Пневмоцистті пневмония


Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра: Жұқпалы аурулар және балалар инфекциясы
Дисциплина: Жұқпалы аурулар
Тақырыбы: ЖИТС-индикаторлы аурулар. Пневмоцистті пневмония. Капоши саркомасы.
Орындау формасы: Реферат - эссе
Орындаған: Тәжіғос А. Т.
Тексерген: Нургалиева М. Г
Тобы: 407 Б
Ақтөбе 2019 жыл
Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- ЖИТС-индикаторлы аурулар
- Пневмоцистті пневмонияның анықтамасы
- Капоши саркомасы туралы түсінік
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS ) - аса қатерлі вирустық дерт. Қоздырушы - адамның иммундық дефицит вирусы HIV (ИДВ) . Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады.
ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40-50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады. Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуалъдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3-4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70-75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдану-ылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, 6ұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан) . Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр. Қазіргі таңда көптеген жұқпалы аурулар белең алып, халқымыздың денсаулығына зиянын тигізіп келеді. Мəселен, жас айырмашылығын талғамай, елімізге қауіпті дерт болып жабысқан - СПИД ауруы.
Негізгі бөлім
Пневмония (гр. pneumon - өкпе), өкпе қабынуы - өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін.
Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т. б. факторлар әсер етеді.
Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония , ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.
Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 - 40 o С-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 - 5 күннен кейін қайта бастайды.
Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиник. белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2 - 3 аптадан соң жазыла бастайды. Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Физиотерапия, емдік денешынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі.
Белгілері
- Бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі;
- Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы.
- Әр дем алыПневмониядем шығарған сайын мұрынның желбезегі тұрады.
- Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді) .
- Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан) .
- Кеуде ауырады.
- Науқастың халі ауырлайды.
- Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі жәнетереңболса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы жүйке ауруы болуы мүмкін.
Өзге түрлері
- Абецедирлейтін пневмония - аденовирустар туғызатын интерстициальдық пневмония, әдетте жара некрозды трахеиттермен және күшті байқалатын паренхима некрозымен бірге жүреді.
- Алейкоцитарлық пневмония - бұл жағдайда альвеолярлық экссудат құрамында лейкоциттер болмайды, лейкопениялық күй кезінде, мәселен, сәуле ауруы кезінде байқалады.
- Ареактивтік пневмония (анергиялық пневмония) - әлсіреген адамдардың немесе кәрілік жасындағы адамдардың организмнің реакциясы төмендеген кезде байқалатын температуралық реакциясы айқын болмайтын аурудың босаң ұзақ барысы.
- Аспирациялық пневмония - бөтен заттармен және сұйықтармен аспирациялау нәтижесінде дамитын жедел пневмония.
- Ателектаздъқ пневмония - өкпе учаскесіне инфекция арқылы пайда болған ауру.
- Өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы - аурудың әдеттегі түрінен ауытқып кетуін сипаттайды.
- Өкпенің ацинозды қабынуы - ацинусты құрайтын альвеола тобын қамтиды.
- Өкпенің ацинозды-нодозды қабынуы - бөлек ацинустарды қалай қамтыса, ацинус тобын да солай қамтиды.
- Өкпенің билиозды қабынуы - өт арқылы асқазан ішіне бөгде заттардың түсуі салдарынан жаңа туған балада дамиды. Ауру жағдайында ас ішектен асқазанға түседі. Өкпедегі ұлпаның тез қорытылуын сипаттайды.
- Өкпенің сырқырамалы сары ауруынан қабынуы - сары ауруымен ауыратын адам өкпесінің қабынуы, құрғақ немесе сұйық заттан болатын сірі қабықтың қабынып және кеңірдек бездеріне салқын тиіп құятын ошақтардың пайда болуымен альвеоланың қабынуы түрінде өтеді.
- Өкпенің іш сүзектен қабынуы - іш сүзек ауруының 3-4 аптасында басталады, регионарлы лимфа түйіндеріндегі өкпе тканінде іш сүзектен тері талаурап іседі.
- Өкпенің вагусты қабынуы - көкірек қуысына зақым келгенде, жылжымалы жүйкелердің тітіркенуден өкпенің қатты қабынуы.
- Өкпенің үстіңгі бөлшек қабынуы - өкпенің жоғарғы жағына жайылмай қабынуы.
- Жаңа туған бала өкпесінің ана құрсағы ішінде қабынуы - ана құрсағы ішінде даму кезінде немесе туар кезінде пайда болған.
- Шіріген пневмония - өкпе шіруімен асқынған пневмония.
- Өкпеге қанның жиналуынан қабынуы - альвеолды сұйық затта және қақырықта көптеген қанның қызыл түйіршіктері байқалады, мысалы, тұмау кезінде, өкпеден тиетін чума түрінде, түйнеменің іріңді түрінде байқалады.
- Өкпенің жансызданып, қанды қабынуы - өкпедегі ұлпаның жансызданып, альвеолды қанды сұйық заттың жиналуы. Тұмау кезінде өкпеден тиетін чума түрінде байқалады.
- Өкпенің аса ірі клеткалық қабынуы - альвеолды сұйық зат құрамында бір ядролы көп клеткалар болады. Цитомегалия кезінде және кейбір басқа вирусты ауруларда байқалады.
- Ауа тазартқыштың жетіспеуінен өкпенің қабынуы - өкпедегі ұлпаның инфицирлі бөліктерінде ауаның төмендеуінен, мысалы өкпедегі ателектаздың толық болмауынан болады.
- Өкпенің гипостатикалық қабынуы - өкпе тканінің кіші күре тамырында қан кернегенде пайда болады, мысалы, ұзақ уақыт шал қасынан жатқан кезде өкпенің артқы бөліктерінде пайда болады.
- Өкпенің тұмауратқаннан қабынуы - 1. Тұмау асқынған кезде, әдетте бактериялы көбіне стафилокок жұқпалы ауру жинақталғанда дамиды, ауру созылмалы түрде өтеді және бейімділікпен іріңді ісікке айналады; 2. өкпенің тұмауратқаннан алғашқы қабынуы - өкпенің қанды қабынуы қан айналымының бұзылуынан қатты өтетін түмаудың пирусын қоздырады.
- Өкпенің бөлік аралық қабынуы - көбінесе бөлік аралығындағы дәнекер болып тұратын ұлпаның ісіп қызару әрекетінің кеңейген өкпенің интерстициальді қабынуы.
- Өкпенің микоплазмадан қабынуы (саңырауқулақ бактериясындағы сұйық бөлік) - өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы, алғашқы түрі - микоплазманы қоздырып өкпе ошағының немесе бір бөлігінің қабынуы.
- Өкпенің миллиарлы қабынуы - көп, ұсақ, диаметрі 1-2 мм ісу, қызару ошақтарының пайда болуы.
- Өкпенің обтурациялы қабынуы - кеңірдек тарамындағы саңылаудың шырышпен немесе бөгде заттармен бітеліп қалуына себепші болатын ауру.
- Өкпенің орнитозды қабынуы - орнитозда өкпенің интерстициальді немесе ұсақ ошақтарының қабынуы ауру белгісі әлсіз көрінеді, ауру ұзақ өтеді және бейімділікпен қайталанады.
- Өкпенің жедел қабынуы - сұйық заты болатын қабыну түрі бойынша өкпе қабынуының тез дамуы.
- Өкпенің ошақты қабынуы - өкпедегі ұлпаның шамалы бөліктерін қамтиды.
- Өкпенің паравертебральді қабынуы - омыртқасымен жатқандардың өкпе бөліктерінің бірінде болады; көбіне жаңа туған балада байқалады.
- Кеңірдек тарамдарындаты ұлпаның талаурап ісуінен өкпенің қабынуы - көбінесе кеңірдек тарамдары айналасында болады: кеңірдек тарамдарында ұлпаның талаурап ісіп, лимфа жолымен өкпедегі ұлпа де ісіп қызару әрекетінің таралуы салдарынан пайда болады.
- Өкпенің перифокальды қабынуы - табиғаты жағынан ісіп қызармайтын өкпенің зақымдану ошағы (мысалы жансыздану ошағы) айналасында дамиды.
- Өкпенің пневмококтан қабынуы - өкпедегі шар тәрізді бактерияны қоздырып, өкпенің ісіп қабынып ауруы немесе өкпе ошағының қабынуы талшықпен және іріңмен жиі араласқан ұйыма альвеолды сұйық заттан тұрады.
- Өкпенің операциядан кейін қабынуы - өкпенің көбінесе орнықпай немесе ауа тазартқыштың жетіспеуінен қабынуы, хирургиялық операциядан кейінгі жақын күндерде дамиды, кәрі адамдарда немесе әлсіз ауруларда жиі болады.
- Өкпенің полифераттық қабынуы өкпенің СОЗЫЛМАЛЫ түрде қабынуы, альвеола мен кеңірдек тарамындағы кілегейдің ұлғаюынан болады.
- Өкпенің жалған лобарлы қабынуы өкпе ошағының араласып қабынуы рентген сәулесімен тексергенде және емдегенде өкпе бөлігінің қабынуын мысалы крупозды ісінуін еске салады.
- Өкпенің реаматизмнен (сарнтап) қабынуы ревмативм асқынғанда, өкпе ошағының көбіне бір бөлігінің қатты қабынуы, өкпе қан тамырларындағы бұлшық ет сіңірінің жансыздануы себепші болады.
- Өкпенің бір текті қабынуы - өкпенің сегментін (бар тектестігін) қамтпды.
- Өкпенің септикалық қабынуы - іріңдеткіш мпкробтардың қанға жайылып асқынуы немесе қанды іріңнің организмге жайылуының білінуі.
- Өкпенің сары суланып қанның жиналуынан қабынуы - қанның қызыл түйіршектерінің нашар жағымен араласқан сары сулы альвеолды сұйық заттан болады, мысалы тұмау кезінде, обада байқалады.
- Өкпенің сары суланып фибринді қабынуы - фибринмен араласқан сары сулы альвеолды сұйың заттан болады.
- Өкпенің түйнемеден қабынуы - өкпе ошағының қатты жансызданып, қанның жиналып қабынуы өкпеге түйнеме бацилласының енуінен болады, түйнеменің іріндеткіш микробтары қанға және ұлпаға жайылады.
- Өкпенің араласып қабынуы - жеке, ұсақ ісіп қызару ошақтарының тым ірілеріне келіп қосылуы.
- Өкпенің стафилокктан қабынуы өкпе ошағының кейде араласып қабынуын cтафилококк қоздырады. Өкпедегі ұлпаның жансыздануы және іріңдеуі көбінесе балаларда, кәрі және әлсіз адамдарда байқалады.
- Өкпенің зақымдалудан қабынуы - өкпеге зақым келгенде, мысалы, қабырға сынғанда, өкпе зақымданып қабынады.
- Өкпенің зақымданудан екіншілей қабынуы - қарама-қарсы жарақат жағында дамиды.
- Өкпенің зақымданудан қабынуы, алғашқы түрі - жарақат түскен өкпеде дамиды.
- Қан ұйып тамырдың бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы - өкпедегі үлкен күре тамырдың бітеліп қалуынан немесе оның тарамдарының кішкентай бөлшектерінде қанның ұюынан болады.
- Өкпенің туляремиядан қабынуы - өкпеге туляремия таяқшасының енуінен өкпе ошағының сары суланып, фибринді қабынуы, ұзақ уақыт жансызданады және іріңді ісікке айналады. Лимфа бездерінің ауруы және ірі қабықтың қабынуы дамиды. Осының негізінде өкпе туляремиясы дамиды.
- Өкпенің фибринозды - қанды қабынуы - сары сулы альвеолды сұйық затта фибрин мен қанның қызық түйіршіктерінің саны көп болады, мысалы, обада байқалады.
- Өкпенің созылмалы түрде қабынуы - ұзақ уақыт асқынады және өкпедегі ұлпаның зақымдалған бөлімі біртіндеп тыртықтанып тыржиып дәнекер ұлпаға айналып қатаяды.
- Өкпенің орталықта қабынуы - қабыну ошағы өкпе бөлігінің тамырында болады, ал сірі қабық ауру күйінде тартылмайды.
- Өкпенің обадан қабынуы - өкпеге оба таяқшасының енуінен өкпенің сары суланып және қанның жиналып фибринді және қанның жиналып немесе жансызданып қабынуы. Осының кезінде өкпеге оба ауруы тарайды.
- Қан тамырының бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы - өкпедегі үлкен күре тамырдың немесе оның тарамдарының бітеліп қалуынан болады.
- Иллинос өкпенің қабынуы - хламида тобынан ұсақ организмдер қоздыратын қатты жұқпалы ауру, өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.
- Луизиан өкпенің қабынуы - хламида тобынан ұсақ организмді қоздыратын қатты жұқпалы ауру. Өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.
- Сүйекті қалпына келтіргеннен өкпенің қабынуы - ауру себебі белгісіз, негізінде перфокальды қабынудың пайда болуымен өкпедегі дәнекер болып тұратын ұлпаның сүйектену ошағының тууы жатыр.
Емдеу жолдары
- Өкпе қабынуын антибиотиктермен емдеу емір немесе өлім мәселесіне келіп тірелуі мүмкін. Пенициллин, ко-тримоксазолнемесе эритромицин беріңіз. Науқастың халі нашарлап бара жатса прокаин-пенициллин шанышыңыз, ересек адамдарға: күніне 2-3 рет 400 000 ед (250 мг) немесе күніне 4 рет 500 мг ампициллин ішкізіңіз. Жас балаларға ересектерге берілетін дәрі мөлшерінің 0, 5-025 мөлшерін беріңіз, 6 жасқа дейінгі балаларға ампициллин берген жөн.
- Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен беріңіз.
- Науқасқа мейлінше көп сұйық беріңіз. Егер науқас тамақ іше алмаса, онда оған сұйық тағам немесе регидрат сусынын беріңіз.
- Жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйық ішу және су буы ингаляциясын жасау ұсынылады.
- Сырыл болған жағдайда теофиллин немесе эфедрин түріндегі демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.
Саркома - cүйек тканінің қатерлі ісігі. Даму мерзімі әр қилы: кейде өте тез, кейде айлап қатерлі ісікке айналады. Денсаулық күрт нашарлап, температура көтеріліп, метастаз ошақтары лимфа бездеріне, сүйектерге, өкпеге т. б. ағзаларға тарауымен сипатталатын қатерлі ауру. Клиникада кездесетін түрлері: фибросаркоматалшықты дәнекер ісігі; ангиосаркома - сүйек қан тамыр элементтерінің ісігі; остеосаркома - сүйек тканінің ісігі; хондросаркома - шеміршек тканінің ісігі; ретикулосаркома - жетілмеген тор тәріздес ұлпа ісігі
ҚАТЕРЛІ ІСІК, саркома (лат. cancer, carcіnoma және грек. karkіnos - шаян, краб) - тіндердің айналасында өсіп, олардың қызметін бұзатын ісіктер; осы ісіктердің жайылуынан организмде метастаз процесінің басталуы. Ісіктің тарамдалып, айналасы шаянның аяғы сияқты болғандықтан Қ. і. рак деп аталған. Қ. і-тің негізгі бөлігі - эпителий паренхимасы және көптеген қан тамырлары мен лимфа талшықтары болатын дәнекер тін. Сыртқы пішіні саңырауқұлақ пішінді ісік ас қорыту жолдарының кілегей қабаттарында болады. Ал жайпақ табақ тәрізді түрі тері қабатының клеткасына, ауыз қуысының кілегейлі қабатына, тыныс алу, зәр шығару және жыныс мүшелеріне түседі. Қ. і. ауруы өте ертеден белгілі. Б. з. б. (2 мыңжылдықтағы) Мысыр, Үндістан, Қытай дәрігерлерінің қолжазбаларынан бұл ауру туралы мәліметтерді кездестіруге болады. Қ. і-тің неден пайда болатыны белгісіз болғанымен қандай жерде, қандай сыртқы факторлар әсер ететіндігі зерттелген. Қ. і. аяқ астынан пайда болмайды, оның өсуіне әр түрлі ұзаққа созылған патол. жағдайлар, мыс., мезгілінде емделмеген, ұзақ уақыт жазылмай жүрген жара (ішек-қарын жарасы, тері, жатыр жаралары, т. б. ) себеп болады. Қ. і-тің биол. ерекшеліктеріне адамның біраз уақытқа дейін ауруын сезбеуі, ісіктің көлемі 5 см-ден асқанда ғана науқастың ауырсынуы жатады. Қ. і-тің пайда болуына: рак туғызушы вирустар, сәуле көздері (радий, рентген), канцерогендік хим. заттар, (бензпирен, т. б. ) гормондар, онкогендер әсер етеді. Қ. і-терді туғызатын зиянды заттар тікелей клетканың ядр. құрылымына (ДНҚ, РНҚ) әсерін тигізіп, клетканың өсіп өну процесін реттеп отыратын белоктардың сандық-сапалық қасиеттерін өзгертеді. Қ. і. клеткасы - организм ішінде пайда болатын тіршілік көзі. Ол организмге түсетін тағаммен, тіннің, мүшенің қалыпты клеткаларымен қоректенеді. Қ. і-тің клиникасы: ісіктің қай түрі болсын алғашқыда жанға батып ауырмайды, ісіктің мөлш. 1 - 2 см болғанша ауру сезілмейді. Ісік өсе келе кілегей қабыршағын жарақаттап, ондағы қан-тамырлар қабырғасын теседі. Егер ол асқазан-ішекте болса, қан адамның нәжісімен араласып, тік ішек арқылы сыртқа шығады. Ал ісік өкпеде болса, кеңірдек арқылы қан аралас қақырық түседі. Қ. і. түйіні өсе келе, қан-лимфа сұйықтықтары арқылы басқа мүшелерге тарайды. Егер адамның иммунитеті жоғары болса, ісіктің денеге таралуы баяу жүреді. Қ. і-тер өсіп жайылған кезде адамның ең маңызды органдарын зақымдап, олардың қызметін тежейді. Мыс., өңеш Қ. і-гі (қылтамақ) адамды ашығуға душар етсе, несеп жолдарының Қ. і-гі несепті жүргізбейді. Ал Қ. і-тің қай түрінде болсын, асқынған кезде науқаста кахексия дамиды. Қ. і-ке диагностика жасау үшін клиник., параклиник. әдістер қолданылады. Нақты диагноз ісіктен алынған биопсияның қорытындысы бойынша қойылады. Емі: ісікке хирургиялық операция жасайды, ультра-сәулемен күйдіреді; хим. терапиялық заттар (дәрі-дәрмек препараттарымен) және гормондар иммундық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz