Мағжан Жұмабаев - қазақтың ұлы ақыны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ел егемендігін алып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды. Азаттыққа ұмтылған, тәубадан гөрі тәуекелге көбірек сүйенген кешегі Желтоқсан қозғалысы бір кезде азаттық жолына басын тіккен, шығармаларын оқымақ тұрмақ, атын атауға тыйым салынған ұлт зиялыларын, Мағжандарды, арада жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де жеті қат жер астыннан суырып алды, ұлттың ұранын ұрлап, рұхын тығып ұстаған шойын есікті тас-талқан етті. Халқымыздың қасиеті мен қастерін бағалаған, қасіретінен қара жамылып, соған қабырғасы қайысқан, өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбандыққа шалған, тағдырдың запыранын ішіп, уын ұрттаған ел ардақтысы әлемінің есігін ашты.
Мағжан Жұмабаев - қазақтың ұлы ақыны. Әйтсе де ол аса дарынды ақындығымен бірге ұстаздықты мұрат етіп, сол жолда оқулық, методикалық сипатта еңбектер де жазған жан. Өйткені сол кездері Ахмет Байтұрсыновтың әсерімен ат төбеліндей қазақ зиялылары Қазақ үкіметінің ағарту жұмыстарына белсене араласады. Әсіресе, оқу, оқыту мәселелерін көп болып бірігіп шешпек болады. Мәселен, дәрігер Х.Досмұхамедов қазақ халқы әдебиетін, Махамбет пен Мұрат ақындығын зерттей келіп, Ташкентте Қазақ-қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы туралы зерттеуін кітап етіп шығарса, жазушы Ж.Аймауытов Мәскеуде психология тақырыбына Жан жүйесі және өнер таңдау деген оқу құралын бастырып шығарды. Қазақ оқығандарының мұншалық әмбебаптығы бодандық бұғауында жаншылған елін құлдықтан құтқару, көзін ашып, көкірегін ояту, өзге өркениетті елдер қатарына қосу, қазақ жастарының интектуалдық дамуына қызмет етуден туған.
Мағжанның Сауатты бол! (1926ж) оқулығы Қазақстанда сауатсыздықты жоюда шешуші орын алса, Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы- мұғалім.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын-мұғалімдердікі.
Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолдарымыз бір, қазақ мұғалімдері!
Қолымнан келеген осы еңбегімді сендерге тарту қылам. Ниетімнің адалдығы үшін тартуымды қабыл көріп алыңыздар [1] деген тартудан басталар Педагогика кітабы қазақ баласын тәрбиелеуде күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтпаған еңбегі мұғалім, жалпы қауым үшін таптырмас үлгі. Ол орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере отырып өзiнiң "Педагогика" атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: "Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдары) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым".
Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген. Сол терминдердің көпшілігі содан бері қанша заман жаңғырса да, бүгінгі күнге де қызмет етуде.
Оқу құралының бiрiншi бөлiмi педагогиканың жалпы мәселесiне арналған. Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: "Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы... Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын..." Баланы келешек заманына лайық қылып шығару тиіс" - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. "Ұлт тәрбиесi - деп жазды ол, - баяғыдан берi сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi"Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады. "Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет... Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас... Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл" дегендi айтады. Яғни баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады. [2]
Курстық жұмыс нысаны. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары.
Курстық жұмыстың мақсаты. М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын зерттей отырып, оқыту тәлім-тәрбиеге қосқан үлесін анықтау.
Курстық жұмыс міндеттері:
М.Жұмабаевтың өмірде қалдырған ізімен танысу;
М.Жұмабаевтың педагогикалық қөзқарасын талдау;
М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын қарастыру;
Зерттеу болжамы. Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қөзқарасын баға беру арқылы танып білу, мұғалімнің қызметіне зор әдістемелік ықпалын тигізеді.
Курстық жұмыс құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ М.ЖҰМАБАЕВ - ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ БІР ТУАР ПЕРЗЕНТІ
2.1 М.Жұмабаевтың өмірде қалдырған ізі

Мағжан Жұмабаев - қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.
Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді. Атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі - Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның Шолпан атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. [3]
Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді.
Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді:
Азамат! Анау қазақ ханым десең,
Жұмақтың суын апар, жаным десең.
Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам тұншықтырып қанын десең
Екінің бірі, басқа жол жоқ! [4]
Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.
Мағжан Шолпан, Сана журналдары, Ақ жол газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горкий мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен, 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін Халық жауы деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі. [5]
Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", Қазағым", т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. [6]
Мағжанға дейінгі, шамамен екі ғасырлық кезең патшалық Ресейдің Түркістан аймағын басып алу мақсатында жүргізген саясатында туған әрекетімен және Түркістан халқының оған қарсылық көрсетуімен өткен. Ғасырлар бойы кең жазира қала қанға бөгіп, ел қажып күйзеліп, халық жаны мен жүрегіне жара түскен. Ал Мағжан туған жылдары Түркістан аймағы түгелімен патшалық Ресейдің езгісінде болатын. Бірақ соған қарамастан Түркістанда қалыпты бір жүйе құрылмаған еді. Түркістан халқының патшалық Ресейдің жаулап алу саясатына қарсы жүргізген күресі енді саяси үстемдікке наразылық білдірген бітпес бас көтеруге айналды. Ал, бұл көтерілістерді патша әскерлері аяусыз басып-жаншып отырды. Мағжан Ресейдің Түркістан аймағында отаршылдық саясатын күшейту мен славян тектес көшпенділерді жаппай Түркістан территориясына қоныстандыруына қарсы Түркістан аймағының 1916 жылғы көтерілісіне де куә болды.
Түркістан өңірінің тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі жолында халықтың қаншама қаһарман ұлының қаны төгіліп, қаншама бір туар зиялы перзенті қылқаламын найза етіп жан аямай күресті. Олардың ішінде Мағжанның алар орны ерекше. Мағжан Жұмабаев - ұзаққа созылған бодандық кезеңінде келімсек отаршылдардың халық жадынан өшіруге тырысқан рухани байлығын сақтап қалуға бүкіл ғұмыры мен әдеби күш жігерін арнаған ұлы тұлғалардың бірі. Ол жанын құрбан еткен қасиетті күрес тек оның өлімінен кейін жеңіс тапты. Келешек ұрпағына ол армандаған бақытты күндерде өмір сүру нәсіп болды. Қайсар ел перзентінің құрметке лайық өнегелі істерін мәңгі есте сақтап, ардақтау біздің қасиетті парызымыз. Мағжан өлеңдерінде әр сөз, әр сөз тіркесі, әр өлең жолы, сонымен қатар шумақтар талдауды қажет етеді. Себебі, өлеңдерінде мынадай логикалық байланысқа шығуға болады: жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға өту. Мысалы: Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңір берген несібі ғой. Түркістан - екі дүние есігі ғой - бұл жолдағы екі дүние сөзі, біріншіден дүние сөзі полисемия, екіншіден екі дүние тіркесін көптеген мағынада түсінуге болады. Мүмкін ол жаңа мен ескінің арасы, мүмкін ғылым мен өнердің, мүмкін фәни мен бақилық, тіпті кешегі өмір мен бүгінгі тіршіліктің нысаны болар. Екі дүние сөзі метонимия, яғни мұнда ол қандай дүние екенін жасырын күйде, тек үлкен ой сала отырып берген. Ал есік сөзі осы сөз тіркесіне жалғана метофора болады. Түркістан - ер түріктің бесігі ғой деген өлең жолындағы түрік сөзінің этималогиясына тоқталсақ ол ер жүрек, батыл деген мағына береді. [7]
1.2 М.Жұмабаев әдебиеттану бағытының көрнекті өкілі

Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны "хакім" деп атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес" сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді ("Шын сорлы"), халқын өнер-білімге шақырды ("Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалық шақ", "Қазағым", "Қарағым", "Осы күнгі күй", "Мен сорлы").
Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады ("Жас келін], "Зарлы сұлу", "Сүйгеніме", "Алданған сұлу"). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. [8]
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды ("Туған жерім - Сасықкөл"). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды ("Жарыма", "Есімде... тек таң атсын", "Жаралы жан", "Мен жастарға сенемін", т.б.).
Жұмабайұлы шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды ("От", "Пайғамбар", "Күншығыс", "Жаралы жан", "Айға", т.б.). Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті ("Шолпы"). Жұмабайұлы поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі - түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Жұмабайұлы поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. "Шолпан" жинағындағы "Орал тауы" өлеңінде:" "Қосылып батыр түрік балалары, Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал", - деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт - Жұмабайұлының түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.
Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді ("Орал тауы", "Алыстағы бауырыма", "Жер жүзінде", "Қазақ тілі", "Тез барам!", "Түркістан", "Орал"). Сондай-ақ, Жұмабайұлы "Пайғамбар" өлеңінде "Ғұн - түріктің арғы атасы" десе, "Түркістан" атты өлеңінде "Түркістан - ер түріктің бесігі ғой" деп асқақ рухпен жырлады. [9]
Түрікшілдік сезімі 1919 - 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған "Алыстағы бауырыма" атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай "Яш Түркістан" журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады. [10]
Жұмабайұлы қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән ("Сүй, жан сәулем", т.б.). Жұмабайұлы - әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі ("Айда атыңды, Сәрсембай", "Шойын жол"). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Мағжанның шығармаларындағы айқындауыш бейнелі сөздерге көз жүгіртсек суреткердің идеясынан туып, сөз арқылы берілген не бір ойдың көрінісін аңғарасыз. Сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап, көркемдік жасап үйлесімге келтіруінің өзі бірнеше түрлі тәсілдер арқылы берілгендігінің куәгері боласыз. Әсіресе көркем шығармада қолданылатын көркемдегіш құралдың бірі, заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын бейнелі сөз - эпитетті пайдаланудағы шеберлігі оқырман көңілін еріксіз баурап әкетеді. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау мүмкін емес екендігін төмендегі жолдар арқылы мойындатады.
Ақ қанаты кірледі,[11]-деген ақын жер бетіндегі күйкі, арамза пенделерді қыбырлаған қоңыздар мен қорсылдаған доңыздарға балап, олардың өңбейтін жаман пиғылды іс- әрекетіне жұмақтың ізгі елшісі - бостандық кінәлі ме?-деген сауалдарды қоя отырып, азаттық ұғымы терең аллегориялық әрі философиялық мағынаға көшеді. Оқырман назарын бостандық жұмақтың өзі емес, ізгі де болса елшісі ғана екеніне аудартады. Екі аяқтылардың арасындағы имансыздардан қорлық сөз естіп, ақ қанаты кірлеген, ізгі періште - бостандық қайта ұшуға даяр тұрғандығын ашып көрсетеді.
Елім деп еңіреп, әділеттік жолда жалынды жырын жалау еткені үшін тарихтың ақтаңдақ бетінен орын алған сөз шеберінің өрелі ойының терең иірімдерінен тамаша суретті сөздер өріледі. Түркістан, Ескі Түркістан, Орал, Көкшетау атты өлеңдері арқылы сүйікті оқырмандарын елін, жерін сүюге баулиды. Туған ұлтын, халқын сүюі түбі бір туысқан жұртты туысқан тартумен сабақтас құбылыс болғанын Тұранның бір бауырында, Қырғыз, қазаққа, Еділде, Алатау атты жырларынан аңғартады.
Өз мысалдарында бұрыннан айтылып келе жатқан эпитеттерді қайталамай өзінше ізденіп, жаңаша мазмұнда айқындаудың әр түрін жырларында шеберлікпен орынды қолданғандығын, олар арқылы адамның көркем образын жасағандығын байқатады. Ақынның қиыннан қиыстырып қолданып отырған айқындаулары өзі жырға қосып отырған объектіні, өмір құбылыстарын бейнелі оймен бере білу жағынан басқа суреткерлерден ерекшеленеді.
Табиғаттың манаурап жатқан бейнесін суреттеу үшін қолданған марқадай теңеуі өзінің тапқырлығының жемісі екендігін көрсетеді. Ал, өзеннің арнасынан асып, бұлықсып ағуын, жігіт алдында әртүрлі ерке қылықтар көрсеткен қыздың мінезіне балап, оқырманына өзеннің ағысын қыздың қылмыңдаған әрекетімен ойша салыстыру мүмкіншілігін береді.
... Жазушы заттың не құбылыстың ерекше белгілерін атап көрсетпей - ақ оны басқа затпен, құбылыспен салыстыру арқылы шығармасының мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдардың бірі - теңеу, [12] -дегендегі академик Зейнолла Қабдоловтың сөзін еріксіз еске түсіреді.
"Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы-сөз",[]-деп заманымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов айтқанындай жастарды тәрбиелеуде сөздің құдіретті күшін пайдаланудың маңызы зор екендігін сезінген ақын өнегелі, өрелі асыл сөздерін кейінгі ұрпаққа сыйлайды.
Егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар екенін ескеріп, Мен жастарға сенемін өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын ағартады.
Арыстандай айбатты ,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға
Мен жастарға сенемін, [13]-деген Мағжан жастардың ерік- жігерін, күш- қайратын аң патшасы арыстанға, қайратты жолбарысқа, ақиық қыран құсқа балайды. Өзінің шығармасында қолданыс тапқан теңеулердің сан түрлі болып келетіндегін
ІІ ТАРАУ М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ
2.1 М.Жұмабаевтың педагогикалық қөзқарасы

Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт -- өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əлуетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдар да сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді. [14]
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі - ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит -- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
Мағжанның лирикасы
Мағжан Жұмабаевтің лекциялары
Алаш қайраткерлері
Жатыр өлеңі
Қазағым өлеңі
Мағжан бейнесінің жасалу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж), Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев
Пәндер