Өсімдіктердің минералдық заттармен қоректенуі
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Жалпы биология және геномика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Өсімдіктердің минералдық заттармен қоректенуі
Өсімдіктер физиологиясы пәні
Орындаған: Байдаулетова Назым
Тобы: Бг-23
Қабылдаған: Арыстанова Шолпан
Астана, 2017
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Минералдық қоректену туралы ілімнің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Минералдық элементтердің өсімдіктегі мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ЖЕКЕ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ӨСІМДІҢ ТІРШІЛІГІНДЕГІ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Макроэлементтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Өсімдік тіршілігіндегі азоттың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
Микроэлементтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТОПЫРАҚТАҒЫ МИНЕРАЛДЫҚ ЗАТТАРДЫ СІҢІРУІ
Топырақтың өсімдіктің қоректенуіне байланысты ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 23
Қоректік заттардың тамырға сіңу жолдары мен механизмдері ... ... ... ... ... ... .. 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Өсімдіктер тіршілігінде минералды заттармен қоректенудің маңызы өте үлкен, өсімдіктің өсуі мен даму жағдайларына зор әсер етеді. Осы минералды заттармен қоректенуде өсімдіктің негізгі бір ерекшелігін, яғни оның автотрофтығын көреміз. Топырақтан қабылдаған минералды заттарды өсімдіктер органикалық заттарға айналдырады.
Ежелден бері өз заманының ең алдыңғы қатарлы ғалымдарын өсімдіктердің топырақ арқылы қоректенуі ылғи да ойландырған еді. Себебі өсімдіктің топыраққа тәуелділігі бэрінен де гөрі айқын, бәрінен де гөрі күшті байқалады. Топыраққа өсімдік эрқашанда тамырларымен бекінеді және сонымен қатар тамыр оның құрамындағы су мен минералдық элементтерді қоректенуге пайдаланатындығы табиғи нәрсе. Өсімдіктердің су және минералдық элементтермен қоректенуі -- күрделі физиологиялық процесс.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өсімдіктедің тамыры арқылы минералды қоректену жүйесіне жалпы сипаттама беру, минералдық элементтерге талдау жасау, олардың жалпы функционалдық ерекшеліктерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Өсімдіктедің тамыры арқылы минералды қоректену жүйесіне жалпы сипаттама беру;
Минералдық элементтерге талдау жасау;
Олардың жалпы функционалдық ерекшеліктерін зерттеу.
Минералдық қоректену туралы ілімнің даму тарихы
Өсімдіктер немен қоректенеді, өзінің денесін қандай заттардан құрастырады және ол заттарды қайдан қабылдайды деген сұрақтар физиология ғылымы жаңа қалыптаса бастаған кездерде туындаған болатын.
Осы бағытта алғашқы болып тәжірибелік зерттеулер жүргізгендердің бірі голландия ғалымы Я.Б. Ван-Гельмонт болды (1629). Ол өз тәжірибесінде талдың бір кішкене өркенін алып, ішіне белгілі мөлшерде топырақ солынған жәшікке отырғызып, бес жыл бойы өсімдікті әлсін-әлсін жаңбыр суымен, немесе қайнатылған сумен суарып өсірді. Тәжірибенің соңында өсімдік пен топырақты қайта өлшеп, өсімдік салмағының 33 есе артқандығын,ал топырақ салмағының небәрі 50-60 грамға кемігенін байқады. Осыған байланысты өсімдік негізінен сумен ғана қоректенеді деген қорытынды жасады. Бұл тұжырым өсімдіктердің сумен қоректену теориясына негіз болды.
Ван-Гельмонттың қорытындысы біржақты болғанымен, оның тәжірибелерінің нәтижесі өсімдіктің сырттан қабылдаған заттары денесінде күрделі өзгерістерге түсетіндігі туралы көзқарас туғызды.
Содан бастап, өсімдіктің қоректенуіне ең маңызды орта - топырақ екендігі туралы деректер жинақталды. Соған байланысты, енді өсімдік өзіне қоректік заттарды топырақтың қандай бөлігінен қабылдайды деген сұрақтар туа бастады.
Батыс Еуропада XVIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың алғашқы кезеңдерінде қоректенудің гумустық (қарашіріктік) теориясы кең орын алды. Осы теорияны негізгі жақтаушылардың бірі неміс ғалымы А. Тэер топырақтың құнарлығы қарашірікке (гумусқа) байланысты, себебі ол сумен қатар өсімдік үшін негізгі қорек болып есептеледі деді.
Тэер және осы теорияның басқа жақтаушылары топырақтағы минералдық заттар органикалық қосындылардың ыдырауын жеңілдетіп, оларды өсімдікке оңай сіңетін күйге ауыстыратын қосалқы маңыз атқарады деген қорытынды жасады.
Сол кездердің өзінде ғана Буссенго, Шпренгель және Либих сияқты ғалымдар гумустық теорияға қарсы шықты.
Буссенго өзінің азоттық теориясын дамытты. Ол өзінің жеке меншік шаруашылығында 1836 жылдан бастап ауыспалы егістік тәжірибелерін жүргізіп, егілген дақылдардың түсімін есептеп, құрамындағы көміртегінің,азот және күлдің мөлшерін анықтады. Нәтижесінде түсім құрамындағы көміртегінің мөлшері қарашіріктегі мөлшеріне байланыссыздығын және азоттың мөлшері ауыспалы егістікте бұршақ тұқымдастарының үлесі көп болған сайын көбейетіндігін байқады.
Неміс ғалымы Шпренгель өсімдіктер топырақтан және ауадан сіңірген бейорганикалық заттардан жылудың электрлік қуаты және ылғалдың көмегімен органикалық заттар құрастырады деген маңызды қорытынды жасады.
Неміс химигі Ю. Либих гумустық теорияға қарсы шығып, 1840 жылы өзінің Химия в приложении к земледелию и физиологии деген еңбегінде өсімдіктердің минералдық қоректенуі теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша топырақтың құнарлылығын негізінен минералдық заттар қалыптастырады. Оның ойынша қарашірік аналық тау жыныстарының ыдырауын жылдамдатып, СО2 пайда болу үшін және топырақтың мәдени қабатын қалыңдату үшін қажет. Ол бірінші болып топыраққа тыңайтқыш ретінде минералдық заттар қолдануды ұсынды. Өсімдіктердің қоректенуінде минералдық элементтердің маңызын дұрыс бағалағанымен, Либих өсімдің азотты ауадан аммиак күйінде қабылдайды деп ұйғарды.
Сонымен қатар ол дақылдардан алынған түсімнің құрамындағы минералдық заттарды жыл сайын топыраққа қайтару қажеттігін ұсынды. Соның ішінде ең алдымен қайтаратындарға топырақта өте аз мөлшерде кездесетін элементтерді жатқызды. Оның бұл пікірлері кейінірек қайтару заңы немесе минимум заңы деп аталды.
Өсімдіктердің минералдық қоректенуі туралы ілімнің Ресейде даму тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысын қамтитын бірінші кезеңде бұл ілімге, сонымен қатар жалпы агрономия ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар - И.И. Комов (1750-1792), А.Т. Болотов (1738-1833), А.П. Пошман (1792-1852), М.Г. Павлов (1794-1840) болды. Олар өздерінің зеттеулерін Батыс Еуропалық деректерге байланыстыра жүргізіп, өсімдіктер қорек ретінде топырақтың органикалық және минералдық заттарын бірдей пайдаланатындығын дәлелдеді. Мысалы, Комов өсімдіктердің қоректенуіне топырақтың органикалық бөлігінің маңызы көбірек деген пікір айтты. Ал Болотов болса, керісінше, топырақтағы минералдық заттардың қоректік маңыздылығына көп көңіл аударды. Пошман егістікті тыңайтқыштармен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударып, олардың ішінде өсімдікке ең тиімдісі сілтілі-тұзды заттар болатындығын басып айтты. Бұлардың барлығы да Ресейде егін шаруашылығын көтеру үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудың қажеттілігі, олардың әр түрлі өсімдіктерге тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибелік зерттеулердің маңыздылығына көп көңіл бөлді.
Аттары дүние жүзіне дерлік танымал А.Н. Энгельгардт, Д.И. Менделеев және П.А. Костычев сияқты ғалымдардың зерттеулерінің арқасында өсімдіктердің қоректенуі туралы ғылым - агрохимияның даму атрихының екінші дәуірі басталды.
Петербургтегі егін шаруашылық институтының профессоры А.Н. Энгельгардт Ресей егін шаруашылығының өнімділігін арттыруда жасанды тыңайтқыштарды қолданудың өте маңызды орын алатындығын уағыздады. Өзі ұйымдастырған лабораторияда жергілікті тыңайтқыштардың, фосфориттердің және топырақтың құрамын талдады. Профессор Иленьковпен бірігіп, сүйекті сілтімен өңдеу арқылы одан тыңайтқыш (сүйек ұны) алу әдісін жасады. Энгельгардтың Егін шаруашылығының химиялық негіздері, Ауылдан хаттар деген шығармалары агрономияның әр саласындағы ғалымдарға және мамандарға үлкен көмекші құрал болды.
Орыстың атақты ғалымы - химик Д.И. Менделеев (1834-1907) өз өмірінде химия ғылымының дамуына аса бағалы үлес қосумен қатар, басқа да ғылымдар саласында, соның ішінде егін және мал шаруашылығының жан-жақты дамуына үлкен еңбек сіңірді. Оның тыңайтқыштарды өндіру мен қолдану, топырақты өңдеу, көп жылдық шөптердің маңызы, ауылшаруашылық өнімдерінің химиялық технологиясы туралы салалы, терең ойлары осы күнге дейін мәнін жойған жоқ.
Ол Ресейдің әртүрлі аймақтарында тыңайтқыштарды қолданып, танаптық тәжірибелер жүргізудің арнайы бағдарламасын жасады. Өзі басшылық еткен сол тәжірибелерден 1872 жылы жасаған баяндамасында Д.И. Менделеев өсімдіктердің қоректенуін зерттеуге арналған тәжірибелер әр аймақтың ауа-райы мен топырақ және өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерімен байланыстырылып жүргізілуі қажеттігін ұсынды. Осы талапты орындағанда ғана тәжірибелер нәтижесінен шығатын қорытындылар сенімді болатындығын ескертті.
Өсімдіктердің қоректенуі туралы ілімнің дамуына атақты ғалым К.А. Тимирязев (1843-1920) өте маңызды үлес қосты. Өзі 25-30 жылдай фотосинтез процесін зерттеумен қатар, өсімдіктердің тамыры арқылы қоректенуінің физиологиялық негіздерін зерттеумен де айналысты. Осындай теориялық маңызы бар тәжірибелерді нақтылай бағалауға қолайлы жағдаларда жүргізу мақсатында 1872 жылы Ресейде бірінші вегетациялық үй салдырды. Одна бірнеше өткен соң Мәскеу университеті жайының төбесіне осындай екінші үй салдырды. Сонда өзінің физиологиялық зерттеулерін жүргізді.
Өзінің зерттеулерінде Тимирязев өсімдік организмінде зат алмасу процесі ең негізгі орын алатынын ескертумен болды. Ол организм заттарды үздіксіз қабылдап өзгертеді және бөліп шығарады, яғни тіршіліктің негізгі белгісі - зат алмасу деген ойын үздіксіз қайталап отырды. Соған байланысты, өсімдіктің қажетін білу үшін оның ойын сұрау қажет, яғни олармен тікелей тәжірибелер жүргізу керектігін тұжырымдады.
Өсімдіктің қоректенуі туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі П.А. Костычев бұршақ тұқымдастардың, балдырлардың және дербес тіршілік ететін бактериялардың азотты игеру ерекшеліктері туралы көлемді зерттеулер жүргізді.
Агрохимия ғылымының дамуы Д.Н. Прянишников зерттеулерімен тығыз байланысты деуге болады. Оның басшылығымен өсімдіктердің фосформен қоректенуі, соның ішінде өсімдіктердің фосфориттердегі фосфорды игеруі зерттелді. Өсімдіктерге калий тұздарының, биологиялық азоттың және микроэлементтердің әсері туралы да елеулі зерттеулер жүргізілді.
Д.Н. Прянишниковтың басшылығымен Вегетациялық және лабораториялық тәжірибелер деген атпен 17 томдық ғылыми жинақ жарияланды. Оның Агрохимия және Өсімдік тіршілігіндегі азот және ССРО-ның егін шаруашылығы деген күрделі ғылыми шығармалары осы кезге дейін көптеген мемлекеттерде мамандар дайындау үшін қолданылып келеді.
О.К. Кедров-Зихман (1885-1964) әктің әсерінің теориялық негіздерін және өсімдікке магний мен бордың әсерін зерттеді.
Д.А. Сабянин (1889-1951) минералдық қоректенуге және өсімдіктер физиологиясының басқа да тарауларына байланысты өте терең теориялық маңызды ғылыми зерттеулер жүргізді. Оның тікелей басқаруымен өсімдік тамыр жүйесіндегі зат алмасу процестері жан-жақты зерттелді.
М.В. Каталымов (1907-1969), Я.В. Пейве (1906-1972), М.Я. Школьник, тағы басқа көптеген ғалымдар микроэлементтердің өсімдік тірішілігіндегі маңызын зерттеді.
Минералдық элементтердің өсімдіктегі мөлшері
Орташа есеппен өсімдіктің сусыз құрғақ затының құрамында көміртек - 46 %, оттегі - 42 %, сутегі - 6,5 %, азот - 1,5 %, минералдық элементтер - 5 % шамасында болады.
Органогендер деп аталатын элементтердің (C, O, H, N) үлесіне өсімдіктің құрғақ салмағының 95 %-і тиеді. Қалған 5 %-ін ғана минералдық элементтер құрайды. Осы элементтердің сапалық құрамы және олардың процентпен есептегендегі мөлшері сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгеріп тұрады. Өсімдік денесіндегі мөлшеріне байланысты минералдық элементтер мынадай топтарға бөлінеді:
1) Макроэлементтерге мөлшері 0,01-ден ондаған процентке дейін жететін элементтер жатқызылады. Бұл топқа органогендерден (C, O, H, N) басқа - Si, Ca, K, Mg, P, S, Al, S енеді.
2) Микроэлементтерге мөлшері 0,0001-ден 0,00001 арасында кездесетін - Mn, B, Cu, Zn, Ba, Ti, Li, Br, Mo, Co және т.б. жатады.
3) Ультрамикроэлементтерге мөлшері одан да аз Cs, Se, Cd, Hg, Ag, Au, Ra, т.б. жатады.
Жеке элементтердің өсімдіктегі мөлшері көптеген жағдайларға байланысты өте өзгергіш келеді. Мысалы, фосфордың мөлшері - 0,14-тен 2,5%-ке дейін, бордың мөлшері - 0,001-0,00001%, т.с.с. Бір түрлі өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде минералдық (күл) элементтердің мөлшері біркелкі болмайды. Мысалы, шөптесін өсімдіктердің тұқымдарында жалпы күлдің мөлшері - 3 %, сабағында - 4 %, тамырында - 5 %, жапырағында - 15 %-ке дейін жетеді.
Кейбір өсімдіктер мүшелеріндегі жалпы күлдің және жеке элементтердің мөлшері төмендегі кестеде келтірілген. Одан астық дақылдастардың тұқымында фосфордың, сабағында кремнийдің көп болатынын байқауға болады. Бұндай ерекшелік тек осы өсімдіктерге ғана тән. Мысалы, беденің сабағында күлдің мөлшері басқа өсімдіктердегімен шамалас болғанымен, кремнийдің күлге есептегендегі мөлшері 2-3 %-тен аспайды. Керісінше, беденің күлінде кальцийдің мөлшері басқаларға қарағанда 5-6 есе артық.
Картоп түйнегінде, қант қызылшасының, т.б. тамыр жемістілердің тамырында калий көп болады.
Күнбағыстың күлінде де калий мөлшері басқа элементтерге қарағанда көбірек болады. Ақжелкен тамырындағы күлдің 0,25-1 % SO3 үлесіне тиеді. Бұны крестгүлділер тұқымдастарының ерекше белгісі деп қарауға болады.
Күлдің құрамындағы кальдийдің көп болуы тек түрге тән белгі болмастан, өсімдіктің жасына да байланысты. Әдетте бұл элементтің мөлшері өсімдік мүшелері қартайып ескірген сайын көбейе береді. Мысалы, қартайған еменнің тамырының күлінде оның мөлшері 90 %-ке жетеді.
Кейбір өсімдіктердің жеке мүшелеріндегі күлдің және элементтердің мөлшері (В.А. Рубин)
Зерзат
Құрғақ затытағы күл, %
Күлдің мөлшеріне %-пен
K2O
CaO
MgO
P2O5
SO2
SiO2
Бидай (дән)
Арпа (тұтас өсімдік)
Қызылбас беде(тұтас өсімдіктің гүлдеу кезі)
Картоп түйнегі
Темекі жапырағы
Ақжелкен тамыры
Қартайған емен жапырағы
2,1
6,5
6,9
3,8
17,2
8,5
7,2
30,5
25,4
32,3
60,1
29,1
39,0
4,4
2,8
5,8
34,9
2,6
36,0
10,1
82,3
12,0
3,0
10,9
4,9
7,4
3,7
1,2
48,9
10,3
9,6
16,9
4,7
10,4
0,4
1,3
2,9
3,2
6,5
6,1
24,7
0,3
1,5
42,8
2,7
2,0
5,8
7,2
0,6
Жеке элементтердің өсімдің тіршілігіндегі физиологиялық маңызы
Макроэлементтер
Фосфор. Фосфордың топырақтағы қоры онша көп емес, Р2О3-пен есептегенде бір гекторға 2-4,4 тонна аралығында. Оның 23-і ортофосфор қышқылының (Н3РО4) тұздары, ал қалған бөлігі фосфорлы органикалық қосындылардың үлесіне тиеді. Топырақтағы фосфорлы қосындылардың көбісі суда нашар ериді. Бұл бір жағынан фосфордың ысырап болуын азайтып, екіншіден өсімдікке пайдалану мүмкіндігінде кемітеді.
Органикалық қалдықтардағы және қарашіріктегі фосфор микроорганизмдердің тіршілік әрекеттерінен минералданып, көпшілігімнашар еритін тұздарға айналады. Өсімдік оларды тамырынан бөлінетін органикалық қышқылдардың әсерімен екі валентті катиондарын хелаттап, ризосфераны қышқылдатады да жылжымалы күйге айналдырады:
НРО43- НРО42- НРО4-
Кейбір ауылшаруашылық дақылдар (бөрібұршақ, қарақұмық, асбұршақ) нашар еритін фосфаттарды да жақсы игере алады.
Аналық тау жыныс
Минералдық тыңайтқыштар
Қарашірік
Са(Н2РО4)2 т.б. ерігіш тұздар
Са3(РО4)2 т.б. ерігіш тұздар
РО43-
Органикалық қалдықтар
Өсімдіктер
Хайуанаттар
Фосфордың биосферадағы айналымы (В.В. Полевой, 1989)
Өсімдік клеткасындағы фосфорлы өте маңызды органикалық қосындылардың бірінші қатардағыларына аденозиндифосфат (АДФ) және аденозинтрифосфат (АТФ) жатады. АТФ көптеген ферменттік реакцияларды алғашқы фосфорлаушылық рөл атқарады.
Фосфор өсімдіктердің пісіп жетілуін тездетеді. Фосфорлы тыңайтқыштардың әсерінен астық дақылдар 5-7 күн ерте пісіп жетіледі, өсімдік тамыры жақсы бұтақтанып, тереңдеп, жайылып өседі. Фосфордың әсерінен қант қызылшасының қанттылығы, картоп түйнегінде крахмалдың мөлшері көбейеді.
Өсімдіктерде фосфордың игерілуі негізінен күндізгі сағаттарда іске асады. Сіңген бейорганикалық фосфордың аздаған бөлігі нуклеотидтердің құрамына енеді. АТФ-тағы фосфор одан әрі гексофосфаттардың, нуклеопротеидтердің, фосфопротеидтердің пайда болуына жұмсалады.
Фосфорлы қорек жетіспеген жағдайда өсімдік жапырағында көмірсулардың мөлшері көбейеді. Соған байланысты антоциан пигментінің мөлшері де көбейіп, жапырақтар көгілдір жасыл, кейде қарақошқыл, немесе қола реңді болып түсін өзгертеді. Өсімдіктердің өсуі баяулап, жемісдерінің пісіп жетілу мерзімі кешігеді.
Фосфор жеткіліксіз жағдайда оттегінің сіңуі бәсеңдеп, тыныс алуға қатысатын ферменттердің ырықтығы өзгеріп, митохондриялардан тыс тотығу жүйелер ырықтана бастайды (гликол қышқылының оксидазасы, аскорбаиоксидаза). Сонымен қатар, фософрлы органикалық қосындылар мен полисахаридтердің ыдырау процесі жеделдейді, белоктардың және нуклеотидтердің синтезделуі баяулайды.
Өсімдіктің фосфор тапшылығына сезімталдығы жас кезеңдерінде анығырақ байқалады.
Фосфорлың өсімдік тамыры арқылы сіңуі топырақ ылғалдығы артқан сайын қарқындай түседі. Қоректік ортада нитратты азот көбірек болса, өсімдіктің фосфорға қажеттілігі басымдау келеді.
Күкірт. Бұл элемент қажетті негізгі элементтердің біріне жатады. Күкірт өсімдікке негізінен сульфат күйінде енеді. Өсімдік ұлпаларындағы мөлшері онша көп болмайды - 0,2-1% шамасында. Бұршақ тұқымдастар, әсіресе крестгүлділер, басқа өсімдіктерге қарағанда, күкіртті көбірек қажет етеді.
Басқа да биогендік элементтер сияқты күкірт те заттардың биологиялық айналымына қатысады. Автотрофты өсімдіктер күкіртті жоғары тотық - SO42- күйінде сіңіріп, оны органикалық заттардағы SH-тобына дейін тотықсыздандырады. Құрамында күкірті бар өсімдіктер мен жануарлардың органикалық өалдықтары топыраққа және суға еніп, сапрофиттік микроорганизмдердің қатысуымен минералданады да Н2S пайда болады.
Топырақта күкірт бейорганикалық және органикалық түрде кездеседі. Минералдық сульфат - СаSО4, MgSO4, Na2SO4 тұздар немесе иондар түрінде болуы мүмкін.
Өсімдіктерде күкірт сульфат күйінде кездеседі. Деректер бойынша өсімдіктер атмосферадағы SО2-ні қорек ретінде пайдалана алады.
Жапырақтан сульфат және тотықсызданған күкірт флоэма арқылы төмен де, жоғар ыда өсімдік бойына тарайды. Өсімдік дәнінде күкірт көбінесе органикалық қосындылар күйінде кездесіп, тұқым өнген кезде ішінара тотыққан күйге ауысады.
Органикалық қосындылар құрамында күкірт сульфигидриль-R-SH және дисульфид-R-S-S-R топтар күйінде кездеседі. Бұл екі қосынды бір-біріне оңай ауыса алады және клеткадағы тотығу-тотықсыздану процесіне қатысады.
Күкіртпен қамтамасыздығы нашар өсімдіктерде амин қышқылдардың, белоктардың синтезделуі, фотосинтез, өсу процестері төмендейді. Хлоропластардың қалыптасуы нашарлайды, тіпті олардың ыдырап кетуі де мүмкін. Өсімдік жапырақтары майдаланып, сабақтары ұзарады.
Калий. Өсімдіктердің қалыпты өсіп-өнуіне ең қажетті элементтерге калий де қосылады. Оның өсімдік ұлпаларындағы мөлшері құрғақ затына есептегенде 0,5-1,2% шамасында болады. Өсімдіктің жас, өсіп тұрған бөліктерінде көбірек кездеседі, өте жылжымалы.
Бұл элемент ферменттердің, немесе басқа физиологиялық ырықты қосындылардың құрамына тікелей енбесе де, өсімдіктегі энергетикалық процестерге қажет екнедігі ертеден-ақ белгілі болды. Калийдің фотосинтездің қараңғы сатысының реакцияларын өзгертіп, жарық сатысына онша әсер етпейтіндігі анықталған.
Калийдің топырақтағы мөлшері фосфорға қарағанда 8-40 есе, азоттан 5-50 есе артық. Топырақта калий минералды кристалды торларында алмасқыш және алмаспайтын күйде, жылжымалы қалдықтар құрамында және микроорганизмдерде, топырақ ерітіндісінде минералдық тұздар күйінде кездеседі.
Соның ішіндегі өсімдік үшін ең қолайлысы калийдің ерігіш тұздары болып есептеледі. Бұлар өсімдік тамырларына оңай сіңетіндіктен оның топырақтағы қоры азаюы мүмкін.
Жасанды калийлі тыңайтқыштар суда жақсы ериді. Олар топырақпен қосылғанда калий топырақ каллоидтарымен алмасу реакцияларында қатысады. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын тұздар негізінен физиологиялық қышқыл болатындықтан топырақта хлор және күкірт қышқылы жиналады.
Өсімдіктегі калийдің өте жоғары зат алмасушылық деңгейі негізінен меристема, камбий, жас жапырақтарда, өркендерде бүршіктерде шоғырланатындығы белгілі болды.клеткадағы калий негізінен бос ион күйінде кездесіп, органикалық қосындылардың құрамына енбейді.
Қазіргі кезде алынған деректерге сәйкес, калийдің әсерінен 60-тан аса ферменттердің ырықтанатындығы белгілі болып, оның зат алмасу процестеріндегі маңыздылығы толығымен дәлелденді. Ол фосфаттың органикалық қосындыларға енуі, белоктардың, полисахаридтердің синтезделуі үшін қажет және флавинді ферменттердің бөлігі рибофлавиннің финтезделуіне де қатысады. Калийдің әсерінен картоп түйнегінің крахмалдылығы, қант қызылшасының қанттылығы, жемістер мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz