Мақта қоңыр көбелегі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан, Мақтарал ауданы мақтаның зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары

Орындаған: АГ-303 студенті
Турабай Е.С
Тексерген: Есиркепов У.Ш.

Алматы 2018

Жоспар:
Кіріспе
1-Тарау. Зерттелетін шаруашылықтың табиғи климат жағдайына сипаттама
2-Тарау. Қорғауға алынған дақылдың басты зиянкестері, аурулары және арамшөптердің биологиясы, морфологиясы және таралу аймақтарына, зияндылығына талдау жүргізу.
3-Тарау. Зерттеуге алынған дақылдың зиянкестері, аурулары және арамшөптеріне қарсы химиялық қорғау әдістері уларды қолдану.
4-Тарау. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-өндіруде жаңа технологияларды кешенді пайдаланып, зиянкестері, аурулары және арамшөптерін жою (қорғау тәсілдерінің түрлері) тәсілдері.
5-Тарау. Пестицидпен жұмыс істегенде жұмысшының еңбектенудегі жеке басы және техникаладың қауіп қатері.
6-Тарау. Пестицидпен жұмыс істегенде жұмысшының еңбектенудегі жеке басы және техникалардың қауіп-қатері.
Қортынды және ұсыныстар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Мақта - бағалы талшықты дақыл, ол халық шарауашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылады. Ең - басты мақта тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар - бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Ал мақтаның қысқа талшығынан целлюлоза, пластмаса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады.Мақта талшығынан тігін машиналары үшін жіп, арқан, электр орағаш және тағы басқада заттар алынады.
Мақтаны мал азығы үшін қолданылады. Одан күнжара алады. Ал сабағын отын ретінде қолданылады. Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл - мақта. Мақта жылу сүйгіш өсімдік. Ол тек Оңтүстік Қазақстан Облысында ғана өсіріледі. Мұнда 1990 жылы мақта 120 мың гектар жерге егілді оның әр гектарынан 27,1 центнерден түсім алынды. Мақта өте жылу сүйгіш дақыл болғандықтан Қазақстанда өсірілетін ауданы шектелген, яғни оны ауыспалы егісте бір орынға бірнеше жыл қатарынан қайталап отыруға тура келеді. Ғылыми мекемелер мен озық шаруашылықтардың тәжірибесі органикалық және толық минералдық тыңайтқштарды қолданса ауыспалы егісте мақтаның меншікті салмағын 70 - 75 процентке жеткізіп, бір танапта қатарынан 5 - 6 жыл сепкенде, оның өнімділігі төмендемейтіндігін дәлелдеді.
Мақтаның халық шаруашылығындағы маңызы, ол адам азығы үшінде пайдаланылады. Шиті мақтаның сапасын және өнімділігін арттыруда тұқымды егіске әзірлеудің маңызы ерекше зор.
Мақта дақылының өсіру технологиясы. Мақта Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі. Мақта - бағалы талшықты дақыл. Мақтаның ұзын талшықтары сорттарынан әр түрлі маталар алынады. Орташа есеппен 1 тонна шитті мақтадан 3000 мата тоқуға болады. Мақта шаруашылығының алдындағы тұрған басты міндеттердің бірі - мақта талшығының технологиялық сапасын жақсарту. Мақта - жылу сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы топырақ +10-12ºС жылығанда өне бастайды. Бірақ ол температура көктеп шығуы үшін жеткіліксіз. Мақтаның өсу бойы кезінде дамуына қолайлы темперетура +25-30ºС.
Мақта дақылының тұқымы өніп шығуына тек қана жарық, жылу, ылғалдық қана емес қоректік элементтер де керек. Тұқымның қоректену ортасында, белокта, фосфор бар болса, онда олар тамырында тез синтезделеді де көктеп шығуы тез болады. Тым ерте немесе ерте себілетін тұқым температураның төмен болуына байланысты топырақта 20-25 күннен астам уақыт өнбей жатып қалып шіри бастайды. Ал көктеп шыққан өніктер өте сирек және әлсіз, ауруға шалдыққыш келеді. Көп жылдық тәжірибелерге сүйене отырып және облыс аудандарындағы табиғи аймақтардың топырақ климат жағдайларын ескеріп мақта себудің мына қолайлы мерзімдері ұсынылады: ауа райы жақсы Оңтүстік аймақ үшін - сәуірдің 10-нан 20-на дейін, Солтүстік аймақ үшін - сәуірдің 15-нен 25-не дейін. Себу тәсілдері. Мақтаның қатар аралығы 60 және 90 сантиметр жиі ұялы, не пунктирлі әдіспен себіледі. Қазіргі кезде мақта өсірудің комплекстік механикаландыру, қол еңбегімен қаржыны аз жұмсау үшін қатар аралығында кең - 90 сантиметр етіп себеді. Пунктирлі әдіспен қатар аралығы 90 сантиметр етіліп себілген өсімдіктер 90Х20-2 схемалары бойынша орналасады. Ұялы әдіспен қатар аралығы 60 сантиментр етіліп себілгенде өсімідіктер 60Х25-2-3 схемалары бойынша орналасыды.
Мақта шаруашылығының алдында тұрған басты міндеттерінің бірі - мақта талшығының технологиялық сапасын жақсарту. Талшық өнімінің көлемі. Ол - құрғақ шитті мақтадан алынған таза талшықтардың салмақ проценті әдетте бұл көрсеткіш 30 - 40 процент шамасында болады. Талшықтың ұзындығы ол - арнаулы тақталарды мақта тұқымының жоғарғы үштен бір бөлігінде ширатылғын талшықты тарағаннан кейінгі милиметр есебімен алынған ұзындық. Өсіру жағдайына және сорттардың биологиялық ерекшелігіне байланысты талшықтықтың ұзындығы 25 - 40 мм аралығында болады. Талшықтың үзілу ұзындығы - оның метрлік номерін мықтылығына көбейткендегі метр есебімен алынған көрсеткіш. Талшықтың пісуі - оның ішкі қуысының азайып, целюлозамен толыққан көзі. Осы көрсеткіш технологиялық сапаларына қарай талшықтан тоқылатын маталардың түрлерін анықтайды.

1-сурет. Мақта

1-Тарау. Зерттелетін шаруашылықтың табиғи климат жағдайына сипаттама.
Мақтаарал ауданы -- Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы).
Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С.И.Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған.
Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді.

2-Тарау. Қорғауға алынған дақылдың басты зиянкестері, аурулары және арамшөптердің биологиясы, морфологиясы және таралу аймақтарына, зияндылығына талдау жүргізу.
1. Мақтаның зиянкестері:

2-сурет. Бақша бітесі
1.1. Бақша бітесі немесе мақта бітесі - Aphis gossypii Hov. Тең қанаттылар Homoptera отрядының бітелер Aphididae тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде, соның ішінде мақта дақылы өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған. Полифаг, мақтадан басқа да көптеген өсімдіктерді зақымдайды. Тек партеногенетикалық жолмен дамиды. Қанатсыз ұрғашы бітенің ұзындығы 2 мм шамасындай, түсі жасыл-сары немесе күңгірт-жасыл, шырын түтікшелерінің түсі қара, түп бөлімі жуандау, мұртшалары ақшыл-сары, ең ұшындағы бунағы қара, құрсағында қара түсті дақ бар. Қанатты бітелердің бас, көкірек бөлімдері және түтікшелері күңгірт-қара түсті болады. Қазақстан жағдайында зиянкес ересек біте күйінде арам шөптерде қыстайды. Ерте көктемнен бастап сол қыстап шыққан өсімдіктермен қоректеніп көбейеді де, мамырдың бас кезінде қанатты ұрғашы бітелер мақта және бақша дақылдарына көшеді. Оларда жаз бойы личинкаларын тірі табу жолымен өсіп-өніп, вегетациялық мерзім ішінде 18 генерацияға дейін береді. Бір генерацияның дамуы 7-10 күнге ғана созылады. Сөйтіп, тез көбейіп, өсімдік бойында шоғырланып, яғни тығыз колония құрып, тіршілік етеді. Бітенің дамуы үшін ең үйлесімді температура 16-220̊С аралығы. Бұдан жоғарғы температура бітенің дамуын тежейді. Сондықтан жаз ортасында оның саны азаяды. Бірақ күзге қарай өсіп-өнуі қайтадан өршіп, тез көбейеді. Бітелердің көктемдегі қоректенуі мәдени өсімдіктің жалпы күйін әлсіретеді, өсуін едәуір баяулатады. Ал жазда олар көбінесе мақтаның генеративті мүшелерімен қоректенеді. Нәтижесінде зақымданған өсімдіктердің тұқым түйіні мезгілінен бұрын төгіліп қалады және бітелерден бөлінетін жабысқақ сұйық заттар ашылып келе жатқан мақта қауашағының талшықтарын ластап желімдейді. Ондай талшықтарды сапрофитті құрым саңырауқұлақтары мен бактериялардың дамуына қолайлы жағдай туады. Сөйтіп мақта талшықтарының сапасы төмендейді.

3-сурет. Мақта қоңыр көбелегі
1.2. Мақта қоңыр көбелегі - Heliothis armigera Hpm. Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Мақта өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған өте қауіпті зиянкес. Әсіресе Орта Азия республикалары мен Азербайджанда көп зиян келтіреді. Қазақстанның оңтүстік мақталы аудандарында оқтын-оқтын жаппай көбейіп тұрады. Полифаг-оның жұлдызқұрттары әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің 120-дан астам түрлерімен қоректенеді. 1-сурет. Мақта қоңыр көбелегі-Heliothis armigera Hpm Көбелектің қанаттарының өрісі 30-40 мм, алдыңғы қанаттарының түсі қызғылт немесе жасылдау реңді сұрғылт, жиегінде қара-қоңыр түсті аспа бау тәрізді көлденең жолақ болады. Артқы қанаттары ақшылдау келеді де сыртқы жиегінде қоңыр жолақ және ортаңғы бөлімінде орақ тәрізді қара дақ орналасқан. Жұмыртқалары алғашында бозғылт-сары, кейіннен жасылдау, пішіні жарты шар тәрізді, диаметрі 0,5-0,5 мм. Жұлдызқұрттары даму барысында ақшыл-жасыл және сары түстен қызыл-қоңыр және күлгін-қара түске дейін өзгереді, басы көп дақтар бар сары, денесінде орналасқан қара-қоңыр түсті жалпақтау келеген 3 жолақ болады. Дамуы аяқталып қалған жұлдызқұрттардың ұзындығы 35-40 мм. Қуыршағының ұзындығы 15-20 мм, түсі қара-қоңыр немесе қызғылттау қоңыр. Мақта қоңыр көбелегі қуыршақ фазасында топырақ арасында 10 см тереңдікте қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 10 см тереңдікте 15-16 градусқа, ал тәулік бойынша орташа температура 18-20 С градусқа жеткенде қыстаған қуыршақтардан көбелектер ұшып шыға бастайды. Көбелектің негізгі көпшілігі 10-15 күн ішінде ұшып шығады, ал бұл процесстің жалпы ұзындығы бір айға және одан да ұзаққа созылады. Көбелектер жұмыртқаларын алғашында өсімдіктің жапырағына кейіннен оның генеративті мүшелеріне бір-бірінен, кейде 2-3 данадан салады. Орташа өсімталдығы 500 жұмыртқа. Эмбрионалдық дамуы көктемде және күзде 4-12 күнге, ал жазда 2-4 күнге созылады. Бірінші генерацияның жұлдызқұрттары жоңышқа, нұт, темекі, жүгері, қызанақ дақылдары мен жабайы өсетін өсімдіктерде дамиды. Ал мақта өсімдігіне зиянкестің екінші генерациясы- көбелектері, оның шанақтану және гүлдену фазасының бас кезінде жұмыртқалайды. Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайында мақта егісінде зиянкес вегетациялық бір маусым ішінде 2-3 генерация береді. Мақта көбелегінің жұлдызқұрттары бітеу гүлдің ішіндегі аналық және аталық мүшелерін жеп құртады. Ішіндегі тұқымдарымен қоректеніп мақтаның қауашақтарын да зақымдайды. Зақымданған қауашақтар түсіп қалады немесе жартылай ғана ашылады. Нәтижесінде талшықтар қысқа болып, сапасы төмендейді. Жұлдызқұрттардың әрқайсысы өз өмірі ішінде мақтаның бітеу гүлдері мен қауашақтарының орта есеппен 15 шақтысын құртады. Зиянкестің өсіп-өніп көбеюіне әсер етіп, сан мөлшерін реттеуде оның табиғи жауларының рөлі өте зор. Солардың ішінде ең маңыздылары: көбелектің жұмыртқалары мен жас жұлдызқұрттарына шабуыл жасап, оларды құртатын жыртқыш қандала-ориус, жұмыртқа паразиті-трихограмма және жұлдызқұрттардың паразиті-габрабракон.

4-сурет. Карадрина
1.3. Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек-Spodoptera exigua Hbn.Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған көпқоректі зиянкес. Оның жұлдызқұрттары өсімдіктердің 46 тұқымдасына жататын 128 түрімен қоректене алады. Әсіресе мақта, қызылша, қызанақ, темекі, жоңышқа, зығыр, картоп дақылдарын қатты зақымдайды. 2-сурет. Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек-Spodoptera exigua Hbn. Көбелектің қанаттарының өрісі 23-24 мм, алдыңғы сұрғылт-қоңыр, бүйрек тәрізді таңбаның түсі қоңыр, ал дөңгелек таңба тот басқан қызыл түсті болады, артқы қанаттары ақшылдау келеді. Жұмыртқалары маржандай құлпырған жасылдау сары, диаметрі 0,5 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл-жасыл түстен қоңырқай-сұр түске дейін өзгереді, бүйір жақтарында бойлай орналасқан қара жолақ болады. Олар дененің бауыр жағындағы ақшыл-сары, кейде қызғылт-сары жолақпен шектеседі. Жетілген жұлдызқұрттардың ұзындығы 25-30 см дейін жетеді. Қуыршағы сарғылт-қоңыр түсті, ұзындығы 13 мм. Карадрина Қазақстанның солтүстік аудандарында 2-3, оңтүстік аудандарында 3-4 генерация беріп көбейеді. Ол қуыршақ күйінде немесе жұлдызқұрт фазасында топырақ арасында қыстайды. Көбелектер наурыздың аяғы мен сәуірдің бас кезінде ұшып шығады. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары әдетте арам шөптерде немесе ерте көктеген дақылдарда дамиды. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ғана белсенді тіршілік етеді, жасанды жарық көзіне жақсы ұшады. Зиянкестің өсімталдығы өте құбылмалы-әрбір ұрғашы көбелек 200-300 тіпті 2000 дейін жұмыртқа бере алады. Ол оның қосымша қоректенуінің қарқындылығына байланысты. Жұмыртқаларын топтап (250-ге дейін) қоректік өсімдіктердің жапырағына орналастырады. Бірінші генерацияның көбелектері жұмыртқаларын әр түрлі жабайы өсімдіктерге, ал келесі генерациялардың көбелектері жоңышқа, мақта және т.б. дақылдарға салады. Эмбрионалдық даму жаз айларында 2-4, күзде 10 күнге дейін созылады. Ал жұлдызқұрттардың дамуы жазда 2-2,5 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады. Сол мерзім ішінде олар 4-5 рет түлеп, 5-6 личинкалық жастан өтеді. Карадриннің жұлдызқұрттары алғашында бір-бірінен ажыраспай топталып тіршілік етеді де, кейіннен жан-жаққа таралып, жеке-жеке тіршілік етеді. Олардың өсімдікті зақымдау сипаты да өзгеше болады. Жас жұлдызқұрттар жапырақтың жүйкелеріне тимей жұмсақ тканьдерін ғана жейді. Ал ересек жұлдызқұрттар жапырақты ойып-ойып теседі немесе түгелдей жеп қояды. Олар мақтаның сабағы мен генеративті мүшелерін де зақымдайды. Ауа райы ыстық болған кезде және түнде топыраққа, жердің жарығына, өсімдік қалдықтарының астына еніп жатады. Дамуы аяқталған соң жұлдызқұрттар топырақ арасында 3-5 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасының дамуы жаз айларында 1-2 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады.

5-сурет. Өрмекші кене
1.4. Өрмекші кене - Tetranychus turkestani Ug.et.Nic. - мақталықтың қауіпті зиянкесі. Оңтүстік Қазақстан жағдайында кәдімгі өрмекші кененің тіршілік әрекеті наурыз айының соңында басталады. Кене өз дамуында мынандай кезеңдерден өтеді: жұмыртқа, дернәсіл, пронимфа, дейтонимфа және имаго. Жаңа салынған жұмыртқасының түрі мөлдір сұйық тамшыдай болады. Одан әрі ол күңгірттеніп, дернәсіл шығар алдында кремдей рең тартады. Шар пішінді, қабығы ешқанай мүсінсіз келеді. Жұмыртқа орташа 1,5 - 2 күн дамиды. Дернәсілінің келесі даму кезеңдерінен ең тән ерекшелігі - үш жұп аяғының болуы. Денесі жарты шар тәрізді, көмескі-сары реңді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі бірден өте ширақтық танытады, жапырақпен жылдам өрмелейді, бірақ өрмек тоқымайды. Оны ересектері ғана тоқып, соның астында қоректеніп, соның астында көбейеді. Дернәсіл орта есеппен 4 күн дамиды. Пронимфалары дернәсілдерінен ірілігімен және төрт жұп аяғымен ерекшеленеді. Денесінің формасы бойынша дернәсілге ұқсас. Өңі - ашық-жасыл. Пронимфа орта есеппен 1 - 1,5 күн дамиды. Аталықтары пронимфа кезеңінен кейін ересек кенеге айналады. Ал аналықтары болса одан әрі дейтонимфа кезеңінен өтеді. Дене пішіні және өңі бойынша ол ересектеріне жақындайды. Дейтонимфа 2 - 3күн бойы даму кезеңінен өтеді. Аналықтарының денесі сопақ, төрт жұп аяқты. Денесін анық байқалатын қылық түк басқан. Аналықтарының өң реңі жаз уақытында бүйірлерінде қоңыр дақтары бар жасылдау-сары. Аталығы аналығынан едәуір кіші және соңына қарай жіңішкерген құрсағымен ерекшеленеді. Қылтық түктерінің орналасуы мен денесінің реңденуі аналықтарына ұқсас. Аналықтарының өсімталдығы 30 жұмыртқадан 756 жұмыртқаға дейін ауытқиды. Мақта танаптарындағы табиғи жағдайда аналығы бір күнде, егер ауа температурасы 27°С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 53% болса, орта есеппен 6 - 7 жұмыртқа салады. Аналықтарының табиғи жағдайдағы тіршілігінің ұзақтығы орта есеппен 9 күн, барынша ұзақтығы 14 күн, ең аз ұзақтығы 3 күн құрайды. Өрмекші кене мақтаға көбінесе мамыр айының соңында - маусым айының басында қоныс аударып алады. Бұл кененің дамуы үшін қолайлы жағдай ауаның 26 - 30°С температурасы мен ауаның 40 - 50%салыстырмалы ылғалдылығы. Өрмекші кене - бунақ аяқты уақ жәндік. Ересек ұрғашысының ұзындығы 0,3-0,6 мм, еркегінің ұзындығы 0,2-0,3 мм. Ұрғашысының денесі жұмыртқа пішіндес, ал еркегі сына секілді болып келеді. Жазда сарғыш жасыл, күзде салым-қызғылт сары қызыл, қысқа қарай қызыл-қоңыр түске енеді. Бүйірінде екі қара қоңыр дағы бар. Ересек кенелердің 4 жұп аяғы, личинкасының 3 жұп аяғы болады. Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап оның сөлін хлорофилл дәндерімен қоса сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары мен көсектері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады. Кенені жоюға бірқатар пайдалы жәндіктер құрт-құмырсқалар қатысады. Олар стеторус қоңызы, кенемен қоректенетін трипс және жарқырауық зерқоңыз. Мысалы, кенемен қоректенетін трипс тәулігіне кененің 50 жұмыртқасы мен личинкасын, ал жарқырауық қоңыздың ересек личинкалары 800-ге дейін жеп таусытады. Өрмекші кенеге қарсы тиімді күресудің жолы оларды қыстаған жерін жою болып табылады. Бұл үшін жатқан жерлерді жыртады, егістік жерді тегістейді, ауыспалы егіс жүйесін ендіреді.

2.Мақтаның негізгі аурулары:

6-сурет. Гоммоз
2.1. Гоммоз. Мақта егілетін барлық аудандарда жиі таралған ауру. Кесел вегетацияның барлық кезеңінде өсімдіктің жер үсті мүшелерінде білінеді. Тұқым жарнағында майда, дөңгелек, майлы түсі қошқыл-жасыл дақтар пайда болады. Дақтар ұлғайып, бір-бірімен қосылып. Кейде тұқым жарнағы бетін түгел алады. Залалданған ұлпалар қоңырланып құрап, түсіп, өсімдік түгел қурайды.Жапырақ бетінде бұрышты, майлы, қошқыл-жасыл дақтар түзіледі. Дақ беті шырыштанып кеуіп қабыршықтанады. Егер жапырақ жүйкесі залалданса, онда жүйкені бойлап шырыш бөлінеді. Жапырақтан кесел сағасына, кейін өсімдік сабағына көшеді. Сабақ гоммозы аса зиянды. Бактериялар гүл сағағы мен мен гүл табанына одан әрі қауашаққа жылжып, мақта талшықтарын залалдайды. Сабақтағы дақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі. Дақтар кейде сабақты түгел орайды. Бұл жағдайда сабақ қисайып, сынады да өсімдік қурайды. Гоммозға өсу нүктесі шалдығуы мүмкін. Аурудың бұл түрінде негізгі сабақ дамымай ергежейлі болып немесе қарайып қурайды. Дақ шетіндегі ұлпалар дөңестеніп өседі де, сабақ шытынайды. Қауашақ бетінде қошқыл-жасыл майлы дақтар түзіліп, кейін сәл ішке қарай басылып, ойық жара пайда болады. Ерте (жас кезінде) залалданған қауашақтар өспей, сұрланып қурайды. Дақ тұсында мақта талшығы қоңыр-сары түсті болып, бірте-бірте жабысып қатты түйіндер құрып, қауашақтар ашылмауы мүмкін, кейде талшықтар мүлдем түзілмейді. Қауашақ кейде қисайып өседі, себебі оның ауру бөлігі өспей кеүіп, ал сау жағы өсе береді. Қатты залалданған қауашақ ашылмай үзіліп түсіп, тұқымдардың өнүі төмендейді. Ауру қоздырғышы - Xanthomonas malvacearum Dow. бактериясы. Қоздырғыш мақтаға бейімделген. Бактерияның дамуына қолайлы температура -26-280С. Оның төменгі даму температурасы 100С. Паразит төмен (-280С) және жоғары (+72 0С) температураларға өте төзімді. Деректер бойынша мақта талшығын аталған жоғары температура ұзақ уақыт (36 сағат) қыздырғанда, паразит тіршілігін сақтайды. Ылғалы мол топырақта және суда бактериялар басқа микроорганизмдердің әсерінен тез жойылады. Вегетация кезеңінде ауру қоздырғышы желмен, ұлпаның майда бөліктері-мен, шырыштың қатқан қабыршықтарымен таралады. Жауын-шашын немесе мол шық әсерінен бактериялар өсімдікке қайта устьица арқылы еніп, оны залалдайды. Ауру қоры - тұқым мен сүректелген өсімдік қалдықтары. Кесел аса зиянды. Жапырық пен сабақ қатты залалданса, мақта өнімі 28-30% кеміп, талшық пен тұқымның сапасы төмендейді.

7-сурет. Вилт
2.2. Вилт - вертициллезды солу. Мақта егілетін барлық аймақтарда таралған. Өсімдіктің төменгі жапырақтарында шашыраңқы орналасқан дөңгелек немесе бұрышты сарғыш дақтар түзіліп, жасыл ұлпалар жүйке бойында сақталып, дақтар кейін қоңырланып, кебеді. Гүл түйіні байланған кезде мақта дақылы жаппай ауруға шалдығады. Кесел алғаш астыңғы жапырақтарда таралып, өсімдікті бойлай жоғарғы бөліктерге жылжып, бірте-бірте қурап түседі, кейде өсімдік жапырақтары бірден түгел түсіп қалады да, қауашақтары жетілмей қурайды. Жас өсімдіктердің залалданған жапырақтары түсіп, өсуі тоқтап, қурайды. Кейбір өсімдіктің жоғарғы бұтақтары қайта жапырақтануы мүмкін, бірақ бұл жапырақтар хлорозды сарғыш болып, өсімдік өнім бірмейді. Мақта өсімдігі кейде кенеттен солып, жапырақтары салбырап, қурап, бірақ түспей 2-3 күнде өсімдік жойылып қауашақтағы талшық пен тұқымдар жетілмейді. Кеселдің негізгі белгісі - түтіктер қоңырланып, оған жақын ұлпалар күңгірттенеді. Ауру қоздырғышы - Vetricillum dahliae Kleb. саңырауқұлағы. Үнемі топырақта кездесетін 700-ге жуық өсімдік түрлерін залалдайтын саңырауқұлақ. Жіпшумағы түссіз, перделі, конидия тасушылары күлтеленіп, ұштары бірнеше тарамға бөлінеді. Тарамдар ұшында конидиялар топтанып жинақталады. Конидиялар эллипс тәрізді, бір клеткалы, бір ядролы, көлемі 3-6 х 1,5-2 мкм. Саңырауқұлақ өзінің даму циклында хламидоспоралар мен микросклероцийлар түзеді. Микросклероцийлар сопақтау, сыртқы қабығы қалың, қара-қоңыр түсті ішкі бөлігі жіңішке түссіз жіпшелерден тұрады. Олар өсімдік сола бастағанда пайда болады. Склероцийлар көктемде 70̊С температурада өсе бастайды (қолайлы даму температурасы 24-260С, ылғалдылығы 60-70%). Бірақ бұл саңырауқұлақ тіршілік қабілетін аса жоғары (+800С) және төмен температурада (-300С) сақтайды. Өсімдік көбінесе тамыр жарақаты арқылы залалданады. Залалдану жіпшұмақ немесе үзінділері, конидиялары, хламидоспораларымен жүреді. Түтіктер арқылы саңырауқұлақ өсімдіктің барлық бөлігіне тарайды да, жапыраққа, жеміс сағағына, өсу нүктесіне жетеді. Инфекция қоры - топырақ, әсіресе дара дақылды мақта егісі. Аурудың әсерінен өсімдік өнімі 25-50%, сапасы (талшықтардың ұзындығы, мықтылығы, созылғыштығы), тұқымның өнуі және майлылығы төмендейді.

8-сурет. Фузариозды солу
2.3. Фузариозды солу. Республиканың барлық мақта өсіретін аймақтарында кездеседі.Өсімдік бұл кеселге барлық өсу кезеңінде шалдығады. Өскін кезеңінен нағыз жапырақтары түзілгенге дейін ауру қарқынды дамып, кейін саябырлап, өсімдіктің гүл түйіні байланғанда қайта өршіп, вегетацияның соңына дейін тарай береді.Жапырақ бетінде алғаш майда сарғыш дақтар түзіліп, ұлғайып, жапырақты түгел алады. Жапырақ солып, кеуіп түседі, ал жас өсімдіктер қурайды.Залалданған жас өсімдіктердің тамыр мойны ұлпалары қалыңдап, буынаралықтары қысқарып, жоғарғы бөлігінде жаңа шыққан жапырақтары қыртыстанады. Гүл түйнегі байланған кезеңде залалданған өсімдіктің жапырақтары, түйіндері, гүлдері түсіп, сабақтары қурайды. Қауашақтану кезеңінде залалданса, онда ол ашылмай, сабағы күңгірттенеді. Кейде жаз ортасында немесе вегетация кезеңінің соңында өсімдік кенеттен солып, жапырақтары салбырап, түсін өзгертпей қурап, бірақ түспейді. Бұл кеселдің барлық түрлерінде сабақ сүрегі қоңырланады (кесіндісінде жақсы көрінеді). Ауру қоздырғышы - Fusarium oxysporum Schl. f. vasinfectum Snyder et Hansen саңырауқұлағы. Қоздырғыш жіпшумағы түссіз, перделі, өсімдік түтікшелерінде дамиды. Микроконидиялары бір клеткалы майда, эллипс тәрізді, түссіз. Макроконидиялары орақ тәрізді, үш перделі, көлемі 33-43 х 4,2-4,5 мкм. Хламидоспоралары бір клеткалы, қалың қабатты температураның күрт өзгеруіне төзімді. Саңырауқұлақ 10-350С температура аралығында дамиды, бірақ оның қарқынды дамуы 18-270С температура мен 40-70% ылғалдылықта өтеді. Қоздырғыш ылғалдылық 20% төмен 80% жоғары жағдайда өсуін тоқтатады.Бұл саңырауқұлақ алғаш өсімдік қалдығында жіпшумақ түзіп, кейін топырақта сапрофиттерше өмір сүруі мүмкін. Топырақтан өсімдікке саңырауқұлақ тамыр жарақаттары немесе кутикула арқылы еніп, оның барлық мүшелеріне (сабақ, жапырақ, жеміс сағағы, тұқым) түтіктерімен тарайды. Аурудың негізгі қоры - тұқым және залалданған өсімдік қалдықтары. Қоздырғыш қолданылатын құралдар, су және т.б. арқылы да таралуы мүмкін. Кеселдің әсерінен егістік сиреп, қауашақ саны азайып, өнім 20-50% кемиді.

9-сурет. Тамыр шірігі
2.4. Тамыр шірігі. Бүл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырлауқүлақ түтікшелері қадалған өнімдер ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей-ақ солып құлайды да, қурап қалады. Ауру осімдіктердің қолайлы жағдай туғанда бойын көтеріп, түзеліп кететін кезі де аз болмайды, алайда олар жетілуі жағынан сау өсімдіктерден қалып қояды. Кей жылдары тамыр шірігі мақта өскіндерін тым қатты зақымданғандықтан, алқаптың едәуір бөлігіне қосымша шит себуге, ал жекелеген танаптарға тұқымды қайта себуге тура келеді.
Тамыршірігінің өріс алуы көктемгі ауа райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыршірігі мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мүндай жылдарда мақта да әлжуаз болып, саңырауқүлақтар мен бактериялар жегісіне оңай үрынады. Топырақты егіске дұрыс дайындамау, топырақтың қабыршақтануы, оң ауаның аздығы, шитті тым терең сіңіріп қою да бүл аурудың белең алуына себеп болады.
Тамыр шіруіне қарсы тұқымдық шитті дәрілеу. Жалпы мақта шаруашылығындағы ең күрделі мәселелердің бірі мақта зиянкестері мен оның аурулары. Олар мақта өніміне айтарлықтай шығын келтіреді.
Мақта өсімдігін (қозаны) әр түрлі - ақ ұсақ микроорганизмдер - уақ саңырауқүлақтар мен бактериялар қорек етеді.
Мақта шаруашылығында неғүрлым көп тараған, әрі қауіпті ауру - тамырдың шіруі.
Тамырдың шіруін топырақта тіршілік ететін саңырауқұлақ - Rhizoctonia solani Kuhn, тұқымдас түрлері Fusarium және басқада бактериялар туғызады.
Кей жылдары тамыр шіруі қоза өскіндерін тым қатты зақымдағандықтан, алқаптың едәуір бөлігіне қосымша шит себуге, ал жекелеген алқаптарда мүлде қайта себуге тура келеді. Бұл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырауқұлақ түтікшелері қадалған тіндер ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей ақ солып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майлы дақылдар
Қабыршақ қанаттылар отряды саналуандылығы және Қазақстанда кездесетін түрлері
Ауыл шаруашылығы зиянкестері
Мақта дақылының өсіру технологиясы
Мақтаның негізгі зиянкестері
Картоп дақылының, мақта дақылының, техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері және таралған аймақтары
Мақта дақылы жайлы
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер
Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ауыл шаруашылық қызанақ дақылын өсіру
Пәндер