Ара балының түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3б
II.Негізгі бөлім
2.1 Бал жинау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4б
2.2 Балдың құрамы мен қуаты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 б
2.3 Табиғи балдың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-7б
2.4 Балдың емдік қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-14б
2.5 Бал - ғажайып эликсир ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-15б
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16б
IV.Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17б

Кіріспе
Ара балы - жоғары калориялы емдәмдік тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал - тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды.
Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, климат жағдайына байланысты болып келеді. Гүл балының құрамында 12-13 co су, 0,4 co ақуыз, 0,3 co көмір сутегі, және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері бар. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар (глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза т.б.) ақуыздар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады. Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1кг-ы 3150 кал қуат береді. Балды құрғақ, жақсы желдетілетін бөлмеде, 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтау керек.

Негізгі бөлім
2.1 Бал жинау
Бал жинау -- ара ұясының жылы маусымдағы гүл шірнесі мен тозаңын
жинап, бал өндіруі; табиғи процесс. Аралардың ішінде балжинауға тек ерекше балауыз бездері бар, "жұмысшы" аралар (қ. Ара) ғана қатысады. Ара өзінің "бал сауытына" (артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс) өз салмағының жартысындай шірне (нектар) жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас арағақалдырып, қайтадан ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның Бал жинауы ара ұясының күйіне, ауа райына, өсімдік түріне және оның омартаға қашықтығына, шірненің бөліну дәрежесіне байланысты. Бір маусымда ара ұясы 100 -- 200 кг бал жинайды. Араның Бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан оны үш кезеңге бөлуге болады. Көктемгі жинау -- өсімдіктің алғашқы гүлдеу кезеңінде басталады. Ерте көктемде, тал, үйеңкі, алма, алмұрт ағаштары гүлдеген кезде аралар екі аптадай тынымсыз (күніне 5 -- 6 кг) бал жинайды. Көктемдежиналған балдың сапасы өте жоғары болады. Жазғы жинау 2 -- 3 аптаға созылады. Бұл кезде бал (күніне 6 -- 7 кг), негізінен, жөке ағашынан жиналады. Өйткені жөке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында гүлдейді. Жөкеден алынатын бал қоңыр түсті, хош иісті келеді. Ең көп бал -- қарақұмықтан жиналады. Қарақұмық бір айдан артық гүлдеп тұрады. Күн ашық, ылғалды болса, бір ара ұясы маусымына қарақұмықтан 50 -- 60 кг-ға дейін бал жинай алады. Күзде аралар балды аз, негізінен, күнбағыстан (күніне 3 -- 4 кг) жинайды. Одан алынатын бал ашық сары түсті, иіссіз болады.

2.2 Балдың құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамта-масыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.
Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.
Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.

2.3 Табиғи бал түрлері
Ара балының түрлері. Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.
Бір шырынды бал - тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай - қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал - өсім-діктердің бірнеше түрінен жи-налған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы. Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар:
* Түйебұршақ (донник) балы бірінші сұрыпты балға жатады. Ақ немесе ашық - янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
* Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
* Жөке (липа) балы жақсы сұрыптқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
* Шабындық (луговой) балы бірінші сұрыпты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
* Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сұрыпқа жататын балдың бұл түрі, суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

2.4 Балдың емдік қасиеті
Қазіргі уақыттта балдың құрамындағы кешенді макро және микронутриенттер, органикалық қышқылдар және биологиядық белсенді заттардың организмдегі алмасу үрдістеріне терең әсер ететіні және қа құрамын реттей алатын емдік қасиеттерінің бар екені ешкімге құпия емес.
Бұл туралы ерте замандағы дәрігерлер да жақсы білген. Әйгілі ойшыл Гиппократ (V-IV ғғ. б.д.д.) өзінің дәрігерлік тәжірибесінде балды кеңінен қолданған және оны ұзақ жасау өнімі деп атаған. Ол ішек-асқазан жүйесі, тыныс алу органдары, бауыр, өт қабы, жүйке аурулары кезінде болды таза күйінде пайдалануға кеңес берген. Басқа емдеу құралдарына қарағанда балдың даусыз артықшылығың баса көрсеткен Шығыстың ұлы ғалымы және ойшылы - Әбу Әли ибн Сина (980-1037 жылдардың шамасы) өзінің Емдеу ғылымының қағидасы деп аталатын іргелі еңбегінде: Егер жастық шағыңды сақтап қалғың келсе, міндетті түрде бал же деп атап көрсеткен. Қытайдың Өсімдіктер мен шөптердің құнарлылық құдайын суреттеу деп аталатын көне кітабында: Балдың ұзақ мерзімдік тұтыну еркіңді шандайды, денеңді жеңілдетеді, жастығыңды сақтайды, өміріңді ұзартады деп жазылған.
Аталған пайдалы байқаулар Францияда нақты түрде іске асырылып, қолдау тапты. Фольтердің заманында жас жұбайлар денсаулықтарын нығайту және өмірге дені сау мықты ұрпақ әкелу үшін балмен қоректендірілетін нығайту және өмірге дені сау мықты ұрпақ әкелу үшін балмен қоректендірілетін арнайы бір айлық курстан өтетін болған. Сол уақыттан бастап әлемде бал айы деген сөз тіркестері пайда болып, осы уақытқа дейін айтылып келеді.
Күрделі химиялық құрамы мен қайталанбас ерекше дәмі балдың дәмді тамақ түріндегі атақ даңқын арттырып қана қоймай, емдік қасиетін де елге паш етті. Алайда ресми медицина балдың емдік қасиеттерін зерттеуді тек қана ХІХ ғасырда нақты қолға алды. Сол уақыттан бері апитерапия деген термин пайда болды. Бастапқы кезде негізінен ревматизм мен невралгия саласын емдеу бағытында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сол кезден бастап апитерапияны қолдану аясы анағұрлым кеңейді.
Ол ішек моторикасын нығайту және асқазан сөлінің қышқылдығын реттеу арқылы ас қорыту үрдісіне оң ықпалын тигізеді. Халық аузында: Бал - сақазан мен ішектің жақын досы деген сөздің қалуы тегін емес. Асқазан қызметі бұзылғанда және іш қату кезінде бір стақан жылы суға 1-2 ас қасық бал қосып ерітіп ішу, ал қышқылдық артқанда және асқазан жарасы пайда болғанда бал ерітіндісін ас ішудің алдында бір-екі сағат бұрын ішу, қышқылдық төмендегенде - тамақ ішуден 5-10 минут бұрын ішу пайдалы.
Бал құрамындағы глюкоза деңгейінің жоғарылығы - бауырдағы гликоген қорын көбейтудің және тіндік алмасу үрдісін жақсартудың маңызды факторы. Бауыр организмді бактериалдық және химиялық уыттан залалсыздандыру кезінде тазартқыш рөлін атқарады. Гликоген бауырдың осы қызметін нығайтады, сол арқылы организмнің әртүрлі ауруларға қарсы тұруын арттыруға ықпал етеді.
Балдың кең танымал емдік қасиеттерінің бірі - суық тиюге қарсы қолдану екенін елдің бәрі жақсы біледі. Бұл қасиеті тер шығаруға ғана қатысты емес, сонымен қатар, балдың сық тиюге және микробтарға қарсы тұра алатындығына негізделген. Оны шаймен, жөке гүлдерінің, таңқурай жемісі мен жапырақтарының. Өгейшөптің және басқа де емдік өсімдіктердің қайнатылған тұрдырмасына қосып ішу балдың суық тиюге қарсы тұру тиімділігін арттыра түседі. Суық тиіп қалғанда түнге қарай жатар алдында ыстық сүтке бал қосып ішу өте пайдалы. Ол үшін келесі рецептуралардың бірін пайдалануға болады: 1) 1 стақан жылы сүт + 1 ас қасық бал; 2) бір лимон шырыны + 100г бал; 3) екі қасық құрғақ (немесе 100г жаңа жеміс) таңқурай жемісін бір стақан суда бөктіреді, 15 минуттан кейін 1 ас қасық бал қосады және жылы күйінде ішеді; 4) сарымсақты үккіштен өткізеді, 1:11 пропорциялық қатынаста балмен араластырады және қоспаның бір ас қасығын жылы су іше отырып қабылдайды. Балмен емделу кезінде 3 күн бойы үйден шықпау режимін қолдану керек, себебі, бал әсіресе жөке балы қатты терлетеді.
Мысырда және Ассирияда аса құнды астық тұқымдары мен таза тағам өнімдерін балдың ішінде сақтау тәжірибесі кеңінен жабайы құс еті бал салынған ыдыстармен жеткізіліп келген, себебі, олардың дәмі мен бастапқы қалпы қаз-қалпында сақталып қалатын. Балдың консервациялау қасиеті мүрделерді бальзамдау үшін қолданылды. Әсіресе, шіре балы мен балдың қошқыл түсті сұрыптарының консервациялау қабілеттілігі жоғары болып келеді. Қаза болған Александр Македонскийдің денесін Македонияға (Грекияға) ара балымен толтырылған бөшкеге салып жеткізген. Толық жетілген балдың консервациялау және антибактериалдық қасиеттері олардағы қарапайым қанттың (=1,45гсм³) жоғарғы тығыздығына, сутек тотығын бөле отырып глюкозаны ыдырататын ингибин ферментінің белсенділігіне және бал құрамында бактерицидтік қасиеттері бар фитонцидтердің, бензой, шарап, қымыздық және янтарь органикалық қышқылдарының болуына байланысты.
Гипертониялық және жүректің ишемиялық аурулары кезіндегі балдың емдік әрекеттері қантамырларын кеңейту мен тонусты арттыруға байланысты, коронарлық қан айналымын қалпына келтіру мен тонусты арттыруға байланысты, коронарлық қан айналымын қалпына келтіру болып табылады. Ұзақ уақыт, яғни 1-2 ай бойы таза балды күніне 50 грамнан қаьылдау, организмнің жалпы жағдайын жақсартуға, қан құрамын оңтайландыруға, гемоглобиннің пайыздық үлесін арттыруға, қан тамырларын кеңейтуге және қан айналымын жылдамдатуға апарады. Балдың емдік тиімділігін арттыру мақсатында бір-бір стақаннан қызылша, сәбіз және ақжелек шырынын алады да (үгетілген ақжелекті 36 сағат бойы алдын ала суға салып тұндырып қояды) бір стақан бал мен лимон шырынын қосады. Тамақ ішкенге дейін 1 сағат бұрын немесе ас ішкеннен кейін 2-3 сағаттан кейін күніне 2-3 рет бір ас қасық мөлшерінде қабылдайды.
Бал ерте заманнан бері және қазіргі уақытта да көз ауруларын емдеу үшін кеңінен қолданылып келеді (кератит және қасаң қабық жарасы, катаракта, глаукома). Бал ерітіндісімен ауырған жерді сулайды немесе бал қоспасын шүберекке жағып ауырған жерге тартады. Балды кез келген дәруменмен қоса пайдалану келесі үлгі түрінде атағайындалады: 10 күн бойы бал және 10 күн бойы дәрумен тамшылары.
Жүйке жүйесі бұзылғанда және неврастения кезінде де тыныштандыру құралы ретінде бал қолданылады. Жүйке қозғанда, бас ауырғанда, көңіл-күй болмаған кезде және жұмыс істеу қабілеттілігі төмендегенде тәулігіне 100-120г бал қабылдау керек (кешке және таңертең 30 грамнан, түстен кейін 40 грам, ал ұйықтауға жарты сағат қалғанда - бал қосылған бір стақан жылы су).
Бал қосылған бір стақан су - залалсыз ұйқы келтіретін құрал деп есептеледі. Ұйқы келтіретін ұнтақтардан өзгешілігі, бал асқазанды тітіркендірмейді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балдың емдік қасиеті.
Балды өсімдіктер туралы
Бал арасын өсіру
Бал
Балдың тауарлық сипаттамасы
Ара шаруашылығы, ара өсіру
Бал араларын өсіруге арналған омарталарға қойылатын ветеринарияылқ талаптар,бал араларын күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Ара шаруашылығы өнімдері
Бал ара - табиғаттың сыйы
Орман балы
Пәндер