Экономикалық өсудің кейнстік модельдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІНЕН ДӘРІСТІК КОНСПЕКТІ

ДӘРІС 1. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

Дәрістің мақсаты: макроэкономиканың пәнін, мақсаттары мен әдістерін анықтау және макроэкономикалық талдаудың түпкілікті мәселелерін анықтау

1. Макроэкономика экономикалық теорияның бөлімі ретінде: тууы мен негізгі мәселелері

2. Макроэкономикалық талдаудың пәні мен үлгілері

1. Макроэкономика экономикалық теорияның бөлімі ретінде: тууы мен негізгі мәселелері

Макроэкономика - ұлттық экономиканың қызмет етуі біртұтастық ретінде оқытылатын экономикалық теорияның бөлімі.

Экономикалық теорияның барлық бөлімдері біртұтас түсініктемелік аппаратқа ие, бірақ оны әртүрлі теориялардың аспектілерін талдау үшін қолданады.

Макроэкономика экономикалық теорияның басқа бөлімдерімен - жалпы экономикалық теория және мкроэкономикамен тығыз байланысты

Макроэкономика экономикалық теориядағы сияқты сондай түсініктемелік аппаратты пайдаланады, бірақ олардың себеп-салдарлық байланыстарын емес, функционалдық байланыстарын қарастырады.

Микроэкономика сияқты макроэкономика да экономикалық субъектілердің тәртібінің логикасын үйретеді, бірақ микроэкономикадан айырмашылығы ол бұл тәртіптерді жіктемейді, белгілі бір экономикалық субъектінің сәйкестендірілген тәртібі ретінде барлық субъектілердің тәртібін оқып-үйретеді.

Экономика ғылыми бағыт ретін ертеде пайда болған. Макроэкономика - экономикалық теорияның жас бөлімі, ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болған. Макроэкономиканың негізін ағылшын экономисі, мемлекеттік қызметкер, публицист Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) қалады. 1936 жылы оның басты еңбегі «Ақша, пайыз және жұмыспен қамтудың жалпы теориясы» жарық көрді, онда ол кейнсиандық қағидалар мен негізгі жағдайларды қалыптастырды.

Д. М. Кейнстің негізгі идеяларына келесілерді жатқызамыз:

1. жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан жоғары. Жиынтық сұрансытан өндірістегі жұмыспен қамту байланысты, ал жұмыпен қамтудан - өндіріс көлемі байланысты;

2. экономиканың тұрақты дамуы мен жұмыспен қамту мәселелерін шешуге мүмкіндігі бар нарықтық механизм жоқ, онда мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туады;

3. экономикаға эмердженділік қасиеті тиесілі (толығымен алғандағы экономикалық жүйелердің белгілері мен мінезді қасиеттерінің оның жеке элементтерінің қасиеттеріне сәйкес келмеуі) . Мысалы, «бережливость парадоксы» - экономикаға инвестицияланбайтын жинақ жұмыспен қамту мен табыстың төмендеуіне алып келеді, ең соңында жинақтың төмендеуіне.

Мароэкономика курсында қарастырылатын басты мәселелер санына келесілерді жатқызамыз: Ұлттық нарықтардың қызмет ету ерекшеліктерін оқып-үйрену; Тұрақты экономикалық өсу заңдылықтарын зерттеу; Инфляция, дефляция және жұмыссыздықтың өзара әсерлерін оқып-үйрену; Экономиканың ақша және нақты секторларының өзара әрекеттерін талдау; Циклдік экономикалық дамудың әртүрлі аспектілерін ашу, Ұлттық және шетелдік нарықтардың өзара әрекеттерін аныұтау; Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тиімділік пен нәтижеліліктің теориялық негіздерін анықтау және оның әрекеттерінің тигізетін әсерлерін бағалау.

Бұл мәселерді шешу тәсілдері макроэкономикалық теорияның әртүрлі бағыттарының өкілдерінде әртүрлі. Оны анықтаудың кейнстік бағыты, монетаристік, неокейнстік және неоклассикалық бағыттары бар.

2. Макроэкономикалық талдаудың пәні мен үлгілері

Макроэкономика - экономиканы толығымен оқытатын ғылым, яғни экономикалық жүйені толығымен дамыту мен іс-әрекеттерін зерттейді.

Макроэкономика - тұрақты экономикалық өсу, ресурстарды толық қамтамасыз ету, инфляция деңгейін төмендету және төлемдік баланс тпеңдігі шарттарын қамтамасыз ету көзқарасы жағынан біртұтастық ретінде экономиканың тәртіптерін оқытатын экономикалық ғылым. Экономикалық өсу халық пен технологиялық үрдістің өсуі сияқтя салыстырмалы тұрақты факторлардың әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Ұзақмерзімді перспективада бұл факторлардың динамикасы өндірістің потенциалды көлемінің динамикасын анықтайды.

Макроэкономикалық талдаудың екі түрі болады:

позитивті макроэкономика (нақты құбылыстарды суреттейді және олардың өзара байланыстарын оқып-үйретеді) ;

нормативті макроэкономика (қандай аспектілерді қолданған дұрыс екенін белгілейді) . Қарастырып отырған мақсаттарына байланысты макроэкономика әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады. Макроэкономиканың негізгі құралдарына жататындар:

жоғары және өспелі ұлттық табыстың деңгейі;

жоғары жұмыспен қамтылу;

тұрақты немесе жай өспелі баға деңгейлері.

Макроэкономика негізгі мақсаттарына жету кезінде салықтық-бюджетті, ақша-несиелік, сыртқыэкономикалық, сауда саясаттарын және табыстар саясатын қолданады.

Макроэкономика экономикалық теорияда қолданылатын жалпы әдістерді пайдаланады: ғылыми абстракция, талдау мен синтез, тарихи және логикалық тәсілдер, жүйелі-функциялық талдау, экономикалық-математикалық үлгілеу, нормативті және позитивті тәсілдер. Бұл әдістерді қолданудың ерекшеліктерін макроэкономиканың негізін қалаушы арнайы әдісі - агрегациялау анықтайды. Агрегациялау әдісі неғұрлым ортақ, жиынтық көрсеткіштерді алу мақсатымен біртекті көрсеткіштерді біріктіруді көрсетеді. агрегациялау әдісін қолдану экономиканы біртұтас ретінде қарастыру қажеттілігімен түсіндіріледі.

Микроэкономикаға қарағанда макроэкономика өзінің талдауында агрегацияланған көрсеткіштерді қолданады, олар экономиканың қозғалысын біртұтас ретінде мінездейді: ЖІӨ (жеке фирмалардың шығарымы емес), бағалардың орташа деңгейлері (нақты тауарлардың бағасы емес), пайыздың нарықтық ставкасы (жеке банктің пайыздық ставкасы емес), инфляцияның, жұмыспен қамтудың, жұмыссыздықтың деңгейлері және т. с. с. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер нақты ЖҰӨ-нің (жиынтық ұлттық өнім) өсу қарқыны, инфляция қарқыны және жұмыссыздық деңгейі.

Макроэкономикалық үлгілер олардың арасындағы функционалды өзара байланыстарын анықтау мақсатымен әртүрлі экономикалық құбылыстар мен процестердің ресмилендірілген (логикалық, графикалық және алгебралық) суреттемелерін көрсетеді. кез-келген үлгі (теория, теңдік, график және т. с. с. ) нақтылықтың қысқартылған, абстрактілі көрінісі болып таблады, өйткені барлық әралуан нақты бөлшектер зерттеу жүргізу кезінде толығымен көңілге бір уақытта алынуы мүмкін емес. Сондықтан да бір макроэкономикалық үлгі абсолөтті, жалпы көлемді, сарқылмалы емес. Ол нақты уақыт аралығында нақты елге бағытталған дұрыс жауаптардың бірлігін бермейді. Бірақта мұндай жалпыланған үлгінің көмегімен жұмыспен қамту, инфляцияның, инвестицияның, тұтынудың, пайыздық ставканың, валюталық бағамның және басқа да ішкі (эндогендік) экономикалық айнымалылар деңгейлерінің динамикаларын басқарудың балама әдістерінің кешені, үлгінің шешілуі нәтижесінде белгіленетін ықтималды мәндер анықталады. Үлгіден тыс анықталатын деңгейлердің сыртқы (экзогендік) айнымалылар ретінде үкіметтің фискалды саясатының негізгі құралдары мен Орталық банктің монетарлы саясаатының - мемлекеттік шығындар, салықтар мен ақша массасы деңгейлеріндегі өзгерістер жиі қарастырылады.

Үлгілерде параметрлердің екі тобы қолданылады: экзогенді (үлгінің құрылған уақытында белгілі) ; эндогенді (үлгіні талдау процесі кезінде анықталуы қажет) .

Бақылау сұрақтары:

Макроэкономика пәнінің объектісі мен субъектілері.

Макроэкономикада қолданылатын математикалық модельдердің маңызы қандай?

Макроэкономикалық айналым моделін түсіндіріңіз.

Эндогендік және экзогендік айнымалы дегеніміз не?

Тесттер:

1. Макроэкономика пәнінің анықтамасын беріңіз:

А) Төлем балансының тепе - теңдігін, инфляция деңгейінің төмендеуін және тұрақты экономикалық өсу жағдайын зерттейтін экономикалық ғылымның саласы

Ә) Қоғамдағы шектеулі игіліктер мен қызметтерді тұтыну және олардың қалыптасуын зерттейтін ғылым

Б) Кәсіпорын мен фирмаларға байланысты экономикалық және шаруашылық қатынастарының байланысын қарастыратын ғылымның саласы

В) Жеке мүдделерді зерттейтін ғылым

Г) Жеке ұсынысты зерттейтін ғылым

2. Макроэкономика зерттемейді:

А) елдің тұтас экономикалық жағдайын;

Ә) жалпы ұлттық өнімді;

Б) жиынтық сұраныс пен ұсыныстың, жұмыстылық пенжұмыссыздықтың, инфляцияның және с. с. т. б. өзара байланысын;

В) жеке фирманың өнім шығарылымын;

Г) экономикалық өсуді.

3. Макроэкономика - бұл:

А) Экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым.

Ә) Экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі.

Б) Ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым.

В) Экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.

Г) Негізгі экономикалық заңдар мен категориялармен таныстыратын экономикалық теорияның бір бөлімі.

4. Макроэкономика нені оқытады:

А) Жалпы экономиканы;

Ә) Тұтынушылар іс - әрекетінің теориясын;

Б) Фирманың экономикасын;

В) Игіліктер нарығын.

Г) Өндіріс факторлары нарығын;

5. Төменде атап өткеннің қайсысын макроэкономика зерттемейді:

А) инфляция факторлары;

Ә) Дженерал Моторс пен Фордтың салыстырмалы нарық улесі;

Б) елдегі өндіріс көлемінің өсуі;

В) АҚШ мен Жапонияның арасында экспорт пен импорттың көлемдерін;

Г) соңғы жылда жұмыссыздық деңгейін.

ДӘРІС 2, 3. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.

Дәрістің мақсаты: ұлттық экономика субъектілері арасындағы өзара байланыстарды және оның дамуына негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тигізетін әсерлерін түсіндіру.

1. Негізгі макроэкономикалық ағымдар мен көрсеткіштер

2. Негізгі макроэкономикалық субъектілер және олардың өзара байланыстарының жүйесі

1. Негізгі макроэкономикалық ағымдар мен көрсеткіштер

Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді екіге бөлуге болады: ағымдық көрсеткіштер және қорлық көрсеткіштер.

Мұндай бөлудің негізінде уақыттағы сандық көрсеткіштердің өзгеруі жатыр. Ағымдар уақыт бірлігіндегі ресурстардың қозғалу жылдамдығын көрсетеді. қорлар нақты уақытта экономикадағы бар нәрселердің санын анықтайды. Айналымдағы табыстар мен шығындардың қозғалысын ағым ретінде қарастырады, ал экономикадағы ақшалар саны - қор олып есептеледі.

Ағымдық көрсеткіштердің санына жататындар: диынтық шығару (ЖШ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ), жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ), таза ұлттық өнім ( ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), қолда бар табыс, соныменен қатар тұтынуға шығындар, жинақтар, инвестициялар, мемлекеттік сатып алу, салықтар, экспорт, импорт және басқалары.

Жиынтық қоғамдық өнім белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір елдің экономикасында шығарылған барлық тауарлар мен қызметтердің құнынан, сонымен қатар аралық өнімдерден (әрі қарай өңдеу үшін қолданылатын тауарлар) тұрады.

ЖІӨ - барлық өндірішілермен белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құнын көрсететін көрсеткіш.

ЖҰӨ - тек елдің ішінде ғана емес, соныменен бірге шетелде де белгілі бір елдің азаматтарының меншігінде болған өндіріс факторларымен шығарылған белгілі бір уақыт аралығындағы (бір жылдағы) экономикада өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құны.

ЖІӨ-ді үш тәсілмен есептеуге болады:қосымша құн, шығын және табыс бойынша

1. Өндірістік әдіс (қосымша құн бойынша) - соңғы өнімді өндірудің соңғы кезеңінде қосылатын құндарды қосу. Қосымша құндардың сомасы соңғы тауарлар мен қызметтердің құндарына тең.

2. Бухгалтерлік баланстағы сияқты, ҰЕШ (ұлттық есептеу шоты) шығындар бөлігі табыстарға тең болуы керек. Басқаша айтқанда, нарықтық қатынастардың кез-келген субъектісі (үй шаруашылықтары, фирмалар немесе мемлекет) табыс алуға болатын нәрсені алуға ғана шығын шығара алады. яғни:

C+I+G+NE=ЖІӨ=C+S+P+R+i+T+A

Бұл теңдіктің сол жағы, шығындық жағы, келесідей компоненттерден тұрады:

С (consumption) - тұтынуға үй шаруашылықтарының шығындары, оған азық-түлік өнімдеріне, киімге, тұрғын үйге төлемдер, әртүрлі қызметтер, ұзақ уақыт қолданылатын тауарлар, демалысқа және т. б. жұмсалатын шығындар жатады; бірақ тұрғын үйлерді сатып алуға және салуға кеткен шығындар кірмейді, өйткені олар инвестициялық шығындарға кіреді;

I (investment) -фирмалардың инвестициялық шығындары, яғни олардың машиналарды, шикізатты, құрылысқа жұмсаған шығындары;

G (government) - тауарлар, қызметтер және инвестицияны сатып алуға мемлекеттік шығындар;

NE (net export) - таза экспорт, яғни сыртқысауда балансының сальдосы, ол экспорт пен импорт арасындағы айырмашылықты көрсетеді. егер де экспорт импорттан жоғары болатын болса, онда оңды сальдо құрылады, егер де керісінше болса, онда теріс сальдо қалыптасады.

Инвестицияның жалпы және таза түрлері бар. Жиынтық инвестиция таза инвестициялар мен амортизациялық аударымнан тұрады. Егер де жалпы инвестицияның жалпы сомасынан өндірі үрдісі кезінде тозған машиналар мен механизмдерді қалпына келтіруге жұмсаған соманы алып тастасақ, яғни өзіндік амортизациялық аударымды, онда қалған бөлігі таза инвестицияны құрады.

Теңдіктің оң жағы, табыстық бөлігі құралады:

C+S - халықтың тұтынуына және қор жинауына кететін өзіндік қызметінің нәтижелері мен еңбек ақысы түріндегі табыстары; P (profit) - корпорация пайдасы; R (rent) - рента немесе жалгерлік төлем түріндегі табыстары; i (investment) - жинақтары бойынша пайыздық ставка;

T (tax) - кәсіпкерлік қызметке салықтар, өйткені ол құралдар фирмалардан алынады да, мемлекеттің табысына көшеді; A (amortization) - амортизациялық аударымдар, фирманың табысынан қайтадан тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтардың орнын толтыруға өндіру үрдісіне қайта түсетін.

Басқа сөзбен айтқанда, табыстар бойынша есептеу әдісі бойынша - жұмысшылардың еңбек ақысы, пайданың барлық түрлері, ренталық табыстар, амортизациялақ аударымдар мен жанама салықтар қосылады.

ЖІӨ көрсеткішіне бағалар деңгейінің өзгеруі әсерін тигізеді, яғни ЖІӨ-нің номиналды және нақты түрлері айрықшаланады.

Ағымдағы нарықтық бағалармен есептелетін ЖІӨ номиналды деп аталады, ал тұрақты бағалармен есептелетін ЖІӨ - нақты ЖІӨ деп аталады. Өйткені нақты ЖІӨ-ге бағалар деңгейі әсерін тигізбейді, бұл көрсеткіш тауарлар мен қызметтердің физикалық көлемінің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Нақты ЖІӨ = Номиналды ЖІӨ/ Баға индексі

Ағымдағы жылғы бағалар индексі = Ағымдағы жылғы бағалар /базистік жылдағы бағалар * 100%.

Номиналды ЖІӨ-ді нақты мәнінен айналдыру үшін екі индекс қолданылады: тұтынушылар бағасының индексі (ТБИ) және ЖІӨ дефляторы ( Р ) . Номиналды және нақты ЖІӨ арасындағы өзара тәуелділікті келесі формуламен көрсетуге болады:

ЖІӨ дефляторы = Номиналды ЖІӨ / Нақты ЖІӨ

ТБИ - ін анықтау үшін «тұтынушылар қоржыны» түсінігі қолданылады, оған 300-ге жуық неғұрлым кеңінен қолданылатын тауарлар аты кіреді:

Тұтынушылар бағасының индексі = Тұтынушылар қоржынының ағымдағы құны / осы қоржынның базалық жылдағы құны.

Нақты ЖІӨ -ді келесідей түрде көрсетуге болады:

Нақты ЖІӨ = Номиналды ЖІӨ /ТБИ

ТБИ мен ЖІӨ дефляторының арасындағы айырмашылық келесіден көрінеді:

-ЖІӨ дефляторы өзгермелі тауарлар жинағы үшін есептеледі және ПАше индексі болып табылады, ал ТБИ өзгермейтін тауарлар жинағы үшін есептеледі және Ласпейрес индексі деп аталады;

-ЖІӨ дефляторы экономикада өндірілген өнімдер мен қызметтер аттарының барлық тізімі бойынша бағалардың өзгеруін көрсетеді, ал ТБИ тек тұтыну тауарларының бағасының ғана өсуін көрсетеді;

-ЖІӨ дефляторы ұлттық факторлармен өндірілген өнімдерге ьағаның өзгеруін көрсетеді, ал ТБИ импорттық тауарларға бағаның өзгеруін есепке алады;

-ЖІӨ дефляторы өндірілген тауарлар құрылымындағы өзгерістер есепке алынады, ал ТБИ есепке алмайды.

Номиналды ЖІӨ деңгейіне екі фактор әсерін тигізеді: тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемінің нақты өсуі мен бағалардың ауытқуы. ЖІӨ дефляторы тауарлар мен қызметтер өндіруге бағаның өзгеруін есепке алмай-ақ, ЖІӨ мәнін алуға мүмкіндік береді.

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ / ЖҰӨ дефляторы

Дефлятор (бағалар индексі) номиналды және нақты ЖІӨ арасындағы айырмашылықты көрсетеді, инфляция немесе дефляция деңгейлерін суреттеу үшін қолданылады. ТБИ көмегімен номиналды ЖІӨ-ді немесе ЖІӨ дефляторын түзету бұл көрсеткішті жыл сайын салыстыруға мүмкіндік береді.

ҰЕШ-ның келесі көрсеткіші таза ішкі өнім (ТІӨ) . ТІӨ - бұл амортизациялық аударымдардан тазартылған ЖІӨ, яғни өндіру сферасында қалған инвестициялық тауарлар құнынан. ТІӨ халықтың тұтынуына және таза инвестицияларға кететін ЖІӨ құнының деңгейлерін бейнелейді:

ТҰӨ = ЖҰӨ - А

ҰТ келесідей түрде есептеледі:

ҰТ = ТҰӨ - Бизнестегі жанама салықтар.

Мұндағы: бизнеске жанама салықтар - қосымша құнға салық, акциздік алымдар, импорттық баж салығы және т. с. с.

Өзіндік табысты (ӨТ) анықтау үшін ҰТ деңгейінен келесілерді алып тастау қажет:

-азаматтардың әлеуметтік сақтандырылуына жарналар;

-мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке фирмалардың пайдасына салықтар;

-кәсіпорындар мен фирмалардың шотында қалған пайда (бөлінбеген пайда) ;

және қосу керек:

+дивидендтер+ трансферттік төлемдер+ алынған пайыздар.

Өзіндік табыс (ӨТ) - алынатын, бірақ өз еңбектерімен таппаған табыстарды көрсетеді, өйткені оған трансферттік төлемдер кіреді.

ӨТ = ҰТ - әлеуметтік сақтандыру жарналары - корпорацияның бөлінбеген пайдасы - пайдаға салық + Трансферттік төлемдер + дивидендтер + пайыздар.

Егер де ӨТ-тан азаматтардың төлейтін жеке салықтарын алып тастасақ (мысалы, табыс салығы), онда өзіндік орнықтырылған табысты (ӨОТ) аламыз - тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз. ӨОТ тұтынушылар шығындары және өзіндік жинақ нысанында болады.

ӨОТ = ӨТ - Дербес салықтар.

Ұлттық байлық - белгілі бір уақытта қоғамның билігінде болатын материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы.

2. Негізгі макроэкономикалық субъектілер және олардың өзара байланыстарының жүйесі

Макроэкономикада төрт экономикалық субъектіні бөліп көрсетуге болады: үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет және сыртқыэкономикалық сектор.

Үй шаруашылықтары - нарықтық өнімдерді негізгі тұтынушылар өндіріс факторларының - еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік мүмкінділіктің иелері боолып табылады. Олар оған сәйкестендірілген факторлық табыстар алады, оның бір бөлігін олар тұтынады да, қалған бөлігін жинақтауға жібереді.

Фирмалар, өз алдына, игіліктер мен қызметтер нарығына өнімдерді жеткізеді, оларға эквивалент ретінде ақша алады. Бұл нарықтағы негізгі тұтынушылар үй шаруашылқтары болып табылады. Соныменен бірге, фирмалар өндіріс факторларына сұранысты туғызады және өздерінің құралдарын инвестициялай отырып, үй шаруашылқтарының жинақтарында инвестициялайды.

Мемлекет әртүрлі ұйымдар түрінде үй шаруашылықтарына салықтар арқылы әрекет етеді, олар оны азаматтардың жеке табыстарынан алады, өз жағынан мемлекет оларды зейнетақы, шәкіртақы, ақысыз дәрігерлік көмек және білім беру арқылы әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. Экономикалық субъектілер арасындағы өзара байланыстар жүйесі айналым үлгісінде бейнеленеді. Айналым үлгісінің үш түрі бар: а) мемлекеттің қатысуынсыз жабық үлгі; б) мемлекеттің қатысуымен жабық үлгі; в) шетелдік сектордың қатысуымен ашық экономика.

Мемлекеттің қатысуынсыз жабық үлгі фирмалар мен үй шаруашылықтары арасындағы өзара байланысты игіліктер, еңбек, қаржы нарықтары арқылы бейнелейді (сурет 1) .

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі көрсеткіштерге сипаттама беріңіз.

Жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнім арасында қандай айырмашылық бар?

Жалпы ішкі өнім қалай есептеледі?

Жалпы ішкі өнімнің құрамына кірмейтін шығындарды атаңыз.

Аралық және ақырғы өнім дегеніміз не?

Трансферттік төлемдерді түсіндіріңіз.

Номиналды және нақты ЖІӨ ұғымын түсіндіріңіз, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.

Тесттік сұрақтар:

1. Төмендегіден басқа шығын компоненттері ЖІӨ-ді шығындар бойынша есептеу кезінде қосылады:

а) таза инвестициялар

ә) үй шаруашылықтарының ұзақ мерзімде қолданатын заттарды сатып алуға жұмсаған шығындары

б) мұғалімдердің зейнетақысы

в) тұтынылған негізгі капиталдың құны.

2. Жанұяның қала сыртынан жаңа үй сатып алуы төмендегінің құрамында көрсетіледі:

а) таза экспорттың

ә) мемлекеттік шығындардың

б) инвестициялық шығындардың

в) ұзақ мерзім қолданатын тұтыну таурларын сатып алу шығындарының.

3. Мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындарына қайсысы кірмейді:

а) мемлекеттік мекемелерді ұстап тұру шығындары

ә) денсаулық сақтау саласындағы бюджеттік ұйымдардың дәрігерлерінің еңбекақысы

б) жаңа мемлекеттік мектептер құрылысына жұмсалған шығындар

в) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы шығындары.

4. ЖІӨ-ді есептеу кезінде оның құнына еңгізілмейді:

а) үй шаруасындағы қызметкер әйелдің қызметі

ә) жеке формада жұмыс жасайтын адвокаттың қызметі

б) фирманың тауарлық- материалдық запастарының өсуі

в) үй шаруашылығы мүшелерінің бір-біріне үйді жинау және үй жабдықтарын жөндеу

бойынша қызметтер.

5. Мемлекеттік трансферттерге жатпайтындар:

а) балаларға берілетін ай сайынғы жәрдемақылар

ә) жұмыссыздық бойынша жәрдемақылылар

б) дәрі-дәрмек алуға жұмсалған дотациялар мен жеңілдіктер

в) жаңа емхана құрылысына жұмсалған мемлекеттік шығындар.

6. Төмендегінің қайсысы үй шаруашылығының қолда бар табысының бөлігі болып табылады, бірақ жалпы ұлттық табысты есептеуде ескерілмейді:

а) тұтынылған негізгі капитал құны

ә) дивидент түрінде төленген пайданың бөлігі

б) мемлекеттік қызметкерлердің зейнетақысы

в) жалдамалы жұмысшының жалақысы.

ДӘРІС 4. Ұлттық табысты өндіру және бөлу. Экономикалық өсу.

Дәрістің мақсаты: ұлттық табысты өндіріс факторлары бойынша бөлу және экономикалық өсу факторлары мен модельдерімен таныстыру.

1. Экономикалық өсудің түсінігі мен факторлары.

2. Экономикалық өсудің кейнстік модельдері.

3. Солоудың өсу моделі. .

1. Экономикалық өсудің түсінігі мен факторлары. Өндірістің өсу ұзақ уақытта салыстырмалы түрде тұрақты болады. Экономикалық өсуді жиынтық сұраныс көлемінің, дәлірек айтқанда, потенциалды өндіріс көлемінің динамикасының ұзақ мерзімдік аспектісі ретінде қарастыруға болады.

Экономикалық өсу дегеніміз - экономикадағы нақты табыстың (жалпы ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың) артуы, сонымен қатар жан басына шаққандағы нақты өндіріс көлемінің өсуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Тепе-тең өсу модельдері және экономиканың болжамды даму модельдері
Экономикалық өсудің факторлары мен типтері
Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері
Экономикалық жүйе қатынастарын қалыптастыру
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТҮСІНІГІ
Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблемалары
ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
Экономикалық жүйе қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz