НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАҒАНЫҢ ҚҰРАЛУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факультеті

«Туризм» кафедрасы

«Қонақ үй қызметіндегі баға белгілеу» пәні бойынша

«Қонақ үй қызметіндегі баға саясаты» тақырыбындағы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған:

Тур-33 тобының студенті

Шүкірбай Айгерім

Тексерген:

э. ғ. к., доцент

Дулатбекова Ж. А.

Астана - 2018

МАЗМҰНЫ Бет

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАҒАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. 1Қонақ үй қызметіндегі баға түсінігі және мағынасы . . . 4

1. 2 Қонақ үй қызметіндегі баға құралуының теориялық аспектісі . . . 7

1. 3Дамыған елдердегі баға белгілеу ерекшеліктері . . . 9

2 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАҒАНЫҢ ҚҰРАЛУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй қызметі баға жағдайын талдау. . 12

2. 2«Scythian Land» туристік фирмасының бағалық саясатын бағалау…… . . . 14

2. 3«Scythian Land» туристік фирмасының баға жағадайын талдау… . . . 16

3 ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАҒАЛАУ ФАКТОРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 24

КІРІСПЕ

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі - баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.

Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы туристік бизнестегі баға қалыптастыру саласын дамытудың актуалды мәселелерін табуға ұмтылыс және мемлекеттік нарықтық саясатының мазмұнын талдау.

Ж ұмыстың жаңашылдығы: туристік бизнесті дамыту мақсатында баға белгілеуге ерекше көңіл аудару. Туристік бизнесте баға қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру. Бағаға әсер ететін негізгі факторларды анықтап, өз ұсынысымды жасау.

Жұмыстың негізгі міндеттері: туристік бизнесте қызмет көрсету мен тауарлардың алға жылжуын қамтамасыз ету мәселелерін ашып көрсету;

Туристік бизнесте баға саясатының тауар мен қызмет көрсетудің дамуында кері әсер туғызатын факторларды көрсету;

Туристік бизнесте тауар мен қызмет көрсетудің қалыпты деңгейде дамуы үшін баға саясатының мазмұнын талдау және оны іске асыру;

Нарықтық жағдайда кәсіпорындар өздеріне және тұтынушыларға ыңғайлы бағаны қалыптастырғысы келеді, яғни өзіндік баға саясатын жүргізгісі келеді.

Баға саясаты-бұл туристік өнімді қалыптастыру және өткізуде бағаны анықтаудың стандарттық жүйесі болып табылады. Туризмде баға саясаты туристік өнім стратегиясы арқылы қалыптасады. Стратегиядан бөлек, турфирма қызметінің баға қою принциптері әр түрлі болуы мүмкін.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: туризм саласының, әсіресе қонақ үй шаруашылығың баға саясатының теориялық негіздеріне тоқталдым, екінші бөлімде нарықтық экономикада бағаның құрылу факторларын талдау жасадым, ал үшінші бөлімде туристік кәсіпорындардың бағалау факторларын жетілдіру жолдарын қарастырдым. Курстық жұмыс 6 кестеден тұрады.

1 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАҒАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. 1 Қонақ үй қызметіндегі баға түсінігі және мағынасы

Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсеткенде - мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі қызметін атап көрсетті:

  • есептік өлшемдік;
  • қайта үлестіру;
  • ынталандыру;
  • баланыстық / теңестіру;
  • өндірісті орналастыру.

Есептеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.

Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді. Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік (диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін. Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы. Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік туындайды[1] .

Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.

Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының, аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы, ҚҚС және басқа да салықтық сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.

Кесте 1

2017 жылға Қазақстан Республикасының облыстары және курорттық аймақтары бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны

Кіру және ішкі келушілер саны
Оның ішінде
:
Кіру және ішкі келушілер саны:
Оның ішінде: орналастыру орындарында тоқтағандар
санаториялық-крорттық ұйымдарда демалғандар
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
: Қазақстан Республикасы
Кіру және ішкі келушілер саны: 6829499
Оның ішінде: 5279406
288151
1261942
: Ақмола
Кіру және ішкі келушілер саны: 1112901
Оның ішінде: 341399
26647
744855
: Алматы
Кіру және ішкі келушілер саны: 911581
Оның ішінде: 703663
10516
197402
: Шығыс Қазақстан
Кіру және ішкі келушілер саны: 590913
Оның ішінде: 486157
14779
89977
: Оңтүстік Қазақстан
Кіру және ішкі келушілер саны: 375548
Оның ішінде: 269974
79887
25687
: Қарағанды
Кіру және ішкі келушілер саны: 345363
Оның ішінде: 292509
19649
33205
: Маңғыстау
Кіру және ішкі келушілер саны: 207378
Оның ішінде: 205904
1364
110
: Ескерту - кесте [2] негізінде автормен құрастырылған

Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады. Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес. Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.

Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді[3] .

Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады. Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс. Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық бағалар бір-бірімен байланысты және өзара жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық фактордың әсерінен әр уақыт қозғалыста болады. Баға жүйесі жеке өзара байланысты баға блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың байланыс негізін, қан тамырлары қызметіне ұқсас байланыстық принципі құрады, бір жүйедегі баға қозғалысы басқа да барлық жүйеге автоматты түрде өзгертулер енгізіледі. Бағаның негізгі блоктары бірнеше блокасты бөліктерден тұрады. Мысалы ретінде: көтерме сауда бағасы блогы екі блокасты тобына бөлінеді, кәсіпорындардың көтерме сауда /босату/ бағасы және өнеркәсіп көтерме сауда бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы мынадай блокасты бөліктерінен тұрады: темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе жолымен тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы жүк көлігі тарифтері.

Кесте 2

Туристік өнімге әсер ететін факторлар

Сыртқы факторлары
Ішкі факторлары
Сыртқы факторлары:

- ситуацияның саясаты

- халықаралық қоршау

- экономиканың жағдайы

- нарық типі

- тауар қозғалысының қатысушыларының каналдары

- бағаны мемлекеттің реттеуі

- тұтынушылар, олардың төлеу қабілеттілігі

- бәсекелестер

- өндіріс шығындары және т. б.

Ішкі факторлары:

- имидж, кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формасы

- туристік кәсіпорынныі мақсаты

- менеджмент

- нарық сегменттері және қызметтің бағытталуы

- туристік өнім мен қызметтің ерекшеліктері мен мінездемесі

- кадр құрамының мамандандырылуы

- кәсіпорынның қаржылық -экономикалық жағдайы

Сыртқы факторлары: Ескерту - мәліметтер автормен құрылған

Барлық бағалар жүйелерінде анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын, бұл -базалық өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы, яғни, отын - энергетикалық кешендерінің, металлургия саласының өнімдері, себебі, бұл өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде тұтынылады немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер бағасының өзгеруі барлық өнімдер мен қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер енгізетіндігі айқын. Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары төмендегідей:

  • көтерме сауда бағасы;
  • сатып алу бағасы;
  • бөлшек сауда бағасы;
  • жүк көлік қызмет көрсету тарифі;

Жоғарыда аталып өткендей, баға жүйесіндегі барлық бағалар бір-бірімен тығыз байланысты. Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы және өзарар тәуелділігі төмендегідей екі жағдайға негізделген:

  • құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;
  • бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметінің байлаыстылығы.

Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа да кешендік кәсіпорындар мен салалар мысалында көруге болады. Бұл жағдайда айтатынымыз, соңғы өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады[4] .

Баға байланысы тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық байланыс кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т. б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.

  1. Қонақ үй қызметіндегі баға құралуының теориялық аспектісі

Қазіргі кезде экономикалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады:

  • Баға теориясы;
  • Баға жүйесі;
  • Баға саясаты;

Баға құрылу тәсілдері:

  • индуктивті;
  • дедуктивті;
  • диалектикалық

Баға құралу ғылымы - баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым. Баға құралудың оқыту құралы - баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек. Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар - А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс ж. т. б. көзқарастарымен байланысты.

Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады. Құн екі жақты сипатталады:

  • сандық;
  • сапалық;

Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.

Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады[5] .

Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:

  • Сұраныс және ұсыныс қатынасы. Бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі;
  • Әлеуметтік факторлар. Бұл проблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің араласуы;
  • Мода және тауар болашағы факторлары. Көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен сәйкестенеді;
  • Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары. Кейбір ұлттардың тағамдық ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.

Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді. Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік жайлар, ал, үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.

  1. Дамыған елдердегі баға белгілеу ерекшеліктері

Шет елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу, оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған еледрдің баға белгілеу механизмін білу артықшылық етпейді. Сондықтан төменде даыған елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу үлгілеріне тоқталмақшымыз.

Алпауыт ел АҚШ- тағы баға белгілеу мен баға реттеуге келер болсақ, АҚШ- та 70- жылдары көтерме және бөлшек сауда бағалары қарқынды түрде өсті. Инфляция деңгейі жоғарылай берді. Мемлекеттің жасаған алғашқы қадамы осы инфляция ны бағаны тура реттеу арқылы жеңу болды. 1971 жылы тамызда АҚШ президенті Р. Никсонның ұсынысымен бағаға орталықтандырылған бақылау орнатылды. Ең күрделі экономикалық жағдайды қоғамдық пікірлердің қысымы президентке шұғыл шешім қабылдауға ықпал етті. Инфляцияның күрт түсуі ауыр жағдайға - жұмыссыздыққа әкелу қаупі болды. Қысқа мерзімді жоспарда АҚШ- тағы бағаны тікелей реттеу экономиканы тұрақтандыруға көмектесті. 1972 жылы күзде көтерме және бөлшек сауда бағасы төмендеп, жұмыспен қамтамассыз ету біраз өсіп, ЖІӨ тез өсе бастады.

Алайда орталықтандырылған реттеудің кейбір жағымсыз салдарлары да көрініс берді. Баға мен жалақыны тоқтату капиталдың салааралық құйылуын шектеді, инвестицмя әрекеті тоқтап, іскерлік белсенділік деңгейі төмендеді, табыс өсімі азайды.

1972 жылы мамырда АҚШ бағаны тура бақылаудан бас тартты. Қазір Америка әкімшілігі бағасын тура реттеудің кейбір түрлерін және мемлекет тұрғысынан қаржыландыруды шектей отырып, жанама реттеу әдісі мен нарық тұтқасын белсенді пайдаланды, себебі елдегі жалпы экономикалық жағдайды жақсарту керек болды[6] .

Бағаны жанама реттеудің негізгі бағыттары:

  • рестрикциондық несие - ақша саясаты, федералды резервтік жүйенің есептік мөлшерлемесін реттеу,
  • тауарлар мен қызмет көрсетуді федералды сатып алуды кеңейту
  • мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту
  • рационалды салық саясаты

Мұндай мемлекеттік макроэкономикалық саясатты жүргізу арқасында АҚШ ішкі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс арақатынасына белсенді түрде өзгерістер енгізді және баға деңгейі мен базалық айырбастау пропорциясын анықтады. Елде соңғы жылда тұрақты және жоғары қарқынды өсу байқалды, елеулі профицитпен сөзсіз қосылатын мемлекеттік бюджеттің тапшылық мәселелері жойылды.

Қазір бағаны тікелей мемлекеттік реттеу тек жоғары монополияланған салаларда ғана қолданылады. АҚШ- та мемлекет тұрғысынан бағалық 5%- дан 10%-ға дейін ғана реттеледі.

Франция экономикасындағы баға мәселесіне тоқталар болсақ, Франция өнеркәсібі дамыған елдердің бірі болып табылады. Бұл елде ұзақ уақыт бойы баға мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібінде болды. 40 жыл бойы(1947- 1986) бағаны жартылай мемлекеттік реттеу, осы уақытқа дейін сақталған «дирижизм» саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Бағаны либеризациялау 1973 жылдан 1980 жылдың екінші жартысына дейін созылды. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан өнеркәсіп өнімі бағасының 90%- ы босатылды.

Қазір француз үкіметі монополист - салалар кәсіпорындағы өнімінің бағасын реттейді: газ, электр энергиясын, көлікті, ауыл шарушылық өнімдерін. Тауарлар мен қызмет көрсетудің және реттеу бағалары арасындағы арақатынас мынадай: бағаның 20%-ын мемлекет реттесе, ал қалған 80%- ы еркін баға белгілеу тәртібінде реттеледі. Бағаны реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік құүрылым, экономика және жоспарлау министрлігінің бәсеке бойынша департаменті болып табылады.

Швеция. Бұл елде бағаны бақылау мен тексеруді - Азаматтық әкімшілігі министрлігіне бағынатын бәсеке мен бағаны мемлекеттік басқармасы сияқты арнаулы орган іске асырады. Швецияда бағаны реттеу заңы мен бәсеке шартымен баға туралы мәліметтерді ұсыну міндеттігі туралы заң қабылданған және әрекет етеді[7] .

Қысқа мерзімді бағаны тоқтату - бұл инфляцияның көтерілмеуіне жол бермеу және нарықтағы күрт дисбаланстарды қалпына келтіру үшін қолданылады. Бағаны реттеу туралы заң мемлекетке соғыс, не оның шығу қаупі, не бағаның жалпы өсу қаупі кезінде бағаға тікелей әсер ету жөніндегі шараларды іске асыру құқын береді. Жекелеген тауарлар үшін максималды баға деңгейін қою, тәртіп орнату мүмкіндігіне ие. Бұл кезде бағаны жоғарлатуға, осы жөнінде алдын ала ескерту берілгенннен кейін және бағаны жоғарлату мөлшері дәлелденгеннен соң ғана рұқсат беріледі.

Баға деңгейіне ықпал ету, мемлекеттік монополия және мемлекеттік кәсіпорындар арқылы ғана іске асырылады. Баға белгілеуді мемлекеттің тұрғысына реттеудің маңызды сферасы- тұрғын үй бағасы. Үйлердің өте қымбат екенін ескере отырып, мемлекет тұрғын үй субсидиясы мен қарыздар береді.

Даниядағы баға белгілеу мен баға реттеуге келсек, бұл елде баға белгілеу жүйесі нарық факторларының ықпалымен құрыларды. Бағаны қалыптастыруға мемлекттік әсер аса шектеулі. Бұл облыстағы мемлекет функциясы сұраныс пен ұсыныс арақатынасының өндірістік шығындары мөлшері сияқты критерийлерден шыға отырып, өз өнімі бағасын дербес орнататын және өндірушілердің еркін бәсекесі үшін максималды жағымды жағдайлар орнатуда болып табылады. Мемлекеттің сектордағы масштабы үлкен емес бағалар мен тарифтерді мемлекеттік және муниципалдық өкімет, фолькетинг (парламент) орнатады. Тікелей мемлекет орнататын немесе реттелетін бағалардың үлкен салмағы 6%- ға жуық болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға - тауар бірлігіне берілетін ақша соммасы, тауардың ақшаға айырбасының эквиваленті
Нарықтық экономикадағы баға және оның экономикалық категориялармен байланысы
Сұраныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар, сұраныс және ұсыныс заңы, өзара байланысы
Ұлттық шоттар жүйесі, Макроэкономикалық көрсеткіштер
Бағалаудың теориялық негіздері. Бағалаудың мәні, бағалаудың функциялары
Баға құрылымы және бағаны тұрақтандыру
Бағалаудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның негізгі қызмет табыстарының талдауы
Инфляция жағдайындағы меншікті капитал
Баға-нарықтық экономиканың негізгі элементі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz