Туризм саласындағы қонақ үйдің ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факультеті

«Туризм» кафедрасы

«Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу» пәні бойынша

«Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекенің ықпалы» тақырыбындағы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған:

Тур-33 тобының студенті

Нуримбетова Сабира

Тексерген:

э. ғ. к., доцент

Дулатбекова Ж. А.

Астана-2018

МАЗМҰНЫ

Бет

КІРІСПЕ . . . 3
КІРІСПЕ . . . 3:
КІРІСПЕ . . . 3: 1
ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУ ПРОЦЕСІНЕ БӘСЕКЕНІҢ ЫҚПАЛЫ
КІРІСПЕ . . . 3: 1. 1 Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекеге ықпалының теориялық негіздері . . . 5
КІРІСПЕ . . . 3: 1. 2 Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекеге ықпалының ерекшеліктері мен құрылымы . . . 7
КІРІСПЕ . . . 3: 1. 3 Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекеге ықпал етуінің шетелдік тәжірибесі . . . 13
КІРІСПЕ . . . 3:
КІРІСПЕ . . . 3: 2
ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУ ПРОЦЕСІНЕ БӘСЕКЕНІҢ ЫҚПАЛЫН ТАЛДАУ
КІРІСПЕ . . . 3: 2. 1 Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекенің әсер ететін факторлары . . . 15
КІРІСПЕ . . . 3: 2. 2. Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесінің жағдайы мен бәсекеге ықпал етуін реттеу әдістерін бағалау . . . 19
КІРІСПЕ . . . 3: 2. 3 Шетелдік қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесінің параметрлерінің ерекшеліктерін анықтау . . . 22
КІРІСПЕ . . . 3:
КІРІСПЕ . . . 3: 3 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУ ПРОЦЕСІНЕ БӘСЕКЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 25
КІРІСПЕ . . . 3:
КІРІСПЕ . . . 3: ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
КІРІСПЕ . . . 3:
КІРІСПЕ . . . 3: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қонақ үй индустриясы әлемдік экономиканың маңызды саласы болып табылады. Кейінгі бірнеше жылда туризм жылдам дамып келе жатыр және халықтың барлық қабатына қол жетімді болып табылады. Туризмнің дамуымен қатар туристердің саны да артып келеді. Бұл қонақүй сервисінің негізгі компоненті оның инфрақұрылымының дамуына да өз әсерін тигізді.

Бүгінгі таңда қонақ жайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз.

Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта өндіріліп - тұтынылатынында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу - шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі барлық бірлестіктер онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды. Модельді жасағандардың айтуынша қызмет көрсетудің бір қадамы - қонақтардың үміттерін және қызмет көрсету сапасында қандай қиындықтар туу мүмкіндігін білу болып табылады. Басқаша айтқанда, фирма өз қонағының үміттерін білу, және де сол күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек. Сервистік қызмет - бұл біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып жетілдірілетін адамзат қарым-қатынастарының саласы болып табылады. Қонақ үй сервисін дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сервис мәдениетін дамыту керек. Қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті қызметшілерге қонақтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Қонақ үй қызметтерінің маркетингі саласында жұмыс істейтін адамдар, өз тауарының төрт спецификалық белгілерін ұмытпауы керек. Бірінші, материалды тауарларға қарағанда қызметтерді, оларды тікелей көрсету сәтіне дейін, дәмін татып, ұстап көріп, көруге және естуге болмайды. Екінші, қонақ үй индустриясында қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет етеді, яғни қызметтер көзі мен объектісінен ажырамайды. Үшінші, қонақ үй саласының қызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет қандай жағдайда және кіммен көрсетіліп жатқандығына байланысты болады. Және төртінші, қызметтер сақтауға келмейді.

Туристерді орналастыру орындары туристерге дүркін-дүркін және үнемі түнеу орнын ұсынатын кез келген объект болып табылады. Қосымша қызмет ретінде келесілер қабылданды:

-түнеу орындарының жалпы саны белгілі минимумнан асады;

-орналастыру объектісінің басшысы болады;

-объектіні басқару коммерциялық негізде салынады.

Қонақ үйлердің екі негізгі тобы бөлінеді: әрдайым және уақытша тұруға арналған, өз кезегінде олар келесідей бөлінеді: қысқа уақыт тоқтау шартында кез келген контингентке қызмет көрсететін, транзиттік қонақүйлер; іс-сапарлардағы тұлғаларға қызмет көрсететін іскер бағыттағы қонақүйлер; демалысқа арналған қонақ үйлер, яғни туристік, курорттық және т. б.

Негізінен барлық орналастыру орындары екі категорияда ұсынылады - коллективті және индивидуалды. Коллективті орналастыру орындарына қонақүйлер және ұқсас мекемелер, маманданған мекемелер, туристерді коллективті орналастыру орындарының өзгелері кіреді.

Қонақ үйдің негізгі нышандарының ішінен, ең алдымен, номерлердің болуын атап өту керек. Басқару ерекшеліктеріне байланысты қонақ үйлер жекешеленге кәсіпорын болуы немесе қонақүй желісін құруы мүмкін. Дамыған қонақүй желілеріне мысал ретінде Аккар (Франция) қонақ үйлерін, Холидей Иннді (АҚШ), Фортені (Ұлыбритания), Шератонды (АҚШ) жатқызуға болады. Қонақүйлер номерді тазалау, төсек орнын күнделікті жинау және санитарлық торапты тазалау сияқты міндетті қызметтерді және сондай-ақ қосымша қызметтердің кең номенклатурасын көрсетеді. Туристерді орналастыру орындарының стандартты классификациясын 1-кестеден көруге болады.

Бұл жұмыста жалпы қонақүй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекенін ықпалының даму барысы, оның негізгі түсініктері, мақсаты мен мінедеттері, ұйымдастыру құрылымы мен басқару жүйесі қарастырылған.

Курстық жұмыстың мақсаты:

  • жұмыстың жазылуының негізгі мақсаттары қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекеге ықпалының теориялық негіздерін,
  • қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекеге ықпалының ерекшеліктері мен құрылымын,
  • қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекеге ықпал етуінің шетелдік тәжірибелерін,
  • қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекенің әсер ететін факторларын,
  • қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесінің жағдайы мен бәсекеге ықпал етуін реттеу әдістерін бағалауды,
  • шетелдік қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесінің параметрлерінің ерекшеліктерін толық шолып өту болып табылады.

Зерттеу объектісі: қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекенін

ықпалын зерттеу.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУ ПРОЦЕСІНЕ БӘСЕКЕНІҢ ЫҚПАЛЫ

1. 1 Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекеге ықпалының теориялық негіздері

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізу, салаларды әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы міндеттерді орындауға тікелей байланысты. Қоғамдық тамақтану саласын тиімді дамыту үрдісіндегі басты рөлі экономиканың өсуіне белгілі бір көлемде салымдар салуды қажетсінеді. Қазақстан Республикасындағы Сауда қызметіндегі қоғамдық тамақтану сферасының ЖҰӨ-дегі үлесі 12, 2% құрайды.

Бұл әрине үлкен көрсеткіш, Қазақтандағы қоғамдық демалыс кәсіпорындарының қарқынды дамып, ауқымды салалармен қалыспай экономиканың дамуына үлкен үлес қосып отырғандығын көрсетіп отыр. Жалпы, қонақ үй саласына салынған қаражат 3-4 жылда қайтарым береді. Сондықтан бұл нарық сегменті жедел өсім беретін салалардың бірі.

Қоғамдық тамақтану жүйесіндегі қонақ үйдің орны зор. Қонақ үйлік бизнес - тұрғындардың қажеттілігін сапалы демалыс орындарымен қанағаттандыруға, клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге, клиенттердің эмоционалды және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті ерекше қызметтердің бір түрі [14, 20б] .

Соңғы жылдары қазақстандағы қонақ үйдің қызметі үлкен жағымды өзгерістерге ұшырады, өйткені тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы мәдени-демалу саласындағы қызметтерге деген сұранысты арттырып, қонақ үйлер, мейрамханалар мен кафелердің санының өсуіне ықпалдасты. Қызмет көрсету нарығындағы қонақ үй қызметтері әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланысты болғандықтан, экономикадағы өзгерістер, реформалар, қонақ үй бизнесіне маркетинг стратегияларын тиімді қолданудың қажеттілігін туындатты.

Қазақстандағы көптеген қонақ үйлік бизнесте маркетингтік басқару құрылымдарының жетіспеушілігі, нарық талабына сай маркетинг әзірлемелердің әдістерін дайындауды талап етеді. Қазақстандық ғалымдар қонақ үй бизнестегі маркетингтік шарттардың әдістемесін зерттеу үстінде, дегенмен де олардың ғылыми ізденістері жеткілісіз. Осы тұрғыда қонақ үй бизнесіндегі маркетингтік басқару жүйесіндегі шешілмеген проблемалар, ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдауға және оның өзектілігін айқындауға ықпал етті.

Қонақ үй бизнесі туристік индустрияның материалды-техникалық базасының негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан қонақ үйде жасалған жұмыстар құрылысы, ішкі және сыртқы безендірілуі, қызмет көрсету кешені, қонақ үйдің орналасуы, мәзірі барлығы бір-бірімен үйлесімді болуы қажет.

Қонақ үй бизнесінің өркендеуінің басты концепциясы оның орналасуында, сонымен бірге бизнес әлеуетті қонақтардың талғамымен сәйкестенуі аса маңызды [4, 96 б] .

Қазақстандағы қонақ үйлер жіктеулерге ие, дегенмен де нақты белгілі бір статусқа ие обьектілерге бөлінбеген. Қазақша стилі бар, ұлттық тағамдарды пісіріп, халықтың көңілінен шығып отырған қонақ үйлер жеткілікті.

Қонақ үй қызметіндегі маркетингтің мазмұны нарыққа бағытталған болуы қажет, яғни тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірушіден өндірілген өнімді түпкілікті тұтынушыға жеткізу. Бұл қонақ үй қызметінің ұсынатын қызметтерімен тікелей байланысты, біріншіден жоғары сапалы өнім тауардың материалдық құндылығын сақтауға көмектессе, екіншіден тұтынушылардың денсаулығына кепілдік береді.

Туризм саласындағы қонақ үйдің ерекшелігі.

1. Қонақ үй сферасындағы маркетинг 7 элементтен тұрады: тауар/қызмет, баға, өткізу, коммуникация, қызмет көрсету үрдісі, персонал және қоршаған орта.

2. Бұл салада тауар өндіріс мен қызметінің үзілмейтіндігімен ерекшеленеді.

3. Қонақ үй қызметіне деген сұраныс мезгілдік сипатқа ие. Тәжірибе көрсеткендей, сату көлемінің өсуі қыс айларында жоғарылап, жаз мезгілдерде төмендейді. Сондықтан маркетингтік басқару үрдісінде баға түсірімдерін жасау сияқты мәселелерді шешуді қолдану маңызды.

4. Маркетингтің осы салады тағы бір маңызды элементі тауар болып табылады. Мысалы, тауардың сапасының жоғары болуы экономика секторының, оның ішінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп шаруашылығы, мәдениет, білім беру саласымен өзара тығыз байланыста болады. Қонақ үй қызметіндегі қызметтің сапалы болуы қонақ үй статусына тікелей байланысты. Ассортимент, өнім сапасы нарық сегментін кеңейтуге және маркетинг стратегияларын әзірлеуге, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндікті арттыратын болады.

5. Бағаны қалыптастыру мекеменің статусына тікелей байланысты болады. Бағаны белгілеу кәсіпорынның өмірлік циклына, тұтынушылардың төлемқабілеттілігіне, сату көлеміне және мекеменің орналасуына тығыз байланысты.

6. Аталмыш сферадағы жылжыту және өткізудің басты құрайтын элменттері ретінде, өткізу арнасы, қызмет көрсету формасы және коммуникация жатады. Өткізу жүйесінің қоғамдық тамақтану саласындағы ерекшелігі тікелей каналдың қолданылатындығында. Ережеге сай, ол тұтынушыларға қызмет көрсету стилімен тікелей байланысты [11] .

7. Қонақ үй қызметтің өзгеріске жылдам ұшырайтындығында. Ол білікті персоналдардың деңгейіне тікелей байланысты. Бұл маркетингтік әдістерді қолдануды талап етеді. Оның ішінде мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру т. с. с.

1. 2 Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу процесіне бәсекеге ықпалының ерекшеліктері мен құрылымы

Қонақ үй туристік кешеннің(ҚТК) ұйымдастыру тиімділігіні мәні мен мазмұнын анықтауға теориялық қадам жасау.

Кез келген қызметтің адам әрқашан бағалауға ұмтылған нәтижесі болады. Отандық ғылымда тиімділігін ұғымның дамуын басқару тарихи жағынан мекеме өндірісінің тиімділігін өндірісті басқару тиімділігінен басталады.

Біздің елімізде тиімділік мәселелері ғылыми әдебиетте кеңінен жандандырылды және сәйкес басқару органдарынгың нормативті әдістемелі және нұсқау материалдарында жеке-жеке қарастырылды. Алайда мемлекеттік меншік және ресурстар, өнімдер, капитал нарығы болжағын жағдайда барлық шешімді орталықтандырылған басқару органдары қабылдады. Экономикалық шешім қабылдаудың күрделі динамикалық үдерісі орталықтандырылған экономикалық жоспарлау формасын қабылдады. Мекемелер қызметі негізгі өндіріспен шектелді. Сәйкесінше барлық күш мекеме өндірісінің ағымдық нәтижесін сараптауға, бақылауға және жоспарлауға шағырландырылды.

Екі ғасыр шеңберінде, жаңа ХХІ мыңжылдықтың табалдырылғанда басқаруды дамыту проблемаларының экономикалық және басқару шешімнің жаңа нарықтық қатынастар жүйесіне өтудің ірі масштабы жеке өзекті үдерістері өтіп жатқан Ресей үшін өте маңызды. Ресей Федерациясын дағы шаруашылықтың жағдайын есепке ала отырып өз қызметінің барлық саласына жауап беретін және бақылайтын алық жүйе болатын өндірістік емес сала ұйымдастырудың жаңа ролі туралы. Айтуға болады. (өзгеріс болған даму кезеңі кестеде [16, 24 б] .

Туристік қызметтер индустриясының масштабтық сипатының ҚТК ұйымдастыру тиімділігі тұжырымдамасының пайда болуына жағдай туғызды.

Қазіргі кезде нәтиженің белгілі мақсатпен ара-қатынасын өздігінше сипаттайтын алуан түрлі өндірістік емес сала мекемесі (ұйымы) қызметінің жағдайының өзгеру себептері термендер қолданылады.

Қонақүй - туристік кешеннен (ҚТК) ұйымдастыру тиімділігін жалпы түрде оның қызметінің оларды сапалау жетістікке жұмсалған шағын нәтижелелеріне қатынасы түрінде анықтайды. Тиімділік мақсатқа жету сипатын бейнелейтін басқару сипатындағы үдерістер мен ықпалдардың сипатталып, сондықтан бейімділік белгілі мақсатқа бағыттлады [8] .

Тиімділік негізінде мыналар ұғынылады:

-белгілі нақты нәтиже (бір нәрсе әрекетінің тиімділігі) ;

-нәтиженің немесе үдерістің ең жоғары, мүмкінніне жоспарлық дәрежеге сәйкестігі,

-жүйелердің функционалдық түрлері;

-қызмет көрсетуді қанағаттандырудың салдық сипаттамасы;

-шынайы тиімділіктің қажетті (нормативті) тиімділікке қатынасы;

-мақсат пен қызметті орындау сенімділігі.

Отандық ғылым мен тәжірибеде өндіріс тиімділігіне бағытталған үш түрлі материалды көрсетсе болады:

-нормативтік актілерді қарастырылатын апробазалан ған;

-арнайы әдебиеттерде берілген пікірталасу мәселелерін жандандыратын;

-сондай-ақ соңға дейін шешілмеген мәселелерге қатысты.

Терең ғылыми зерттеуді, талдауды және жүйелендіруді қажет етіп отырған, туризм құбылысының, туристік саланың елімізде дамуының, туристік қызметтің жұмылдыра көрсетілуінің басты себеп-салдары ретінде көрінуі және адамдардың әл-ауқатын жақсартудағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғауы, осы бөлімде оларға негізделе тоқталуымызға түрткі болды. [5, 23 б]

Отандық ғылым «туризмді», белгілі бір аймақтарды, елдерді тану мақсатымен жасалатын саяхатты білдіретін белсенді демалыс түрі ретінде сипаттайды. Түсінік берудегі келістерді қорытындыласақ, онда «туризмді» адамдардың тұрақты мекен-жайларынан тыс жерлерде уақытша тоқталуы немесе саяхат жасауы нәтижесінде пайда болатын қатынастар жүйесі ретінде анықтауға болады. Жалпылама сипат алған бұл анықтама, аталмыш құбылыстың әлеуметтік және экономикалық аспектілерін қозғамай, бейнелеумен ғана шектелген. Алдындағы тарауда қозғаған ойлар мен қарастырылған әдебиеттердің негізінде, диссертант, туризмге өзінің рухани және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене мен мінезқұлықты саулығын нығайту, қоршаған ортаның жаңаша әсерін тану мақсатымен, туристік қызметті тұтыну негізінде туристің бос уақытты пайдалануы ретінде анықтама береді.

Қазіргі заман ғалымдарының ішінен алғашқылардың бірі болып, туризмге экономикалық құбылыс ретінде назар аударған П. Ротоу, елдер дамуындағы экономикалық кезеңдер мен олардағы туризмнің даму ерекшеліктері арасындағы корреляцияны анықтау арқылы ұсынған үлгісі бүгінгі күнге дейін экономистермен мойындалуда. Халықаралық рынокқа туристік қызметпен шығу, экономикалық әлуеті жоғары, дамыған елдер үлесіне тисе, онда туризм «орта кластың» өркендеу белгісіне және жаппай тұтыну өніміне айналған. П. Ротоудың болжамына сәйкес, рынок жолына түскен дамушы елдерде, ал бұған біз өз кезегімізбен Қазақстанды енгіземіз, қызметтер аясындағы мультипликативті табыс құралы, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту және инфрақұрылымның даму құралы болатын, ішкі туризмнің дамуына жағымды әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туындап отыр. Теориялық тұжырымдар мен жорамалдарға сүйенбей, статистикалық мәліметтерге жүгінетін, бүгінгі күнгі туристік қызмет аясының ел экономикасына ықпалын бейнелейтін үлгілер, экономикалық тұрғыдан ғана ұсынылып, әлеуметтік жағы назардан тыс қалған [7] .

Қазақстанның өтпелі кезеңнен кейінгі туризм саласының, халыққа ұсынылатын туристік қызметтер жағдайының әлі де болса тұрақтанбауына қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайын реформалау процесі ауқымды үлесін қосты. Қазіргі туристік аядағы «қайшылықтар» қайдан пайда болғанын анықтау үшін, өткен бірнеше жыл ішіндегі Қазақстандағы осы саланың даму процесін қарастыру қажет.

Арнайы әдебиеттерде туристік қызметтер аясы Қазақстанда XX ғасырдың бас кезінде пайда болғандығы жайлы сөз етілген. Туристік сала, халық шаруашылығының барлық салалары секілді кешегі күнге дейін орталықпен қатаң түрде басқарылып келген. Қазақстанда халықаралық туристік қызметпен алмасудың бастамасы ретінде, ресми түрде шетелден келген 25 қонақты қабылдауымен ерекшеленген. Тап осы жылы КСРО, сол кездегі БҰҰ-да әрекет еткен ресми туристік ұйымдардың Халықаралық Одағына мүше болып кірген болатын. Қарастырылып отырған, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, туристік саланың индустриализациясы мен монополизациясы кезеңі болып табылады. Экономиканың жалпы дамуы мен соның ішіндегі туристік қызмет саласына тиісті маңызды шешімдерді орталық мемлекеттік органдар қабылдады. Халықаралық және ішкі туризмнің жоспарлы даму міндеттері әртүрлі Орталық органдарға бекітілді: жас өспірімдер және спорттық туризм мүдделері туристік-экскурсиялық, кәсіподақтық және қоғамдық органдардың құзырында болса, ішкі туризм мәселелерін - кәсіподақтар қарастырса, халықаралық - әртүрлі қалаларда өз бөлімшесі және шетелде өкілеті бар жеке ұйымдарға бекітіледі; ал жастар туризмін Орталық жастар ұйымы ұйымдастырады.

1962 жылы туристік-экскурсиялық басқару негізінде, туристік саланы жаппай дамыту міндетін алған, туризм мен экскурсиялар бойынша кеңес жүйесі құрылған болатын. Туризм мен экскурсия бойынша кеңестің қызметі Орталық Кеңеспен реттелініп отырған, ал олардың құрылуы елдегі туристік-экскурсиялық қозғалыс ауқымының кеңеюіне жол ашты. Одақтас республикаларда туризм бойынша Кеңестер ұйымдастырылып, туристік саланың материалдық базасы біршама кеңейтіледі. Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Шығыс Қазақстан облыстарында алғашқы кездері тек жалға алынған көлік құралдарымен жұмыс істеген, саяхат пен экскурсия бюролары пайда болған [18] .

Алматы, Жамбыл (қазіргі Тараз), Шымкент, Қарағанды және Целиноград (қазіргі Астана) қалаларында «Интурист» атты Бүкіл Одақтық акционерлік қоғам агенттіктері ашылды. Ол КСРО-ның Министірлер Кеңесіндегі шетел туризмі бойынша бас басқармасына бағынышты болды. Сол жылдары біздің отандастарымызды Жерорта теңізінің жағалауындағы - Греция, Түркия, Тунис, Мальта, Испания, Франция, Ұлыбритания, Италия елдері арқылы өтетін, социалистік елдерге саяхат; Финляндия, Үндістан бойынша өтетін маршруттар қызықтырды. Туристік саланың дамуының жоспарлы реттелуі елімізден шетел валютасы «ағымының» мүмкіншілігін мейлінше азайтты, ал айырбастан тыс келген халықаралық топтарға туристік қызмет көрсету шетел валютасының түсімін арттыруға айтарлықтай әсерін тигізді.

Сол кездегі КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары болып Кавказ, Қрым, Балтық жағалауы, Ресейдің тарихи орталықтары мен Орта Азия саналды. Ал Қазақстанның бірқатар табиғи көрнекті жерлері мен мәдени ескерткіштері, архитектурасы мен археологиясы мүлдем көңілден тыс қалып қойды. Бүл кездері қазақстандық туризм идеологиялық функция атқаратын мәдени-ағартушылық жұмыс жүйесінің элементтерінің бірі ретінде көрінді. Мемлекеттің туристік саланы экономикалық сала ретінде қарастырмауы, кешенді болжаулардың жүргізілмеуі, ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалмауы, Қазақстанда туристік қызмет индустриясының артта қалып қоюының негізгі себептерінің біріне айналды. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.

Постсоветтік уақыттағы халықаралық туристік қызметпен алмасуын шектеу саясаты, оның республикадағы дамуына кедергі жасап, тек ішкі туризм, не болмаса өзара туристік ағымның дамуына әкелді және де ол қалдық принципі бойынша қаржыландырылды.

Орын алған түбегейлі реформалар, социалистік құрылысты «жылдамдатуы» бойынша дәстүрлі әкімшілік-әміршілдік шаралар шеңберінде жүргізілді. Реформаторлық ойдың негізі мынадай екі нұсқамадан тұрды:

1. жылдамдатылған қарқынмен бір бесжьлдық ішінде өркениетті батыс елдерін негізгі технологиялық көрсеткіштер бойынша қуып жету.

2. социализм жүйесі өз бетінше батыс елдерінің қоғамына қарағанда кіршіксіз, ал оның экономикалық артта қалуының себебін «социализмнің әлуетті мүмкіншіліктерін жеткілікті пайдаланбауында» деп сендіре түсіндіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз қонақ үлгісі
Қонақ үйдің қызметтері
Қазақстандағы туристік кәсіпорындарды дамытудың негізгі маркетингтік тәсілдері және бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қонақ үй бизнесі
Туризм саласы - кез келген саламен байланысы бар кешенді түсінік
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Жанұялық қонақ үйлер бағдарламасын дамыту
Өрт қауіпсіздігі жүйесі
Туристік қонақ үйлер
Қонақ үй қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz