Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..4-81.1 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ...9- 112 Тәжірибелік бөлім2.1 Сыныптан тыс жұмыс жоспарының әзірлемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-182.2 Сыныптан тыс оқытудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...19-2 3Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қосымша
Кіріспе
Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі - сыныптан тыс оқыту.Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді. Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем - дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты - оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі. Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп. Зерттеу мақсаты: әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың маңызын анықтау. Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру және тілін дамыту процесі.
Болжамы: мектепте сыныптан тыс жұмыстар тиімді жүргізілетін болса, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бірден-бір ықпалын тигізер еді.
1 Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі Сыныптан тыс тәрбие жұмысы - оқушыларды жан - жақты қалыптастырудың формасы ретінде. Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік -әлеуметтік және қоршаған ортаға, уақытша балалардың және педагогикалық ұжымның ерекшелігіне, зерделі, әсершіл, заттық шығармашылықты, денсаулықты жақсартатын қызметтердің өзгеше мазмұнына, қарым -қатынас, өзара байланысқа, сондай- ақ, мектептен тыс бірлестіктердің мектеп, жанұялар, балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарымен өзара байланысына сүйенеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады. Жеке даралық рухани дамуды қамтамасыз ете отырып, сыныптан тыс жұмыстар жасөспірімдерге мектептің отбасының жасайтын ықпалын тереңдету және өрістету үшін жағдай жасап, өз құралдары мен әдістері арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына, өзін іске асыруына және жетіспеушілікті толтыруға басқаша қарым қатынас пен тіршілік әрекеттесу жағдайымен мүмкіндіктер қалайды.Балалар ұжымдарына тән белгілерді (сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастыруға болады деп айтқан педагог - ғалымдар (И.П. Иванов, В.М. Коротов., Л.И. Новикова., В.А. Сухомлинский т.б.). Бұл кезде жүргізілген зерттеу жұмыстарының материалдары мен түйіндері сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының жаппай көпшілікті түрін іске асырушы ұйымдар даму тенденциясында қарама -қайшылықтардың орын алғандығын көрсетеді. Атап айтқанда, бір жағынан өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі оқушылар әлеуетінің бірізді көтерілуі байқалса, екінші жағынан әртүрлі ұйымдар әрекетінде бытыраңқылықтың орын алып тәрбие жұмысының жүзеге асу деңгейіне кері әсер жасағаны аңғарылады.Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу белгілі, бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей "қиын балада" өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерлі өзгертеді. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады.2.Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағынан әрекеттесу дағдысы қалыптасады.3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.4.Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан, тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқыту сабақтарына қарағанда, сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне осында. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Педагогтар және оқушылар ұжымдарының міндеті - сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, түгел тарту. Мұны әрине, ешқандай мәжбүрлеусіз атқаруы керек. Бірақ, оқыту сабақтарынан балалардың өз бетімен кетуіне жол беруге болмайды. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар көлеміне байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және методикалық нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек-талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді. Оның үшінші ерекшелігі жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем-өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін кұрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамкорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады. Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт ұжымдарында, көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине, педагогтар бағыттап отырды, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі - оны негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйым-дастырады. Сыныптан және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау инициатива мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақты көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар ролінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар ролінде де көзге түседі. Жоғары сынып оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі. Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол коғамға пайдасы мол бағытқа не болып келеді. Соның нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарды кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр. Оның алтыншы ерекшелігі - формалар мен әдістердің сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу өте қиын және мүмкін емес. Ең алдымен, өнерпаздар клубтарын және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары алуан түрлі бола түсті. Өкінішке орай, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Қейбір мектептер үшін бұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен оқушылар ұжымдары өз күш-жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде енбекке тәрбиелеуге, ғылыми-техникалық творчестваны дамытуға ғана баса назар аударылады. Комплексті түрде тәрбиелеу - балалардың жан-жақты дамуын талап етеді. Сыныптан тыс жұмыстың бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады. Педагогтар ұжымдарының кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі - мектеп ұжымдары іс-әрекеттерінің барлық негізгі бағыттарын дамытуды қамтамасыз ететін жүйе құру. Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, актив қана тартылады. Басқалары, ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан тыс қызықты жұмысқа тартуда, оларды қайта тәрбиелеуге, сабақтан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Тәрбиені комплексті түрде жүргізуді жүзеге асыру оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, бәрін сынып жұмысының түрімен қамтуды көздейді. Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі - оның бұқаралығы.
Ол табиғатты, техниканы өнерді сүйетін жеке балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке-дара сабақтармен толықтырылып отырады.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың еңбек тәрбиесі мәселесіне теориялық -әдістемелік тұрғыда жүргізілген зерттеулерде кездеседі.Айталық, Б.Н. Буттов оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту арқылы олардың белсенді ұстанымын тәрбиелеу процесін қарастырады.Автор мұнда сыныптан тыс жұмыстың мынадай негізгі бағыттарын бөліп көрсетеді:
1) Қоғамдық пайдалы жұмыс: өндірісті еңбекпен әртүрлі нысандарда абаттандыру;2) Өзіне - өзі қызмет көрсету шаралары. Осы жұмыстардың тәрбиелілік тиімділігі дәйектелді.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдықтар аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің ғалымдары сыныптан тыс жұмыста бірқатар жұмыстар орындалған. Ол еңбектерде сыныптан тыс жұмысының мынадай бағытары қарастырылған:
- сыныптан тыс тәрбие жұмысы тарихын зерттеу бағыты,- сыныптан тыс тәрбие түрлері салаларына жүргізілген, яғни сапалық тұрғыдағы зерттеулер. Мұндай жұмыстарда сала бойынша жетістіктерді асыра дәріптеу орын алған, яғни жұмыстың бұл бағытында жеткен жетістіктерге арналған еңбектер очерк сипатында орындалған.
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқару яғни оның теориялық мәселелерін зерттеуге жүргізілген еңбектері.- Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие қызметі жүйесін балалардың субъективті ұстанымына қарай олардың және дербес болмысымен санасып, азаматтық тұлғалық саналылығын, физикалық және рухани жетілуін олардың жеке даралық қызығушылықтарын ескере отырып, дамыту мақсатын анықтауға қажетсінеді.
- Сыныптан тыс жұмыс формаларының әр алуандылығы мен типтері балалар мен олардың ата-аналар мұқтаж- мүдделерін қамтамасыз етуге себепші болып олардың шығармашылық қабілеттерінің ашылу мен дамуына толық жағдай қалайды.Ұйымдастырушылық құрылымдардың бейімделгіштігі тұрақты және мезгілді бірлестіктерді т.б. құруға және алуан түрлі клубтық формаларды пайдалануға мүмкіндік береді.Балалар мен үлкендердің өзін-өзі басқаруы ұжымдық шығармашылық тәрбие негізінде қосымша білім беру ұйымдары жұмысы мазмұны жанданады. Ұлттық, аймақтық шарттармен табиғат факторларын ескеру балалардың талаптауларымен салауатты-сауықты т.б. қызметтерін ұштастырудың сапалық кепілі болып табылады.Сыныптан тыс жұмыстағы тәрбие іс-әрекеттерін басқаруды дамыту балалар мен ересектердің шығармашылық ынтымақтастығы қатынастары негізінде -және оны өзін өзі басқарумен ұштастыру арқылы іске асады.
1.1 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен әдіс-тәсілдеріОқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады. Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке - дара, топтық және сынып - сабақтық жүйе. Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын. Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған. Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл - ланкастер" жүйесі тарады."Сатылы" немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200 - 300 немесе 600 - ден астам оқушыны мұғалім сатылып оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған. Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында "дальтон - жоспар" оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушыны өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды. Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық - зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3 - 4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. -Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша топтастыру.-Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.-Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.-Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.-Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.-Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі. Сынып - сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай - ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт - бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады. Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани - адамгершілік қасиеттері мен ақыл - ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым - қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылды.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.1.Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын - ала белгілі болуы тиіс.2.Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.3.Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай - ақ сабақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдылары қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.4.Сабақта мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.5.Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. "Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек" - деп Ж.Аймауытов жайдан - жай айтпағанын ескеру керек.6.Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.7.Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым - қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым - қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым - қатынас жасау және қарам - қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.8.Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс - тәсілдеріне үйрету міндет.9. Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.10.Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір - бірімен өзара байланыста, бірін - бірі толықтырып тұрылуы қажет.
11.Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу - техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.
2 Тәжірбиелік жұмыстар
2.1Сыныптан тыс жұмыс жоспарының әзірлемесі.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық - сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтант оқушылардың сыныптық - сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілетттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмысары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады. Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шыармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақрына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт - бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде. Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу мтериалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады. Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бқылау жасайды. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қаыстыра отырып, олардың дүние танымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz