Үйрек балапандарын азықтандыру


Жоспар
1. Кіріспе . . . 3
2. Негізгі бөлім . . . 4
2. 1. 1 Құс қора-жайларының гигиенасы . . . 4
2. 1. 2 Құс қораларын жобалауда нормативтік базасы . . . 5-9
2. 2 Қоралардың бөліктерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау . . . 10-11
2. 3 Ауылшаруашылық құстарын азықтандыру және құс азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (мал азығын санитариялық тұрғыдан бағалау) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу . . . 12-16
2. 4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, сарқынды лас сулардың қоймасына әсері және оларды жіберудің санитариялық тәртібі, суды зарарсыздандыру, табиғи су көздері, оларды салыстырмалы сипаттау және гиигеналық бағалау, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйелері. ) және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу . . . 17-21
2. 5 Құс өсіру гигиенасы мен санитариясы, үйрек қораларын желдету жүйелері, құс қораларының жылу балансы. Үйрек гигиенасы . . . 22-29
2. 6 Құс шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық-гигиеналық шараларын белгілеу, үйрек аурулары . . . 30-36
2. 7 Үйректердің аталық-аналықтарын бағу, үйрек етін өндіру,
тұқымдық үйрек балапандарын өсіру, үйрек балапандарын етке өсіру . . . 37-43
3 Қорытынды . . .
. . . 44-45
4 Қолданылған әдебиеттер.
РЕФЕРАТ
Жұмыс : 46 беттен, 6 кестеден, 3 қосымшадан, 3 сызбадан, 3 суреттен тұрады.
Түйінді сөздер: гигена, стандарт, генератор, дезинфекция, дератизация, монтаж, гигиеналық-санитариялық талаптар, климат, геология, гидрология т. б.
Кіріспе
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диеталық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып саналады. Келешекте жұмыртқа құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әр шаршы метр жерден өнім шығынын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығындыбарынша азайту болып табылады. Үйректерді дұрыста тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан - жақты көрсеткіштерін, үйректің тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтинын технологиялық процестің басты мақсаты - үйректің күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, олардан адамға қажетті өнімдер алуға (ет, жұмыртқа, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынадай мәселелерді шешу қажет:
- бірнеше бағыттағы үйрек шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру;
- салалық стандарттарды жасап, оны көлемді түрде үйрек жұмыртқасы мен етін өндіретін технологиялық үрдісті енгізе отырып пайдалану;
- шаруашылықтарды пайдалы технологияға аустыруды, үйректі инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал - жабдықтар бар үйректерге арналған жаңа түрін салу;
- іске қосылғалы тұрған, толық механикаландырылған, жоғары деңгейде автоматтандырылған технологиялық үрдістерге қажет жақсы жетілдірілген, әрі жұмыста өте сенімді кешенді технологиялық құралдардың жан - жақты нақтыланған технологиялық мөлшерлер мен негізгі талаптар әзірлеу;
- үйрек және үйрек клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау;
- үйректі клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологиялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған үйрек фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқау жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап болып саналады.
Негізгі бөлім
2. 1. 1 Құс қора-жайларының гигиенасы
Көп жағдайда, әсіресе Қазақстанның Солтүік және батыс аймақтанында күннің суық кездерінде құс басын сақтап көбейтуге, оларды бағып күтуге, қораларының жылылығына, оның микроклиматының қолайлығына көп байланысты. Ал, қолайлы микро климат қора құрылысын салғанда технологиялық жобалаудың нормаларын (НТП) сақтау ветеринариялық - санитариялық тұрғада жер таңдап, қора жайларды дұрыс орналастыру, құрылыс материялдарын таңдау, қора бөліктерінің талапқа сай болуы, желдету және қи шығару жүйелерінің жұмыс істеу реті және т. б. тығыз байланысты екендігі туралы мына төмендегі мәліметтерде көрсетілген.
Үйрек бағу.
Жалпы, үйректер суыққа шыдамды болғанмен, қора ішінің ылғалдылығы жоғары болса оған шыдамайды. Сондықтан олардың тұратын, жататын жерлері таза құрғақ болуы керек, ал астындағы төсеніштерін жылына екі рет: күзде және көктемде ауыстрып тұрады. Төсенішке сабан, ағаш ұнтағы, торф т. б. қолайлы заттарды пайдаланады. Қора дымқылдығын азайту үшін: төбеге желдеткіш жасайды; бағананың үстіне қалыңдығы құстың отырғызу тығыздығы да әсер етеді. Сондықтан 1 шаршы метр жерге 3 бастан артық келмейтіндей етіп отырғызады. Ал Оңтүстік аймақтарда, құстар өзінің көп уақыттарын далада өткізетін болса, онда отырғызу мөлшерін 4 басқа дейін өсіреді. Үйректер астық дәндерін, асхана қалдықтарын, түбір және түйнек жемістерін де жей береді. Оларға жүгері, арпа, сұлы, тары, бидай, дән қалдықтарын беруге болады. Күндік азықтық дән мөлшерінің 50 - 60 пайызына дейін жүгері, 20 - 30 пайыз - сұлы беруге болады. Арпаны бітеудей де және жарма күйінде де береді. Бұл өзінің қоректік қасиеті жағынан сұлыдан жоғары. Үйрекке беретін бұршақ тектес дәнді дақылдардың (бұршақ, ақ бұршақ т. б. ) күндік мөлшері жалпы дән көлемінің 15 пайызынан аспауы керек. Қызылша және картопты да жақсы жейді. Жануар өнімдерінен алынған азықтардың ең маңыздылары: сүт сарысуы, жеуге жарамсыз ірімшік, сүт, ет және балық өндірістерінің қалдықтары. Жеуге жарамсыз жаңадан дайындалған ірімшік пен құрғақ азықты 3 :1 қатынастағы балық және ет ұндарының орнын баса алады. Көк шөптен күніне 1 басқа 100 - 120 г, ал сәбіз, қызанақ, асқабақ секілді көкөністерді 40 -50 грамм есебінен береді. Витамин көзі ретінде майдаланған шөптерді пайдалануға болады. Негізгі күндік азық мөлшерінде 3 - 5 пайыз шамасында минеральды азықтар ретінде ракушқа, бор, ұнтақталған әк, жұмыртқа қабығы және ас тұзын беріп отырады. Үйрек шаруашылықтарында өте жауапты кезең - көктемнің басы. Бұл уақытта үйректерге жұмыртқалар алдында 3 күн бұрын, күндіз араластырған жем (быламық), түнде - дән береді. Егер дән өспеген болса, онда алдын ала суға бөктіріп барып, берген дұрыс. Оларға күндіз азық мөлшерін 15 - 20 пайызға өсіріп, ақзатты қоректерді көбейтеді, ірі азықтарды азайтады.
2. 1. 2 Құс қораларын жобалауда нормативтік базасы
Құс шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма мен ветеринариялық - санитариялық талаптарға сай жобалауға, салуға және пайдалануға бақылау жасап отыру қажет.
Ауыл шаруашылық өндірісінің технологиясы. Ауыл шаруашылық кәсіпорынның негізін белгілі бір өнім өндірудің технологиясы құрайды. Оның маңызды элементтері: құсты ұстау жағдайы, толық сапалы азықтандыру және суару режимі, құстың тұқымын жақсарту үшін белгілі бағытта селекциялық жұмыстар жүргізу, микроклиматпен (желдету - жылу жүйелері, қи шығару және т. б. ) қамтамасыз ету, зоотехникалық талаптарды орындау, ветеринариялық жұмыс жүргізу жүйесі және т. б.
Технология табиғи - климаттық және экономикалық жағдайларға сай, сондай - ақ шаруашылықтың бағытына қарай жасалады. Әрине оның бәрі басты мақсат - белгілі бір өнім алуға бағытталады: үйрек семірту шаруашылықтарында арзан ет, құс шаруашылығында - арзан жұмыртқа алу. Алайда, осы шаруашылықтың тиімділігін арттыру үшін құсқа жоғары өнім беретіндей ыңғайлы әрі тиімді технология қажет.
Құс шаруашылығын жүргізу технологиясы алдына ала жасалған жобаға, әсресе оның құс органдарының биологиядық талаптарын қанағаттандыра алатындай түрлеріне бейімделуі тиіс.
Құс шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру. Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылықтар құсқа арналған құрылыстарын өз қаржыларымен жүргізеді. Құс қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Жобалауға тапсырма жасау - бұл жұмыстың алғашқы кезеңі. Онда негізгі технологиялық міндеттер мен санитариялық - гигиеналық талаптар атап көрсетіледі. Олардың бәрі болашақ кәсіпорынның техникалық дәрежесін айқындайтын жобалық - сметалық құжаттар жасау үшін негіз болып табылады. Жобаға ұсыныстармен тапсырмаларды жасауға жеке шаруашылықтың немесе өндіріс кооперативтерінің басшылары және мамандары қатысады. Жобалық тапсырманың құстың жасы, жынысы тобына қарай ұстаудың зоогигиеналық талаптарын қатаң сақтау, ауруға шалдығуын азайтады.
Жобалық ұсыныстармен тапсырмаларды жасауға құс мамандары белсенді араласуы қажет. Сонымен қатар технологиялық процестерді жақсы меңгерген, құсқа керекті ережелерді сақтау қатаң болу керек.
Құс қораларының құрылыстары оларды жобалаудан басталады. Құрылыс салу және қалпына келтіру үшін жобалау және зерттеу жұмыстарын қол қойылған келісім негізінде жобалаумен зерттеу ұйымдары жүргізеді. Келісім шартта жобалау және зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі мен құны, оған келісімде көрсетілген жұмыстар сметасы, тапсырыс берушінің осы жұмыстарды қаржыландыру туралы анықтамасы және оларды жобалау үшін деректерді беретін график көрсетілуге тиіс.
Құрылысты бастамас бұрын нысанды жобалау үшін бөлінген қаржы есебінен құрылыс салу үшін жобалау - зерттеу жұмыстарының алғашқы тізімі жасалады.
Кәсіпорынның, ғимараттың және басқа құрылыстардың жобасы техникалық құжаттар жиынтығы болып есептеледі. Оған: түсініктеме жазбалар, кескіндер мен схемалар, экономикалық және техникалық есеп - қисаптар, сметалар мен нысанды салып және іске қосуға қажетті басқада құжаттар жатады.
Жобалау - құрылыс салудың алғашқыда маңызды кезеңі. Сондықтанда жобалауды ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін, сондай - ақ құрылыс басталар кезде және ол іске қосылар кезде технологиялық және өндірісті ұйымдастыру жағынан механикаландыру, жарықтандыру, сол сияқты архитектуралық - жоспарлау шешімінің дәрежесі, құрылыс конструкциясы жағынан артта қалып қоймастай етіп олардың даму келешегін ескере отырып жасаған жөн. Құс шаруашылығы кәсіпорындарын ғимараттарымен басқа құрылыстарын жобалауды жобалау мекемелері жүзеге асырады. Ал тапсырмаберуші - сол құрылысты салғызуға құқығы бар ұйым.
Құс шаруашылығы кәсіпорындарын технологиялық жобалаудың нормалары (ТЖН немесе НТП) кеңес заманында жан - жақты жасалған және олар түбегейлі өзгерген жоқ.
Дегенмен де, жалпы қоғамның және шаруашылықтар мен кәсіпорындардың меншік иелерінің өзгеруіне байланысты құс шаруашылығына арналған құрылыстарды жобалау, салу және пайдаға беру жүйелерінің талаптарында жаңа құжаттар, саладағы нормаларды жетілдіру мен басқада өзгерістер енгізелуде.
Әсіресе, мұндай өзгерістер Ресейде кең көлемде жүргізілуде.
Технологиялық жобалау нормаларын құсқа керекті зоогигиеналық талаптардың барлығы анықталған: құстарды ұстау жүйелері табынның мөлшері мен құрылымы, үй жайлар мен қора - қопсылардың арнайы тізімдері және құрамы мен оларға қойылатын технологиялық талап, үй, қоражайлар мен басқада құрылыстардың алаңы мен көлем мөлшері, құс азығы мен төсеніштерін, керекті денгейдегі шамамен мөлшері, қажетті су мен оған қойылатын талап нормалары, құс көңдерін шығару жүйелеріне қойылатын талаптар нормативі, құстардан бөлінетін жылу, газ және бу нормалары, іштегі ауаның ауқымы және қораны жылыту мен желдету талаптары, қораны табиғи және жасанды жарықтандырудың нормалары, өндірістік процестерді технологиялық жабдықтау және механикаландыру.
Жобалаудың негізгі мақсаты құстарға максималды өнім ала алатындай жағдай жасауға мүмкіндік беретін құс шаруашылығы нысандарының жобаларын жасау.
Құрылыс нормалары мен ережелерін (СНиП) - ауыл шаруашылығының барлық салаларында жобалау мен құрылысты реттейтін негізгі нормативтік талаптар мен ережелер жиынтығы. Қазіргі уақытта Ресейде жобалау мен құрылыстың әр түрлі сұрақтарына жауап беретін 80 - нен аса СНиП жұмыс істейді.
Құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттыр (МемСТ) - негізгі ұсынылатын ережелерді белгілейді, олар ғимарат пен құрылыстардың жеке бөліктерінің, құрылыс материалдарының нақты параметрлері мен сипаттамасын белгілеп, бұл өнімді құрастыру, өткізу және қолдану кезіндегі техникалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Жобалау мен құрылыс бойынша ережелер жиынтығы - құрылысы нормалары, ережелері және жалпы техникалық стандарттардың қажетті талаптарын қамтамасз ететін ережелерді белгілейді.
Териториялды құрылыс нормалары - облыстар мен аудандардың экономикалық мүмкіндіктерін, ұлттық салт - дәстүрлерін, социялды және табиғи кликаттық ерекшеліктерін ескеретін, ұсынылатын ережелер мен тиісті территорияның шекарасында қолданылуы тиісті нормаларды белгілейді.
Құс шаруашылығы нысандарын жобалау кезінде мемлекеттік бақылау органдарының құжаттарын қоладну қажет, мысалы: мемлекеттік өрт сөндіру қызметі, ТЖМ, Мемлекеттік Экология, т. б. әсіресе, денсаулық сақтау министірлігінің санитариялық нормалары (СанПиН), гигиеналық нормалар (ГН) және санитариялық ережелер қатаң сақталуы қажет.
Қораны жобалау негізінен жобалық тапсырмадан басталады.
Жобалық тапсырма - жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауға тапсырманы тапсырыс беруші белгілейді және мынадай маңызды деректерді көрсетеді: кәсірорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан және алаң, оъбектінің өндірістік қуаты, құс шаруашылығын дамытудың келешектік жоспарлары, құстарды күтіп - бағу технологиясы, табынның саны, құрамы мен өнімділігі, санитариялық - гигиеналық режимі, жобаланған азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері, ветеринариялық - санитариялық талаптар мен зоогигиеналық параметрлер. Тапсырмада құрылыс салудың айрықша жағдайларына байланысты негізгі деректер (сесмикалық жағдай, топырақтың құрамы және т. б. ), өнім түрлерімен оларды пайдлану аймақтары, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін және оны салу кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен, электр қуатымен қамтамасыз ететін негізгі көздер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жүргізу үшін негізгі мүмкіндіктер, ағын суларды тазарту мен ағытып жіберу жөніндегі мүмкіндіктері, бұзылған жерді қайта қалпына келтіру жобасын жасау туралы талап, кәсіпорынды кеңейту мүмкіндігі, құрылыс объектілерін іске қосу кезегі, құрылыс және мантаждау жұмыстарын аяқтаудың белгіленген мерзімі, жобалау сатылары, жоба түрлерін жасауға талап атап көрсетіледі.
Жоба түрлері . Көрсетілген жобалық тапсырмаға сәйкес жобалар: дербес, экспериментальдық, қайта қолдынылатын және типтік болып бөлінеді.
Дербес жоба - айтықша сирек объектілер үшін жасалады. Дербес жоба көбінесе экспериментальдық болып келеді. Оны ғимаратты, не кешенді құрылыстарды тек бірақ рет салу үшін қолданады. Жобалау жер бетінің жағдайына, орнына, климатына, геологиялық, гидрологиялық және т. б. жағдайларға қарай жүргізіледі.
Экспериментальдық жоба тікелей өндірістік жағдайларда жаңа техникалық шешімдерді мұқият тексеру қажет болған жағдайда жасалады. Оның зерттеу негіздеріне: құстарды күтіп бағудың жаңа технологиясы, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың айрықша жүйесі, құрылыстық жаңа шешімдер және т. б.
Қайта қолданылатын жобалар барынша сәтті жасалған дерес жобаларды қайтадан қолдану керек болған кезде пайдаланылады.
Типтік жоба бір текті объектілерді жаппай салуға және қолдануға арналған олар өзінің орны мен негізгі параметрлері жағынан көп қолануға болатын жобалық шешім. Типтік жоба құрылыс - монтаж жұмыстарының құнын төмендету есебінен құрылыс салу құнын күрт қысқартуға мүмкіндік береді.
Жұмысшы жобаның типтік жоба бойынша салатын кәсіпорын нысандарына жасайды. Оған мыналар қажет: жалпы түсініктемелік жазба, құрылысты ұйымдыстыр, сметалық құжат, жұмыс жобасының паспорты, жұмысшы құжаттыр.
Түсініктемелік жоба - шындап келгенде бұл жобалаушылардың негізгі түпті құжаты. Онда мынадай деректер келтіріледі: таңдап алған құрылыс алаңын негіздеу, отынға, суға, жылу және электр көздеріне, еңбек ресуртсарына қажеттілік және осы қажеттілікті қамтамасыз кту мүмкіндіктері, технологиялық процестер мен және жалпы көлік пен энергетикалық және санитариялық-техникалық құрылыстар мен біріктірілген барлық өндірістік және қосымша құрылыстар мен құрылғылардың өзара орналасуын көрсететін бас жоспар бойынша мәліметтер, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі шаралар енеді.
Типтік жобаның құрамы. Ғимараттың немесе құрылыстың типтік жобасына құжаттардың мынадай түрлері жатады: жұмыс сызықтары, сметалар құрал-жабдықтарға анықтама.
Жұсыс сызықтары бекітілген жобалық тапсырмаларға, немесе техникалық жобаларға сәйкес жасалады. Сметалар, сметалық нормалар мен бааларды басшылыққа ала отырып, жұмыс сызықтары бойынша жасалады.
Жоба құжаттарын тексеру және құрылыстың сапасын бағалау.
Ветеринария мамандарымен құс өнімін өндіретін технологтар жобалау мен құрылыс салуға сол сияқты оларды қадылдау мен пайладануға беру ісіне бақылау жасап отыруға міндетті. Бұл жерде олар жобалық шешімдерді қабылдаудың пайдалылығын және жасалған сметаның дұрыстығын қадағалайды. Жобаларды сараптан өткізудің мақсаттары мыналыр: малдың денсаулығын қорғауға және өнімділігін арттыруға бағытталған ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, жобалық шешімдердің жоғары техникалық дәрежесін қамтамасыз ету, фабрикаларды індеттен және басқа да аурулардан сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және құс өнімінен сақтандыру, ветеринариядағы ауыр еңбекті механикаландыру, сол сияқты қоршаған ортаны қолғау, ағын суларды өндірістік қалдықтармен ластанудан сақтау.
Жобаны сараптау барысында жобада белгілеп, бекітілген және ветеринариялық бақылаушылармен келісілген шешімдерге сәйкестігіне, құс фабрикаларын құру, табындар құару, оларды өсіру мен азықтандырудың негізгі көздерін айқындауға, фабрикалардың ауқымы мен құрылымдарына, құстарды орналастыру және ұстаудың қолданылып жүрген технологиясын ескере отырып тазалау, желдету үшін керекті технологияның қолданылатындығына және жұқпалы құс ауруларының сырттан келуінен сақтауға, ал пайда болған жағдайда оларды тез арада жоюға, құс фабрикаларында үйректерді зиянды микробтардын сақтауға, үйректерге қажетті үй, қора-жайлар мен басқа да құрылыстарға, олардың санына, құрамына, алаңдар, мөлшері мен технологиялық жабдықталуына, ветеринариядығы қиын жұмыстардың механикаландырылуына назар аудару керек.
Объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібі . Объектіні тапсыру-қабылдау процесі кезінде оның жобаға сәйкес екендігі анықталады.
Объектіні пайдалану үшін тапсырыс беруші кәсіпорын басшысының бұйрығымен құрылған жұмысшы комиссия объектіні қабылдыйды. Комиссия құрамында ветеринариялық-санитариялық бақылау өкілдері кемиді.
Омиссия орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының жобалық-сметалықжұжаттарға сәйкустігін, атқарылған жұмыс сапасын, монтаждау ұйымдарының жабдықтарды, және конструкциялар мен тетіктерді, ғимараттар мен басқа құрылыстарды байқап көргендігін, барлық жобалық және орындалатын құжаттардың бар екендігін тексереді.
1-сурет. Қора-жайдың сызба нұсқасы.
2. 2 Қоралардың бөліктерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау.
Құс, үйрек және аң мал, аң шаруашылықтары үшін көп жағдайда бір қабатты қора жайлар слынады. олар тік бұрышты түзу болып келеді және бір-біріне өзара байланысты жекелей конструкциялық элементтерден тұрады.
Олар тіректі және қорғаушы болып бөлінеді. Үй-жайдың негізгі тіректі элементтеріне ғимараттың ірге тасы, қабырғалары, едені мен төбелері жатады. Оларға қатты күш салмақ түседі, температураның әсері де мол. Сондықтан да олар сас берік, мақты материалдардан жасалады. Тіректі элементтердің орналасу ерекшеліктеріне қарай ғимараттың мынадай типтерін анықтауға болады. Каркассыз түрі, ол - өзара байланысқан қабырғалар мен жабындылардан тұратын қатты да берік қорап. Ғимараттардың сыртқы және ішкі қабырғалары төбенің жабындыларының салмағын көтеріп тұрады. Ғимараттың мұндай түрлері құс шаруашылығы объектілері мен басқа құрылыстырын ауда кеңінен пайдаланылады. Ал каркасты түрі - тіректерден, кеспелтектерден, негізгі және қосымша құрылыс фермаларынан немесе тіркеулерден, ригельдер мен плиталардан құралған ауқымды жұйе. Каркас - ғимараттың негізгі тірегі, ол ендік және бойлық элементтерден тұрады. Каркас типті қора-жайға тән сипат олардың жұмыс ерекшеліктеріне қарай нақты бөлінуі. Қорғаушы элементтер (ішкі-сыртқы қабырғалар, едендер, қоршаулар, есік-терезе ойықтары) үй-жайдың ішін ауаның зиянды әсерлерінен сақтайды. Сонымен қатар осы екі элементтер бірігіп, ортақ қызмет атқаратын жағдайлар да болады. Оған қабылғалар, каркассыз қора-жайларжағы жабыныш материялдары жатады. Қора-жайдың негізгі конструкциялық элементтеріне табан, ірге тас, қабырғалар, еден, төбе, шатыр және т. б. жатады.
Қора-жайдың табаны. Құс шаруашылығы құрылыстары үшін негіз болып ірге тастың асты мен жан-жағындағы таырақ қабаттары бар, ғимарат салмағын көтеріп тұратын оның берік болуына әсері тиетін топырақ қабаттары болып саналады. Кез келген құрылыстың беріктігі мен бекемдігі ең алдымен осы табанға байланысты. Табан берік, біркелкі, құрғақ, кем дегенде 2-3см ғана отыратын және жылжымайтын болуы тиіс.
Ірге тас. Бұл ғимараттың барлық тіректі элементтерін ұстап тұратын жер астындағы бөлігі. Оған қойылатын негізгі талаптар: беріктігі, мықтылығы, атмосфералық құбылыстарға шыдамдылығы, ұзаққа жететіндігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz