Ретинол және Аквадетрим плюс препараты
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Ретинол және Аквадетрим плюс препараты
Ә) Эргокальциферол, Аквадетрим витамин Д₃ және Д₃-Капелька препараттары
Б) Токоферол
В)К витамині, Викасол және Октаплекс ТМ 500 ХБ препараттары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Дәрумен -- адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.
Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты.
Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.
Майда еритіндерге А, D, Е, К дәрумендері жатады.
А витамині (ретинол). А витамині майларда және май еріткіштер -- бензин, эфир, ацетонда жақсы ериді. Ол ультракүлгін сәулелерінен тез бұзылады және ауа оттегінде тотығады. Жоғары температурада бұзылу процесі жылдам жүреді. Оттегі жоқ ортада олар 100° С температурада сақталады. Бүгінгі күнге дейін А витаминінің жеткіліксіздігінен пайда болатын 50-ден астам функционалдық ауытқулар белгілі: олардың бастысы мал тәбетінің төмендеуімен, жас төлдердің өсуінің тоқталуымен, жыныс бездері жұмысының бұзылуымен сипатталады. Осыған байланысты А витаминін өсу витамині деп атайды. А витаминінің жеткіліксіздігін дөлірек сипаттайтын басты белгі-кешкілік, ала көлеңкеде көру мүмкіндігінің күрт төмендеуі, оны ақшам соқыр деп атайды. А авитаминоздың одан әрі дамуы көздің мүйіз қабықшасының жұмсаруына әкеліп соғады. А витаминінің болмауы, не жетіспеуі тыныс жолдарының, ішек жолы қабықшаларының құрғақтанып, мүйізденуіне әкеліп соқтырады. А гиповитаминозды анықтайтын қосымша белгілер қатарына малдардың қысыр қалуы, іш тастауы, әлсіз, не соқыр төл тууы, жыныс ұрықтары сапасының төмендеуі, қанның, сүттің, уыздың құрамында А витамині мөлшерінің төмендеуі жатады.
Мал шаруашылығында қолданатын азықтардың көпшілігінің құрамында А витамині кездеспейді, ал өсімдік тектес азықтарда А витамині каротин түрінде кездеседі. Каротин ащы ішек қабыргаларында А витаминіне айналады да, лимфа түйіршіктері арқылы қанға өтеді. А витаминінің қайнар көзі -- нәлім (треска) балығының бауырынан алынатын балық майы мен жұмыртқаның сары уызы. Ағзаға каротин шамадан тыс көп түскенде А витамині бауырда жиналады, оның қоры ағзаға азықпен каротин аз түскенде қолданылады. Ауаның өсерінен каротин тез бұзылады. Сондықтан ашық ауадағы жөне күн сәулесінің әсеріне көп уақыт бойы ұшыраған азықта каротин аз болады. Сол себептен каротинге бай азықтарды булауға, ұзақ уақыт қайнатуға болмайды. Каротин жас көк өсімдіктерде, әсіресе жоңышқа жапырағында, қызыл сәбізде, сары тарыда көп болады.
Д витамині (калъциферол). Д витамині табиғатта көп жағдайда оның провитамині эргостерин түрінде кездеседі. Эргостерин күн сәулесінің (ультракүлгін) әсерінен Д витаминіне ауысады. Мұндай қасиеттер эргокальциферолда, холекальциферолда бар. Д2 (эргокальциферол) мен Д₃ (холекальцийферол) химиялық құрамы жағынан әр түрлі, дегенмен олардың ағзадағы физикалық-химиялық әсері өте ұқсас. Д2 және Д₃ витаминдері түссіз кристал, майларда, эфирде, спиртте, басқа да органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Олар минералдың қышқылдар әсерінен бұзылуы мүмкін. Д витамині ағзада минералдық заттар алмасуында ерекше орын алады. Азық құрамындағы кальций, фосфордың, Д витаминінің жетіспеуі мал төлінде мешел ауруының пайда болуына әкеліп соғады. Ересек малда Д витамині мен минералдың заттардың жетпегендігінен тірсек және тізе буындары ісінеді, бұл ауру остеомаляция деп аталады. Ағзада Д витаминінің жетіспеуінің салдарынан мал жүнді жалап, топырақ жейді, аз қозғалады, ересек малдың өнімі азайып, жата береді, көп жағдайда қысыр қалады, тістері қозғалып, тұяқтары сына бастайды. Д витамині ағзадағы көптеген маңызды зат алмасу процестеріне, өсіресе кальций мен фосфордың алмасуына қатысады.
Е витамині (токоферол). Ағзада Е витаминінің жетіспеуі малдың жыныс бездерінің, жүйке жүйесі жұмысының бұзылуына өкеліп соғады. Е витамині азық құрамында көп кездеседі. Е витаминінің қайнар көзі -- көк өсімдіктердің жапырағы, сапалы пішен және астық тұқымдастардың дәндері. Рационда май және протеин мөлшерден тым артық болса, онда малдық Е витаминіне қажеттілігі арта түседі. Малды азықтандыру тәжірибесінде Е витаминінің жетіспеуі өте сирек кездеседі, себебі соңғы уақытта өнеркәсіп майда еритін витаминдерді өндіріп шығарады.
К витамині (филлохинон). Қазіргі күні К витаминінің жеті түрі белгілі, бірақ үш түрі К₁ , К₂, К₃ жиі пайдаланылады. К₁ витамині (альфа-филлохинон) -- 1939 жылы жүгеріден алынған. Таза күйінде ол сарғылт, майлы сұйық, май еріткіштерде ериді. Нейтралдық ортада қыздыруға төзімді, ультракүлгін сәуле өсерінен бұзылады. К₂ витамині микроорганизмдерде кездеседі, алғаш рет шіріген балық ұнынан табылған. Химиялық құрамы жағынан К₁ витаминінен ерекше. Ол сары кристалды ұнтақ, суда ерімейді, май еріткіш ертінділерде ериді. Жарық пен қыздыруға төзімсіз. К витамині жасыл өсімдіктердің жапырақтарында, сүрлемде көп болады, ал астық тұқымдас дақылдардың дөндерінде, тамыр-түйнек жемістілерде өте аз. Малдың ас қорыту жолдарындағы бактериялар К витаминін түзеді. К витаминінің жетіспеуі малдардың қан ұюына өсер етеді, бүйректе протромбинніқ құрылуы төмендейді. Күйіс малы К витаминіне қажеттіліктерін табиғи азықтардан толықтырады, тек ауылшаруашылық құсты жөне шошқаны азықтандырғанда К витаминінің мөлшерін қадағалайды. Қазіргі уақытта өнеркәсіп К витаминінің туындысы К3 викасол шығарады.
Негізгі бөлім

Ретинол - Retinolum - каротиноидтардың түрленуі кезінде пайда болып, организмде өзіне тән әсер беретін заттар тобы А - витамині немесе ретинол деп аталады.
Ретинол ашық сары түсті, ірі призма тәріздес қиыршық тәріздес зат. Майда және майлы еріткіштерде жақсы ериді, суда ерімейді. Ауада тез тотығады, барлық минералдық қышқылдардың және ультракүлгін сәулелердің әсерінен тез ыдырайды, ал сілтілердің әсеріне төзімді. Оның ацетаты және пальмалитті эфирлері сақтауға төзімдірек келеді.
Ретинол - тотығу-тотықсыздану құбылыстарына қатысады. Мұндай кезде ұлпалардағы оттегіні пайдалануы аурудың түріне байланысты не азаяды, не ұлғаяды. Ретинолдың әсерінен инсулиннің белсенділігі төмендейді, глюкозаның синтезі жақсарады. Ретинол бүйректегі және несеп жолындағы тастардың пайда болуына кедергі келтіреді.
Ретинолдың минералдық алмауға, оның ішінде, кальций мен магний алмасуына тигізер әсерінің зор маңызы бар. Оның мұндай әсері біркелкі жүрмейді, алайда барлық жағдайларда: қан тамырларында, бауырда, мида, бұлшық еттерде кальцийдің тұтқырланып қалуы бәсеңдейді. Ретинол митохондрий эпителийінің қызметін жақсартады және оларда кератогиалиндік денелердің пайда болуына кедергі жасайды.
Ретинолдың жетіспеушілігінен организмде кортикостероидтардың мөлшері көбейіп кетеді. Көптеген зерттеулер ретинол май алмасуына да қатысады да деп тұжырымдайды. Оның бір дәлелі қан құрамындағы холестерин деңгейінің артуы. Ретинол гликол синтезіне қатысады, бензой қышқылының бөлініп шығуын жылдамдатады.
Зат алмасуының жекелеген түрлеріне әсер ете отырып, ретинол біршама эндокрин бездері қызметіне, жабын ұлпаларының өсуі мен сақталуына, сүйек ұлпасының түзілуіне тиімді әсер ете отырып, мал организмінің резистенттілігін жоғарылатады.
Ретинолды негізінен каротиноидтерден алады. Бұл алифатты құрылысы бар сары немесе қызыл пигементтер. Қазіргі кезде 70-ке тарта каротиноидтер белгілі: олардың көпшілігі, мысалы, В-каротин тәрізділерінде көміртегінің 40 атомы бар.
Ретинолдан ешқандай уытты әсер алмайды. Қойлар мен сиырлар бір рет тағайындалу мөлшерінен 30-40 есе көп мөлшерді қабылдай алады, ал емдік мөлшерден 70-80 есе асып кеткен мөлшерде мал өнімділігі біраө төмендеуі мүмкін. У жоғарғы мөлшерде ұзақ уақыт пайдаланғанда, анарексия, атаксия, диарея, остеодистрофия, азот, фосфор, кальций алмасуының бұзылуы, барлық ұлпалардағы сілтілік фосфатазаның шектен тыс көбею тәрізді патологиялық жағдайлар пайда болады.
Қолданылуы. Ретинол препараттары барлық жануарларға азықтың міндетті құрамдса бөлігі ретінде А гиповитаминозының алдын алу үшін, жануарлар организмінің спецификалық емес резистенттілігін жоғарылату мақсатында, сонымен бірге оны гипертиреоидизм кезінде қолданады, ас қорыту жолында анальгетикалық заттардың әсерін күшейту үшін тағайындалады. Сыртқы мүшелерге: экземаға, тері күйігінде, үсігенде, бұлшық ет өліеттенуінде, ұзақ жазылатын жараларға, көз ауруларында қолданылады. Ретинолды қабынуға қарсы немесе антимикробты заттармен араластырып қолданған тиімді. Кей кездері ретинолды бұлшық ет арқылы эмульсия түрінде енгізеді. Инъекциялаудың бір артықшылығы ретинол асқазандағы микробтар немесе нитриттермен әрекеттесіп препараттарының қандағы концентрациясы тез ұлғаяды. Ретнолды ірі қара малдыұ бқлшық етіне енгізу (1000000 ӘБ) оларды тасымалдау, топтастыру, өзге жерге алмастырғанда пайда болатын стресстік құбылыстардың төмендеуіне, септігін тигізеді. Тері асты инъекциялары сонымен бірге, мал өнімділігін арттыру, бауыр қызметін жақсарту, кетоз кездерінде де пайдалы (1000000-2000000 ӘБ).
А витаминінің концентраты - Vitaminum A concentratum. Жануарлардың бауырында көп мөлшерде болады.
Тәуліктік емдік мөлшері: сиырларға 50000-500000 М.Б., қойларға 10000-100000 М.Б., шошқаларға 8000-70000 М.Б., иттерге 5000-50000 М.Б.
Аквадетрим плюс препараты
Саудалық атауы: Аквадетрим плюс
Халықаралық патенттелмеген атауы: Жоқ
Дәрілік түрі: Ішуге арналған тамшылар, 10 мл
Құрамы. 1 мл ерітіндінің құрамында:
o белсенді заттар: ретинол пальмитаты 20 000 ХБ
o колекальциферол 10 000 ХБ,
o қосымша заттар: полисорбат 80, бензил спирті, глицерол, пропиленгликоль, лимон қышқылының моногидраты, натрий гидрофосфаты додекагидраты, анисті хош иістендіргіш, тазартылған су.
Сипаттамасы: Анис иісі бар, мөлдір, сары тұтқыр сұйықтық
Фамакотерапиялық тобы: Витаминдер. А және Д витаминдері және олардың біріктірілімі. А және Д витаминдерінің біріктірілімі.
Фармакокинетикасы
Ішу арқылы қабылдағаннан кейін колекальциферол аш ішекте 50-ден 80 %-ға дейін сіңеді. Бауыр және бүйректе метаболизденеді. Сіңуі - жылдам (аш ішектің дистальді бөлігінде), лимфа жүйесіне түседі, бауыр мен жалпы қан ағысына түседі. Қанда альфа 2-глобулиндермен және ішінара альбуминдермен байланысады. Бауырда, сүйектерде, қаңқа бұлшықеттерінде, бүйректе, бүйрекүсті бездерінде, миокардта, майлы тіндерде жинақталады. Tіндердегі TCmax (ең жоғары концентрация кезеңі) - 4-5 сағат, одан кейін препараттың концентрациясы тұрақты деңгейде ұзақ уақыт сақтала отырып біршама төмендейді. Полярлы метаболиттер түрінде негізінен жасуша жарғақшаларында және микросомаларда, митохондриялар мен ядроларда орналасады. Колекальциферолдың қаннан жартылай шығарылу кезеңі бірнеше күнді құрайды және бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында жалғасуы мүмкін. А және Д₃ витаминдері плацентарлық бөгет арқылы және ана сүтіне өтеді.
А витамині сіңгеннен кейін гидролизге ұшырайды және ретинол түрінде энтероциттерде жинақталады, ол жерден эстерификациядан кейін лимфа және қан ағымы жүйесіне көшеді. А витамині бауырда жинақталады. Ақуыздар, негізінен альбуминдер А және Д витаминдерінің тасымалдағыштары болып табылады.
Организмнен несеп және нәжіс арқылы шығарылады.
А және Д₃ витамині майлы ерітіндіге қарағанда сулы ерітіндіден ішекте жақсы сіңеді.
Фармакодинамикасы
Аквадетрим Плюстің құрамындағы А және Д₃ витаминдерінің бірігуінен ішекте Д₃ витаминінің сіңуі жылдамдайды. А және Д₃ витаминдері синергетикалық әсер етеді. А витамині Д₃ витаминінің сіңуін жеңілдетеді, сондай-ақ оның әсерін жеделдетеді.
А және Д₃ витаминдерінің бірігуі витаминдердің бір немесе екіншісін артық дозалаумен байланысты метаболикалық бұзылулар мүмкіндігін қосымша азайтады.
Д₃ витамині лизосомальді жарғақшаларды А витаминімен зақымданудан сақтайды. Осылайша, лизосомальді жарғақшалардың өткізгіштігінің зақымдануынан немесе өзгеруінен гидролитикалық энзимдердің босап шығуына жол берілмейді.
А витамині қараңғыда көруге бейімделуге ықпал ететін родопсин-пигментін түзу барысында маңызды рөл атқарады. Организмнің жұқпаларға төзімділігін жоғарылатады. Эпителиальді жасушалар және шырышты қабықтардың жасушалары жаңаруының қалыпты үдерісі үшін қажетті. Қаңқаның дұрыс қалыптасуына ықпал ете отырып, сүйек құрылымы мен өсетін шеміршектер өсуі мен түзілу барысында маңызды рөл атқарады.
Д₃ витамині рахитке қарсы белсенді фактор болып табылады. Кальций және фосфаттар метаболизмін реттеу Д₃ витаминінің ең маңызды қызметі болып табылады, ол қаңқаның дұрыс минералдануына және өсуіне ықпал етеді.
Д₃ витамині адамның терісінде күн сәулесінің әсерімен түзілетін Д витаминінің табиғи түрі болып табылады. Д2 витаминімен салыстырғанда белсенділігі 25% ға жоғары. Колекальциферол ішектен кальций және фосфаттар сіңуінде, минеральді тұздар тасымалдануында, сүйектердің кальцификациялану үдерістерінде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ кальций және фосфаттардың бүйрекпен шығарылуын реттейді. Қандағы кальций иондарының қанығуы қаңқа бұлшықеттерінің тонусын, миокард функциясын демейді, жүйке қозуы жүруіне ықпал етеді, қан ұю үдерісін реттейді. Д₃ витамині қалқанша маңы безін қалыпты функциясы үшін қажет, сондай-ақ лимфокиндер өндірілуіне әсер ете отырып, иммунитет жүйесінің қызмет етуіне қатысады.
Ә) Эргокальциферол , Аквадетрим витамин Д₃ және Д₃-Капелька препараттары
Эргокальциферол. Кальциферолдың (Д витамині) бірнеше түрі бар. Витамин Д2 және Д3 түрінде неғұрлым белсенді. Д витамині таза күйінде өте тұрақсыз, майлы ерітінділері ұзағырақ сақталынады. Мал терісінде Д3 витамині (холекальциферол) өте маңызды рөл атқарады.
Эргокальциферол - суда ерімейтін, майда жақсы еритін, түссіз кристалдар. Бір интернационалдық бірлік (ИБ) эргокальциферолдың 0,025 мкг-на тең. Препарат майдағы ерітінді (1мл 5000 ИБ бар), немес спирттегі ерітінді түрінде (1мл - де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz