Жөке агашы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 . Жарақат
2. Дәрілік өсімдіктер
3. Жарақатты емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер
4. Жануарларда жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету
III. Қорытынды
IV. Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың ц оңай анықтауға болады.

Негізгі бөлім
Жарақат (грек. τραῦμα - жара) - сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.б.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы; психикалық жарақат -- көңіл-күйдін әсер етуі тудырған психикалық зейіннің бұзылуы.
Жарақат әр түрлі болады (денеге бөгде заттық кіріп кетуі, не кесіп кетуі, тістің орны, оқ тию т. б.); жарақаттанғанда сүйек, қан тамырлары мен нервтер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың ауыр жеңілдігі (әсіресе басқа, кеуде мен ішке түскен жарақат қауіпті) оның қай жерде екендігіне, үлкен-кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ластанғанына, қанның қанша кеткеніне байланысты. Жарақат (хирургиялықтан басқасы) түскен кезде міндетті түрде және одан кейін де ластанады. Сондықтан жарақат тез жазылып кетуі үшін оны алғаш рет дұрыс таңудың маңызы зор. Егер мүмкіндік болса, медицина мекемесіне барып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын тандыру қажет. Жарақаттың қай түрі болса да ең алдымен қайын тоқатып, оған микроб түспеуі үшін дереу тандыру керек. Стерильденген дәкеден жасалған таңғыш өте қолайлы. Жараны тайраңда дәкенің үстіне мақта салады да, орап тасталды. Жарақатты таңу жөніндегі белгілі бір ережені сақтаған жөн: жарақатты жууға болмайды, өйткені оған іріңдететін микроб түсуі мүмкін. Жарадағы ағаттық жаңқасын, киімнің жыртылған жерінің шүберегін не топырақты, олар жарақаттың бетінде көрініп тұрса ғана алуға болады, бірақ жарақатқа қол тигізу ге мүлде болмайды. Стерильд енген материал-бинт болмаса, жарақатты ыстық үтікпен үтіктелген таза шүберекпен таңады. Егер жапан далада жарақаттанған адам жарасын таңатын арнайы ештеме табылмаса, онда отқа киіз немесе шүберекті күйдіре қақтал барып, жара бетіне салады да, жақсылан таңып тастанды. Содан кейін сырқатты ауруханаға жеткізу керек. Аяқ қолы ауыр жарақаттанып, сүйегі сынған адамды алғаш сынықтық екі жағына жақтау салып барып таңады. Үй жағдайында жарақатты таңудан бұрын оған қажетті заттық барлығын дайындал алу керек. Жарақатты таңу алдында көмек көрсететін адам көйлегінің жеңін шынтағынан жоғары түріп, тырнағын алуы тиіс, қолын сабындан жуып, орамалмен мұқият сүртіл құрғатуы қажет, ал шұғыл қимылдау керек болған жағдайда қолын спиртпен сүртеді.
Жарақаттың үстін стерильденген дәке мен және сутегі тотығына немесе спирт кем алынған мақтамен бастырып, жараны мұқият жуады, есте болатын жағдай жараға микроб түспеуі үшін оны ішінен сыртына қарай жуу керек. Содан кейін жарақатқа тигізбей, айналасына йод жатады. Жарақатты уақытша таңған дәке салфетканьі алып тастап, стерильденген дәкені бірнеше қабаттан салады. Қысқыш (пинцет) болмаса, дәкені шетінен ептеп ұетайды. Салфетканы бүктемей, жазып салу керек. Ал дәкенің үстіне тегістел, онша қалыңдатпай гигроскопиялық (дұрыс -- стерильденген) мақта салады. Содан кейін мұның барлығын дәкеден жасалған бинтпен орап байлайды (Таңу ма- қаласын оқыңыз). Сауда орындарында болатын жеке пакетті пайдалану өте қолайлы.
Жануарлардың тісі тиіп жарақат алған адамдар, жарақаты онша қауіпті болмаса да дәрігерге көрінуі тиіс. Жарақат медициналық мекемелерде танылған болса, оны үй жағдайында алмастырудың қажеті жоқ, өйткені жарақатқа инфекция түсуі, қанауы мүмкін. Бірақ қайткенде де таңғышты алмастыру қажет болғанда, кейбір ережені мұқият сақтау керек. Жар аға жабы сып қатып қалған таңғышты бірден сыдырмай, алдымен үстіндегі мақталы алғаннан кейін дәкені бір шетінен ептеп көтеріп, сутегі тотығын, риванол мен марганец қышқылы калийінің ерітіндісін немесе ас тұзы ерітіндісін, сондай-ақ қайнаған жылы су тамызып жібітеді. Жарақатқа компресс қағазын салуға болмайды
Тұтас дененің (ұлпаның, мүшенің) болмашы сызат түсуінен бастап толық езіліп-жаншылуы мен бөлшектеліп қалуына дейінгі қандай да болсын бұзылуы зақымдану деп аталады. Зақымдану дененің анатомиялық тұтастығын бұзбай-ақ, жүмыс істеуін нашарлатуы мүмкін. Бұған жүйкенің ұзақ уақыт қысылып, кейіннен оның сал, қояншық ауруларына ұласуы мысал бола алады.
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда -- жаралану, көшеде -- сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.
Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.
Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі -- зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен салыстыру сот травматологиясы мәселелерін шешуге көмектеседі.
Мәселен, сот медицинасының мамандары мөлшерленген динамикалық және статикалық күш түсіру жағдайында бас сүйегі мен омыртқалардың зақымдануын модельдеу жөнінен кешенді түрде көп жүмыс жүргізді. Бұл жұмысқа олармен бірге травматологтар, анатомдар, физиологтар, спорт және авиация медицинасының мамандары, инженерлер мен математиктер қатысты. Денені автомашина басып кеткенде немесе соғып кеткен кезде автомобиль кабинасы ішінде, сондай-ақ жазық жерге құлаған жағдайда баспен соғылған кезде алынатын жарақат сияқты бас сүйегі мен омыртқалар зақымдануының бірқатар модельдері жасалды. Бүл әдістемелер соғылысу шапшаңдығына, соққылардың күшіне, пайда болатын салмаққа, бастың және соғылысатын беттерінің серпімділік қасиеттеріне (қалпына келу коэффициенті) қарап, қозғалып келе жатқан дененің басы мен омыртқасының зақымдануьш туғызады.
Эксперименттер жұмысқа қатысушылар құрастырған арнаулы стенд-құрылғылардың көмегімен биоманекендерде (өліктерде) жүргізіледі. Зерттеудің морфологиялық әдістерімен қоса, эксперименттерде антропометриялық және рентгенологиялық әдістер, киноға шапшаң түсіру, тензометрия, пайда болатын салмақты анықтау қолданылды.
Зерттеушілер әсер ететін күштердің нақты ауқымы мен пайда болатын зақымдардың (сызаттардың, жаралардың, сынықтардың, атап айтқанда, бас сүйек шытынауының шоғырлануы мен бағыттарының және т. б. ) ерекшеліктері арасындағы белгілі бір заңдылықтарды анықтайды. Ашылған заңдылықтар аңғарылған зақымданулар бойынша, соның ішінде бас сүйек сынықтарының ерекшеліктері бойынша жарақат механизмі мен әсер ететін күштердің ауқымын іс жүзінде анықтауға мүмкіндік береді.

Жарақатты емдейтін дәрілік өсімдіктер
Жөке агашы
Жөке ағашы (лат. Tilia) - құлқайырлар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш.
Негізінен қоңыржай және субтропик белдеулерде өсетін 50-дей түрі белгілі. Жөке тұқымдасының Қазақстанның барлық жерінде өсетін бір ғана туысы, оның 1 түрі: өзекті жөке (T. cordata) бар. Биіктігі 28 м-дей. Бұтақ шоғыры цилиндр пішіндес, қабығы қара қоңыр, жапырағы дөңгелек, жиектері ара тісті иректі. Ақ сарғыш түсті ұсақ гүлі (5 - 7) хош иісті, қос жынысты. Олар бірігіп шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымы, бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым - шілде айында гүлдеп, тамыз - қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - жаңғақша. Ол желмен, кейде кеміргіштер және құстар арқылы да таралады. Жөке 150 - 500 жыл жасайды. Жөкенің гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиїаз, музыкалық аспаптар, ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май алынады. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта Жөкенің Америка Жөкесі, Амур Жөкесі, Кавказ Жөкесі, Манчжур Жөкесі, т.б. түрлері қолдан өсіріледі.
Жөке ағашы - жүрек тәріздес, жиектері ара тісті әдемі жапырақтары бар ағаш. Биіктігі - 30 метрден асады. Жөке ағашы динозаврлар дәуірінен кейін пайда болған. Сол кезден бері көп өзгеріске ұшырамаған. Жөке ағашының табиғи 50-ге жуық , ал будандастырылған 100-ге тарта түрі бар. Өмір сүру ұзақтығы - орта есеппен 300-400 жыл, ал кейбір сұрыптары 1200 жыл өмір сүреді. Жөке ағашы 30 жылдан кейін гүлдей бастайды. Маусым-шілде айларында нәзік, тәтті хош иіс шығарып молынан гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 10-15 күнге созылады.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қолданылуы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі балды табиғи өсімдіктер
Балды өсімдіктер
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Ескі қаласы колледж
Қазақстандағы болашағы бар дәрілік өсімдіктер. 1.Түймедақ. Шүйгіншөп. 2.Өзекті жөке. Сары раушан. 3.Сүйекті аққурай. Самалдық шөп
Ісіну, оның түрлері, даму жолдарды
АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ
Пәнаралық байланыстарды оқу процессіне кірістіру
Дәрілік өсімдіктердің түрлері
Ағаш діңінен жасалатын әсемдік бұйымдар
Пәндер