Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-51 Абай Құнанбаевтың өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-81.1 Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні ... ... ... ... ... ...9-142 Тәжірбиелік бөлім
2.1 Абай Құнанбаевтың шығармаларының адемгершілік идеясы ... ... ... .15-20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21Пайдаланылғ ан әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қосымша : слайд

КіріспеЗертеудің көкейкестілігі.Өсек, өтірік, мақтаншақ,Еріншек, бекер мал шашпақ,Бес дұшпаның білсеңіз.Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым ойлап қой,Бес асыл іс көнсеңіз.
Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған талап, еңбек, ғылым, қанағат, рахымы да қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз. Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады. Сондықтан да мен бұл тақырыпты өзекті болғаны үшін алып отырмын. Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес. Ол халықтың түбегейлі мүлдесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең үғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға, қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы, ұлы ойшыл ұстаз. Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы-сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Абайдың педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім-тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз. Сонда ғана, Абайдың ұрпағына өсиет етіп қалдырған ...мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла... деген сөзінің мәніне түсінеміз. Күллі адам қауымында өткен, ақыл-парасат алыптарының ішінде, ой кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын ұғынған сайын, өздерінің кемелдеріне жеткен кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз. Сонау, көне дүние данышпандары: Сократ та, Платон да, Аристотель де, төрткүл тіршіліктің тылсым сырларын шешкен ата-бабаларымыз - Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Абдолла ибн-Мұса әл-Хорезми, Әбу Әли ибн - Сина, Ғұламаһи Дуани да мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттарының тікелер жері, тікелей адам тәрбиесімен астасып жатыр. Тіпті, кешегі өткен Декарт, Локк, Каменский, Ж.Ж. Руссо, Л.Толстой да тәрбие саласына бар жиған-тергендерін толғаныстары, тіршілікпен тікелей жалғасу үшін, екі түрлі арнаға педагогика мен психология салаларымен үндесе қабысуға мәжбүр болады екен. Осыдан келіп, кемеңгерлікке жеткен жанның қос қанаты ойшылдық пен ұстаздық бір-біріне толықтырып,ғажайып үлкен үндесіктерге жететінін аңғарамыз. Қазіргі кезде рухани мәдениеттініміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанның себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу ешуақытта маңыздылығын жоймайды . Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ. Міне қазіргі заманда осындай рухани байлық пен ішкі дүниенің үндестігі барлық азаматтарға керек. Оны адам бойында қалыптастыру үшін мектеп үрдісіне адамгершілік пен жақсылыққа шақырған адамдардың шығармаларын көптеп оқу керек. Ал, ол ойлар Абай Құнанбайұлының шығармаларында ерекше кездеседі. Сондықтан да бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігіңізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде тимді пайдалану
Зерттеудің міндеттері:
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік-қоғамдық көз қарастары және шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педогогикалық пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Абайдың тәлім-тәрбиелік ой пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру;
Зерттеудің нысаны: барлық білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбиесі үдерісі.
Зерттеудің пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп талдап педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану
Зерттеудің құрлымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және бөлімшелерден , қорытындыдан , жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Абай Құнанбаевтың өмір жолы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос пен Жігітек тарайды. Әрқайсысы бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ пен Топай туған. Олардың ішінде Ырғызбай оза шауып, ел басқару ісіне араласқан. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар мен Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болған деседі. Осы Өскенбайдың әйелі Зереден Абайдың әкесі Құнанбай туады. Құнанбайдың төрт әйелі болған. Бәйбішесі - Күңке, одан бір ұл - Құдайберді. Ал Ұлжан - Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық. Інісі қайтыс болғаннан кейін Құнанбай келінін әмеңгерлікпен алған. Ұлжаннан Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ пен Оспан, үшінші әйелі - Айғыздан Халиолла мен Ысмағұл деген балалары туады. Абайдың "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтіні содан. Құнанбайдың қартайған шағында үйленген төртінші әйелі - Нұрғанымнан бала болмаған. Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Абай алдымен әкесінің өз туыстарының балаларын окытамын деп, "Ескітам" деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Одан кейін ауылдағы Ғабитхан молдадан білім алды. Ал 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Сол жерде араб пен парсы тілдерін меңгеріп шыққан. Абай дін оқуымен ғана шектелмей, білімін өз бетінше жетілдіруге тырысады. Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұламалардың шығармаларымен танысады. Орысша сауат ашады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан анағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады", - деп жазды Мұхтар Әуезов.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жазушының сөзіне қарағанда, Абай бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдерін кәрілікке жеткен уақытына шейін ұмытпаған. Құнанбай баласының зеректігін бірден байқап, оған жан-жақты білім беруге тырысады. Ал 13 жасында оны оқудан алып кетіп, ел басқару жұмысына салады. Оған қоса, әкесі ел тартысында жалғыздық сезе бастайды. Басында "барып кел, шауып келмен" жүрген жас Абай аз уақыттың ішінде жуан би, ел тартысының атқа мінері болып шыға келеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1885 жылы Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде 100-ден астам би-болыстың қатысуымен төтенше съезд өткізілді. Сонда төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" әзірлеу тапсырылады. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 күнде әзірлеп шығады. Бірақ оның беделін өсірген Қарамола съезінен кейін қарсыластары көбейіп кетеді. Абайдың кезінде Құнанбаймен алысқан туысқаннан 17 адам Сібірге де айдалады. Бір тартыстың бастықтары олардан жеңіледі. Бірақ сол жеңістің өзі де атадан балаға кететін үзілмес жаулыққа ұласады. Осылайша, Абай әкесі бастаған істі аяқтаймын деп, өзіне талас-тартыстың біраз бәлесін тілеп алады. Оған неше түрлі жала жабылады. Мысалы, 28 жасында бір қыстың ішінде 12 түрлі қылмыс бойынша тексерілген кезі де болды. Бірақ Абай ондай тартысқа әбден ысылып келген. Шешендік өнері де көп көмегін тигізді. 1898 жылы Көшбике деген жердегі Мұқыр болысын сайлауда Оразбай Аққұлы баласы Жігітек, Мырза-Жөкең ру басылары - Әзберген, Бейсенбі, Бұланбай мен Әбендерді ұйымдастырып, Абайдың өміріне қастық жасайды. Бірақ Кәкітай, Уәйіс, Аппас деген жақын достары ара түсіп, оны қорғап қалады. Осыдан соң ақын ел жұмысына араласпайды да бұрынғы араздықпен өзіне қастық істеткен адамдарымен татуласады. Өзі кітап оқуға ден қояды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған. Ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысты. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Ол өзінің пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысын, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. "Адам өмірінің мақсаты - кемелдену мен жетілу", - дейді Абай. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол - рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Абайдың айтуынша, жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді. Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан - Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия мен Райхан, екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл мен Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Ал келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ. Абай ғылым іздеуді өз басына ғана алмай, балаларын да барынша оқытуға тырысқан. Ең көп оқыған офицер баласы - Әбдірахман. 90-шы жылдары ол құрт ауруынан қайтыс болды. Оның артынан сүйеніші болып жүрген мықты інісі Оспан өледі. Осы екі өлім Абайға бас қайғысының ішіндегі үлкен қаза болып тиеді. Сол жылдары бас қайғысымен қатар Абай өзінің дос деген адамдарының қиянатын, алдауын, өтірігін де көреді. Бір сайлауда өзінің інісін болыстыққа сайлаймын деп келгенде бұрын ешбір сыр бермейтін достары бір-ақ түнде жат болып шыға келеді. Оның інісін құлатып, өз кісілерін сайлап кетеді. Онымен қоймай, Тобықты ішінде бұрыннан онымен сілкісіп келген басшы жауы Оразбай бір сайлауда Абайды өз кісілеріне сабатып та алады. Осы іспетті соққылармен күресіп келе жатқанда ең жақсы көрген баласы Мағауия өледі. Абай ешкіммен сөйлеспей, үндемей қалады. Ал 1904 жылы 23 маусымда Мағауияның өлімінен кейін тура 40 күн өткен соң өзі де қайтыс болады. Бір жарым айдан кейін Абайдың ақын баласы Ақылбай Семейде дүние салады. Қытайда Абайдың шығармаларын танытуға Ха Хуан Жан (Хабай) көп еңбек етті. Ол Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласына жақын Қазақтар ауылында туған. Қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақ тілін жетік меңгерген. Абайды бала күнінен жаттап өскен екен. 1950 жылы Абайдың "Ескендір" поэмасын, ал 1958 жылы "Масғұт" поэмасын ханзу тіліне аударып, Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. Жалпы, Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын, 45 ғақлия сөзін түгел аударған. "Абай және Абай шығармалары" деген үш кітабын да Пекинде бастырған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Абайдың өлеңдері басқа тілдерге аударылды. Мәселен, Грузин тілінде - Ш.Мчедлишвили, қарақалпақ тілінде - Ш.Сеитова, қырғыз тілінде - А.Токомбаева, татар тілінде - М.Максуд және Н.Арсланов, француз тілінде - Ғалымжан Мұқанов, ағылшын тілінде - А.Самохмалов, түрікмен тілінде - А.Хайидова, Т.Қасымова, П.Искакова және М.Хамраева Абайды ұйғыр тілінде сөйлеткен.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1 Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патшасы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел!" -деп жұртшылықтан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қазақ өмірінің сол кездегі жағдайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы түсінді, мұны оның "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақтар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде құлағың тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бұдан біз ақын өлең-жырларыңдағы жаңа, соны ой-пікірлерді жұртшылықтың қалай қабылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын қауымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқтаушы болуға тиіс деп санаған. Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, кайран жұртым", "Жаз", "Желсіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сұрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк тұман - алдындағы келер заман" секілді өлендерінің қай-қайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бұларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықылдағы емес ермек", "Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықтым бір жым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға ұмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлеңдер тақырыбы жағынан жалғасып келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үшін кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгүні шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын өлендерініңі де әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күйдің мәнін ақындық өнердің қасиетін бағалайтын, тақырыбы жағынан бір- біріне жалғасып "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін", "Көңіл кұсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі, пікір соңы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-біріне ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абай ойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай асқан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға","Жаздыгүні шілде болғанда", "Желсіз түнде жарык-ай", "Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ, Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл, өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық, ғибратты насихатшылдықты бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінедіАбайдың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды. Осының өзі-ақ оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілінің, қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетілдірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық-ритмикалык, байлығын терең ашып көрсетті, жаңа ырғақты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю.Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., "Ой", "Теректің сыйы" сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: "Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып", - деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы "айдаһардай бүктеліп" дегенін еркіндікке жатқызсақ та, "арыстанның жалындай" дегені Лермонтовтың баска бір шығармасындағы: "И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары - Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың катарына "Альбомға", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін жатқызуға болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"С косматой гривой на хребте,"- деп келетін сөздермен үндес екені байкалады. Және жал арыстанда ғана болатынын Абай дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс айтылған ғой). Абайдың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз. Абай аудармалары казақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табысы болды. Абай - мысал өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының сол дәуірдегі өмірінің шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок, Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлендерді талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық мағанасындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай мысалдарының тағы бір дені ауыз әдебиетінен бастау алып, әлем халықтары әдебиетіңде кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден тұратындығы. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), "Құмырсқа мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүние жүзілік ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушыларының шығармаларында көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір" туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген. Абай - әлемге көзкарасы калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филосфияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Ұлттық педагогика тарихындағы А. Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары
Абай мұрасының зерттелуіне шолу
АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ
Пәндер