Цитомегаловирусты инфекция


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина:Жұқпалы аурулар

Кафедра:Инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы

Тақырыбы: ЖИТС-индикаторлы аурулар. Герпетикалық инфекция. Цитомегаловирусты инфекция

Орындау формасы: Реферат-эссе

Орындаған: Тәжіғос А. Т.

Тексерген: Нургалиева М. Г

Тобы: 407 Б

Ақтөбе 2019 жыл

1. ЖИТС-индикаторлы аурулар . ДДҰ - АИТВ индикаторлы ауруларды екі топқа бөледі:

Бірінші топқа жататындар:

Өңеш, трахея, бронх кандидозы. Өкпеден тыс криптококкоз. Бір айдан артыққа созылған диареяға қосылған криптоспоридиоз. Бір айдан жоғары жастағы балалар цитомегаловирусының әр түрлі органдарды (бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндерінен басқа) зақымдауы. Бір айдан артық уақыт тұрақты тері мен шырышты қабықтың жараға айналған жай герпесі, сол сияқты 1 айдан асқан балалардағы бронхиттер, пневмониялар, эзофагиттер. Алпыс жасқа жетпегендердің денеге жайылған Капоши саркомасы және бас миының (біріншілік) лимфомасы. Лимфоцитарлы аралық пневмония немесе өкпенің лимфоидты гиперплазиясы (12 жасқа дейінгі балаларда) .

Атипті микобактерия қоздырған, өкпеден тыс немесе тері, мойын өкпе лимфа түйіндерін өкпемен бірге зақымдаған, денеге жайылған жұқпалар.

Пневмоцисті пневмония.

Дамымалы көпошақты лейкоэнцефалопатия.

Жасы бір айдан асқан науқастың бас миының токсоплазмозы.

Екінші топқа:

13 жасқа дейінгі балалардың қайталамалы немесе қосынды бактериальды жұқпалары: септицемия, пневмония, стрептококк менингиті, гемофильді таяқшалары зақымдаған сүйек немесе буын қабынуы, абсцестер жатады.

Денеге жайылған кокцидиоидомикоз (өкпеден тыс орналасқан) . АИВ - энцефалопатиясы («АИТВ-деменция», «ЖИТС-деменция») . Өкпеден тыс денеге жайылған гистоплазмоз. Бір айдан артық персистенген изоспорозды диареялар.

Капоши саркомасы. Бас миының біріншілік лимфомасы.

Басқадай В-клеткалы лимфомалар (Ходжкина ауруынан басқасы) немесе белгісіз иммунофенотип лимфомасы:

а) ұсақ клеткалы лимфома (Беркитт сияқты лимфомалар) ;

б) иммунобласты саркомалар (иммунобласты, үлкен жасушалы, диффузды, гистиоцитарлы, диффузды дифференциясы жоқ лимфомалар) ;

Денеге жайылған микробактериоз (туберкулез емес) өкпеден басқа теріні, мойын немесе өкпе лимфа түйіндерін зақымдайды.

Өкпеден тыс туберкулезі (өкпеден басқа ішкі мүшелердің қабынуы) . Қайталамалы сальмонеллез септицемиясы. АИТВ - дистрофиясы (кахексия, өте аруы) . 1993-жылы екінші топқа өкпе туберкулезі, жатыр карциномасы, рецидивті бір жылға созылған бір жақты немесе патогендігі шамалы микроорганизмдер қоздыратын пневмония қосылды. Америкада бұл тізімге бірінші топпен ауырмаса да Т4-лимфоциттерінің 200-ден азайғандары қосылды.

Бұл аурулардың бәрі - бір немесе бірнеше мүшені және жүйені: бас миын, өкпені, бауырды, асқазан-ішек жолын зақымдайды. Осы аурулар үдемелі жүріп, адам өміріне қауіп туғызады. СД4-торшалары азайғындықтан патологиялық процесс әр түрлі жүйелерді қамтумен жүреді, белгілі ем қонбайды. Криптококты менингоэнцефалит, денеге жайылған цитомегаловирусты жұқпа (энцефалит, ретинит, эзофагит, гепатит), аралас этиологиялы сепсис (вирус-бактериалды-грибті), денеге жайылған Капоши саркомасы, кавернозды өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

АИТВ - жұқпасының әр кезеңінде нерв жүйесінің арнайы зақымдануы көрінеді. Жедел кезеңінде вирустардың нейроглияларға кіруі, серозды менингиттің дамуы мүмкін. Аурудың әрі қарай дамуы созылмалы шаршаумен, невропатиямен білінеді. Энцефалит үдемелі жүріп, деменцияға әкеледі. Деменция кейде аурудың негізгі симптомы болып, көбінесе иммунитет тапшылығына байланысты әр түрлі аурулармен бірге жүреді.

Балалардың АИТВ - жұқпасының кейбір ерекшеліктері бар. Бұған интерстициалды лимфоидты пневмонит, өкпе лимфа түйіндерінің гиперплазиясы, екіншілік бактериалды жи жұқпалар жатады. Психомоторлық, физикалық даму жылдамдығы тежеліп, энцефалопатиямен сипатталады. Қатерлі ісік, Капоши саркомасы сирек кездеседі. Үлкендерге қарағанда балаларда ауру тез дамиды.

Жаңа жіктеме (АҚШ, 1993) бойынша, адам ауырмаса да 1 мкл қанда Т4-лимфоциттеріңің саны 200 ден аз болса, ЖИТС диагнозы қойылады.

6-кесте. АИТВ - жұқпасының жіктемесі, жасөспірімдер мен үлкендерге арналған, (АҚШ 1993)

СД4-Т-жасушаларының деңгейі
Клиникалық категориялары
СД4-Т-жасушаларының деңгейі: А АИТВ-жұқпасының симптомсыз, жедел (біріншілік) түрі немесе денеге жайылған тұрақты лимфаденопатия
Клиникалық категориялары: В Манифестация, бірақ А емес, С емес
: С ЖИТС-индикаторлы жағдайлар
СД4-Т-жасушаларының деңгейі: 1. > 500/мкл
Клиникалық категориялары: А1
: В1
СД4-Т-жасушаларының деңгейі: 2. 200-499/мкл
Клиникалық категориялары: А2
: В2
СД4-Т-жасушаларының деңгейі: 3. < 200/мкл
Клиникалық категориялары: А3
: В3

Категория А-ға симптомсыз АИТВ серопозитиві барлар, шеткі денеге жайылған лимфаденопатиясы мен біріншілік жедел АИТВ жұқпасы бар адамдар кіреді.

Категория В-ға әр түрлі симптомдар кіреді. Олардың маңыздылары: бациллярлы ангиоматоз, орофарингеалдық кандидоз, рецидивті кандидозды вульвовагинит (емдеуі қыйын), цервикалдық дисплазия, цервикалдық карцинома, жалпы жұқпа симптомдары (1 айдан артыққа созылатын қызба немесе диарея), тілдің қылшықты лейкоплакиясы, идиопатиялық тромбоцитопениялы пурпура, листериоз, кіші жамбас қуысы органдарының қабынуы (кейде тубоовариялдық абсцесс), шеткі невропатия.

Егер АИТВ-жұқпасының диагнозы В-категория болса, жақсы нәтижемен емделсе де сақталады. АИТВ-жұқпасының көріністері дәл келсе, тез С-категорияның диагнозын қою керек.

https://cf.ppt-online.org/files1/slide/p/PvhwS24K7NGdUXizEy1AacxeQFrumBCWVso9ZJDR5/slide-13.jpg

2. Герпетикалық инфекция . Герпестік инфекция - (“герпес” грек тілінен аударғанда - жорғалаушы, жайылмалы) вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру. Herptsviridae тұқымдас вирустармен тудырылатын, контактілі, аэрогенды және жыныс қатынас арқылы жұғатын, көбінесе тері мен шырышты қабаттарын зақымдап, латентты, локальды және генерализденген клиникалық түрлерінде өтетін кең жайылған антропонозды жұқпалы ауру. Қазіргі күнде саны 80-нен астам, оның ішінде 8-і адам организмінен бөлінген, қалғандары әр түрлі жануарлардан. Адамдардың инфекциялану көрсеткіші 80-90%-ке дейін жетеді. Көбінде-латентты түрінде өтеді (антиденелер анықталады. HSV-антиденелер 70-100% адамдарда, Энштейн Баррвирусқа 25%, CMV-қа 60%, АИВ-ауруында герпесты инфекция-ең жиі кездесетін оппортунистикалық инфекция) . Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың ішінде ІІ-ІІІ орын алады. Герпесвирустар биологиялық қасиеттері бойынша 3 үлкен топқа бөлінеді: α, β, γ (Aephaherpes-vieinae, Betaherpesvirinae, Yamma-herpesvirinae) . Олардың ішінде вирустар тип бойынша бөлінеді: Адамдар арасында кең таралған І, ІІ типтері (α) -HSV-1; HSV-2 (simplex-қарапайым) ;

· ІІІ типы-VZV (zoster) -желшешек пен белдеуленген лишайды тудыратын вирус.

· ІV типы-Энштейн-Барр вирусы (EBV) (γ) -инфекциялық мононуклеоздың қоздырғышы.

· V типы-цитомегаловирус (ZMV) (B), цитомегаловирусты инфекцияны тудырады.

· VI-VII типтері-лимфа жүйеге өтіп, иммунитеті төмен адамдарды келесі жағдайларға ұшыратады: генерализденген түрлері, энцефалиттер, пневмониялар, лимфаденопатия.

· VII типы- созылмалы шаршағыштық синдромының себебі деген ғылыми пікірлер бар.

· VIIІ типы (γ-типы) - 1994ж. ашылған. Тудыратын аурулары (иммунды жетіспеушілік кезінде) саркома Капоши, біріншілік лимфомалар, Kастлеманн ауруы

Қарапайым герпес (HSV І-ІІ типы) көбінесе тері және шырыш қабаттарының зақымымен өтеді, кейде ОНЖ, көз, ішкі ағзаларға түсіп өршуіне тиісті. Инфекция рецидивтермен араласып латентты түрінде өтеді.

Этиологиясы

HSV I, HSV II-Alphaherpes-virinae тұқымдасқа кіреді. Зақымдайтын жасушаларды лезде жоюмен, қысқа мерзімді репродуктивті циклмен, жүйке жүйенің ганглийларында латентты түрінде ұзақ сақталуымен сипатталады. Жоғары температурада лезде жойылады (50-520 С-30), төмен теператураларда ұзақ сақталынады.

Эпидемиологиясы

Aурудың көзі: әр түрлі клиникалық түрлерімен ауыратындар, вирус тасымалдаушылар Тарау жолдары: тұрмыстық қатынас, ауа-тамшы, жыныс қатынас арқылы, вертикальды жолмен (мүмкін), интранатальды жолмен (көбінесе) .

Oрганизмге вирус тері және шырыш қабаттар арқылы түседі. Орналасатын жері: паравертебральды сенсорлы ганглийдердің клеткаларында (өмір бойы сақталады) . Аксондар арқылы вирус тері және шырыш қабаттарға түсіп - типті везикулезды бөртпелер тудырады (эпителиальдар клеткалардың тікенекті қабаттын баллон тәрізді дегенерализация және бөліну себебінен) . Везикулалардың іші фибринозды сұйықтыққа және сызылған эпителиальды клеткалармен толады. Репликация - 10 сағаттай өтіп, одан кейін вирус қанға шығады. Организмде иммунды жетіспеушілік айқын болса, онда инфекцияның генерализденген түрі дамиды (ішкі ағзалардың-ОНЖ, бауыр, бүйрек т. б., - зақымымен) . Вирусқа қарсы қорғаныста микрофагтармен интерферонның әсері маңызды роль атқарады. Инфекцияның ерекше түрі - туа біткен герпес. Трансплацентарлы жолымен жұқса - плацентит дамып, бала герпесты инфекция көріністерімен шала не өлі туады. Интранатальды түрінде жұқса (анада генитальды герпес болғанда) - көбінесе тері шырыш зақымдалу, сиректеу генерализденген түрі болады. Перинатальды герпес 3000-3 туған балалардың біреуінде кездеседі.

Клиникалық көріністері:

* Бұл аурудың кең тараған түрі - қарапайым герпес. Қарапайым герпестің элементтері жиі ауыз айналасында, еріннің шетінде, құлақ маңында байқалады. Алғашында бөртпелердің орнында қызу және шаншу сезімі, кейін қызару және ісіну пайда болады. Кейін тері немесе шырышты қабаттарда везикулалар пайда болады.

* Тері және шырышты қабаттардағы бір-біріне жақын орналасқан ұсақ 0, 1-0, 3 см көпіршікті элементтер қызарып, ісінген фонда орналасады және ауыру сезімімен сипатталады. Қызару 1-2 аптаға дейін сақталады, жоғары қызба, жалпы әлсіздік байқалады. Аймақтық лимфа түйіндері үлкейеді. Көпіршік ішіндегі сұйықтық көбінесе серозды, ал екіншілік инфекция қосылғанда іріңді болады. 3-5 күннен кейін ісінулер, қызарулар азая бастайды. Көпіршік ішіндегі серозды-іріңді сұйықтық жарылып қабыршаққа айналады. 7-9 күннен кейін осы ошақты аймақтар ізсіз жоғалып кетеді.

* ВПГ-1 жиі герпестік гингивостоматит түрінде білінеді;

* ВПГ-2 генитальды герпес, жаңа туған балалар герпесі және герпесті менингоэнцефалит түрлерінде білінеді;

* Желшешек - тері және шырышты қабаттарда папулезді-везикулезді бөртпелерімен сипатталады;

* Белдемелі герпес - жүйке талшықтарының үстіндегі тері зақымдалады. Белдемелі герпестің бөртпелері жиі бетте, мойында, омыртқа аралық жүйкелер бойымен шығады.

* Белдемелі герпестің бірнеше түрлері бар: буллезді, қатар орналасқан көпіршіктер, геморрагиялық көпіршіктер - гангренозды өзгерістер немесе жазылғанда тыртықтар байқалады.

* Жұқпалы мононуклеоз - қызба, лимфаденит, гепато-, спленомегалия, тонзиллитпен сипатталады.

* Цитомегаловирусты инфекция - тасымалдаушылықтан және қатерлі ісік түрлеріне дейін білінеді.

* Герпестік аурулардың клиникалық белгілері және рецидивтері көбінесе организмнің реактивтілігі төмендеген жағдайда және де клеткалық сонымен қатар гуморальды иммунитет төмендеген жағдайда пайда болады. Сондықтан қарапайым герпестің пайда болуының өзін әртүрлі факторлармен байланыстырады. Мысалы: травма, салқын тигізу, грипп, пневмония, стресс, т. б. Аурулардың әсерінен пайда болуы мүмкін.

http://900igr.net/datas/meditsina/Gerpes/0012-012-Virus-gerpesa-vyzyvaet.jpg

3. Цитомегаловирусты инфекция. Цитомегаловирусты инфекция - бұл қоздырушысы ұшық вирустары тобынан шығатын вирус болып табылатын ауру, оған сонымен бірге 1- және 2 -кәдімгі ұшықтың вирустары, шешектің және белдеулі теміреткінің вирустары, Эбштейн-Баррдің вирусы және 6, 7 және 8 типтегі адамның ұшық вирустары жатады. Цитомегаловирусты инфекциясының таралуы өте жоғары. Бір кезде организмге енген, цитомегаловирусты инфекция одан шықпай қалады - ол көбінесе жасырын түрде болады және иммунитет төмендеген кезде ғана пайда болады.

шалдыққандар АИТВ жұқтырылғандарға, сондай-ақ ішкі органдарын немесе жұлынын транспалантация жасатқан, иммунды жауапты басатын препараттарды қабылдаушы адамдарға айналады.

Алайда, бастапқы жұқтырған кезде жедел өтетін инфекциялық ауру пайда болуы мүмкін. Жұқтыру көбінесе жаңа туған кезеңінде және ерте балалық шағында болады, әсіресе бұл дамушы елдерде жиі кездеседі, бұл елдерде, жас адамдар инфекциясының таралуы, дамыған елдермен салыстырғанда, едәуір жоғары.

Цитомегаловирусты инфекцияның жатыр ішіндегі түрі мейлінше қауіпті, бұл - жүктілігі кезінде бастапқы цитомегаловирусты инфекцияға шалдыққан анадан туған балалар үшін қауіпті. Туа біткен цитомегаловирусты инфекция көбінесе өсіп-жетілуін тежеуге, сондай-ақ көптеген қолайсыз салдарға, оның ішінде ақыл-есінің тежелуіне және саңыраулыққа әкеледі.

Цитомегаловирусты инфекцияның вирусы қалай әсер етеді.

Вирус дені сау адамның қанына түседі және көзге көрінетін иммунды жауапты туғызады, ол дене қарсылығының - ерекшелік қорғаныш белоктарының - иммуноглобулиндер М (Anti - CMV - IgM), сондай-ақ жасушалы - вирустарға қарсы басты қорғаныш реакциясының пайда болуымен білінеді.

CD 4 және CD 8лимфоциттер цитомегаловирустарға қарсы қуатты белсенділікке ие болады. Сондықтан да жасушалық иммунды жауаптың сырқыраған кезінде, мысалы ЖИТС кезінде CD 4лимфоциттері пайда болуының бұзылуы кезінде цитомегаловирусты инфекция белсенді түрде дамып, бұрынғы жасырын инфекцияның реакцияға түсуіне әкеледі.

Цитомегаловирусқа қарсы М иммуноглобулины, шамамен жұқтырылғаннан кейін 4-7 аптадан кейін пайда болады және қан құрамында 16-20 апта бойына болады. Бұл мерзімде осыларды қан құрамынан анықтау, бастапқы цитомегаловирусты инфекцияның айғағы болуы мүмкін. Содан кейін М иммуноглобулиндерG (Anti - CMV - IgM) иммуноглобулинымен ауыстырылады, бұл осыдан кейінгі бүкіл ғұмыры бойына сондай не өзгедей дәрежеде қан құрамында болады.

Қалыпты иммунитет кезіндегі көпшілік жағдайларда, организмде жасырын инфекция түрінде ұзақ уақыт қалатынына қарамастан, цитомегаловирусты инфекция симптомсыз өтеді. Вирустың дәл қай тұста сақталатыны белгісіз болады, ол көптеген органдар мен ұлпаларда болады деп жорамалданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цитомегаловирус (ЦМВ)
Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процестердің жас ерекшеліктері
Нәрестелердегі В гепатиті
АИВ инфекция
Жатырішілік инфекция. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері
Энтеровирусты инфекция
АИТВ инфекциясы. Этиологиясы және инфекция көзі
Балқу қисықтары
Шешек, құтыру, арбо-, аденовирустар. Герпесвирустар. Диагностикасы, алдын-алуы және емі
Вирустық респирациялы жедел инфекциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz