Желінсаулардың асқынулары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Жоспар:: І. Кіріспе
: 3
Жоспар:: ІІ. Негізгі бөлім
: 4
Жоспар:: 1. Әдебиетке шолу
: 5
Жоспар:: 2. Желінсаулар. Таралуы. Желінсаулардың этиологиясы мен жіктелуі
: 8
Жоспар:: 2. 1. Желінсаулардың асқынулары
: 14
Жоспар:: 2. 2. Желін гангренасы
: 14
Жоспар:: 2. 3. Желінсаулардың соңы
: 17
Жоспар:: 3. Желінсауды анықтаудың негізгі принциптері
: 18
Жоспар:: 4. Емдеу
: 19
Жоспар:: 5. Желінсаулардың алдын алу шаралары
: 20
Жоспар:: 6. Іріңді. катаральды желінсаудың этиологиясы, патогенезі
: 21
Жоспар:: 7. Іріңді. катаральды желінсаудың клиникалық белгілері
8. Диагноз және қолданылатын емдік шаралар
: 24
Жоспар:: ІІІ. Қорытынды
: 32
Жоспар:: IV. Пайдаланылған әдебиеттер
: 33
Жоспар:: Тәжірибелік жұмыс
: 34

І. Кіріспе

2. Желінсау (сүт бездерінің қабынуы mastitis) - механикалық, термиялық, химиялық факторлар әсірінің натижесінен дамиды. Желінсау сауын сиырда жылдың қай мезгілінде болмасын кейде тіпті сиыр суалған кезде де кездеседі, әсіресе сиыр төлдегеннен кейінгі алғашқы күндерінде байқалады. Сиырлардың желінсау ауруы кең тараған және сүт өндірушілерге үлкен экономикалық нұқсан келтіретін залал, бұл нұқсан негізінен қажетті сүт мөлшерінің алынбауынан, оның сапасының төмендеуінен, сиырлардың уақытынан бұрын жарамсыз деп танылуынан, жаңа туылған бұзаулардың ауруларға жиі шалдығуынан және оларды емдеуге жұмсалатын шығындардан т. с. с. жинақталады. Сиырлар арасында желінсаудың кең таралуы мен оның малшаруашылығына тигізетін зор экономикалық кесірі қазіргі ветеринариялық ғылым алдына аталған мәселені шешу мен бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуды міндеттейді. Желінсауға шалдыққан сиырларда лактация кезеңінде сауын деңгейі 150- 200 килограммға төмендейді. Желінсаумен ауру сиырлардың сүтінде патогенді микроорганизмдер мен метаболизмнің уыттық өнімдері болады, әрине бұл оның адамдар тағамы мен бұзаулар азығы ретінде қолданылуын жарамсыз етеді. Желінсаумен ауырып шығу өзге акушерлік-гинекологиялық аурулар мен бедеулік пайда болуының себепші факторы болатыны мәлім. Желінсау сүт безінің әртүрлі функционалдық кезеңдерінде байқалуы ықтимал, дегенмен лактация кезеңінде ауруға шалдығу пайызы жоғары да қауіпті болатындығы дәлелденген. Желінсауларды диагностикалау мақсатында каталаза, редуктаза мен лизоцимды анықтау жиі қолданылып жатады. Алайда сиырлардың өзге аурулары кезінде сүттің ферменттік белсенділігі зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар.

Ауру сиырлардың организмінде ферменттік реакциялар өзгерісін зерттеу маңызды себебі олардың көмегімен клиникалық белгілерді уақытынан бұрын аңғарып, клиникалық желінсауды дәлелдеу мүмкіндігі туындалады.

Желінсаудың байқалуында басты рөл патогенді және шартты патогенді микрофлора үлесіне келеді.

Қазіргі уақытта желінсаудың тиімді терапиясы ретінде антимикробтық препараттарды интрацистерналды енгізуге, оның мөлшерлемесі, енгізу мерзімдері, ретіне қатысты біркелкі тұщымды ой пікір қалыптаспаған.

Қазіргі уақытта отандық дәрі-дәрмек өндірушілері мен көршілес Ресейде жоғары тиімді, ыңғайлы дайын дәрілік заттар шығарылмайтыны қынжылтады.

Осы аталған мәліметтерге орай сиырлардың сірі желінсауының этиологиясын, диагностикасын, емдік әдістерін құру олардын салыстырмалы түріндегі тиімділігін анықтау аса өзекті мәселе екендігін тағы бір баса атағымыз келеді, аталған патологияны емдеу үшін жаңа кешенді құрамында пролангирленген диоксидин, липосомалды гентамицин, нитокс-200, мамифорт, мастисепт сықпамайы енгізелген кешенді ем қолдану болашағы бар тәрізді болап көрінді.

Өзіндік қорғаныс факторларымен қатар көптеген өзіндік емес факторлар да организмнің қорғаныс реакцияларына белсенді түрде қатынасатыны мәлім.

Мұнымен қатар, организмдегі иммунологиялық өзгерістерді зерттеу, желінсауларды алдын алуға бағытталатын шаралардың жалпы организмнің иммунологиялық күйіне тигізетін әсерін зерттеу де үлкен қызығушылық тудырады.

Сонымен, біз өз алдымызға сиырлардың сірі желінсауын диагностикалаудың жаңа әдістерімен қарастыра отырып, аталған кеселдің алдын алу бойынша жасалатын шараларға сараптау жасап, тиімді жолын таңдап, шаруашылыққа нақтылы ұсыныстар жасау бойынша зерттеу жұмыстарын өткізуді мақсат етіп, мәселелер қойдық [1] .

1. Әдеби шолу

Еліміздегі ірі қара шаруашылығында желінсау ауруының таралу маңызы Қазіргі кезде еліміздің тәуелсіздігін дамытып, экономикасын жоғары деңгейлерге жеткізу мақсатында мал шаруашылығының алатын орыны зор, сонымен қатар Қазақстан бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүше болуды көздеуде. Бұл жоғары сапалы тауарлар мен өнімдер шығарылуын қажет етері сөзсіз. Ал мал бастарын көбейтіп, сүт өнімділігін жоғарылатуды тежеуші мәселелердің бірі сиырлардың акушерлік-гинекологиялық аурулары, оның ішінде желінсаулар. Көптеген авторлардың пайымдауынша сиыр желінсаулары айтарлықтай дамып, 2-5 тен 10-55%-ға дейінгі шаманы қамтиды. Клиникалық белгілері айқын түрде өтетін желін қабынулары мен жасырын түрде өтетіндердің орта есеппен алғандағы қатынасы 1:2-2:5 құрайды [2, 7] . Қазіргі уақытта желінсаудың табиғатта кездесетін барлық түрлерін емдеудің орасан көп түрлері бар, оларды айыру, анықтау тұрғысында көптеген еңбектер жазылған. Кез келген ауруды диагностикалаудың басты мақсаты оны бірден ауру жануар маңында орындалуын көздейтіні белгілі. Оған бірқатар химиялық әдістер жатады. Иммундық және фагоцитарлық белсенділік жағдайы желінсаулардың, әсіресе бастапқы кезеңдерінде пайда болуының хабарламашы-көрсеткіші болады, диагностикалау кезінде соматикалық жасушалар саны, сүттің рН-ы, тұндырылуы тәрізді әдістер міндетті түрде орындалуы керек [9] . Тағы бір айта кететін жайт, жасырын желінсаулардың шамамен 10-15%-ның емделмей қалатыны туралы деректер көптеп ұшырасады, ал бұған кейбір анықталынбай қалған (уақыт, күш, жабдық-жадығат, қаражат т. б. ) жағдайларға орай, емделінбей қалған сиыр бастарын қосса бұл сандық мәліметтің жоғары болары хақ! Көптеген жағдайларда сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу мақсатында антибиотиктер терапиясы қолданылады, ал бұл ем, өкінішке орай сүт тұтынушыларын уытты-аллергиялық кеселдерге шалдығуға әкеліп соғуы ықтимал. Сонымен қатар, айта кететін, баршаға түсінікті қарапайым жайт, қабыну барысының дамуына ықпал ететін көрініс жануар организмінің дұрыс азықтандырмау, пайдаланбау, түрлі жарақаттарға шалдығуына орай әлсірейтіндігі. Осы кезде, бірқатар авторлар деректері бойынша, айқын лейкопения, бүйрекүсті бездері белсенділігінің төмендеуі, сиырлар организмінің иммундібиохимиялық реактивтілігінің әлсіреулері орын алады [8, 9] . Сонымен қатар, кез-келген қабыну кезінде, белсенді биогенді аминдер деңгейі, әсіресе гистамин деңгейінің күрт өсуі байқалады. Ауру жануарлар қанында гистамин деңгейінің жоғарылауы, лимфоциттердің Т-супрессорлық қызметін белсендірте түседі, ал бұл жануар организмінің иммунді реактивтілігін бәсеңдетеді деп атайды M. Plaut et all. 2000. Организмнің ішкі ортасына бөгде ақпараттағы белгілері бар заттар түсуі оның құрылымдық және химиялық құрамының бұзу қауіпін туғызады. Ішкі ортаның сандық және сапалық тұрақтылығының, яғни гомеостазының, сақталуы барлық организмдегі жүйелердің өздігінен реттелуі салдарынан қамтылады [10] . Иммунитет - гомеостаз белгіленуін білдіретін шамалар қатарына жатады. Иммунитет құралуына барша организм ат салысады, ондағы қорғаныс реакциялары өзара тығыз байланыста болады. Өзіндік қорғаныс факторларымен қатар көптеген өзіндік емес факторлар да организмнің қорғаныс реакцияларына белсенді түрде қатынасады. Міне, осы иммунологиялық өзгерістерді зерттеу, кейіннен қолданылатын емнің жалпы организмнің иммунологиялық күйіне түзетімдік әсер етуі үлкен қызығушылық тудыратыны баршаға мәлім жәйт, сонымен қатар зерттеушілердің ойы экология тұрғысынан таза, емдік тиімділігі басым ем түрлерін жасауға бағышталған. Тіршілік әлемінің дамуы жануарлар тобының жеке бір дамыған тобы - сүт қоректілердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Ал бұл топтың ерекше қасиеті аналықтарында арнайы сүт безінің болуы. Сүт безінің басты қызметі - өз ұрпағын қоректендіру [1, 11, 12] . Адамдардың ғасырлар бойы дамуы кезінде жануарларды өзіне бағындыруы (доместикация) арқасында сүт безі ұрпағын қоректендіру қызметтілігімен қатар адам үшін аса бағалы қорек көзі - сүт өндіру қызметін де атқара бастады. Ғылымның қазіргі деңгейдегі дамуы сүт сауу үрдісін, қызмет орындаушы мүше - сүт безі мен сүт бөлінуіне ықпал ететін орталық нерв және нейро - эндокрин жүйелерінің қатысуымен өтетін, күрделі жүйе екенін тағы дәлелдеді. Сауын үрдісі қызметінің бұзылуы сүт безінің және оның қызметін қадағалайтын механизмдердің патологиясына байланысты өтеді. Соңғы жылдары сүт безі патологияларына айтарлықтай еңбектер арналған [3, 6, 13] . Ветеринария мамандарына нақты сүт безі мүшелерінің кеселдері үлкен кесірін тигізуде. Желінсау сүт безі патологиясының негізгі түрі болып саналады, ал оның таралу жиілігі әр түрлі авторлардың деректері бойынша алуан түрлі. Бірқатар авторлардың деректеріне сүйенетін болсақ Латвияның кейбір шаруашылықтарында жылына сиырлардың 20 %-ы желінсауға шалдығады. MatiIIa (1995) сиырлардың жасына, сауын мерзіміне қарамастан желінсауға шалдығуы 25-тен 50%-ға дейінгі шаманы қамтитынын атайды. ToIIe (1917), Сіеske, ViIgoen (1974) тәрізді авторлар сауын сиырларында созылмалы желінсаулардың жалпы зерттеген фермалардағы табынның 40%-ын құрғанын көрсеткен [14] . Клиникалық бақылаулар мен әдеби деректер талдауы желінсаулардың сауын мерзімі мен қайта өндіру кезеңдеріне тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Н. И. Полянцевтің (1983) зерттеулерінде сауын сиырларының 18% суалым кезінде желінсауға ұшырайтыны байқалады. Желінсау індетін тану Е. А. Курьянов және басқаларының (1983) еңбектерінде жақсы зерттелінген. Олар суалым кезінде желінсау сиырлардың 6, 7 % - да дамығанын анықтаған. Ал төлдеуге дейінгі және төлдеуден кейінгі кезеңдерде желінсаулар 28, 4 % - ға дейін өседі екен [1, 3, 15] . Көптеген авторлардың (1984) деректері бойынша суалым кезінде желінсау 20, 1 % -нан анықталған, айта кетерлігі алғашқы 10 - күн ішінде желінсау сиырлардың 7, 2 % -да байқалған. Қырым түбегінің кейбір шаруашылықтарындағы жүргізілген зерттеулер кезінде желінсауды жалпы табындағы сиырлардың 20 % анықтаған. Ғалымдардың деректері бойынша Ленинград облысы бойынша орта есеппен алғанда желінсаулар сиырлардың 27 % -ын құраған. Ж. Қ. Қоспақов пен Ж. Д. Маусымбаевтардың (1990) деректері бойынша Қазақстандағы желінсау таралу деңгейі 5 -тен 30 % -ға дейінгі аралықты құрайды. Желінсаулар сиырларды әсіресе машинамен саууға іріктеген кезде желін көлемін, үрпі аумағы мен орнығуын, сүт бөлу уақытын ескермегенде байқалады. Желінсаулардың таралуына соғылу, жаралану, желін ұлпасына микрофлора енуі (стрептококк, стафилококк, ішек таяқшасы т. б. ), түрлі ауруларда мал ағзасының уыттануы, шу түспеуі, мен төлдеуден кейінгі эндометриттер, қора-жайлардың антисанитарлық жағдайы, толық бағамды азықтандырмаулар т. б. ықпалын тигізеді [7, 9, 16] . Кейде желінсаулар сиырлардың аусыл, туберкулез немесе басқа жұқпалы ауруларға шалдығуына байланысты дамиды. Желіннің індеттенуі төсеніш арқылы немесе желінді жуып-шаю кезінде қолданылатын заттар, сауын аппараты арқылы өтуі мүмкін. Микробтар жатырға, желінге, өзге жыныс жолдарына түрлі аурулар кезінде қан арқылы түсе алады. Өзге гинекологиялық патологиялармен қатар, желінсауларды түспей қалған шу қалдықтары, азықтық уланулар кезіндегі қан мен лимфаға түскен уыттар да тудыра алады. Желінсаулардың пайда болу жиілігімен сиырлардың гормоналдық жағдайындағы байланысты табуға ізденістер жасап баққан. Өз тәжірибелерінде ғалымдар үш табындағы сиырларда, үш жыл бойы 497 желінсауды келесі тәртіпте тіркеген: төлдеуден кейінгі алғашқы айда 87 (16, 1%), төлдеуден кейінгі 31-күннен буаздылыққа дейінгі 30-күнге дейін 288 (56, 6%), 31-күннен буаздылықтың 120-шы күніне дейін 83 (16, 7%), буаздылықтың 4-ші айынан төлдеуге дейін 44 (11%) болған. Біршама ғалымдардың деректері бойынша сиырлардың басым көпшілігі (82 %) желінсаумен сауын мерзімінің алғашқы 5- айында, яғни сүттің ең көп өндірілуі кезінде ауырған. Тәулігіне көп сүт беретін (11-ден 29 кг-нан жоғарыға дейін) сиырлар, өнімділігі төмен сиырлардан көрі желінсауға көбірек шалдығады [7, 17] . Мәселен, тәулігіне 5-кг сүт беретін сиырлардың ауруға шалдығуы 1, 6 %, ал 11-20 кг беретін сиырларда 13-16 % болады. Қоздырушы түрі мен тітіркендіргіш әсердің ұзақтығына, ауру үрдісі кезіндегі мал ағзасының резистенттілігіне байланысты сүт безінде өтіп жатқан қабыну үрдістерін екі негізгі түрге - клиникасы айқын және жасырын ағымда (субклиникалық) өтетін деп бөледі. Тюмень облысында жасырын желінсаулардың орта есеппен 13, 7 % сиырларда болатынын анықтаған, ал суалу кезінде олар 11, 1 - 40, 6 % сиырларда тіркеген. Сүт өндіру кезінде сиырлар жасырын желінсауға жиі шалдығатынын анықтаған (37 % ) . Кейбір ғалымдар өздерінің зерттеулерінде сиырлардың жасырын желінсауға көп (37, 6 % ) шалдығатынын атап өткен [14, 18] . Қазiргі уақытқа дейін сиыр желінінің ауруға шалдығу себебі туралы мәселе көптеген дау-дамайлар тудыруда. Бірқатар ғалымдардың пайымдауынша желінсаулар көптеген әрі түрлі себептерден пайда болып дамиды, яғни полиэтиологиялы болып табылады. Желiнсау дамуы көптеген себептерге байланысты. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша бұл себептерді екі негізгі топқа жинақтауға болады: біріншісі - сыртқы орта әсері, ал екіншісі - тұқым қуалаушылық немесе малдардың ауруға бейімділігі. Осы себептердің басым көпшілігін бірінші топқа жатқызу қажет. Бұлардың ішіндегі негізгілері: сиырларды машинамен сауу тәртібінің бұзылуы, жоғары деңгейдегі қысым, қысым жиілігінің ұлғаюы, сауын аспаптарын тым көп ұстау немесе уақытынан бұрын қосу [9, 10, 12, 19] .

2. Желіннің жалпы құрылым принципі

Желін - сүттің түзілуін және бөлінін қамтамасыз ететін көпіршікті-түтікше безді орган. Сырт жағынан ол жұқа серпімді терімен қапталған. Желін май және тер бздері болмайтын, түгі жоқ терімен қапталған емдермен бітеді. Терінің астынан желінді құрсақтың сыртқы шандырының жалғасы болып табылатын беткей шандыр (фасция) қаптайды да, желіннің төменгі жағында ол терең шандырға (дәнекер ұлпалы жұқа қабыққа) айналады. Желіннің оң және сол бөліктерінің арасында серпімді дәнекер ұлпаның екі қабат қатпарынан тұратын аралық аспа байлам болады. желіннің астыңғы жағында ол ішкі фасцияға айналып, желіннің бүйіріне қарай тарамданады. Желіннің бүйір фасцияларын аралық аспа байламмен көптеген дәнекер ұлпалық перделер жалғастырады. Бұл перделер желінді белгілі бір пішінде ұстайды. Аралық аспа байлам желінді көтере демеп тұрады.

http://medicinapediya.ru/files/uch_group35/uch_pgroup36/uch_uch244/image/4532.jpg

Сурет 1 - Сиыр желінінің көлденең қиындысының бейнесі

А - желіннің көлденең қиындысының бейнесі; Б - безді артқы бөлігі; В - ірі шығару өзегі; 1-тері; 2 - сытрқы фасция; 3-терең фасция; 4 - іліп тұратын байлам; 5-строма; 6 - соңғы бөліктер; 7 - ұсақ шығару өзектері; 8 - сүт жолдары; 9 - паренхима; 10 - сүт цистернасы; 11-үрпі арнасы; 12 - үрпі төңірегіндегі тегіс бұлшық ет торшалары; 13- сақиналы бұлшық еттер; 14 - тегіс бұлышқ ет байламдары; 15 - соңғы бөлімнің шығару өзектері миоэпителийі; 16 - жүйкелер; 16а - жүйке талшықтары; 17 - артерия және оның тармағы, бездің соңғы бөлігінде; 18 - желін венасы; 18а - үрпінің веналық өрімі; 19 - сүт элементтері; 20 - миоэпителий; 21 - шығу өзектері эпителийі.

Барлық малда желіннің құрылым принципі бірдей. Желіннің безді ұлпасы алвеолалар жиынтығынан құралған. Пішіні жағынан олар сопақша құрылым. Алвеолалар негіздік мембрана бетінде орналасқан безді эпителийдің бір қабат торшаларынан құралған. Олардың іші қуыс, сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған [2] .

Альвеолалар топтаса келіп бөлімдер, ал олар өз кезегінде біріге отырып бөліктер құрайды. Аталған құрылымдар нәзік дәнекер ұлпамен қапталады. Альвеолалардан жалпақ эпителиймен астарланған жіңішке бірінші реттік өзекшелер басталады. Бұл өзекшелер тоғыса келе желін бөліктерінің өзектерін, олар - желін бөліктерінің арнасын (сүт арнасын) құрайды. Олардың диаметрі бірте-бірте кеңейе береді. Сүт арналарынаң бірігуі нәтижесінде сүт жолдары пайда болады. 5-20 сүт жолдары желінні төменгі жағында орналасқан қуысқа - желін цистернасына ашылады.

Қуыс желіндік және емдік бөлімдерге бөлінеді. Сиырдың желіндік қуысының сыйымдылығы 2 литрге, ал ем қуысының мөлшері емнің көлеміне байланысты ауытқып отырады да, кейде 50 мл жетеді. Ем қуысы желін қуысынан көлденең қатпармен бөлінеді. Сүт жолдары мен желін қуысы екі қабат цилиндр пішінді эпителийден құралған кілегейлі қабықпен астарланған. Қуыстың кілегейлі қабығында көптеген қатпарлар болады.

Ем қуысы көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған ем арнасымен жалғасады. Оның ұзындығы сиырда 0, 5-1, 4 см шамасында. Бұл арнаның ем ұшында ашылған жерін үрпі деп атайды. Ем арнасы кілегейлі қабық қатпарымен жабылып жатады.

Желін альвеолалары сырт жағынан моэпителийлік торшалармен қапталған. Миоэпителийлік торшалар сүт өзектерінің бойында да орналасады. Жіңішке өзектер қабырғасында бойлай орналасқан бірыңғай салалы ет талшықтары, ал кеңірек өзектер қабырғасында бойлай және көлденең орналасқан ет талшықтары болады. Сүт өзектері сағасында көлденең бағытта орналасқан бірыңғай салалы ет талшықтары қысқыш (сфинктер) тәрізді буылтық құрайды.

Ем бойында да көлденең, сәулелі және аралас бағытта орналасқан бірыңғай салалы ет қабаттары болады. Көлденең бағытта орналасқан ет талшықтары ем арнасы тұссында жақсы дамиды да, сфинктер құрайды.

Жалқы немесе егіз төлдейтін жануарларда (сиыр, қой, ешкі, түйе, бие) шапта орналасқан 1-2 жұп без ғана дамиды. Ал көп төлді жануарларда (шошқа, ит, мысық, кеміргіштер) 10-16 без дамиды да, олар жұп құрап үйектің екі жағын ала тізбектеле орналасады.

Ем саны без санымен сәкес болады. мысалы: сиырда 4 без және соған сәйкес 4 ем болады; қой мен ешкіде 2 без, 2 ем; мегежінде 12-16 без дәл сонша ем. Дегенмен, бұл ережеден ауытқұлар да кездеседі. Мәселен, биеде 4 без дамығанымен 2 ем болады, бірақ әр без өзектері сол емдерге жеке-жеке ашылады да, әр емде екіден үрпі болады.

Различие в строении молочных желез у мелких жвачных (Л), коровы (Б)

Сурет - 2 Желін құрылысының айырмашылықтары

А - ұсақ күйіс қайыратын малдар, Б - ІҚМ, В - жылқы 1 - безді бөлігі; 2- шығару өзектері; 3 - сүт цистернасы; 4 - үрпі өзегі.

Сиыр желіні үш жұп бездің бірігуі нәтижесінде пайда болады. Ол бездердің тек алдыңғы екеуі ғана өсіп-жетіледі де, артқы жұбы дамымай қалады. Желіннің артқы екі бөлігінің сыйымдылығынан көбірек болады. желінде сүт ем түбінде орналасқан мықты қысқыш ет көмегімен сақталады. Сүттің желінде сақталуына сүт өзектерінің құрылым ерекшеліктері, олардың желін бөліктері мен бөлімшелерін бөліп тұратын дәнекер ұлпалы перделердің жағдайына байланысты кеңейіп-тарылып отыруы, мүмкіндік береді [4] .

Желінде сыртқы жыныстық және аралықтық артериялар көптеген қан тамырлар тармағын түзеді. Желін альвеолалары мен жіңішке өзекшелер сыртында артериолалар, капиллярлар және лимфа капиллярларының торы орналасады. Желін ертерияларымен қатарласа веналар орын тебеді де, олар өзара көпіршелермен жалғасады. Ем веналарында тұйық өсінділер кездеседі.

Вена қаны желіннен екі жолмен - сыртқы жыныстық және құрсақтың тері астылық венасы арқылы, ағып шығады. Желін ұлпасынан сөл ішкі лимфа тамырлары, ал желін терісі мен емдерден - беткейлік лимфа тамырлары арқылы ағады. Сүтті сиырларда вена жүйесі өте жақсы дамыған.

Желіннің безді ұлпасы сыртқы ұрықтық және мықын-шаптық жүййкелермен жүйкеленеді. Орталыққа бағытталған тітіркеністің көпшілігі сезімтал түйіндерге осы сыртқы ұрықтық жүйке арқылы өтеді. Желінге баратын симпатикалық жүйкелер бел мен құйымшақтық түйіндерден шығады. Олар аталған сыртқы ұрықтық және мықын-шаптық жүйкелер құрамына енеді.

Ем түбінде сезімтал жүйке талшықтары үлкен өрімдер түзеді және осы аймақта көтеген биологиялық белсенді нүктелер (ББН) пайда болады. Соңғы құрылымдардың маңызы әлі анықталған жо. Биологиялық белсенді нүктелер қан тамырлары мен жүйке ұштарынан құралған. ББН-г ауырсыну әсеріне сезімталдық, оттегіні көп сіңіргіштік, жақсы электр өткізгіштік қасиеттері тән. ББН-лер аймағында гомеостазды реттеуде маңызды рөл атқаратын шырлы торшалар топтасады. Бұл торшалар гепарин, гистамин, гиолурон қышқылы, серотонин түзу нәтижесінде зат алмасу процесіне, синапстар өткізгіштіген ықпал етіп, биологиялық реттегіш қызметін атқарады. ББН-дің бұл қасиеттерін желіннің түрлі ауруларын, соның ішінде желінсауды емдеуге пайдалануға болады (М. Г. Якубов) .

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=a7e835e621da569f15d81e7e23dfbe90-sr&n=13

Сурет 3 - Желін жүйкелері

1 - сезімтал жүйке ұштары; 2 - сыртқы ұрықтық жүйкенің төменгі тармақтары; 3 - шап асты жүйке; 4 - сыртқы ұрықтық жүйке; 5 - бірінші белл омыртқа; 6 - құйымшақ омыртқалар.

Желін қызметі ас қорыту, қан және лимфа айналым, тыныс алу жүйелері мен көптеген ішкі секреция бздерінің жұмысымен тығыз байланысты. Сүттің алғы заттары ас қорыту жүйесінде пайда болып, қан арқылы бүкіл ағзаға таралады да, желінге жеткізіледі. Күйісті малдар үшін сүт түзу процесінде мес қарында түзілетін ыдырау өнімдерінің маңызы зор. Қарында микробиологиялық процесстер нәтижесінде пайда болған ұшпалы май қышқылдары тек энергия көзі ретінде ғана емес, сүт майын түзу үшін пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел
Желінсауларды емдеу
Сүт безінің анатомиясы және физиологиясы
Сиырдың сүт өнімдерін өндірудегі желінсау ауруы
Сиыр кетозы
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Қант диабеті жайлы
Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері. Мориак синдромы
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Сауын сиырлардың кетозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz