Ірі қара мал қоңдылығы
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ірі қара мал қоңдылығын анықтау
2.2 Қой мен ешкінің қоңдылығын анықтау
2.3 Жылқы қоңдылығын анықтау
2.4 Шошқа қоңдылығын анықтау
2.5 Түйенің қоңдылығын анықтау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Малдың қоңдылығы -- мал денесінде қоректік заттардың (май, ет) жиналу деңгейі. Малдың қоңдылығы малдың күтіміне, тұқымына, жасына және денсаулығына байланысты. Осыған сәйкес мал қоңдылығына әр түрлі талап қойылады. Мысалы, бордақыланған, етке өткізетін мал нағыз семіз, ал көлік малының семіздігі жұмыс міндетін атқарып, денсаулығын калыпты жағдайда сақтауға жеткелікті дәрежеде болуы керек. Мал қоңдылығына байланысты сойыс салмағы, таза еттің түсімі, еттің химиялық құрамы өзгереді. Семіз малдың қара еті майлы, дәмді келеді.
Малдың тұқымына қарай қоңдылығы, етінің дәмі әр түрлі болады. Семіз сиырдың дене бітімі жұмыр, жамбас, құйымшақ сүйектері, омыртқалары
білінбейді, шап майы толық, таза етінің 60 -- 65%-ы ет пен май болады. Орташа қоңды сиырдың таза ет түсімі 50%. Сүйектері шығыңқы, еті олқы, шап майы жұқа келеді. Семіз жылқының арқа омыртқасы, қабырғасы, мықыны білінбейді, арқасы, сауыры жалпақ, жалы тік, тығыз келеді. Семіз түйенің саны жуан, өркеші тік, тығыз, қолмен ұстағанда арқа және бел омыртқаларының ұштары білінбейді. Құйрықты және мәліш қойдың құйрығына май жиналады. Малдың қоңдылығына байланысты еттің химиялық құрамы өзгереді. Күтімі жақсы, семіз малдың қара еті майлы, дәмді келеді. Малдың қоңдылығын анықтауда әр малдың түріне бекітілген мемлекеттік стандарт қолданылады. Малдың физиологиялық қолайлы түріне, әдетте, оның орташа және жоғары қоңдылығы сәйкес келеді.
Майдың қоңдылығын анықтауда оның тірілей салмағын білудің маңызы зор.
Малдың салмағын таразыға тарту немесе кейбір өлшемдер арқылы анықтауға болады. Мал салмағы оны азықтандырудан немесе суарғаннан 2-3 сағаттан соң өлшенеді. Ішек-қарындағы заттар үшін табылған салмақтың 3% -ы кемітіледі. Егер өлшеу 3 сағаттан кейін жүргізілген болса, әр сағатқа салмақты кeміту 0,5% азайтылады, ал таразыға тарту малды азықтандырудан 6 сағат кейін жүргізілсе, ішек- қарындағы заттарға салмағын кемітпейді. Сонымен қатар малдың тірілей салмағы бойынша қабылдағанда терісінің тазалығын, буаздылығын ескереді және малдың салмағын арттыру мақсатында артық жем, су берілмеуін кадағалайды. Малдың тірілей салмағын кейбір өлшеулер арқылы да анықтауға болады. Әрине, бұлай анықтау дәл бола бермейді, бірaқ кейде мал салмағын шамалап анықтауға пайдаланылады. (Ол мал тұқымына, жасына, жынысына байланысты).
Жылқының тірілей салмағын анықтау үшін жауырын артынан өлшенген жуандығын жеңіл жылқы үшін -- 2, 7, орта жылқы үшін -- 3,1, ауыр жылқылар үшін -3,5 коэффициентіне көбейтеді.
Негізгі бөлім
2.1 Ірі қара мал қоңдылығын анықтау
Жынысы мен жасына қарай ірі қара малды 4 топқа бөледі:
Сақа мал -- жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және тірідей массасы 350кг кем бір рет бұзаулаған сиыр.
Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығына төменгі көрсеткіштер бойынша жатқызады:
:: Етінің дамуы қанағаттанарлық, кеудесінің пішіні аздап сүйірленген, жауырыны онша байқалмайды, сан еті толық, омыртқа қыры, жамбас сүйектің басы, құйымшақ басы аздап
шығыңқы. Тері астындағы май құйрықта және құйымшақ сүйектің-басында байқалады. Өгіздің ұшасын аздап май басқан, жұмсақ.
:: Екінші дәреже - етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, кеуде пішіні қушықтау, жауырыны шығыңқы, сан еті ысылған, арқа және бел омыртқаларының жоталық өсінділері, жамбас
сүйектің, құйымшақтық басы шығыңқы тері астындағы май арқада. құйымшақ басында бөлшектене жиналған. Өгіздің ұшасы тартылған, май байқалмайды.
Бір тума сиыр -- жасы 3-ке толмаған массасы 350 кг артық бір рет бұзаулаған сиыр.
Жас мал -- жасы 3-айдан 3 жылға дейіңгі тана --
торпақ, өгізше, бұқашық.
Бұзау - жасы 14 күннен 3 айға дейінгі төл.
Ірі қара мал қоңдылығы
Бұқаның бірінші дәрежесі қоңдылығы төменгі көрсеткіштерден кем болмауға тиіс. Кеуделік жұмыр еті жақсы жетілген, арқасы, белі, сауыры жалпақ, қаңқа сүйектері байқалмайды, сан, жауырын еттері толық.
Екінші дәрежесі -- кеудесі қушықтау, қаңқа сүйектері аздап шығыңқы, етінің дамуы қанағаттанарлық, кеудесі, арқасы, белі және сауыры жалпақ емес, саны,жауырыны тартыңқы.
Бір тума сиырдың I- дәрежелі қоңдылығы-кеудесі жұмыр, еті жақсы жетілген, жауырыны, белі, сауыры, сан еттері толық, омыртқаның жоталық өсінділері, жамбас сүйектің, құйымшақ басы байқалады, құйрық түбін май басқан. 2- дәрежелі қоңдылықты малдың кеудесі толық жұмырланбаған, етінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы шығыңкы, тері астында май байқалмайды. Сүйегінің басы, құйымшақ сүйегі, қабырғалары байқалмайды. денесі жұмыр, арнасы тегіс.
779- 87 МС (1979ж ) бойынша ірі қара мал етін қоңына қарай 2 категорияға бөледі. Сиыр, өгіз және 3 жастан асқан сиыр етін 1деңгейдегі қоңдылыққа (1-категория) мына көрсеткіштер бойынша жатқызады:
Еті жақсы жетілген арқа, бел омыртқаларының жоталық өсінділері, шонданайдың басы, жамбас сүйектің сербегі байқалмайды, 8-ші қабырғадан бастап, шонданайдың басына дейін шел май басқан, бірақ майсыз аралықтар да болуы мүмкін. Шабында, мойны мен жауырынында, алдыңғы қабырғалары мен санында және жамбас қуысында майы бар.
2- категориялы қоңдылықты мал ұшасының орташа еті бар, сан еті қысыңқы, омыртқалардың жоталық ьөсінділері, шонданайдың басы және жамбастың сербегі көрініп тұрады. Шонданайдың басы, белдегі мен соңғы қабырғалардың үстінде ғана майы бар. 2- деңгейдегі қоңдылықты ұша етінің жетілуі қанағаттанарлық, жауырын -мойын және жамбас сан еттері толмаған, омыртқалардың жоталық өсінділері мен шонданайдың басы, жауырыны білініп тұрады
Бұзау еті бүтін немесе ұшаны ұзыннан екіге бөлінген түрінде шығарылады. Сонымен қатар ұшада ішкі белдеме еттері, бүйрек, бүйрек айналасындағы және жамбас қуысындағы май қалдырылады.
Ал сиыр еті ұзыннан бөлінген жарты ұша немесс төртке бөлінген түрінде және ішкі белдеме етсіз шығарылады. Ұшада ішкі ағзалар қалдықтары, ұйыған қан, қанталаған еттер, салпыншаққалдықтар болмауы тиіс.
Арық мал еті, бұқа еті, стандартқа сай өңделмеген ұша (жарты немесе ұшаның төрттен бірінің 15 пайыздан астамы тазаланған, шел майы жырымдалған, омыртқа арқылы ұшаны бөлу дүрыс жүргізілмеген, мойын еті қарайған және бір реттен артық мұздатылған) сатуға жіберілмейді. Мұндай еттерді тағамдық өндірістік өңдеуге жібереді.
1-категориялы сиыр етінің жарты ұшасына 5 домалақ таңба
басылады. Жауырынға, арқасына, беліне, санына және төсіне.
2-категориялы жарты ұшаға төрт бұрышты таңба жауырынға және санына басылады. Сонымен қатар жас мал етіне қосымша "М" (молодняк), ал бұқа етіне "Б" деген әріп басылады, ал арық етке үш бұрышты таңба басылады.
1 сурет. Сиыр қоңдылығын анықтау
2.2 Қой мен ешкінің қоңдылығын анықтау
Қой, ешкі қондылығы (МС 5111-55, 1979 жылы тексерілген) жоғары, орта, ортадан төмен үш дәрежеге бөлінеді.
Жоғары дәрежелі қондылығы-арқа және бел бұлшық
еттері жақсы жетілген, арқа, бел омырткаларының (шоқгықган басқа) жоталық өсінділері білінбейді. Тері астындағы май арқада, белде және қабырға үстінде
жақсы білінеді. Құйрықты қойдың құйрығы майға толы.
Орта дәрежелі қоңдылықта -- арқа, бел еттері қанағаттанарлық жетілген, бел омыртқалардың жоталық өсінділері, жамбас сүйектің басы аздап шығыңқы, ал арқа омыртқаларының жоталық өсінділері шығыңқы; беліндегі, тері астындағы май қанағаттанарлық, ал арқасындағы және қабырғаларында аздаған май байқалады. Құйрықты қойлардың құйрығы майға толмаған.
Ортадан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz