Операциялық жүйе талаптары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылымы
1.1 Жалпы қауіпсіздік талаптары
2 Операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыздардыруды орнату мен икемдеу
2.1 Операциялық жүйе талаптары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Ақпараттану - бұл адамның қызмет атқаратын әр түрлі салаларында ақпараттарды қолдану, түрлендіру, сақтау, жинау және алу жөніндегі мәселелерді үйрететін - жас ғылыми пән.
Генетикалық информатика есептеу техникасымен, компьютерлік жүйелермен және желілермен байланысты. Өйткені тек компьютерлер ғана ақпараттық процесстерге бірмезгілде қажетті ақпараттарды автоматты түрде өңдеуге және сақтауға мүмкіндік туғызатын ғылыми тәсіл ретінде қолданылады.
Орыс тілінде бұрыннан қолданып келе жатқан информатика -термині ғылыми әдебиеттер арқылы берілетін ғылыми ақпараттың жалпы қасиеттері мен құрылымдарын үйрететін кішігірім нақты аймақпен байланысты.
1978 жылғы информатика бойынша халықаралық конгрессте "Информатика түсінігі административтік және әлеуметтік ықпал ету, коммерциялық, өндірістік кешендерде және сол сияқты ұйымдастырушылық аспектілер, математикалық қамтамасыз ету, машиналар, құрал жабдықтар және ақпараттарды өңдеу жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қолдану және жасаумен байланысты аймақтарды қамтитындығы"- атап көрсетілген.
Ақпаратты қорғау -- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылымы.

Қолданбалы ақпараттық технологияларды бір жағымызға қалдыра отырып, қазіргі заманғы информатиканың құрамдас бөліктерін, яғни "ядросын" сипаттаймыз. Бұл бөліктердің әрқайсысы өзіндік ғылыми пәнмен салыстыра отырып қарастыруға болады: олардың арасындағы өзара қатынас шамамен, классикалық матеметикадағы математикалық анализ, геометрия және алгебраның арақатынасы сияқты - олар әрқайсысы өзіндік жеке пән болғанымен, бірақ, күдіксіз бір ғылымның бөлігі болып табылады.
Теориялық ақпараттану - математика тараулары қатарынан тұратын, информатиканың бір бөлімі. Ол математикалық логикаға сүйенеді және өзіне алгоритмдер теориясы, және автоматтар, ақпараттар теориясы және кодтау теориясы, граматика және формальдық тілдер теориясын, амалдарды зерттеу және де басқа тарауларды қамтиды.
Есептеу техникасы - Сөз техникалық бөлшектер және электрондық схемалар жөнінде емес(бұлар информатиканың сыртында жатыр), ал олар құрылғылардың өзара әсерлесу принциптерін және функционалдық мүмкіндіктерінің атауларын анықтайтын есептеу (компьютерлік) жүйелердің архитектурасы деп аталатын деңгейдегі принциптік шешімдер жөнінде болып табылады. Бұл аймақтағы қойылатын классикалық шешімдердің принциптік мысалдарына жататындар: - бірінші буындағы компьютерлердің неймандық архитектурасы кейінгі бундағы ЭЕМ-нің шиндік архитектурасы, ақпараттарды параллельді өңдеу(көппроцессорлы) архитектурасы.
Бағдарламалау (программалау) - қызметі, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жасаумен байланысты.Мұнда біз заманға сай бағдарламалаудың негізгі тарауларын атап өтеміз: бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жасау және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау.
Жаңа бағдарламалау тілдерінің жасалуы және оларға жүйелік талдау жүргізілудің ішінен, ең негізгілерінің бірі - интерфейстік жүйенің жасалуы (мысалы, жалпыға белгілі операциялық қабықша және Wіndows жүйесі ) болып табылады. Ал, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің ішінен ең көп көпшілікке белгілісі - мәтіндерді өңдеу жүйелері, электрондық кестелер (кестелік процессорлар), мәліметтер базасын басқару жүйелері болып табылады. Ақпараттық жүйелер - әртүрлі күрделі жүйелерде ақпараттар ағынын талдау бойынша және ақпараттарды іздеу мен сақтау принциптерінде олардың тиімділігін, құрылымын зерттеуге қатысты мәселелерді шешумен байланысты информатиканың бір тарауы.
Жасанды ақыл-ой (интеллект) - психологиямен, физиологиямен, лингвистикамен және де басқа ғылымдармен тоғысып байланысатын күрделі мәселелерді шешетін информатиканың бір аймағы. Адам сияқты ойлауды компьютерге қалай үйретуге болады? Адамның қалай ойлайтындығы жөнінде біз көп біле бермейміз, алайда, жасанды ақыл-ой бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының жүргізілуінің жарты ғасырлық тарихы болғанымен, әлі де болса принциптік мәселелер қатары шешілмей отыр. Сондықтан, мұндай аймаққа қатысты жете зерттеулердің негізгі бағыты - ой-пікірді модельдеу, компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, эксперттік жүйелерді құру, бейнелерді тану және тағы басқалар болып табылады.
Дербес жағдайда, интеллектуалдық интерфейстік жүйе мен адам арасындағы өзара қатынасты жасау тәрізді құнды қолданбалы мәселелерді шешу, жасанды ақыл-ой аймағындағы жұмыстардың табысты болуынан тәуелді.

Жалпы қауіпсіздік талаптары

Жалпы қауіпсіздік талаптары төмендегідей :
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
7. Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды.
8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. Компьютерде жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

Операциялық жүйе мен бағдарламалық қамсыздандыруды орнату мен икемдеу

Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) - бұл мақсаттарды жүзеге асыруға және ақпараттық жүйелер мәселелеріне, сонымен бірге техникалық құрамдарды нормалы жұмыс жасауға арналған бағдарламалар комплексі.
Бағдарламалық қамтама құрамына жалпы жүйелік және арнайы бағдарламалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжаттамада кіреді. Қазіргі компьютерде пайдаланылатын программалардың бәрі программалық қамтамасыз ету деп аталады. Программалық жабдықтама - ақпараттық технологияның негізгі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жай элементтер жиынтығы болады да, ол еш нәрсе істей алмайды. Програмалық қамтамасыз етудің 3 тобын көрсетуге болады: Жүйелік,Инструментальдық, Қолданбалы.
Жүйелік программалар дегеніміз - компьютердің жұмысын жылдамдататын, құрылғыларының арасында байланыс орнататын, басқа да қосымша көмектер жасайтын программаларды айтады. Оларға жататындар: операциялық жүйе, операциялық қоршам, архиватор, антивирустық программа т.б.
Инструменталдық программаны қамтамасыз ету адам қызметінің әр түрлі салаларында қолданылатын программаның барлық ықтимал дестелерін пайдалануда қолданылады. Инструменталдық программа тобына мыналар кіреді: программа мәтінін машина тіліне аударуды жүзеге асыратын әр түрлі алгоритмдік тілдердің трансляторы; программаның жекелеген бөліктерін біріктіріп, бір бүтін тұтас ететін байланыстырушы редакторлар, сондай-ақ жөндеуші - оның көмегімен программаны жазу барысында кеткен қателіктер табылып, жойылады; ыңғайлы жасалуы үшін жоғарыда аталған компоненттерді біріктіретін әзірлеушілердің интеграциялық ортасы.
Қолданбалы программа деп әр түрлі құжаттарды немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
Ақша аудару шартының элементтері
Ақпарат базасынның сипаттамасы
Клиринг оның түсінігі, түрлері
Windows операциялық жүйелер желілеріне салыстырмалы талдау
Windows және MFC кітапханалары. ОЖ. Деректер базалары. Визуалды жобалау. Офистік графика
Ақпараттық қауіпсіздік жайында
Металл бұйымдары зауыты
J2ME ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ ОЙЫНДАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ
Күшейту тізбектері
Пәндер