«Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің зерттелуі, тарихи орны


Мазмұны
І Кіріспе.
ІІ «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің зерттелуі, тарихи орны
2. 1 Жырдың бізге жеткен нұсқалары
2/2Жырдың тілдік көркемдік жақтары
2. 3 Едіге батырдың тарихи және мифтік бейнесі
ІІІ Батырлықтың киелілік сипаты
3. 1 Батырдың дүниеге келуі
3. 2 Батырлық және жыраулық поэзияның тарихы шындығы
3. 3 Батырдың қазақ қоғамындағы орны
3. 4 Батырдың жалғыздық сипаты
3. 5 Батыр тұлғасын айқындайтын атрибуттар
ІV Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: «Қыpымның қыpық бaтыpы» дeгeн aтпeн әдeбиет тapихынa eнгeн бaтыpлық жыp-дaстaндapдың бip қaзaқ емec, бүкiл түркi xaлықтapының мәдeниeт тapихындa алатын орны айрықша деуге болады. Кейде «ноғайлы жырлары» деп те аталатын бұл шығармалардың халықтың өткен дәуіріндегі қоғамдық-саяси өмірі туралы беретін деректері көп және жан-жақты. Біздің заманымыздағы түрколог ғалымдар ескіден жеткен мұралардың көпшілігінің қазіргі түрік халықтарының қайсысына нақты тиесілі екендігін дәл басып айта алмайды. Бұл мүмкін де емес. Сондықтан орта ғасырлардан қалған түрік ескерткіштері қазіргі қазақ, татар, анатол-түрік, өзбек, қырғыз, ноғай, түркмен т. б. туыстас халықтардың бәріне ортақ әдеби мұра, солардың бәрінің де әдебиетінің басы болып есептеледі Ал зерттеліп отырған дәуір әдебиеті туралы көптеген салиқалы ойдың авторы, тың пікірлері арқылы қазақ әдебиеті тарихын жүйелеуде жаңа леп әкелген М. Мағауин былай дейді: « Қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттің алғашқы өкілдері өз кезінде бүкіл Дәшті Қыпшаққа даңқы кеткен Асанқайғы, Қодан-тайшы, Қазтуған жыраулар мұрасын біз жаңаның басы ғана емес, көненің жалғасы деп те қарауға тиіспіз» [1, 237 б. ] .
Зерттеушілердің пікіріне ден қойсақ, «Қырымның қырық батыры» жырларының негізгі сарынын қай халықтың мұрасы екенін нақтылап айту да мүмкін емес. Бірақ жырдағы оқиғаларға қарап, оқиғаның өткен ортасына көз жібере отырып бұл жырдан қазақ халқы алыс емес екенін байқауға болады.
Маңғыстауда дүниеге келіп, өзінің ерекше жаткештік дарынымен елге танылған берісі қазақ халқының, әрісі бүкіл түркі нәсілдестерінің мақтан етуге лайық, бірнеше ғасырда дүниеге бір рет келетін ерекше жаратылыс иесі Мұрын жырау Сеңгірбекұлы «Қырымның қырық батырын» жырлап кеткен.
Жырдың Маңғыстауда сақталып қалуы да оны Мұрын жырау жырлауы да көптеген сауалдарға жауап беріп тұрғандай.
«Қырымның қырық батыры» жырлар циклі туралы арнайы зерттеу еңбек болмаса да, жырлардың текстологиясы, жеке дастандардың әдеби-көркемдік ерекшеліктері туралы ішінара зерттеулер бар. Бірақ түркі тектес халықтардың бірнеше мемлекеттік құрылымдарға бөлініп қайта қалыптасуының тұтас бір дәуірін қамтитын тарихи-көркемдік баяны болып табылатын сериялы батырлық эпостың рухани-танымдық астары арнайы зерттеу нысаны бола қойған жоқ.
Қазақ-ноғай тарихында халықтың басынан өткізген шым-шытырық оқиғалары мен алмағайып заманалардың барлығы бірдей ел жадында сақталып қалуы мүмкін емесі белгілі. Бізге жеткен жырлардағы көріністер солардың қатарындағы ең маңыздысы болса керек. Ол оқиғалардың халықтың танымында, тарихи болмысында өзіндік орны, ықпалы болғаны сөзсіз. Біздің жұмысымыздың негізгі зерттеу нысаны - басты қаһарманның киелілік сипаты. Басты қаһарман - батыр. Неге қазақ батырлары жаумен жалғыз алысады? Не себептен батыр жалғыз? «Жалғыз ағаш орман емес» деген европалық мақалдың қазақы болмысқа қатысы бар ма? Қазақ танымындағы жалғыздық пен даралықтың сипаты қандай? Қазақтың рухани болмысында кие деген ұғым қаншалықты орын алады? Қазіргі өркениет көкжиегінде мүлде жаңа адамға айналған қазақ ұлтының дүниетанымында «батыр» ұғымының әлі де маңызды бола беруінде нендей сыр бар?
«Қырымның қырық батырының» бастауы Едігеден басталады десек, сол Едігенің дүниеге келуінің тылсыммен байланыстырылуында қаншалықты шындық бар? Едігенің дүниеге келуі мифтік сипатқа ие дегеннің өзінде, батырлықтың киелі саналу сыры неде? Міне осындай сауалдар төңірегінде зерттеу жұмысын жүргізу арқылы біз қазақ халқының дүние танымының когнитивтік құрылымында «батыр» және «жырау» мәдени концептілерінің ерекше орын алатынын анықтадық. Бұның өзі біздің зерттеуіміздің өзектілігін айқындайды.
Зерттеу тақырыбының мақсаты мен міндеті: «Қырымның қырық батыры» жырлар циклі - өткенімізден сыр шертер сырлы шежіре. Шоқан Уәлиханов Ноғайлы дәуірін “қазақтың алтын ғасыры” деп бағалаған. Ескілікті ақын-жыраулардың ноғайлыға соқпай өткені жоқ. Оны барынша ұлықтап, көтере дәріптеп жырлаған. Алайда, қазақ ұлысының бір бөлігі Ноғайлы Ордасы туралы түсінігіміз шектеулі боп келді. Мұрын жырау аузынан жазылып алынған “Қырымның қырық батыры” ноғайлының саяси-әлеуметтік тарихи жырдан қазақ халқының Ноғай ордасымен қаншалықты жақын тұстары бар екені осы жырлар циклін зерттеу барысында анықтала түседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты Қырымның қырық батыры жырлар циклінің мазмұнына, тілдік сипатына талдау жасай отырып, жырлардағы батырлар династиясының жалғастылығын, батырдың ұлттық тұлға деңгейіне жету жолын, оның киелілік бейнесіндегі тылсым сипаттың қазақ дүниетанымымен байланыстылығын айқындау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің шығу тарихы, текстологиясы, басты қаһармандарының жырда берілу сипаты, «киелілік» сөзінің этимологиясы, қазақ дүниетанымындағы «батыр», «жырау» ұғымдарының когнитивтік сипаты, тіл біліміндегі концепт мәселесі, «батыр», «жырау», «жалғыздық, даралық» концептілерінің когнитивтік құрылымын талдау міндет етіп қойылды.
Зерттеу тақырыбының объектісі: «Қырымның қырық батыры» жырлар цикліндегі басты қаһармандардың тілдік образы.
Зерттеу тақырыбының пәні: батырлар жырындағы киелілік мәселесін когнитивтік лингвистика тұрғысынан қарастыру.
Зерттеу тақырыбының ғылыми жаңалығы және жасалған тұжырымдар. Қырымның қырық батыры деп аталатын қазіргі таңда ноғай татарларына телініп жүрген жырдың тікелей қазақ халқының мұрасы екендігі, осы жырдағы жер-су, кісі есімдерінің Маңғыстау өлкесінің тарихи шежіресімен астасып жатқандығы тілдік деректер арқылы нақтыланды. Жырлар цикліндегі батырлардың туыстық желісін жүйелей отырып, әр дәуірдегі батырлықтың басты кредосын айқындауға назар аудардық. Айлап жырлағанда тауыстырмайтын осынша көлемдегі жырдың халық жадында ауызша сақталып жету сыры не деген сұраққа жауап табуға ұмтылдық. Нәтижесінде жыраулық пен батырлық қазақ дүниетанымында бірін-бірі толықтыратын айрықша киелі ұғымдар екені анықталды. «Жыраулық» және «батырлық» ұғымы қазақ ұлтының рухани-тарихи санасында белгілі бір когнитивті құрылымға ие концепт бола алатыны дәлелденді. Осы екі концептіні толықтыратын мәдени-ұлттық ұғымдарға қатысты «жалғыздық, жекелік», «атамекен», «шейіт болу», «мәрттік» сөздерінің мән-мағынасы талданды.
«Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің зерттелуі, тарихи орны
Жиырмасыншы ғасырдың басына дейін ел өмірінде ерекше орынға ие болып келген эпос жанрының маңызы әдебиeтшiлeр үшiн eжiктeп aйтпaсадa дa түсiнiктi. Ал, зaмaн aғымынa сaй сыpт көзгe мaғынa-мәнсiз сaнaлaтын фoльклopдың мaңызын С. Қaсқaбaсов былaй түсiндipeдi: «Фoльклopдың үш сипaты бap: а) фoльклop - eжeлгi дүниeтaным жәнe көнe мәдeниeт, әрi мұpa; ә) фoльклop - тұpмыстың бiр бөлшегi; б) фoльклop - сөз өнеpi» [2, 7] . «Қыpық батыp» жыpының әдeби мaңызынa кeлeтiн бoлсaқ, бaтыpлық жыp өзiнiң aты aйтып тұpғaндaй «қыpықтық» дeңгeйiнe жeтiп, фoльклopлық тұтaстaнудың көп сaтысынaн өткeн әлeмдiк мaсштaбтaғы эпикaлық дaстaндapдың құймaсы бoлaтын. Біp қapaғaндa бeлгiлi бip дәуiрдeгi хaлық дүниeтaнымын, apмaн-тiлегiн көpсeтeтiн жыpлap сeкiлдi көpiнeтiн мұpa бoйынa бipнeшe ғaсыpлық дәуip бoлмысын, хaлықтap сaнaсын, тiлдiк ұғымдap шoғыpын бepiп, тaрихи, мәдeни oқиғaлap шeжipeсiнeн сыp шepтeдi. Ноғайлы жыpлapы атымeн бeлгiлi «Қырымның қырық батыры» туpaлы Ә. Қоңырaтбaeв мынaндaй пiкip айтaды: « . . . қазақтың эпостық жырларының сюжеттік арқауы мен оның жырлану дәуірін шатастыру бар . . . Мұpын жыpлapының aрқaуы, сюжеті түгелдей ноғайлы зaмaнының шеңберіне симайды. Оның сюжеттеpiнiң iшiнде X-XI ғасыpлapдан бeргi көп зaмaнның тapихи уaқиғaлaрының жиынтығы сурeттeлeтiн сияқты . . . Сюжeтiнiң eскiлiгi, aдaм, жep aттaрының шыншылдығы, дiн, миф сapындapының aздығы жaғынaн Мұpын жырлapы eрeкшe көзгe түсeді»
«Қыpымның қыpық батыpы» жыpының отaндық фoльклopистикa ғылымдaғы зepттeлу дeнгeйi туpaлы ғaлымдардың пiкірілеріне сүйенер болсақ төмендегідей деректемелерді көруге болады: 1) «Қырық батыр» жыры туpaлы eң aлғaшқы пiкipлep сол 1942 жылдың 19 шiлдeсiндe Тiл, әдeбиeт жәнe тapиx институтының диpeктopы Н. Н. Сaуpaнбaевтың «Сoциaлистiк Қaзaқстaн» гaзeтiндe жapиaлaнғaн «Хaлық өнepiнiң қaзынaсы - Мұpын жыpaу» дeп aтaлaтын мaқaлaсындa айтылған. 2) 1960 жылы жapық көpгeн «Қaзaқ әдeбиeтiнiң тapихы» дeп aтaлaтын eңбeктe дe Мұpын жыpaу рeпepтуapы туpaлы мәсeлe көтeрiлeдi. «Бұpын М. Ғұмapoвa бaтыpлық жыpлapды « . . . тeк әдeбиeттiк мұpa eмeс, қaзaқ хaлқының өткeндeгi тұpмысынaн-экaнoмикaсынан, қoғaмдық тapихтың бoлмысынан, шapуaшылығынaн бaғaлы дepeктep бepe aлaтын құнды мaтepиал» болды деп көрсетеді.
«Қырымның қырық батыры» жырлар цикліндегі «қырым», «қырық» сөздерінің этимологиясы және оның жырға қатыстылығы көптеген зерттеушілердің назарын аударуда. Жалпы XIV-XVII ғасырлардағы жырларды «ноғайлы жырлары» деп айту қалыптасқанын білеміз. Ноғайлы - халқымыздың тарихи бел белестерінде жүріп өткен бір кезеңі. «Ноғай ұлысы», «Ноғай елі» деген атау бертін келе «Hoғaй», «Hoғaйлы» дeгeн xaлықтapдың aтaулapынa aйнaлды. «Ноғайлы» дeгeн атaудың жapaтылыc бoлмыcынa дa мән бepгeн жөн cияқты, бұл күндe ноғaй xaлқы нeгiзiнeн Ставрополь өлкесі мен Дағыстан АССР-да және Шешен-Ингуш АССР-да, Қарашай - Шеркеш автономиялық облысында тұрады. Олар ноғай тілінде сөйлейді. Әдет -ғұрпы мен тұрмыс -салты қазақ -қарақалпақ халықтарымен жақын. Ноғайлар - Алтын орда әскерінің қолбасшысы ноғай батыр ұлысының құрамына кірген түркі тілдес қыпшақтармен араласып, олардың тілін қабылдаған болатын. Түркі және Монғол тайпаларының ұрпағы саналған еді. Қазақ халқының құрамында «Ноғай» деп аталатын ру да бар. ХІІ ғасырда өмір сүрген Алтын Орда әскерінің әйгілі қолбасшысы, Жошы ханның шөбересі - Ноғай тарихи тұлға. Ол жорықты Батай ханмен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшысы болды. Жырда көрсетілген «Ноғайлы» атауы Моңғолдың атақты қолбасшысының есімімен байланысты болуы да мүмкін. Қазақ жерінде ерте замандағы белгілі батырлардың, хан қолбасшылардың есімдері қойылған жер-су атаулары аз емес. Осыған орай біздің ноғайлы мұраларымен біздің мұраларымыз ортақ екенін көрсетуге болады. Ноғайлы дегеніміз кімдер? -деген сауалға келетін болсақ, Ә. Қоныратбаев ноғайларды төрт түрлі деп көрсетеді. Оларға: 1) Сары ноғай. Бұлар 1380жылдан соң, Ислам дінін алып батысқа кеткен: Қазақ, Қырым, Қасимов (Еділ) хандықтарын жасайды. Өздерін татар (моңғол) деп атаған. 2) Қара ноғай. XYI ғасырда бұлар он сан ноғай хандығын орнатқан. Ноғай қазақ бүлінгенде, оның ханы Орманбетті қазақтар өлтірген. Бұлардың елі Барабы татарлары. 3) Маңғыт ноғайлары. Бұлар Маңғыстау жерінде тұрып, ұзақ жылдар бойы қазақтармен қатар тұрып, сонымен қатар жерлес, тілдес болған. Едіге, Орақ, Қарасай Қази маңғыттан шыққан. Әз Жәнібек тұсында Ноғай ұлысы жасақталады. Қонысы Маңғыстау, батыста Дағыстан, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл болғаны тарихи деректерден белгілі. 4) Кавказ ноғайлары. Бұлардан көбіне маңғыттар тараған. Оларды Адыгей (Едіге елі), Қарачай(Қарасай елі), Өази елі (Шобан, Биғазы), пешене бұлғар, абхаз, ингуш, құмық, дағыстан, шешен, кейде алан, дербент мамлюктер, н жатқызамыз. Ноғайлы жырлары эпос тудырған маңғыт ноғайларынның сюжеті болса керек. «Едіге», «Орақ Мамай», «Қарасай Қази» қазаққа ноғайдан келген делінеді. Бұл жырларды осы кезде Кавказ ноғайлары иемденіп жүр. Оларды біз қазақ қыпшақ сюжеті дей алмаймыз. Әрине бұдан келіп, жүздеген ноғайлы жырларынан безу керек деген ой тумайды. Ноғайлы заманында дамыған «Ер Тарғын» қазақтың өз туындысы. Ноғайлы дәуірін Ш. Уәлиханов қазақ халқының «Алтын ғасыры» деп айтуы жай нәрсе емес. Себебі, дастандар мен толғаулар жалпы алғанда ноғайлы дәуірінде жыраулық өнер авторлық поэзия өмірге келген. Бұрынан сара жолы бар эпос дастандар қайта жанданды, қайтадан жырланды, жаңа тарихи жырлар қалыптасты. Ноғайлар жұртының шығу тегі туралы К. Ф. Сталь, Г. Перетяткович, А. И. Мусин Пушкин, П. Бутков, Л. Люль сынды тарихшылар мен тарихи әуесқойлар өз пікірлерін айтқан. Негізгі тұжырым: ноғайлардың татар - моңғол, болмаса қыпшақ - моңғолға қатысты деп келген. [ 3, 12б. ] Бірақ бұл пікірлер бір - бірімен кейбір тұстары қайшы келіп, ноғайлардың толық шығу тегін көрсете алмайды. Мәселен ғалым В. В. Трепавлов ноғай тайпаларының руларын былайша топтастырады: Алшын, Байыс (Беріштің бір тармағы), Байұлы, Баяут, Бадрақ, Жалайыр, Қаңлы, Қатаған, Қырық, Қоңырат, Қоралас, Кенегез (Шекті), Керейт, Керей, Қыпшақ, Сары Қыпшақ, Қара Қыпшақ, Құланшы, Масқар, Меркіт, Мың, Найман, Тама, Үйсін, Арғын мыңы, Телеу, Жүз, Шөмішті (Табын) . Бұл топтастырудан біз көптеген қазақ халқының руларын көріп отырмыз осыған сәйкес ноғайлыны татар - моңғол, қыпшақ - моңғол деп қарауымызға болмайды. [ 2, 12б. ]
Абылдан бастап Мұрын жыраумен шектелетін «Қырымның қырық батыры» жырларының қалыптасқан уақыты мен орнын бүгінде сенімде түрде атап көрсетуге болады. Бұл - Ақтөбе жақтағы Қобда мен Айладыр еліндегі Балқан Қазаншыққа дейінгі Арал - Хасарлы аралық аймағы. Бұл - эпос жасауға негіз болған шығармашылық базаның үлкен ареалы. [ 8, 53-54б. ] Бұл жырдың осы аймақтарда сақталуы, тек Маңғыстау жерінде жырлануы жердің киелі мекен екенін анықтай, дәлелдей түскендей.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында Қазан және Астрахань хандықтарының Ресейге қосылғанынан кейін, Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырады, оның ыдырау үрдісінде халықтың бір бөлегі қазақтың Кіші жүзінің құрамына енді. Ноғайлар мен қазақтар аралас-құралас отыра берген. Өзара туыс екі Орда - ноғайлар мен қазақтардың бірге көшіп жүрген уағын «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» алтын заман ретінде бағалайды Шоқан.
Қазақстан Ғылым Академиясы орталық кітапханасының қолжазба қорындағы «Мұрын жыраудың өмірбаяны және қысқа өлеңдері. Көкше батыр» қолжазбасында мынадай мәлімет беріледі: «Ноғайдың әуелі келіп жайлаған жері Әз Жәнібек ханның Астраханнан келіп орын алуы мен ноғайлар да осылай қарай өте бастады. Әз Жәнібектен бұрын бұның алдын қалмақ иеленіп қалып бермеген, сонан ноғайдың ерлері қалмақты бостырған.
Ноғайдың тарауы үшке бөлінеді:
1) Қарақыпшақ ноғай, оларға: Қобыланды батыр жатады.
2) Қырымды ноғайға жататын: Ер Көкше, Ер Қосай, Айсанның ұлы Ахмет, Ақжонас ұлы Ер Кеңес, Асанғайғы, Ер Абат, Қарға бойлы Қазтуған, Нәрік ұлы Шора, Шынтас ұлы Төрехан т. т.
3) Шер куртты ноғайға жататындар: Алатайлы Аңшыбайдың тұқымы Мұраттың маған айтуы осы» [3, 3 б. ] .
Жалпы ноғай Ордасының Қазақ хандықтарының қалыптасуына үлкен әсері болған. Қарақалпақ халқы да осы Орданың құрамына кірген халықтар негізінде пайда болды. Бүгінгі таңда Солтүстік Кавказда осы орда құрамына кірген құмық, балқар, қарашай халықтары тұрады.
Бұл күнде бұрын ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі қазақ әдебиетінің қорында сақталып, оның төл туындыларына айналып кеткен. Мысалы, «Ер Төстік», «Жиренше шешен», «Алдар Көсе» т. б. ертегі, аңыздар мен «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ-Мамай» сияқты эпостық жырлар - сол ноғайлы заманының мұралары.
Ноғайлы дәуірі әдебиеті туралы алғашқылардың бірі болып Шоқан Уәлиханов ХІХ ғ. сөз еткен еді. Ол өзінің еңбектерінде қазақтың батырлық эпосы Ноғай ордасы заманында туған деп тұжырымдайды [4, 138 б. ] Ол Торғай даласынан «Ер Көкше», «Едіге», «Орақ» жырларын жазып алады.
Кейіннен Сәкен Сейфуллин осындай жағдайларды ескере келіп, эпикалық аңыздауларға «Ноғайлы дәуірінің туындылары» деп сипаттама берген [5, 138 б. ] .
Қазақтағы батырлар жырының дені «Ноғайлы дәуірінде туды» дей келе, пікірін дәлелдеу үшін сол дәуір жайында тарихи деректер келтіреді. Сонымен қатар жырлардың Ноғайлы дәуірінде туғандығын көрсету үшін бірнеше жырдан («Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Ер Сайын», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Жабай батыр» т. б. ) сөзіне дәлел ретінде үзінділер алады. Сәкен еңбегінде қазақта эпостық жырлар тек «Ноғайлы дәуірінде» туған деген пікір баса айтылады [6, 161 б. ] .
Ноғайлы әдебиеті туралы пікір айтқан тағы бір ғалымымыз Қ. Жұмалиев қазақ эпостарының жасалыну жолдарын ХІV-ХVІ ғасырлардағы Алтын Орда дәуірімен байланыстырған Шоқан Уәлиханов пікіріне сүйенеді. Оның: «Қазақ, қырғыз, өзбек, ноғайдың ауыз әдебиеттерінің бір түрі батырлар туралы жырлар. Бұл жырлардың көбі Алтын Орда дәуірінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда бұл жырлар ХІІІ ғасырдың ақырында, ХV-ХVІ ғасырларда жасалған сияқты» [6, 10-11 бб. ], - деген пікірін дәлелге келтіреді.
Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі - эпостық жырлар. Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген:
- Архаикалық кезең. Ол исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады;
- Огыз-қыпшақ дәуірі(VI-XII ғасырлары) . Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, "Қорқыт ата кітабы", "Алдар көсе", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", т. б. ;
- Ноғайлы дәуірі(XIII-XVI ғасырлары) - "Бөген батыр", "Едіге батыр", "Қобыланды", "Ер Сайын", "Қамбар батыр", "Мұсахан", "Орақ батыр", т. б. ;
- Қалмақ шабуылы дәуірі- XVII-XVIII ғасырлардағы "құба қалмақ" заманы. "Олжабай", "Қабанбай", "Бөгенбай", т. б. ;
- Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.
Фольклорлық шығармалар тарихымызды зерттеудегі құнды деректің бірі. Жалпы, қандай да болсын, фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарих іздеу қиын. Дегенмен де көне мифтік аңыз-әңгімелерден халықтың дүниетанымын, кейбір көне әдет-ғұрыптарының іздерін көруге болады. Ал түркі дәуірінен бергі фольклорлық шығармалардан сол замандағы тарихи-этнографиялық болмыстың елесін, жаңғырығын таба аламыз. Ал ноғайлы дәуірінен бергі замандағы фольклорлық шығармалардың ішінен тарихта болған оқиғаларға арналған, тарихи тұлғаларға арналған жырларды фольклоршылар жеке жанрға - тарихи жырлар деп бөліп қарастырады. Тарихы көбінесе ел жадында ауызша сақталып келген көшпелі қазақтар үшін осы тарихи жырлардың деректемелік орны бөлек. Дегенмен де фольклорлық шығармаларға дерек ретінде сүйенгенде, онда әсірелеудің, тарихи тұлғаларға типтік образдық портрет берілетіндігін ескеру қажет. Жырда тарихи нақтылы құбылыстар дәлме-дәл қайталанбайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz