Токсоплазмоздардың анықтамасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра: Жұқпалы аурулар және балалар инфекциясы

Дисциплина: Жұқпалы аурулар

Тақырыбы: ЖИТС-индикаторлы аурулар. Кандидоздар. Токсоплазмоз.

Орындау формасы: Реферат - эссе

Орындаған: Тәжіғос А. Т.

Тексерген: Нургалиева М. Г.

Тобы: 407 Б

Ақтөбе 2019 жыл

Жоспары:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • ЖИТС-индикаторлы аурулар
  • Кандидоздардың анықтамасы
  • Токсоплазмоздардың анықтамасы
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бүгінгі таңда 16 миллионнан астам адам ғасыр дерті кесірінен көз жұмса, эпидемия белең алғалы бері 60 миллиондай адам осы вирусты жұқтырған екен. БҰҰ-ның берген дерегіне сүйенсек, ЖИТС әлемдік аумақта адам өлімінің себепкері ретінде төртінші орын алды, ал оның жұқпалы дерт екенін ескерсек, ертеңгі күні бүкіл адамзатқа қауіп болып төнері анық. Егер де 2001 жылға дейін дүниежүзінде күніне 8500 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1600 адам деп беріліп жүр. Қазақстанда осы дертке шалдыққандардың саны 2007 жылы наурызда 7709 адамға жеткен. Бұл - ресми мәлімет. Ал шын мәнінде, бұдан әлдеқайда көп. Дәрігерлердің жауапсыздығынан оңтүстік өңірдегі бей-күнә сәбилердің ВИЧ инфекциясын жұқтыруы, санының күн сайын артуы бәрімізді ойландырады. Ғасыр дертінің жас талғамайтыны, ең соңында ажал құрсауына алатыны бәрімізге сабақ болса екен. БҰҰ-ның есебі бойынша 15-24 аралығындағы жастардың 12 миллиондайы жыныстық қарым-қатынас арқылы ВИЧ инфекциясына шалдыққандар. Егер алдыңғы буын осы жабық тақырып аясында жастармен әңгіме өрбітсе, қатерлі дерттің алдын алар еді. Экономикасы дамыған Канада, Франция, Швеция сияқты елдерде осындай тақырыпта кеңінен ашық айтылғандықтан жасөспірімдер арасындағы жүктілік және жыныстық қатынастар арқылы берілетін түрлі жұқпалы аурулардың көрсеткіші азайған. Бірақ бірден-бір осы дертке шалдыққан жастарға көмек беретін де, арсыздықты тыятын да имандылық екенін ұғынуымыз керек. Өйткені, ислам дінінде некесі қиылмай жастардың жақындасуына тыйым салынады. Әрбір ұл-қыздарымыз ислам дінінің осындай тазалығын бойына сіңіріп, адал жолмен жүрсе, денсаулығымыз жақсы, отбасымыз берік болар еді.

Негізгі бөлім

Бұл аурудың қоздырғышы - Candida, анаскоспоралық ашытқы саңырауқұлақтар. Ашытқы саңырауқұлақпен - терінің шырышты қабығы, тырнақ, тырнақтың көбесі, еріннің қызыл жегі, ауыз қуысы, терінің жазық жері, әсіресе ірі қатпарлары зақымданады.

Кандидозбен шырышты қабықтың зақымдануы. Бұл ауру өте кең таралған, көбінде ауыз қуысы-ның шырышты қабығында стоматит, глоссит, ангина түрінде кездеседі. Жаңа туған нәресте өмірінің алғашқы апталарында көп кездеседі. Тілде, жұмсақ таңдайда, ұртта ісінген, қызарған ақшыл жұқа қабық пайда болады. Алғашында қабығы жеңіл алынады, бірақ созылмалы кезінде ол жабысып, алынған соң қанағыш сыдырылу байқалады. Ересек әйелдерде және кішкентай қыздарда қынаптың шырышты қабаты, жатыр мойнында ақшыл-сұр, тұтас немесе қиқымды қабық пайда болады, ерекше сұйықтық ағады. Қатты қышиды, қайталауға биімділік көрсетеді.

Езу кандидозында (заеда) эрозия және ауыратын жырық пайда болады. Айналасында ақжемделген мүйізденген қабаттан тұратын ақшылдау жиегі көрінеді. Көбінесе езу кандидозы ересектерде созылмалы асқазан-ішек ауруында ауыз қуысы шырышты қабатының зақымдануы байқалады. Осы жағдайда витаминдердің, әсіресе В витаминнің комплексі, рибофлавин (В2) балансы бұзылуының маңызы бар.

Емі. Ауыз қуысының шырышты қабатына- люголь, Кастеллани ерітіндісін жағу. Нистатин, ламизил, дифлюкан, леворин т. б. қолдану. Жергілікті ем ретінде канестен, ламизил, микозолон т. б. сияқты крем, майларын пайдаланады.

Кандидоз , кандидамикоз ( латынша сandіda - ашытқы, грекше mykes - саңырауқұлақ ) - ашытқы тәрізді саңырауқұлақтармен қоздырылатын терінің, шырышты қабаттың, ішкі органдардың жұқпалы ауруы. Жер шарында кең тараған, әсіресе, тропиктік және субтропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Аурудың қоздырғыштары теріні зақымдап, органдардың ішкі шырышты қабаттарында (ауыздың, өңештің, ішектің, әйелдің жыныс мүшелерінің, т. б. ) өніп көбейеді. Кандидоздың дамуына иммунитеттің төмендеуі, эндокринопатия, гиповитаминоз, организмде зат алмасудың бұзылуы (мысалы, диабет ауруы), гигиена ережелерін сақтамау (маникюр жасатқанда, т. б. ), дисбактериозға алып келетін кейбір дәрілерді (антибиотиктерді, кортикостероидтарды) шамадан тыс, орынсыз пайдалану әсер етеді. Ашытқы саңырауқұлақтарын тасымалдаушылар мен Кандидозбен ауыратын науқас адамдар инфекция көзі болып есептеледі. Кандидоз, негізінен, тікелей жанасу арқылы жұғады. Ластанған жеміс-жидек, көкөніс арқылы да жұғуы мүмкін. Кандидоздың созылмалы гранулематозды, висцералды және аллергиялық түрлері ажыратылады. Кандидозбен, әсіресе, жас балалар мен қарт адамдар жиі ауырады. Жас балаларда, әдетте, организмде иммундық тапшылық кезінде - созылмалы гранулематозды кандидоз дамиды. Ішкі органдардың шырышты қабаттарында пайда болған кандидоз өте ауыр өтеді. Бұл бірте-бірте ауыздың шырышты қабатының уылуына - кандидозды стоматитке әкеледі. Ерінге, тілге, таңдайға, қызыл иекке ақ бөртпелер шығып, көлемі ұлғаяды. Айналасы қабыршақтанып, ыстық, суық тамақ ішкенде қатты ауырып, адам тамақтың дәмін сезбейді. Қазақ халқы мұны ауыз уылу деп атайды. Әйелдердің жыныс мүшелерінің шырышты қабаты кандидозында (вульвовагинит, баланопостит) жыныс мүшесінен ірің бөлініп, денеде қышыма пайда болады. Сондай-ақ, қол саусақтарының арасы, тырнақ көбесі, тырнақ, сүт безі асты, шап, т. б. кандидозға шалдығады. Кандидоз ауруының диагнозын клиникалық белгілеріне қарап анықтайды. Ол үшін лабораториялық зерттеулер (серологиялық реакциялар және кандидааллерген мен терілік аллергиялық сынамалар) жасалады. Кандидоз ды емдеу үшін, тек дәрігердің рұқсатымен, қабынуға қарсы және залалсыздандыратын дәрі-дәрмек, сондай-ақ, ашытқы саңырауқұлақтарын жоятын антибиотиктер, витаминдер ішу керек.

Малдағы кадидоз

Малдағы кандидоз ға асыранды құстар, сиыр, қой, ит, әсіресе, жас төл жиі шалдығады. Кандидоз ауру малдан сау малға жұғады. Сондықтан ауру белгілері білінісімен кандидозға шалдыққан малды оқшаулап, түрлі антибиотиктер ішкізу қажет. Мал қораларында тазалық сақталып, мал азығына иод препараттары қосып беріледі.

Токсоплазмоз

Токсоплазмоз - қоздырғышы бірнеше механиздер мен берілетін, клиникалық белгілері әр түрлі жасырын және созылмалы түрде дамыитын ауру. Қоздарғышы - апельсиннің бір бөлігіне ұқсас, бір шеті үшкірленген, екіншісі - жұмырланған, ұзындығы - 4-7 микрон. Токсоплазмалар барлық сүткөректілердің эритроциттерінен басқа жасаушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейді. Қоздырғыштар бөліну жолымен көбееді және бірнеше жыл тіршілік етеді.
Токсоплазмоз қоздырғыштары мысықтектес жұртқыштардың ағзасында өніп-өседі, әсіресе, үй мысықтарында. Олар сыртқы ортада ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды, қоздырғыштар тасымалдаушылардың өлігінде және құсығында қысқа мерзімде ғана сақталады. Токсоплазмозмамен ластанғыш заттар құрғатылған кезде қоздырғыштар жылдам қырылады. Токсоплазмалар 40-50С температурада 15-20 мин, ал 60-80С-та 5-10 минуттан кейін өледі. 5-8С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік, сутте - 2 тәулік тіршілігін сақтай алады. Ал, малдардың өлігінде 8 тәулікке дейін сақталады. Токсоплазмоз қоздырғыштары жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық даму циклі-мысықтар мен мысық тұқымдастардың ішек жолында өтеді. Ауру мысықтарға тышқанды жеу арқылы жұғады. Жабайы кеміргіштермен қоректеген мысықтың нәжісінен адамға жұғады. Адам организмінде даму циклы 1-3 аптада аяқталады. Созылмалы процесе кезінде қоздырғыш бұлшық етте, мида және басқа органдарда түзіледі. Олардың даму циклы тоқтаусыз жүріп жатады.
Мысықтар және мысық тұқымдастар - токсоплазмоз инвазия көзі және резервуары болып табылады. Сондай-ақ қоздырғыштары сүтқоректілер мен құстардан да табылады, олар паразиттің аралық иесі болып табылады. Әсіресе тышқан тектес кеміргіштер мен қояндар жиі зақымданады.
Адам организмде болған токсоплазмоз қоздырғыштары құрсақтағы балаға өте зиян.
Токсоплазмоз - іштен туа бітетін немесе жүре пайда болатын, айқын клиникасында ОНЖ, РЭС-ағзалардың, жүрек, көз зақымымен көбінесе латентты және созылмалы формада өтетін зоонозды жұқпалы ауру. Токсоплазмозды - Т. Гонди деген қарапайымдар тудыратын, көбінесе мысықтар арқылы тарайды. Негізінде бұл өте кең тараған ауру, бірақта әлі күнге дейін дәрігердің көбі оған көңіл аудырмай, тіпті клиникасы мен диагностикасында біліңкіремей қоймайды. Бұл инфенкцияның маңызы келесі жағдайларға байланысты:

  1. ауру қоздырғышы табиғатта кең тарауда
  2. көптеген адамдар осы қарапайымдармен инфекцияланған (дүние жүзінде 6-9% аралығында, бұрынғы КСРО-да 25-30%)
  3. осы инфекция анадан іштегі баласына жұғуы мүмкіндігі өте жоғары. Нәтижесінде баланың ОНЖ зақымданып, кемтар, жарымжан балалар туады
  4. осы инфекция көбінесе кезде нығаяды ( әсресе СПИД көрінісі)
  5. бактериологиялық қарулар тобына кіреді

Токсоплазмоз - қоздырғышы бірнеше механиздер мен берілетін, клиникалық белгілері әр түрлі жасырын және созылмалы түрде дамыитын ауру. Қоздарғышы - апельсиннің бір бөлігіне ұқсас, бір шеті үшкірленген, екіншісі - жұмырланған, ұзындығы - 4-7 микрон. Токсоплазмалар барлық сүткөректілердің эритроциттерінен басқа жасаушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейді. Қоздырғыштар бөліну жолымен көбееді және бірнеше жыл тіршілік етеді. Токсоплазмозмамен ластанғыш заттар құрғатылған кезде қоздырғыштар жылдам қырылады. Токсоплазмалар 40-50С температурада 15-20 мин, ал 60-80С-та 5-10 минуттан кейін өледі. 5-8С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік, сутте - 2 тәулік тіршілігін сақтай алады. Ал, малдардың өлігінде 8 тәулікке дейін сақталады. Токсоплазмоз қоздырғыштары жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық даму циклі-мысықтар мен мысық тұқымдастардың ішек жолында өтеді. Ауру мысықтарға тышқанды жеу арқылы жұғады. Жабайы кеміргіштермен қоректеген мысықтың нәжісінен адамға жұғады. Адам организмінде даму циклы 1-3 аптада аяқталады. Созылмалы процесе кезінде қоздырғыш бұлшық етте, мида және басқа органдарда түзіледі. Олардың даму циклы тоқтаусыз жүріп жатады. Мысықтар және мысық тұқымдастар - токсоплазмоз инвазия көзі және резервуары болып табылады. Сондай-ақ қоздырғыштары сүтқоректілер мен құстардан да табылады, олар паразиттің аралық иесі болып табылады. Әсіресе тышқан тектес кеміргіштер мен қояндар жиі зақымданады. Адам организмде болған токсоплазмоз қоздырғыштары құрсақтағы балаға өте зиян.

Этиологиясы

Т. Гонди (1908ж) -клеткалардың ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайым. Организмде 4 формада болуына тиісті:

  • вегетативті (жедел токсоплазмозды тудыратын)
  • негізгі циста түрінде (созылмалы жасырын формаларда)
  • жалған циста түрінде (көбінесе жедел формаларда)
  • оциста-тек қана негізгі иесінде-мысықта болатын түрі

Мысық бір аптаның ішінде 1, 5 млрд ооцисталарды шығарады екен.

Эпидемиологиясы

Эпидемиологиясы табиғат ошақтарды құратын зоонозды инфекия. Көптеген мал-хайуандарда, құстарда токсоплазмозды жұқтыру қабілеті зор болады. Сырқат көбінесе жылы жақтарда кең тараған. Айтып кеткендей, дүние жүзінде орташа алғанда 20-25% халық токсоплазмоздармен инфекцияланған. Ауру көзі ретінде мал мен құстар шығуы мүмкін. Иттер өздері ауруға мүмкіншіліктері бар, бірақта ауруды таратпайды. Адамнан сырқат жұқпайды, тек анадан-перзентке іштен бітуі мүмкін.

Берілу жолдары:

1) алиментарлы-95-96% 2) тері және шырышты қабаттардың жарақаттарынан-3-4% 3) трансплацентарлы Бірақта ойда сақтайтын жағдай: анадан балаға жұғу мүмкіншілігі тек анасы екі қабат кезінде жедел токсоплазмозбен ауырған кезде болады. Ал мұндай аса көп емес. Екі қабат әйелдер арасында жедел токсоплазмоз 0, 5-1% ғана болады. Ал созылалы формалармен ауырған немесе тасымалдаушылар осы инфекцияны тұқымға таратпайды. Қауіпті УІ айлар, ІХ ай латентті. - Қоздырғыш негізінде ауыз және нәжіс механизмімен таралады. Ол бірнеше жолмен атқарылуы мүмкін: 1. Ауыз арқылы шикі немесе жартылай шикі етті, фаршты пайдаланғанда; 2. Жанасу жолы-тұтас мал етін мүшелеу кезінде қасапшылардың және зарарлы заттармен жұмыс атқаратын лабораториялық қызметкелердің жарақаттанған қол терісі мен шырышты қабаттары арқылы; 3. Жүктіліктің бастапқы мерзімінде анасының құрсақ ішіндегі нәрестеге планцента арқылы жұғады. Токсоплазманың жұғуы барлық елдерде кең таралған. Жасы ұлғайған сайын токсоплазмаларды жұқтыру ықтималдығы ұлғая түседі. Токсоплазманың жұғушылығы Қазақстанда, сонын ішінде Алматы қаласында бірдей емес, көрсеткіш 4-70% дейін байқалады. Себебі диагностикалық жұмыстың деңгейімен және гигиеналық ережелерді дұрыс орындау жағдайлары түсіндірілмейді.

Патогенезі:

Ас қорыту жолы арқылы-регионарлы лимфа түйіндеріне көбейеді- қабыну өзгерістер - инфекциялық гранулемалар. Лимфа түйіндерінен қанға өтуі мүмкін -бауыр, көк бауыр ОНЖ, миокард, бет, көзге т. б. Цисталар көп жылдар латентты түріне өтнді, сақтылынады. Патогенезінде өте маңызды роль аллергиялық өзгерістер (ГЗБ) 95-98%-инфекцияланған адамдарда - латентті инфекция (ГЗТ+ZdJ) (алл. пр. ) (Егерде инфекцияланған кезде әйел адам жүкті болса, ІІІ-УІ айларында қауіпті) .

Иммунитеті төмен адамдарда

(СПИД) -инфекция генерализденіп-сепсис түрінде өтіп, ауыр энцефалит - өлімге әкеледі. Созылмалы ағымында-өршу кезеңдері болады: туа біткен токсоплазмозда

-ІІІ айларында инфекцияланса - 50% клиникасымен туады

  • ІІІ-УІ айларында -25%
  • УІ-ІХ айларында клиникалық көріністерсіз
  • түсік, өлу туу, кемтар бала жүре пайда болады да, өзгерістер көбінесе бауыр, көк бауыр, лимфа түйіндерінде, миокардта.
  • Туа біткен токсоплазмозда

Көпшілік жағдайда токсоплазма жұққаннан кейін симптомсыз тасымалдаушылық қалыптасады. Токсоплазмалар жүйке жүйесінде, жатыр, көз тіндерінде өсіп-өнуге бейімделген, сондықтан ауру жұқтарған адамның ағзалары зақымданып, дертке шалдығады, түсік тастау, өлі бала туу т. б. жағдайлар болады. Токсоплазмом жылдың барлық кезеңдерінде болады, дегенмен, күзгі-қысқы, қысқы-көктемгі маусымдарда жиірек байқалады. Қала тұрғындары арасында токсоплазма жұғушылың біршама жоғары.

Клиникасы:

жүре пайда болатын токсоплазмоз: инкубациялық мерзім 3-21 күн, бірнеше айларға дейін ауырлығына байланысты. Температура 38-39С-продром

  • бөртпе-дақты- папулезды
  • лимфоаденит
  • гепатомегалия
  • спленомегалия
  • миокардит
  • энцефалит

Созылмалы түрі:

- әлсіздік - шаршағыштық - бас ауру - ұйқысыздық

Туа біткен токсоплазмоз

Туа біткен токсоплазмоз жедел немесе созылмалы формада өтеді.

Жедел формасы

клинкалық белгілері Туғаннан дами түседі. Яғни, баланың ыстығы көтеріліп, интоксикация пайда болып, денесіне бөртпе шығады. ОНЖ, бауыры, көзі зақымданған көріністер байқалады. Бөртпе характері белгінің бірі - дененің төменгі жағына кең тараған розеолезды-папулезды түрде.

ОНЖ

ОНЖ- энцефалит, менингоэнцефалит белгілері табылады.

Көзі

Көзі- хореоретинит, катаракта. Бала кейде өліп кетуі мүмкін. Кейде созылмалы формаға ауады - субфебрилитет, микроаденит, гепатоспленомегалия, баланың физикалық және ақыл-ойы дамуы төмен болады - олигофрения, эписиндром, микроцефалия, R-граммада - мида кальцификаттар табылады. Кейбір балаларда ең басынан баяу өтетін энцефалит түрінде болады. Онда бала 7-10-ға келгенде - көбінесе олигофрения деген диагноз қойды. Бірақта бәр олигофрендер - токсоплазмоздың нәтижесі деуге болмайды. Диагнозы қою үшін келесі лабораториялық әдістерді қолдануға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Ықтимал теориясы
Травмадан кейінгі стресстік бұзылыс
Үш терек ЖШС Еркем-Ай бөбекжай балабақшасында қыркүйек айында жүргізілген ертеңгіліктер мен ұйымдастырылған оқу кызметтерінің анықтамасы
Діннің анықтамасы
«ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік
Тізбек және тізбектің шегі
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Ықтималдықтар теориясының классикалық анықтамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz