Күріш зиянкестері
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Күріш туралы мәлімет
2.2. Күріш зиянкестері
2.3. Күріш зиянкестерімен күресу шаралары
3. Қорытынды
Кіріспе
Энтомология (грек. entomа - жәндіктер және logos - ілім) - жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М.Мальпиги (1628 - 94), голланд натуралисі Я.Сваммердам (1637 - 80) және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр (1683 - 1757) болды. 18 ғ-дың бас кезінде француз энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. 18 ғ-дың 2-жартысында орыс ғалымы П.С. Паллас Энтомологияға көп еңбек сіңірді. 19 ғ-дың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құ-рылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология (а. ш., орман, мед., мал дәрігерлік болып бөлінеді) а. ш. дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа Энтомологияның ішінде колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді), лепидоптерология (қа-быршаққанаттыларды), мирмекология (құмырсқаларды), т.б. салалары бар. Қазақстан жәндіктерін алғаш 19 ғ-да П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А. Северцов, А.П. Федченко, А.П. Семенов-Тянь-Шаньский, В.Ф. Ошанин экспедициялары зерттеді. Жеке Энтомологиялық мәселелермен 1921 ж. құрылған Жетісу энтомологиялық бюросы (1924 ж. Өсімдік қорғау ст. болып қайта құрылды) айналысты. Энтомология саласындағы жүйелі зерттеулер КСРОҒА-ның Қазақстандық базасының Зоология секторында 1932 ж. басталып, осы күні Зоология ин-тында жалғастырылуда. Республиканың әр өңіріне тән жәндіктер фаунасы жөніндегі мағлұматтар "Қазақстан соналары", "Қазақстанның қан сорғыш масалары", "Қазақстан цикадалары", "Қазақстан ағашжегі қо-ңыздары", "Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары", "Қазақстан мен Орта Азия қазғыш аралары", "Жетісу шөліндегі құмырсқалар", "Қазақстанның қансорғыш шыбындары", "Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары", "Қазақстан мен Орта Азия жайпақ мұртты қоңыздары", т.б. ғыл. еңбектерде басылды. Қазақстан жәндіктерінің жүйеленімі, фаунасы, экологиясы, географиясы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады. Қазақстанда Энтомология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: акад. И.Г. Галузо, Т.Н. Досжанов, ғыл. докторлары Б.Шайкенов, И.Д. Митяев, В.Л. Казенас, Д.Жатқанбаева, т.б.
Негізгі бөлім
2.1. Күріш туралы мәлімет
Күріш - жер бетіндегі ең өнімді әрі маңызды дақылдардың бірі.Әлемдегі барлық адамзаттың жартысынан көбі күріш дәнін тамақ ретінде пайдаланылады.Соның ішінде күріш аса бағалы дәнді дақыл ретінде әлемнің 110-ға жуық елдерінде 150 млн. гектар жерге егіліп, оның 90 пайызы Азияда, 4 пайызы Америкада, 2 пайызы Африкада, 4 пайызы басқа құрлықтарда өсіріледі, одан жыл сайын 400 млн. тоннадай жалпы өнім алынады. Құнды диетикалық тағам болып табылатын жармасының құрамында 7,7 пайыз ақуыз, 75,2 пайыз көмірсу 0,4 пайыз өсімдік майы, 2,2 пайыз клетчатка, 0,5 пайыз күл және 14 пайыз су болады.
Қызылорда облысында Қазақстанда егілетін күріш көлемінің 80 пайыздан астамы өндіріледі. Жалпы аграрлық өндірісті тұрақтандыру - азық түлік қауіпсіздігі мен аймақтағы әлеуметтік тұрақтылығының негізі болып саналатын күріш өндірісінің тиімділігін арттыру күріш зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің зияны 16-18 пайызға кемітуде. Дүние жүзіне ең көп тараған мәдени дакылдың бірі күріш дақылы. Күріш -- өте құнды дақыл болып дүние жүзінің 110-ға жуық елінде 150 млн. га жерге егіліп, оның 90%-ы Азияда, 4%-ы Америкада, 2%-ы, Африкада, 4%-ы басқа кұрлықтарда өсіріледі, одан жыл сайын 400 млн. тоннадай жалпы өнім алынады. Құнды диетикалық тағам болып табылатын жармасының құрамында 7,7 пайыз ақуыз, 75,2 пайыз көмірсу 0,4 пайыз өсімдік майы, 2,2 пайыз клетчатка, 0,5 пайыз күл және 14 пайыз су болады.. Күріш егіс көлемі жөнінен бидайдан кейін екінші, ал өнімділігі бойынша бірінші орын алады. Кебегі мал азығына пайдаланылса, ақұсағынан спирт, крахмал алынып, парфюмерияда қолданылады. Сабанынан жоғары сортты қағаз, картон, жіп, қап, қалпақ, төсеніштер мен тағы басқа да тұрмысқа қажетті заттар жасалынады. Сонымен қатар тұзданып, батпақтанған жерлерді жақсартып, ауыл шаруашылық пайдаланымға енгізуде күріштің агромелиоратиптік маңызы зор.
Қазақстанда күріш Қызылорда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары 130 мың га көлемге дейін егіліп, одан 519 мың тоннаға дейін жалпы өнім алынды.
Барлық күріш өсірілетін аймақтарда оның, өнімін айтарлықтай төмендететін күріш зиянкестері, аурулары және арамшөптер болып табылады. Әлемдік деңгейде күріш өнімі зиянкестерден 14%-ға төмендесе, Қызылорда облысында зиянкестер мен аурулардың әсерінен бұл көрсеткіш 1970-1985жылдары, 8- 10%-га, ал соңғы жылдары 16-18%-ға дейін көбейді. Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы күріш өсірілетін ең перспективалы аймаққа жатады. Бұл аймақта күріш егуге жарамды жер ресурстары, қолайлы климат жағдайы, кажетті су қоры жеткілікті болғандықтан 2006 жылы егіс көлемі 70 мың гектардан артты. Алайда күріш ауыспалы егістігіндегі күріш, бидай, жоңышқа, т.б. дақылдардың өнімі зиянкестер мен аурулар және арамшөптердің әсерінен төмендеуде.
Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институтында 1970-1992 жылдары Қазақстанның оңтүстігінде зиянды организмдерден өнімді қорғау мақсатында зерттеулер жүргізіліп ол өндірісте тексеріліп, өсімдік корғау шаралары жасалған.
Соңғы жылдары облыста ауылшаруашылық дақылдарының құрылымы өзгеріп, бұрынғы ірі шаруашылықтар майдаланып, олардың өсімдік қорғау шараларын орындауға мүмкіндігі болмағандықтан, зиянкестермен аурулардың көбейіп кетуі, Арал өңірінде осы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастыруға мәжбүр етуде. Ұсынылып отырған жұмыс көп жылдық ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі және соңғы (2001 -2005 ж.ж) ғылыми жетістіктер мен зиянды организмдерден қорғаудың озық тәжірибесі.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесі, өсімдік қорғауда кешенді шаралар, оның ішінде агротехникалық, ұйымдастыру-шаруашылық және химиялық шаралар жүйесін қолдану тиімді екенін көрсетті. Кешенді жүйеге ауыспалы егісті сақтау және ендіру, топырақ өңдеу, сорт алмастыру, тұқымды себер алдында фунгицидтермен өңдеу, оңтайлы мерзімде себу, минералды тыңайтқышты тиімді пайдалану, өсімдік қорғау шараларын дер кезінде мұқият орындау, егісті жинау және өсімдік қалдығын жою жатады. Қызылорда облысындағы фауна мен флораны зерттеумен Л.Д.Казенас (1965), Л.А. Котлярова (1966-1990), Ж.А. Абилдаева (1970-2006) айналысқан. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде зиянкестердің түр құрамы, ауру түрлері, және олардың күріш егістігінде таралуы, анықталып, олардың зияндану дәрежесі мен санының азаюына әсер ететін шаралар жүйесі жасалды.
Қызылорда облысында Қазақстанда егілетін күріш көлемінің 80 пайыздан астамы өндіріледі. Жалпы аграрлық өндірісті тұрақтандыру - азық түлік қауіпсіздігі мен аймақтағы әлеуметтік тұрақтылығының негізі болып саналатын күріш өндірісінің тиімділігін арттыру күріш зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің зияны 16-18 пайызға кемітуде.
2.2. Күріштің зиянды жәндіктері
Күріш зиянкестеріне -- жағалық сұр шыбын, күріш масасы, күріш көбелегі, арпа минері жатады. Осы зиянды жәндіктер күріш егісіне жыл сайын едәуір нұксан келтіреді. Мұны Қазақстанда және басқа шет елдерде де жиі байкауға болады. Қызылорда облысының егіс алқаптарында күріш дақылына зиян келтіретін 22 түрлі жәндіктер мен шаян тәрізділер Л.А. Котлярованың (1969-1992) зсрттеулері нәтижесінде анықталды.
Күріш көгін зақымдайтын зиянкестерден ең қауіптісі - жағалық сұр шыбын, күріш масасы, арпа минері, шаян тектестерден лептестерия және щитень.
Жағалық сұр шыбын Ephudra macellaria Lgg - кең тараған және күріш егістігінде қауіпті зиянкестер қатарына жатады.
Жағалық сұр шыбынның зақымдау фазасы - дернәсіл. Күріш жаңа көктеп келе жатқан кезде оның өскінінің тамырын кеміреді. Зақымдалған күріш көгі судың бетіне қалқып шығады да күріш сиреп қалады. Әсіресе күріш көгінің тамыры топыраққа толық орнықпай, бір ғана тамырға ілініп тұрған кезде оның зияны көп болады. Дернәсілдің зақымдалуы барлық күріш өскіні тамырын қайшымен қиған секілді біркелкі ұзындықта болуы. Шыбынның дернәсілі күріштің су астындағы тамырлары мен сабақтарына және жапырақтарына, өткен жылдан, қалған шөптердің қалдықтарына жабысып , оны кеміре бастайды. Күріш тұқымы топыраққа сіңірілмей егілген болса, онда оған тым көп зиян келтіреді.Өсімдіктің көктеу фазасындағы зақымдалу коэффициенті 70 пайыздай, ал өнімнің азаюы 3-4 пайыз және одан да көп болады.
2 - сурет. Жағалық сұр шыбын
Күріш масасы. Бұл - күріш егілетін барлық аудандарға әсіресе су режимі бұзылған атыздарда көп кездеседі.Күріш масасының Chironomidae тұқымдасына жататын екі туыстасы бар: Chironomus sp.және Cricotopus sp. Саны жағынан масаның ең көп кездесетін туысына Chironomus жатады.Оның басқа күріш зиянкестерінен айырмашылығы - ол себілген тұқымды, өскін жапырағын, сабақты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz