Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің Агробиология факультетінің Агрономия мамандығының 4-курс студенті Мұсаханова Милана Ыбырайқызына
Мінездеме
17.06 - 20.07.2019ж. және 09.09 - 12.10.2019ж уақыт аралықтарында Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өндірістік тәжірибеден өтті. Осы тәжірибе өту барысында ол өзіне берілген тәжірибе жұмыстарын тыңғылықты орындап, тәжірибеге деген ынталығын көрсете білді. Жүктелген тапсырмаларды орындауда тиянақты.
Практикант өзіне берілген уақыт аралықтарында танаптық тәжірибе жұмыстармен бірге егіс алқабында да күрделі жұмыстарға қатысты. Тәжірибе барысында жүгері дақылдарын суғару, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, арамшөптермен күрес жұмыстарын, зиянды организмдерден қорғау, топырақ құнарлығын сақтау жүйелері бойынша тәжірибе жұмыстарына қатысып, көп еңбек етті. Осы уақыт аралығында ол өзінің жұмысқа деген ынталығымен ұйымдастырушылық қабілетімен, кішіпейілділігімен, үлкенге деген ізеттілігімен танылды.
Мұсаханова Милана алдыңғы жұмысын орындап, қорғап, ауыл шаруашылығы өндірісін алға өркендетуде білікті маман иесі болады деген үміттеміз.
Дипломдық жұмыс жетекшісі: Есенбаева Г.Л.
Мазмұны
Кіріспе
1 Оңтүстік - Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты ЖШС орналасуы, ауданы
1.1 Шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайы, жер бедері, өсімдік жамылғылары
1.2 Шаруашылықтың ұйымдастырушылық - экономикалық сипаттамасы: негізгі өндірістік бағыты, әр саланың үлесі
1.3 Шаруашылықтың жер қорлары
1.4 Ауыл шаруашылық машиналарымен қамтамасыз етілуі
2 Шаруашылықтың өндірістік жағдайы
2.1 Егіс көлемінің құрылымы
2.2 Өсірілетін дақылдардың өнімділігі
2.3 Дақылдарды ауыспалы егістерде орналастыру
2.4 Тұқым шаруашылығы
3 Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
3.1 Күздік бидайдың морфологиялық-биологиялық ерекшеліктері
3.2 Күздік бидайды өсіру технологиясы
3.3 Күздік бидайға тыңайтқыш беру жүйесі
3.4 Агротехникалық іс-шараларға байланысты күздік бидай егістіктерін арамшөп басуы
3.5 Ауыспалы егістегі орны
3.6 Топырақ өңдеу жүйесі, дақылды себу, күтіп-баптау және жинау
4 Өнімнің экономикалық көрсеткіші
5 Еңбек қорғау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан өңірінде астықты дақылдардың ішінде күздік бидай дақылы ең негізгілерінің бірі болып саналады. Ауыл шаруашылық дақылдарын қазіргі заман талабына сай нарықтық экономикалық бәсекеге байланысты арамшөптермен күрес жүргізе отырып шығынды аз жұмсап, өнімді жоғарылату бүгінгі ғылымның басты бағытына ие. Қазіргі кезде ұсақ, орта шаруа қожалықтарында және өндірістік кәсіпорындарында күздік бидайдың өнімділігі күрт төмендеп кетті. Оның себебі ауыл шаруашылық дақылдарына агротехникалық күтіп - баптау жұмыстарының дер кезінде жүргізілмеуі және ауыспалы егіс жүйесінің игерілмеуінің әсерініен болып отыр. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіруде егіс алқабының топырағын негізгі өңдеуге және егер алдындағы топырақты майдалап уақтауға кететін барлық шығын мөлшерінің 40-45 пайызды құрайтындығы баршамызға белгілі, осы шығынды азайту аграрлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ауыл шаруашылық өндірісін реформалау нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанда астықты дәнді дақылдардың түсімі 6,9 - 22,1 цга деңгейінде ауытқиды.
Өнімнің тұрақсыз және төмен болуының басты себебі арамшөптермен дер кезінде жүйелі күрес жүргізбеу салдарынан екені белгілі. Көптеген ұсақ, орта шаруа қожалықтары және іріленген агроқұрылымдарда агротехникалық іс-шараларды уақытылы қолданбаудың әсерінен, яғни мәдени өсімдіктерді өңдеп өсіруде қателіктер жіберуінің және арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін толық білмегендіктің салдарынан өнімнің төмен болып қалыптасуына әкеліп соғуда.
Қазақстанның оңтүстік суармалы аймағы күздік бидай дақылын өсіру үшін айтарлықтай қолайлы болып табылады. Жылы кезеңнің барынша ұзақ болуы, күзгі, қысқы және ерте көктемгі кезеңдерде түсетін атфосфералық ылғалдың мол болуы, жарық пен жылудың барынша көптігі күзгі астық дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алуға себепші болады.
Соңғы жылдары шет елдерде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің жүйек үстіне себу технологиясы кең таралуда. Мексика, Сирия, Пакистан, Индонезия, АҚШ, Канада сияқты елдерде бұл технологиямен өсірілетін егістік алқап жалпы суармалы жерлердің 2-ден 18 -ге дейінгі пайызын құрап отыр және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін айтарлықтай жоғарылатуға қол жеткізуде.
Қазақстанның топырақ климаттық жағдайын ескере отырып бұл үдемелі себу тәсілін бейімдеу және оған түзету енгізу және ылғал - қор үнемдеуші өсіру технологиясын жасау нәтижесінде күздік бидай өнімділігі арттыруға қол жеткізіліп, фермерлердің әлеуметтік жағдайы жақсаратын болады
1. Оңтүстік - Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты ЖШС орналасуы, ауданы
Оңтүстік Қазақстан облысы оңтүстігінен теріскейге дейін 650 км, шығыстан батысқа қарай 550 км аралықта орналасқан. Облыстың жалпы жер аумағы 121,3 мың шаршы км-ді құрайды. Оның 1,04 млн гектары - ауыл шаруашылық егісіне жарамды. 2019 жылы "Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында" ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс аумағы - 1110 гектар,пайдаланылатын барлық жер көлемі - 1110 гектар. Егіншілігі дамыған өлке. Шаруашылықтың топырақ климаттық ерекшелігі барлық ауыл щаруашылығы дақылдарын өсіруге қолайлы. Орташа суықсыз кезеңі 245-265 күнге созылып, яғни 0˚С жоғары температура 8-10 айды құрайды. Егіншілік жүйесін ғылыми негізделген бағытта жүргізген жағдайда әр жылы мол, бәсекелеске қабілетті өнім өндіруге болады. Оңтүстік - Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының тәжірибе егіс алқабы шамамен теңіз деңгейінен 650-800 м биіктікте орналасқан.
1-сурет. Оңтүстік - Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының тәжірибелік егіс алқабы.

1.1.1 Климаты
Облыстың тиімді температура жиынтығы орташа 4200-4600˚С. Жылдық жауын - шашын жиынтығы мөлшері 200-600 мм. Орташа аймақта оның мөлшері 200-220, батыс аймақта 100-190 мм. Жыл бойындағы ауа ылғалдылығының ең төмен болатын мөлшері 120-130 күн, 90-100 күн аңызақты болады, соның он күнінде ол неғұрлым күштірек болады.
Наурыздың екінші жартысында орташа тәуліктік температура 0˚С шамасында болады да, көктем 60-70 күнге созылады. Қыс ызғары сәуірдің екінші жартысы мен мамыр айының басында бәсеңдей бастайды.
Күзгі суық қыркүйектің ортасында түседі. Аязсыз кезең 120-190 күн болады, ол батыстан шығысқа қарай ұлғая береді. Тұрақты қар қабаты желтоқсан айның бірінші он күндігінде пайда болады. Ол 60-100 күндей жатады. Орташа қалыңдығы 20-40 см, қардың су қоры 40-75 мм. Ең тиімді температура жазық жерлер мен қыраттарда 32-42˚С, ал төменірек аймақтарда 37-47˚С. Топырақтың тоңазу қабаты 20-25 см, ең тереңдігі 56 см. Бұл аймақта тәлімі мен суармалы егіншілік дамыған.
1 - кесте, Шымкент - Агро метеостанциясының мәліметтері бойынша
Жылдар
Ауа температурасы, ˚С
Жауын - шашын мөлшері, мм
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
III
IV
V
VI
III
IV
V
VI
III
IV
V
VI
2017
9,8
15,2
20,8
23,8
79,1
42,8
32,6
25,2
69
69
50
39
2018
6,6
16,1
19,4
25,0
72,5
84,1
44,6
5,2
67
71
59
40
2019
12,8
15,1
21,1
26,9
43,0
58,3
22,0
-
55
54
52
32
3 жылдық орташа
9,8
15,5
20,5
25,3
64,9
61,8
30,07
15,2
63,7
64,7
53,7
37
Көп жылдық
5,4
12,8
18,7
23,2
87
78
42
17
69
60
56
43
1.1.2 Жер бедері
Оңтүстік Қазақстан облысынының топырақ - климаттық жағдайы алуан түрлі бедерлігімен ерекшеленеді. Талас Алатауы мен Тянь - Шань тауының батыс тау сілемдерімен облыстың солтүстік-батыс жағы құмды шөлейт Бетпақ дала жазығымен жалғасып жатады. Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе егіс алқабы шамамен теңіз деңгейінен 650-800 м биіктікте орналасқан.
Зерттеу аймағының топырағы сазды тегіс жазықтардығ үстіңгі беті алуан түрлі кәдімгі сұр топырақ. Жер биіктеген сайын топырақ айырмашылығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді: әдеттегі сқр топырақ, қара сұр топырақ, қоңыр, қара топырақ және ақырында шалғынды топырақ. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді. Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы - суармалы егіншілік үшін, жоғары жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептеуір айқын бедерлі, ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта далалық топырақ егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Зерттеу жүргіщілген аймақта таулы дала - топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр.
1.1.3 Өсімдіктер жамылғысы
Оңтүстік Қазақстан облысы тау бөктері мен жазық далалы, шөл-шөлейтті жерге орналасқан. Бұл өңірдің өсімдіктер дүниесінде жер жағдайына байланысты алуан түрлі өсімдіктер кездеседі. Ерте көктемде эфемерлердің басымдылығы байқалып, со,ынан жусанды және шымды астық тұқымдастар тобы пайда болды. Оңтүстік Қазақстанның жазы ыстық әрі құрғақ болып келетіндіктен құрғақшылыққа төзімді көпжылдық тамыр жүйесі жақсы жетілген өсімдіктер көптеп кездеседі. Табиғи шөп жамылғысында эфемерлер мен эфемероидтар: шөл шытыры (Alyssum desertorum Stapf), қызғалдақ түрлері (Pfpaver rhoeas L.), пиязшықты қоңырбас (Poa bulbosa G.), іле пиязы (Allium iliense Rgl.) және тағы басқа көптеген майда шөптер кездеседі. Құрғақшылыққа төзімді көпжылдық өсімдіктерден жантақ (Alhagi camelorum), қызғылт у кекіре (Acroptilon repens), ажырық (Cynodon dactylon), тағы басқа түрлері кездеседі. Көктемгі жауын-шашын әсерінен бұл аймақтың топырақ жамылғысының беткі қабатында көптеген эфемерлі өсімдіктер қаптап шығып, жаз айлары басталар кезінде құрап кетеді.
1.2 Шаруашылықтың ұйымдастырушылық - экономикалық сипаттамасы
Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҚазАгроИнновация Акционерлік Қоғамының 2008 жылғы 21-сәуірдегі №6 шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13-қаңтардағы №1309 қаулысына сәйкес құрылған Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны негізінде бекітілді. Ол өз кезегінде төменгі ғылыми-зерттеу мекемелері негізінде құрылған:
1. 1956 жылы құрылған Шымкент Мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, одан әрі Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (1987).
2. Қазақ КСР-і Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1962 жылғы 29 қазанындағы №299 бұйрығының негізінде құрылған Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
2 - сурет. Оңтүстік - Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты ЖШС
Институт құрамына екі филиал кіреді:
1. Н.И.Вавилов атындағы Арал өңірі өсімдіктер генетикалық қорының тәжірибе станциясы, 1933 жылы құрылған.
2. Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 1995 жылы құрылған.
Институт қызметінің негізгі бағыттары:
+ Ауыл шаруашылығы малдарының жаңа тұқымдарын және оларды өсіру технологияларын жасау және тарату.
+ Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын шығару және тарату.
+ Болашағы бар шет елдік технологияларды пайдаланып бейімдеу.
+ Малдардың және өсімдіктердің асыл тұқымды және тұқымдық материалдарын өндіру және сату.
+ Мал, өсімдік және қуаңшылық аймағының жем-шөп шаруашылығы салаларында жүйелі зерттеулер жүргізу.
3 - сурет. Институттың мұражайы
Институттың басты міндеті ғылыми ізденісте ауыл шаруашылығы саласының мүдделерін ұстану, өз кезегінде Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіп кешенінің дамуын қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулердің теориялық бағытын және олардың тәжірибелік нәтижелілігін сақтау.
2009 жылы Институт негізінде АӨК-дегі өндіріс мамандарын қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік тиімділігі жоғары технологиялар мен құрал-жабдықтарды пайдалануға машықтануды оқыту үшін Тассай Білім тарату орталығы құрылды. Сонымен қатар орталықта АӨК өндірістерінде аграрлық ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктері, аграрлық техника мен технологиялардың жаңа үлгілері туралы ақпараттарды тарату іс-шаралары жүргізіледі.
Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі және ДТҰА Акционерлік қоғамының қолдауымен 2013 жылдың мамыр айынан бастап ОБМжӨШҒЗИ ЖШС-нде технологияларды коммерциализациялау офисі (ТКО) қызмет атқаруда. ТКО-нің негізгі бағыты - асыл тұқымды және тұқымдық материалдарды жасау және тарату арқылы мал және өсімдік шаруашылығын дамытуда жаңа мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету бойынша институттың ғылыми-техникалық жобаларын коммерциализациялау.
Институттың зерттеулері монография, ғылыми еңбектер жинағы, оқулықтар және әдістемелік құралдарын қоса алғанда үлкен көлемдегі баспа жұмыстарымен көрсетілген.
Институттың прекурсорларды пайдалану, алу, сақтау және жоюға байланысты жұмыстарды атқаруға рұқсат етілген 03.07.2013 жылғы №13313758 лицензиясы бар.
1.2.1 Мал шаруашылығы бөлімі
Мүйізді ірі қара және шошқа шаруашылығы секторы
1964 жылы құрылған. Мақсаты: Қазақстанның оңтүстік-батыс аймағында сүтті және етті ірі қара мал шаруашылығында, сонымен қатар шошқа шаруашылығында сұрыптау, өсіру, көбейту және технологиясын өндіріске ендіру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру.
Негізгі бағыттары:
- Қазақстанның оңтүстік батысында сүтті және етті ірі қараның гендік қорын пайдаланып, жаңа тәсілдерін, жоғары өнімді жаңа топтар мен тұқымдарын шығару;
- мүйізді ірі қара саласына келешегі бар шетелдік жаңа технологияларды ендіру;
- асыл тұқымды малдарды шығару және сату;
- алдыңғы қатарлы шетелдік ғылыми орталықтармен бірігіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Түйе шаруашылығы секторы
1962 жылы құрылған. Мақсаты: түйе шаруашылығында қолданбалы және фундаментальді зерттеулерді басқару және координация жүргізу.
Негізгі бағыттары: жоғары өнімді асыл тұқымды табындарды жасақтау және түйе шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиясын жетілдіру.
Етті-майлы қой шаруашылығы секторы
2009 жылы құрылған. Мақсаты: Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірінде қылшық жүнді және етті майлы қой тұқымдарының өнімділік қасиеттерін жоғарылату; жаңа тұқымдарды, типтерді, желілерді, кросстарды шығару және жетілдіру, сонымен қатар тиімді ғылыми жетістіктерді өндіріске кең көлемде ендіру.
Негізгі бағыттары: Етті-майлы қой шаруашылығы (ордабасы және азақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдары).
Биязы жүнді қой шаруашылығы секторы
2003 жылы құрылған. Мақсаты: Жіңішке жүн беретін, еттілік қасиеттері жақсарған биязы жүнді малдарды шығарудың селекциялық-генетикалық әдістемесін жасау.
Негізгі бағыттары: малдардың тірілей салмағын жоғарылатып, еттілік сипаттамасын жақсарту; өте жіңішке жүн ( 40-45%- ға дейін) беретін мал шығымын жоғарылату.
Елтірілі қой шаруашылығы секторы
1962 жылы құрылған. Мақсаты: Қазақстанның оңтүстік-батыс аймақтары бойынша өсірудің және өз төлінен көбейтудің әдістерін қолдану арқылы елтірілі тұқымды қойлардың асылтұқымдылық және өнімділік сапаларын жетілдіру.
Негізгі бағыттары: Әр түсті реңді және елтірілік типті қойлардың жоғары өнімді тұқымішілік, зауыттық типтерін, желілерін және отарларын құрудың селекциялық-генетикалық тәсілдерін және жаңа әдістерін жасау, сондай-ақ қолда барларын жетілдіру.
1.2.2 Жайылым және мал азығын өндіру бөлімі
1965 жылы құрылған. Мақсаты: Қуаңшылыққа төзімді малазығындық дақылдардың тектік қорын құру, сақтау және жаңа сұрыптарын шығару, тұқым шаруашылығын қалыптастыру бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Негізгі бағыттары: Қуаңшылық аймақтағы мал азығын өндіру шаруашылығын тұрақты дамытудың ғылыми негіздерін жасау және өсімдіктердің жаңа жоғары өнімді сұрыптарын шығаруда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
1.2.3 Ара шаруашылығы бөлімі
Малдардың гендік қоры (2003 ж.) және ара шаруашылығы (2012 ж.) бөлімдерінің негізінде 2013 жылы құрылған.
Мақсаты: Ара шаруашылығы бөлімі болып құрылмай тұрып, малдардың гендік қоры бөлімінің негізгі мақсаты селекциялық-асылдандыру жұмыстарын тиімді басқару және жұмыстың өнімділігін арттыру үшін қаракөл, етті-майлы қойлары және түйе шаруашылықтарының зоотехникалық есебінің электронды ақпаратты - сараптау бағдарламасын жасау.
Негізгі бағыттары: Ара шаруашылығы бөлімі болып құрылмай тұрып, асылтұқымды мал шаруашылықтарында қабылданған, регламент және классификацияға сәйкестелген бірегей электрондық құжаттар базасын жасау; алғашқы құжаттар мен автоматты түрде жұмыс жасау және реттеп оларды автоматты түрде тіркеу, санау, талдау, сақтау, зоотехникалық есептің және асылдандырудың мәліметтерін өңдеу; алғашқы құжаттарды жедел іздестіру; есеп және талдау мәліметтерін жасау; асылтұқымды малдарды пайдаланудың мониторингі; саланың жағдайын талдау малдардың гендік қоры бөлімінің негізгі бағыттары болып табылады.
1.2.4 Биотехнология және мал шаруашылығы технологиясы бөлімі
2013 жылы биотехнология және иммуногенетика (1986 ж.) және мал шаруашылығы технологиясы (2009 г.) бөлімдері негізінде құрылған.
Мақсаты: Асылтұқымды ауыл шаруашылығы малдарын бірегейлендіру негізінде құжаттандыру, генді типтеу және генді диагностикалау.
Негізгі бағыттары: ауыл шаруашылығы малдарын көбейтудің жеделдетілген биотехнологиялық әдістерін жетілдіру және шығару; қойлардың геномдық селекциясы технологиясын шығару және оларды селекциялық жұмыстарда қолдану; қой шаруашылығында асыл тұқымдық қорларды бірегейлендірілген құжаттандырудың қазіргі заманғы әдістемелерін шығару; сүт өнімділігі жоғары отарларды мал тобында және типтерде мал санын көбейту мақсатында сүтті ірі қараларды ұдайы өсіру.
1.2.5 Жеміс және көкөніс шаруашылығы бөлімі
2009 жылы құрылған. Мақсаты: Жаңа жоғары өнімді сұрыптарды іріктеу және оларды күтіп-баптаудың технологияларын өңдеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу жолымен өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін жоғарылату.
Негізгі бағыттары: жеміс, жүзім шаруашылығы, дендрология және көшет шаруашылығы.
4-сурет. Майбұршақ егістік алқабындағы арамшөптерден тазарту барысы
1.2.6 Өсімдік және егін шаруашылығы бөлімі
1972 жылы құрылған. Бөлімнің мақсаты: Қазақстанның оңтүстігінде микроминералды және био-тыңайтқыштарды пайдаланып, қысқа ротациялы ауыспалы егісте күздік бидайды тікелей себудің, сонымен қатар топырақтың құнарлылық элементтеріне әсерін және қор үнемдеу технологиясын жетілдіру.
Қазақстанның оңтүстік өңірінде суармалы егіншілік жағдайында жоңышқаны тікелей егу және арпа жабын дақылын бүркемелеп өсірудің қор үнемдеу технологиясын жасау.
Перспективалық, өнімділігі жоғары, зиянкестерге және ауруларға төзімді, жергілікті топырақ-климат жағдайына бейім, бәсекелестік қабілеті жоғары қытайбұршақ, майбұршақ сорттарын анықтау және шығару.
Негізгі бағыттары: Өсімдік шаруашылығы, егіншілік, агротехнология.
Бөлім жұмыстарының негізгі нәтижелері: Қазақстанның оңтүстігінде қор үнемдеу сонымен қатар интенсивті технологиямен ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы және тәлімі жерлерде бәсекелестікке қабілетті өнім алу үшін дәнді дақылдарды тікелей себу, малазықтық, майлы дақылдарды қысқа ауыспалы егіс жүйесінде өсірудің моделі жасақталды.
Қазақстанның оңтүстігінде алғаш рет күздік бидай, жоңышқа және мақсарының нөлдік технологиялық моделі жасақталды.
Оңтүстік Қазақстанның суармалы егіншілік жағдайында жоңышқаны таза егу және арпа дақылымен бүркемелеп өсірудің үнемді агротехнологияқ жүйесін қалыптастыру бағытында ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жер жағдайында өсімдіктердің әртүрлі даму кезеңдерінде жаңа жүйелі гербицидтерді қолдану арқылы күздік бидайды және мақсарыны тікелей себудің алғаш рет ғылыми негізделген мүмкіншілігі қалыптастырылды.
Майлы дақылдарды тікелей себудің экономикалық және экологиялық тиімділігі анықталып жасақталған жаңа технологияның бәсекелестікке қабілеттілігінің жоғары екендігі анықталды.
Алғаш рет дәнді дақылдың, мал азықтық және майлы дақылдарды тікелей себуге экономикалық және экологиялық негізделген өңірде алдыңғы (ранее) ұсынылған технологияға қатысты бәсекелестікке қабілетті жаңа технологиялар зерттелуде.
Бөлім қызметкерлері: 5 адам, оның ішінде 1 ҚР АШҒА академигі, ғылым докторы, 1 ғылым кандидаты.
Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Оңтүстік Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы.
Тастанбекова Г.Р. - бас директордың ғылым бойынша орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Есімбеков А.А. - бас директордың әкімшілік-шаруашылық және өндірістік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары.
Паржанов Ж. Ә. - бас ғалым хатшы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА академигі, профессор.
Сыдықов М.А. - сектор меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Жуман Ә. - аға маман агроном.
1.3 Шаруашылықтың жер қорлары
2 - кесте. Жердің түрлері
Жердің түрлері
Көлемі
га
Жалпы көлемге қатынасы, %
Жыртылған жерлер
1110
100
Табиғи шабындықтар
-
-
Барлық шаруашылық жерлер
1110
-
Жарамсыз жерлер
-
100
Барлық жерлер

3 - кесте.
қс
Машиналары мен техникалары
Маркасы, шыққан жылы
Саны
1
Дөңгелекті трактор МТЗ - 80
2003
1
2
Тиеуішті трактор 2ПТС - 4
2003
1
3
Культиватор КРН-4,2
2002
1
4
Тырма БДТ-10Б
2003
2
5
Тырма БИК-3
1997
1
6
ЛДГ-10А
1989
1
7
Соқа ПЛН-4,35
2002
2
8
Селекциялық комбаин WINTERSTERGER classic
2007
1
9
Дәнбөлгіш машина МС-4
2005
1
10
Сеператор САД-5 машина станциялары дән тазалағыш МС-5С
2007
1
11
Бразильдік тұқым сепкіш FANKHAUSER 2115
2011
1
12
Дәнді дақыл сепкіші С-3
2006
1
13
Дәнді дақылдар сепкіші СЗП-3,6
2005
2
14
Сепкіш СН-16ПМ (Модернизированная)
2005
1
15
Тұқымсепкіш СЗ-3,6
1997
1
16
Тұқымсепкіш СЗ - 3,6А
2006
1
17
Тұқымсепкіш СЗС - 2,1
2005
1
18
Тұқымсепкіш СОН - 4,2
2006
1
19
Тұқымсепкіш СПЧ - 6ФС
2006
2
20
Бүріккіш
2004
1
21
Бүріккіш ОВТ - 1,2
2004
1
22
Комбаин Нива СК - 5М - 1 - 77
2006
1
23
Комбаин Енисей
1996
1
24
Комбаин Сампо
1990
1
25
Комбаин Сампо
2005
1
2. Шаруашылықтың өндірістік жағдайы
2.1 Егіс көлемінің құрылымы
4 - кесте.
Дақылдар
2017 жылдық қорытындысы
2019 жылға жоспар
Көлемі, га
Көлемі, га
Дәнді-дақылдар, оның ішінде күздік бидай
400
408
Жаздық бидай
60
63
Арпа
80
84
Жүгері
10
12
Көп жылдық шөптер
250
255
Майлы дақыл:
Мақсары
60
64
Таза пар
250
255
Барлығы
1110
1141
2.2 Өсірілетін дақылдардың өнімділігі
5 - кесте.
Дақылдар
Жылдар
2017(өткен жылдағы)
2019 жылға жоспар
Дәнді, оның ішінде күздік бидай
27,6
31
Дәнді бұршақты оның ішінде майбұршақ
35
38

Ауыспалы егіс - егіншілік жүйесінің басты буындарының бірі. Ол егілген дақылдардың көлемі мен алмастырып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады. Осыған байланысты егіншілік мәдениетін арттыру, оның арқасында әр гектардан алынатын өнімді жылма-жыл молайту. Егін шаруашылығының тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі - ауыспалы егістерді өндіру және игеру, топырақ қорғайтын, қор үнемдейтін топырақ өңдеу технологиясын пайдалану және арамшөптермен күресудің тиімді әдістерін қолданудың маңызы өте зор екенін дәлелдеуді қажет етеді. Суармал жерлерде енгізілген ауыспалы егістердің негізгі сүре жыртылған танап болып есептеледі. Себебі ол жерде қыста - көктемде жауған жауын - шашын және қоректік заттар жиналып, арамшөптер, өсімдіктер зиянкестері және ауруларымен күресудің агротехникалық тәсілдері жақсы жүргізіледі. Ал енді сүре жыртылған танаптан кейін қандай дақылдың орналасуы тұрғысында ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер қалыптасқан.
6 - кесте. Егістік дәнді шөпті 6 танапты №1 ауыспалы егіс
Рс
Ауыспалы егістегі алмасатын дақыл
Көлемі, га
Дақылдар тобының меншікті салмағы, %
1
Көп жылдық шөп
250
22,5
2
Күздік бидай
400
36,1
3
Жаздық бидай
60
5,4
4
Арпа
80
7,2
5
Жүгері
10
0,9
6
Мақсары
60
5,4
7
Таза пар
250
22,5
Барлығы
1110
100
2.4 Тұқым шаруашылығы
Тұқым шаруашылығы - өсімдік өсірудің сортты тұқымдарды жаппай көбейтумен айналысатын саласы. Тұқым шаруашылығы селекциямен тығыз байланысты. Тұқым шаруашылығының негізгі міндеттері:
барлық шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және мол өнім беретін сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету;
жаңа сорттар тұқымдарын жылдам көбейту және өндіріске енгізу;
сорттарды өңдеу, сақтау кезінде әрбір тұқымның өнімдік және егістік сапасын төмендетпей, одан әрі жақсарту;
шаруашылықтың барлық буындарында жоғары агротехникалық шараларды пайдалану;
сорт алмастыру (аудандастырудан шығарылған сорттардың орнына мол өнімді жаңа сорттар қолдану);
сортты тұқымдар өсіргенде сол сорттың тазалығын, биол. және түсімділік қасиетін сақтайтын шаралар қолдану;
агротехника көмегімен жоғары сапалы егістікті қамтамасыз ету, тазалау, сорттау, дұрыс сақтау және тасымалдау;
тұқым шаруашылығының барлық буындарында еңбек процесін жоғарылату және тұқымның өзіндік құнын төмендету.
5 - сурет. 2019жылы 5 шілдеде институтта "Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің өсірудің тиімді агротехнологиялық жүйесі және тұқым өндірудің өзекті мәселелері" тақырыбында "Егінжай күні"болып өтті.
Жаңа, жоғары өнімді сорттарды көбейту және жылдам өндіріске енгізу (2 - 4 жыл аралығында) өнімділікті жоғарылатудың ең арзан және тиімді құралы. Бірақ шаруашылық жағдайында өсірілген сорттар белгілі бір уақыт өткен соң өзінің сорттық сапасын және өнімділік қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сондықтан тұқым өсіру шаруашылығы жүйесі тұқымды мерзімінде алмастыруды қажет етеді, яғни сорт жаңарту шараларын қолдану қажет. Тұқымның элиталық және суперэлиталық сорттарын ғылыми-зерттеу институттары мен ауыл шаруашылық институттарының тәжірибе және оқу-тәжірибе станцияларында өсіріп, тұқым өсіруге маманданған шаруашылықтарға береді. Содан кейін сорттық тұқымдардың жоғары дәрежелі тұқымын қалыптастыру (Қ - ҚҚҚ) үшін арнайы тұқым өсіру шаруашылығына жіберіледі. Ол жерде тұқымдық сорттарды ең құнарлы жерге егіп, өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасап, мол өнім алу үшін барлық агротех. шаралар қолданылады. Элита тұқымдарын өсіру тұқым өсіру шаруашылығының алғашқы буындарынан басталады, онда ұрпақ сортқа тән кешенді маңызды белгілерімен және қасиеттерімен бағаланады, жақсы ұрпақ іріктеліп алынып, ал нашары алынып тасталады, сол арқылы сорттың барлық белгілерінің сақталуы қамтамасыз етіледі. Қазақстанда тұқым өсіру шаруашылығы дербес сала ретінде Халком кеңесінің 1921 жылғы "Тұқым шаруашылығы жөніндегі" қаулысымен бекітілді. 1922 жылдан бастап көптеген аймақтық тәжірибе және селекция станциялары, аймақтық, облыс тәжірибе станциялары (Зырян, Қарабалық, Орал, Қарағанды, Алматы) құрылды. Елімізде дәнді және бұршақ дақылдары мен шөп тұқымдары жөніндегі зерттеулермен Қазақ астық шаруашылық ғылым-зерттеу инстытуты, Қазақ егіншілік ғылым-зерттеу институты, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, облыс орталықтарында ауыл шаруашылық институттары, олардың бөлімшелері, облыс ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары, ауыл шарушылық колледждері шұғылданады. Шөп тұқымдарын өсіретін 16 тұқым өсіру шаруашылығы бар. Жеміс, көкөніс тұқымдары көбіне шетелдерден әкелінеді. Тұқым шаруашылығының ғылым-әдістемелік негізі барлық елдерде бірдей. Бірақ, ұйымдастыру негіздері және тұқым шаруашылық жүйесінің құрылым элементтерінің бір-бірінен айырмашылықтары мол. Халықараралық ереже бойынша, әрбір тұқым партиясының сертификаты болуы керек және оларға арнайы этикетка тағылады.
6-сурет. Арпа егістік алқабы
7-сурет. Соя егістік алқабы
3. Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
Халық щаруашылығында күздік бидай дақылы ерекше орын алады. Халық үшін дәнді-дақылдар тағамдық өнімнің көзі және мал шаруашылығы үшін азықтық жем ретінде маңызы зор. Соның ішінде бидай - бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді-дақылдар өнімінің 60 пайызындайы бидайдан алынады.
Күздік бидай -- маңызды астық дақылы болып есептелінеді. Ұндық-нандық сапасы бойынша, ол тек бидайға ғана орын бергенімен, нанының калориялығы одан кем емес, тіпті кейбір дәрумендер (рибофлавин) мөлшері артық. Қарабидай дәнін крахмал мен спирт алуға, ұнын нан дайындауға, ұн қалдықтарын малға концентратталған жем ретінде пайдаланады. Дәнінің құрғақ затында орташа 12,8 % ақуыз, 80,9 % көмірсулар болса, қалған заттар мөлшері бойынша бидайдан айырмашылығы шамалы. Күздік бидай дәнінің қоректік құндылығы мен химиялық құрамы бойынша арпадан айырмасы жоқ, бірақ оның органикалық заттары жақсы қорытылады. Күздік бидай сабаны малға қатты азық пен төсеніш, сондай-ақ ол жоғары сапалы қағаз, себет, бас киім және құрылыс материалдарын жасау үшін қолданылады.
8- - сурет, Егіс алқабындағы күздік бидайдың маусым айындағы көрінісі
Күздік бидай азық-түліктік маңызы жағынан жаздық бидайға теңесе отырып, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді: ол күзгі- қысқы және ерте көктемті ылғал мен қоректік заттарды тиімді пайдаланады, топырақты эрозиядан қорғайды, арамшөптермен жақсы күреседі, аурулармен аз залалданады, астық сұр көбелегінің жарақаттайтын кезеңінен өтіп кетеді, ұйымдастыру-шаруашылық жағынан өте бағалы және анағұрлым өнімді. Күздік қара бидай тағамдық мал азығына және техникалық мақсаттарға пайдаланылады. Ол тез өседі, көктемде ең ерте көк балауса береді.
Қатты бидай халық шаруашылығында аса құнды болып есептеледі, өйткені, барлық кеспе(макарон) және күлше(кондитерлік) өндірістерінде тек қатты бидай ұны пайдаланылады. Жұмсақ бидай ұнынан макарон өнімдерін жасауға болады, бірақ олар өзінің пішінін сақтай алмайды, опырылғыш, піскен кезде жабысқақ келеді де, тиімсіз түске енеді. Сондай-ақ қатты бидай жоғары сапалы ұнтақ жармасын өндіретін шикізат болып табылады. 1978 жылдан бастап қатты бидайдың сатып алу бағасы арттырылған. Ол қатты бидайдың жаңа сорттарын қосымша аудандастыруға және алынатын жалпы астық мөлшерін арттыруға септігін тигізе алды. Мұндай бидай түрлері жер бетіндегі барлық елдерде өсіріле бермейді, өйткені бидайдың бұл түрі белгілі климаттық жағдайда ғана өседі. Қазақстанның климаттық жағдайы қатты бидай өндірісіне өте қолайлы болып келеді.

Күздік бидайдың өсіп-дамуы екі кезеңде өтеді: біріншісі күзде, себуден тұрақты бозқырауға дейін және екіншісі көктемгі тірілуінен басталып, дәннің пісіп және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ беті қарқынды дамиды. Күзгі салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарда қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жинақталады.
Өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйде болады. Күздік бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік ұлпаларындағы судың мөлшері көп өсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің құрып кетуіне әкеліп соғады: жасушаларда судың артық мөлшері мұз кристалдарының түзілуіне ықпал жасайды, бұл ұлпалар үшін өте қауіпті, ал су жетімсіздігі -- протоплазма биоколлоидтарының коагуляциясына ұрындырады да, өсімдіктер құрып кетеді. Өсімдіктердің қыстап шығу кезеңіндегі құрамды қолайсыз жағдайларға төтеп беруі оның қысқа төзімділігі, ал өсімдіктердің төменгі теріс температураға төтеп беруі аязға төзімділігі деп аталады.
Өсімдіктердің үсіп кетуіне қарсы барынша тиімді шараларға аязға төзімді сорттарды пайдалану, фосфор, калий тыңайтқышын енгізу, мерзімінде себу, тұқымды тереңірек сіңіру, ықтырма көмегімен қар тоқтату, т.б. жатады. Күздік бидайды солып қалудан сақтандыру үшін қар қабатын тығыздаған дұрыс, бұл жағдайда топырақ тезірек қатады да, өсімдіктің пластикалық заттары тыныс алуға аз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz