Жабысқақ қызылбояу алабұта тұқымдасына жататын біржылдық қыстап шығатын арамшөп



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Kiріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Күздік арамшөптер өкілдері және олармен күресу шаралары
2.2. Қыстап шығатын арамшөптер және олармен күресу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Kiріспе
Арамшөп - егіс танаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Арамшөптер деп мәдени өсімдіктердің егістіктерінде өсетін, олардың өнімінің мөлшерін төмендетіп, сапасын нашарлататын өсімдіктерді атайды. Мәдени дақылдардың егісінде басқа мәдени дақылдар кездессе, оны ластаушы өсімдіктер деп атайды. Мәдени өсімдіктерге қарағанда арамшөптер тез дамып, ылғалды және қоректік заттарды әлдеқайда көп жұмсайды. Жоғары қабатта өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, олардың жапырағында жүретін фотосинтез үрдісін баяулатады, ауыл шаруашылық машиналардың жұмысын нашарлатып, олардың сынып қалуына себеп болады. Арамшөптердің тұқымдары астық дәндерінің ылғалдылығын көтеріп, олардың қызуына және бүлініп кетуіне жағдай туғызады. Арамшөптер ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тіршілік ететін және олардың тарайтын орны болып табылады. Кейбір арамшөптердің жемістері мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетеді. Ащы жусан астыққа жағымсыз иіс берсе, қыздырма үйбидайық, қара меңдуана араласқан дән улы болады. Көптеген арамшөптердің гүл тозаңдары адамдардың аллергия ауруларын қоздырады.
Сондықтан, арамшөптермен тиімді ғылыми негізде күрес жүргізу үшін олардың биологиялық ерекшеліктеріне және экологиялық бейімділік қабілеттеріне байланысты агробиологиялық тұрғыдан жіктеу қажет.
Арамшөптердің түрлерінің көптігімен қатар, өздеріне тән ортақ биологиялық белгілері болады. Олардың бастылары: -қоректеу тәсілі, -өсіп - даму мерзімі, -көбеюінің ерекшеліктері. Арамшөптердің осы белгілеріне байланысты агробиологиялық топтарға бөліп, жіктейді.
Егіншілікте А.К.Киселев, А.И.Мальцев, С.А.Котт, А.Н.Фисюнов, соңғы кезде А.М.Туликов, Г.И.Баздырев, сияқты ғалымдар арамшөптердің өніп шығу уақытысына, топырақтың экологиялық жағдайына және олардың тіршілік факторларына қажет етуіне байланысты әмбебап агробиологиялық жіктеу енгізген.
Арамшөптердің қоректену тәсіліне байланысты паразитті, жартылай паразитті және паразитті емес немесе жасыл арамшөптер деп үш топқа бөледі.
Соның ішінде паразитті емес арамшөптер өсіп-даму мерзімінің ұзақтығына байланысты екі топқа бөлінеді: аз жылдық және көп жылдық арамшөптер. Аз жылдық арамшөптер өсіп-өңу кезеңіне байланысты эфемер, жаздық, қыстап қалатын, күздік және екі жылдықтар деп бес топқа бөлінеді.

Паразитті емес
Аз жылдықтар

1.Раңтәрізділер
(эфемерлер)

2.Жаздықтар:
а)ерте пісетін
б)кеш пісетін
3.Қыстап шығатындар
(қыстайтындар)
4.Күздіктер
5.Екі жылдықтар

Күздік арамшөптердің қыстап қалатын арам шөптерден айырмашылығы олардың өздерінің дамуы үшін қысқа маусымның төменгі температурасын қажет етеді. Өзінің көктеп шыққан мезгіліне қарамастан сабағын,гүлін,жемістерін тек келер жылы береді. Күздік арам шөптерге: қара бидай арпабасы, егістік арпабас жатады.
Қыстап қалатын арамшөптердің екі түрлі ерекше қасиеті бар. Егер ерте көктемде көктеп шықса, онда олар жаздық арам шөптер сияқты вегетациялын сол жылы аяқтайды. Ал егер олар кеш көктеп шықса,бұл ретте арам шөптер қыстап қалады да,келер жылы вегетациясын ерте аяқтайды. Қыстап қалатын арамшөптердің негізгң өкілдеріне:егістік қанатжеміс, жұмыршақ, жабысқақ қызылбояу және тағы да басқалары жатады.

II. Негізгі бөлім
2.1. Күздік арамшөптердің өсіп-өніп дамуы үшін күзде және қыста төменгі температура қажет. Олардың тұқымдары алғашқы тіршілік жылында кез келген уақытта көктейді, тек тамыр маңайында ғана жапырақтар пайда болады да, қара күзде яровизация сатысынан міндетті түрде өткеннен кейін, осы сатысында қыстап қалады. Олар сабағын, гүлін, жемісін және тұқымын міндетті түрде келесі жылы береді. Биологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар күздік дақылдардың ластаушысы. Бұл топқа қарабидай және дала арпабастары, кәдімгі сіпсебас т.б. жатады.

Қарабидай арпабасы - Костер ржаной - Вromus secalinus
Қара бидай арпабасы астық тұқымдасына жататын біржылдық күздік арамшөп. Барлық жерлерде тараған, әсіресе күздік дақылдарды, көпжылдық шөптерді және жаздық дақылдарды ластайды. Тамыр жүйесі шашақты. Сабағы бұтақталған, жылтыр, биіктігі 30-100 см, таспа жапырақты.
Бір түп қараюидай арпабасы 800-ден 5000-ға дейін дән береді. Ол топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 7-8 жылға дейін жоғалтпайды. Гүл шоғыры - жайылған шашақ. Тұқымы жұқа қабықты дәнек, 1000 дәнектің салмағы 2,0-2,8 грамм. Арамшөп 2-3 см тереңдіктен жақсы өніп шығады, кейбір өскіндері 10 см тереңдіктен өніп шыға алады.
Минималды өніп шығу температурасы +1-2̊C, ал оптималды температура
+12-14̊С.
Негізінен күздік дақылдарды, оның ішінде күздік бидай мен қарабидай егістігін ластайды.
Күрес шаралары. Бірінші агротехникалық шара - егін сепкенге дейін дәнді дақылдардың тұқымын тазарту. Бірақ, қарабидай арпабасының дәнін қарабидайдың тұқымынан толық бөліп алу қиын. Сондықтан Сондықтан 3-4 жылда бір рет тұқымды жаңартып тұру керек. Сонымен қатар, тұқым алу үшін дәнді дақылдарды құнарлы, жақсы тыңайтылған, жер бедері тегіс танаптарға орналастыру керек.

Егістік арпабас - Костер полевой - Bromus arvensis
Егістік арпабас қоңырбастылар тұқымдасына жататын күздік арамшөп. Барлық жерлерде, әсіресе күздік дақылдарының егістерін көпжылдық шөптерді, жаздық дақылдарды ластайды. Тамыр жүйесі шашақты. Сабағы бұтақталған, жылтыр, биіктігі Тамыр жүйесі шашақты. Сабағы бұтақталған, жылтыр, биіктігі 30-100 cм. Таспа жапырақты.
Гүл шоғыры - жайылған шашақ. Тұқымы - жұқа қабықты дәнек. 1000 дәнектің салмағы 2,0-2,75 грамм. Арамшөп тұқымы топырақтың 2-3 см тереңдігінен жақсы өніп шығады, кейбір өскіндері 10 см тереңдіктен өніп шыға алады.
Өніп шығу температурасының минималды мөлшері +1-2̊С, ал оптималдысы 12-14̊С. Өсімдік көп сабақтанып, шоқ-шоқ болып өседі. Тіршілікке қабілеттілігі 2-3 жылға дейін сақталады.
Ең негізгі күресу жолдары: ауыспалы егісті енгізу, игеру жіне сақтау. Топырақты ұқыпты өңдеу. Гербицидтерден 2,4-Д-ге төзімді. Топыраққа сіңірілген гербицидтер ғана оң нәтиже береді.

2.2. Қыстап шығатын арамшөптер екі түрлі жолмен дамуы мүмкін. Егер олар көктемде өніп шықса, онда өздерінің вегетациясын сол жылы күзде аяқтайды, яғни жаздық арамшөптер сияқты дамиды. Ал олар кеш көктегенде вегетациясының қай кезеңінде болса да, қыстап қалады да, келесі жылы вегетациясын аяқтайды, яғни олардың дамуы күздік арамшөптер тәрізді. Қыстап шыққаннан кейін тамыр маңында жапырақ тостағанын құрып, тез сабақтанып, вегетациясын ерте аяқтап, пісіп жетіледі. Бұл жағдайда оның тұқымы тікелей топыраққа түседі. Қыстап шығатын арамшөптерге жұмыршақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы
Арамшөптердің зиянды шегі
Оңтүстік Қазақстанның жерлерінде күздік бидайды тікелей егу жұмыстарын жүргізу
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Ауыл шаруашылығында кездесетін арамшөптерді жіктеу
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
Алабұталар тұқымдасы
Ақ алабұта өсімдігі тамырының химиялық құрамы
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Пәндер