Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І БӨЛІМ. БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы жайлы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .8
ІІ БӨЛІМ. БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Оқушылар дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың рөлі ... ... ... ... ... ...13
2.2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан.
Жеке тұлғаның үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қабілеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу - деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы міндеттері деп қояды.
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін оқушылар ұжымы арқылы тәрбиелеу адам дамуының негізгі қаланатын бастауыш сатыдан басталатын процесс.
Жеке тұлғаны дамыту мәселелері М.В.Блонскийдің, Л.С. Выготскийдің, Л.В. Рубенштейннің, Д.Б. Элкониннің еңбектерінің негізгі арқау болып табылады. Оқушылардың жеке тұлғасы ретінде қалыптасуына ұжымның үлкен ықпалы бар.
Тұлғаның шығармашылығында үш түрлі қарым -қатынас орын алады:
1. Тұлғаның өзіне тән қарым-қатынасы .
2. Тұлғаның басқалармен қарым - қатынасы.
3. Тұлғаның айналамен қарым - қатынасы.
Осы қатынастар арқылы адам тәрбиесі жетіледі. Қазіргі психологиялық және педагогикалық зерттеуде бастауыш сынып оқушысына білім беру мен оны дамытудың әдістемелік принцпі оқу- танымдық әрекеті басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі деп дәлелденеді [1, 51б].
Зертеудің мақсаты: Оқытудың баланың жеке тұлғасының дамуындағы рөлін анықтау, бала тәрбиесіндегі мектептің орнын зерделеу.
Зерттеу міндеттері:
- Тұлғаның дамуы және қалыптасуының теориялық негіздері;
- Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы;
- Оқушылар дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың рөлі.
Зерттеу нысаны: Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы оқудың маңызын педагогикалық тұрғыдан қарастыру.
Зерттеудің болжамы: Егер балалардың оқыту процесі кезінде тұлғалық ерекшеліктерінің дамуына үлес қоссақ, тұлғалық қасиеттері дамыған ұпақ шығар еді.
Зерттеу әдісі:
- Тұлға ұғымын педагогикалық әдебиеттер арқылы талдау;
- Оқудың баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуындағы ерекшеліктерін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы жайлы түсінік
Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау. Олай болса "тұлға"дегеніміз не осы мәселеге тоқталмас бұрын отандық ғалымдарымыздың ой-пікірлерін қарастырсақ.
Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар "жеке адам", "дара тұлға", "даралық","жеке тұлға", "адам","кісі" тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. Біз ғылыми еңбегімізде "жеке тұлға" деп қарастыруды жөн көрдік. Сондай-ақ, "жеке тұлға" ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады.
Мәселен, Т.Тәжібаев өз еңбегінде: "Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі" - деп қарастырады.
Ә. Алдамұратов "Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға" деп анықтама берсе, Республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: "Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады", - деп тұжырымдайды [2, 31б].
Ал, Ресейлік ғалым А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша "Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі" деп қарастырады.
Белгілі психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде "Адам - физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді"-деп қарастырады.
Олай болса, А.Н.Тугаринов өз еңбегінде: "Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам", - деп көрсетеді.
Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Жоғарыда аталған еңбектерді сараптай келе "жеке тұлға" ұғымына өзіндік тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.
Жеке тұлға дегеніміз-сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым,барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.
Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі.
Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:
- Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт.
- Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.
- Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.
- Жеке тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.
Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады. Бұл қасиеттер адам бойында танымдық қасиеттерді қалыптастырады.
Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.
Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны "жеке тұлға" етеді [3, 45б].
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырғандықтан оның түрлі ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтарын да дамып өзгеріп отырады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі. Ой еңбегімен дене еңбегі арасында танымдық іс-әрекет шығармашылық қабілетін арттыруда жаңалық ашушы мен тудырушы болып табылады.
Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.
XX ғасырдағы психолог ғалым А.Н.Леонтьев: "Менің өмірімде нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай ..." - деп "мән" мен "маңыз" ұғымдарының мағынасын зерттеген. Бұл арқылы біз, оқушылар мен студенттерге берілген білім мен тәрбиенің қаншалықты меңгерілгендігін үнемі бақылап отыруымыз қажеттігіне мән берілуі арқылы жеке тұлға болып қалыптасуына мән берілуі тиіс деп ұғынамыз [4, 74б].

1.2. Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы
Баланың жеке тұлғасының дамуында оқыту процесінің маңызы зор. Белгілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық, сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар жеке адам ретінде көрінеді.
Психикалық құрылымдар дамуының жалпы заңдылықтары болып олардың субъекті іс-әрекеті негізінде қалыптасуы есептеледі. Бұл іс-әрекеттің ересск адамның көмегі жәме басшылығы арқылы ұйымдасуы маңызды болмақ. Жаңалық бала іс-әрекетіне сырттан енігзіліп, сыртқы іс-әрекет түрінде ұйымдастырылады. Біртіндеп сыртқы іс-әрекеттің ішкі, мұраттық, психикалық іс-әрекетке өзгеруі (бұл процестің кезеңдерімен оны басқару ерекшеліктерін П. Я. Гальперин зерттеген) болып өтеді. Демек, мотивация саласын дамыту, сананы, ойлау мен іс-әрекетті дамыту жаңа психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуын айқындап, дәнекерлейтін негізгі ішкі шартты құрайды.
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің, мысалы, бағдарының ұйымшылдығының, еріктілігінің (яғии іс-әрекет құрылымын неғұрлым жоғарырақ сатыларының) қалыптасуы мен дамуы да ерекше жағдайларды талап етеді. Балалар өз іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын игеруі тиіс. Олар іс-әрекеттің жоспарлау, даярлау, орындау, бақылау және бағалау деген кезеңдсрін ажырата білуге үйренеді. Бастапқыда, әсірссе мектепке дейінгі ересектер мен төменгі класс оқушыларында, іс-әрекеттің осы кезеңдерінің әрбірінің орындалуы тексерілуі тиіс. Балалар жоспарлауды, бақылау мен бағадауды өте жиі тастап кетіп отырады. Сондықтан олардың жүзеге асуын алғашқыда педагогтың тікелей нұсқаулары мен бақылауы, кейіннен түрлі белгілср арқылы үнемі сырттай қостап отыру керек. Балалар іс-әрекетті орындай отырып, оның кезеңдерінің бейнеленген схемаларына сүйенеді, сөйтіп біртіндеп қана өз іс-әрекетін ұйымдастырудың ішкі амалдарына ауысады. Мақсаттылықты қалыптастыру - баланың жеке басын жан-жақты қамтитын күрделі процесс. Бір жағынан, балаларды орындайтын жекелеген іс-әрекеттерін мақсатпен, болашақ жеміспен, іс-әрекеттің қажетті нәтижесімен ұштастыра білуге, мақсаттарын міндеттердің өзгеруіне қарай іс-әрскеттерді ауыстыра, қайта құра білуге үйрету қажет. Екінші жағынан, балалардан белгілі нәтижеге жетуді, іс-әрекстті аяғына дейін жеткізуді берілген талаптарды ескеруді ғана талап етіп қоймай, алынған нәтижені бала үшін ерекше бөліп қарап, көзделген мақсат, міндет тұрғысынан оны талдап, тәуір нәтижеге жетуді, міндет тұрғысынан оны талдап , тәуір нәтижеге жеткен балаларды атап өту қажет.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттілктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның әрекеті) оның себептеріне, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс таңдай алуына байланысты [5, 96б].
Белсенділіктін өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан кайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың бітімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады. Осының нәтижесінде, жеке тұлғанын дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа-ішкі және сыртқы болып бөлінетіп болды.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. - жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз -информациялық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус - кажеттіліктер, мақсат мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық поцестердің, қасиеттер мен қатынастардың әралуан түрлері бар жеке тұлғалық, факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара қатынас-әрекеттің күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес.
Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың қасиеттерін тану үшін оларды қолына ұстап көргеннен кейін бала Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады? деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен құбылыстардың жалпы мәнін ашып береді. Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен терендеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады [6, 56б].
Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінін әдіс-тәсілдері қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдастыруларда, іскерлік қызметте көрініс табады.
Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: білім алу-танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалық дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мұмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуте мүмкіндік туғызатын қызмет-әрекетті ұйымдастырудың адіс-тәсілдерімен қаруландыру - осының бәрі баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы.
Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарының, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланың қабілетін оята алмайтын релетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз.
Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көпғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тектілік) және әлеуметтік факторлардың (қоршаған орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қортындысы еш дау туғызбайды. Жеке тұлғанын қалыптасуына мынандай заңдылықтар әсер етеді: әлеуметтік алдын ала анықталып қою, іс-әрекеттің амал-тәсілдері, көпфакторлық, педагогикалық процестің ақиқат-шындығы.
Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын ғалымдар "ұлы бастаулар уақыты" деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педаготар және баланың өзі қадағалап, реттей алады [7, 589б].

ІІ БӨЛІМ. БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Оқушылар дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың рөлі
Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу, білім беру жүйесінде олардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып дүниетанымын, наным, сенімін қалыптастыру мәселесі тәрбиенің өте маңызды мақсаты.
Дүниетаным адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өміріне, табиғатқа, өміріне көзқарасы және сенімі. Адамның өмірлік поэзиясының, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекетінің тірегі, көрсеткіші. Сондықтан оны қоғам құрметтеп, зор баға береді.
Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы адам табиғаттың және қоғам құбылыстарыңың объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғынады. Ғылыми білім адамды қалыптастырудың және дүниені танып білуінің үлкен тірегі. Ғылыми білім арқылы қабылдаудың нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына сеніміне айналады. Сондықтан жеке адамға қаратып айтылған ескертпе сөздерде сенімінде ғылыми база болсын дейтін пікір кездеседі.
Дүниетаным жеке адамның өзін қоршаған ортадағы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды түсініп, байымдау арқылы, ой тұжырымдауы. Адамның пайда болуы туралы бүгінге дейін екі ұдайы пікір қалыптасқан. Мысалы, бірі материалистік тұрғыдан дәлелдесе, екіншісі адамды жаратушы Алла Құдай деген тұжырым жасайды - мұны діни пікір дейді.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адамның жоғары мұрат-мақсаттары, өмірде ілгері ұмтылушылық, талаптанушылығы. Біздің бүгінгі жағдайда әлеуметті өмір қажеттілігін, жеке бастың өз мүмкіншілігін айкын сезініп әрекет арқылы алдына койған биік мақсатқа кол жеткізуі. Дүниетанымының қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық жасайды. Дүниетанымның қалыптасуына әр түрлі факторлар микроорта мен тәрбие, ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Әрине әр адамның өмірге өз көзқарасы болады, ол оның табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасы арқылы көрінеді. Оның сапалығы өмірлік тәжірбиесі мен ғылыми әзірлігіне байланысты бағаланады.
Дүниетанымдылық білімін оқушылар дене және ақыл күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игеріледі. К.Д. Ушинский " Әрбір сынып ең төменгі сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек, әр жыл сайын бұл көзқарас тереңдетіліуі, кеңейтіліп толықтырылуы тиіс", -деп жазады [8, 54б].
Бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалар кандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керек? Оқыту мен тәрбие барысында әр кезеңге байланысты білім берудің мазмұны, тереңдігі оларды оқушыларға түсіндіру, оқу, тәрбие бағдарламаларында белгіленген. Онда оқушылардың жас ерекшілігі және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынған. Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғат құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріне олардың алатын орны туралы ғылыми білімнің бастапқы негізгілерін игереді. Олар Отан, халықтар достығы т.б. мәселелерді түсінеді.
Сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу процесінде дамиды. Сонымен бірге, еңбек оған көзқарастары қалыптасады, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Оқытудың өмірімен байланысы қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңіп, тереңдейді, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Өздеріне және басқа адамдарға талап қоя білуге, әділетті, адал болуға тырысады.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Әлеуметтану және экономика ғылымы
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары
Педагогика ғылымында тұтас педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы
Педагогикалық психология ғылым
Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология
Үшінші блок көрсеткіштері
Пәндер