Екіншілік мерез


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Мерез кезінде ішкі ағзалардың, көру ағзаларының және жүйке жүйесінің зақымдалуы.
Факультет: Жалпы медицина
Пәні: Дерматовенерология
Формасы: Мәнжазба
Орындаған: Оразова Г. И.
Тобы: 407 Б
Тексерген: Исалиева Г. Н.
Ақтөбе 2018 ж.
Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
1. Мерез ауруына сипаттама.
2. Оның клиниакасы. Ағзаларды зақымдауы.
3. Диагностикасы және емі.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе:
Мерез ауруы. Сифилис.
Treponema pallidum - Мерез қоздырғышы. Иелген бактерия, 8-12 бір келкі иермегі бар, қозғалғыш, спора, капсула тузбейды, грам теріс, Романовский-Гимза бойынша бозғылт қызыл түске боялады, сондықтан бозғылт трепонема деп атайды. Жасанды орталарда өспейді.
Мерез дегеніміз жыныстық қатынас инфекциясы нәтижесінде дамитын созылмалы дерт.
Тері мен кілегей қабықтардың ұсақ жарақаттары арқылы тіндерге енетін мерез қоздырғышы - бозғылт трепонема бірқатар жалпы және жергілікті реакциялар тудырады. Дерт қоздырғышы қан құю кезінде берілуі де мүмкін (трансфузиялық мерез) .
Мерез эпидемиологиясы:
- 1905 ж Э. Гофман бозғылт трепонема мерезді шақыратынын дәлелдеген.
- Осы мерез ауруы 1495 жылдан бастап тіркелген.
- Антропонозды инфекция.
- Жұғу жолы - жынысты қарым қатынас, плацента арқылы.
- Мерез (Lues) - баяу созылмалы инфекция (жынысты жолмен берілетін инфекция) .
- Туа пайда болған мерез.
Мерез патогенезі:
Инкубациалық кезен - 6 апта, орташа 3 апта. Енген жерде қоздырғыш көбейеді, қанға барады, 3-6 ай бактериемия болады, паренхиматозды мүшелер зақымдалады - бауыр, көкбауыр, өкпе, бүйрек, журек, көз, ми зардап шегеді.
Мерез клиникасы үш кезеннен турады.
- Біріншілік мерез.
- Екіншілік мерез.
- Үшіншілік мерез.
- Нейросифилис.
Біріншілік мерез - енген жерде жара пайда болады, катты шанкр деп аталады, осы жара тығыз аурсынбайытын инфильтрат. Басқа ешқандай симптомдар байқалмайды. Қатты шанкр 1-2 айдан кейін өзінен өзі жазылады.
Біріншілік мерез (қатты шанкр, инициалдық склероз) . Дерт жұқтырғаннан кейін орташа есеппен 3 аптадан соң инфекцияның кірген жерінде тері дөңгелек пластина тәрізді қалыңдайды, сәл көтеріңкі және айналасындағы тіндерден бөлектеніп тұрады. Эпителий жамылғысы жарақаттанған кезде беті ылғалданады. Алынған жұғындыларда қараңғы бөлмеде мерез қоздырғыштарын көруге болады. Алғашқы ошақта ешқандай ауырсыну сезімі болмайды. 1 -2 апта өткен соң аймақтық лимфа түйіндері ұлғайып қатаяды, әйтседе олар жылжымалы күйінде қалады және ұстаған кезде ауырмайды. Біріншілік мерез басым көпшілігіне сыртқы жыныс ағзаларында орналасады. Бірақ, инфекцияның алғашқы ошағы экстрагениталдық ағзаларда орналасуы мүмкін екенін есте тұтқан дұрыс. Біріншілік мерез науқастың ұртында, ерінінде, иегінде, маңдайдың шашпен шектесетін жерінде, тілдің алдыңғы үштен бірінде, жұмсақ таңдайда, бадамша бездерде, бөксе қатпарларында, артқы тесікте, тік ішекте, сүт бездерінің емізігінде және қол басының саусақтарында орналасуы мүмкін. Біріншілік мерездің мұндай атипиялық жерде орналасуына инфекцияның қол немесе сақал қырғыш құралдар, тамақ ішетін ыдыстар арқылы берілу мүмкіндігі және сүйіс пен жыныстық қатынастың кейбір дәстүрлі емес
түрлері себеп болуы мүмкін. Дифференциалдық диагноз жүргізген кезде туберкулез бен қатерлі ісіктерді ескеру қажет. Мерез қоздырғыштары серологиялық реакциялар көмегімен қанда тез табылады. Мерезге жергілікті ем жүргізудің нәтижесі болмайтынын және оның ешқандай мағынасы жоқ екенін ескертуді жөн көрдік. Ерте басталған жалпы емсіз біріншілік мерез міндетті түрде екіншілік және үшіншілік мерездің дамуына әкеп соғады.
Мерез кезіндегі қатты шанкр:
Екіншілік мерез.
Мерезді жұқтырғаннан кейін 6-12 апта өткен соң мерездің 2-3 жылға созылатын екінші сатысы басталады. Дерттің бұл сатысында инфекция организмге жайылады. Тері мен кілегей қабықтар зақымданып, ылғалды түйіншектер, жаралар мен инфильтраттар пайда болады. Дерттің бұл жайылмалы кезеңі хирургиялық тұрғыдан қарастыруды қажет етпейді.
Үшіншілік мерез.
Мерездің кеш сатысы екіншілік сатысынан кейін көп жылдар, кейде оншақты жылдар өткен соң дамиды. Мерездің бұл сатысында тері мен кілегей қабықтар сирек зақымданады, негізінен ішкі ағзалар шалдығады.
Мерездің кеш сатысына тән көрінісі - мерездік гумма (сифилома, гуммалық ісік) . Бұл арада көлемі еркек адамның жұдырығындай түйірлі (гранула) ісік жөнінде сөз болып отыр. Гумманың қанмен жеткілікті жабдықталуына қарамастан оның орта жері тез өліеттенеді, өйткені оған қатысты қан тамырлары айналасындағы қабыну процестеріне де атсалысады. Гумма түйіндерінің айналасында дәнекер тіндердің үлғая өсуінен тыртықты қапшық түзіледі. Өліеттенген ұлпалардың көлеміне байланысты гуммалар еріп кетуі немесе толығымен тарап кетуі мүмкін.
Мерездің бұл сатысының хирургтер үшін маңызы зор, өйткені гуммалық түзілістерден ешбір ағза құр қалмайды. Сонымен қатар мерездің кеш сатылары кез келген дертің көрінісін өзгертуі мүмкін.
Тері мен тері астындағы шелдердегі гуммалардың ағымы қатерлі ісіктердің ыдырауына өте ұқсас. Осы кезде түзілетін гуммоздық жаралардың пішіні дөңгелек, жиектері тегіс, тік болып келеді (туберкулез жараларының жиектері жыртылған сияқты, жараларының түбі терең кратер тәрізді және жұқа іріңді жамылғысы бар) . Гумма ісігінің сүйекті зақымдауы жиі кездеседі.
Үшіншілік мерездік ісіктер тілде, бадамшада, жұмсақ және қатты таңдайда орналасуы мүмкін. Кейде гуммалар әйелдердің сүт безінде диффузды немесе түйін тәрізді ісік түрінде кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда ісіктің табиғатын анықтау өте қиынға түседі.
Гуммалар сонымен қатар қаңқа бұлшық еттерінде кездеседі, оларды мигелезден, паразиттерден айыру қиын. Сүйек, сүйек қабы, буынның зақымдануы жиі орын алады.
Сүйек қабының гуммозды қабынуы (гуммозды периостит) оның ішкі қабаттарынан басталады да сүйек (гаверс) өзекшелері арқылы өтіп бір мезетте бірнеше жалпақ ісінулердің түзілуіне әкеп соғады. Маңдай, шеке
сүйектері және ұзын түтікті сүйектер жиі зақымданады. Сүйек қабындағы гуммалар дұрыс емдеген жағдайда толығымен тарап кетеді. Кейде қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Сүйектің гуммозды қабынуы (гуммозды остеит) . Әдетте сүйектің барлық қабаттарының қабынуы, яғни гуммозды паностеит көрініс береді. Оны мерездік периоститтен айыру қиын. Жұқа сүйектер зақымданған кезде соңғылары толығымен талқандалуы мүмкін (мерездік ер тәрізді мұрын) . Бас, омыртқа, төс және жамбас сүйектерінің талқандалуы кездеседі. Рентгенографияда сүйектің кеуектенуі, склероз, секвестрлі остеит көрінеді. Сүйектің сынғыштығы байқалады.
Буын мерезі. Буын мерезі ірі буындарды зақымдайды. Синовиалдық жарғақшада (мембрана), буын қапшығында гумма пайда болғанда буында созылмалы симметриялық су жиналуы байқалады. Сондықтан, оларды буынның ревматикалық дерттерімен шатыстырып алуға болады. Кейде мұндай су жиналуы туберкулез шеменін еске түсіреді. Синовиальдық туберкулез сынды мерездік артритте де буынды толтырып тұратын мерездік саңырауқұлақ пайда болады. Буын мерезінің жақын маңдағы сүйекке немесе керісінше сүйек мерезі буынға көшуі мүмкін.
Туапайда болған мерез. Анасынан баласына жұғады егер анасында екіншілік мерез болса. Үшіншілк кезенінде жұқпайды. Жүқтіліктін алғашқы айларында трепонемалардың әсерінен ұрық өлі туады. Жүктіліктін 2 және 3 триместрде жұқса, ұрықта ақаулар пайда болады.
Симптомдары:
Алғашқы мерездің симптомдары:
Жыныстық ағзаларда, ауызда, теріде немесе тік ішекте шағын, ауырмайтын ашық жаралар немесе ойықжаралар (шанкр) пайда болуы; олар өздігінше 3-6 аптада өтеді.
Бактериялар организмде өсуін жалғастырады, бірақ, екінші сатыға дейін ауру аз симптоммен өтеді.
Екінші мерездің симптомдары:
- Бөріткен, әдетте, алақанда, табанда пайда болады.
- ойықжаралар ауыздың маңында немесе ішінде, іншекте (қынапта) немесе жыныстық мүшеде
- жыныстық мүшенің аумағында немесе тері қыртысындағы ылғалды, сүйелді түзілістер (кондилома аталатын)
- қызба
- жалпы әлсіздік
- тәбетті жоғалту
- бұлшық еттің ауырсынуы
- буындардың ауырсынуы
- лимфа түйіндерінің ұлғаюы
- көрудің бұзылысы
- шаштың түсуі.
Үшінші мерездің симптомдары қандай ағза зақымдалғанына байланысты. Олар бір-бірінен ерекшеленеді және оларды анықтау қиын.
Үшінші мерездің симптомдары:
- жүректің зақымдануы (аневризма қалыптасуы немесе қақпақшалардың зақымдануы)
- орталық жүйке жүйесінің бұзылысы (нейромерез)
- терінің, сүйектің, немесе бауырдың ісіктері
Диагностика:
Дәрігер немесе медбике науқасты қарайды. Өткізілетін тексерулердің түрлері:
- ойықжарадан шығатын бөліндіні зерттеу
- ЭхоКГ, аортальдық ангиография немесе жүректің катетеризациясы арқылы ірі қантамырларын зерттеу
- Мерезді туындататын бактерияларды анықтау үшін қан талдауы (антикардиолипиндік тест RPR немесе VDRL) - бұл талдаулар оң болса, диагнозды нақтылау үшін келесі тексерулердің бірін өткізу қажет:
- РИФ-АБС (солғын трепонемалардың иммунофлуоресценция реакциясы, абсорбциялаумен)
- МГА-TP (T. Pallidum микрогемагглютинация әдісі)
- Люмбальдық пункция және жұлын сарысуын зерттеу.
Емдеу:
Мерезді пенициллин, бензатин, доксициклин, тетрациклин (пенициллинге аллергия болса) секілді антибиотиктермен емдеуге болады. Емдеудің ұзақтығы мерездің ауырлығына және науқастың жалпы жағдайына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz