Картография тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

РЕФЕРАТ

Пәні: Картография

Тақырыбы: «Картография тарихы»

Орындаған: ТУР-18-1 тобы студенті Тәуекел Р.

Тексерген:Джумабаева С.

Ақтау қ. 2019 ж.

Жоспар:

Кіріспе.

1. Картография туралы ұғым.

Негізгі бөлім.

1. Ежелгі дүниенің ғылыми картографиясы

2. Ортағасырлық кезеңіндегі картография

Қорытынды .

1. Қазіргі картография

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Картография туралы ұғым

Картография - географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым. Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға - аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері жатады.

Алғашқы қоғам адамдарынан бастап қазіргі картографиялық өндіріске дейін географиялық картаның даму жолы өте ұзақ болды. Карталарды жетілдіру процестері одан әрі де жалғасуда.

Картография тарихы мен география ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. География тарихы мен карторафия өзара байланысты. Сондықтан оларды жеке қарау немесе екеуінің шекарасын анықтау өте қиын. Географияның басты мақсаты Жерді графикалық түрде көрсету.

Өмір сүріп отырған кеңістіктегі қарапайым картографиялық суреттер (бейнеленулер) алғашқы қауымда жазудан бұрын пайда болған. Мұндай тұжырымға негіз болып жазуды білмеген алғашқы қауымда өмір сүрген халықтардың картографиялық суреттері мысал бола алады (Солтүстік Америкадағы эскимостар, Мұхиттық аралдардағы микронезиялықтар, т. б. ) . Суреттер ағашқа, ағаш қабығына, т. б. қолда бар заттарға салынған. Олар адамдардың жалпы еңбегінде, көшетін жолдары, демалыс орындарын, балық аулау, т. б. іс жүзінде керек сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалған.

Негізгі бөлім

Ежелгі дүниенің ғылыми картографиясы

Картография және географияның ғылыми деректері Ежелгі Грекиядан басталады. Бұған Александр Македонскийдін, (Ескендірдің, б. з. б. IV) жарлығының ықпалы мол болды. Ескендірдің кезінде кең аумақты отарлау мен сауда кеңінен жүрді, ірі географиялық ашылымдар болды.

Ежелгі Грекиядағы географиялық ой-өрістің және астрономияның дамуы нәтижесінде Жер шар тәріздес деген ғылыми ұғымы қалыптаса бастады. Мұнда Аристотельдің еңбегі зор болды. Жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет дәл өлшеп көрсеткен астроном және географ Эратосфен болды (б. з. б. III ғасыр) . Эратосфен өзінің "География" кітабында сол кезде белгілі болған Жер бетінің бейнесін картаға түсірді. Эратосфен алғаш рет "географиялық бойлық", "географиялық ендік" ұғымдарын енгізіп, оны іс жүзінде пайдаланды.

Ежелгі дүниенің ғылыми картографиясы өзінің кемелденген шегіне грек астрономы, географы және картографы Клавдий Птолемейдің (б. з. І-ІІ ғ. ) тұсында жетті. Ол өзінің “География” еңбегінде сол кезде белгілі болған карта проекцияларының барлығын, оның ішінде конустық және псевдоконустық проекцияларды тыңғылықты баяндап берді. 8000 жуық географиялық объектілердің координаталарын картада көрсетті.

Ежелгі Римде картографияның ерекшелік сипаты тек іс жүзінде пайдалануға болатын бұқара қауымның сұранысын қанағаттандырды. Ол кездегі Рим империясының экономикалық және саяси өмірі шалғайда жатқан провинциялар мен оларға көрші жатқан елдер арасындағы көлік байланысы болды. Сондықтан жол жүргенде пайдалануға болатын жол карталары жиі қолданылды.

Ортағасырлық кезеңіндегі картография

Ортағасырлық кезеңде Шығыс Арабия елдерінде картография және география біршама жетістіктерге жетті. Араб ғалымдары еуропалықтардың діни (монастырлық) карталарына қарағанда пішіні мен мазмұны жағынан әлде қайда бай, көрнекті және сол кезде белгілі жерлерді дәл және шынайы түрде бейнелей білді. ХІ ғасырда ортаазиялық ғалым Әбу Райхан әл-Бируни эклиптиканың экваторға еңкіштігін дәл анықтады, Жер радиусын да шамалап дәл көрсетті. "Карталар және Жер беті туралы мәліметтер" еңбегінде ол картографиялық проекциялар, градустық тор жайлы және Жер бетін глобусқа проекциялау әдістерін қарастырды. Осыдан бастап глобусты Жердің шар тәріздес моделі ретінде пайдалана бастады. Араб халифатында XII ғасырда Бағдат және Дамаск обсерваторияларының ғалымдары әл-Мұаммед Хорезми және Халифа Мамун меридианның 1° ұзындығы 111, 8 шақырымға тең екенін есептеп шығарды.

Картографияның жақсы дамуына XV ғасырда картаны ойып және басып шығару әсер етті. Осы кезеңнен бастап карталардың бағасы түсті. Картографияның одан әрі тез дамуына XV-XVI ғасырлардағы ұлы географиялық ашылулар ықпал етті.

XVI ғасырда картографияның дамуына фламанд Г. Меркатор (1512-1549 ж. ) үлкен үлес қосты. Ол бірнеше картографиялық проекциялар жасады, оның ішінде теңізде жүзушілерге ыңғайлы тең бұрышты картографиялық проекциялар да болды. Сол кезде бар картографиялық материалдарды талдап және іріктеп Меркатор үлкен карталар жинағын жасады. Ол оны "Атлас" деп атады.

XVI ғасырдың 2-жартысында Батыс Еуропада капиталистік қарым-қатынастар, экономикалық байланыстар одан әрі дамыды, жаңа аумақтар отарланды. Осылардың барлығы карталардың жаңа түрлерін әр түрлі кезінде жаңа дәл түсіретін құралдар пайда бола бастаған. Картаны құру және оны пайдалану жаңа деңгейге көтерілді. Француз ғалымы Пимар триангуляция әдісін пайдаланған. Снелиустың приборына қарағанда бұрышты өлшейтін жетілдірілген приборды жасап, меридианның 1° доғасының дәл ұзындығын тапты.

1740 жылы астроном Ц. Кассинидің жетекшілігімен бүкіл Франция аумағының триангуляциялық тірек пункттері жүйесін жасай бастады. Осы құрылған жүйе арқылы Кассинидің жетекшілігімен 1:86400 масштабта мензулалық түсірім жүргізіліп, ол 1789 жылы бітті. Осы түсірімге негізделіп жасалған топографиялық карталар тек 1815 жылы аяқталды.

XVI ғасырдың басында Еуропаның көптеген елдерінде әскери -топографиялық бөлімшелер ұйымдаса бастады. Кейіннен бұл бөлімшелер мемлекеттік картографиялық қызмет мәртебесін алды. XIX ғасырдың алды және XX ғасырда Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ Ресейде жаңартылған, біршама дәл, ірі масштабты топографиялық карталар пайда бола бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картографияның салалары
Геодезия және картографияның дамуы тарихы
Геодезия және картографияның даму тарихы
Карта - географиялық заңдылықтарды анықтау құралы
Картаны пайдалану деңгейі
Картаграфиялық генерализация
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
Картографиялық өнімдердің географиялық сипаттамалары
Ареалдар тәсілі
Картографиялық құжаттарды тарих пәнінде оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz