Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мұхтар Әуезов дарынды да талантты адамдардың бірі, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясын бітірген, филология саласының маманы, қоғам қайраткері, профессор, Алаш партиясының атақты мүшесі болып, ғылымды да білімді де қоса меңгеріп үлесін қосқан кемеңгер ақын. Қазақ әдебиетінің көрнекті қоғам қайраткерлері мен ақындары Алаш партиясының идеологиясында тәрбиеленді. Табиғатынан дарынды, арабша әріп таныған, орыс тілін жетік білген Мұхтар Әуезовты халық әдеби классик, сөз өнерінің шебері, абайтанудың негізін салушы, түркі халқының тарихымен мәдениетінің фольклор мен эпос зерттеушісі. Халқымыздың кемеңгер ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың шығармашылық жолының басталуы қазақ даласындағы ірі саяси оқиғалармен сәйкес келеді. 1919 жылдың желтоқсан айында кеңес үкіметі шығарып тұрған газеттерге белсене араласып тұрды. Оны әр түрлі мәселелер бірде әйел теңдігі жайы, бірде оқу-ағарту, мәдениет ісі ойлантты. Шығармашылығы ХХ ғасырдың ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Мұхтар Әуезов өзінің ұланғайыр шығармашылық әлемін Семей жерінде бастады, алғашқы көркем туындылары, қазақ сахна өнерінің ірге тасын қалаған драмалық шығармалары да осында дүниеге келді. Сол кез қазақ әдебиет өнерінің өркендей бастаған шағы еді. Мұхтар Әуезовтың қосқан үлесінің бірі оның өнері әдебиетке назар аударып, жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер. Мұхтар Әуезовтың қазақ әдебиетіне тағы бір қосқан үлесі-Шығыстық кеңеюі. Үнді елін біліп, тануымыз үшін қыруар еңбек етті. Үндістан туралы очерктер жазды, сол елдің атақты жазушысы Р.Тагордың шығармашылығын талдауға
арнап Тагордың кемеңгерлігі атты мақала жазды. Қазіргі заманда кең өріс алған Азия және Африка елдері жазушыларының ынтымағы, бірлігі тарихына М.Әуезов ерекше үлес қосты.
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың жиырмадан аса театрлық қойылымдары, әңгімелері, кітаптары арасындағы қазақ халқының әдебиеті мен тарихи фольклорының аса маңыздысы ол-роман. Басты кейіпкері- Абай Құнанбаев ұлы гуманист, ойшыл, әдебиет пен қазаққа тән әдеби тілдің негізін салушы. Ұзақ жылдарға созылған терең шығармашылық ізденістердің, қажыр қайратының нәтижесінде күллі әлемге ұлы Абайды танытып қана қойған жоқ, қазақ халқы Абай жолы арқылы өзін де тереңірек түсініп таныды.
Зерттеу мақсаты: Мұхтар Әуезовтың шығармашылығына шолу жасап, педагогикалық көзқарастарына зерттеу жүргізе отырып оқу тәрбие процесінде пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы;
Мұхтар Әуезовтың шығармашылығына шолу жасау;
Мұхтар Әуезовтың шығармаларын оқу тәрбие процесінде пайдалану;
Зерттеу жұмысының нысаны: - Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұралары.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспе мен қорытындадан бөлек екі тараудан, әр тарауда екі тараушадан, сонымен қатар жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілді.
І БӨЛІМ МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
1.1 Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Заманымыздың заңғар жазушысы -- ұлы педагог Мұхтар Әуезовтің оқу және тәрбие туралы пікірлері ағарту салалары жөніндегі көптеген ғылыми мақалалары мен сөйлеген сөздерінде, публицистикаларында, әсіресе көркем шығармасында жарқын көрініс тапқан. Ол бұл жағынан алғашқы ағартушы-демократтар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың тікелей мұрагері, солардың ісін жалғастырушы, үлгі-өнеге тұтушы. Осы істегі оның негізгі мақсаты -- халыққа қызмет ететін білікті, білімді азамат тәрбиелеу, олардың неғұрлым жан-жақты дамуына көңіл бөлу. Сол себепті де өз оқулықтары мен бағдарламаларында, оқыту ісі жөніндегі мақалаларында мұғалімдерден әрбір сабағын ұқыпты ойластырып, білім беру мен тәрбиелеу тәсілін жетілдіре беруді, шәкірттердің ақыл-ой дамуын адамгершілік қасиетпен тығыз байланыстырып отыруды талап етті.
1920-30 жылдарда оқулық, оқу құралдары енді-енді ғана пайда болса, педагогикалық әдістемелік еңбектер, дидактикалық құралдар атымен жоқ болатын. Сол себепті де ол оқыту оңайдан қиынға, жайдан күрделіге, жаңадан ұмытылған ескіге қарай деген принципке негізделуін ұсынды. Сөйтіп оқытудың мақсаты: шәкірттердің ойлауына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету; дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру; эстетикалық талғамын тәрбиелеу; оларды кұр тыңдаушыдан білімді өз еңбегімен алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізу деп түсінген педагог.
М. Әуезовтің жастар тәрбиесіндегі мұғалімдердің алатын орны туралы жүйелі пікірлері ерекше назар аударады. Оқытушылар, М. Әуезов ойынша, заман талабын дұрыс түсінген, адам баласының қас жауы надандық пен қараңғылыққа, қапастыққа қарсы күресуші, адамзаттың өткен тарихындағы барлық мәртебелі де, игілікті істердің жалғастырушылары болуы шарт. Олардың идеялық шыңдалуы, саяси кемелденуі, аса жоғары жауапкершілік сезіммен қатар ізгілік, интелектілік, моральдық тазалығын, өзін-өзі ұстау, байыптылық, білімнің түрлі саласынан хабардар болу, шәкірт психологиясын терең білу, педагогтік техниканы жете меңгеру, оптимизм т.б. жеке қасиеттерді бойына дарытуы қажет дейді.
М. Әуезов өзінің көптеген ғылыми мақалаларында, сөйлеген сөздерінде мектепке нәтижелі жұмыс жасауы үшін оқытушының бойында білім мен біліктен басқа, педагогикалық қызметке деген табиғи бейімділік, зор талап, терең талғам мен ұғымдылық, ынталылық қажет екендігін ескертіп отырды. Өйткені оқытушы өзінің жұмысына селқос қараса, шәкірттерді шын жүрегімен сүймесе, ол жұмысы да ықылассыз болады. Ал ықылассыздық пен енжарлық, дөрекілік пен менмендік бірімен-бірі жақын тұрған адамгершіліктің көмескі жақтары ғана емес, тәрбиенің де жауы.
М. Әуезов ерекше талап еткен шарттардың бірі- мұғалімдердің дұрыс ойлау және соған орай дұрыс сөйлеу мәдениеті. Бұл үлкен өнерді бойына дарытуды әрбір мұғалім мақсат етуі керек. Осыған байланысты ол кейбір мұғалімдердің сөйлеу және ойлау мәдениеттерінің төмендігіне қынжылады. Мұндағы ұстаз қояр талаптар: ойдың жүйелі, әрі дәйекті болуы, ойлаудың ақиқаттығы және шындығы, яғни адам ойының болмысқа сай келуі, кез-келген айтылған ойдың бір ізді жүйелі, тұжырымды болуы. Бұлардан басқа ұстаз ойынша ой мен тіл бірлікте болады. Ал тіл ұлттық мәнге ие, ойлау болса, жалпы адамзатқа тән. Осы жағынан алғанда, М.Әуезовтің Шығыс халықтарының ойлау жүйелері, сөйлеу мәнерлері туралы пікірлері ғылым үшін құнды. Бұны оның фольклорлық зерттеулерінде, оқулық бағдарламаларын жасауда, әсіресе Әдебиет тарихы оқулығын жазуда басшылыққа алғаны белгілі. Шығыстық философияның, ойлау жүйесінің биік шыңы М. Әуезовтің Абай жолы эпопеясы десек қателеспейміз.
М. Әуезов логика мен психология ғылымдарының өзара қарым-қатынасы жайлы айта келіп, бұларды әрбір оқытушы, жастар тәрбиесіне қатысты барлық адамдар білуі парыз дейді. Оларды терең игерудің негізгі жолы тәрбиешінің қазақтың халық педагогикасының негізін білуінде, ал оның қайнар көздері халықтың ауыз әдебиетінде, фольклорлық шығармаларында деген пікір айтты. Осыдан келіп, ол әдебиет пәні мұғалімдеріне қазақ халқының ауыз әдебиетінде, фольклорлық шығармаларын терең талдап, мазмұны, мән-мәнісін тереңірек зерттеп білуді, сол жолды оқушыларға ұқтыруды ұсынады.
Халқымыздың тарихи даму жолында өмір тіршілігінің сан-саласын қамтитын мақал-мәтелдердің бірсыпырасы адамның ойлау жүйесіне, сөйлеу мәдениетіне, іс-әрекет сипатына қатысты. Дарынды ұстаз тек оқу мәселесі жөнінде жалаң пікір айтушы теоретик қана емес, сол іске тікелей араласқан практик те болды. Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборға басшылық қызметке ауысқан М. Әуезов 1922 жылғы сәуір айының аяғында Семейге сапар шегеді. Ұзаққа созылған бұл сапарында оқу мәселесі төңірегіндегі істерге де тікелей араласады. Мәселен, 1922 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің ақша-қаражат жағдайы туралы мәселе қаралған губерниялық мәслихатқа қатынасса, мектеп үйлеріне бұрын кіріп алған мекемелер оларды тез арада босату мәселесін жедел шешуге кіріседі. Мектепте бала оқытпағанмен, М. Әуезов бүкіл өмір бойы оқу ісі, оқыту мәселелері, ұстаздық ету төңірегінде ұлағатты пікір айтып, мол мұра қалдырған ойшыл ұстаз болды [1, 125 б.].
1923 жылы желтоқсанда Ленинградтан Семейге келген М. Әуезов мәдени-ағарту қызметкерлерінің жетіспеуіне байланысты осында қалдырылады. Қазақ педтехникумында қазақ әдебиеті тарихынан, әдебиет теориясынан, қазақ, орыс әдебиетінен және Ресейдегі революциялық қозғалыс тарихынан лекциялар оқиды. Ұстаздық жолын алғаш рет осылай бастаған ол 1954 жылы МГУ-дің СССР халықтары әдебиеті кафедрасының профессоры болып, қазақ әдебиеті тарихынан лекциялар оқуға дейін жалғастырады.
Ол Семей губерниялық оқу бөлімі жанындағы ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшесі болған. 1925 жылы 8 қаңтарда Ауыл газетінде жарияланған Бәрекелде деді ме екен? мақаласында М. Әуезов қазақ даласындағы ауыл мектептерінде оқыту жұмыстарының нашар дәрежеде екендігін, оны бақылайтын оқу инспекторларының өз міндеттеріне жүрдім-бардым қарайтындықтарын қатты сынға алған. Сондай-ақ Абай журналының 1918 жылғы 11-санында Оқу ісі атты көлемді мақаласын жариялап, онда ұлт мектептерін ашудың қажеттігін нақтылы дәлелдей келіп, оның кезек күттірмейтін мәселе екендігіне тоқталған. Алайда, ол кезде ұлттық мектептерді аша салу оп-оңай іс еместі. Сондықтан, М. Әуезов сол кезде мектеп ашу үшін ең басты кедергі болып табылатын үш түрлі жағдайды атап көрсеткен. Бірі - бастауыш мектептердің бәріне мұғалім жоқтығы; екіншісі - оқу құралдарының жоқтығы, үшіншісі - ілгері оқитын мектептердің жоқтығы, һәм тез уақытта бола алмайтындығы.
М.Әуезовтің пайымдауынша, мұғалімдер, жалпы жастар тәрбиесіне қатысты қауым, халық даналығы, мақал-мәтелдер арқылы әрбір нәрсенің, құбылыстың шындығына тәрбиеленушінің көзін жеткізіп, оның ақиқаттығын олардың санасына ұялатудың қуатты құралы етіп қолданулары керек.
М.Әуезов - мейлінше прогресшіл, өмірден үйренгіш, жаңаны сезгіш, болашақты болжағыш ойшыл ғалым-ұстаз. Ол - республика халық ағарту саласына айтулы үлес қосқан, асқаралы ағартушылардың бірі. Мұны біз оның қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған істерінен де, көркем шығармаларынан да, ғылыми және публицистикалық еңбектерінін де айқын көреміз[2, 29 б.].
1.2 Мұхтар Әуезовтың еңбектеріне шолу жасау
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897, 28 қыркүйек - 1961, 27 маусым) - қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі (1946), Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Болашақ жазушы ұлы Абай өз шығармаларында сонша терең әрі жанжақты суреттеген сол кездегі қазақ қоғамының сипаты мол, қайшылыққа толы өміртұрмысын көзімен көрді. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915 - 1919 жж. мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша Еңлік - Кебек пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы жазылған Қорғансыздың күні атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, басқа да белгілі әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен жақындасады. Абай журналын шығаруға атсалысады. Оян, қазақ деп ұран тастаған қозғалыс, олардың демократиялық идеялары Әуезовтің өмірлік мақсатнысанасын белгілеуіне тірек болды. Алашорда қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң, 1923 жылдан бастап көркем әдебиет саласына бар күшқуатын жұмсап, өнімді еңбек етуге кіріседі. 1923 - 1926 жж. Оқыған азамат, Қыр суреттері, Үйлену, Ескілік көлеңкесінде, Кінәмшіл бойжеткен, Қаралы сұлу әңгімесін жазады [3, 17 б.].
1923 - 1928 жж. Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Одан кейін Ташкентте Ортаазия мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданды. Ленинградта (қазіргі СанктПетербург) оқыған соңғы жылында екі тамаша повесть жазған: ҚарашҚараш пен Көксерек.
Саяси қызметтен бас тартып, бірыңғай зерттеуге ойысқан кезде, ол әдебиетшіге де сол саясаттың шырмауынан шығу қиын екенін ұға білді. Ондаған жылдар бойы оған ұлтшылдық, байшылдық идеяларды жақтаушы деген кінә тағылып келді. Қудалау көріп, 1930 - 1932 жж. қамауда болды, тұтқыннан құтылу мақсатымен ашық хат жазды.
Әуезовтің тарихи тақырыпқа баруының тамыры тереңде жатыр. Тұңғыш көркем туындысы ЕңлікКебек, онан кейін Хан Кене мен Қилы заман, АйманШолпан, Қарақыпшақ Қобыланды драмалары да осыны аңғартады. Бұлардың кейбіреуі ел арасында кең тараған, бұрыннан белгілі сюжетке құрылса, Хан Кене, Қилы заман тарихта болған нақтылы оқиғаларды арқау еткен.
Әуезов 20жылдардың өзінде проза мен драматургияда келелі туындылар беріп, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. Отызыншы жылдары бір топ әңгіме (Қасеннің құбылыстары, Іздер, Шатқалаң, Құм мен Асқар, Бүркітші), пьесалар (Айман - Шолпан, Тас түлек, Шекарада, Түнгі сарын) жазады [4, 28 б.].
30жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, онан кейін де қымқиғаш пікірлер айтылып жүргенде, Абайды тереңдеп, кеңінен тануды өзіне өмірлік мақсат ету ол кезде біліктілік, даналық қана емес, үлкен ерлік те болғаны хақ. Кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол табатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Әуезовтің дүние жүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді.
1936 жылы Қазақ әдебиеті газетінде Татьянаның қырдағы әні дейтін прозалық үзінді жарияланды. Бұл - болашақ романның бір тарауы еді. Осыдан соң, 1940 жылы, Л.Соболевпен бірлесіп Абай трагедиясын жазды.
Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой Абай жолы атты өзінің 4 томдық даңқты тарихи романэпопеясын жазды. Мұның Абай аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Орыс тіліне аударылған. Абай романының екі кітабы 1949 жылы 1дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. Абай жолы 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары баға алды.
Көркем тәржіме жұмысына белсене атсалысып, И.Тургеневтің Дворян ұясын аударды, КСРО жазушыларының ІІ съезінде көркем аударма туралы арнаулы баяндама жасасты.
Үлкен ғалым, педагог Әуезов қазақ әдебиеті тарихын зерттеу, әдебиет кадрларын даярлау жөнінде шексіз көп еңбек сіңірді. Абайтану ғылымының негізін салды, көп томды Қазақ әдебиеті тарихының қазақ фольклорына арналған томының (1960) негізгі авторы және редакторы болды. Қырғыздың Манас эпосы туралы монография жазды [5, 76 б.].
КСРО Жазушылар одағы Президиумының, Бейбітшілікті қорғау кеңесі комитетінің, Лениндік сыйлықтар жөніндегі комиссияның мүшесі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ мемлекеттік университетінің көп жылдар бойы профессоры болған Әуезов 4 - 5сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде де зор қоғамдық міндет атқарды.
Абай жолы эпопеясынан кейін дәуір шындығын суреттейтін кең ауқымды жаңа эпопея жазуға кіріскен еді. Соның Өскен өркен атты 1кітабының нұсқасын салып кетті. Ол 1962 жылы жарияланды.
Әдеби еңбегі үшін жазушы 1957 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1961 жылы 27 маусымда қайтыс болғаннан кейін, республика үкіметінің қаулысымен Қазақ КСР ҒА Әдебиет және өнер институтына, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілді. Жазушының әдебимемориалдық музейі ашылды, Алматы қаласының бір ауданы, бірқатар мектептер, көшелер қаламгер есімімен аталады. Туғанына 100 жыл толуына орай мерекесі ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті. Шығармалар жинағының 50 томының 36 томы жарық көрді (1998 - 2008) [6, 126 б.].
ІІ БӨЛІМ МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫН ОҚУ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНУ
2.1 М.Әуезовтың шығармларын оқу процесінде қолдану
Әлемнің жазушылары мен ғалымдары жоғары баға берген адамзаттың Әуезовінің шығармашылық мұрасын бүгінгі және болашақтағы ұрпаққа таныту - әдебиеттегі маңызды мәселелердің бірі. Себебі әдебиеттегі кесек тұлға Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту мәселесі өте күрделі сала болғандықтан, терең білімпаздық пен аса ізденімпаздықты қажет етеді. Әр шығармасын оқыту үшін үлкен дайындық, терең эрудиция, үлкен жүрек пен сезім қажет. М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші жазушы-ғалым Т.Жұртбайдың сөзімен айтсақ: Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолының өзі қазақ мәдениетінің рухани тарихындағы құбылыс. Ол сан-салалы және жинақтай зерттеуді қажет етеді, - деп ескертеді.
Жазушының шығармашылығына арналған зерттеулер негізінен жекелеген ғылыми тақырып пен жанрлық, теориялық, танымдық тұрғыда дара-дара қарастырылды. Алайда М.Әуезов шығармашылығын мектепте тұтас оқыту, жасөспірімдерге таныту, рухани жан дүниесіне бойлату мәселесі әйгілі ұстаз әдіскер Қ.Бітібаеваның еңбектеріне дейін арнайы жазылмаған. Тек М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясын оқытудың жолдары мен талдаудың түрлері белгілі әдіскер-ғалым Т.Ақшолақовтың, Қ.Тасболатұлының еңбектерінде ғана кездесетін. Осы тұрғыдан алғанда, Қ.Бітібаеваның еңбектері әдіскер ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, мектеп мұғалімдері үшін ғылыми әрі әдістемелік жағынан сонылығымен, құндылықтарымен ерекшеленетін аса қажетті еңбектің қатарынан саналады [7, 163 б.].
Адамзаттың ақыл-ойының ғұлама жазушысы Әуезов шығармашылығын қалай оқыту керек, оны жастардың бойына қалай сіңіру керек, осы мәселе әрбір әдебиетші ұстазды ойландырып келгені рас. Себебі, М.Әуезов шығармашылығын оқыту дегеніміз - үлкен көрсетіп, адамдар тағдырының шындығын суреттейді. Осыған байланысты М.Әуезов шығармашылығын оқытуды алға тартқан Қ.Бітібаева өз сөзінде былай дейді: Ұстаздар қауымы Әуезов тағлымын оқу мен тәрбие беруде тиімді пайдалануы, қажетке айналдырудың көзін тауып, қонымды жолын ізденуі керек. М.Әуезов шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарын іздеу бүгінгі оқыту үрдісінің талап деңгейінен туындайды, - дейді
Мектепте М.Әуезов шығармашылығын оқытуды тұтастай қарастырып, іргелі еңбек жазған Қ.Бітібаева Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары атты оқу құралында: ... әдебиет пәні жас жеткіншектерге жай ғана білім беріп қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz