Ақша қаражаттары мен есептеулердің есебі


Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1 тарау. Ұйым қаржысы
- АО«Адал» сипаттамасы, жалпы танысу
1. 2 Ұйымның қаржылық қызметін жоспарлау
1. 3 Ұйымның кірісі мен шығысы, құрамы
1. 4 Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттіліктерді анықтау
1. 5 Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық түрлерінде қаржы ерекшеліктері
1. 6 Ұйымның қаржылық ресурстарын пайдалану және қалыптастыру
2 тарау. Қаржылық есеп
2. 1Бухгалтерия құрылымы мен шаруашылық субъектілер есебін ұйымдастыру
2. 2 Ақша қаражаттары мен есептеулердің есебі
2. 3 Негізгі қорлардың есебі
2. 4 Тауарлы-материалдық қорлар есебі
2. 5 Еңбек пен оның төлемінің есебі
2. 6 Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құнының калькуляция есебі
2. 7 Дайын өнімнің және оны өткізудің есебі
2. 8Қаржылық нәтижелер және меншікті капитал есебі
2. 9 Қаржылық есеп беру
2. 10 Субъектілерді есептеу саясаты, салықтық есеп саясаты
3 тарау. Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау
3. 1 АО«Адал» материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуін талдау
3. 2 Өнімді өндіру және сатуды жоспарлауды талдау
3. 3 Өнімді өндіруге кететін шығындарды талдау
3. 4 Кәсіпорынның балансын және ұзақ мерзімді активтері мен қысқа мерзімді активтері
3. 5 Ұйым балансының өтілділігі мен төлем қабілеттілігін талдау
3. 6 Ұйымның несие өтеу қабілеттілігін талдау.
3. 7 АО«Адал» қаржылық тұрақтылығын талдау
3. 8 Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерін талдау
3. 9 Ұйым капиталының құрамы мен құрылымын талдау
3. 10 Ұйымның іскерлік белсенділігін және банкроттылық ықтималдығын талдау
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан нарықтық экономикаға өткелі бері шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының ішінен аса тиімдісі - нарықтық экономика екендігін түсінді. Өйткені, оны адамзат тәжірибесінің өзі көрсетті. Көптеген экономистер нарықтық экономиканың негізгі артықшылығы- қоғам ресурстарын өндірістің шекті өнімділік факторларына сәйкес тиімді бөлуге мүмкіндік беретіндігінде, - деп қарастырады. Нарықтық экономиканың альтернативті экономикалық жүйелердің алдында артықшылығы ол инновациялық қызметке ықпал етеді. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы нарық субъектілеріне қызмет көрсету саласында материалдық және материалдық емес өндірісті, әсіресе банк, несие, инвестициялық, ақпараттық, технологиялық, инновациялық, коммерциялық қызмет салаларын әртүрлі қызмет және сервис түрлерімен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен объектілер кешенін қалыптастыруды талап етеді.
Мен ФИО, өндірістік тәжірибені 16. 04-26. 05 аралығында «Роза Фарм» ЖШС-да өттім. Менің тәжірибеден өтудегі басты мақсатым:
- Колледж қабырғасында алған теориялық білімімді тәжірбие жүзінде бекіту, тереңдету.
- Қаржыгер мамандығының қыр сырын үйреніп, өз білімімді толықтыру.
- Кәсіпорында тәжірибе өту арқылы, өз істерінің мамандарымен танысып, олардан тәжірибе жинақтау арқылы, топта қызмет етуді үйрену.
Өндіріс тәжірибесінен өту үшін мына міндеттерді орындадым:
1) Берілген тақырыптық жоспарға байланысты мекеме туралы толықтай ақпарат жинақтадым;
2) Бухгалтерлік есепті заңнамаға сәйкес жүргізу нысанын үйрендім;
3) Құжат айналымымен таныстым;
4) Мекеменің қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастырдым.
Өндіріс тәжірибесін «Ұйым қаржысы», «Қаржылық есеп», «Экономикалық және қаржылық есепті талдау» пәндері бойынша өттім. Аталған пәндер бойынша берілген жоспарға сәйкес әр тақырыптарға байланысты жұмыстарды атқарадым.
Өндірістік тәжірибенің бірінші бөлімінде, «Ұйым қаржысы» пәні бойынша жалпы ұйымның қызметімен танысып, ұйымның құрылымдық ұйымдастыру сызбасын құрастырдым. Жалпы ұйым қаржысы бойынша келесі тақырыптарды қамтыдым: қаржылық жоспарлау, ұйымның кіріс пен шығыс мөлшері, айналым қаражаттары, ұйымның қаржылық ресурстары мен олардың пайда болу көздерін барынша тереңдетім қарастыруғы тырыстым.
Екінші бөлімде «Қаржылық есеп» пәні бойынша ұйымның бухгалтерлік қызметінің құрылу қағидаларын оқып білдім. Ұйым бухгалтериясының сызбасын құрдым. Есеп саясатының мазмұнымен, құрылысымен танысып, ақша қаражаттарының есебі бойынша кәсіпорынның кассасы және оның негізгі құжаттарымен, сондай-ақ, ұйымның қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қандай банк мекемесі арқылы жүргізетінін, есеп беретін тұлғалармен, жабдықтаушылар есебімен танысып, жұмыс атқардым.
тауарлы-материалдық қорлар есебі, еңбекақы есебі және де өндірістік шығындар есебімен байланысты есептер шығарып, шот корреспонденцияларын жазып, тиісті құжаттарды толтырдым.
Үшінші бөлімде «Экономикалық және қаржылық есепті талдау» пәні бойынша кәсіпорынның негізгі қор жағдайын және НҚ пайдалануын, еңбек өнімділігін, өнімнің өзіндік құнын, өндіріс көлемін және өнімді өткізуін, , инвестициялық қызметіне экономикалық талдауды, ұйымның табыстылығын, ұйымның қаржылық тұрақтылығына және іскерлік белсенділігіне, банкроттылық ықтималдығын талдай отырып қорытынды жасадым.
1- тарау. ҰЙЫМ ҚАРЖЫСЫ. АО «Адал» мысалында
- АО«Адал» қаржы қызметтерімен танысу
АО«Адал» Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі Шектеулі және қосымша жауапкершілігі серіктестігі туралы» заңына сәйкес ұйымдастырылды.
АО-ның заңды мекен жайы: Алматы обл. Енбекшиказаxский р-н село Космос ул Ленина 32 компания АО АПК "Адал".
АО«Адал» өз қызметін мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады. Серіктестіктің қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады. . Серіктестіктің негізгі құжаты - «Жарғы» болып табылады. Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, серіктестік алған кірістермен және заңмен тиым салынбаған табыс көздерінен кірістер есебінен құрылады. Серіктестіктің жылдық қаржылық есептемелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның істерінің ағымдағы жағдайын тексеру мақсатында және оны растау үшін серіктестік, оның директоры және оның қызметіне басқа да мүліктік мүдделеріне қатысы жоқ тәуелсіз аудиторларды тартуға құқығы бар.
АО«Адал» Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік қызмет» туралы заңына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Серіктестік өз атынан келісім жасауға, сондай-ақ мүліктік және жеке мүліктік емес мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы. Ұйым өзіне тиесілі мүлікпен барлық міндеттемелеріне жауапты болады.
Сурет-1 Ұйымның басқару құрылымының сызбасы
1. 2. АО«Адал» қаржылық жоспарлауы
Қаржылық жоспарлау-жоспар жасау процесі онда нақты кәсіпорынның мақсаты, мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдарының орындалу мерзімі көрсетіліп нақты кезеңге межеленген бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген тәртібі. Жоспарлаудың құрылымы кәсіпорынның қызметі мен оның ішкі-әкімшілік шаруашылық құрылымына байланысты анықталады. К/о-ға неғұрлым көп табыс түсуін қамтамасыз ету үшін жоспарлау жүйесі келесідей жоспарларды орындайды:
- Жоспардың әрбір элементінің жекелеген кезең уақытындағы негізділігі;
- Барлық қатысушылардың жоспарлық талаптарды нақты орындауы;
- Үзіліссіз жоспардың орындалуына бақылау мен өзгерістер енгізу мүмкіндіктерінің болуы.
АО«Адал » шаруашылық қызметін жоспарлау кезеңдері келесідей: оперативті (ағымдағы) жоспарлау, тактикалық (орта мерзімді), стратегиялық (ұзақ мерзімді) .
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады.
Сурет-1. 2 Ұйымның қаржылық жоспарлау кезеңдері сызбасы
1. 3 АО«Адал» кірісі мен шығысы мөлшерін анықтау
АО«Адал» түпкілікті қаржы нәтижесі-есепті кезеңдегі қызметтен алынатын кіріс. Бұл принцип қызмет көрсетудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Кәсіпорын пайдасы жыл бойы арнайы мақсаттағы қорға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық залалдардың орнын толтыруға, жарғылық қорды толықтыруға, қысқа мерзімді несиенің пайызын өтеу, негізгі құралдарды жалға алу және тағы басқа мақсаттарға пайдаланады.
АО«Адал» жалпы шығын ұғымына тоқталатын болсақ, ол қызмет көрсету барысында шеккен залалдар, негізгі құралдар мен материал ресурстарының тозуы, қызметкерлердің еңбекақысы және т. б салдардан болуы мүмкін.
1. 4 АО«Адал» айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттіліктерді анықтау
Кәсіпорындардың айналым қаражаттары айналымның барлық сатылары өндірістің материалдық және ақшалай ресурстарға қажеттіліктерін қанағаттандыруға, есептесулердің өз уақытылығын қамтамасыз етуге, айналым қаражатын пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға, айналым қаражаттарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Айналым қаражаттарын қаржыландырудың көздері меншікті және қаржылық болып бөлінеді. Меншікті қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруда маңызды рольді иемденеді. Себебі коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындар істі рентабельді жүргізу үшін және қабылдайтын шешімдеріне жауапкершілікке тартылуы үшін белгілі бір деңгейдегі мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы қажет.
2-сурет Айналым қорларының динамикасы
Формула:
- Айналым капиталының айнлымдылық коэффициенті:
К а а. а. =Т N /А а. о. ,
мұндағы: К а а. а - айналым капиталының айналымдылық коэффициенті; Т N - өнім өткізуден түскен табыс; А а. о - ағымдағы активтердің орташа шамасы.
- Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы:
Ұ а =360/ К а а. а =360/ Т N /А а. о. =360* А а. о. / Т N
1. 5 АО«Адал» ұйымдастыру-құқықтық түрлерінде қаржы ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес АО«Адал» ұйымдық- құқықтық формасы жеке кәсіпкерлік.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Серiктестiк органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi Азаматтық Кодекске, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi.
АО«Адал»-азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке
негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.
1. 6 АО«Адал» қаржылық ресурстарын пайдалану және қалыптастыру
АО«Адал» қаржы ресурстары - экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардыңбилігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Қаржылық есептемеде қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.
Өз кезегінде ішкі қаржылық ресурстар нақты стандартты есептемеде таза табыс және амортизация түрінде, ал айналдырылған нысанда кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді алып тасталғаннан кейінгі кәсіпорын табысы болып табылады.
2- тарау. Қаржылық есеп АО «Адал» мысалында
2. 1 АО«Адал» бухгалтерия құрылымы мен шаруашылық субъектілер есебін ұйымдастыру
Бухгалтерлік есеп кез-келген кәсіпорынның шаруашылық құралдары, міндеттемелері, барлық шаруашылық әрекеттерін үздіксіз құжаттау арқылы ақшалай бейнеде жинау, тіркеу, қорытындылау жүйесі.
Кәсіпкерлік нысандары үшін бірыңғай бухгалтерлік есеп ұйымдастыру мақсатында 2011 жылы 14 қазан №1172 Үкімет қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасы әрекет етеді. АО«Адал» ҚР-ң «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңына сәйкес бухгалтерлік есебін жүргізеді. Кәсіпорын бухгалтерлік есепті жүргізу үшін 1С Бухгалтерия 8. 0 бағдарламасын қолданады. Бұл бағдарлама бухгалтер үшін өте қолайлы және көп функционалды.
АО«Адал» бухгалтерия қызметкерлерінің құрамына: келіп кетуші бухгалтер және кассир жатады.
Сурет-1. 3 Бухгалтерия бөлімінің құрылымы
2. 2 Ақша қаражаттары мен есептеулердің есебі
АО«Адал»ағымдағы шоттағы ақша қаражаты есебі
АО«Адал» өзінің бос ақша қаражаттарын сақтау, есеп айырысу қолма қол ақшасыз операциялардың барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін «АТФ Банк» филиалында бекітілген №002467219 есеп айырысу шотын ашқан.
АО«Адал» жүргізілетін операциялар
Кесте-1
АО«Адал» кассадағы ақша қаражаттарының есебі
АО«Адал»- да мақсатты шығындар үшін кассадан қолма-қол ақша кассалық шығыс ордері (КО - 2 үлгі) арқылы, бас бухгалтер мен жетекші қол қойып рәсімделеді.
Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеп отыру үшін кіріс және шығыс кассалық құжаттарын тіркеу журналы (КО - 3 үлгі) толтырады, ол кіріс және шығыс құжаттарына бөлек ашылады.
АО «Адал»- де кассир кассалық операцияларды есептеуді кассалық кітапта (КО - 4 үлгі) жүргізеді. «Кассалық кітап» бойынша есеп берудің талаптарын кассир әр айға жеке - жеке дайындап қояды. Жыл соңында есеп беруде хронологиялық ретпен тігеді. Кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бақылау бас бухгалтерге жүктеледі.
Кассадағы ақша қаражаттарын есепке алып отыру үшін бухгалтерлік шот жоспарының 1010 «кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шоты арналған.
АО «Адал» кассасындағы ақшаның қозғалысы бойынша толтырылатын алғашқы құжаттардың негізінде жазылатын бухгалтерлік есептің мәліметтері 1010 шоттың кредиті бойынша жүргізілетін №1 журнал ордерлерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. АО «Адал» кассасында түгендеу бекітілген «Кассалық операцияларды жүргізу ережесіне» сәйкес жүргізіледі.
АО «Адал» жүргізілетін операциялар
Кесте-2
Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу
Есеп беретін тұлға - кәсіпорынның экономикалық қызметінің мақсатына жұмсалатын шығындарға жұмсалатын тұлға.
Субьектінің шаруашылық мақсаттарына жұмсалатын ақшасы кассадан жауапты тұлғаларға ғана беріледі. Жауапты тұлғалардың тізімі басшының бұйрығымен бекітіледі. Олардың әрқайсымен толық материалдық жауапкершілік келісім шарты жасалады.
Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалмаған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі үш күннен кешіктірмей кассаға қайтарылуы тиіс. Іссапарға жіберілетін қызметкер алдын-ала жасалған есеп бойынша аванстық соманы кассадан алады.
Қызметкер іс-сапардан оралғаннан кейін, үш күннің ішінде іссапарға байланысты жұмсалған сомалар бойынша аванстық есептеме өткізуге міндетті. Іс-сапар шығындарын растау үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады: олардың ішінде жол шығындарының билеттері, қонақ үй төлем ақысының фискалды чектері, келіп кеткені жөнінде белгі қойылған іссапар куәлігі бар. Нормадан артық төленген іс-сапар шығындары да қызметкердің табысы болып есептеліп, ол сомаға да салық салынады, ал іс-сапар шығындары жетпеген жағдайда қызметкерге кассадан жетпеген ақша соммасы ШКО арқылы беріледі.
АО «Адал» жүргізілетін операциялар
Кесте-3
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Кассадан іс-сапар бойынша есеп беретін тұлғаға іс сапар шығындары берілді
2. 3 Негізгі құрал мен материалдан тыс активтердің есебі
АО «Адал» негізгі қорлар - қабылдау-тапсыру актісімен рәсімделеді. Негізгі қорларды қабылдау-тапсыру актісі бухгалтерияда, мүліктік карточка ашылып негізгі қорлардың талдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі қорлардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік нөмір бойынша жүзеге асырылады. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Мұрағат» картотекасы бөліміне қояды.
38 - «Материалдық емес активтер» атты IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес материалдык емес актив - бұл физикалық нысаны жоқ бірақ кәсіорынға үздіксіз қосымша табыс әкелетін ұзақ мерзімді активтері. Бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарының 2-ші бөлімінің 2700«Материалдық емес активтер» шоты арналған, ал баланста Ұзақ мерзімді активтерінде көрініс табады.
МЕА келіп түсуі мен шығуы 1 данада жасалған номері 1-ші нысандағы МЕА-ді қабылдау-тапсыру актісімен рәсімделеді. МЕА-басқа кәсіпорынға табыс етілгенде акт өткізуші мен қабылдаушы к/о-ға 2 данадан жасалады.
АО «Адал»жүргізілетін операциялар
Кесте-3
3360
4150
2. 4 Тауарлы-материалдық қорлар ы еен жеткізушілер есептеулерінің есебі
АО «Адал» түскен және рәсімделген материалдар қоймаға сақтауға жіберіледі. Материалдық жауапты тұлға (қоймашы) қоймадағы қорлардың есебін №ТМЗ-5 формасындағы карточкада жүргізеді.
Ай соңында материалдық жауапты тұлға қойма есебінің карточкасы негізінде қоймадағы қор қалдығын есептеу тізімдемесін толтырады (ТМЗ-7) .
АО «Адал» жүргізілетін операциялар
Кесте-4
2. 5 Еңбек және оны төлеу есебі
АО «Адал» еңбекақы жүйесі мен нысанын еңбек туралы ережеге сәйкес нақты еңбек жағдайын ескере отырып қызметкерлер ережесі бекіткен жұмысшылар және жұмыс уақыты режимі бойынша өздері белгілейді.
Еңбекақыны төлеу ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген.
Ең төменгі жалақы мөлшері - 28284 тг
1 айдағы күндер саны - 22 күн
1 күн ұзақтығы (енбек уакыты) - 8 сағат
Мысалы, АО «Адал» бухгалтері Ермаганбетова Мадинаға еңбекақы есептелінді.
Штаттық кестеде белгіленген бухгалтер жалақысы - 110 000 тг
- 1 айдағы жұмыс істеген күні-21 күн
- 1 күн ұзақтығы - 8 сағат
- 1 айдағы сағат саны-21күн*8сағат = 168сағат
- 1 сағат ақысы = 654, 7 тг
- 1күндік ақысы = 8сағат * 654, 7тг= 5237, 6тг
- 1 айға есептелген бастапқы жалақы суммасы = 654, 7*168сағ = 106 тг
- МЗЖ(10%) = 110 000тг*10%= 11 000тг
- ЖТС = 110 000тг - 28284тг(ең төменгі жалақы мөлшері) - 11 000тг =70716 тг(төмендетілген сумма)
ЖТС= 74 541тг * 10% = 7071, 6тг
Қолға берілетін сумма = 110 000тг- 11 000тг -7071, 6тг = 91928, 4тг
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу шот коррсепонденциясы Кесте- 4
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz