Әуе саяхаттары мен жолаушы тасымалында әуе көліктерінің пайдалану тиімділігін зерттеп, зерделеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2

Негізгі бөлім

I. ӘУЕ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУДЕГІ СИПАТЫ

1. 1 Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымы 3

1. 2 Қазақстан Республикасының әуе көлігімен тасымалдаудың қазіргі

жағдайы 5

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ НАРЫҒЫ

2. 1 Қазақстан Республикасының әуе нарығындағы көлік жүйесінің қазіргі

жағдайы 12

2. 2 Қазақстан Республикасының қазіргі әуе компаниялары 15

2. 3 « Эйр Астана » әуе компаниясының негізгі бағыттары мен қызметнің мәселелері мен болашағы 18

III. ӘУЕ КӨЛІГІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ МӘНІ

3. 1 Халықаралық әуе компанияларына жалпы сипаттама, бағыт-бағдары мен классификацисы 22

3. 2. Қазақстан Республикасындағы әуе тасымалдарын ұйымдастыру

Қорытынды 27

Қосымша 28

Пайдаланылған әдебиеттер 30

Кіріспе

Адам баласы үнемі қозғалыста болғандықтан оларға бір жерден екінші жерге бару үшін оларға қозғалыс құралы қажет болды. Осы қажеттілікте алғашқы болып жылқы қолдана бастады. Содан бері адамдар аттармен арбамен саяхаттауды, көшіп-қонуды қолға алды. Одан соң темір тұлпар дәуірі яғни теміржол, авто көліктері пайда бола бастады. Қазіргі таңда жылдам, әрі тез транспорт құралы ол әуе көліктері.

Қазіргі жаһандану заманында әр ел өз экономикалық, инвестициялық және индустриялы даму көрсеткіш деңгейлерін жылдан-жылға жоғарылатуда. Жоғары көрсеткішті шағын кәсіпорын, өнеркәсіп, ірі бизнес, туризм, жол- тасымал бизнестері көрсетсе, соның бірі- әуе көлігі бизнесі. Әуе көліктерімен тасымалдау түрі Қазақстан туризм экономикасында алатын рөлі үлкен. Бұл транспорт түрі еліміздің эконимикалық жан-жақты дамуына үлесін тигізеді . туризм саласын әуе көліктерінсіз елестету мүмкін емес. Ішкі және сыртқы туризмде бір елден, екінші елге немесе бірінщі қаладан екінші қалаға сапар шегу үшін ертеде айлап, апталап уақытты талап етсе, қазіргі таңда әуе көліктері арқылы бар болғаны үш-төрт сағат қана кететін болды. Қазіргі таңда жету транспорттарының түрлері көп мысалы көлік, су секілді бірақ әуе транспортының орны ерекше. Сол себепті транспорт жүйелерін дұрыс бағытқа қоя алмаған мемлекеттің дамуыда баяулайды. Транспорт жүйесі халықтың қажеттілігіне орай үнемі жанданып, жаһанданып отыру керек деп білемін.

Курстық жұмыстың мақсаты : Қазақстанның туристік әуелік маршрутты дайындауғы көліктік инфрақұрылымның және әуе компанияларының жолаушыларды тасымалдау, әуе көліктерінің маңызы мен олардың айрықша алатын орнын анықтау, зерттеу. Әуе жолдарының Қазақстанда және де шетелде қандай деңгейде даму барысын қарастыру. Әуе саяхаттары мен жолаушы тасымалында әуе көліктерінің пайдалану тиімділігін зерттеп, зерделеу. Қазақстанның туризм индустрияындағы атап айтқанда әуе тасымалының жұмысын бағалау.

Курстық жұмыстың міндеттері :

-туризм саласының халықаралық және ішкі туризм дамуына әуе жолдарының тигізетін әсері.

-әуе инфрақұрылымның тиімділігін арттыру.

-әуе тасымалында жолаушыларға қойылатын талаптар мен оларға деген қызмет деңгейін қарастыру.

-әуе тасымалында Қазақстанның белсенді тұстарын ашу.

Курстық жұмыстың өзктілігі: туризм индустриясындағы көліктік инфрақұрылымның ерекшеліктері мен әуе тасымалының Қазақстандағы маңызын анықтап, зерделеу. Ондағы атқарылған жұмыстармен алдағы қойылған бағдарламаға баға беру мен ұсыныс жасау.

I. ӘУЕ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУДЕГІ СИПАТЫ

1. 1 Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымы

Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру тұжырымдамаларының бірі көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы жаһандануы болып табылады.

Көлік инфрақұрылымы - біздің индустриалды экономика мен қоғамның айналымының текті жүйесі деп айтсақта болады. Жоғары сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел жоқ.

Әлеуметтік-экономикалық жаңарудың жаңа кезеңінің кезекті кезеңінде Қазақстан үшін ұлттық көлік-коммуникациялық кешенді дамытудағы басты міндет әлемдік нарықта оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және тиісінше, республика аумағы арқылы сауда ағындарының өсуін ынталандыру болып табылады.

Қазақстанның көліктік экономикалық-инфрақұрылымының жаһандану үдерісіне қосылуы бастапқы сатыда шикізаттың негізгі жеткізушілерінің бірінің функцияларын іске асыруға, тасымал мен тасымалдаушылар тарапынан әлемдік экономикалық интеграция үдерістеріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Елдің басқа да континенттерімен (Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австарлия ) секілді түйісу нүктесіндегі ыңғайлы географиялық орналасуы және оның көлік, әуе және байланыс дәліздерін халықаралық құрылымға қосу тауарлардың транзитінен ғана емес, Еуразиялық кеңістікте қалыптасқан сауда-экономикалық интеграция процестеріне қатысудан да пайда алу мүмкіндігін алдын ала анықтайды. Қазақстан Орталық Азия аймағында, аймақаралық экономикалық байланыстардың интеграторы, капитал мен инвестицияларды тартуға, аймақтық өндірістерді немесе Орталық Азия нарығына бағдарланған және халықаралық қызметтерді көрсететін әлемдегі ең ірі компаниялардың филиалдарын орналастыратын орталық болуы мүмкін. Қазақстан тоқсан жолдың торабында орналасып қана қоймай, Еуразия жүрегінде аталмыш орын алған, көлік жолдары мен әуе, темір жолдары арқылы басты өтетін магистраль болу мүмкіндігі өте жоғары.

Қазақстан Республикасы үшін көлік кешені сияқты осындай экономикалық жүйені тиімді ұйымдастыру және жоспарлау отандық нарықтың кеңеюі, сондай-ақ республиканың сыртқы сауда қатынастарын тереңдету үшін стратегиялық маңызға ие. Бұдан басқа, Қазақстанның географиялық жағдайы Еуразия құрлығындағы сауда қатынастарын дамытуда оның байланыстырушы рөлін айқындайды.

Дәлірек айтқанда қазіргі таңда елімізде көліктік- инрақұрылымға дамыту мен жаһандандыру стратегиясына байланысты түрлі кешендер мен стратегиялар қола алына бастады. Айтап айтсақ елбасы қолдауымен «2006-2015 жылдар транспорттық стратегия» атты жобасы 2006 жылдың 1 наурызда бастау алған болатын.

Стратегияның басты мақсаты:

-Экономиканың және халықтың көліктік қызмет көрсету қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алатын көліктік-коммуникациялық кешенді дамыту

-Қазақстанның стратегиялық міндеттері мен қағидаттары Қазақстанның көлік жүйесін әлемдік көлік жүйесіне интеграциялау;

-Бірыңғай, сыртқы интеграцияланған көлік кеңістігін қалыптастыру;

-Қазіргі заманғы ұлттық көлік инфрақұрылымын құру;

-Транзиттік әлеуетті дамыту және тиімді пайдалану;

. Қазақстандық автожол желісі автокөлікке транзиттік қатынауды үш негізгі бағыт бойынша қамтамасыз етеді: Ресей, Еуропа елдері, Балтық елдері; Қытай, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері; Орталық Азия және Кавказ елдері, Иран, Түркия. Қазақстанда 1, 5 миллионнан астам автомобиль бар, оның 80 пайызы жеке меншікке жатады. Қазақстанның автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 87 400 км құрайды, оның 93% асфальтталған. Автожолдарды салу және одан әрі дамыту, көпірлерді қайта құру және салу, сондай-ақ автомагистральдар бойындағы қызмет көрсету орталықтары мен рекреациялық аймақтарды ашу инвестициялық жобалар үшін тартымды идеялар болып табылады.

Республикада бұл стратегия бойынша темір жолдарының үштен екісі желілік және электрлендірілген желілер. Қазақстандық теміржол жүйесінде 3000 локомотивтер, 90 мыңнан астам тауар және 2300 жеңіл автомобиль, 42 локомотив жөндеу депосы және 2 вагон жөндеу зауыты тартылған. «Қазақстан Темір Жолы» мемлекеттік теміржол компаниясы негізгі ұлттық оператор болып табылады. Қазақстан теміржол кешені халықаралық, оның ішінде транзиттік тасымалдауды қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады. Республика темір жолдардың кең желісіне ие. Темір жол желісі Қазақстанды көрші елдермен байланыстырады: сегізі - Ресеймен, біреуі - Қырғызстанмен, екеуі - Өзбекстанмен, екіншісі - Қытаймен.

Теңіз порттары мен теңіз яхталары су көліктерінің қызметтін атқарады. Қазақстан мұхиттардан алшақ орналасқандықтан, тікелей ірі портты тасымалдау қатынасына түсе алмайды. Қазақстан тек теңіз тасымалымен ғана шекетесіп отыр. Қазақстанның су көлігі өзен мен теңіз көлігі кәсіпорындарымен, тауарлар мен жолаушыларды тасымалдауды, өзен мен теңіз порттарында жүктерді өңдеуді жүзеге асырады. Жүк айналымының көлемі бойынша су көлігі үшінші орынға ие.

Ақтау Иран мен Закавказияға аралас теміржол және су тасымалдау, сондай-ақ өзендер мен каналдар жүйесі арқылы Еуропа елдеріне өте маңызды болып табылады. Ақтау порты Қазақстанның Ресеймен, Кавказдағы (шамамен 80%), Иранмен, ал Иран арқылы - жақын және Таяу Шығыстағы елдермен экспорттық-импорттық қатынастарын қамтамасыз етеді. Каспий маңы елдері, Закавказье, Орта Азия, Иран мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың дамуымен ТРАСЕКА көлік дәлізінің негізгі түйіні ретінде порттың маңыздылығы арта бастады. Теңіз көліктік маршрут 6000 км созылып оның 80% -ы жүк тасымалымен көрсетіледі.

Әуе көлігімен салыстырғанда Қазақстанда 50-ден астам авиакомпания тіркелген, олардың 2/3-і жеке болып табылады. Әуежайлардың желісі ұлттық мәртебесі бар әуежайлардың жартысы және халықаралық деңгейде ұшуға рұқсаты бар 10 әуежайлар әзірленді. Қазақстан әуе қатынасы туралы 40-қа жуық үкіметаралық келісім жасасты. Жүк тасымалдарының көпшілігі Ресейге, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға және Германияға жіберіледі.

Жоғарыда көрсетілген көліктік инфрақұрымға байалынсты көлік түрлері ұсынылған болатын және оның қауіпсіздігі туралы ұмытпаған жөн, жолаушы-туристтер өз ыңғайына байланысты көлік түрелерін тандау мүмкіндігі бар, әрине көлік, әуе және темір жол саяхаттары ең әйгілі, ең жиі қолданатын саяхаттар болып табылады (көлік саяхаттарының жалпы көлемінің 90%) мұндай көліктік транспорттар әр қашан сұраныстан түспеген және сұраныста.

Көліктік транспорт өзінің активті транспрот түрлерімен өз алатын орнын айқындауға, оны одан әрі, жаңғыртуға септігін тигізеді. Транспорттың өзі түрлі бөлімдерге бөлінеді және әр транспорттың өзіндік ерекшеліктері мен анықтамалыран сәйкес іс-әрекет орындаушы жансыз тарап ретінде пайдаланыды. Жоғарыда айтып өткендей транспортқа деген сұраныс жылдан- жылға арта бастамаса ол, әрине кеми түспейді. Бір орыннан екінщі орынға жеткізу транспрот құралдары, уақыт өте келе жаһандану заманында одан әрі дамып, жыл сайын қуаты күшейіп, түрлі көліктердің жаңа түрлері дүниеге келіп жатыр.

Өзінің саяхатын жоспарлағанда, ең алдымен турист өз қауіпсіздігін ойлап баратын жеріне жету жылдамдығы, саяхат жайлылығы, бағасы, жүкті тасымалдау мүмкіндігі мен оның салмағы, тамақтану жағдайы, шу мен сілкініс деңгейі, ұйықтау мен демалу жағдайы, сапар барысындағы кең шолу мүмкіндігі, зиянды экологиялық факторлардың болуы, қауіпсіздік сияқты факторларды ескеріледі. Бұл факторлардың көлік түрлеріне келесі кестеден (1) көрінеді.

Бағалау критерийлері
Көлік түрлері
Өзен кемесі
Теңіз кемесі
Темір жол
автобустар
Жеңіл автом.
ұшақ
Бағалау критерийлері: Қозғалу қауіпсіздігі
Көлік түрлері: 7
6
6
4
5
7
Бағалау критерийлері: Экологиялық қауіпсіздік
Көлік түрлері: 6
6
7
5
6
8
Бағалау критерийлері: Тасымалдау ақысы
Көлік түрлері: 8
6
9
8
2
1
Бағалау критерийлері: Жылдамдығы
Көлік түрлері: 1
2
6
4
6
10
Бағалау критерийлері: Туристің қалауы бойынша жол бойында тоқтау мүмкіндігі
Көлік түрлері: 2
1
1
8
10
1
Бағалау критерийлері: Жолда ұзақ өмірлік қамсыздандыру мүмкіндігі
Көлік түрлері: 8
10
5
3
2
5
Бағалау критерийлері: Сыйымдылығы
Көлік түрлері: 7
10
6
4
1
7
Бағалау критерийлері: Капиталды шығындар
Көлік түрлері: 2
1
5
8
10
2
Бағалау критерийлері: Жайлылық деңгейі
Көлік түрлері: 8
10
2
4
6
6
Бағалау критерийлері: Мобильділік
Көлік түрлері: 8
1
1
8
10
5
Бағалау критерийлері: Барлығы
Көлік түрлері: 50
52
48
56
58
52

Кесте 1. Көліктің негізгі түрелерін халқаралық туристік саяхаттардағы тартымдылығы (10-балдық рейтинг бойынша)

Көлік-коммуникация инфрақұрылымын дамытуды үкімет басым міндеттердің бірі ретінде айқындайды. Бұл салаға жыл сайынғы инвестициялар 320 млн. АҚШ долларын құрайды, бірақ жоспарланған жобалардың жалпы құны 2, 5 млрд. АҚШ долларынан асады. Бағдарлама коммуникациялық жүйені, көліктік қуаттылықты және жабдықты дамыту, сондай-ақ жергілікті автокөлік өндірісін іске қосу бойынша ұсыныстарды қамтиды.

1. 2 Қазақстан Республикасының әуе көлігімен тасымалдаудың қазіргі жағдайы

Қазіргі уақытта әуе көліктерімен тасымалдау, саяхаттау кең сұранысқа ие болып отыр. Жалпы айтқанда әуе көліктермен тасымалдау - бұл алдын-ала құрастырылған маршрут бойынша жолдамасы бар ұйымдастырылған жолаушылардың көлікті пайдалану мен түрлі қызметтер көрсету (тамақтану, орналасу, қауіпсіздік, жылдамдық, экскурсиялық секілді және т. б) арқылы жолаушыларды тасымалдау. Елімізде халықаралық, аймақтық, әскери секілді әуе көліктерімен толқтырылған және ондағы әуе көліктері шет елдерден ( Еуропа, Ресей, Германия) сатып алынып толықтырылған. Көбіне шет елден алынған ұшақтар тек қаңқасы алынып, мотор, двигатель секілді бөлшектері көбіне Қазақстанда жинақталады.

Қазақстанның шекарасында және көршілес елдерде (Қытай, Әзербайжан және Өзбекстан) қосымша әуе дәліздері ашылды. Халықаралық транзиттік және мемлекетаралық әуе қатынасын қамтамасыз ететін әуе дәліздерінің жалпы саны 1998 жылғы 56-дан 2000 жылы 71-ге дейін өсті. Халықаралық әуе бағыттарының ұзындығы 45 мың шақырым. Бұл 3 млн. АҚШ долларынан астам сомаға қосымша кіріс алуға мүмкіндік берді.

1995 жылдан бастап Қазақстан аэронавигация жүйесін жаңғыртады. Қазіргі таңда қазіргі радарлар, навигациялық жүйелер және екі автоматтандырылған әуе қозғалысын басқару орталықтары іске қосылды. Тұрақты модернизация халықаралық жүйелерге өтуге мүмкіндік берді, бұл халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұлттық жүйелерді үйлестіру стратегиясына сәйкес келеді. Сонымен бірге еліміздің транзиттік әуе дәліздерінің қуаттылығы қазіргі уақытта 20% -дан кем пайдаланылады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, елдің әуе кеңістігінің транзиттік әлеуеті жылына 200 млн. Долларға бағалануда.

Қазіргі уақытта әуе көліктерімен тасымалдау, саяхаттау кең сұранысқа ие болып отыр. Жалпы айтқанда әуе көліктермен тасымалдау - бұл алдын-ала құрастырылған маршрут бойынша жолдамасы бар ұйымдастырылған жолаушылардың көлікті пайдалану мен түрлі қызметтер көрсету (тамақтану, орналасу, қауіпсіздік, жылдамдық, экскурсиялық секілді және т. б) арқылы жолаушыларды тасымалдау. Қазіргі көлік саяхаттарының топтастыруында негізгі мінездемелерінің бірі - маршрут типі ретінде көп кездеседі. Тасымалдауда тіпті туризмде қозғалудың әуе, жер, су және аралас түрлері пайдаланады. Тіпті жер көлігің өзі өз кезегінде темір жол және автомобильді, ал су - теңіз және өзен болып екіге бөлінеді.

Көлік түрлері моторлы және де моторсыз деп те, бөлінеді. Моторлы түрлеріне пoезд, ұшaқтар, автобустар, теплохoдтар, мотоциклдер және т. б жатады. Қозғалудың моторсыз түрлеріне техникалық жaбдықтар жатады: қайық, велосипед, дельтaплан және т. б. сoнымен қатар жануaрлар да жатады.

Маусымдық көлік түріне және аймақтық табиғи- климаттық жағдайына байланысты. Әсіресе көліктің навигациялық периодқа байланысты су түрлері уақытша маусымды болып табылады себебі, ауа райы құбылмалығына байланысты. Тур фирмалар, тапсырыс бойынша жалданған әуе көліктер тәжірбиесінде көліктің негізінен бір ретті тапсырыс бойынша пайдаланады.

Трассаның құрылуы бойынша әуелік маршруттар сызықтық (бірінші нүктеден екінші нүктеге), сақиналы (маршруттың нүктелері бойынша басталған нүктеден басқа пункттер арқылы қозғалу), радиалды (бір пунктен бірнеше түрлі нүктелерге бару), аралас (бұған әртүрлі құбылысты трассалар кіреді) болады.

Саяхаттың ұзақтығы бойынша ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді саяхаттарға «демалыс күндік сапарлар» жатады. Өкінішке орай, олардың үлесі қысқарды. Бұл өте қанық және арнайы демалысты алуды керек етпейтін демалыстар. Ұзақ мерзімді саяхаттар, демалыс, емделу, терең танымдық т. б. мақстаттар үшін арналған.

Меншік түріне байланысты маршрутта жалдамалы мамандандырылған жеке және жалпыға арналған (демек графиктік) көлік болып бөлінеді.

Мұнда анықтаушы негізгі рольді қарама-қарсы факторлар ойнайды (бағасы, капиталды шығындар мен кіріс, эксппуатациялық жылдамдығы, сыйымдылығы және т. б. ) . Приоритет бойынша, бұл талаптар келесіде бөлінеді: саяхат кауіпсіздігі бағасы және түрлі жеңілдіктердің болуы; ыңғайлылық; жылдамдығы; т. б. Әрине, оңды факторлар көбірек болғанда, көлік саяхатының бағасы да жоғары болады. Бірақ ешбір көлік түрі барлық талаптарға жауап бермейді. Туристік кәсіпорындардың қызметкерлері көлік ұймдарының негізгі міндеттерін білу керек:

- Жолаушыларды тасымалдау үшін лицензия алу;

- Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Сертификаты бар көлік түрін ұсыну;

- Қызмет көрсетудің жоғары сапасымен қамтамасыз ету (өз уақытында қызмет көрсету, тазалық, әдептілік т. б. )

Көлік қызметін көрсетумен байланысты құқық негіздерін білу туризм мамандарына өзара пайдалы келісім жасауға және саяхат маршруттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде туристік саяхаттарды жобалаушылар үшін маршруттың көптеген ерекшеліктерін ескеретін технологиялық карта ұсынады. Оған келесі пункттер кіреді:

1) Маршруттың негізгі көрсеткіштері: түрі; қиындық категориясы; ұзындығы (км) (оның ішінде қозғалыстың активті түрлері мен) ; саяхат ұзақтығы (тәулік) ; туристік топтардың саны; топтағы туристердің саны; маршрут бойынша жалпы туристер саны; қызмет көрсету күндерінің саны; бірінші топқа қызмет көрсетудің соңы; жолдаманың бағасы; 1 айдағы туристердің саны, туристердің ай бойынша келу графигі; 1 айдағы топтар саны; туристік кәсіпорындарының мекен-жайы (одан саяхат басталады) .

2) Маршрут бойынша туристерге қызмет көрсету және саяхат бағдарламасы; қоныстанған аймақтар; олардың арасындағы арақашықтық, қозғалу әдістері, нүктеге келу және одан кету уақыты; туристік кәсіпорындардың атаулары орналасу жағдайлары; жоспарланған туристік қызметтер; экскурсиялардың туристік серуендер мен жорықтардың атаулары (көрсетілетін обьекттілердің тізімімен) ; маршрут ішіндегі тасымалдау; бір адамға экскурсиялық шығындар; топтарды тасымалдау нүктелері;

3) инструктор - методист, экскурсовод, гид-аудармашы т. б. қызмет көрсететін адамдардағы және олардың қосымша дайындықтағы қажеттілік.

4) жарнамалы - ақпараттық және картографиялық материалдарды дайындау; саяхаттың қысқаша суреттелуі.

Әрине, көлік саяхаттарын ұйымдастыру туроператорлардың қызметімен байланысты. Сондықтан, туристік өнімнің сапасы оның тұтынылатын жерінде тексерілуі қажет. Өйткені, фото-видео бейнелер шындыққа сәйкес келе бермейді. Сондықтан, алыс жерге және шет елге турларды ұйымдастырғанда қаржы шығындарын алдын-ала қарастыру қажет. Кейде туристерді қарсы алуда мүдделі ақшасы бар туроператор осы шығындарды өзі өтейді. Мысалы, «Фром» француз тур фирмасы әр жыл сайын жаңа маршруттар бойынша өзінің турагенттеріне екі ақысыз әуесаяхат ұйымдастырады. Фирма жұмысшылары тур агенттердің сұраныс азайған саяхатты өзінің жарнамасына қоспайтынын біледі. Мұндай жағдайда турдың реанимациясы болып, көптеген адамдар қызық маршрутқа қатыса алмайды.

Осылай, сату көлемін ұзаққа сақтап, турөнім әдеттегідей құлдырау периодынан қашық болуға болады. Ал оны құрастыру кезегінде көлік түрі, іске асырылу мезгілі жеке материалдық базаның болуы, саяхат ұзақтығы және тағы басқа құрамдастар маршруттың сапасы мен атағына әсер ететінін ескеру керек.

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ НАРЫҒЫ

2. 1 Қазақстан Республикасының әуе нарығындағы көлік жүйесінің жағдайы мен туризм үшін мүмкіндіктері

Қазақстандық авиация нарығы қиын жағдайда. Республикадағы трафиктің өсуі елеусіз экономика мен ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты айтарлықтай төмендеді. Қазақстандағы жолаушылар тасымалының өсуі 2016 жылы тек 1% артты және егер «Эйр Астана» әуекомпаниясының транзиттік трафигінің айтарлықтай өсуі болмаса, нарық айтарлықтай төмендеуін тоқтатпайды. Осы қорытындыға «CAPA - Авиациялық орталық» сарапшылары Қазақстан авиациялық нарығын зерттеу нәтижелерін мақалада жариялады.

Сарапшылар айтуы бойынша Астана қаласында 10 маусымда басталған Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне байланысты жолаушылар тасымалдарының күрт өсуі байқалды, 2017 жылы әуе көлігінің өсуін байқаймыз. Астана әуежайында ЭКСПО-ның алдында жаңа халықаралық терминал ашылды, ол «Эйр Астана» әуекомпаниясының алдағы жылдардағы транзиттік тасымалдардың одан әрі өсуіне мүмкіндік берді.

«Эйр Астана» әуе компаниясының акцияларын жоспарланған бастапқы орналастырудан (IPO) жоспарланған табыстар транзиттік қозғалысқа ерекше назар аудара отырып, флотты кеңейту және желіні кеңейту үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ авиакомпания жергілікті және шетелдік авиакомпаниялар тарапынан бәсекелестіктің артуын қоса алғанда, нарықтың салыстырмалы түрде қиын жағдайларын еңсеруге мәжбүр болады.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, республикада әуе көлігінің жалпы көлемі 2016 жылы тек 1% -дан 12, 2 млн. Адамға дейін артты. 2017 жылы еліміздің авиациялық билік органдарының болжамдарына сәйкес, жолаушылар тасымалының өсуі 2% -дан аз болды - 12, 4 млн. адамға дейін .

2016 жылы Қазақстанның әуежайларында қызмет көрсететін 12, 2 млн. Жолаушы, 7, 8 млн. Адам - ​​ішкі рейстердің жолаушылары және 4, 4 млн. Адам - ​​халықаралық рейстердің жолаушылары. Осы деректер бойынша әрбір ішкі жолаушы екі есе көп болғандықтан, тұтастай алғанда нарық 3, 9 млн. Ішкі және 4, 4 млн халықаралық жолаушыны құрады.

4, 4 миллион халықаралық жолаушылардың 2, 1 миллионы қазақстандық авиакомпаниялар мен 2, 3 миллионы шетел авиакомпанияларымен тасымалданған.

ЭКСПО-2017 көрмесі арқасында авиакомпанияның жергілікті бөлігінің 6, 2 миллион жолаушы тасымалданды, бұл шамамен 3 пайызға нарықтағы өскен көрсеткіші оны сурет (1) көруге болады.

Сурет 1.

2013-2017 жылғы әуе көлік жолаушылыларының жылдық көрсеткіші.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік экскурсиялық поездар маршруттары
Әуе көлігінің халықаралық туризмдегі мәні
Транспорттық саяхаттар мен транспорттық құралдар
Экспрес ЖШС интермодалды технологияны және GPS жүйесін пайдаланып жүк тасымалдауды жетілдіру
Көлік кешені туралы
Қазастандағы көлік жолдары
Алматы облысының көлік инфрақұрылымы мен коммуникациясының қазіргі жағдайы мен келешектегі даму жобалары мен олардың негізгі болашақ экономикалық, сондай-ақ саяси тенденцияларын анализдеу
Сервистік қызмет
Жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау
Автомобильдік және автобустық турларды ұйымдастыру, жоспарлау негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz