уақытта бір қалыпсыз өсетінін байқадым.

1.3 Қонақ үй қызметіндегі инфляцияның шетел тәжірибесі

Қонақ үй қызметіндегі инфляцияның шетел тәжірибесін білу - елімізде осы мәселеге байланысты қиындықтарды шешуге көмектеседі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет инфляция деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция - қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар. Шетелде қонақ үй нарығында болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі [16].
Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.
Басылыңқы (жасырын) инфляция - бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады [9, 18 б.].

Кесте 2
Ашық инфляция формалары [9, 18 б.].

Сұраныс инфляциясы
Шығын инфляциясы
Құрылымдық инфляция
Жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады.
Өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады.
Саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады.
Ескерту - мәліметтер [9] негізінде автормен құрастырылған

Сұраныс инфляциясы - ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы - ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.
Құрылымдық инфляция - ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі [9, 18 б.].
Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

Сурет 2. Болжау арқылы инфляцияның бөліну

Ескерту - мәліметтер [7] негізінде автормен құрастырылған

Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау туындап кеңейеді.
Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.
Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.
Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды. Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді [10, 24 б.].
Шетел елдердің тәжірибесі көрсеткендей инфляциядан толығымен құтылуға болмайды. Экономистердің басты міндеті ел үшін инфляцияның ең тиімді деңгейін анықтау, нәтижесінде өндірісті тұрақты дамыту. Ол үшін инфляцияға басқару жүргізіп, оны белгіленген шекараларда ұстау керек.
Инфляцияға қарсы шаралардың ең негізгісі ретінде өндірісті тұрақтандыру және өсіру болып табылады.Келесі шара ретінде ақша эмиссиясын біртіндеп азайту, оны экономикадағы құрылымдық өзгерістерімен қатал түрде байланыстыру.
Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

Сурет 3 Өсу қарқыны бойынша инфляцияның бөліну

Ескерту - мәліметтер [10] негізінде автормен құрастырылған

2 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТУДЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы қонақ үй қызметіндегі инфляция жағдайы
Қазақстандағы қонақ үй қызметіндегі инфляция жағдайы - жалпы нарықтағы экономиканың жағдайына байланысты болады. Қазіргі кезде инфляция қатты шиеленіскен мәселе болып табылады.
Бағаларды құрастыру процесіндегі тауарлардың тек қана жалпылай экономикалық құндылықтарымен ғана шектелінуге болмайды, себебі оның тек қана тұтынушымен берілген тауарларды өте жақсы білген уақытта қолданылуға болады. Іс жүзіндегі тұтынушылардың көбілері тауар туралы я ақпараттың аз, жеткілікті емес, я тіпті болмайтыны. Осы жағдайдағы тұтынушының бағалар дәрежесіне байланысты іс-әрекеттер келесідей факторлармен байланысқан болады:
1. Ауыстырылатын тауарлардың бар болуы туралы ойлар эффектісі. Көбінесе, тұтынып алушылар тауардың құндылығына баға берген уақытта басқаша баламалардай салыстыруға тырысатын болады. Егерде сатып алушылардың осы тауардың нарықтағы білімі жақсы болса, оның осы тауарларға бағалары да дәл болады. Алайда, негізгі тұтынушылардың тауар субституттары туралы ақпаратты білуі әлдеқайда төмен, кейбір кездерде тіпті жоқ. Сонымен бірге, берілген тауардың аналогиясы ретінде болатын басқаша тауарлардың тізімідері әр тұтынушыларда әр түрлі болады, яғни фосында жеке адамдық факторлар есепе алынады. Осыларға байланысты кәсіпорын өздерінің тауарларына субституттардың бар болуы ақпаратты жасыру үшін тырысу қажет. Осы мақсатта коммивояжерлердің және телемаркетингтің қызметін қолданады.
Егерде тауарлар түрлері тым көп болған жағдайда, нарықтың берілетін тауарларға қойылған бағалар деңгейлері жөніндегі жалпы қоғам пікірі туындайды (орта нарықтың бейтараптылық бағалары). Осы уақытта сатып алушыларжың бағалар деңгейлерінің өзгерісінде сезімталдықты азайту нұсқалары қарастырылу керек. Мысалы, компьютерді сатудың мұнараны жасаудың аяқтау секілді қолданылуға болады. Осымен бірге, берілген факторларды басқаруға мүмкіндік болады.
2. Бірегейлілік. Осы тұтынушының салыстыруға қажетсіз сезімінің тудырту мақсатында тауар бірігейлігін қамтамасыздандыру. Бірегейлілік эффекті - өнім ерекшелігі қаншама жоғарыласа, соғұрлым тұтынушының бағаның өзгерістеріне сезімталдылығы төмендейді. Сол себептен ауыстырылатын тауарлардың көп нарықтардағы қызметті жүзеге асыратын фирмалардың өздерінің өнімдерінің ерекшелік қасиетін беруді тырысады, нәтижесінде барлық шығындарынан асып түседі. Осы қасиеттердің тек қана жасасып қоймай, оның тұтынушыларға хабарласып, оның қасиеттері оған пайдалылығын болатыны туралы дұрыс көрсету қажет.
3. Ауыстыруға кеткен шығындардың эффекті - осы берілетін тауарлардың басқаша маркаларын сатуды ұйымдастыру үшін жұмсалған шығындарды қаншама көп болғанда, соншама тұтынушылардың бағаның өзгерістеріне сезімталдылығы төмен болады, яғни тұтынушылар жаңа марканың өнімін алуға құштарлы экономика әдетіне байланысты көп болмайды, тіптен олардың бағлары төмен болғанның өзінде де.
4. Салыстырудың қиындылығы. Шынында тауарладың дұрыс қасиетін басқаша субститут тауарлармен салыстыруы қатты қиын және олар көп уақытта тауардың тұтынудан не қолданыстан кейін мүмкіндігі болады.
5. Сапаның бағасы арқылы баға беру. Бағалар тек қана алынған ақшаның мөлшерлемесі негізінде емес, сонымен бірге, сапаларды сипаттауға мүмкіндік болғанда алынатын көрсеткіштер ретінде де қолданыла алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Инфляция туралы
Инфляцияның мәні, түрлерi
Инфляция деңгейін өлшеу
Қазақстандағы инфляция жағдайы және онымен күресу әдістері
Инфляцияның экономикалық маңызы
Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
Пәндер