Жаһандану мен жергілікті мәдениет


Тақырыбы: «Жаһандану кезеңінде Қазақстан ұлттық бірегейлігін сақтау керек пе?»
Алматы қаласы, 2019
Мазмұны
I КІРІСПE. 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ . 4
2. 1 Әдебиетке шолу . 4
2. 2 Зерттеу әдістері мен сұрақтары. 6
2. 3 Зерттеу нәтижелері. 8
2. 4 Зерттеу қорытындысы . . . 11
2. 5 Бағалау . . . 11
III ҚОРЫТЫНДЫ . . 13
IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 14
I КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда, жаһандану үдерісіне ерекше назар аударылады, жаһандану барысында ұлттық бірегейлігімізді сақтау үшін ұлт менталитетіндегі дамыған, тарихи, топтастырғыш моральдық-этикалық, адамгершілік, қасиеттерімізді қоғамдық өркендеунің рухани негізі ретінде қараудың маңызы өте зор. Заманауи америка зерттеуші, Гарвард Университетінің профессоры С. Хантингтон «Кімбіз?» кітабінде бірегейлік тек бір ғана адамға емес, әлеуметтік топтарға және ұлттарға тән деп айтады, ал бірегейліксіз жеке не тұлға, не топ, не жұрт жоқ. Алайда бүгінгі күні көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша, мәдениеттердің ассимиляциясының мәні ұлттық бірегейлікті сақтаудан аса маңызды, одан басқа, кейбірлер ассимиляцияны жаһанданудың тек бір нәтижесі ретінде қарастырады. [1] Сол себептен жаһанданудың халық мәдениетіне әсерін анықтау, ұлттық бірегейліктің сақтаудың қажет немесе қажет емес болудың себептерін анықтау, қажет болса, “ұлттық кодты” сақтауға бағытталған тиімді жолдарын табу мен үшін аса маңызды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент Н. Ə. Назарбаевтың пікірі бойынша, жаһанданудың қисыны бар кері салдарын алдын ала болжап, дер кезінде жою үшін, жаһанданудың дүниежүзінің бай, дамып келе жатқан, кедей мемлекеттері үшін мүмкін болатын салдарын зерттеу қажет. ЮНЕСКО универсалды мәдениет әртүрлілігі туралы декларациясында:”Мәдени әртүрлілік адамзат үшін табиғатқа биоалуантүрлілік сияқты маңызды” деп ұлттық бірегейлік туралы жазылан. [2] Сондықтан мен ассимиляция және ұлттық бірегейлікке қатысты мәселелерді шешкім келеді.
Мақсаты: Жаһандану үдерісінің Қазақстанға әсерін анықтау, жаһанданумен күресіп, ұлттық бірегейлігін сақтау керек болудың себептерін анықтау, мәселемен күресу үшін шетелдік елдерде қолданылатын ұлттық ұқсастықты сақтау жолдарының күшті және әлсіз жақтарын талдау арқылы Қазақстан үшін тиімді жолдарды ұсыну.
Міндеттері:
- Ұлттық бірегейлікті сақтау керек болу немесе керек емес болуды анықтау;
- Зерттеу арқылы жаһандану үдерісінің Қазақстанға әсерін анықтау;
- Қазақстандағы ұлттық ұқсастығына баға беру мен болжам жасау;
- Мемлекет тарапынан бағдарламалардың тиімділігі мен кемшіліктерін анықтау;
- Өзге мемлекеттердің тәжірибелерін ескеру;
- Зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеу сұрақтары:
- Ұлттық ұқсастықты сақтаудың маңыздылығы бар ма?
- Ұлттық ұқсастықты сақтаудың мақсаты неде?
- Жаһандану үдерісіндегі Қазақстандағы рөлі қандай?
- Жаһандану үдерісінің мемлекеттік әлеуметтік, мәдени сфераларына әсері қандай?
- Ұлттық ұқсастықты қалай сақтауға болады? Осы мәселені шешу үшін қандай іс-шаралар жүргізу керек?
Күтілетін нәтиже. Курстық жұмыстан Қазақстан үшін ұлттық бірегейлікке қатысты келесі нәтижеле күтіледі: 1) Ұлттық бірегейлікті сақтаудың керек немесе кере емес болуы анықталған болады; 2) Мемлекет қолданатын іс-шаралардың оң және теріс жақтары анықталған болады; 3) Басқа мемлекеттерде пайдаланатын іс-шараларды талдау арқылы тиімді жолдар анықталған болады;
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Әдебиетке шолу
А) Жаһандану, ұлттық бірегейлік және ұлттар ассимиляциясы туралы түсінік
«Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Жарлығының жобасында ұлттық бірегейлік ұғымына келесідей сипаттама берілген: « Қазақстандық бірегейлік пен бірлік - ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этникалық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді» және «қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этникалық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар». [3] Ұлттық код - ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Оған салт-дәстүрлері, мінез-құлқы, арман-мұраты, тілі, ділі, тұрмыстық-шаруашылық жатады. [18] Жаһандану - тауарлар мен қызмет көрсетулердің, технологиялар мен инвестициялар ағындарының, адамдар мен ақпараттардың трансшекаралық саудасы арқылы туындаған әлемдік экономикалардың, мәдениеттердің және популяциялардың өсіп келе жатқан өзара тәуелділігі. Ұлттар ассимиляциясы - ұлттар арасындағы шекаралардың жойылуы, азшылық тобы немесе мәдениет басым топқа ұқсайтын немесе басқа топтың құндылығын, мінез-құлқын және нанымдарын қабылдайтын процесс. [4]
Ә) Жаһандану мен жергілікті мәдениет
Қазіргі қоғамның жаһандану процессі көптеген ұлттар мен мәдениеттердің жойылуымен, гомогенизациямен, құндылықтар мен дәстүрлердің бұзылуымен қатар жүреді. Бүгінгі күні Батыс елдерінің тарихы мен мәдениетімен байланысты емес «батыстық» деп аталатын құндылықтар қарқынды таралады. Бұл құндылықтар тұтыну құндылықтармен ауыстырылып, тек ғана негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылатын адамдарды құруға бағытталған. [15] Жаһандану шетелдік өндірістің тұтыну тауарларының қолжетімділігін арттырып, дәстүрлі өндірісті бұзады. Бұл сондай-ақ фильмдер, музыка және жарияланымдар сияқты мәдени өнімдер мен қызметтердің халықаралық саудасын ұлғайтады. Мәдени тауарлармен сауданы кеңейту барлық қоғамның шетелдік мәдениеттердің ықпалына барынша ұшырайтынына алып келеді. Ал шетелдік мәдени құндылықтардың әсері көбінесе жергілікті мәдениеттің, құндылықтар мен дәстүрлердің өзгеруіне алып келеді. Ұлттық мәдениеттер үшін жаһанданудың салдары туралы бірыңғай пікір болмаса да, көптеген адамдар шетелдік мәдениет жергілікті бірегейлікті бұзады деп ойлайды. [14] Жаһандану кезеңінде мәдениеттің басты мәселелерінің бірі - әлемдік мәдениеттің гомогенизациясы, сонымен қатар әлемдік мәдениеттің "американизациясы". Шетелде американдық корпорациялардың таралуы жергілікті мәдениеттер үшін түрлі салдарға әкеледі. Мысалы, АҚШ компанияларының басқа елдердің мәдени бірегейлігіне әсерін тағамға қатысты көруге болады. Біріншіден, көптеген елдерде тағамның өзі мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Екіншіден, мейрамханалар қоғамдағы әдет-ғұрыптар мен әдеттерге әсер етеді. Мәселен, бүгінгі күні Қазақстан аумағында 14 McDonalds мейрамханалар, 52 KFC мейрамханалар, 30 жуық Starbucks мейрамханалар, 12 Hardees мейрамханалар, 46 burger king мейрамханалар бар.
Б) Мәселелерді шешу мақсатында үкімет жүргізіп отырған іс-шаралар
Бүкілқазақстандық бірегейлігін қалыптастыруға Қазақстан Халқы Ассамблеясы (ҚХА) айтарлықтай әсер етеді. 2008 ж. 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті “Қазақстан халқы Ассамблеясы” туралы заңға қол қойды. “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” заңда Ассамблеясының негізгі міндеттері туралы келесі жазылған: “ Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту. ”[5] [6] 2015 жылғы 23 сәуірде ҚХА XII сесиясында Н. Назарбаевпен қойылған 7 міндеттердің қатарына бүкілқазақстандық мәдениетті дамыту кіреді. [5] ҚХА-дан бөлек “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” программасының бір бөлігі ұлттық бірегейлік немесе ұлттық кодты сақтауға бағытталған. Алғащқы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық бірегейлікті сақтау туралы келесі айтылған: “Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. ” [7] Ұлттық кодты сақтауға тек мәдениет ғана емес, тілдік мәселелер де жатады. Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" жобаны өткізуде. Оның мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. [8] Сиэттл университетінің (АҚШ) Орталық Азия мен Қазақстанды зерттеу орталығының директоры Уильям Фиерман: «25 жыл - бұл Орталық Азияда ресми тілдерді енгізу үшін жеткілікті емес. Мен тағы 25 жылдан кейін жағдай түбегейлі өзгеретініне сенімдімін. Орыс тілін білетін адамдар аз болады, ал ресми тілде сөйлейтін жоғары білімді адамдардың саны көбейеді» деп айтты. [22] Ұлттық бірегейлікпен байланысты проблемаларды шешу үшін мен ынтымақтастықты дамыту мақсатында ЮНЕСКО-ның "Орталық Азияда мәдени мұраны қорғауды нығайту" конференциясы 2017 ж. 27-28 шілдеде Алматы қаласында өткізілді. [11] Конференциясының барысында Қазақстанға мәдени мұраны сақтауға бағытталған кейбір ұсыныстар берілді, олардың қатарына мәдени құндылығы бар, жеке және мемлекеттік меншіктегі барлық мүлікті түгендеуді ұйымдастыру, барлық жас санаттары арасында таратуға бағытталған мәдени мұраны қорғау бойынша интернет-ресурстар, материалдар мен онлайн-платформа дамыту, т. б. [12]
Отандық музыка бойынша келесі ақпарат берілген: 1 қараша, 2013 ж. Санжар Мустафинның бастамасы бойынша Gakku TV - Қазақстандағы алғашқы музыкалық арна ұйымдастырылған болатын. Бұл арнасында тек ғана Қазақстанда жасалған музыкалық туындылар жарияланады, яғни олар қазақ музыкасын кеңейтуді көздейді. [21]
В) Ұлттық бірегейлікті сақтаудың шетелдік тəжірибе
Орта Азия елдері шет елдермен тәжірибе алмасуды жақтайды. Мәселен, 2019 ж. 18-19 маусымда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан өкілдері материалдық емес мәдени мұраны формальды және формальды емес білім беру бағдарламаларына интеграциялаудың артықшылықтары мен әдістерін талқылау үшін ЮНЕСКО Алматымен ұйымдастырылған конференциясында қатысты. Конференция Қырғызстан, Бішкек қаласында өтті. [13] Украинаның Жоғарғы Радасы «украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету туралы» заң қабылдады. Құжат бойынша, украин тілі қоғамдық ортада - білім беру, мәдениет және қызмет көрсету саласында міндетті болып табылады. Заң жобасын 278 депутат қолдады. Бұл жеке қатынас саласы мен діни жоралар үшін таралмайды. Украин тілі туралы Заң 2012 ж. қабылданды: бұл Заң бойынша, орыс тілі аймақтық мәртебеге ие болды, 2018 ж. Заң Конституциялық емес деп танылды. [16] [17]
Жапон поп-мәдениеті Шығыс Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия, батыс елдерін тигізді. Мәселен Doraemon, «Hello Kitty», Tare-panda, Pokemon, Жапондық аниме, сән, кумирлер осы аймақтардағы жас өспірімнің көңіл аударып, өз елдің мәдениетін таратты. Сондай-ақ, Жапония американдық киноиндустрияға қаржы жағынан да, мәдени жағынан да енгенін ұмытпаған жөн. SONY ірі американдық студияны сатып алды. "Сейлор Мун" компаниясыー мен Pokemon-Солтүстік Америкадағы жапон поп-мәдениетінің әлеуетін көрсететін жақсы мысал. [19]
Поп-музыка, ең алдымен, дәстүрлі музыканы алмастыратын сыртқы әсер ретінде қабылданады, содан кейін ол , отандық мәдениетке бейімделеді және мәдени фильтрден өткен поп-музыканың жаңа стилі ретінде кең әлемге енеді. Корея - Азиядағы әйгілі мәдениеттің қуаты, дегенмен Корей поп-мәдениеті (сабын опералары және K-pop музыкасы) соңғы 15 жыл ішінде бүкіл әлемде танымал болды. Корей мәдениетінің әсері олардың ана тілінің, сондай-ақ дәстүрлердің таралуында көрінеді, мәселен, бүгінгі күні “к-поп” музыка жанрының айқын мысалдардың бірі - BTS тобы, Forbes бойынша, 2018 ж. топтың табынушылар саны 90 миллион адамға тең болды. [20]
2. 2 Зерттеу әдістері мен сұрақтары
Зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімінде сауалнама сұрақтары құрастырылып, басты зерттеу әдісі ретінде сауалнама алынды. Тақырыпқа байланысты статистика аздығына байланысты, осы әдістерге негізделе отырып, оларды анықтау қолға алынды. Зерттеу жұмысының тақырыбы жалпы Қазақстан Республикасының тұрғындарына байланысты болғандықтан, сауалнама ғаламтор желісінде жүргізілді. Мақсатты аудитория - кез келген Қазақстан азаматы, сол себебі сұрақтар екі тілде құрастырылған, нақты айтқанда қазақ және орыс тілдері, және барлығына түсінікті тілде берілген. Мәселен, жаһандануға қатысты терминдердің анықтамасы немесе кейбір түсіндірмелер берілген болатын. Көзделген аудитория - 10 жастан асқан азаматтар, өйткені осы жастан бастап көзқарас қалыптасады, одан бөлек - қазіргі заманда жаһандану үдерісі әсіресе жастарға ғаламтор арқылы айтарлықтай әсер етеді, сондықтан егер сауалнамаға жауап беруші “жаһандану” деген терминді білмесе де, оған үрдістің жалпы түсінігі белгілі деп айтуға болады. Негізінен, сауалнама 10 сұрақтан кұрастырылған, олар әр түрлі нұсқада құрастырылған: кейбірі ашық жауапты, кейбірінде бір нұсқаны таңдауға немесе бірнеше нұсқаны бірден таңдауға болады. Берілген кестеде сауалнама сұрақтары мен жауатардың нұсқалары ұсынған.
1 кесте
2. 3 Зерттеу нәтижелері
1 диаграмма
Ең алдымен, респонденттердің жастарын біліп алғаннан соң, олардың бұл тақырып жайлы білетіні не білмейтіні анықталды, себебі бұл сауалнаманың нақты жауаптармен қамтылуына септігін тигізеді. Жауап берушілердің 19, 5%-ы бұл тақырыпқа қатысты хабарсыз екенін көрсетсе, 80, 5%-ы бұл тақырыппен бүгінгі күнге
дейін таныс екенін белгіледі [1-диаграмма] .
2 диаграмма
Екінші сұрақта респонденттердің көбісі, нақтырақ айтсақ 63, 4% адам “Қазақстанның ұлттық құндылықтары жойылып бара жатыр” пікірмен келіседі деп жауап қайтарды. Шамамен 14, 6% адам күмəнданса, респонденттердің 19, 5% толығымен келіседі.
3 диаграмма
Үшінші сұраққа тоқталсақ, осы сұраққа басым бөлігі, немесе 32 адам, ұлттық кодтың сақтауды маңызды ретінде қарастырады. Ұлттық бірегейлікті сақтауда күмәны бар, дегенмен, 19, 5% бұл пікірмен келіспейді.
4 диаграмма
4 диаграммаға сәйкес респонденттердің 53, 7% адам жеке ассимиляция - жаһанданудың нәтижесі деп жауап қайтарды. Шамамен 36, 6% адам келіспейді, 9, 8% респонденттер толығымен келіспейді.
5 диаграмма
Келесі сұраққа жауап беру үшін респонденттер берілген аймақтардан өз ойларына сәйкес маңыздылығын айқындайтын бірнеше нұсқаларды белгілеу қажет болатын. Нəтижесінде 41 сауалнамаға қатысушылардың көбі Шығыс Азия, Батыс Еуропа мен Африканы таңдады.
6 диаграмма
Үшінші сұрақ өзге елдердің өнегесімен шешімдерді бағалауға бағытталған. Осы сұраққа сауалнамадан өтушілердің көбісі, яғни 29 адам дәстүрлерді сақтау, тілді сақтау, өз мәдениетін таралуға дауыс берді. Яғни осы аспектілері көпшіліктің арасында тиімді болып саналады. Ал ең сирек кездескен шешім ретінде 1 дауыс жинаған өнер, тәрбие, жаһандық маркет пен брендтер.
2. 4 Зерттеу қорытындысы
Сауалнаманың жауаптарының негізінде, мәдени саласында туындаған мəселелер мен сол проблемалардың шешімі талқыланып, сарапталған болатын.
Жеке тоқталатын болсақ, ең алғашынан аңғарылатын жағдай, респонденттердің 82, 9% “ Қазақстанның ұлттық құндылықтары жойылып бара жатыр” пікірмен келіседі . Не себепті деген ашық сұраққа респонденттердің көбісі тілдік мәселелер, салт-дәстүрлермен байланысты проблемалар (олардың жойылу алдында болуы), басқа елдердің құндылықтарын қарызға алуды жариялады. Ерекше назар аударатын мəлімет ретінде "Біз ұлттық бірегейлігімізді сақтауымыз керек" пікірімен респонденттердің келісетін 78% екендігі, не үшін деген сұраққа сауалнамаға жауап берушілер көбінде “өйткені бұл біздің бірегейлігіміз, бейнеміз, тарихымыз” жауап берді. Яғни адамдардың басым бөлігі ұлттық кодтың сақтаудың маңыздылығын сезінеді.
Мəселелерге келер болсақ, ұлттық құндылықтардың жойылуы үлкен мəселе екендігі айқындалды. Проблемаларды шешу үшін ұсынуға болатын шаралар ретінде респонденттер Қазақстан тарихы мен қазақ тіліне көбірек көңіл бөлу, ұлттық брендтерді ұйымдастыру және отандық тауарларды қолдау, туризмді дамыту, әлемдік классика әдебиетін қазақ тіліне аудару, ұлттық құндылықтарды брендке айналдыру, орыс тілінде білім беруді болғызбауды ұсынды. Басқа елдермен салыстырсақ, сауалнама алушылардың ойлары бойынша, Қазақстанның Шығыс Азия елдерінің стратегияларын қолдануы дұрыс деп есептеледі.
2. 5 Бағалау
PEST талдауы Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің сақтаудың болашақта саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне технологиялық факторларға қалай əсер ететінін бағалауға болады.
2 кесте
Келесі SWOT талдауы арқылы Қазақстанда ұлттық құндылықтардың сақтаудың күшті жақтарын, əлсіз жақтарын, мүмкіндікт
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz