Шаруа қожалығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Балқаш көпсалалы колледжі « жерге орналастыру » факультеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Шаруа (фермер) қожалығы

Орындаған: ОЗ-09-09 к тобының

студенті Рахметова Р.

Тексерген: оқытушы Рахимберлина Р. А.

Балқаш 2012 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .:
3: 1
Жерге орналастыру
4
Кіріспе . . .:
3:
1. 1
Жерді тиімді пайдаланудың жолдары . . .
6
Кіріспе . . .:
3:
1. 2
Шаруашылықты жерге орналастыру . . .
8
Кіріспе . . .:
3: 2
Шаруа (фермер) қожалығы. Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 31 наурыздағы № 214-1 Заңы . . .
11
Кіріспе . . .:
3:
2. 1
Ι-тарау. Жалпы ережелер . . .
12
Кіріспе . . .:
3:
2. 2
II тарау. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесіне құқығы . . .
14
Кіріспе . . .:
3:
2. 3
III-тарау. Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң негiздерi . . .
Кіріспе . . .:
3: 3
Ауыл шаруашылығын орналастыру . . .
25
Кіріспе . . .:
3:
3. 1
Ауыл шаруашылығының маңызы. Аграрлық қатынастар . . .
25
Кіріспе . . .:
3:
3. 2

Ауыл шаруашылығының даму бағыттары.

Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны . . .

27
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 31
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3:

Кіріспе

Біздің Республикамыздың жер байлығы ұшан-теңіз. Жер - халықтың негізгі байлығы, теңдесі жоқ игілігі. Жер - Ана деп тектен текке айтпаған. Мыңдаған жылдардан бері адамзат тағдыры жерге байланысты болған. Адам баласы тіршілігіне керекті барлық қажетті жерден алады. Жердің байлығында шек жоқ. Жердің негізгі байлығы - табиғаттың өзі жасаған топырақ қабатында.

Жер халық шаруашылығын, әсіресе ауыл шарауашылығын соның ішінде шаруа (фермер) қожалығы өнімдерін өндіруді дамытудың негізі болып табылады.

Шағын шаруа (фермер) қожалықтарында мал басын ай сайын есептеу және мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін (етті, сиыр сүтін, қой жүнін, терілерді) сонымен бірге егін шаруашылығын өндіру ұсыныстары келтірілген.

Мал шаруашылығы халықты жоғары калориялы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін, азық-түлік және жеңіл өнеркәсібі, малдан алынатын азықты өндіру үшін шикізат көзі ретінде қызмет ететін, ауыл шаруашылығының ең маңызды саласы болып табылады.

Мал шаруашылығының статистикасы салада орын алатын үдерістерді бақылайтын, тұтастай мал шаруашылығындағы, оның жеке сала тармақтарындағы және шаруашылық санаттарындағы даму деңгейін анықтайтын ауыл шаруашылығы статистикасының бағыттарының бірі болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын шаруашылықтар үш санатқа бөлінеді: ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермер) қожалықтары және жұртшылық қожалықтары. Мал шаруашылығының жағдайын және дамуын неғұрлым толық сипаттау үшін аталған барлық санаттар бойынша ақпараттың бар болуы қажет. Осындай ақпарат шаруашылықтардың барлық санаттарын қамтитын жылдық статистикалық байқау деректері негізінде қалыптасады.

Жыл бойы тұрақты ай сайынғы байқаулармен тек ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жататын мал шаруашылығы өнімінің орташа және ірі тауар өндірісті ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа (фермер) қожалықтарының бір бөлігі ғана қамтылған. Мал шаруашылығы бойынша толық көрінісін ай сайын қалыптастыру үшін, шағын шаруа (фермер) қожалықтары және жұртшылық қожалықтары бойынша негізгі көрсеткіштер есептеп анықталады.

Жерге орналастыру

Жерге орналастыру - мемлекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады. Қазіргі кезде жерге орнластыруда « Қазақстан Республикасында жер құқығын қамтамасыз ету бағдарламасы » жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламаның келесі маңызды міндеттері бар:

  1. Жер қатынастарын реттейтін нормативтік - құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  2. Жерге орналастырудың және аймақтарға бөлудің Республикалық, облыстық және аудандық сызбаларын әзірлеу;
  3. Мемлекеттік жер кадастрын жетілдіру, оны автоматтандырылған режимдерде құру және жүргізу;
  4. Жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын сақтау және жетілдіру;
  5. Жер мониторингін енгізу және жүзеге асыру;
  6. Жерді бағалау жұмыстарын жүргізу;

Жерге орналастыру - мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жердіанықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды.

Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.

Жерді тиімді пайдаланудың жолдары

Шаруа (фермер) қожалығы өндірісін одан әрі өркендетіп, оның дамуын шапшаңдатудың басты мәселелерінің бірі - ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі және халық байлығының қайнар көзі - әр гектар жердің өнімділігін барынша арттыру болып табылады. Топырақ құнарлылығын арттыру және жерді тиімді пайдалану жөніндегі комплексті мемлекеттік маңызды іс деп қарағанымыз дұрыс.

Біздің елімізде жерді жоғары өнімді пайдаланып, мал шаруашылығы мен егіншілікке еңбек пен қаржыны аз жұмсап, әр гектарға шаққанда барынша мол өнім алуға қажетті қолайлы жағдайдың бәрі бар.

Шаруашылықтар қазіргі заманғы жоғары өнімді техникамен жарақтанған, минералдық тыңайтқыштармен, өсімдіктерді ауыл шаруашылығының зиянкестері мен кеселдерінен қорғайтын және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етілуде. Осының бәрі жер қорын жоғары өнімді пайдалануға, ауыл шаруашылығы соның ішінде шаруа (фермер) қожалығы өнімдерін өндіруді еселеп арттыруға бағытталған.

Маңызы зор осындай мемлекеттік міндет өзара тығыз байланысты шараларды жүзеге асыру арқылы орындалады. Олардың ішінде өндіргіш күштерді дұрыс орналстырудың және жергілікті табиғи-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығын дұрыс мамандандырудың ерекше маңызы бар. Жерді тиімді пайдаланудың ғылыми негізделген бас схемасын жасғанда ғана бұл мәселелерді тезірек шешуге болады.

Мұндай схеманы жасаған кезде мынадай міндеттер қойылады: аудан және шаруашылық территориясында ауыл шаруашылығы айналымына енгізетін жерлердің бар-жоғын анықтау, ауыл шаруашылығынан басқа қажеттерге жер бөлу, пайдалы қазбалар өндіргенде, құрылыс және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізген кезде бүлінген жерлерді пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу, шаруашылық орталықтарын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен мәдени-тұрмыстық, т. б. объектілер салғанда құнарлы жерлерді сақтау. Сонымен қатар шаруа қожалығы жерлерін тиімді пайдалану, жерді мелиорациялау, топырақтың құнарлылығын арттыру, эрозиямен күресу, егістік және басқа жерлердің тиімді құрылымын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу қажет.

Шаруа (фермер) қожалығы кәсіпорындарын ұйымдастырған кезде мамандандырылуын және жергілікті табиғи жағдайларын ескере отырып, олардың пайдаланатын жерінің оптимальды көлемі аынқталуы тиіс, Қажетті жағдайда кемшіліктерді (кірме және алыс жерлерді пайдалану, т. б. ) жою үшін шаруа қожалығы пайдаланатын жерлерді өзгерту қажет; электрлендіру, сумен қамтамсыз ету, канализация, жол құрылысы схемаларын жасап, жердің табиғи ресурстарын, су көздерін, орманды қорғап және дамыту жөнінде шаралар қолдану керек.

Жерді пайдалану схемаларын жасаған кезде елді мекендерді шаруашылықтардың мамандандырылуына және ұйымдық құрылымына сай тиімді орналастыруға көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұл шаруа қожалығын ұйымдастыруға, еңбек өнімділігін арттыруға қолайлы әсер етеді.

Жоғарыда айтылған схеманы жасаған кезде ең алдымен жердің шаруа (фермер) қожалығының қажетіне пайдалануына және құнарлы жерлердің айналымға енгізілуіне баса назар аудару кереке. Сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығы жерлерінің барынша дұрыс сақталуына, олардың құнарлылығының ұдайы арттырылып отыруына, жерлерді игерудің және жақсартудың экономикалық жағынан негізделуіне, шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге ұйымдық-территориялық жағынан қолайлы жағдай жасалуына және шаруа (фермер) қожалығының халық шаруашылығының басқа салаларымен тығыз байланысты жүргізілуіне көңіл бөлген жөн. Мұның үстіне шаруа (фермер) қожалығынан басқа қажеттерге өнімі төмен жерлер есебінен жер бөлінуін қамтамасыз ету керек.

Шаруашылықты жерге орналастыру

Жерге орналастыру оны пайдаланушы шаруашылықтар, аудандар, облсытар және республикалар арасындағы жер қатынасын реттейтін мемлекеттік шаралар жүйесі болып табылады. Ол шаруашылықтар мен кәсіпорындардың жерді социалистік ұдайы өндіріс мүддесіне сай тиімді және тәртіппен пайдалануына көмектеседі; топырақтың құнарлылығын арттыруға бағытталған ұйымдастыру - экономикалық, агротехникалық, мелиорациялық шаралар комплексін жүзеге асыру үшін территориялық негіз құрады; ауыл шаруашылығы техникасын өнімді пайдалануға, совхоз және колхоз өндірісін тиімді ұйымдастыруға әсер етеді.

Жерге орналастыру социализмнің экономикалық заңдары, сондай-ақ партия мен үкіметіміздің халық шаруашылығын дамыту жөніндегі қаулылары мен шешімдері негізінде жүргізіледі.

Шаруашылық ішінде территорияны ұйымдастыру шаруашылықты дамытудың перспективалық жоспары негізінде жүзеге асырылады. Жерге орналастыру жобасы да осы жоспармен байланыстырылады.

Шаруашылықты ұйымдастыру жобалары шаруашылықтардың тұрақты пайдаланатын жерлерінің қалыптасқан шекарасы бойынша аудандардың жоспарлау схемасына тығыз байланыстырыла отырып, шаруашылық жоспары бойынша немесе тұтас аудан бойынша жасалады. Пайдаланатын жердің тұрақты шекарасы болғаны жөн. Пайдаланылатын жердің шекарасы мен көлемі өзгеріп отыратын болса, ауыспалы егісті дұрыс игеру, жерді қалай болса солай пайдалануды жою, топырақтың құнарлылығын арттыру мүмкін емес. Сондықтан шаруашылықты жерге орналастырар алдында әр шаруашылықтың ұзақ уақыт пайдаланатын жерлерінің шекарасы мен көлемін тұрақты ету қажет.

Жерге орналастыру жобаларының сапасы көп жағдайда әр гектар жерді дұрыс және шебер пайдалануды алдын ала ойластырып жасауға байланысты. Жобаны жасау үшін әр шаруашылықтың жерін және оның топырағын агрономиялық-шаруашылық тұрғысынан егжей-тегжейлі және комплексті түрде жан-жақты зерттеп, суретке түсіріп және егістіктердің тарихын зерттеп білу қажет. Осылайша ғылыми негіздегенде ғана жерге орналастыру жобасын жасауға болады.

Шаруашылықты ұйымдастыру сапасын осы уақытқа дейінгі дәрежесінен едәуір жақсарту қажет. ВАСХНИЛ академигі С. А. Удачин «Жерге орналастырудың ғылыми негізі» деген кітабында социалистік жерге орналастырудың мазмұны мен оны жүргізу тәсілдері өзгеріссіз бір күйде қалмайтындығын дұрыс атап көрсетеді. Еліміздің өндіргіш күштері өркендеген сайын жерге орналастыру мәселесі ұдайы дамып отырады. Бұған өндірістің бір дәрежеде қалып қоймай, үздіксіз дамып отыратын процесс болуы себепкер болады. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға үнемі өзгеріс енгізіп отыру талап етіледі.

«Өндіріс, - деп жазады ғалым, - территория жасаудың кеңістіктік формадағы өндіріс құралдарының жұмысшы күшін ұйымдастырудың ең прогрессивті әрі тиімді формаларымен, ауыл шарашылығы жөніндегі шаралардың барлық жүйесімен гармониялық түрде үйлестірілген пропорцияда болуын талап етеді. Территория жасау формасы социалистік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын тиімді ұйымдастыруға сай болуы тиіс. Жерге орналастыруды нақты аудандардың және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық және табиғи жағдайларын ескере отырып ұйымдастыру керек.

Бұл - совхоздардың, колхоздардың және басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының территорияларын шаруашылық ішінде жобалауға, жергілікті табиғат жағдайларына, атап айтқанда: топыраққа, жер бедеріне, климатқа, өсімдікке, су көздеріне, т. б. байланысты деген сөз.

Қазақстанға байланысты жерге орналастыру және территорияны ұйымдастыру жөнінде айтқанда айтқанда оның территориясының үлкендігін, топырақ-климат жағдайының алуан түрлі екендігін атап көрсетпеуге болмайды.

Республика топырағы алуан түрлі. Ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі жасалғанда, оның негізіне алынған аудандастыруға сай Қазақстан мынадай табиғи-экономикалық алты аймаққа бөлінді:

  1. Орманды дала және дала аймағы;
  2. Құрғақ дала аймағы;
  3. Шөлейт аймақ;
  4. Шөл аймақ;
  5. Тянь-Шаньның таулы және тау бөктеріндегі аймағы;
  6. Алтайдың таулы және тау бөктеріндегі аймағы;

Жайылымдарда шабындықтар мен жайылымдар айналымын енгізіп, малды тәртіппен жайған дұрыс. Жайылымдарды малдың таптауына жол бермеу керек, сондай-ақ табиғи шабындықтардың өнімділігін арттыру мақсатымен жеңіл-желпі және түбегейлі жақсартатын учаскелерді күні бұрын белгілеп отыру қажет.

Егістіктерді жақсы пайдаланып, алынатын өнімдіарттыру үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштар енгізудің нормалары жөнінде ұсыныстар жасау қажет. Мұндай ұсыныстарды жасағанда тыңайтқыштарды әр танаптың мәдилендірілу дәрежесіне және дақылдардың жылжымалы қореқтіқ заттарды қажетсінуіне, топырақтың дұрыс жүйесін қолдану, жоғары сортты тұқым егу - егіншілікті өркендетудің маңызды шарты.

Шаруа (фермер) қожалығы

Шаруа (фермер) қожалығы - кәсіпкерлік үлгідегі тауарлы ауыл шаруашылық кәсіпорны. Ол меншікті, жалға алынған немесе өмірлік мұрагерлікпен иеленуге берілген жерде жүргізіледі. Шаруашылық фермердің жеке еңбегімен, оның отбасы мүшелерінің еңбегімен, сондай-ақ әдетте, егінжайда қолданылатын жалдамалы еңбектің көмегімен жүргізіледі. Еңбекті ұйымдастыру және пайдалану нысаны жерді пайдалану сипатына, шаруашылықтың механикаландырылу және тауарлылық деңгейіне, нарықтық байланыстардың дамытылу дәрежесіне байланысты.

Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының

1998 ж. 31 наурыздағы № 214-1 Заңы

Осы Заң Қазақстан Республикасына шаруа (фермер) қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс iстеуiнiң құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Шаруа (фермер) қожалығы

1. Адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi шаруа (фермер) қожалығы деп танылады. Заңды тұлға құрмай және заңды тұлғабелгiлерi болмаған жағдайда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар шаруа (фермер) қожалығы субъектiлерi болып табылады.

2. Шаруа (фермер) қожалығының мүшелерi ортақ шаруашылықты бiрлесiп жүргiзетiн жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар (қыздар), ата-аналар және басқа да жақын туыстар болып табылады.

3. Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкiн: кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен ортақ меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы; өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы; бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шарт негiзiнде, жалпы үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.

4. 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының iс-әрекетке қабiлеттi кез келген азаматы шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен және мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста оның мүдделерiн бiлдiредi және заңмен тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асырады.

5. Ауырған немесе ұзақ уақыт орнында болмаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерiнiң бiрiне өз қызметiн атқаруға уәкiлеттiк бере алады. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ауысқан жағдайда оның мүшелерi қожалықты тiркеген органға бұл туралы ортақ өтiнiш берiп хабарлайды.

2-бап. Шаруа (фермер) қожалығын құру

Шаруа (фермер) қожалығы ерiктi негiзде құрылады және жер учаскесiне құқығын мемлекеттiк тiркеуден өткiзген кезден бастап құрылды деп есептеледi.

3-бап. Шаруашылық жүргiзу нысаны ретiндегi шаруа (фермер) қожалығы

1. Шаруа (фермер) қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады.

2. Шаруа (фермер) қожалығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен көлемдерiн дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргiзумен байланысты басқа да мәселелердi шешедi.

4-бап. Шаруа (фермер) қожалығының меншiгi

1. Шаруа (фермер) қожалығының мүлкi ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк меншiк құқығында оның мүшелерiне тиесiлi болады.

2. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскесiндегi екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, керек-жарақтар және қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болады.

3. Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiсi, өнiм мен табыс шаруа (фермер) қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.

4. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары азаматтық және жер туралы заңдардың тиiстi нормаларымен реттеледi.

5-бап. Шapуa (фермер) қожалығы мүшелерiнiң мүлкiн және жер учаскесiне құқығын мұраға алу.

Шаруа (фермер) қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға алынады.

II тарау. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесіне құқығы

6-бап. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру

1. Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн - жеке меншiк құқығымен немесе 49 жылға дейiнгi мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану құқығымен, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылымдар) осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiледi.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру ақылы негiзде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының азаматтары жер учаскесiне жеке меншiк құқығын Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес айқындалатын оның кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен не жеңiлдетiлген бағамен алуы мүмкiн.

Жер учаскесiн сатып алу сомасын төлеу жер учаскесiне жеке меншiк құқығын алған тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша он жыл мерзiмге дейiн ұзартылып жүргiзiлуi мүмкiн. Оралмандарға шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшін жep учаскелерiн беру уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн алуға басым құқықты пайдаланады.

3. Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шығатын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн аталған оның ұйымдардың жерiнен жep учаскелерi берiледi, оларды кадастрлық бағалау шаруашылық бойынша (алқаптар бойынша) орта деңгейде болуға тиiс.

4. Өздерiне тиесілi жер учаскелерiне құқықтарын, оның iшiнде шартты жер үлестерiне құқықтарын шаруашылық серiктестіктердің жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берген азаматтар шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде үлесiн немесе пайызын, жер учаскесiн қоса алғанда, нақтылы бөлiп шығаруға (бөлiсуге) не өздерiнiң қалауы бойынша жер үлесiнiң немесе пайызының құнын төлетiп алуға құқылы. Үлестi немесе пайызды нақтылы бөлiп шығару (бөлiсу) шаруашылық серiктестiкке қатысушының немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң талабы бойынша және шаруашылық серiктестiктiң немесе өндiрiстiк кооперативтiң келiсiмiмен жүзеге асырылады.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушының немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң жарғылық капиталға пайдалануға ғана берген жер учаскесi сыйақысыз нақтылы қалпында қайтарылады. Қатысушылар (мүшелер) құрамынан шығу және жер учаскесiн бөлiп шығару туралы өтiнiш ауыл шаруашылығы ұйымына берiледi.

Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн үлес немесе пай есебiне нақтылы бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi шаруашылық серiктестiктердiң, өндiрiстiк кооперативтердiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен немесе тараптардың келiсiмiмен айқындалады.

Құрылтай құжаттарында жер учаскесiн бөлiп шығару (бөлiсу) тәртiбi болмаған жағдайда, осы баптың 5-тармағының ережелерi қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайы
Шаруа (фермер) қожалығының құрылу тәртібі және ерекшеліктері
Шаруа қожалығының меншікке құқығы
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалығының негізгі мәселелері мен келешегі
Шаруа (фермер) қожалығы
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Шаруа (фермер) қожалығы қызметіндегі еңбек қатынастары
Шаруа қожалығының меншігі
Жеке кәсіпкерлік - кэсіпкерліктің нысаны ретінде
Түйе сүтінің поллютанттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz