Мақтаның негізгі зиянкестері


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ-1
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жағдайында мақтаның негізгі зиянкестері және олармен күрсу шаралары
Орындаған: Шүйіншібаева Д. А
АГ-303
Тексерген: Райымбекова Б. Т
Алматы-2018
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Мақтаның негізгі зиянкестері
2. Мақта зиянкестеріне қарсы күрес шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Энтомология - насекомдар туралы ғылым (грек тілінде: «энтомос» - насеком, «логос» - ғылым) . Энтомологияның негізгі міндеті - зиянды насекомдар мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту.
Мақтаарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1, 8 мың км (облыс аумағының 1, 5%-ы) .
Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм.
Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70, 8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр.
Мақта - бағалы талшықты дақыл, ол халық шарауашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылады. Ең - басты мақта тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар-бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Ал мақтаның қысқа талшығынан целлюлоза, пластмаса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады. Мақта талшығынан тігін машиналары үшін жіп, арқан, электр орағаш және тағы басқада заттар алынады.
Мақтаны мал азығы үшін қолданылады. Одан күнжара алады. Ал сабағын отын ретінде қолданылады. Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл-мақта. Мақта жылу сүйгіш өсімдік. Ол тек Оңтүстік Қазақстан Облысында ғана өсіріледі. Мұнда 1990 жылы мақта 120 мың гектар жерге егілді оның әр гектарынан 27, 1 центнерден түсім алынды. Мақта өте жылу сүйгіш дақыл болғандықтан Қазақстанда өсірілетін ауданы шектелген, яғни оны ауыспалы егісте бір орынға бірнеше жыл қатарынан қайталап отыруға тура келеді. Ғылыми мекемелер мен озық шаруашылықтардың тәжірибесі органикалық және толық минералдық тыңайтқштарды қолданса ауыспалы егісте мақтаның меншікті салмағын 70- 75 процентке жеткізіп, бір танапта қатарынан 5- 6 жыл сепкенде, оның өнімділігі төмендемейтіндігін дәлелдеді.
Мақтаның халық шаруашылығындағы маңызы, ол адам азығы үшінде пайдаланылады. Шиті мақтаның сапасын және өнімділігін арттыруда тұқымды егіске әзірлеудің маңызы ерекше зор.
Мақта қозасын әр түрлі әрі көптеген организмдер - шыбын-шіркейлер, кене, басқа да омыртқасыз жәндіктер, сондай-ақ ұсақ микроорганиздер - уақ саңырауқұлақтар мен бактериялар қорек етеді.
Қозаның басты зиянкестері - өрмекші кене, бақша, акация (қараған), мақта биттері, темекі құрты, мақта көбелегі, қара күйе, күздік көбелек т. б. болып табылады.
Бүгінгі таңда олармен жүйелі түрде күресу мақта саласындағы ең негізгі проблемалардың бірі болуда.
Күресудің химиялық шаралары бойынша мынадай инсектицидтер қолданылады: Альфагард, Арриво, Атаброн, Данитол, Децис, Золон, Каратэ, Кинмикс, Маликс, Митак, Нурел, Ровикурт, Суми-Альфа, Талстар, Устад, Фьюри, Циракс, Шерпа мен карадринаға қарсы күресудің агротехникалық шараларына жататындар: жерді толық тереңдікте жырту, қыста суару. Сүдігердің (зябь) өзінде қуыршақтардың 80 пайыздан астамы қырылады, ал, оған қыста суаруды ұштастырған жағдайда 90 пайызға дейін қырылады.
II. Негізгі бөлім
1. Бақша бітесі немесе мақта бітесі - Aphis gossypii Hov . Тең қанаттылар Homoptera отрядының бітелер Aphididae тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде, соның ішінде мақта дақылы өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған. Полифаг, мақтадан басқа да көптеген өсімдіктерді зақымдайды. Тек партеногенетикалық жолмен дамиды. Қанатсыз ұрғашы бітенің ұзындығы 2 мм шамасындай, түсі жасыл-сары немесе күңгірт-жасыл, шырын түтікшелерінің түсі қара, түп бөлімі жуандау, мұртшалары ақшыл-сары, ең ұшындағы бунағы қара, құрсағында қара түсті дақ бар. Қанатты бітелердің бас, көкірек бөлімдері және түтікшелері күңгірт-қара түсті болады.
Бақша бітесі немесе мақта бітесі
Қазақстан жағдайында зиянкес ересек біте күйінде арам шөптерде қыстайды. Ерте көктемнен бастап сол қыстап шыққан өсімдіктермен қоректеніп көбейеді де, мамырдың бас кезінде қанатты ұрғашы бітелер мақта және бақша дақылдарына көшеді. Оларда жаз бойы личинкаларын тірі табу жолымен өсіп-өніп, вегетациялық мерзім ішінде 18 генерацияға дейін береді. Бір генерацияның дамуы 7-10 күнге ғана созылады. Сөйтіп, тез көбейіп, өсімдік бойында шоғырланып, яғни тығыз колония құрып, тіршілік етеді. Бітенің дамуы үшін ең үйлесімді температура 16-22̊С аралығы. Бұдан жоғарғы температура бітенің дамуын тежейді. Сондықтан жаз ортасында оның саны азаяды. Бірақ күзге қарай өсіп-өнуі қайтадан өршіп, тез көбейеді.
Бітелердің көктемдегі қоректенуі мәдени өсімдіктің жалпы күйін әлсіретеді, өсуін едәуір баяулатады. Ал жазда олар көбінесе мақтаның генеративті мүшелерімен қоректенеді. Нәтижесінде зақымданған өсімдіктердің тұқым түйіні мезгілінен бұрын төгіліп қалады және бітелерден бөлінетін жабысқақ сұйық заттар ашылып келе жатқан мақта қауашағының талшықтарын ластап желімдейді. Ондай талшықтарды сапрофитті құрым саңырауқұлақтары мен бактериялардың дамуына қолайлы жағдай туады. Сөйтіп мақта талшықтарының сапасы төмендейді.
Үлкен мақта бітесі - Acyrtosiphon gossypi Morv . Бұл зиянкес те тең қанаттылар (Homoptera) отрядының бітелер (Aphididae) тұқымдасына жатады. Партеногенездік ұрғашы бітенің ұзындығы 4 мм жетеді, түсі жасыл, мұртшалары денесінен ұзынырақ, ал шырын түтікшелері дене ұзындығынан екі есе қысқа. Бақша бітесінен айырмашылығы - мақта өсімдігінің жапырағында немесе басқа мұшелерінде ірі колония құрып шоғырланбайды, бытыраңқы тіршілік етеді. Әр түрлі өсімдіктердің сабағына салынған жұмыртқа фазасында қыстайды. Көктемде бітелер негізінен жабайы өсетін өсімдіктерде де өсіп-өніп, мамыр айының орта кезінде немесе маусым айының басында, қанатты ұрғашылар шыққан соң, мақта егісіне көшеді. Күзге дейін сонда өсіп-өнеді. Жылына 15 генерацияға дейін беріп көбейеді. Өсімдікта зақымдау сипаты және келтіретін зияндылығы жағынан бақша бітесіне ұқсас.
Мақта қоңыр көбелегі - Heliothis armigera Hpm. Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Мақта өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған өте қауіпті зиянкес. Әсіресе Орта Азия республикалары мен Азербайджанда көп зиян келтіреді. Қазақстанның оңтүстік мақталы аудандарында оқтын-оқтын жаппай көбейіп тұрады. Полифаг-оның жұлдызқұрттары әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің 120-дан астам түрлерімен қоректенеді. Мақта қоңыр көбелегі-Heliothis armigera Hpm Көбелектің қанаттарының өрісі 30-40 мм, алдыңғы қанаттарының түсі қызғылт немесе жасылдау реңді сұрғылт, жиегінде қара-қоңыр түсті аспа бау тәрізді көлденең жолақ болады. Артқы қанаттары ақшылдау келеді де сыртқы жиегінде қоңыр жолақ және ортаңғы бөлімінде орақ тәрізді қара дақ орналасқан. Жұмыртқалары алғашында бозғылт-сары, кейіннен жасылдау, пішіні жарты шар тәрізді, диаметрі 0, 5-0, 5 мм. Жұлдызқұрттары даму барысында ақшыл-жасыл және сары түстен қызыл-қоңыр және күлгін-қара түске дейін өзгереді, басы көп дақтар бар сары, денесінде орналасқан қара-қоңыр түсті жалпақтау келеген 3 жолақ болады. Дамуы аяқталып қалған жұлдызқұрттардың ұзындығы 35-40 мм. Қуыршағының ұзындығы 15-20 мм, түсі қара-қоңыр немесе қызғылттау қоңыр. Мақта қоңыр көбелегі қуыршақ фазасында топырақ арасында 10 см тереңдікте қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 10 см тереңдікте 15-16 градусқа, ал тәулік бойынша орташа температура 18-20 С градусқа жеткенде қыстаған қуыршақтардан көбелектер ұшып шыға бастайды. Көбелектің негізгі көпшілігі 10-15 күн ішінде ұшып шығады, ал бұл процесстің жалпы ұзындығы бір айға және одан да ұзаққа созылады. Көбелектер жұмыртқаларын алғашында өсімдіктің жапырағына кейіннен оның генеративті мүшелеріне бір-бірінен, кейде 2-3 данадан салады. Орташа өсімталдығы 500 жұмыртқа. Эмбрионалдық дамуы көктемде және күзде 4-12 күнге, ал жазда 2-4 күнге созылады. Бірінші генерацияның жұлдызқұрттары жоңышқа, нұт, темекі, жүгері, қызанақ дақылдары мен жабайы өсетін өсімдіктерде дамиды. Ал мақта өсімдігіне зиянкестің екінші генерациясы- көбелектері, оның шанақтану және гүлдену фазасының бас кезінде жұмыртқалайды.
Мақта қоңыр көбелегі
Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайында мақта егісінде зиянкес вегетациялық бір маусым ішінде 2-3 генерация береді. Мақта көбелегінің жұлдызқұрттары бітеу гүлдің ішіндегі аналық және аталық мүшелерін жеп құртады. Ішіндегі тұқымдарымен қоректеніп мақтаның қауашақтарын да зақымдайды. Зақымданған қауашақтар түсіп қалады немесе жартылай ғана ашылады. Нәтижесінде талшықтар қысқа болып, сапасы төмендейді. Жұлдызқұрттардың әрқайсысы өз өмірі ішінде мақтаның бітеу гүлдері мен қауашақтарының орта есеппен 15 шақтысын құртады. Зиянкестің өсіп-өніп көбеюіне әсер етіп, сан мөлшерін реттеуде оның табиғи жауларының рөлі өте зор. Солардың ішінде ең маңыздылары: көбелектің жұмыртқалары мен жас жұлдызқұрттарына шабуыл жасап, оларды құртатын жыртқыш қандала-ориус, жұмыртқа паразиті-трихограмма және жұлдызқұрттардың паразиті-габрабракон.
Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек-Spodoptera exigua Hbn. Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған көпқоректі зиянкес. Оның жұлдызқұрттары өсімдіктердің 46 тұқымдасына жататын 128 түрімен қоректене алады. Әсіресе мақта, қызылша, қызанақ, темекі, жоңышқа, зығыр, картоп дақылдарын қатты зақымдайды. 2-сурет. Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек-Spodoptera exigua Hbn. Көбелектің қанаттарының өрісі 23-24 мм, алдыңғы сұрғылт-қоңыр, бүйрек тәрізді таңбаның түсі қоңыр, ал дөңгелек таңба тот басқан қызыл түсті болады, артқы қанаттары ақшылдау келеді. Жұмыртқалары маржандай құлпырған жасылдау сары, диаметрі 0, 5 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл-жасыл түстен қоңырқай-сұр түске дейін өзгереді, бүйір жақтарында бойлай орналасқан
Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек
қара жолақ болады. Олар дененің бауыр жағындағы ақшыл-сары, кейде қызғылт-сары жолақпен шектеседі. Жетілген жұлдызқұрттардың ұзындығы 25-30 см дейін жетеді. Қуыршағы сарғылт-қоңыр түсті, ұзындығы 13 мм. Карадрина Қазақстанның солтүстік аудандарында 2-3, оңтүстік аудандарында 3-4 генерация беріп көбейеді. Ол қуыршақ күйінде немесе жұлдызқұрт фазасында топырақ арасында қыстайды. Көбелектер наурыздың аяғы мен сәуірдің бас кезінде ұшып шығады. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары әдетте арам шөптерде немесе ерте көктеген дақылдарда дамиды. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ғана белсенді тіршілік етеді, жасанды жарық көзіне жақсы ұшады. Зиянкестің өсімталдығы өте құбылмалы-әрбір ұрғашы көбелек 200-300 тіпті 2000 дейін жұмыртқа бере алады. Ол оның қосымша қоректенуінің қарқындылығына байланысты. Жұмыртқаларын топтап (250-ге дейін) қоректік өсімдіктердің жапырағына орналастырады. Бірінші генерацияның көбелектері жұмыртқаларын әр түрлі жабайы өсімдіктерге, ал келесі генерациялардың көбелектері жоңышқа, мақта және т. б. дақылдарға салады. Эмбрионалдық даму жаз айларында 2-4, күзде 10 күнге дейін созылады. Ал жұлдызқұрттардың дамуы жазда 2-2, 5 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады. Сол мерзім ішінде олар 4-5 рет түлеп, 5-6 личинкалық жастан өтеді. Карадриннің жұлдызқұрттары алғашында бір-бірінен ажыраспай топталып тіршілік етеді де, кейіннен жан-жаққа таралып, жеке-жеке тіршілік етеді. Олардың өсімдікті зақымдау сипаты да өзгеше болады. Жас жұлдызқұрттар жапырақтың жүйкелеріне тимей жұмсақ тканьдерін ғана жейді. Ал ересек жұлдызқұрттар жапырақты ойып-ойып теседі немесе түгелдей жеп қояды. Олар мақтаның сабағы мен генеративті мүшелерін де зақымдайды. Ауа райы ыстық болған кезде және түнде топыраққа, жердің жарығына, өсімдік қалдықтарының астына еніп жатады. Дамуы аяқталған соң жұлдызқұрттар топырақ арасында 3-5 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасының дамуы жаз айларында 1-2 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады.
Өрмекші кене - Tetranychus turkestani Ug. et. Nic . - мақталықтың қауіпті зиянкесі. Оңтүстік Қазақстан жағдайында кәдімгі өрмекші кененің тіршілік әрекеті наурыз айының соңында басталады. Кене өз дамуында мынандай кезеңдерден өтеді: жұмыртқа, дернәсіл, пронимфа, дейтонимфа және имаго. Жаңа салынған жұмыртқасының түрі мөлдір сұйық тамшыдай болады. Одан әрі ол күңгірттеніп, дернәсіл шығар алдында кремдей рең тартады. Шар пішінді, қабығы ешқанай мүсінсіз келеді. Жұмыртқа орташа 1, 5-2 күн дамиды. Дернәсілінің келесі даму кезеңдерінен ең тән ерекшелігі-үш жұп аяғының болуы. Денесі жарты шар тәрізді, көмескі-сары реңді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі бірден өте ширақтық танытады, жапырақпен жылдам өрмелейді, бірақ өрмек тоқымайды. Оны ересектері ғана тоқып, соның астында қоректеніп, соның астында көбейеді. Дернәсіл орта есеппен 4 күн дамиды. Пронимфалары дернәсілдерінен ірілігімен және төрт жұп аяғымен ерекшеленеді. Денесінің формасы бойынша дернәсілге ұқсас. Өңі-ашық-жасыл. Пронимфа орта есеппен 1-1, 5 күн дамиды. Аталықтары пронимфа кезеңінен кейін ересек кенеге айналады. Ал аналықтары болса одан әрі дейтонимфа кезеңінен өтеді. Дене пішіні және өңі бойынша ол ересектеріне жақындайды. Дейтонимфа 2-3күн бойы даму кезеңінен өтеді. Аналықтарының денесі сопақ, төрт жұп аяқты. Денесін анық байқалатын қылық түк басқан. Аналықтарының өң реңі жаз уақытында бүйірлерінде қоңыр дақтары бар жасылдау-сары. Аталығы аналығынан едәуір кіші және соңына қарай жіңішкерген құрсағымен ерекшеленеді.
Өрмекші кене
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz