Ауру белгілері
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
A) Құтырық ауруына жалпы сипаттама
Ә) Ауруды анықтау.
Б) Жануарлардың құтырмамен ауыруы кезіндегі іс-шаралар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құтырық (Rabies, бешенство) - орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан аггресивтілікпен, құтыру, тістеу, судан қорқу немесе жартылай салдану, сілекей шұбыру тағы басқа белгілермен ерекшеленіп , жіті өршитін вирустық ауру.
Құтырық өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихы қалыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавилонның б.д.д 2300 жылы жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит (б.д.д 5ғ) иттің құтырығын жан - жақты баяндаса, Аристотель ( б.д.д 4-ғ) әртүрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанда жұғатындығын жазады. І.Есенберлиннің Алтын Орда романында әмір Темірдің (14ғ) Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергені суреттелген.
Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В.Гальте үй қоянына құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер үй қоянының миына бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдаен көп кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей делелдеді. Румын ғалымы В.Бабеш және италяндық А.Негри кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты.
1908 жылы Ферми үй қоянының вирусы жайлаған миынан глицерин аралас фенолвакцина жасап шығарды. Құтыруға қарсы сандаған вакциналар жасалды.. Бірақ, амал қанша, әрбір вакцинаның өзіне тән кемістіктері бар: вакцина еккеннен кейін иммунитет кеш (2-4 аптадан кейін) қалыптасады, кейде асқыну белгілері пайда болады. Сондықтан кейбір ғалымдар құтырған жануарды, мәселен итті, алдын ала арнаулы сывороткамен егіп, аурудан аман алып қалуға тырысады. Көптеген ғалымдар бір мезгілде сыворотка мен вакцинаны қатар қолданады. Бұл тиімді болып шықты. Соғыстан кейін Люксембург пен Голландияда, Югославияда, ФРГ мен ГДР-де тағы да індет шыға бастады. Қазіргі кезде де құтыру ауру жоқ жаңа аймақтар мен елдерде жайылып барады. Бүгінгі таңда ол дүние жүзіне тегіс жайылған. Ауру тек Австралия мең Гавай аралдарында ғана жоқ. Ол тіпті ақ түлкі мен иттің тағылануы, тағылану, солтүстік құтыруы деген аттармен Арктикадағы аралдарда да кездеседі.
СССР бойынша ауру РСФСР мен Қазақ ССР-інде жиірек кездеседі. Оған түлкі, қарсақ, жәнет, ал кейбір аймақтарда қасқыр, шүйе бөрі шалдығады. Бұларға құтыру тышқан тәрізді кемірушілер арқылы тарауы мүмкін. Ол әсіресе Еділ, Жайық, Іле, Сырдария, Амудария өзендері алқаптарында, сондай-ақ Балқаш өңірінде жиі кездеседі. Осыған орай құтыруды трансмиссивтік аурулар қатарына жатқызуға болады.
Ауруға әр елде, әр континентте әр түрлі жануарлар шалдығады. Оны тасымалдаушылардың түрлері де әр турлі. Мәселен, Үндістанда бұл ауруға түлкі, қорқау тәрізді ит, шүйе бөрі, мангуст және күзен, Иранда -- асқыр, АҚШ-та түлкі, аққұлақ, сусар, Нигерияда -- алатышқан, Заполярьеде -- лемминг шалдығады. Оңтүстік Амсрика, әсіресе Бразилияда аурудың негізге тасымалдаушысы қан сорғыш вампир, АҚШ пен Югославияда -- насеком қоректі жарқанат. Мал түліктерінің ішінде құтыруға ең бейімі -- ірі қара, одан кейін қой, жылқы, ит, шошқа т. б.
Құтырық үй малдарының арасында Ақмола облысының территориясында айтарлықтай мерзім аралығында тіркелетін аса қауіпті індет. Кеңес дәуірі кезінде құтырықтың энзоотиялық ошақтары ретінде Қорғалжын, Аршалы, Целиноград, Балқашын, Жақсы және бір қатар аудандарда жиі түрде ит, түлкі, ірі қара мал арасында жиі тіркелген. Аурудың тіркелуі табиғи-ошақтық фактордың ықпалынан кездеседі. Негізгі себептің бірі Ақмола облысы территориясының 17 аудан ауқымындағы жабайы аңдардың арасында құтырық қоздырушысының үнемі сақталуы мен оларды вакциндеу жұмыстарының жүргізілмеуінен болуда.
Соңғы 2003-2009 жылдар аралығында 3 ауру оқиғалары екі ауданда (Ақкөл, Щучье) тіркелді. Соның ішінде 2007 жылы Ақкөл ауданында жылқы мен ірі қараның арасында наурыз-сәуір айларында байқалса, осы жылдың маусым айында Щучье ауданының аумағында тіркелген. Жалпы алғанда 2001-2008 жылдар арасында 24 ауру оқиғалары тіркелген. Соның ішінде 8 жағдайда ірі қара, 11 оқиғасында иттер, 4 жағдайында мысықтар және 1 оқиғасы жылқы арасында байқалған. Ақмола облысында құтырықтың маусымдылығы көктем-жаз айларында байқалатындығы мәлім болды. Өлім коэффициенті (Өк) құтырықта 100 % жетті. Осыған орай, 2010 жылы 3200 бас ірі қараны, 800 қой, 500 жылқы, 30 мың ит пен 6000 мысық көктемнің наурызында және қазан айында егу жоспарланса, жабайы аңдардың 32 790 басы қамтылу көзделген. Соның ішінде ірі қара малдан - Аршалы, Астархан, Зеренді, Жарқайың, Целиноград, Щучье, Шортанды аудандарында, ұсақ мүйізділер - Ақкөл, Целиноград, Щучье, Шортанды, Жарқайың, жылқы бойынша - Жарқайың Ақкөл, Целиноград, Щучье, Шортанды, Атбасар, ал ит-мысықтар мен жабайы аңдар барлық аудандарда вакцинделуге жатқызылған.
Үлкен қиындықтар тудыратын мәселелердің бірі - жабайы етқоректі жыртқыштарды құтырыққа қарсы вакциндеу жұмысы елімізде, соның ішінде облыс көлемінде жолға қойылмаған. Оның негізгі себептері ретінде: жабайы аңдар санының есептелмеуін, жабайы аңдардың этологиясының толыққанды зерттелмеуін, оралді жолмен қолданылған вакцинаның аңдар организміндегі тудыратын иммунитетінің пайда болуы мен сақталу ұзақтығын зерделенбеуін келтіруге болады. Жалпы ауруды алдын алу мақсатында 2010 жылы не бары 88 патологиялық материалды вирусологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланған. Құтырық ауру бойынша 2010 жылға болжам сәтсіз деп саналады. Бұған негізгі себеп құтырық бойынша табиғатта аурудың ошақтарының сақталуы.
Негізгі бөлім
А)Құтырық ауруына жалпы сипаттама
Құтырықтың қоздырушысы - Rabies lyssavirus - рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында , кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады. Індет кезінде кездесетін және лабороториялық құтырық вирустарының көпшілігі бірінші сероварға жатады. Басқа сероварлары әзірше тек Африкада бөлініп алынған.Құтырық вирусы 60 С градус кезінде 10 мин өткенде 100 С градуста бірден белсенділігін жояды. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазытылып қатырылған мида ұзақ сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды.Қолданылып жүрген дезенфектанттардың концентрациясы:1-2% лизол ертіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігінен айырады.
Төзімділігі. Құтыру вирусы 60 градус кезінде 10 минут өткенде 100 градустан бірден белсенділігін жоғалтады. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазылтқыш қатырылған мида айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданып жүрген дезинфектанттардың кәдуілігі концентрациясы: 1-2% лизол ерітіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігін айырады.
Індеттік ерекшеліктері. Құтырықпен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер, сусар тектестер, жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім. Бұлардан адам мен төрт түлік малдың бейімділігі төмен, ал құстардың бейімділігі өте төмен. Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде - жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар.
Патогенез. Ауру әдетте малдың сілекейі арқылы тістеген кезде жұғады. Бұл тұрғыдан алғанда, әсіресе қасқырдың тістеуі өте қауіпті. Сондай-аіқ вирус мал денесіне ауыз бен көздің кілегейлі қабықтары, сәл ғана зақымданған тері арқылы енуі мүмікін. Тышқан мен түлкі құтырып өлген малдың өлексесін жеген сәтте ауруға шалдығады. Ауруға шалдыққан мал ауру белгілері білінуіне 8 -10 сағат қалғанда сілекеймен, кейде сүтімен бірге сыртқа вирус шығарып тұрады.
Мал денесіне енісімен құтыру вирусы нерв тканін жайлап алады да, оны зақымдайды. Одан әрі нерв талшықтарын бойлай жылжи отырып, вирус орталық нерв жүйесіне, айталық миға барып, жетеді де, мұнда көбейіп, нервтер арқылы барлық органдар мен тканьдерге, сілекей бездеріне тарайды.
Вирус мал денесіне нерв талшықтары арқылы ғана емес, сондай-ақ сөл және қан тамырлары арқылы да тарайды. Бұған дәлел -- құтырып өлген малдың құрсағындағы төлден вирус табылған. Клеткада вирус өніпөсіп көбейеді де, сол клетканы ыдыратып, босап шығады да, осы арадағы басқа сау клеткаға енеді. Клеткалар жаігпай зақымданса, тыныс органдары мен жүрегі параличке ұшырап мал өледі. Кейде індет одан әрі дамымай, күрт үзіледі де, мал әсіресе ит сауығып кетеді. Мұның себебі -- денедегі ауруға төтеп беретін қорғаныс күштер жеңіп, иммунитет қалыптасады. Құтырған малдың нерв тканіне жайылған нейтротоксин сау малға еккен кезде оны құтырта алады. Мұның механизмі әлі толық анықталған жоқ.
Ауру белгілері. Астыртын кезең әдетте 3 апта, кейде 3 айға созылады. Өте сирек кездесетін жағдайда бұл кезең 3 күнге, тіпті 3 жылға созылуы мүмкін. Әрине мұны лабораториялық жолмен байқауға болады. Құтыру ірі қарада елірме және паралич түрінде өтеді. Еліріп құтыру орта есеппен жалпы құтырудың 15-30 процентіне тең. Ауру мал бастапқы кезде еліріп, алға қарай ұмтылады, кез келген нәрсені, мәселен, шөмеледегі шөпті, мүйізімен іліп, алып жан-жағына шашады, қорадағы қоршауларды мүйіздеп бұзады, маңайына жолаған ит пен мысыққа тап береді, оларды сүзеді. Әлсін-әлсін басын шалқайтып бар дауысымен қатты өкіреді. Өкірген сәтте мал кенеттен жалп етіп құлап, аяқтарын тырбаңдатады, кенеттен бұрынғы қалпына келуі мүмкін. Аузынан сілекей шұбырып, ауру мал терлейді, әлсін-әлсін зәр шығарады, осы уақытта оның жыныстық шабыты артады. Сиырдан сүт шықпай қалады, бірақ ол аздап жем жеп, су ішеді. Кейде оның көпке дейін тәбеті қашпайды. Кейде мал аурудың алғашқы сатысында-ақ жемнен бас тартып, су ішпей қояды.
Еліріп, айналасындағы жануарларға тап бергеннен кейін мал көбінесе қатты күйзеліп, тырысып-бүрісіп қалады. Ақырында әбден әлсіреп бір бүйіріне жатып алады, айналасында не болып жатқанын сезбейді. Аяқтарын делбеңдетіп жер соғады. Арандай ашылған аузынан тілі салақтап шығып, сілекей шұбырады. Аурудың бұл сатысы әдетте екі күнге созылады. Құтырған ірі қара көбінесе параличке ұшырайды: алдымен. артқы аяқтары, кейін алдыңғы аяқтары сал болады. Оның сырт белгілері 5 -- 7 күн-бойы айқын білінеді.
Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма кезінде иттің көңіл күйі жабырқау, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін.Содан соң біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің салдануына (паралич) әкеледі, әдетте 8-10 шы тәулікте иттің өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте).
Құтырманың тыныш түрінде нерв жүйесінің ширығу белгілері (ашушаңдық,мазасыздық ,агрессивтігі) аз білінеді немесе тіптен білінбейді, жұтынуы қиындайды,төменгі жағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz