Бұзауларды өсіру гигиенасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ветеринария факультеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы
Бұзауларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық
және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды
жақсарту шаралары тақырыбындағы
Курстық жұмыс
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2018 ж
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3
II Әдебиеттке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4-7
2.1 Жоба тапсырмасын
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-
7
2.2 Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат
көлемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...8-11
2.3.Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық
талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың
беріктілігін сақтайтын шараларды
белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-14
III.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .14-21
3.1.Бұзауларды өсіру
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-
21
3.2.Жаңа туған бұзаудың күтімі сүт еметін кезеңі және өсіру
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1-23
3.3.Бұзауды теліп
өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...24-25
3.4Бұзауды жыл бойы таза ауада жеке үйшікте
өсіру ... ... ... ... ... ... 25-27
3.5.Бұзауды азықтандырудың гигиеналық санитариялық
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7-29
3.6.Бұзауды суғару және санитариялық гигиеналық маңызы ... ... ... ..29-
32
3.7.Бұзау шаруашылығы еңбекшілерін жағдайын жақсартуға арналған
ветеринариялық санитариялық
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32-35
IY.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...36
Y.Пайдаланылғын әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..37
YI. Қосымша материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
I Кіріспе
Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады.
Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар және жеңіл өнеркәсіп
өндірісінде қажет шикізат алынады. Бұзауды өсіру шартары шаруашылықтың
келешегін анықтайды.Малдың денсаулығы және оның өнімділігі негізінде
қоршаған орта факторларының әсеріне тікелей байланысты.Сондықтан да
қоршаған орта көрсеткіштерін организміне өолайлы ету малшылар мамандардың
басты міндеті.Мал ауруларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын барлық
ветеринариялық санитариялық шаралар,қоршаған ортаның мал организміне
өолайлы гигиеналық санитариялық нормативтер мен ережелерді сақтау керек.
Мал тұқымын асылдандыру және малдың конституциялық-экстерьерлік мықтылығын
дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты.Қолайсыз жағдайда, дұрыс күтім
жасалмаған бұзаулар жоғары өнімділік көрсете алмайды. Бұзау өсіру жүйесі
мынадай шаралар кешенінен тұрады: сау, жоғары өнім беретін, дене бітімі
берік төл алу; оларға тиімді тамақтандыру жүйесін қалыптастыру және т.б.
бұл талаптардың іске асырудың негізгі жолы –барлық гигиеналық талаптарды
сақтай отырып өсіру.Курстық жұмыстың мақсаты бұзау өсіру тәсілдерін
салыстыру және меңгеру болып табылады.
II. Әдебиеттерге шолу
2.1. Жоба тапсырмасын жасау.
Жобалау мен мал шаруашылық нысандарын ветеринариялық-санитариялық
бақылауды жүргізу малдарға қолайлы жағдайды тудыруға көмектеседі.
Ветеринариялық- санитариялық бақылау жобалаудың және құрылысты салудың
келесi кезеңдерiне iске асады: техникалық және экономикалық құрылыс
негізінде; құрылыс салу үшін жер таңдауды ұйымдастыру; жобалауды
ветеринариялық-санитариялық бақылау; құрылыстын сапасын бақылау;
обьектілерді пайдалануға қабылдау. Ветеринариялық-санитариялық бақылау
келесі құжаттарға негізделе жүргізіледі:
• 3.02-11-2010 Мал шаруашылық, Құс шаруашылығы және аң өсiретiн
ғимараттар және бөлменiң ҚР ҚнжЕсi;
• ВСН 52-89 ведомствалық нормалар административтік, тұрмыстық ғимараттар
мен мал шаруашық, құс шаруашылығы кәсіпорындарды жобалау бойынша;
• ТЖН АПК 1.10.01-001-10 ірі қара кәсіпорындарын технологиялық
жобалаудың нормалары;
• ГОСТ-мемлекеттік стандарт
• Мемлекеттік бақылау органдары
• ТСН-териториялық санитариялық нормалар
Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің ұсынысымен жоба жасауға
арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Онда негізгі технологиялық
міндеттер мен санитариялық-гигиеналық талаптар атап көрсетіледі. Олардың
барлығы болашақ кәсіпорынның техникалық міндеттер мен санитариялық-
гигиеналық талаптар атап көрсетіледі.
Мал қораларының құрылыстары оларды жобалаудан басталады. Құрылыс салу
және қалпына келтіру үшін жобалау және зерттеу жұмыстарын қол қойылған
келісім негізінде жобалау мен зерттеу ұйымдары жүргізеді. Келісім шартта
жобалау мен зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі мен құны, оған қоса
келісімде көрсетілген жұмыстар сметасы, заказ берушінің осы жұмыстары
қаржыландыруды туралы анықтамасы және оларды жобалау үшін бастапқы
деректерді беретін график көрсетілуі керек.
Жобалық тамсырма-жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген
жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауда мынадай негізгі деректерді көрсетеді:
кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан
және алаң, обьектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың
келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп-бағу технологиясы, табынның саны,
құрамы мен өнімділігі, санитариялық-гигиеналық режимі, жобалаған
азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері,
ветеринариялық–санитариялық талаптар мен зоогигиеналық параметрлер.
2.1сурет.бұзау қора
2.2. сурет. Бұзау қорасының схемасы
2.2. Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлемі
Бұзауды ұстауда мынандай әдістер бар: жеке клеткада суық, клеткада
топтық, байлап;
Жеке клеткада немесе үйшіктерде өсіру,(сурет 2.3) суық әдіс кезінде
бұзаулар қысты күні жылытылмайтын бұзау қораларында немесе қорадан тыс
үйшіктерде өсірілетін болады. Оның мәні мынада: бұзаулар тіршілігінің
алғашқы күнінен бастап таза ауада жеке жұқалап салынған үйшіктерде-
профилакторийлерде ұсталады. Ол үшін бұзау бөлімінің оңтүстік жағынан6м2
есебімен алаң бетондалады да, сүтті бағытағы бұзаулар 2 айлығына дейін
мөлшері 1,2×1,3м үйшіктерде ұсталады.үйшіктің алдыңғы жағына ұзындығы 1,3м
алаң салынады. Малдардың арасындағы байланысудың жоқтығы аурулардың
дамыунан сақтап қалады және микробтардың таралуына кедергi келтiредi.
Зерттеулер барысында iшек-қарын аурулардың дамуы жеке өсіргенде топтыққа
қарағанда едәуiр төмендейтінін көрсеттi.
Клеткаларда топтық өсіру технологиясы (сурет 2.4)- бұзаулар шағын
топтарда 10- 18 бастан 6 айға дейін өсіруге негізделген. Топтық өсіруде
бұзаулардың дамуы тезірек жүреді, өйткені бұзаулар арасында бәсекелестік
факторы әсер етеді және қымыл-қозғалыс көбірек болады сонын арқасында
физикалық күйін жақсартады.
Бұзауларды байлап бағу(2.5сурет)- әр бұзау астауға бауына жалғанады.
Бұзауларды бөлу бокстық қоршаулар арқылы жүзеге асады. Бұл әдісті көбінесе
2-3 айлыққа дейінгі бұзауларға қолданады. Бұл әдістің негізгі артықшылығы
бұзаулар арасындағы байланусыдың болмауы микробтардың және инфекциялық
аурулардың пайда болуынан сақтайды. Құрылыс құрылымдары мен бұйымдары:
Іргетас-бұл ғимараттың тіректі элементтерін ұстап тұратын жерастындағы
бөлігі. Типтік жоба бойынша бұзау қорасының іргетасы –бутбетонды, бут
маркасы 100, бетон кл.В7; қабырғасы-кірпіштен тұрғызылған;қоршаулар-
кірпіштен жасалған; жабындылар-ағаш каркасты плиталар; жылытқыштар-
жартылай қатты минералваттық синтетикалық байланыстырушыда; шатыр-
асбесцементтық толқынды беттер; едендер-керамзитбетонды, бетонды,
керамикалық, линолеум, құмды-цементты; трезелер-ағаштан жасалған; есіктері,
қақпа-ағаштан жасалған;
Малды байлап баққан кездегі сауын сиырлаәрбір секцияда бұзау үшін
мөлшері 0,5×1,2 м еденнен 45 см көтерілген, торлы, түпті клеткалар
қондырылады. 3айлық бұзауларға бөлме ауданы 1,5 м2 , ал 3-6 айлар
арлығындағы бұзауларға 2 м2 келеді.
Өндiрiстiк процесстердiң ғимаратындағы механикаландыру сериялы
шығарылатын технологиялық жабдықты базасында шешiлген.
Бұзауларға ЗЦМ беріледі, оны АЗМ-0,8А агрегататында құрғақ азықтық
компонеттерден және ыстық судан әзiрлейді, бұл су су жылытқыш САОС-
400090И1тан келеді. Суытылған масса шелектерге құйылып бұзауларға
таратылады.
Iрi талшықты азық жемшөп цехыларында жүктейтiн жемдегiш КТУ-10А (сурет
2.6) мен бұзауларға жеткiзiп салып үлестiредi.
Жылыту және ультра күлгiн сәулеге түсiрулер үшiн ИСКУФ-1
қолданылады. Малдардың суаруы Па-1А автосуаттарымен iске асады.
Кидың жиналуы ТСН- 160А(сурет 2.7) транспортерлердiң арқасында өндiрiп
алады ,УТН-10 құрылғасына апарылады содан соң жер астындағы құбыр бойынша
көң жинағышқа түседі.
2.3.Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын
зоогигиеналық талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.)
және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу.
Мал төсеніштерінің негізгі міндеті-мал үшін жататын орнының құрғақ,
жұмсақ және жылы болуы. Фермалар мен кешендерде түрлі төсеніш материалдары
қолданады-сабан, үгінділер, ағаш ұнтақтары, жапырақтар, қияқ, құм және
синтетикалық материалдар және т.б. Төсеніштік материалдың ылғал ұстағыштығы
шекті мөлшерде ауытқиды: сабан-370-450,ағаш ұнтағы 270-450 және торф 1000-
1200 пайыз ралығында.
Бұзауларға 7-8 кг құрғақ және таза төсенішті 30 см кем түспейтіндей
етіп төсейді. Төсеніштің жоғарғы бетін күнде алып тыстап, оның орнынам1,5-2
кг таза сабан салады. Бұзауларға төсеніш ретінде ағаш үгінділерін және
ұнтақтарын қолдануға болмайды.
Мал өлекселерін утильдеу малдың жұқпалы ауруларын алдын алуда аса
маңызды шара болып табылады. Барлық малдың өлексесі топырақты, суды және
ауаны ластайды, сөйтіп мал мен адамның арасында індет ауруының тарауына
себепкер болады.
Қорадан қи шығару- мал шаруашылығында өте күрделі жұмыс. Оларды үнемі
немесе ар-тұра тұру керек. Қиды шығару гидравликалық, механикалық және қора
астында сақтау әдістері бар. Механикалық әдісте қораларда қиды шынжырлы
қырғыштар ТСН-2, ТСН-3,05, ТСН-160 және штангалы ТШ-30А, ТШПН-2 және т.б.
Гидравликалық әдіс-үнемі және ауық-ауық жұмыс жасайтын әрі қи өзінен
өзі ағатын жүйе. Қиды бұл әдіспен үнемі шығарғанда қи каналдың су бетінде
қалқып-жылжуы арқылы оның біткен жерінде орналасқан алмалы-салмалы
табалдырықтан асып үнемі шығып отырады, ал ауық-ауық шығарғанда-қи арнайы
жапқышы бар қораны бойлай орналасқан каналдарда жиналады және 7-14 күнде
шығарылады.
Ірі қараны байлап және байлаусыз торлы еденде күтіп баққанда еденнің
астында қи жиналатын траншея жабдықтайды. Ондағы қи жылына бір рет жаз
кезінде шығарып тастайды. Көңсақтағыш конструкциясы оның ыйымдылығы және
орналасу орны көңді шығару технологиясына, гидрогеологиялық көрсеткіштерге,
малды ұстау әдістеріне байланысты болады.
Көңсақтағыштар мал қора жайынан 60 м кем емес қашықтықта, ал үйлерден
500-600м қашықтықта жел өтінің ық жағынан орналасады.
Көнсақтағыштарда қи органикалық тынайтқыштар жасау үшін сақталады. Оның
жер үстіне, сәл треңдетілген, терең апандардағы, ашық және жабық түрлері
болады.
Биотермиялық шұнқырлар арнайы жобамен салынады. Биотермиялық
шұнқырларды құрғақ, жерасты сулары тереңде орналасқан жерге және тұрғын
үйлер мен су қоймаларынан 1км қашықта салынады. Ол үшін 200 м2 жер
ауданын,, биіктігі 2 м жабық қоршаумен қоршайды. Бұл аланның ортасына
диаметрі 3 м және тереңдігі 9-10 м болатын биотермиялық шұнқыр жасалады.
Оның түбі бетондалады, қабырғасы су өтпейтін материалдан тұрғызылады.
Апанның қабырғасы жерден 20 см биіктікке дейін көтеріледі. Апанның бетін
мықтап қос қақпақпен жауып аузына құлып салады. Биотермиялық шұнқырдың
айналасы бетондалады. Биотермиялық шұнқырға өлекселерді салғанан соң 20
тәуліктен кейн, термофильді микрофлораның дамуы нәтижесінде ондағы
температура 65 С 0қа жетеді. Мұндай температурада өлексенің ыдырауы .
Мұндай температурада өлексенің ыдырауы 35-40 тәулікте аяқталады.
Нәтижесінде біркелкі масса пайда болып жұқпалы ауру қоздырушылары жойылады.
Биотермиялық шұнқырларды қолдану біздің республикамызда биологиялық
қалдықтарды утильдеуде кң тиімдісі болып табылады. Себебі өлексені өртеу
Әдісі көп жағдайда іске асырылуы қиын әрі қолайсыз деп табылуда (жану
температурасының жеткіліксіздігі,ауаның көп шығындалуы,жану кезінде пайда
болатын бумен кейбір ауру қоздырушыларының қоршаған ортаға тарауы әрі улы
заттардың (фосген,диоксиндер) бөлінуі,отынның көп шығыны.Ал,бұл ретте ең
тиімді деп танылған ветеринариалық-санитариалық утильзауыттары жоқтың
қасы,ал өлекселер және басқа қалдықтар жиналмайды ,утильденбейді.Мұндай
жағдай адам мен малға қауіпті өртүрлі аурулардың тууына және олардың
таралуына әкеп соғатыны айдан анық.Сондықтан, шұңқырларды әр ауыл
округтарында,әрбір шаруашылықтарда соғу әрі оларды дұрыс пайдалану жұқпалы
аурулардан сақтанудың бірден-бір кепілі.Мұндай құрылысты ондаған жылдар
бойы пайдалануға болады.
Ең бастысы аталған құрылыстарды арнайы жетілдірілген бүгінгі күннің
талабына сай типтік жобалармен салған дұрыс(Ресейде мұндай жобалар бар).
Биотермиалық шұңқырлардың маңыздылығын төмендетпей ең бір айта кететін
мемлекеттік мәселе,ол жаңа ветсанутильзауыттарын салу,ескілерін іске қосу
болып табылады.
III.Негізгі бөлім
3.1.Бұзауларды өсіру гигенасы
Денсаулығы жақсы төл алып, өсіру тұрғсындағы қамқорлық ата- енесін
дұрыс таңдаудан, ұрықтандырудың қолайлы мерзімін белгілеуден, буаз сирларды
уақытында суалтып, оларға жақсы жағдай жасаудан басталуға тиіс. Шағылысқа
тек денсаулығы мықты, жақсы жетілген, 17-18 айлығындағы салмағы кемінде
300кг қашырлар ғана түсіріледі.
Ішектегі төлдің қарқынды жетіліуіне буаз малды азықтандыру, ұстау және
күту жағдайлары да үлкен әсер етеді.
Жаңа туған бұзау организмі бірнеше жетілу кезеңінен өетеді. Бұзау
жетілуінің осы түрлері кезеңінде күтіп-бағудың да түрлері жағыдайын қажет
етеді.
Денсаулығы жақсы төл алу үшін мынадай үш фактордың маңызы өте зор. Олар
– буаздығының соңғы кезеңіндегі сиырды бұзаулауға дайндау, бұзаулату,төлді
уызына жарыту.
Бұзау ұстаудың мынадай әдістері қолданылады: табиғи шаруашылық; тұрақты
емізіп асырау; қолдан сүт беріп асырау; басқа сиырға телу, аралас. Сондай-
ақ бұзауды қоралар С.И.Штейман, 1947 мен қора сыртындағы үйшіктерде суық
тәсілменасырау әдісі де қолданылады.
Тұрақты емізіп асырау әдісі шаруашылық көзімен қарағанда бүкіл
әдістердің ішінде мүлде жетілдірлиеген, шаруашылықты тауарлы сүттен
айыратын және сиыр саууға кедергі келтіретін әдіс. Бұл әдіс тимсіз,
шаруашылықтың экстенсивті типіне жатады.
Бәрінен де қолдан сүт беріп асырау әдісі тиімдірек. Бұл әдіс кезінде
бұзау енесінене бөлініп, енесінің уызы қолмен беріледі. Сонда әрі бұзау да
дұрыс қоректендіріледі, сүт те алынады, сиырдың сүттілігі де арттырылады.
Жақсы сауын сиыры бар жердің барлығында бұзау енесімен бірге ұсталмайды,
оларға сүт, мысалы, Швецариядағыдай, Голландиядағыдай тағы басқа
елдердегідей шелекпен беріледі.
Бұзауға уыз бен сүт қолдан берілгендей гигиена тұрғысынан қарағанда
мынадай факторлар еске алынған жөн:
1. Бұзауға туғаннан кейін 1-1,5 сағаттан кешіктірілмей дер кезінде уыз
ішкізу. Уыз бұзау үшін оның тіршілігінің алғашқы ссәтіндегі ең толық
құнды азық болып табылады.
2. Жаңа туған бұзаулар арасында асқазан-ішек ауруларының алдын алу үшін
уыз бен ссүтті асықтырмай ішкізіп үйрету керек. Еі жақсысы емізікті
ыдыспен беерген дұрыс.
3. Бұзау емметін уыз бен сүт жылы (35-37С) болуға тиіс.
4. Желіні ауыр сиырлардың бұзауына енесінің уызын беруге болмайды. Мұндай
жағдайда жаңа бұзаулаған дені сау сиырлардың ғана уызы беріледі немесе
қолдан уыз жасалады: сиырдың жаңа сауылған 1 литр сүті, 10 мм балық
майы, 5 гр ас тұзы және тауықтың 1 жұмыртқасы. Осы қоспа біртекті
қоймалжыңға айналғанша бұлғанып, араластырылады.
Сауу кезіндегі тазалыққа бас назар аудару керек. Сауар алдында сиыр
желіні жылы сумен мұқият жуылып, құрғатылып сүртіледі.
Сүт құйылатын ыдыспен емізік бұзау сүтін еміп болған соң, жуылып
кепттіріледі.
Бұзауға 10 күндігінен бастап, ене сүтінің орнына жиынтық сүт немесе сүт
орнына жүретін заттар беруге болады. 20-30 күндігіне дейін бұзауларға
қаймағы алынбаған сүт беріледі де, 30 күндігінен бастап, сүттің мөлшері 30-
50% азайтылып, көк сүт қосылады. 6 айға дейін асыл тұқымды және
пайдаланылатын төл өсіруге жұмсалатын қаймағы алынбаған сүт шығыны 200-
250кг құрайды.
Дені сау бұзауды бірте-бірте және мүмкіндігіне қарай ертерек ірі азыққа
тағы басқа жем шөпке үйрету керек. Ірі азыққа бұзау тіршілігінің 10
күндігінен үйретіле бастайды. Шырынды азықтарға шөп, қызылша, картоп
бұзаулар 2-3 апталығынан үйретіледі. 15 күндігінен бастап оларға жем арпа
және сұлы ұны, бидай жармағы беріледі. Минералды қосымша азық ретінде ас
тұзы, бор сүйек ұны қолданылады. Олар сүтпен бірге, ал содан соң 2-3
апталығынан бастап жеммен қосып береді. 2айлығынан бастап сүрлем беруге
болады.
"Аралас" әдіс кезінде бұзау аз ба, көп пе әйтеуір, енесінемеді де,
содан соң сүт ыдыстан ішкізіледі. Мәселен, бұзау енесіне анда- санда
салынады да, ыдыспен сүт беріліп, кейінен ол да берілмейді.
"суық" әдіс кезінде бұзаулар қыстық үні жылытылмайтын бұзау қораларында
немесе қорадан тыс үйшыктерде өсірілетін болады. Оның мәні мынада: бұзаулар
тіршілігінің алғашқы күнінен бастап таза ауада жеке жұқалап салынған
үйшіктерде-профилакторийлерде ұсталады.
Ол үшін бұзау бөлімінің оңтүстік жағынан әр бұзауға 6м² есебімен алаң
бетендоладыда, сүтті бағыттағы бұзаулар 2 айлығына дейін мөлшері 1,2х1,3 м
үйшіктерде ұсталады. Үйшіктің алдыңғы жағына ұзындығы 1,3 м алаң вольер
салынады. Сол үйшіктің алдыңғы қабырғасы ауа райы қолайсыз кезде брезентпен
жабылады. Үйшіктің бетонды негізі мен вольерге 20см қалыңдыққта ағаш
үгіндісі мен 20-25 см қалыңдықта сабан төселеді. Мұндай клеткалар қатарының
төбесі бастырмамен жабылады. Алаң қар түспейтіндей және жел өтінен
сақтайтындай етіліп, қалыңдай қоршалады.
Бұзауларды мұндай үйшіктерде өсіру кезінде мынадай негізгі жағыдайларды
сақтау қажет: сиырлар бокстарда бұзаулағаннан кейін бұзаулар 8-24сағат
енелерінің бауырында ұсталады; үйшіктерді денсаулығы жақсы және мықты
бұзаулар ғана қалдырылады; бұзауларға уыз бен сүт 36 градусқа дейін
жылытылып қана беріледі; құрғақ төсеніш мол етіліп төселеді, жаздық күні
шыбын-шыркейлермен күрес жүргізіледі және бұзаулар шығарлған соң, територия
мен алаң дезенфекцияланады.
А.А.Фалков пен О.О. Тагаевтың 1992 деректері бойынша бұзау өсірудың
суық әдісі –республикамыздың оңтүстік аймақтарынада анағурлым тимді екен.
Өйткені, бұл тәсіл төлдің тіршілік-тынысын жақсартады, денсаулығын
жақсартады, денсаулығын нығаййтып, бұзау рганизімінің физалогиялық
көрсеткішін күшейтеді.
Көптеген сауын фермаларында жаңа туған бұзау бір қора-жайда-
профилакторийде "әдеттегі" әдіспен республикамыздың солтүстік, батыс және
шығыс аймақтарында өсіріледі.
Профилакторийде бұзау жеке клеткада ұсталады. Мұндай тәсіл физиологияға
негізделген. Өйткені, ол бұзауға сыртқы ортаға үйренуге, жылу реттеуін
қалыпқа келтіруге, басқа бұзаулардан мазасынданбауға мүмкіндік береді.
Белгілі бір дәрежеде шартты ауру қоздырғыш микрофлорамен қатынаста болады
да,асқазан-ішек ауруларының алдын алуға жағыдай жасалады.
Бұзауларға арналған клеткалардың көптеген түрлері ұсынылған. Клеткалар
профилакторий еденінен 15-20см биік болуы керек.
Ең ыңғайлысы Эверс клеткасы болып табылады. Сондай ақ төменгі жағының
ені 50см, үстіңгі жағының ені 30см ұзындығы А.H.Моголовский, 1974100см
клетка да ұсынылған. Сонымен бірге жіңішкертілген клеткалар да қолданылады.
Олар батерия түрінде 5-6 данадан, кейде бір –бірден қолданылады. Мұндай
клеткалардың мөлшері 90х40см.
Н.М.Лушик 1970жаңа туған бұзауларды профилакторийде бұзаулау
бөлімінің қасынан салынған бокстарда өсіру жөнінде ұсыныс жасаған.
Бокстар – саңылаусыз, жылы, құрғақ, және стерилденген бөлме. Олар 7-10
бұзауға есептелген . Әрбір бокста бірнеше жеке және жалпы клетка болады.
Бокстардың температурасы-15-20с˚, ылғалдылығы -50-70пайыз . олар сумен
жылытылады. Күлгін –қызыл қыздырғыштармен де жылытуға болады. Бұзаулау
бөлімінде сиырлар жалпы төлден кезде бір бұзаушығы 4-5 бокстан болуға тиіс.
Әуелі бокс дезенфекцияланады, содан соң ғана бұзау жіберіледі. Жаңа
туған бұзаулар әуелі жеке клеткаларда кіргізіледі де онда 3-5 тәулік
ұсталып, содан соң жалпы клеткаға көшіріледі. Бокстарға жаңа туған бұзаулар
3-4 күннің ішінде кіргізіледі де, соддан соң керекті бұзау санының жиналған
– жиналмағанына қарамастан, тоқтатылады. Соңғы бұзау қабылдаған сәттен 10
күн өткенде барлығы бұзау қораның келесі секциясына көшіріледі. Сөйтып,
олар топтық клеткаларға орналастырып, боксқа жаңа туған басқа бұзаулар
қабылданды.
Бұзауларды профилакторийде өсіру кезінде микроклимат үлкен роль
атқарады. Қолайлы микроклиматпен қамтамасыз ету үшін пропфилакторийді
автоматты жылыту жүйесімен жабдықтау керек. Бұзаулардың жылуды аз бөлінуіне
байланысты малды инфрақызыл жылытқышпен қыздыру жолмен дұрыс микроклимат
жасауға болады. Ол үшін ИК-220-100,ИКУФ-2 және т.б. шамдары пайдалынылады.
Көрсеткіштер Бұзауларға арналған қора-жай
профилактрий
Температура,с˚ 18-20
Ылғалдылық, пайыз 70
Ауаның қозғалу жылдамдығы,мс 0,1-0,2
1 малға қажетті ауа алмасыу,м³с 20қыстық күні
Зианды газдардың рұқсат етілетін
канцентрациясы: 0,15
Көмірқышқыл газы, пайыз 10
Аммиак, мгм³ 5
Күкірттісутегі, мгм³ Әр кеткенде 20
Микроппен ластануы, мың м.д.м³ 20-30
Жарықтылық,лк
1.кесте. Профилакторий микроклиматының ыңғайлы параметрлері Кейбір
авторлар бұзауды профилакторийлік кезеңде ұстаудың түрлі әдістерін зерттей
келіп, оларды профилакторийдің оқшауланған секцияларында ұстау әдісіне
келіп тоқталған. Тәжірибе секциялар санының төртеуден кем болмауы, желдету
жүйесі мен канализациясы болу керек екенін көрсетті. Әрбір секцияда бұзау
ұшін мөлшері 0,5х1.2 меденнен 45см көтерілген, торлы түпті жеке клеткалар
қондырылады.
Профилакторийдің әрбір секциясы жаңа туған айырмашылығы 3-4 күндік
бұзаулармен толтырылады. Олар 8-12 күннен соң, секциядан соң, секциядан
топтап күтіп- бағыуға бұзау қораға көшіріледі.
Секциялар бсатылған соң, жеке клеткалар,еден, қабырға, төбе жуылып,
ластан тазартылады да күйдіргіш натырийдың 3-4 пайыз ыстық ерітіндысымен
дезенфекцияады. 1м² ауданға 1л ерітінді жұмсалады, экспозиция -3сағ. Бір
тәуліктен соң бәрі сумен қайта жуылады.
Профилакторий секциялары бұзаудың жаңа тобымен олар әбден тазартылып,
кептіріліп және ауа температурасы +18-20с˚-қа дейін жылытылған соң
толтырылады. Профилактикатикалық үзіліс кемінде 5 тәулік болуға тиіс.
3.2. Жаңа туған бұзаудың күтімі,сүт еметін кезеңі және өсіру гигиенасы.
Жаңа туған бұзау анасының уызын 7-10 күндей ішіп емеді.Алғашқы күндері
күніне 3-4 рет уыз береді.Әр бергенде уыздың мөлшері 1,6-2 л болу
керек.Озат бұзау өсірушілердің тәжірибесіне қарағанда ана уызын бұзауға
тойғанынша берген дұрыс.Уыздың бұзау үшін маңызы өте зор.Уыздың құрамында
24-30% құрғақ зат болады,әрі уыз организміне тез сіңеді,себебі онда 20% тез
қорытылатын белогы бар (жәй сүтте 4%),минералдық заттар сүтке қарағанда екі
есе көп,витаминдерге де бай.Әсіресе,уыздағы глобулиннің маңызы өте
зор.Глобуллин бұзаудың ішінің ауырмауына көп себебін тигізеді.Уыздың
қышқылдығы 50% ға дейін жетеді.Міне,алғашқы 10-15 күндей бұзау тек қана
ана уызын,ана сүтін ішсе,ол бұзаудың тоңғағын түсіріп,ішінің тазаруына және
ішінің ауырмауына жақсы әсер етеді.Уызына жарымаған мал көтерілмейді- дейді
халық,өте дұрыс айтылған сөз.Сондықтан,бұзаудың уыз сүтті ішуін тежемеу
керек.Озаттардың тәжірибесіне қарағанда,бұзауларға ана уызынан басқа да мал
азығын жақсы сапалы шөп,жарма,сұлы ұны,қызылша т.б. беріп үйрете
бастайды.Бұзауланған кейін 7-8 күн өткен сқң қыс айларында жылы мезгілде
қора қасындағы шарбақ қорғанға,ал жаздың күні қора жанындағы жайылымға
шығаруға болады.Профилакторийға бөгде адамдарды жібермейді.Профилакторий
мен бұзау қораның табалдырығының алдына,дәрі сіңген,аяқ сүрткіш төселеді.
12 күннен кейін,ал кейде тіпті 20 күннен кейін бұзауларды ана сүтінен
жалпы сүтке аудара бастайды.Туғаннан кейінгі екінші күні бұзауларды жеке-
жеке өлшеп таңбалайды,құлақтарына бирка салып немесе құлақтарының ішіне
таңба басады.Алдыңғы қатарлы асыл тұқымды мал шаруашылықтарының
тәжірибелеріне қарағанда бұзаулардың көп шығыны (75%) алғашқы 15-20 күннің
ішінде байқалады.Бұзаулар көбінесе іш ауруынан немесе өкпесіне суық тиуден
шығынға ұшырайды
Бұзаулар кеселге ұшырамау үшін,оларды мол және дұрыстап азықтандыру
қажет,әрі бұзау қораға,жазықта серуендейтін жерлер таза болып,мал қорада
үнемі бірқалыпты температурада болғаны жөн әрі қора құрғақ,жарық болуы
керек.
Бұзау өсірудің бұл кезеңіндегі екі түрі,яғни сүтті қолдан емізу және
теліп өсіруі тәсілі қолданылады.Қолдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz