ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. XXI ғасырға еніп, біз жалпы өркениеттің қалыптасуы мен бекітілу жолдарын және жалпы адамзаттық прогрестегі, атап айтқанда әйелдердің рөлін арттыру жолдарын көбірек түсіне бастадық. Жаңа ойлаудың негізінде қазіргі әлемдегі әйелдің рөлін қарауға мүмкіндік беретін өзге де демократиялық формулалар жасалады. Қазақстан қоғамындағы «гендерлік» ұғым бұрынғы АҚШ пен еуропалық елдердегідей қалыптасу кезеңінде тұр. Гендерлік теңсіздік, сексизм және кемсітушілік мəселелері бұқаралық ақпарат құралдарында жəне жеке сұхбаттарда үнемі қозғалуда. Қазақстанда бұрынғы Кеңес Одағының басқа елдері секілді нео-патриархатының өркендеген тұсында тұр. Әрине, Қазақстанда орта ғасырдағыдай әйелдерді ұрлап кету дәстүрі азайды (алып қашу), және ұрланған болса, ол қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Десе де әлі күнге дейін қыздарды жасырын түрде алып қашу әдеті сақталған. Қазақ қоғамында әйелдер жұмыс істей алады, қоғамдық өмірге қатысады, дауыс береді, некеге қатысты шешімдерді басқарады және «карьерист» немесе үй шаруасындағы әйел бола ма деген шешімді қабылдай алады. Осыған қарамастан, ғасырлар бойы ислам дінінің әсерінде болған қазақ қоғамында патриархат жүйесі өзін жоймады, ол жаңа заманға бейімделген күйге енді. Әйелдерді кемсітушілік барлық деңгейлерде кездеседі: саясатта, үйде, жұмыста, қоғамдық орындарда. Жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық, экономикалық теңсіздік - Қазақстандағы нео-патриархаттың негізгі проблемалары болып табылады. Осы орайда, дипломдық жұмыстағы басты мәселе қазақ халқының мәдениеті мен ислам дініндегі әйел мәселесі шындығында қандай сипатта болды деген сауал төңірегінде өрбиді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасында отбасының тірегі болған әйел балалары, соның ішінде қыз баласының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп мән береді. Онда тұңғыш президент: Біз қыздарымызға ертеңгі жар, ана деп қарап, тәрбиелеуіміз керек, -деп айтқан болатын [1] . Бұл әсіресе, бүгінгі жаһандық тәрбие дәстүрлерінің дендеп еніп, ұлттық болмысқа едәуір ықпал етіп отырған заманда өзектілігі артып отыр.
Бұл мәселеге кеңірек тоқталсақ отбасы, ошақ қасының берекесі, ата мен ана, ұл мен қыз секілді құндылықтарды қазақ халқы қашанда қастер тұтқан және қастерлей де бермек. Бұл жерде ата-ананың орның өте жоғары бағалайтын асыл дін - Исламнан дәлел келтірген жөн. Мұхаммед пайғамбардың Ата-ананың балаға бере алатын ең жақсы мұрасы-жақсы өнегелі тәрбиесі деген хадисі бар [2] . Бұл жерде ананың рөлі ерекше маңызды. Қазақ халқы: Әйел күннің шуағынан жралған деп дәріптесе, Алланың пайғамбары Жәннат - аналардың басқан ізінің астында деп әйел қауымды ұлықтаған. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: «Біз әйел затына анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Біз ананы қолдап қорғауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мені анаға тұрмыстық зорлық зомбылық көрсету жайттарының көбеюі аландатады. Әйелді құрметтемеу деген болмау керек. Бірден айтайын, ондай зорлық зомбылықтың жолы қатаң кесілуі тиіс. Мемлекет әбден асқан жыныстық құлдыққа, әйелге тауар ретінде қарайтын көзқарасқа айрықша қатаң түрде тиым салуға тиіс», - деп ерекше атап көрсетті[3] . Қыз баланы құрметеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшкейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісің, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр. Жиын-тойларды қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңілерін атымен атамай Еркежан, Шырайлым деп еркелеткен. Орта азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе жердің көркі дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. Қызға қырық үйден тыю деген мақал да осының айғасы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған. Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.
Қыз ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел ана. Қазақ халқының ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел ана. Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп, деген ұлағкатты сөз осыдан туса керек. Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрыңғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, нұрбике ханым, Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналардан қалған үлгі.
Зерттеудің тақырыбы . Қазақ халқының мәдениеті мен Ислам дініндегі әйел мәселесі
Зерттеудің пәні . Қазақ мәдениеті мен Исламдағы әйел болмысына тән сапалар жүйесі.
Зерттеудің мақсаты. Қазақ халқының мәдениеті мен Ислам дініндегі әйел мәселесің зерттеу, осы жолда тарихи жағдайларды ескеру, олардың ерекшеліктерің қарастыру, арасындағы айырмашылықты көрсету және ұқсас тұстарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері.
- қазақ халқының мәдениеті мен Ислам дініндегі әйел мәселесіне қатысты зерттеулер мен ғылыми материалдарды жинақтау және талдау;
- қазақ халқының және Исламдағы әйел болмысына тән тәрбие ерекшеліктері мен мәдениет сапаларын сипаттау;
- ислам дініндегі әйел болмысының қазақ қыздары бойындағы сабақтастығын көрсету;
- қазақ мәдениеті мен Исламға тән тәрбие ерекшеліктерін бүгінгі қыз тәрбиесінде ескерудің жолдарын ұсыну;
- Қазақ халқының дүниетанымындағы ислам дінінің үйлесуінің тарихи-мәдени, рухани-әлеуметтік, саяси-құқықтық сипаттарын анықтау;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері . Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барасында шетелдік және отандық ғалымдардың ой-пікірлерін талдау, салыстыру арқылы ғылыми нәтижелерге қол жеткізіліп отыр. Ғылыми ақпараттарға теориялық талдау жасау, жүйелеу, салыстыру, топтау, тарихи - педогогикалық деректерге салыстырмалы талдау жасау, бақылау, анкеттеу, сұхбат, әңгімелесу және т. б. зерттеу әдістері қолданылды. Қойылған міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қосалқы келесі әдістерге сүйендік: ситуациялық анализ, синтез, ретроспективалық, салыстырмалы-тарихи, классификациялау, тарихи-логикалық және сипаттап баяндау, хронологиялық-проблемалық әдістері қолданылды. Аталған әдістердің көмегімен қазақ халқының мәдениеті мен Ислам дініндегі әйел мәселесіне қатысты ерекше сипаттамалар анықталды. Сонымен бірге, бұл еңбекте бірін - бірі өзара толықтыратын теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу қортындылары исламдағы әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен рөлін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді. Исламның әйелге қатынасына байланысты туындап отырған қазіргі қоғамдық санадан орын алған орынсыз пікірлерге дұрыс дол көрсету қажеттілікті талап етеді. Рухани азғындау, ұлттық рухани құндылықтардың бағасының түсе бастау, қоғам мен отбасындағы жағымсыз қылықтар, бала тәрбиесіндегі олқылықтар қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр. Осыған орай, ислам дінінің дені сау қоғам қалыптастырудағы маңызын түсіну үшін, бұл еңбек өз пайдасын тигізеді.
Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 66 бет.
I Қазақ ұлтының қалыптасу барысында әйелдің алған орны
- Түркілер дәуіріндегі қоғамдағы әйел мәртебесі
Түркі әйелі атқа мініп отырып, жақсы шаба білген, қару қолдануды үйренген, ерлік жасаудан тайынбаған, қамал күзетшісі, уәли, елші де бола алған. Түркілер әйел ананы отбасының құты мен ырысы, ұйытқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы ғалым Лев Гумилев Көне түріктер деген іргелі зерттеуінде Түркілер әйелдерді сал серілердей қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген. Орхон жазуында да апа қарындастары қалып қойып, оларға ажал қауіп төнгенде, Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланды. Түркілерде анасының шыққан тегіне айрықша мән берген» деп жазған [4, 56б. ] .
Ежелгі түріктердің отбасыларында әйелдердің жағдайы ерекше болды және оның ерекшелігі өз дәрежесіне байланысты көңіл бөлуді талап етеді. Біз түріктер тарихында исламға дейінгі кезең туралы сөз қозғайын деп отырмыз. Еуразия көшпенділерінің қоғамдық тарихының әр түрлі аспектілерін зерттеу көптеген ғалымдардың назарын өзіне аударады. Ежелгі және орта ғасырлық көшпенділер қоғамында орталық тұлға «Еркек-жауынгер» болғаны туралы идея болды. Бұл мәлімдеме негізге ие болды және көптеген жазбаша, археологиялық, этнографиялық, иконографиялық және басқа да көздерден ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етіледі. Десе де, соңғы онжылдықта жинақталған материалдар гендерлік тарихтың мұндай көрінісі соншалықты айқын емес екендігін көрсетеді. Осылайша, Скиф - Сармат дәуіріндегі бірқатар ескерткіштердің археологиялық қазбаларының нәтижелері, соның ішінде қоғамда жеткілікті жоғары орын алатын «көрнекті» әйелдерді жерлеу және олардың әлеуметтік рөлі үй шаруашылығымен шектелмегендігін анық көрсетуде. Зерттеушілердің пікірінше, Орталық Азияның әр түрлі өңірлерінде зерттелген қорғандарда әйелдердің мазарына қойылған заттар еркектердікінен әлдеқайда бай екендігі анықталды. Түрлі тарихи кезеңдердегі көшпенділер қоғамдарындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың әлдеқайда күрделі көрінісін куәландыратын басқа мысалдар бар. Осы бағытта көптеген пікірталас мәселелерін шешу сол қоғамдағы белгілі бір кезеңнің егжей-тегжейлі зерттеуімен байланысты.
Бұл бөлімде біз VI-XIII ғасырлардағы Орта Азиядағы түркі қоғамындағы әйелдердің мәртебесінің ерекшеліктеріне талдау жасаймыз. Орталық Азия көшпенділерінің қоғамында әлсіз жан өкілдері туралы ақпарат екі негізгі дерек көздерінен алынады. Олар жазбаша және археологиялық дереккөздер. Олардың деректері этнографиялық ақпараттармен анық сәйкес келеді. Көптеген сұрақтарға байланысты көрсетілген материалдар ежелгі түріктердің гендерлік тарихын жан-жақты қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бере отырып, бір-бірін толықтырады. VI-XI ғасырдағы ежелгі түрік қоғамындағы әйелдердің рөлі мен орны туралы тарихнамада әлеуметтiк құрылымға, әлеуметтiк тәуелдiлiк нысандарына, ежелгi түркi отбасының табиғатына және т. б. байланысты кең ауқымды мәселелер тұрғысынан баяндалады.
Көптеген зерттеушілердің еңбектері ежелгі түріктердегі қоғамдағы әйелдердің салыстырмалы түрде жоғары дәрежеде болуын, бірінші кезекте, оның үй шаруашылығындағы рөлі туралы пікірді атап өтіп, патриархалдық отбасылық қоғамның әлеуметтік терминологиясында «матриархияның» қалдықтарын, сондай-ақ «левират» және кішігірім институттарының болуын дәлелдеуге тырысты. Шаруашылықта патриархалдық қоғамда әйелді құл бейнесінде қабылдап, оны ішкі жұмыстар үшін пайдаланудың негізгі нысаны ретінде түсіндіруге негізделген зерттеушілер, отбасылық экономикадағы әйелдердің және қыздардың еңбегін пайдалану туралы айтқан. Әсіресе, ежелгі түріктердің арасында әйелдердің рөлі шаруашылықта ерекше болды [5, 97б. ] .
Түрік әлеуметтанушысы М. Зия исламға дейінгі түріктердің арасында әйел құрылтай кездесулеріне қатысуға құқығы бар екенін және қаған өз әйелі Хатунмен бірге мемлекеттік шешімдерді қабылдаған деп санайды. Ғалым дәстүрлі отбасының патриархалдық сипатын түріктердің арасында бар екендігін атап өтті. Осындай идеялар сонымен қатар түрік тарихшыларының кейінгі шығармаларында да кездеседі. Олардың қатарына Зеки Валди Тоган мен Максуди Арсалдың шығармаларың қосуға болады.
Қазіргі уақытта көшпенділер қоғамында отбасында негізінен төрт-бес адамнан тұрды деп қарастыруға болады. Ежелгі түріктер арасында полигамияның(көп әйелділіктің) тікелей дерек көзі жоқ. Дегенмен, тіпті Бернштам моңғолдар туралы деректер негізінде, ерлер бірнеше әйелдерің әртүрлі киіз үйге көшірген деген фактіні атап өтті. Моңғолдардан басқа, бұл құбылыс қазақтар арасында белгілі және алтайлықтарда да кездеседі. Бернштам пайымдауынша, әртүрлі киіз үйлерде әйелдерді бөліп ұстау, патриархалдық экономиканы жеке, отбасылық шаруашылықтарға бөлу деп пайымдады. Олардың әрқайсысы жан-жақты басқарылған, яғни әрбір киіз үй әйелдің жауапкершілігіне тиесілі үй шаруашылығымен, бір адамға тиесілі жалпы үй шаруашылығының сегменті болды. Мұндай шара экологиялық жағдайларға тәуелді көшпелілер экономикасының мүліктік жағдайының тұрақсыздығына байланысты, үлкен практикалық маңызға ие деп есептелуі керек. Отбасылық экономикалық аумақтың түрлі бөліктеріндегі игіліктерді бөлу кейбір жергілікті апаттар болған жағдайда мал шаруашылығын сақтау мүмкіндігін арттырды [9, 112б. ] .
Ежелгі түріктердің әйелдерге құрметпен қарайтыны туралы, «Син-Тан-Шу» оқиғасында сипаттағандай Се Ли Кағанның ұлы туралы әңгіме бар. Ол анасының соңғы болып тамақ басына келгенде және оның үлесі жеткіліксіз болған кезде, ет жеуден бас тартқан. Бұл Қытай императорын таңқалдырды. Алайда, әйелдердің рөлі үй шаруашылығындағы жұмыспен шектелмеген. Джиу-Тан Шуда «солтүстік көшпенділердің әдет-ғұрпы бойынша, хатун әскери жорықтарға қатысады» делінген. Түркі әйелдері туралы Ибн әл-Жахиз былай деп жазады: «Түркілердің әйелдері ерлердің өзіне және олардың қасиеттеріне сәйкес келеді, олардың жылқылары тек олар үшін ғана бейімделген». Китаб-и Дәдәм Қорқытта үйлену жасына жеткен ұлының әкесі қандай әйелдің қалағанына қатысты сұрағына жауап бергенде, ол былай деп жауап берді: «Әке, мен өз орнымнан тұрмай тұрып, ол тұра берсін. Мен әлі күнге дейін жауынгерлік атқа отыра алмадым, ол отырғызсын. Әзірге қантөгістің қайнаған жері «гяур» халқына бармасам, оны жібере берсем, маған жауларымның басын әкелсін» деген. Көптеген куәгерлердің айтуынша, атпен шабу мен садақ ату кезінде көшпенділердегі әйелдер ер адамдардан кем болмаған, кейде әскери жорықтарға қатысқан [9, 137б. ] .
Алайда, түріктердің көптеген әйелдерінің арасында барлығы бірдей мәртебеге ие болғаны анық емес. Кішігірім отбасы жағдайында ең аз әлеуметтік бірлік ретінде әйелдердің бірі басқаларға қарағанда кейбір артықшылықтарға ие болды. Хошо-Цадид мәтіндерінде «хатун» атауы тек Билге қағанның анасы, яғни оның әкесінің мұрагерінде болған. Күл-тегинге арналған ескерткіште барлық әйелдердің жартысы кіреді: алдымен, «өг-им катон» бөлініп, артынан «ӛг-ләрім» айтылған, яғни әйелдер мәртебесі бойынша ерекшеленген. Орхон мәтіндерінде «ана» термині көбінесе билеуші «qaŋ», «әке» терминімен бірге қолданылады. «Күл-тегін» ескерткішіндегі көпше түрінде берілген әйелдер термині ру басының басқа әйелдері дегенді білдіреді. Яғни бір еркектің бірнеше әйелі болғандығын көрсетеді [9, 151б. ] .
Ежелгі көшпенділер қоғамындағы әйелдер мен ерлердің қызметі моңғолдар мен қазақтардың тұрмысындағы материалдарда айқын көрінеді. Плано Карпини Моңғолияға XIII ғасырдың 40-жылдарында саяхаттап келіп, төмендегідей жазба қалдырды: «Әйелдер бәрін жасайды: киім, көйлектер, аяқ киім, етік және барлық былғары бұйымдарың тігеді, олар арбаларды жасайды және оларды жөндейді, түйелерді түйреп, олар барлық істерінде өте жылдам және жедел» деген [18] . Өңделмеген терімен жұмыс істеу қазіргі ұғымға сәйкес, бұл тек еркектік, ауыр еңбек, үлкен дене күшін талап етеің жұмыс. Сонымен қатар арбаларды және түйе сөмкелерін жөндеуге де еркекке тән істер. Плано басқа саяхаттаушы Рубрукқа былайша үн қатқан: «Әйелдердің міндеті - арбаларды жүргізу, оларға үй салу және оларды жөндеу, сиыр сүтін сауу, сары май және жарма жасау, терілерді өңдеу және оларды тігу. Сондай-ақ, сандалдарды, көйлектерді және басқа да киімдерді тігу. Киіз үйлерді немесе басқа уақытша тұрғындарды көтеріп, бөлшектеу». Көріп отырғанымыздай, әлсіз әйел қолынан келетін жұмыс емес. Күйеуінің жақсы қасиеттері әйелдің жақсы қасиеттерімен танылады. «Егер әйелі нашар және ақылсыз болса, әйелінің абыройы болмаса, күйеуің де сонымен таныған!» [5] .
Көшпенділерге арналған әдемі әйелі бейнесі оғыздардың «Бибі-i Дэдем Қорқыт» эпосының жинағында жазылған. Ол қамқор әйел үй шаруасындағы әйел: «Үйінің тірегі - күйеуі аң аулайтын кезде, ол қонақты тамақтандырады, оған сусын береді, құрметтейді және шығарып салады» [6] .
Монғолдар мен қазақтардың қоғамындағы еркек мүлде мүлік пен дүниеге ие болмаған, олардың ешқайсысында мүлік жоқ еді. Ішіндегі барша дүние мүлкімен киіз үйлер әйелдерге тиесілі еді. Олар өз күйеулерінен құқықтық жағынан қорғалған, кейде әлемнің көптеген елдеріндегі заманауи әйелдерге қарағанда әлдеқайда көп құқықтарға ие еді. Зерттеушілердің бірі «Қырғыз (қазақ) үшін ең жақсы қуаныш - бұл қыздың тууы және бұл қуаныш оның нағыз ықпалды және бай адамдарға үйлендіру себебіне негізделеді» [7] . Қызының туылуы ата-анасына әлеуетті пайдасы болса да, кейде шектеулі болды. Оларды жүзеге асыру үшін қызға үйлену керек болды. Қалыңдықтың қалың малы киіз үйден, ер-тоқымнан және барлық жабдықпен, қару-жарақпен, бүйір есікпен, киіммен, кілеммен және басқа заттардан тұратын болуы мүмкін еді [8] .
Түркілер әйел ананы отбасының құты мен ырысы, ұйытқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы - ғалым Лев Гумилев “Көне түріктер” деген іргелі зерттеуінде “Түркілер әйелдерді сал серілердей әдейі қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген. Орхон жазуында да ордада апа қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде, Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады . . . Түркілерде анасының шыққан тегіне айырықша мән берілген”- деп жазған [5-99б. ] . Шындығында да қазақта “Жігіттің жақсы болуы нағашысынан” деген сөз бар. Оның түп мәніне үңілсек, ата - бабаларымыз аналарының, жұбайларының қадір - қасиетіне, оның шыққан тегіне ерекше мән берген. Мұның өзі қыз баланың ұрпақ өрбітудегі орнының жоғары, жауапты екендігін танытады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz