Бала тәрбиесінде отбасының рөлі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тәрбие түсінігіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Тәрбие процесінің мәні мен мақсат - міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..9
ІІ БӨЛІМ ЖЕТКІНШЕК ДАМУЫНДАҒЫ БАСТЫ ФАКТОР - ТӘРБИЕ
2.1 Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8 2.2 Бала тәрбиесінде отбасының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Заманына қарай амалы демекші, қоғам күнделікті дамуда. Техникалық прогресте қарыштауда. Сондықтан әлемдік мәдениеттен қалыспай, олармен бірге жылжып, Елбасы биылғы жолдауында айтқандайын, дамыған елу елдің қатарына қосыламыз десек, өркениетке зор мән бергенде жөн. Ол үшін ұлттық дәстүрді қазіргі дамумен ұштастыра отырып, бала тәрбиесіне де еңгізу керек. Жалпы жоғарыда сөз еткен, тәрбиенің бәрі білім мен ғылымнан бастау алады. Жатпай-тұрмай ендігі кезекте тек оқуға зер салғанымыз абзал. Бұл бүгін ғана күн тәртібіне қойылып отырған талап емес. Ес біліп, етек жиғалы алға қойылған басты мақсаттардың бірі де, бірегейі. Тәуелсіз ел болып, әлемдегі дамыған елдермен қатар терезе теңестіріп, өзге мемлекеттерге үлгі боларлық іс жасап жатырмыз. Бұның бәрі ел тізгінін ұстап отырған азаматтарымыздың абыройы. Саналы ұрпақтың өсіп келе жатқанынан хабар береді. Алайда жайбасарлық танытпаған абзал.
Елбасы өз сөзінде: Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында деп атап көрсетті.
Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.
Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді.
3
Қазіргі кезде жастарға, олардың тәрбиесіне қай кездегіден болса да зор үміт артылып отыр. Себебі республикадағы 15 миллион халықтың шамамен 5 миллионнан астамы 14 пен 30 жас арасындағы жастар екені мәлім.
Ал аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы:
Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.
- Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.
- Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.
- Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын деген.
Қазіргі кезеңде отандық педагогикадағы тәрбие мақсаты мен тұжырымдалу ерекшеліктерінің маңызы ерекше.
Зерттеудің мақсаты: Тәрбиенің теориялық негізін ашу мен оның қоғам дамуына тигізетін әсерін практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу міндеті:
Тәрбие түсінігіне сипаттама беру;
Тәрбие әдістері, формалары және технологиясын айқындау;
Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелерін негіздеу;
Қазіргі балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролін талдау.
Зерттеу нысаны: тәрбие процестерінің компоненттері.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқулықтарға, бағдарламаларға, оқу әдістемелік құралдарға талдау жүргізу.
Зерттеу болжамы: Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық берсе, әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналар еді.
4
І ТАРАУ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тәрбие түсінігіне сипаттама
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Тәрбие - бұл адам жанын жетiлдiру өнерi. Тәрбиеде адам табиғатын жетiлдiрудiң ең күштi сыры бар. (Иммануил Кант). Олай болса, тәрбие процессiнде жеке тұлғаның сана-сезiмi мен ақыл-ойына жүйелi түрде әсер етiп,оның дүние танымының дамуына , ерiк-жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына ықпал етедi. Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттердi орындауға, көптеген әлеуметтiк қызметтердi атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процессi. Олай болса, ,тәрбие көптiң iсi. Тәрбие мәселесiмен қоғамдық ұйымдар , мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана нәтижелi болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес,кең мағынасында, яғни табиғат және әлеуметтiк ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы
5
мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетiнiң нәтижесi ретiндеқараған жөн.Сондықтан да тәрбиенiң мәнiсi, бiрiншiден, қоғам үшiн саналы, белсендi, iзгiленген, iскер азаматты қалыптастыру болса, екiншiден, жеке адам үшiн оны өмiр сүре бiлуге, өзiн қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай бiлуге үйрету. Олай болса, тәрбие процессi деп - қоғамның талап-тiлектерiне сай әрбiр жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана - сезiмiн, ерiк-жiгерiн, мiнез-құлық ерекшелiктерiн жүйелi түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара бiрлескен әрекетiн айтамыз.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспiрiмдердi азамат етiп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзiрлеу процессi қоғамның барлық азаматтарының мiндетi, отбасы, мектеп пен жұртшылық әректiн қадағалап, бағыт-бағдар берiп, олардың бала тәрбиесiндегi жұмыстарын бiрыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп[1,15б].
Тәрбие процессiн табысты, нәтижелi ұйымдастыру тәрбиешiлерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсiнуді қажет етедi.
Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмiр сүруi, әркеттерi барысында жеке басында, айналасында кездесетiн, ықпал ететiн табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процессiнiң негiзiнде тұлғаның табиғатын, әлеуметтiк мәнiн, қоғамдық өмiрдiң обьективтiк қажеттiлiгiн бiлдiретiн заңдылықтар жатады.
Тәрбие принциптерi тәрбие мiндеттерiне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерiнiң төмендегідей жүйесi қалыптасқан:
1.Тәрбиенiң мақсаттылығы;
2.Тәрбиенiң өмiрмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
6
3.Еңбек арқылы тәрбиелеу;
4.Жеке тұлғаға талап қоюшылықпен құрметтей бiлудің бiрлiгi;
5.Балалардың жас және дара ерекшеліктерiн есепке алу;
6.Тәрбиенiң жүйелiлігi, бiрiздiлiгi және үздiксiздiгiн қамтамасыз ету;
7.Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
8.Тәрбие процессiнде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетiнiң бiрлiгi болуы;
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн оған әлеуметтiк те, сондай-ақ белгiлi бiр материалдық та жағдайлар жасау қажет. Ол үшiн :
1.Халыққа бiлiм беру жүйесiн үнемi жетiлдiрiп, дамытып отыру
2.Оқу-тәрбие беретiн мекемелердiң материалдық-техникалық базасын үнемi жақсартып отыру
3.Мәдени-ағарту мекемелерiнiң жүйесiн құру, клубтар, мәдениет сарайлары, кiтапханалар, лекторийларды ұтымды ұйымдастыру
4.Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесiмен күн сайын айналысуын насихаттау
5.Тәрбие процесiнде халықтық педагогиканы кеңiнен пайдалану, аға ұрпақтың әлеуметтiк тәжiрибесiн меңгерту.
Осы мәселелсердi өскелең өмiр талабына сай ұйымдастыру, жас ұрпақты үйлесiмдi етiп тәрбиелеудiң негiзi болмақ. Қандай қоғам болмасын, оның сәттi болуы болашақ жастарының денсаулығына тiкелей байланысты. Қазiргi нарықтық экономика жағдайында тәрбие процессiнiң тиiмдiлiгiн одан әрi жетiлдiру ерекше маңызға ие болып отыр. Себебі, жан- жақты үйлесiмдi дамыған адам деп - өзiнiң бойындағы рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетiлгендiктi үйлестiре, ұштастыра бiлген, сана-сезiмi жоғары, өмiрдiң түрлi салаларында белсендi қызмет етуге қабiлеттi, iзгiленген тұлғаны айтады[2,145б].
7
Коменскийдің Ұлы дидактика еңбегінде оқыту проблемалары ғана емес, сонымен бірге тәрбие (адамгершілік, ақыл-ой, дене және эстетикалық тәрбие), мектептану, педагогикалық психология, отбасы тәрбиесі мәселелері де орын алды. Осы еңбегінде ол сенсуалистік педагогикалық принциптерге үлкен мән берді. Бұл принцип, бүгінгі оқыту тәжірибесінде дидактиканың алтын ережесі деп қарастырылады.Коменский алғашқы болып сынып-сабақ жүйесін құрастырған болатын. Сонымен бірге ол жалпыұлттық мектеп мәселесін, мектеп ісінің жоспарлануы мәселесін, білім беру сатыларының адам жасына сай болуы мәселесін, тіған тілде оқыту мәселесін, гуманитарлық білімнің ғылыми-техникалық біліммен үйлесімділігі мәселелерін өз еңбектерінде көтерді. Коменский тәрбиеде табиғатпен үйлесімділік принципін, педагогикалық процесті ұйымдастыруда балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескеруді енгізді. Коменскийдің дидактикасында табиғатпен үйлесімділік принципі табиғатқа еліктеу идеясына негізделген, яғни педагогикалық заңдар табиғат заңдарына сәйкес болу керек.
Өзінің Выход из школьных лабиринтов еңбегінде, Коменский табиғат пен тәрбиенің заңдарының бірлігіне негізделген оқытудың төрт сатысын қарастырады: бірінші - автопсия (өзбетімен байқау); екінші - автопраксия (практикада қолдану); үшінші - автохресия (меңгерілген білім, іскерлік, дағдыны жаңа жағдайларда қолдану); төртінші - автолексия (өз әрекетінің нәтижелерін өзбетімен баяндау).Коменскийдің педагогикасының фундаментальді идеясы - пансофизм идеясы болып табылады, яғни өркениеттің жинастырған барлық білімді жалпылау және осы білімді қоғамдық, нәсілдік, діни белгілерге қарамастан барлық адамдарға туған тілдерінде жеткізу.Өзінің Лабиринт света и рай сердца (1625) еңбегінде Коменский адамды өмір лабиринтімен келе жатқан жолаушы ретінде қарастырды.
8
Бұл лабиринтті сәтті өту үшін, адам қоғамға пайда әкелетін білімді меңгеруі керек деп көрсетеді. Жиырма жылдан кейін өзінің О развитии природных дарований трактатында ол былай деп жазады: Кім білімді болса, сол әрдайым пайдалы болады және әруақытта қандай да бір тосын жағдайларға төтеп бере алады.Законы хорошо организованной школы трактатында мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптарды, оқушылардың тәртібіне қойылатын талаптарды, мектепте жүріс-тұрыс ережелерін ұсынды[3,231б].
1.2 Тәрбие процесінің мәні мен мақсат - міндеттері
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
1. Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
2.Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
1.Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
9
2.Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
Өз халқын, Отанын сүйетін нағыз азамат тәрбиелеуде ата-ананың ролі ерекше.Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік,үлкенді құрметтеу,ұяңдық,пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді.
Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздыцң әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс.Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге.Ата-ананың өзара тату-тәтті сыйластығы, мейірбандық пен ыстық ықыласы, сөйлеген сөздері бәрі-бәрі балаға ерекше әсер етеді. Отбасындағы ұрыс-керіс, орынсыз жанжал, балағат сөздер баланы жақсы әдетке тәрбиелейді. Өйткені бала іштей тынып, не істерін білмейді. Ата-ананың оғаш мінезі балалардың дөрекі, тілазар, қатыгез, өзімшіл болып өсуіне әсер етеді.Баланың нағыз азамат болуына ықпалды ортаның бірі жолдас-жорасы, достық қарым-қатынастары, мінез-құлықтарын білгені жөн. Олардың өзара қарым-қатынасына құрметпен қарауы керек.
Ата-ананың себепсіз ренжіп, қабақ шытып, осы балаларды неге ертіп келесің, басқа достар табылмады ма? ... дегендей сөйлеуі дұрыс емес. Мұндай көзқарас баланың намысына тиеді, қатты мазалайды.
Сондай-ақ үй ішіндегі заттардың өз орнында болуының да мәні зор. Мысалы:ол бұйымдар шашылып жатса, ата-ана қарамаса баланың мінезі де алқын-жұлқын тартып, бойынан сабыр кетеді. Баланың сабаққа тыңғылықты әзірленуде тиісті жағдай жасау ата-ананың тікелей міндетті. Ықыласымен оқымайтын баладан нашар оқушы шығады.
10
Олардың көбі ата-ана бақылауынан тыс қалған балалар.Себебі ата-ана жұмысты желеу етіп мектепепен еш байланыс жасамайды. Тіпті баласының сынып жетекшісінің кім екенін білмейтін ата-анада баршылық.Мұндай ата-аналардың балалары оқуға сүлесоқ қарайды, тәртібі нашар, жауапкершілікті сезінбейді. Үй тапсырмасын дұрыс орындамайды, жиі-жиі сабақ қалдырады. Әрине осындай бақылаусыз қалған бала сапалы білім, сапалы азамат, өнегелі тәрбие алмайтыны белгілі. Сынып жетекшісі, ол-қоғамның талабына сай белгілі бір сыныптағы оқу-тәрбие процесін ұйыдастырушы басты тұлға. Ол оқушылардың таным әрекетін ұйымдастырып, олардың әлеуметтену процесін қалыптастырады,болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделу, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, сыныптағы жағымды көңіл-күй жағдайын жүзеге асыру.
Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Соның ішінде негізі міндетті қоғамның талабына сай азамат тәрбиелеу.Ол үшін, оның тұлғасын қалыптастыру: сапалы, белсенді, ізгіленген,іскер,отаншыл.
Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге үшін:
* Педагогикалық білім деңгейінің сапасы жоғары;
* Педагогтың шеберлігі;
* Мектептің педагогттік ұжымы мен ата-аналар және жұртшылықты бала тәрбиесіне тарта білу қабілетін игеруі;
* Идеялық сенімі айқындалған;
* Тәрбие саласында теориялық және практикалық таныстығы жоғары;
* Төзімділігі, шыншылдығы.
А.С Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді өнер деп бағалаған.
В.А Сухомлинскийдің тілшімен айтқанда: Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт
11
беруі мүмкін. Себебі жанұя мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын бірігіп анықтайды және құрады. Сондықтан да педагогикалық әрекетте сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі міндеттерінің көлемінің сан алуандығына байланысты ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы ерекше. Соған қарамастан бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жасады: ата-аналар жиналысы, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасында болу.т.б.
Сондықтан да ата-аналар баларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас , тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп қарауы тиіс. Оқу тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулері тиіс.
Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға-мектептегі сынып жетекшісі.
Білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы,гимназия,лицей.т.б. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауында. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
* Пән мұғалімі,бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
* сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
* сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі,құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда.Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани
12
білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отыра, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуы керек. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара басты үш қызметті орындайды: Әр бағытта сыныптағы оқушылардың әректетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қомқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.Сынып жетекшісі-тұлғаның жан-жақты қалыптасуына жан-жақты үлес қосатын адам. Әрбір тұлғаның ішкі жан дүниесінжіті сезіне отырып, іс-әрекетін бақылап түсіну арқылы қоғамда өз орныны таба білетін азаматты тәрбиелеу.Негізінен сынып жетекшісі жан-жақты болу керек. Мәселен, мәдениетті, еңбекқор, балаларды жақсы көретін, оқушының жан дүниесін түсінетін, керек кезінде қасынан табылатын жан.
Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ болғандықтан, Үлкенге құрмет, кішіге ізет демекші, ата-аналар мен сынып жетекшісілері арасында бірін-бірі түсінушілік, сыйластық және үнемі тығыз қарым-қатынас болу қажет. Тәрбиенің мақсаты - үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбие міндеттері:
- Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
- Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам
13
құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
- Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
- Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
- Жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
- Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр. Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.Тәрбие мазмұны адам тұлғасының
14
гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.
Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы жүзеге асатын тәрбиенің ерекше құрамын анықтау маңызды:
- Танымдық; Еңбектік;
- Құндылық-бағдарлық; Спорттық;
- Көркемдік; - Еркін қарым-қатынастық.
- Қоғамдық;
Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:
* Адам * Дос
*Ұл (қыз) * Құқық қорғаушы
* Аға (қарындас) * Патриот
* Немере (немере қыз) * Азамат
* Туыс * Қорғаушы
* Оқушы * Ұлттық мәдениетті
* Ұжым, топ мүшесі қорғаушы және жасаушы
* Көш басшы * Еңбекші
* Иегер * Әлем азаматы
15
* Қалалық (ауылдық) * Бейбітшілік орнықтырушы
* Көрші * ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz