Сусамыр - қант диабеті ауруы таңқаларлық ауру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе. ___________________________________ __
Қант диабеті ауруы туралы жалпы түсінік және тарихы

ІІ. Негізгі бөлім. ___________________________________ __
1. Қант диабеті және оның түрлері
2. Аурудың негізгі белгілері мен сипаты.
3. Қант диабетінің дамуының қауіпті ықпалдары:
4. Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі
5. Қант диабеті және оның асқыну түрлері

ІІІ. Қорытынды бөлім. ___________________________________ __
1. Қант диабеті науқастары диетасы
2. Қант диабеті ауруының алдын алу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _______________________________

№56 жалпы орта білім беретін мектебінің
11 А класс оқушысы Рақымжанова
Ақниеттің Қант диабеті
зерттеу жұмысына

Пікір
Қазіргі ғылым мен техниканың дамуы қоршаған ортаның экологиясының нашарлауына әкеп соғып отыр.Топырақ эррозияға ұшырап,су ластанып,атмосфера мен гидросфера, экожүйелердің заңдылықтары бұзылуда.Соның нәтижесінде адам тіршілігіне қауіп төніп отыр. Соның бірі - қант диабеті ауруының қарқынды дамуы. Әсіресе жастар арасында осы ауру кеңінен тарап кетті. Дүниежүзілік ғалымдар қант диабеті ауруы туралы дүркін-дүркін үн тастап келеді.Олардың мәліметі бойынша әрбір адам алдын алу шараларын қолданбаса адамзаттың жартысы ауруға шалдығу, жойылу қауыптілігі төніп тұр екен. Қазіргі ғылымның алдындағы мақсат- тіршіліктегі зиянды құбылыстарды жою және олармен күресу, қоршаған ортаны зиянсыздандыру. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізіп ,осыны ғылыми тұрғыда дәлелдеу. Қант диабеті -- инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт.
Жобаның мақсаты: заманауи көзқарастарды ашу:қант диабеті ауруы жайында толық зерттеу жүргізу яғни қант диабеті ауруы туралы оның диогностикасын, туу себептерін, алдын алу және емделу шараларын кеңінен насихаттау. Ауруларды медициналық бақылау, қорғау,өндірістік санитария және саламатты елде салауатты қоғам мүшелеріне профилактикалық тәрбиенің пайдасы мен зиянын талдап, қоғамның дені сау мүшелерінің рөлінің маңызын түсіндіру.
Жобаның өзектілігі
Әртүрлі ғылыми-медициналық әдебиеттермен,дүниежүзілік дамыған медицина саласында қант диабетін зерттеу әдістерімен тексерілген мәліметтерді пайдалана отырып,қатерлі аурумен күресу,алдын алу және емделу шараларының пайдасы мен зиянын дәлелдеу және насихаттау.

Медицина ғылымдарының Садуов Мухтар
кандидаты: Абдуалиевич.

Аннотация.

Ғылыми жобаның тақырыбы:
Қант диабеті
Жұмыстың мақсаты: заманауи көзқарастарды ашу:қант диабеті ауруы жайында толық зерттеу жүргізу яғни қант диабеті ауруы туралы оның диогностикасын, туу себептерін, алдын алу және емделу шараларын кеңінен насихаттау. Ауруларды медициналық бақылау, қорғау,өндірістік санитария және саламатты елде салауатты қоғам мүшелеріне профилактикалық тәрбиенің пайдасы мен зиянын талдап, қоғамның дені сау мүшелерінің рөлінің маңызын түсіндіру.
Болжам: Әртүрлі ғылыми-медициналық әдебиеттермен, дүниежүзілік дамыған медицина саласында қант диабетін зерттеу әдістерімен тексерілген мәліметтерді пайдалана отырып, қатерлі аурумен күресу, алдын алу және емделу шараларының пайдасы мен зиянын дәлелдеу және насихаттау.

Зерттеу кезеңдері:
1-кезеңде тақырып бойынша теориялық материал жинақталды.
2-кезеңде осы материалдарды жүйелеу тақырыптарға бөлу жүргізілді.
3-кезеңде Қант диабеті ауруы,алдын алу және емдеу шаралары

Ғылыми жұмыс мына тұрғыдан қарастырылып зерттелді:
1. Қант диабеті және оның түрлері
2. Аурудың негізгі белгілері мен сипаты.
3. Қант диабетінің дамуының қауіпті ықпалдары:
4. Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі
5. Қант диабеті және оның асқыну түрлері

Аннотация.

Тема научного проекта:
Сахарный диабет
Цель работы: раскрыть современные взгляды:провести детальное исследование о заболевании сахарным диабетом, то есть широко пропагандировать диогностику, причины рождения, профилактические и лечебные мероприятия о заболевании сахарным диабетом. Медицинское наблюдение за болезнями, производственной санитарии и профилактическим воспитанием членов здорового общества в здоровой стране.
Прогноз: пропаганда и доказывание пользы и вредности мероприятий по борьбе со злокачественными заболеваниями, профилактике и лечению с использованием данных, проверенных различными научно-медицинской литературой, методами исследования сахарного диабета в области мировой развитой медицины.

Этапы исследования:
На 1 этапе был собран теоретический материал по теме.
На 2 этапе была проведена систематизация этих материалов по темам.
Болезнь сахарного диабета
на 3 этапе, меры профилактики и лечения

Научная работа была изучена с точки зрения:

1. Общие положения Сахарный диабет и его виды
2. Основные признаки и характер заболевания,
3. Опасные факторы развития сахарного диабета:
4. Особенности сахарного диабета у детей
5. Сахарный диабет и формы его осложнений

Annotation
Topic of the research project:
Diabetes
The purpose of the work: modern disclosure of views:to conduct a study on the disease of diabetes, widely spread diognostics, causes of birth, promotion of treatment and prevention of diabetes. Control, protection of medical diseases, industrial sanitation analyzes the benefits and harms of preventive education in the country's healthy lifestyle and members of a healthy society, explains the importance of the role of healthy members of society.
Prognosis: promotion and propaganda of different scientific and medical literature, proof of the benefits and harmfulness of measures to combat malignant diseases, prevention and treatment using data proven methods of diabetes research in the field of world advanced medicine.

Investigation phase:
At stage 1 was collected theoretical material on the topic.
2-at this stage, the systematization of materials on the topics.
The disease of diabetes at stage
3, measures for the prevention and treatment

The scientific work was studied from the point of view::
1. General provisions Diabetes and its types
2. The nature and main signs of the disease.
3. Risk factors for diabetes:
4. Features of diabetes in children
5. Diabetes mellitus and its various project topics:

1.Кіріспе

Қант диабеті ауруы туралы жалпы түсінік және тарихы
Айналаны қоршаған орта - адамзат өміріндегі ең маңызды фактор,оның тазалығы жалпы тіршілік үшін өте құнды болып жатқан барлық табиғи процесстердің пайдалығы мен зияндығы бірдей. Адамзат қоғамының бірінші міндеті:қоршаған ортаның табиғи тазалығын сақтау және ластайтын факторларды жою.Бұл жұмыста химия ғылымының атқаратын ролі зор. Химия ғылымы -табиғаттың тылсым сырларын түсіндіре алатын ең маңызды ғылым. Себебі барлық тіршілік құблыстары химия заңдарына сай жүреді. Айналамызда болып жатқан өзгерістердің барлығы әртүрлі химиялық реакциялардың нәтижесі болып табылады.Химияны жақсы меңгерген адам осы заңдылықтар арқылы өз мақсатына сай айналасын өзгерте алады.Қазіргі ғылым мен техниканың дамуы қоршаған ортаның экологиясының нашарлауына әкеп соғып отыр.Топырақ эррозияға ұшырап,су ластанып,атмосфера мен гидросфера,экожүйелердің заңдылықтары бұзылуда. Соның нәтижесінде адам тіршілігіне қауіп төніп отыр. Соның бірі - қант диабеті ауруының қарқынды дамуы. Әсіресе жастар арасында осы ауру кеңінен тарап кетті. Дүниежүзілік ғалымдар қант диабеті қауыбы туралы дүркін-дүркін үн тастап келеді.Олардың мәліметі бойынша әрбір адам алдын алу шараларын қолданбаса адамзаттың жартысы ауруға шалдығу , жойылу қауыптілігі төніп тұр екен. Қазіргі ғылымның алдындағы мақсат- тіршіліктегі зиянды құбылыстарды жою және олармен күресу,қоршаған ортаны зиянсыздандыру. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізіп ,осыны ғылыми тұрғыда дәлелдеу. Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Бірінші байлық - денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Содан соң өзіміз ауаға жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің "Қазақстан - 2030" жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты" тармағында, азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін" азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы Елбасының Жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
"Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі" деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім - жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді.. Жалпы, халқымыздың Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн. Қант диабетімен ауырудың өсуі - әлемдік денсаулық сақтау \ВОЗ- БДСҰ\ ұйымдарының жаһандық проблемаларының бірі.Бүгінде ғаламшардың шамамен 300 млн.нан астам тұрғыны осы аурумен қасірет шегуде..Қант диабеті неғұрлым елеулі медициналық - әлеуметтік әлемдік проблемаға айналып отыр. Атап айтқанда Еуропадағы қант диабетімен ауру 2-5проценттін құрайды,ал 15 жас пен одан үлкен жастағы аурулар саны 13-32.5 млн.ға жетіп артылады.Емдеудің қазіргі заманғы әдістері бар болған күннің өзінде қант диабеті АҚШ-тағы өлім-жітімнің мәні бойынша төртінші орын алып отыр.Бүкіл әлемдегі ауруды тудыру мен қант диабетін таратушылықтың ұлғаюының ортақ себебі өмір салтының,тамақтану мәдениетінің, өмірлік процесс қарқынының ,халықтың урбандалуы мен қартаюының өзгеруіндегі үрдістермен байланысты. БДСҰ-ның сараптамалық кеңесі диабет проблемасымен 1979 жылдан бастап айналысуда. Диабетті зерделеу жөніндегі алғашқы зерттеу тобы өз жұмысын 1985 жылдан бастады. Осы топтығы істелінген жұмысы туралы әрбір баяндама диабет туралы мамандырылған әдебиетке айналды. 1989 жылы Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамбльеясы Диабеттің алдын алу және бақылау туралы Қарарды қабылдады, ол диабетті зерделеу мен емдеудегі Бағдарламалық құжатқа айналды. БДСҰ қант диабеті бүкіл әлемдік шығыстарға бақылау жасау,диабеттің алдын алу, диагностика және емдеу бойынша негізгі ережелерді әзірлеу, тренингтерді ұйымдастыру мен медицина қызметкерлерін оқыту сияқты қызметтердің әр түрін басқарады. Жекеленген елдерде диабеттің алдын алу мен бақылау бойынша жекеленген бағдарлама әзірлеп, көмек береді, әлемдік жұртшылықты диабеттің проблемаларымен таныстырады. Халықаралық Диабеттік Федерация жыл сайын 14 қарашаны Халықаралық диабет күні есебінде атап өтуге ұсыныс енгізді. Бұл күні зерттеулері инсулинді өндіруді жолға қоюға мүмкіндік берген Фредерик Бантинг дүниеге келген. Ең алғаш Халықаралық диабет күні 1991 жылы өтті, содан бері жыл сайын БДСҰ-мен бірлесіп өткізіліп келеді. Жыл сайын көптеген елдер Халықаралық диабет күнін осы аурудың проблемалары туралы ақпараттандыру үшін пайдалануда.
Қант диабетінің өсуімен байланысты туындайтын негізгі проблемалар:
1. Қант диабеті жаһандық эпидемияға айналуда. Әлемде қант диабетімен ауыратын адамдар саны қарқынды өсуі көптеген деректермен дәлелденіп отыр. 2.Сонымен қатар мүгедектікке әкеп соғатын осы аурудың асқынуынан зардап шегіп отырған аурулар саны ұлғаюда.
3.Диабет және оның асқынуымен өлім-жітім күрт өсуде.Қант диабетінің өлім жайлы статитикасы орташа көрсеткіштерден бірнеше есе асып түсуде және 75-80% жағдайларда жүрек-қан тамырлары кризистерімен байланысты болады.
4.Жоғарғы айтылған факторлардың барлығы қант диабеті мен оның асқынуларын емдеуге арналған шығыстардың екпінді өсуіне үлкен шығын әкеледі. Қант диабетін өздерінде бірінші рет байқаған адамға бұл диагноз үлкен қасірет болып көрінеді. Ауыратындар саны күннен күнге өсуде. ДДҰ - ның деректері бойынша дүниежүзінде 10 секунд сайын 2 адамның бірінде қант диабеті анықталуда, бір адам қайтыс болуда. Ғалымдардың айтуы бойынша 2050 жылдары жер шарының жартысы осы аурудан жапа шегуі мүмкін,оның ішінде бала ауруы 22% құрайды екен. БҰҰ-ның қант диабеті бойынша Қарарына сәйкес бұл ауру адамзат баласы үшн инфекция емес эидемия ретінде қауып төндіріп тұр.

Диабет (лат. diabetes mellitus) СУСАМЫР -- бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт.бұл терминді алғаш рет римдік дәрігер Аретиус қолданған. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Сусамыр - қант диабеті ауруы таңқаларлық ауру. Көпшілік таңырқайды. Қайдан өздерінде пайда болды? Ең бастысы қалай сақтануға, жазылуға болады?
Сусамыр - қант диабеті ықылым заманнан бері белгілі. Гиппократтың өзі толықтай жазып, белгілерін суреттеп кеткен.
Диабет деген сөздің мағынасы гректің диабайно деген сөзінен, яғни бірдеме арқылы ағып өту дегенді білдіреді. Қант деген анықтама: аурудың негізгі себебі, сырқаттың ағзасы арқылы қаныттың мөлшерден тыс ағуы және кіші дәреті арқылы шығуын 1674 жылы Томас Уиллис анықтаған.
ХIХ ғасырдың соңында Л.В.Соболев сусамыр ауруының себебі, ұлтабардың толықтай емес, белгілі бір бөлігі Лангерсен аралшығының зақымдануынан болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Лангерсен аралшығы ұлтабардың құйрық ұшында көптеп шоғырланып, ағзадағы зат алмасуын реттейтін бірқатар гормондардыжасайды, бөледі.
1921 жылы Канада ғалымдары Ф.Бантинг пен П.Бреет жаңа туған бұзаудың ұлтабарынан нисулин гормонын (инсула деген сөздің мағынасы - аралшық) алып сусамыр ауруын емдеудің жаңа дәуірін ашты.1922 жылдан бастап инсулин емге қолданыла бастады.1956 жылы сульфанильмочевиналық препараттардың инсулинді стимулациялау қасиеті барлығы дәлелденіп,пайдалануға түсті.1960 жылы адам инсулинінің химиялық құрылымы анықталып,1979 жылдан бастап гендік инженерия - ның көмегімен синтездеп алынып,қолданысқа ие болды.
Сусамыр - қант диабетінің негізігі белгісі: қан құрамында қанттың (глюкоза) көбейіп кетуі - гипергликемия.
Сусамырмен көбінесе 40-50 жастан асқандар ауырады. Бірақта, соңғы кезде балалар да осы қатерлі аурға жиі шалдыға бастады. Бұл ауру жыл сайын асқынып, жасарып келеді.
Бұл аурудың ерекшелігі - көптеген науқастар (30-40 %) өздерінің сусамыр ауруға шалдыққандарын білмейді. Себебі, аурудың бастапқы белгілері жөнді білінбейді. Қант диабеті - асқазан асты безінің (ұйқы) бета жасушаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады. . Қант диабеті өте күрделі және қатерлі ауру, оның шамалы белгілері байқалғанда алаңдау керек. Бұл ауруға қанттың қандағы деңгейі көтерілуі, оның зәрде болуы тән. Ауру нәтижесінде асқазан асты безі шығаратын гормон- инсулиннің аздығы туындап,ақырында зат алмасудың бұзылуына алып келеді. Қант диабеті жас шағының ауруы, онымен дүниедегі халықтардың барлық топтары қамтылған. Дүние жүзінде 300 млн. астам адам қант диабетімен ауырады. 2050 жылға қарай бұл сан бірнеше еседен асып кетер қаупі бар... Қанда инсулин аз болғанда ұлпалар қантты сіңіре алмайды, сондықтан қант мөлшері өседі, яғни гипергликемия дамиды. Қалыпты жағдайда қандағы қант мөлшері ашқарынға- 3,5-5,5 ммольл. Қандағы қант мөлшерінің өсуі оның организмнен зәрмен шығуына себепкер болады-глюкозурия.Қант диабеті ерте заманнан белгілі болған: 18 ғасырда бұл науқастардың зәрінің тәтті болатындығы, 19 ғасырда бұл аурудың себебі-инсулин мөлшерінің азаюы екені дәлелденген, 20 ғасырда совет ғалымы Коган-Ясный қолдан инсулин дайындады. Инсулинді қолдан дайындағанға дейін ауру адамдар 3-5 жыл ғана өмір сүретін, ал қазіргі кезде 65 жылға дейін өмір сүреді. ВОЗ-дың мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 300 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 22%. Қант диабетінің кең таралуы бұл ауруды әлеументтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді: жаппай көпшілікті жоспарлы медициналық тексеруден өткізу және қант диабетіне бейімді континентті зерттеу, қант диабетімен аыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, осы науқастарға арнайы тамақ түрлерін шығару, санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.

Қант диабетінің пайда болу себебі. Қалай алдын алуға болады?

Қант диабеті және оның түрлері
Қант диабеті -- өте кең тараған ауру. Американдық статистика мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратын науқастардың 50% -і миокард инфаркт, соқырлық (2 орын), атеросклероз, аяқ-қол, пиелонефрит, несеп-тас ауруларынан. көз жұмады Қант диабеті екі түрлі болады. Осы түрлердің әрқайсысы үшін пайда болу себебі және қауіп факторлары әр түрлі:
1.1 типті қант диабеті кез келген жаста папйда болуы мүмкін, бірақ, ол көбінесе балаларда, жасөспірімдер мен жас адамдарда анықталады. Аурудың бұл түрінде организм инсулинді аз өндіреді немесе өндірмейді. Науқастар күнделікті инсулинді егуге мұқтаж. Аурудың пайда болуының нақты себебі белгісіз.
2.пайда болады. Бірақ, балалар мен жастардың арасында семіздіктің кең таралғандығына сай олардың арасында да диабеттің бұл түрі кездесе бастады. 2 типті диабеті бар адамдардың көпшілігі өздерінің бұл ауруға шалдыққандарын білмейді.
3.Қант диабетінің басқа себептері де бар, ал кейбір науқастарды ешқандай топқа жатқызуға келмейді.
Гестациялық диабет - қандағы қант деңгейінің артуы, ол алғаш рет әйелдерде жүктілік кезінде пайда болады.
1.Қант диабетінің негізгі симптомдары 2.Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары 3.Диабетпен ауыратындардың диетасы 4.Диабет эпидемиялогиясы
Инсулинге тәуелді - ҚД 1 түрі, негізінен жас адамдарды зақымдайды.Оның себебі, иммунитеттің төмендеуі немесе вирустық жұқпалы аурудың салдарынан асқазан асты безі жасушаларының өлімі. Ағза бұл жағдайда өздігінен инсулин түзуге қабілетсіз.Инсулинге тәуелсіз - ҚД 2 түрі. Аурудың бұл түрінде инсулин асқазан асты безімен керек деңгейде шығарылмай, асқындырып шығарылады. Бірақ ағзадағы жасушалар оған сезімталдығын жоғалтқандықтан, қабылдай алмайды. Диабеттің екінші түрі - семіздікпен қиналатын, жасы 40-тан асқан адамдардың арасындағы тұқым қуалаушы ауру.Қант диабетінің екі түрі де ауру адамның ағзасында капиллярлар мен тамырларды зақымдап, салмақты өзгерістерді тудырады. Ауыру процессінің нәтижесінде түрлі мүшелердің қан айналымы бұзылып, олар әдеттегі қалыпты қызметін жоғалтады. Диабеттің таралған зардабы шел (катаракта), көз қарашығының бұзылуы мен соқырлыққа сүйрейді. Жиі қант диабеті ұзақ сақталатын бүйрек жеткіліксіздігін тудырады. Мол қанттың қол-аяқ тамырларына әсері диабеттің трофикалық жаралар түзілуі мен өкшенің шіруіне әкеліп соғады. Қант диабеті сирек емес жағдайда ерлердің импотенциясының себебі. Сондай-ақ бауыр да ауру адамның ағзасындағы өзгерістерге, майлы дистрофия мен циррозда болатын жауап қайтарады. Қант диабетімен ауыратындар иммунитет төмендеуінен зардап шегеді және түрлі жұқпалы ауруларға шалдығады.

Аурудың негізгі белгілері мен сипаты:
1.Ағзаның шөлдеп кептіруіне алып келетін, жиі зәр шығару мен әр уақытта шөлдеу сезімі;
2.Әрқашандық аштық сезіміне қарамастан, салмақты тез жоғалту;
3.Қанттың қандағы жоғары құрамы;
4.Шаршағандық немесе әлсіздікті сезіну;жоғары терлегіштік
5.Көрудің қиыншылығы (көз алдындағы ақ таңба.
6.Жыныстық белсенділік қиыншылықтары;
7.Ұйып қалу және ұйып қалған жерлерде шаншу;
8.Аяқта ауырлық сезіну;
9.Бас айналу;
10.Жұқпалы аурулардың баяу емделуі.
11.Жаралардың баяу жазылуы;
12.Дене температурасының орташа деңгейден төмендеуі;
13.Көрудің нашарлауы;
14.Тез шаршаушылық;салмақ жоғалту .
15.Аяқ бұлшықеттерінің тартылып қалуы.
Бірқатар жағдайда қант диабеті өзін бір уақытта білдіртеді . Диабеттің
сипаттамалары әр түрлі, 1және 2 түрдегі диабеттерде де. Кейде ешқандай белгілері байқалмай, диабетті мысалы, көз дәрігеріне көз түбін көру кезінде қарап анықтайды. Бірақ екі түрдегі қант диабетіне сай белгілердің кешені бар. Белгілердің білінуі инсулиннің секрециясының төмендеу деңгейіне, ауру адамның жеке бас ерекшеліктеріне және ауру ұзақтығына тәуелді. Қант диабетінің 1 түрінің басталуына өзін сезінудің тез нашарлауы және көбірек білінетін ағзаның кебу белгілерінің байқалуы жатады. Ондай науқас адамдар инсулиннің тез тағайындалуына байланысты. Сәйкес емдеусіз, барлық зат алмасу түрлерінің бұзылуы өмірге қауіп төндіретін жағдай-диабетикалық комаға алып келеді. Оған себеп, қандағы инсулиннің жетіспеушілігі, глюкозаның жасуша ішіне енуінің қиындауы және энергия жетіспеушілігі. Ағза май деполарындағы энергияны қолдана бастайды. Бұл процесс тым интенсивті жүргендіктен, майдың біршама бөлігі қанға өтеді. Олардың кейбір бөлігі бауырдан өтіп, кетон денелеріне айналады да, қанға түскенде ағзаға токсикалық әрекет жасайды. Жедел емдеуді қажет ететін, ауыр жағдай дамиды.
Аурудың диагнозын құптау үшін тек қант диабетіне тән сипаттар мен белгілердің байқалуына сүйенуге болмайды,қанның құрамындағы қанттың кем дегенде екі реттік тексеріс қорытындысы қажет.Егер ауру адамның қанының зертханалық зерттеулері аурудың белгілерімен расталса,онда диабетпен ауыратын адам жедел емдеуге мұқтаж. Диабет сынды аурумен күресте, науқас адамның белсенді қатынасы қажет. Қант диабеті - қатерлі ауру, онымен науқас адамға өмір сүруге үйрену керек. Өзіңізді тыңдап көріңіз, қант диабетінің белгілері мен сипаты байқалса, сіздің ағзаңыз әр уақытта емдеу мен көмекке мұқтаж екенін ойлаңыз.

Қант диабетінің дамуының қауіпті ықпалдары:

Диабеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант диабеті ауруының алдын алу жолдары
Ішкі секреция бездері. Гормондар
Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері
Гормондарға жалпы сипаттама
Қант диабетінің бұзылусының себептері
ОРАЗАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ
Тұқым қуалайтын ауруға түсінік
Артық салмақ қиындық тудыра ма?
Тұқым қуалайтын аурулардың түрлері
Қант және қант өндірісі жайында
Пәндер