Балалар үйі түлектердің қоғамда әлеуметтік бейімделу мәселесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан қоғамы
Тақырып: Балалар үйі түлектердің қоғамда әлеуметтік бейімделу мәселесі.

Мазмұны

I КІРІСПE
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Зерттеу әдістері мен сұрақтары
2.2 Зерттеу нәтижелері
2.3 Зерттеуді қортындылау және бағалау
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПE

Тақырыптың өзектілігі. Жетім -- ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай-ақ ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. [1] Интернат жағдайына түскен бала әлеуметтік немесе тұл жетім болады. Әлеуметтік жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған бала, ал тұл жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының қайтыс болған бала. [2] Қазіргі уақытта әлеуметтік жетім саны тұл жетімге қарағанда басым. 20% ғана тұл жетімге жатады. Осы мәселе тұралы Елбасы Н. Назарбаев айтқан: "Бейбіт уақытта мыңдаған жетімдеріміз бар - біздің балалар үйлеріміз мен баспаналарымыз толып жатыр. Өкінішке орай, бұл жаһанданудың жалпы әлемдік үрдісі мен сынағы. Бірақ біз бұл үрдіске қарсы тұруымыз керек. Біздің мемлекетіміз және қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің құрылысын ынталандыруы тиіс. Бұл деректен ата-аналар өз балаларын жиі әртүрлі себептер кесірінен қалдыратын дығын түсінікті. Ата-анадан айрылған психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық талпынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету көкейтесті болып отыр. Бүгінде Қазақстанда 5 043 бала балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Бұл балалардың болашағы көптеген факторларға байланысты: интернатта тұру жағдайы, білім деңгейі, менталдық және дене денсаулығы, адамдармен қарым-қатынас құру қабілеті, күрделі мәселелерді шешу және қиын шешімдер қабылдау қабілеті. Жетімдердің өз бетінше өмір сүруге қаншалықты дайын болуынан қоғамның болашақ жағдайы мен тұрақтылығы тәуелді. Сол себептен бұл мәселе өзекті болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жетім балалардың балалар үйінен кейінгі қоғамдағы орнын, әлеуметтік бейімделуін анықтау.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Балалар үйінен шыққаннан жетімдердің мәселерін анықтап, оларға оңтайлы шешім табу.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Интернаттан шыққаннан жетім балалардың әлеуметтік бейімделу мәселелерінің пайда болу себептерін табу. Оларды жою жолдарын ұсыну.
Зерттеу сұрақтары:
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Неге жетім балаларға қоғамда бейімделу қиын?
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Үкімет пен қоғам осы мәселені шешуге қалай көмектесе алады?
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Болашақ әлеуметтендіруде бала тәрбиесі қаншалықты үлкен рөл атқарады?
4. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жетімдер әлеуметтендіру сәтсіздігі қандай салдарға әкеп соғуы мүмкін?
5. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Баланың табысты болашағы үшін қандай жағдайлар жасалуы керек?
Күтілетін нәтиже. Ақпарат іздеу және зерттеу жұмыс жүргізу комегімен жетім балалардың әлеуметтік бейімделуі проблемаларының пайда болу себептерін анықтау. Осы мәселенің шешімін табу және жаңа жолдарды ұсыну. Зерттеу жұмысының көмегімен социумның осы мәселеге деген көзқарасын анықтау және қаншалықты маңызды екенін түсіну.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдебиетке шолу
Қазіргі Қазақстанда қалыптасқан жағдайда әлеуметтік проблемаға қарсы күрестің тиімді әдістері талап етіледі. Жетімдікті, балалардың қадағалаусыздығын, панасыздығын жою қазақ халқының бірегей тәжірибесіз, мәдени мұраны зерделемей мүмкін емес. Өзара қолдау және көмек көрсету бойынша адамдардың әлеуметтік функцияларын орындаған дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар маңызды орын алады. Қиын жағдайларда өмір сүре отырып, қазақтар әрқашан балаларға қамқорлық көрсету үшін уақыт пен күш тапты. Ерте жастан бастап балалар еңбек қызметіне тартылды, үй шаруашылығына көмектесті және кішілерге күтім жасады. Халық даналығы балаларға деген қарым-қатынасы және оларды тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі туралы көптеген мақал бар: Балалы үй -- базар, баласыз үй -- қу мазар, Кәріге құрмет, балаға міндет., Бала -- көңілдің гүлі, көздің нұры, Баланың өскен бесігі -- кең дүниенің есігі және т. б. Кіші қауым мүшелері қарт адамдарға, ауру адамдарға және мүгедектерге күтім жасау керек болды және бұл ереже бұлжытпай орындалды. Балалардың бір немесе екі ата-анасы түрлі себептермен жоғалғанда оларды қоғам мүшесінің құқықтан тыс және мүлігінен айырған жоқ. Халық олардың өмірін сақтауға, өсіруге және мүлік бөлуге міндетті болды. Тәуке ханның - Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х - XX ғасыр аралығындағы жетім ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Жеті жарғы бөлімдерінің бірінде жесірлер мен жетімдердің құқықтары, сондай-ақ қауым мен туыстардың (жесір дауы) оларға қатысты міндеттері туралы айтылған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, жас балаға қамқоршы болу құқығын ағасы немесе туысы қабылдады. Жас балалар 15 жасқа дейін қамқорлықта болды. Осылайша, қазақ қоғамында жесірлер мен жетімдерді қолдау мен қорғаудың әр түрлі формалары бұрыннан пайда болды және тиімді тәжірибе жинақталды. Бұл тарихи куәліктер қазіргі заманғы қазақстандық адам баладан бас тартқан кезде қазақ социумының теріс өзгеруінің өзектілігін тағы да атап көрсетеді.
Жетім терминнің тарихы
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы, Ресей империясының қазақ жерлерін отарлауына байланысты қазақ қоғамында дәстүрлі патриархалдық тәртіп бұзыла бастады. Қазақ қоғамындағы жетімдерді әлеуметтік қорғаудың қалыптасқан жүйесінің бұзылуы 1917 ж.революциямен, Бірінші дүниежүзілік соғыспен, азаматтық соғыспен, Ұлы Отан соғысымен, 20-30-шы жылдардағы аштықпен, сондай-ақ 80-шы жылдардың соңы мен 90 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТА - АНАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау
Баланы асырап алу тәртібі
Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы
Жетімдік. Жетім балаларды асырап алу
Балалардың психологиялық жағдайын зерттеу
Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау
Пәндер