Ферменттік реакциялар жылдамдығына температураның әсері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Химия кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Ферментативті катализ және оның биологиялық маңызы

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Шымкент-2019

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Фермент туралы жалпы түсінік. Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы. Ферменттер атаулары мен классификациясы

Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттік реакциялардың кинетикасы

Ферменттер қасиеттері

Ферменттердің практикалық маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Химиялық реакциялардың жылдамдығын катализатор көмегімен реттеуге болады. Химиялық реакциялардың жылдамдығын өзгертіп және осы реакциядан кейін өзі өзгеріссіз қалатын заттарды катализатор дейді. Ал осындай өзгерісті реакцияларды, яғни катализатордың қатысуымен жылдамдығы өзгере жүретін реакцияларды катализ деп атайды.

Ферменттер (лат. fermentum - ашу; грек тілінде - enzym, еn-ішкі, zyme - ашытқы) тірі ағзада түрлі биохимиялық реакцияларды белсендіруші, биологиялық катализатор.

Негізгі бөлім

Биокатализ - жан-жануар және адам организмінде асқазанда жүретін әртүрлі ферменттер қатысында жүретін күрделі реакциялар.

Ал, өсімдіктер дүниесінде олардың жапырақтарында күн сәулесі әсерінен пайда болатын хлорофилл дәндерінің әсерінен жүретін реакцияларды жатқызуға болады. Мысалы, суға ерітілген бір кесек қант бөлме температурасында бірнеше күн тұрса да еш өзгеріссіз қалады. Ал адам ағзасында қант тез тотығып, негізінен көмірқышқыл газы мен суға айналады.

C 2 H 22 O 11(c) + 12O 2(г) → 12CO 2(с) + 11H 2 O (с)

Бұл үдерістің жүруіне ағзада болатын ферменттер деп аталатын ерекше белокты молекулалы өршіткілер әсер етеді.

Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады.

ХІХ ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары (уыттан - амилаза, қарын сөлінен пепсин, т. б. ) бөлініп алынды.

Ең алғаш таза ферментті 1926 ж. жас биохимик Дж. Самнер кристалл түрінде алды.

Зерттеліп табылған ферменттердің саны 6000-ға жуық. Олардың бәрі де белокты заттар.

Ферменттердің бәрі де үлкен молекулалы қосылыстар, олардың молекулалық массасы 10мыңнан 1млн-ға жетеді.

Ферменттің активті орталығы

Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп аталады;

Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі.

Күрделі ферменттерде активті орталыққа металл иондары мен коферменттер де кіреді.

Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары:

  • цистеин, құрамында сульфгидрлік тобы -SH бар;
  • серин, гидроксильдік -OH тобы бар;
  • гистидин, имидазол сақинасы бар;
  • аспарагин мен глутамин қышқылдарықұрамында екінші карбоксильдік -COOH топ бар;
  • триптофан, құрамында индол сақинасы;
  • гидрофобты амин қышқылдары, құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады.

Активті орталық кеңістік пішінді, ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады.

Аллостериялық орталық

Екі немесе одан да көп суббөліктен тұратын бірқатар ферменттерде, өзінің катализдік орталығынан тыс, молекула бетінде қосымша байланыстырушы учаске болады, ол учаске аллостериялық орталық деп аталады. Мұндай ферменттер аллостериялық ферменттер деп аталады.

“Аллостериялық” (грек. Allo - басқа, stereos - орын) деген термин “басқа жермен байланысты” не “басқа орталықпен байланысты” деген мағынаны береді.

Ферменттердің аллостериялық эффекторлары: субстраттар немесе реакция өнімдері, нуклеотидтер (АМФ, АТФ), амин қышқылдары, металл иондары, сутегі иондары.

Ферменттер атаулары

Жүйелік атау: әр ферменттің номері (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады.

  • бірінші санферменттің класын білдіреді,
  • екінші санкласс тармағын,
  • үшінші сан- класс тармағы бөлігін,
  • төртінші санөз тармағындағы номерін көрсетеді. Мысалы, 2. 7. 1. 2. АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза.

Тривиалдық атаулар екі жолмен пайда болады:

Фермент әсер ететін субстрат атауына -аза жұрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны екі молекула глюкозаға гидролиздейтін фермент мальтаза.

Фермент катализдейтін реакция атауына -аза жұрнағы қосылады (оксидаредуктаза) .

Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы, пепсин, трипсин, папаин, эластаза, т. б.

Ферменттер әсерінің теориясы

Фермент өзінің субстратын айырып таниды. Э. Фишердің айтуы бойынша “құлыпқа дәл келетін кілт сияқты”, субстрат та активті орталыққа дәл келуі керек

Қатал іріктеп өзіне ғана тән реакцияны катализдейді.

Теория бойынша фермент әсері екі сатыдан тұрады:

1) фермент пен субстрат арасында комплекс - фермент-субстрат түзіледі

2) фермент-субстрат комплексі ыдырайды да, реакцияның соңғы өнімдері түзіледі, ал фермент босап шығады.

Ферменттік реакциялар кинетикасы

Ферменттік реакциялар кинетикасы деп реакция жүру жылдамдығын айтады.

Реакция жылдамдығын белгілі бір уақыт өлшемінде фермент әсерімен түзілген өнім бойынша (немесе субстраттың жойылу мөлшері бойынша) есептейді.

Л. Михаэлис пен М. Ментен бойынша: фермент концентрациясы тұрақты кезде реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына байланысты.

Реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына пропорционал болмайды.

Ферменттердің қасиеттері

  1. Ферменттік реакциялар жылдамдығына температураның әсері;
  2. Ортаның рН көрсеткішінің әсері;
  3. Фермент әсерінің ерекшелігі;
  4. Фермент активаторлары мен ингибиторлары;
  5. Проферменттер және оларды активтендіру;
  6. Изоферменттер;
  7. Мультиферменттік жүйе.

Фермент активтілігіне температура әсері

30-40 0 С температурады тірі ағзада ферменттер белсенді келеді. Егер бұл температура деңгейі төмен не жоғары болса, онда фермент белсенділігі төмендейді

Ферменттің өзі ақуыз болғандықтан, олар өте жоғары температурада бұзылып, өздерінің катализдік қасиеттерінен айырылып қалуы мүмкін.

Төменгі температурада ферменттік реакциялардың жылдамдығы өте төмен болады. Бұл жағдай практикада азық-түлік өнімдерін сақтау үшін (ет, май, балық, сүт, көкөністер т. б. ) пайдаланады.

Фермент әрекетіне орта рН шамасының әсері

Ортаның рН шамасына байланысты ферменттер белсенділігі бірден өзгереді. Әр түрлі ферменттер әрекеті үшін рН көрсеткішінің шамасы әр түрлі болады;

Кейбірі қышқыл ортада, екіншісі бейтарап ортада, үшіншісі әлсіз сілтілі немесе сілтілі ортада ерекше белсенді болады;

Ферменттер ақуыз сияқты электр заряды бар заттар, сондықтан олардың кеңістіктік құрылымы рН шамасына тәуелді.

Ферменттердің өздеріне тән ерекшелігі

Реакцияның жылдамдығын арттырғанда фермент:

  • тек өзінің ғана субстратын байланыстырады және сол субстратты катализдейді.
  • тек өз субстратын танып білуі, байланыстыруы және ары қарай реакция катализін жүргізуі- бұл ферменттің өзіне тән ерекшелігідеп аталады.
  • Кейде фермент ұқсас құрылымы бар субстраттар тобына да әсер етеді және молекуладағы белгілі бір химиялық байланыстарды ажыратып бөледі.

Ингибиторлар мен активаторлар

- Фермент активтілігі ортада әр түрлі химиялық заттардың болуына байланысты. Кейбір зат фермент активтілігін арттырады, мұндай қосылыстар активаторлар деп аталады.

- екінші бір заттар фермент әрекетін баяулатады, тіпті оны тежейді. Мұндай заттар ингибиторлар (тежегіштер) деп аталады.

- ферменттер әсерінің бәсекелес және бәсекелес емес тежеушісін ажыратып бөледі.

Проферменттер мен изоферменттер

Проферменттер(лат. pro - алдыңғы, бұрынғы және фермент деген сөзден шыққан) - ферменттердің активті емес түрі. Безді эпителийде бірқатар протеолиттік ферменттер белсенді емес күйде - проферменттер (зимогендер) түрінде синтезделеді. Осының арқасында проферменттер түзілген жасушалар мен тканьдер өздерін өздері бүлдіріп бұзбайды.

Проферменттердің белсенді түрге (ферментке) айналуын физиологиялық және биохимиялық жағдайлар реттейді. Проферменттің белсендіру үдерісі жүреді:

пептидтік байланысты үзу арқылы профермент молекуласынан бір немесе бірнеше пептид бөлініп ажырайды, осының нәтижесінде ферменттің сәйкес конформациясы қалыптасады және оның белсенді бөлігі ашылады.

Изоферменттер (грек. isos - тең, бірдей және фермент деген сөзден шыққан) - бір ферменттің әр түрі, олардың полипептидтік құрылысында бір-бірінен өзгешелігі болады. Олар бір түрге жататын ағзада немесе жеке жасушада кездеседі, олардың катализдік активтілігі әр түрлі болады.

Адам ағзасының әр түрлі тканьдерінде лактатдегидрогенның 5 изотүрі табылды (ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5)

Жануарлар, өсімдіктер және микроағзалардың жеке бастарының шыққан тегін анықтау үшін белгілі бір изоферменттің бар екені немесе жоқ болуы генетикалық белгі болып табылады.

Мультиферменттік жүйе

Бұл көптеген әр түрлі ферменттерден құралған комплекс.

Әрбір жеке мультиферменттік жүйе 2 ферменттен 20 ферментке дейінгі топтан құралады.

Мультиферменттік жүйеде бірінші фермент катализдеген реакция өнімі екінші фермент катализдейтін келесі реакция үшін субстрат болады, т. с. с.

Иммобилденген ферменттер

Иммобилденген (лат. immobilis - қозғалмайтын)

ферменттер - қатты таянышқа (полимерге, целлюлозаға, әйнекке) бекіген ферменттер.

Ондай ферменттер ерімейтін материалмен ковалентті байланысады.

Иммобилденген ферменттер кең көлемде амин қышқылы, витаминдер, қант, антибиотиктер және дәрі- дәрмектер сияқты аса тапшы азық-түліктің және жемшөптік заттар өндірісінде қолданылады.

Ферменттердің практикалық маңызы

  • Бактериалдық ашу
  • Физиологиялық реттегіш
  • Катализ
  • Жасушалық метаболизм
  • Макромолекулалар
  • Генетикалық аппарат
  • Тамақтану
  • Мембраналар ультрақұрылысы
  • Коферменттер
  • Фармокология
  • Биосинтез
  • Реакциялар кинетикасы
  • Энергия айналуы
  • Биохимиялық эволюция
  • Тума зат алмасу бұзылуы

Тұңғыш рет 1910 жылы А. Гэррод зат алмасу ферменттермен және тұқым қуалайтын аурулардың арасындағы байланысты анықтады.

  • Медицинада ферменттер емдеу мақсатында қолданылады:
  • Амилазалар - асқазан, ішек-қарын ауруларын емдеуде;
  • Протеазалар - іріңдеген жараны емдеуде;
  • Стрептокиназа - тромбоздар емдеуіне қолданылады.
  • Химотрипсин (гидролаза) - iрiңдi жарақаттар, көздiң қасаң қабығының ойылымдары және қатты күйiктердiң емдеуiнде тиiмдi.

iрi қараның асқазан асты бездерінен алатын трипсин ферменті трахеиттер және бронхит сияқты тыныс жолдарының iсiп қызару ауруларында қолданады

Лидаза гематомалар және тыртықтардың тарауында маңызды. Оның көмегімен жараланған буындардың қозғалғыштығы жақсарады.

пепсин ас қорыту аурулары (гастрит) кезінде қолданылады.

Ұйқы безі (панкреатин) ферментi ас қорытудың жақсарту мақсаты-мен бауырдың әр түрлi ауруларында қолданады.

Микроорганиздермен ашу процессі практикада тамақ, алкогольді сусындар өндірісінде немесе консервілеу кезінде қолданылады. Барлық ашу процестері пируваттың түзілуімен анаэробты ортада өтеді.

Амилазалар нан, сыра өндірсінде крахмалды ыдырату кезінде;

Протеазалар: пепсин дайын ботқалар, трипсин балалар тағамдарының, бактериалды протеазалар ақуызды гидролизаттар дайындауда;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ферменттер биосинтезі жайлы
Ферменттер биосинтезі жайлы мәлімет
Ферменттер биосинтезі туралы ақпарат
Катализ- катализаторлар туралы ілім
Химиялық реакциялар жылдамдығы
Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі
Ферменттер класификациясы.Ферменттер құрылысы
Ферменттік препараттар
Етті және ет өнімдерін суықпен өңдеу және сақтау
Ферменттер класификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz