Маңқа ауруына сипаттама



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Маңқа ауруына сипаттама
2.2 Маңқаның алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық ережелер
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет тізмі

Кіріспе
Маңқа (Malleus) -- жылқының, есек пен қашырдың әдетте ұзаққа созылатын, кейде жіті түрде өтетін жұқпалы ауруы. Бұл індетке шалынған малдың өкпесінде және ішкі органдары мен кілегей қабықтарында осы ayруға тән түйнектер пайда болып, ал олар ыдыраған кезде уытты жараға айналады. Маңқа індеті адамға да жұғады.
Тарихи деректер. Маңқа туралы алғашқы жазба грек ғалымы Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Бірақ көпке дейін аурудың түр-сипаты белгісіз болып келді, оны сақау мен мандам ауруларынан ажырата алмаған 1882 жылы неміс ғалымдары Леффлер мен Шютц аурудың қоздырғышын ашты, ал 1891 жылы орыс мал дәрігерлері X. И. Гельман мен О. И. Кальнинг арнайы өсірілген маңқа бактерияларынан осы індетті анықтайтын маллеин препаратын дайындап шығарды.
Революцияға дейінгі Россияда маңқа індеті кеңінен таралған болатын. Сондықтан Совет үкіметінің алғашкы жылдарында бұл індетті жою тарапында көп жұмыстар істелді. Қазіргі уақытта маңқа біздің елімізде түбірімен жойылды.
Маңқа жылқы шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Аурудың адамға өте қауіпті болуы себебінен және оның емі жоқтығынан індетке шалынған жылқы атылып, кеміп тасталады және карантин шараларын жүргізу үшін де шаруашылық көп зиян шегеді. Індет елімізбен шектес шетелдерде жиі кездесіп тұрады. Сондықтан ауруды болдырмау шараларын нақтылы жүргізу шарт.
Қоздырғышы -- Грам әдісімен боялмайтын, бірақ барлық анилин бояуларымен боялатын, спора (қабыршақ) тұзбейтін қып-қысқа (ұзындығы 1 -- 5 микрон), таяқша тәрізді В. mallei дейтін бактерия. Су және шіріген заттар ішінде бактерия 14 -- 30 күн, кепкен танау шырынында 7 -- 15 күн, ал несепте 4 сағат тірі сақталады. Күн сәулесі маңқа бактериясын 24 сағатта, 60 градусқа дейін қыздырғанда 2 сағатта, ал 80 градусқа дейін қыздырғанда 5 минутта жояды.
Ауасы бағалы жағдайда 1-5% глицерин қосылған қарапайым қоректік ортада өсе береді. Картоп қосылған қоректік орта бұл микроб үшін ажыратушы орта деп есептеледі, себебі мұнда қоздырушы өсіндері өзіне тән түсі бал тәрізді мөлдір сарыдан қоңыр түске дейінгі реңкті қамтиды.
Төзімділігі. Ауру қоздырушысы суда, шіріген материалдарда 30 күндей, тұмсықтан аққан кепкен іріңде 15 күн өлмейді, 80°С-та қыздырса 5 минутта өледі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әкте, карбол қышқылы (2%), күйдіргіш натрий (1%), лизол, креолин (3%) ерітінділерінде тез өледі.
Маңқа қоздырғышының залалсыздандырғыш заттарға төзімділігі нашар: концентрациясы 1 : 1000 хлорлы сынап (сулема) ерітіндісінде ол 1 минутта, 5% хлорлы әк, 2% фенол, 3% креолин және 1% күйдіргіш натрий ерітінділерінде 1 сағатта жойылады.

Негізгі бөлім
2.1 Маңқа ауруына сипаттама
Індеттік ерекшеліктері. Маңқа індеті әсіресе жылқыға, есекке, қашырға және кәрі қашырға жұққыш. Түйе мен мысық тұқымдас жануарларда өте сирек кездеседі. Лабораториялық жануарлардың ішінде індет мысыққа, теңіз тышқаны мен ақ тышқанға кейде үй қояны мен дала тышқанына жұғады.
Маңқаның жылдың қай мезгілінде болса да кездесе беруі мүмкін. Бірақ маңқамен жылқының көпшілігі күз бен қыста ауырады. Егер мал жайылымда бағылса, маң - ка жылқы ішіне баяу тарайды. Егер жылқы тар және лас, желдеткіші жоқ қорада ұсталып, жемі құнарсыз болып, күтімі нашар болса, маңқа бір ай ішінде ондаған жылқыға жұғады.
Індеттің көзі -- ауру қоздырғышын танау шырынымен шығаратын ауру мал. Ауру індетке шалынған терінің іріңі арқылы да тарайды. Індет маңқа бактериясымен ластанған жем, су, қи, былғары және қайыс бұйымдар (қамыт-сайман) арқылы да таралуы мүмкін. Уақытында бөлініп, оқшауланбаған маңқа жылқы денесінен шыққан бактерияларымен, суатты, жайылымды ластайды немесе сау жылқымен бірге ұсталса да тікелей ауру жұқтырады. Бақылау және зерттеу нәтижелеріне қарағанда, ауру жылқыға көбінесе асқазан жолдары арқылы жұғады. Ауру қоздырғышының тыныс жолдары арқылы енуі өте сирек кездеседі, ал биеге маңқамен ауырып жүрген айғырмен шағылысқанда жұғуы мүмкін. Тері маңқасы жарақаттанған тері арқылы жұғады.
Маңқаға бейім жануарлар арасында ауру тез таралмайды, себебі, індет баяу және жасырын өршігенде қоздырушысы сыртқы ортаға сирек бөлінеді. Керісінше мал тар қорада ұсталса немесе қансорушы жәндіктері көп жайылымда жайылса ауру тез тарайды.
Маңқа тұрақты тараған аймақта ауру көпшілік малда сырт белгілерінсіз жасырын өтеді. Мұндайда кейбір жылқылардың маллеинге реақциясы жоғалады. Егер осы жануарларды жұмысқа жексе немесе климаты басқаша өңірге ауыстырса, болмаса күтімі нашарласа инфекциялық процесс өршіп кетеді. Маңқаның індет ретінде таралуында белгілі бір мерзімділік болмайды, сондықтан жылдың кез келген уақытында байқалуы мүмкін.
Дерттенуі. Организмге енген маңқа бактериялары алдымен лимфа жолдары арқылы қанға тарайды. Олардың бірқатары лимфа бездері мен қанда жойылады, ал біразы өкпе және баска органдардың қыл тамырларында шөгіп қалады. ІІІөккен бактериялардың маңына макрофаг клеткалары топтасып, маңқа түйнектері пайда болады. Макрофаг клеткалары бактериялардың бірқатарын жойғанмен оларды толық құртып жібере алмайды. Егер организмнің күші жеткілікті болса, маңқа түйнектерінің айналасында дәнекер тканьнан тұзілген қабыршақ пайда болады. Бұл жағдайда мал тез сауығып кетеді. Егер организмнің күші аз болса, микробтар біртіндеп көбейіп, лимфа (сөл) және қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тарап, жаңадан ауру ошақтары пайда болады да, олар ыдыраған кезде уытты жараға айналады. Кейбір түйнектер бірнеше сағаттан кейін бір-бірімен бірігіп, өліеттенеді.
Ауру малдың жалпы жайы оның қанына түскен қоздырушының уыттылығына байланысты. Осыған орай маңқа процесінің өршу деңгейі әр түрлі болады. Жалпы дерттің даму ұзақтығы бірнеше күннен 7 жылға дейін созылады. Аурудың созылмалы түрінде процесс оқтын-оқтын өршіп, артынан басылып отырады. Мұндайда нақты клиникалық белгілері пайда болып, дене қызуы 39-40°С-қа көтеріледі. Рецидив кезінде денеде жаңадан түйіндер пайда болып, ремиссия уақыты бірнеше айға созылуы мүмкін. Малдың күтімі жақсы болса латтентті ауру жылқылар ешбір белгісіз, ұзақ мерзімге сау малдардан айнымайды.
Өтуі және симптомдары. Аурудың бастапқы кезінде патологиялық процесс тек ішкі мүшелерде ғана дамып, сыртқы клиникалық белгілерінсіз өтеді де, 4-5 жұмадай уақыттан соң біртіндеп көріне бастайды. Жалпы маңқа жіті немесе созылмалы түрінде өтеді. Ал патологиялық процестің қайсы мүшені көбірек зақымдауына байланысты клиникалық айқындалған өкпе, кеңсірік және тері маңқасы деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауру жасырын түрде белгілері білінбей де өтеді.
Аурудың жасырын кезеңі 3 күннен 3 аптаға дейін созылады. Маңқаның жіті, созылмалы және жасырын түрлері бар. Ауру ошағының орналасуына сәйкес індет өкпе (көкірек маңқа), танау (боз маңқа) және тері маңқасы болып үш түрге бөлінеді. Осыған байланысты ауру белгілерінің де жеке ерекшеліктері бар.
Маңқаның жіті түрімен ауырған жылқы денесінің ыстығы 41 -- 42 градусқа дейін көтеріледі, денесі қалтырап, көзі мен танауының кілегей қабықтары кызарады, мал қатты күйзеліп, тамыр соғуы нашарлайды, тыныс алуы жиілеп, шөптен қалады. 2 -- 3 күннен соң танауының кілегей қабығында ұсақ сарғыш түйнектер, ал олардың айналасында қызыл жиекшелер пайда болады. Ол түйнектердің үлкендігі тары не бұршақ дәніндей болады. Кейбір түйнектер бірнеше сағаттан кейін бір-бірімен бірігіп, ыдырап кетеді. Сондықтан танау ішінде дөңгелек, түбі тоң май тәрізді, шеттері ирек-ирек уытты жаралар пайда болады. Малдың ауруға деген тойтарысы күшті болса, мұндай жаралар біртіндеп жазыла бастайды. Бірақ ауру көбінесе асқынады. Ауру аскынғанда танау желбезегі ыдырап, танаудан қан аралас, сасық иісті жалқаяқ ағады. Ауру кезінде үлкейген алқым бездері бастапқыда ауырғанмен кейін ауырмайды, қатайып нығыздалады, тері мен шелге жабысып қозғалмай қалады. Малдың әлсін-әлсін ыстығы көтеріледі, өкпесі қабынады, әлсірейді.
Маңқаның жіті түрінде көбінесе өкпе, ал кейде санның ішкі жағы, ұманың терісі шалдығады. Тері мен шелде түйнектер мен жаралар пайда болады. Терідегі бұршақ дәніндей түйнектер жансызданып, ұзақ уақыт жазылмайтын жараға айналады. Олардың айналасындағы лимфа тамырлары жуандап, адырайып тұрады. Бұларды бойлай шыққан жаңа түйнектер де кейін жарылып жараға айналады. Айналадағы дәнекер ткань одан әрі ісініп, көкірек пен құрсақта ауырмайтын жұмсақ ісіктер пайда болады. Кейде малдың аяғы күмпиіп іседі. Маңқаның жіті түрі 2 -- 4 аптаға созылып, ауырған жылқы көбіне өлім-жітімге ұшырайды.
Маңқаның созылмалы түрі ауырған жылқының көпшілігінде кездеседі. Малдың ыстығы уақытша көтеріліп, өкпесін ауа кернейді, күші азаяды, ол біртіндеп арықтап, анда-санда баяу ғана жөтеледі, кейде танауынан кенет қан ағады. Ауру ұзақ уақыт осы қалыпта қа - лады, не одан әрі өрши түседі. Індет асқынса малдың тыныс алуы өзгереді. Өкпені тыңдағанда одан кейде сау малға тән емес қатаң дыбыс, кейде сырыл естіледі. Бара-бара танауының ішкі қабығы мен терісіндегі өзгерістер айқын көзге түсе бастайды. Алқымдағы лимфа бездері ісініп үлкейеді. Танаудың ішкі қабығында жұлдыз тәрізді тыртықтар мен жаралар көрінеді. Аурудың созылмалы турі бірнеше айдан бірнеше жылға созы - лады.
Маңқаның жасырын түрі жылқы ауруға шалдыққан күннен өлгенінше созылады. Аурудың бұл түрінде жылқыда қалыптан тыс өзгерістер байкалмайды, сондықтан оны арнайы әдістермен ғана анықтауға бо - лады. Егер ауру малдың күтімі нашарласа, маңқа жіті түріне айналып, жылқы 2 -- 3 аптада өлім-жітімге ұшырайды.
Патологиялық анатомиялық өзгерістер. Маңқадан өлген малдың өлексесін жарып-союға тыйым салынады. Бұл індетке тән өзгерістер жылқының өкпесінде, бауырында, көк бауырында (талағында), лимфа түйіндерінде (бездерде), танаудың кілегей қабығында, ал кейде теріде де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үй жағдайында жылқы сою және қазы айналдыру
Ауески ауруы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Жылқының ринопневмониясы, дауалау шаралары
Қысқартулар мен белгілер
Маңқа ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жұқпалы аурулар туралы
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Жылқының сақау ауруы
Пациенттерді тамақтандыру жайында
Пәндер