Жеміс - жидек дақылдар сорттарына сипаттама
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II . Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1 Алматы облысының топырағы мен климатына сипаттама ... ... ... ..5
2.2 Жеміс - жидек дақылдар сорттарына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ..8
2.3 Жеміс бағын отырғызу жобасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.4 Жеміс бағын отырғызу жобасының сызбасын құру ... ... ... ... ... ... .21
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28
Кіріспе
Жеміс-жидек шаруашылығы -- жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Жеміс-жидек шаруашылығы -- жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс ағаштарының табиғаттағы басқа ағаштарға қарағанда айырмашылығы - екі күрделі, өзара тығыз байланысқан әр түрлі екі бөліктен тұрады: жер асты - тамыр жүйесі(телітуші) және жер үсті - сабақ жүйесі(телінуші).
Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.
Морфологиялық құрылымы мен сыртқы белгісі жағынан жеміс- жидек дақылдарының бірбірінен айырмашылығы үлкен, екінші жағынан аз да. Мұның өзі ұзақ уақыт (40 мың жылға жуық) оларда тұқым қуалаушылық дамуының әр түрлі жағдайларда өтуіне және әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты.
Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Қазіргі кезде еліміз жеміс шаруашылығының экономикасынан жақсы нәтижеге қол жеткізуде.
Ауыл шаруашылығындағы ғалымдарымыз бен мамандарымыз үнемі ізденіп, әлі де пайдаланылмай жатқан мүмкіншіліктерді іздестіріп тауып, жеміс-жидек сорттарын өсірудің мәдениетін арттыруда, ғылым мен озат тәжірибе жаңалықтарын өндіріске кеңінен енгізуде.
Соның бірі жеміс-жидек дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау шаралары болып табылады. Жеміс-жидек дақылдарынан мол өнім өндіруде түрлі агротехникалық шараларды жүргізе білумен қатар, олардың зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жолдарын тиімді қолдана білу керек. Себебі бұл шараларды кезінде жүзеге асырмаса, жеміс-жидек дақылдарының өнімі ысырап болады.Қазіргі Қазақстандағы жеміс шаруашылығының дамуы алдағы кездегі жеміс шаруашылығының дамуымен салыстырғанда әлдеқайда дамып келеді. Қазақстан Республикасында жеміс - жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Олар негізінен еліміздің халқын жеміс-жидек тағамдарымен толық болмаса жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету. Мысалы, 1991 жылы Республикада шаруашылықтардың саны 0,3 мың га болса, 2001жылы бір мыңға жетіп отыр. Бірақ, соңғы жылдары жеміс шаруашылығының жалпы көлемі мен өндірілетін өнім мөлшері күрт төмендеп кетті.
Қазақстанда жеміс- жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттеді(А.Н. Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, және т.б.). Орта Взиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы бар.
Біздің Республикамызда жеміс шаруашылығының дамуына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А.Ж. Жанғалиев, А.П. Драгавцев, А.Н. Кацейко, В.П. Вонамаршук, А.П. Андронов, Б.Г. Матаганов, К.Г. Карычев, Е.Г. Раузин, О.А. Үкібасов жатады.
2.1 Алматы облысының топырағы мен климатына сипаттама
Алматы -- Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Қаланың аумағы -- 682 шаршы километр. Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-1000 метр жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларына орналасқан.
Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы бақша-қала деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.
Климаты.Облыста барынша суық ай қаңтар, ал ең ыстық ай шілде болып табылады. Жазықтық жерде қаңтар айындағы ауа температурасы минус 12,0-тан минус градустан 14,1градусқа дейін ауытқиды. Балхаш маңайындағы суық маусымның ұзақтығы 5 айға жуық (қарашадан наурызға дейін). Тау етектерінде қаңтардағы орташа температура минус 5,6-дан минус 6,6 градусқа дейін ауытқиды. Бұл жерде қыс салыстырмалы түрде алғанда қысқа болып келеді.
Облыстың жазық және таулы жерлерінде өте ыстық. Шілде айындағы орташа температура плюс 20 градустан плюс 25,1 градусқа дейін ауытқып отырады. Алматы облысының климатына белсенді күн радияциясы тән. Мұнда вегетациялық кезең 4000 градусқа дейінгі температура мөлшерінде 205 күннен 225 күнге дейін созылады.Биік таулы аудандардағы климат облыстың жазық жерлі аудандарындағы климаттан ерекшеленіп тұрады. Жаз мезгілінде тауда ауаның температурасы әрбір 1000 метр сайын орташа есеппен алғанда 0,6 градусқа төмендеп отырады. 4500 метрден жоғары биіктіктерде орташа температура барынша жылы ай шілденің өзінде құбылып отырады.Алматы облысының аймақтары бойынша жауын-шашынның түсуін бақылағанда оның әр жерде біркелкі түсе бермейтіні байқалды. Облыстың жазық жерлі аудандарына түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 125 мм-ден 300 мм-ге дейін ауытқиды, ал тау етегінде 400 мм-ден и500 мм-ге дейін өзгерсе, тауда 700 мм-ден 1000-ге дейін өзгеріп отырады. Облыстың ең құрғақ жері Балқаш маңы болып табылады. Мұндағы климатқа тән шөл іспеттес. Облыста көктемгі және жазғы кезеңдерде жауын-шашын көп мөлшерде түседі.
Облыстың тау жақ бөлігі демалыс үйлері мен санаторийлер, курорттар салуға аса ыңғайлы болып келеді. Осылайша, Алматы облысы туризмнің қысқы түрлермен қатар жазғы түрлерін де дамытуға жайлы жағдай туғызатын климаттық ресурстарға ие. Қыс мезгілінде ауа-райы ыңғайлы және жауған қар шаңғышылар мен коньки тебушілердің ғана емес қыс қызықтарын ұнататындардың да әр түрлі қысқы ойындар ұйымдастыруына ықпал етеді.
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде -- 10-16°С, оңтүстікте -- 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -- 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Топырағы мен өсімдік дүниесі. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі.
Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір -- облыс малшыларының жазғы жайлауы. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғысы ветртикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Тау бөктерлері мен тауаралық ойыстарда таудың қара, күңгірт қоңыр, қызғылт қоңыр, жазық өңірінде ашық қоңыр, қоңыр, сұр, сортаңды сұр топырағы қалыптасқан.
Табиғаты.Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы -- Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).
Гидрографиясы. Өзендері Балқаш -- Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, (Ұялы) Қошқаркөл. Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-сі салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі
2.2 Жеміс - жидек дақылдардарының сорттарына сипаттама
Жеміс сорттарын өсіру халық шаруашылығы үшін өте зор. Қазақстан териториясында жеміс өсімдіктерін егу өте ерте уақытта басталған. XIII ғасырдың бас кезінде Іле Алатауының етегінде болған саяхатшылар осы күнгі Алматы қаласының маңайында орналасқан елді мекендердегі алма, алмұрттың сорттарын барын жазған. Елімізде 1930 жылдан бастап Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институты алма, алмұрттың жаңа сорттарын шығарды. Жеміс- жидек ағаштарын суарылмайтын жерлерде өсірудің агротехникасын жасау, жабайы өсетін жеміс ағаштарын игеру және тағы басқа маңызды мәселелер зерттеліп шешілді.
Қазақстанның жекеленген табиғи климаттық облыстары және аймақтары бойынша жеміс- жидек өсімдіктерінің тұқымдары мен сорттарының проценттік қатынастары.
Облыс
Алма
Алмұрт
Алхоры
Шие
Қарақат
Таңқурай
Алматы
74,9
8
5
4
4
2
Алма (лат. malus) -- раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10 -- 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 -- 100 жыл, биіктігі 4 -- 10 м болады. 3 -- 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 -- 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптар болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды.
Алманың Қазақстанда аудандастырылған сорттарына
сипаттама.
Апорт. Ескі тегі белгісіз сорт, таулы суармалы аудандар үшін ең бағалы сорттардың бірі. Бөрікбасы сирек, домалақ, аумақты. Өнімді көбінесе шет жағына орналасқан ұзын бұтақшалары береді. Жазық аймақта және тау етегінде суыққа шыдамсыз, ал тау белдеуінде, таулы аймақта суыққа төзімділігі жақсы. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде кең тараған. Апорт - кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі.
Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады.Жемісті отырғызылғаннан кейін 7-8 жылда салады, өнімділігі әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 100-150 кг. Жемісі өте ірі (250 г), түсі әдемі. Жемісінің жұмсағы ақшыл жасылдау, орташа түйіртпекті, нәзік, шырынды, дәмі қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар. Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жeкешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысаналар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар aғаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен.
Суйслеппер. Балтық жағалауына тән сорт. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштарының бөрікбастары өте өскелең, үлкен, теріс пирамидалы. Кейде домалақ болып келетін бөрікбасы өте тығыз. Суыққа аса төзімді. Бұтақшалары қызыл қоңыр түсті. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 7-9 жылда өнім береді, жемісті жыл сайын салмайды. Әрбір жеміс ағашы орта есеппен 80-120 кг өнім береді.
Жемісінің ірілігі орташа (60-70 г), жұмсағы - ақ, ұсақ түйірлі, өте шырынды, дәмі қышқылтым тәтті, қабығы тегіс, жылтыр, түсі ақ, қызыл және қызғылт жолақтары, жайылма қызгылт теңбілдері бар. Жемісі көп уақыт сақтауға шыдамайды.
Мельба. Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл жәнее Оңтүстік Қазақстан облыстарында таулы аймақтарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбастары ағаштардың жас шағында сопақша, ал жеміс салған уақытта аумақты, кең болады. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 75-100 кг. Жемісінің ірілігі орташа (130 г), түсі көкшіл сары, жұмсағы- ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.
Ренет Казакстанский. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында Ренет Бурхардта сортын Суйслеппер сортымен будандастыру жолымен шығарылған. Алматы және Жамбылоблыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, бөрікбастары қомақты, домалақ, тығыздығы орташа. Суыққа өте төзімді. Ағашын отырғызғаннан кейін жемісті 5-6 жылда салады. Өнімділігі- әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 100-120 кг. Жемісі ірі (140-160 г), түсі сары, сәл қызғылт реңді. Жұмсағы тығыз, аздап түйіртпекті, дәмі қышқылтым тәтті. Жемістері көп уақыт сақталады.
Заилийское. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында белгісіз екпе сорттрдың екпе көшеттерінен шығарылған. Ағаштары аласа, бөрікбастары жинақы, суыққа төзімді. Жемісті ерте, 3-4 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 160-190 кг өнім алынады. Жемісінің ірілігі орташа және ортадан жоғары (110-180 г). Жемісі сарғыштау жасыл, қызыл қоңыр түсті, күңгірт сызықтары бар. Жемісінің жұмсағы жасылдау, нәзік, шырынды, дәмі қышқылтым тәтті.
Шие (лат. Prunus subgen. Cerasus) - раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік.Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған.
Шиенің жемісінде 7,3 - 17,5% қант, 0,8 - 2,4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0,15 - 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады.Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі.Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa), құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Шие сорты. Шпанка крупная - халық селекциясы арқылы шығарылған сорт, Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау және шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Ағаштары ірі, бөрікбасы дөңгеленіп келген, аумақты, қалыңдығы орташа, суыққа шыдамды. Жемісті 3-4 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 30-35 кг жеміс алынады. Жемісі ірі(50гр), пішіні сопақша, түсі күңгірт қызыл, жұмсағы сары, аздап талшықты, шырынды қышқылтым тәттілеу.
Алхоры -- раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта жемісі.Ағашынан 40-100 кг-ға дейін өнім алынады. Отаны - Кіші Азия, Кавказ және солтүстік Иран. Қазіргі кезде мәдени алхорының 2000-ға жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаштың биіктігі 3-12 м аралығында болады. Кейбір түрлерінің бұтақтары тікенекті болып келеді. Сұрпына қарай гүлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz